Балаларға өмір сыйла

Бізді таңдай отыра, сіз балаларға көмектесесіз! 

2017 жылы біздің компания «Ашық жүрек» қайырымдылық жобасын іске қосты. Жобаның шеңберінде біз «Мейірімділік» (ДОМ)
ерікті қоғамымен жұмыс істейміз.

Әрбір АҚЖТ сатылған полисына арналған қаржының бір бөлігіне  біз дәрі-дәрмектер, спорттық құрал-саймандар және "Аутизмді Жеңеміз!" жобадағы балалардың өмірін жақсы қылатын басқа да заттарды сатып аламыз.

Біз бірлескен жұмыс арқылы балаларымыздың арманына -ауруханалар мен дәрі-дәрмектерсіз өмірге жақындата алатынымзға сенеміз.

«Аутизмді Жеңеміз!» Жобасы туралы 

«Аутизмді Жеңеміз!» ата-аналар қауымдастығы  2011 жылы ашылды. 2013 жылдан бастап Ассоциацияға «Ерікті қайырымдылық қоғамы» (ДОМ) қоғамдық қоры көмектеседі. Бұл мәселені шешуге біріккендер. Осының арқасында балалармен Ресей мен Қазақстан мамандары айналысады.

Аутизм, ең алдымен, балалардың әлеуметтік, коммуникативтік функцияларын бұзу болып табылады. Аурудың ауырлығына байланысты көптеген балалар сөйлеуге, қозғалу дағдыларының бұзылуына, интеллектуалды және эмоционалды салалардың дамуында елеулі ауытқулар байқалған. Бала өз бейнелер, дыбыстар, сезімдер әлемінде, бірақ ол айналасындағылармен байланыс жасамайды. Сондықтан, қалыпты ортада мұндай бала біртүрлі және көмексіз болып көрінеді.