08.05.2019

Шетелге сапардың алдында сақтандыруды қалай дұрыс таңдау керек?

Шетелге сапардың алдында сақтандыруды қалай дұрыс таңдау керек?
Ең алдымен саяхат әдісін таңдаймыз: туроператор немесе дербес туризм арқылы. Бірінші жағдайда, сіздің сапарыңызды ұйымдастырушы турагент арқылы сізге сақтандыру сертификатын (МТС –міндетті туристі сақтандыру) беруге міндетті. Бұл сертификатта сақтандырушының халықаралық ассистанс компанияларының байланыс деректері көрсетіледі. Полисіңіздің қолданыста екенін nomad.kz сайтындағы «жеке кабинет» батырмасы арқылы тексере аласыз. Сіздің парақшаңыздың логині мен паролі сақтандыру полисін ресімдегеннен кейін беріледі.

МТС жағдайында адам жазатайым оқиғалардан сақтандыру қорғанысымен қамтамасыз етіледі,кенеттен жіті ауру, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы жағдайында шұғыл жәрдем көрсетіледі.

Сақтандыру жағдайы пайда болған кезде емделуге кететін барлық шығындарды-медициналық қызмет ақысын төлегеннен бастап, Қазақстанға көшіргенге дейін сақтандырушы төлейді. Көмек алу үшін турист тек шартта сипатталған байланыстың қол жетімді тәсілдерінің кез келгенімен сақтандырушының халықаралық ассистанс компаниясына жүгінуі қажет.

Мұнда нақтылап өту керек: егер туристің клиникаға өз бетінше жүгінуіне тура келсе (мысалы, ассистанспен байланысуға мүмкіндік бермеген немесе оған шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайларға байланысты), ол медициналық қызметтерді алғаннан кейін және оларды өз бетімен төлегеннен соң тізбеге (сақтандыру шартында көрсетілген)сәйкес барлық құжаттарды жинауы қажет. Қазақстанға оралғаннан кейін бес күн ішінде өтем алу үшін құжаттарды өткізуі керек, әйтпесе сақтандыру компаниясы келтірілген шығындарды өтеуден бас тартуға құқылы.

Міндетті сақтандыру тек ұйымдастырылған туризмге ғана таратылатынын атап өтейік. Басқаша айтқанда, саяхатты өз бетінше жоспарлауға үйренген демалушыларға шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру (ТМС – туристі медициналық сақтандыру) шартын жасау ұсынылады.

Ерікті сақтандыру, айта кететіні, бірқатар артықшылықтарды ұсынады, бұл оны МТС-пен қатар қолдануға мүмкіндік береді. Енді көрсетілетін қызметтер туралы толығырақ. ТМС сақтандыруының ең төменгі сомасы бірнеше ерекшеліктерімен 10 мың долларды құрайды. Мысалы, Шенген келісіміне қатысушы елдер мен Швейцария үшін ең төменгі сақтандыру сомасы 30 000 еуроны құрайды. Аустралия, Жапония, АҚШ, Канада үшін-50 000 доллар. Бұл ретте туристке көмек түрлі жағдайларда көрсетіледі: күнге күюді емдеу, шұғыл стоматология, спортпен шұғылдану нәтижесінде алған жарақат, сондай-ақ клиникадағы өзге де медициналық көмек (аурулар, шұғыл эвакуация, зертханалық зерттеулер және басқалар).

Сонымен қатар, сіз сақтандыру сомасын өз қалауыңыз бойынша арттыра аласыз. Ақпарат алу ыңғайлы болуы үшін біздің сайтта медициналық сақтандырудың нақты құнын есептейтін калькулятор жұмыс істейді. Мысалы, сақтандыру сомасы 25 мың долларды құрайтын Египетке бір апталық сапарға арналған сақтандыру полисі тапсырыс берушіге 3 369 теңгеге айналады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту