18.08.2020

ЖҮК ТАСЫМАЛЫ – ӨРКЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛ

Жүк тасымалы - өркениеттің қалыптасуына орасан зор септігін тигізген. Экономикалық тұрғыда әкелген пайдасынан бөлек шаһарларды, мемлекеттерді байланыстырып, жалпы әлемдік деңгейде коммуникацияны орнатуда маңызды құрал болғаны жасырын емес. Тарихы алғашқы доңғалақтан басталып, білім мен ғылымды, технологияны дамытуға, көлік тасымалына қатысты жаңашылдықтарды ашуға итермелеген. Адам жүк тасымалымен қатар өзге өркениетпен танысып, осы жолда туындайтын қауіп-қатерлерден сақтанудың алғашқы қадамдарын да жасаған. Сақтандыру тарихы осы кезден бастау алады. Заманауи көріністегі жүк тасымалдау 19-ғасырдан бастау алады. Адамзаттың ашқан жаңалықтары оны жаңа деңгейге көтерді. Бүгінгі күні жүк тасымалдаудың маңызы артпаса, кемімеген. Коммуникация дамыған кезде жүкті тасымалдау мен оны сақтандырудың аясы кеңейген.

1_1.jpg

Пандемияға байланысты жарияланған карантин кесірін барлық сала сезінді. Шекаралар жабылып, көлік қатынасы тоқтады. Туризм мен сауда орындарының, сұлулық салондары мен мейрамханалардың және т.б. қызмет көрсетуіне шектеу қойылды. Еліміздегі қозғалысқа қойылған шектеулердің салдарынан Қазақстан ішіндегі жүк тасымалы да қиындыққа тап болды. Десе де бұл қызмет түрі әлемдік деңгейде өзектілігін жоғалтқан емес. Мемелкеттер арасында жүк тиелген пойыздар жүріуін, ұшақтар ұшуын жалғастырып келді. 

ҚР Ұлттық Банк келтірген мәліметке сүйенсек, соңғы жылдары сақтандыру нарығында жүкті сақтандыруға қызығушылық артып келеді. Мәселен, 2018 жылы қазақстандық сақтандыру компаниялары 3,7 млрд теңгеге жүк тасымалын сақтандырған болса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 6,9 млрд теңгені құраған. «Номад Иншуранс» СК Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжановтың пікірінше, халық сақтандыру арқылы өз тәуекелдерін қорғауға енді үйреніп келеді. Карантин кезінде Қазақстанда жүкті сақтандыруға жүгінгендер саны азайғанымен, шілде айында жағдай оңалғаны анық байқалады дейді сақтандырушылар. Биылғы алғашқы 6 айда осы Компанияға жүгін сақтандыруды сеніп тапсырғандар 2019 жылмен салыстырғанда 31 пайызға өскен. Аталмыш сақтандыру компаниясы жүк тасымалына байланысты сақтандыру қызметін 15 жылдан астам уақыт ұсынып келеді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін Компания тасымал кезінде түрлі жағдайларда зақымдалған жүк үшін сақтанушылардың 37 млн тенгеден астам шығынын өтеген екен.

2_1.jpg


Мамандар жүк тасымалдаудағы тәуекелдерді 5 топқа бөліп қарастырады. Осы арқылы жүкті тасымалдану кезінде зақымдалу мүмкіндігіне байланысты сараптайды. Сақтандыру қызметінің құны да осыған байланысты болады.

«А» тобына зақымдану мүмкіндігі төмен заттар жатады: руда, көмір, құм, тас, цемент, гипс, темірбетон конструкциялары, кірпіш, қара металдар, металл конструкциялары, прокат өнімдері, тыңайтқыштар, жемшөп (арнайы техникада), шикізат, химия және тоқыма өнеркәсібінің жартылай фабрикаттары;

«В» тобына кіретін жүк зақымдалу мүмкіндігі шамалы заттардан құралған: ағаш, ағаш материалдары, химиялық, фармацевтикалық, косметикалық, тоқыма өнеркәсібінің өнімдері, дайын киім, аяқ киім, былғары және теріден жасалған бұйымдары, баспа, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, спорт тауарлары, жиһаз, сантехника, астық, құрама жем, цемент (қапшықта), мақта, пластмасса және резеңке бұйымдар (автомобиль шиналарын қоспағанда);

«С» тобына жататын заттар тасымалдау кезінде зақымдалу қаупі орташа деп есептеледі: азық-түлік өнімдері, кофе, деликатес, тұрмыстық және кеңсе техникасы, жартылай жағар май өнімдері, машина-кеме қосалқы бөлшектері, медициналық, механикалық зауыт жабдықтары, станоктар, ауылшаруашылық техникалары, консервіленген тамақ өнімдері, өнеркәсіптік көрмелердің жәдігерлері;

3_1.jpg

«D» тобындағылар тасымалдану кезінде бүліну қаупі жоғары заттар: бөтелкелер мен бөшкелерде тасымалданатын сұйықтықтар, оптикалық және электрондық жабдықтар, компьютер, теледидар мен видео-аудио жабдықтар, алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі, шылым, тері, қолдан тоқылған кілемдер, шыны немесе хрусталь бұйымдары, кинескоп, тауық жұмыртқасы, жаңа піскен көкөніс пен жеміс;

«Е» тобы тәуекелі аса жоғары заттардан құралған: ақша, қымбат металдар мен тастар, зергерлік бұйымдар, өнер туындылары, бірегей көрмелердің жәдігерлері, антиквариат, қару-жарақ, оқ-дәрілер, автомобильдер, пиротехника, компьютерлік жабдықтар, мұздатылған тамақ өнімдері, асыл тұқымды және ірі қара мал, жеке заттар гардероб, жиһаз, тұрмыстық заттар және т.б.

ҚР Ұлттық Банк жариялаған мәліметке сүйенсек, 2018 жылы сақтандыру жағдайына тап болғандарға 526 млн теңгеге тең төлем жасалған болса, 2019 жылы сақтанушылардың 793 млн теңгеден астам шығыны өтелген.

 

 

 

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту