09.08.2021

Жаңа кәсіпкерлерге долларлық миллиардерлерден 5 кеңес

Жаңа кәсіпкерлерге долларлық миллиардерлерден 5 кеңес

Жеке бизнес - бұл қорқыныш пен белгісіздікке толы саяхат. Әр қадам салмақты және жоспарлы болуы керек. Тәуекел мен сәттілік тек ауыр жұмыстың нәтижесі.

500 жыл өмір сүретіндей кейіп танытпаңыз.
Билл Гейтс, Microsoft негізін қалаушылардың бірі және әлемдегі ең бай адам

Бос жүрген әрбір секунд - бұл жіберіп алған мүмкіндік. Дайындал, көзде, ат! – демекші, өкінішке қарай, көптеген кәсіпкерлер бұл фразаның үшінші бұйрығына жете алмай жүр. Мұқият жоспарлау, стратегия құру және ресурстарды іздеуден бөлек, осының бәрін жүзеге асыру да маңызды. Нарық үнемі дайын емес және қолайлы сәт келмегендей көрінгенде, бір орында тапталып, қалып қою да ықтимал. Бірақ жұмыртқа жармай ас болмайды, сондықтан қайта құлап, қайта тұрып, қателіктерінен үйренген адам ғана бәсекелестеріне шаң бастырмайды. Әркім қателеседі, бірақ қатені түзетуге болады. Қолдан келмейтін нәрсе – жоғалған уақытты ғана қайтару.


©Depositphotos.com

Егер адамдарға өз жетістіктеріңіз туралы айтпасаңыз, олар туралы ешкім білмеуі де мүмкін.
Дональд Трамп, АҚШ-тың бұрыңғы президенті және әлемдегі ең танымал кәсіпкерлердің бірі

Өз өніміне не қызметіне ғашық болу - кәсіпкерлердің жиі кездесетін қателігі. Олар бағдарламалауға, өнімді әзірлеуге, әдемі кеңсеге ақшасын аямайды, алайда маркетинг жайлы ұмытып кетеді. Сан-алуан дүниемен қаныққан әлемде өнім өз-өзін сатады деп топшылау ақымақтық. Сіздің бизнесіңіз қаншалықты керемет болса да, егер ол ешкімді қызықтырмаса, мәнісі жоғалады.

Ешқашан жарнамаға, қауіпсіздікке және сақтандыруға қаражат аямаңыз, сол кезде бизнесіңіз көтеріле бастайды.
Джон Дэвисон Рокфеллер, өз заманының ірі мұнай компаниясының негізін қалаушы, әлемдегі бірінші долларлық миллиардер

Бюджетті үнемдеуге болмайтын тағы бір маңызды аспект - қауіпсіздік. Егер сіз кез келген стартапты графикалық түрде елестетсеңіз, өрлеу мен құлаудың қисық сызығына ұқсас. Өкінішке қарай, құламай жүру мүмкін емес, бірақ көбінесе қателіктер дамудың серпініне айналады. Жалғыз шара тек сенімді компаниямен бизнесті сақтандыру арқылы құлдырауды азайту. Кәсіпкерлерге тұрақтылық пен төлем қабілеттілігіне кепілдік берілген және бизнестің әр түрлі бағыттары бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынатын «Номад Иншуранс» компаниясын мысалға келтірсек те болады.

Сіз бәсекеден тек үйреніңіз. Көшірсеңіз, өлесіз.
Джек Ма, 51,5 миллиард долларлық Alibaba Group негізін қалаушы

Кейбір кәсіпқой кәсіпкерлер табысқа жету үшін көп жылдар бойы ізденістер мен тәжірибелер өткізген бәсекелестеріне еліктеуге тырысады. Басқа адамдардың қателіктерінен сабақ алу, шабыттану, уақытпен дәлелденген әдістерді қолдану және олардың негізінде жаңа нәрсе ойлап табу - бұл табысты компаниялардың жолы және соқыр көшірмеге қарағанда әлде-қайда тиімдірек. Бәсекелік ортаны мұқият зерттеп, бағалаған абзал және өз статистикаңыздан қорытынды жасаған дұрыс.

Табысқа ұмтылыңыз, бірақ соған лайықты болыңыз. Ешқашан алдамаңыз немесе ұйқыңызды төрт бөліп, ұятыңызға маза бермейтін әрекет жасамаңыз.
Ричард Брэнсон, Virgin Group негізін қалаушысы, Ұлыбританиядағы ең бай адамдардың бірі


©Depositphotos.com

Беделдің түсуі - бизнестің аяқталуымен тең. Бір рет алданған клиент немесе серіктес қайтып келмек түгілі, «жақсы» жарнама да жасап кетеді. Кәсіпкерлік өзеніне кірген кезде, әлеуметтік жауапкершілікті де өз мойныңызға аласыз, сондықтан бизнесті лайықты түрде жүргізіп, «зиян келтірме» қағидасын ұстану аса маңызды.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту