31.05.2021

Жылдам үдеу және шинаның қысымы. Жүргізушінің қандай қателіктері машинаны жарамсыз етеді

Жылдам үдеу және шинаның қысымы. Жүргізушінің қандай қателіктері машинаны жарамсыз етеді
Кез-келген автокөлікке мұқият техникалық қызмет көрсетіп, дұрыс пайдалану қажет. Өкінішке қарай, көптеген темір тұлпар иелері бұл туралы ойлана бермейді. Бірақ кейбір ережелерді сақтай отырып, жөндеуге кететін артық шығындардан аулақ бола аласыз. Бүгін көлікті жарамсыз ететін жүргізушілердің қателіктері туралы.

1. Жылдам үдеу және тежеу - жүргізушілердің жиі кездесетін қателігі. Жылдам үдеу мен тежелу беріліс қорабына және қозғалтқышқа қосымша жүк түсіріп, тежегіш қалыбын әбден тоздырып, тежегіштің жұмысын төмендетеді. Мұның салдары жол апаттарының қаупін арттырады.

2. Бақылау тақтасындағы белгішелерге баса назар аударған жөн, өйткені олар автокөліктің ақаулықтары туралы ескертеді. Мысалы, қозғалтқыштың температурасы өте жоғары немесе тежегіш сұйықтығының деңгейі өте төмендігін көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда қызмет көрсету орталығына баруды кейінге қалдырмаңыз. Сөйтіп жөндеуде үнемдей аласыз.



3. Көбінесе дөңгелектерде қысым тым төмен немесе жоғары болады, бұл жанармай шығынын көбейтеді және автокөлікті басқару мен жүргізу динамикасына кері әсерін тигізеді. Сондықтан дөңгелектерді уақытында ауыстырып отыру қажет. Бұл тек маусымдық ауыстырылуларға емес, алдыңғы және артқы дөңгелектерді жылына кемінде бір рет ауыстыру ережесіне де қатысты.

4. Ақшаны үнемдеуге тырысқан жүргізушілер көлікті сақтандыруға немқұрайлы қарайды. Алайда бұл ұтымды емес. Егер Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру апат салдарынан зардап шеккен тараптың шығындарын өтейтін болса, онда КАСКО Трансформер сіздің көлігіңізді және әмияныңызды қорғайды. Жазатайым оқиғалар, ұрлық, өрт, бұршақтан немесе құлаған ағаштан зақымдану және басқа да көптеген қауіп-қатерлердің шығындарынан осы сақтандырудың арқасында үнемдеуге болады. Мысалы, 2005 жылғы Volkswagen Passat иесі ондай полисті «Номад Иншуранс»-тан жылына 50 мың теңгеге бөліп-бөліп сатып ала алады, ал сақтандыру жағдайы туындағанда, 2,6 миллион теңгеге дейін сақтандыру кепіліне үміттене аласыз, яғни берілген автокөліктің орташа нарықтық құнына иеленесіз. Айта кетсек, екі бірдей автокөлікке арналған полис бағасы әр түрлі болуы мүмкін: бұл көптеген факторларға байланысты және жеке есептеледі.



5. Көлікті артығымен күштеу оның барлық дерлік жүйелері үшін зиян. Олар суспензияға, рульге, трансмиссияға, дөңгелектерге, қозғалтқышқа әсер етеді және отын шығынын арттырады. Бұған жол бермеу үшін, сіз көлігіңіздің ең максималды жүк көтеру көрсеткішімен танысып, оның нормаларын сақтауыңыз керек. Сонымен қатар көлігіңіздегі пайдасыз заттардан арылып, тек қажетті заттарды алып жүрген абзал.

Ал сіз автокөлікке қызмет көрсету кезінде қандай қателіктерді байқадыңыз?

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту