05.09.2019

«ЖЫЛДАМ ТӨЛЕМ» БАҒДАРЛАМАСЫ КІМГЕ АРНАЛҒАН?

«ЖЫЛДАМ ТӨЛЕМ» БАҒДАРЛАМАСЫ КІМГЕ АРНАЛҒАН?

Сақтандыру нарығында «жылдам төлем» бағдарламасы іске қосылғанын көпшілік біле бермейді. Енді жол-көлік оқиғасына тап болғандарға келтірілген шығынды бірнеше күнде өтеп беру мүмкін болып отыр. Жаңашылдықтың игілігін кімдер және қандай жағдайда көре алады?

«Жылдам төлем» жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендер үшін көмек. Себебі, сақтандыру компаниялары төлем жасауда жол полициясы қызметкерінің хаттамасын негізге алады. Бұл - төлем жасаудың уақытын біршама азайтады. Нәтижесінде, зардап шегушінің шығыны  3 күнде өтеледі. Дегенмен, сот шешіміне тәуелді жағдайлардың болатынын да ескеру қажет.  

«Жылдам төлем» игілігін қай жағдайда көре аласыз?

1.       Жол - көлік оқиғасына қатысты жол полициясы қызметкерінің    хаттамасына қос тараптың қарсылығы болмауы қажет

2.       Жол - көлік апаты кезінде адам зардап шекпеуі тиіс

3.       Алаяқтық әрекеттің белгілері болмауы керек

Жол полиция қызметкерінің хаттамасы сақтандыру төлемін жасауда негізгі құжат болғанымен, шығынды жылдам өтеу уақыты барлық анықтамалық құжаттарды өткізген сәттен бастап есептелетінін ескерген жөн. Себебі, клиенттердің арасында төлем үшін қажетті анықтамаларды біртіндеп әкелетіндері жиі кездеседі. 

Сақтандыру нарығындағы жылдам төлем туралы заңнамалық өзгерістер 2018 жылдың 2 шілдесінде енгізілді. Бірақ, бағдарламаға сай қызмет көрсету жақында басталған.

Қанат, шығын мөлшері - 1 179 386 тг, 3 күнде төленді

-          Жол-көлік оқиғасынан кейін құжаттарды тапсырдық. Сот шешімін күтпестен, бізге 3 күнде сақтандыру төлемін жасады. Бұған дейін басқа да компаниялармен жұмыс жасаған едік. Бірақ, ол кезде бір ай сот шешімін күтіп, толығымен төлем жасалу үшін тағы 10 күн уақыт қажет болды. Нәтижесінде, екі айға жуық уақыт жоғалтқан едім. Бұл жолы бәрі тез шешілді. 

 Амангелді, шығын мөлшері - 205 000 тг, 3 күнде төленді

-          Жол-көлік оқиғасы Боралдайда болды. Кінәлі тарап Номад Иншуранс компаниясында сақтандырылған екен. Аталмыш компания шығынды осыншама тез өтеп береді деп ойламадым. Бұл жұмыстар кемі бірнеше айға созылады деп болжағам. Бірақ, мен өз ісімді 3 күнде тындырдым. Сол үшін алғыс айтамын.

Быстрые выплаты.jpg

Сақтандыру жағдайындағы төлемді тез жасауда «тікелей реттеу» мүмкіндігі де қолданылады. Демек, анықтамалық құжаттарыңызды кінәлі тараптың емес, өзіңіздің сақтандыру компанияңызға өткізіп, шығынды өтеп аласыз. Ал, компания қаражатты қайтару жұмыстарын тікелей реттеу бағдарламасына сай, кінәлі тараптың сақтандыру компаниясымен өзара шешеді. Бұл кезде зардап шеккен клиент үшін таныс емес компанияға бару қажеттілігінен босатудың өзі үлкен көмек екні түсінікті.

 Юрий Пичугин, «НОМАД Иншуранс» СК сақтандыру төлемдері басқармасының бастығы

  -   (Аударма) «Тікелей  реттеу» жол- көлік оқиғасымен байланысты сақтандыру жағдайы туындағанда қолданылады. Бұл кезде зардап шегушінің өз сақтандыру компаниясына құжат өткізуі қарастырылған. Бірақ, тікелей реттеу тәртібіне сәйкес қызмет көрсетілу үшін көлік иесінің аты - жөні сақтандыру полисіне енгізілуі қажет. Тағы бір міндетті талап - сақтандыру полисінің күші болуы керек. Сондай-ақ, кінәлі тарапты сақтандырған компанияның аталмыш қызметті көрсетуге лицензиясы болуы шарт.

Ескертпе: Лицензиясының күші жоқ, жойылған сақтандыру компаниялары туралы ақпаратты ҚР Ұлттық Банк сайтынан біле аласыз.