СӘТТІЛІКТЕН ДЕ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ!

СӘТТІЛІКТЕН ДЕ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ!

Сақтандыру нарығы көпшілік ойлағаннан әлдеқайда қызығырақ. Өз тәуекелдерінен қорғануда тапқырлық танытатындар да бар.

1.  Сәттіліктен сақтану. Бірде жапониялық гольф ойыншылар доптың шұңқырға түсуінен туындайтын шығындардан қорғану үшін сақтандыру полисін сатып алады. Себебі, күшығыс елінде жеңіске жеткен ойыншы өзінің жетістігін атап өту үшін дастарқан жайып, қонақ күту дәстүрі қалыптасқан. Демек, бұл шығынды сақтандыру компаниясы өтейді.

2. Starbucks кофеден гөрі қызметкерлерін сақтандыру үшін көбірек ақша жұмсайды. Говард Шульц компания басшылығына дағдарыс кезінде келген. Starbucks жұмысшыларын қысқартып, көптеген дүкендерін жауып жатқан кез. Алайда, қиын жағдайға қарамастан, Шульц қызметкерлерді сақтандырудан бас тартпаған. Жылына полистер үшін 300 млн доллар төлейтін компания кофе сатып алуға бұдан әлдеқайда аз ақша жұмсайды.

2.jpeg

3. Ішек-сілені қатыратын күлкіден сақтану. 19- ғасырда кино көруге жиналған бұқара кинотеатрда күлкіден өліп қалуға болатынан сенген деседі. Үрейленген киносүйер қауым бұл қауіптен қорғану үшін ішек-сілені қатыратын күлкіден сақтандыру полисін сатып алатын.

4. «Мүшел жас» сақтандыру полисі. Мүшел - адам өмірінің 12-жылдық айналымына негізделген жас есептеу үлгісі. Қазақта мүшелге толған жылды ерекше бағалап, жамандыққа ұшырамай, оның жақсылығы мен шапағатына ие болуды ырымдайды. Алғашқы мүшел 13 жасқа толғанда келсе, келесілері 12 жыл сайын болады (25, 37, 49, ...). Қазақстан нарығында «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы «Мүшел жас» кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру полисін ұсынады. Бұл қызмет қазақстандықтар арасында сұранысқа ие көрінеді.

5. Лох-Несс құбыжығын қолға түсіргенге сыйақы төлеуден сақтану. 1971 жылы «Катти Сарк» виски өндірушісі Лох-Несс көлін паналайтын құбыжықты қолға түсірген адамға сыйақы тағайындамақ болады. Ал сыйақы төлеу мүмкіндігінен сақтану үшін сақтандыру полисін сатып алады. Сақтандырушылар да өз талабын қояды. Төлем алу үшін сақтанушы құбыжықты қамап ұстай алу керек.

8286.jpg

6. Таконы тегін таратудан сақтану. 2001 жылы мамандар «Мир» ғарыш стансасы Тынық мухитының оңтүстігіне құлайды деген болжам жасайды. «Тако Белл» тез тамақтану жүйесі станса белгіленген ауданға құласа, әр Америка азаматына таконы тегін беретінін мәлімдейді. Нәтижесінде мамандардың болжағаны келмеді. Егер бұл жағдай орын алса, «Тако Белл» 280 млн долларға шығындалушы еді. Бұл тәуекелден қорғану үшін мейрамханалар жүйесі таконы тегін таратудан сақтандыратын полис сатып алған еді. 

7. Сақтандыру – атастыру? «Сақтандыру» французша «ensurer» сөзінен бастау алады.Алғашында атастыру деген мағынаға ие болған сөз кейіннен өзінің қазіргі мағынасына ие болған.



Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту