АВИА ЖОЛАУШЫЛАРДЫ КЕШЕНДІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

05.09.2019ж. өзгерістер

08.04.2022ж. өзгерістер

22.04.2022ж. өзгерістер

09.06.2022ж. өзгерістер

 

 

 

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен сақтандыру Ережелері негізінде Сақтандырушы Сақтанушылармен авиа жолаушыларды кешенді сақтандыру Сақтандыру полисін Ережеде белгіленген талаптарға сəйкес жасайды.

1.2. Осы Ережелер негізінде жасалған Сақтандыру полисі бойынша Сақтандыру полисінде қарастырылған жағдайлар орын алғанда Сақтандырушы Сақтандыру полисімен келісілген төлемге (сақтандыру сыйлықақысы) сақтандыру төлемін, оның ішінде күтпеген жағдайларға байланысты сапардан бас тартуы үшін төлеу жəне (немесе)  шығындарын өтеуге, ұшу барысындағы жазатайым оқиға нəтижесінде орын алған жолжүгінен толықтай айырылуымен (жоғалуы) немесе зақымдануымен байланысты шығындарды, авиарейстің кідірісімен байланысты шығындарды, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жерінен тыс жерде құжаттарды қалпына келтіру барысында келтірілген шығындарды өтеуге міндеттеледі.

1.3. Сақтанушылар Сақтандырушымен үшінші тұлғаларды сақтандыру туралы Сақтандыру полисін соңғы аталғандардың (бұдан əрі - Сақтандырылған тұлғалар) пайдасына жасауға құқылы. Сақтанушы - жеке тұлға, өзінің мүліктік мүдделерін сақтандыру туралы Сақтандыру полисін жасаған жағдайда, ол  Сақтандырылған тұлға болып табылады.

1.4. Сақтанушылар -  заңды тұлғалар Сақтандырушымен үшінші тұлғаларды сақтандыру туралы Сақтандыру полисін соңғы аталғандардың - Сақтандырылған тұлғалардың пайдасына жасайды.

  1.5. Осы Ережелерде төмендегідей ұғымдар қолданылады:

1)            Ассистанс – Сақтандырушымен серіктестік туралы Сақтандыру полисінің негізінде Сақтандырушының атынан Сақтандырылушыларға Сақтандыру полисімен қарастырылған қызметтерді сақтандыру аумағында атқаруды ұйымдастыру, үйлестіру мен бақылау міндетін өзіне алатын заңды тұлға.

2)            Бенефициарлы меншіктенуші – жарғылық капиталға қатысудың немесе клиенттің – заңды тұлғаның, клиентке басқа жолмен бақылау орнатушы немесе клиенттің ақшалай жəне (немесе) басқа мүлкімен байланысты операцияларды орындауына мүдделі жеке тұлғаға тең, орналастырылған акцияларының жиырма бес пайыздан аса үлесіне тікелей немесе жанама ие жеке тұлға.

3)            Шартсыз франшиза – Сақтандырушының нақты мөлшерден аспайтын шығынды өтеуден босатылуы. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сомадан шегеріле отырып өтеледі.

4)            Кенет жіті ауру -  өмірге қауіп төндіруші жəне шұғыл медициналық көмекті талап ететін, дене мүшелері мен/немесе жүйелерінің зақымдануы клиникалық түрде танылатын Сақтандырылушы денсаулығының кенеттен өзгеруі (сырқаттар, жарақаттар).

5)            Пайда алушы – Сақтандыру полисіне сəйкес сақтандыру Бағдарламасы бойынша сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Егер Сақтандыру полисінде пайда алушы белгіленбесе, Сақтандырылушы қаза тапқан жағдайда, Сақтандырылушының мұрагерлері Пайда алушылар болып танылады.

6)            Сақтанырылушы тұлға – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

7)            Интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орнатылған, бірегей желілік адресі мен/немесе домендік атауы бар жəне Интернетте жұмыс істеп тұрған мəтіндік, графикалық, аудиовизуалды жəне басқа да түрде бейнеленетін электронды ақпараттық ресурс.

8)            Шетелдік жария лауазымды тұлға (ШЖЛТ) – шетелдік мемлекеттің заң шығарушы, атқарушы, əкімшілік, сот органдарында немесе əскери күштерінде қандай да бір лауазымға ие, тағайындалушы немесе сайланушы тұлға.

9)            Жазатайым жағдай – ағзаға сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық ықпал нəтижесінде адамның еркіне қарамастан кенеттен орын алған жəне Сақтандырылушының кенет жіті ауруы мен/немесе қазасына ұрындырған қысқа мерзімді оқиға (жайыт).

Жазатайым жағдайға бір жолғы, əртүрлі сыртқы факторлардың кенет əсері, анықтау əбден мүмкін орын алу сипаты, уақыты мен орны: табиғи құбылыстар, жарылыс, күйік, тоңазу, суға кету, электрлік тоқтың əсері, найзағай түсу, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы əрекеттері, жануарлар шабуылы, жылан мен жəндіктер шағуы, қандай да бір заттың немесе Сақтандырылушы құлауы, сондай-ақ көлікке отыру мен олардан түсу кезін қоса алғанда, көлік құралдарының (ұшақ, көлік, автобус, пойыз жəне т.б.) қозғалысы/қолданылуы кезінде, машина, механизмдерді пайдалану кезінде алған жарақаттар.

10)        Сақтандыру мерзімі – сақтандыру өтелімі (Сақтандырушының жауапкершілігі) қарастырылатын уақытындағы сапар ұзақтығы (күндер саны).

11)        Сапар – Сақтандырылушымен өздігінен, сондай-ақ меншік түріне жəне ұйымдыққұқықтық нысанына қарамастан, қабылдаушы тараптың (жұмыс берушілер, білім мекемелері) сəйкес туристтік агенттіктер, туристтік компаниялар, бюро, туристтік операторлар көмегімен (арқылы) ұйымдастырылған жəне жасалған іскерлік, туристтік, жекеменшік немесе басқа сапарлары.

12)        Жолжүк – жол сөмкелері, жол сандықтар, портфельдер, сондай-ақ сапар барысында Сақтандырылушыға тиесілі жəне оның қамқорлығындағы киім мен заттармен шектелетін олардың ішіндегісі. Жолжүк ретінде Сақтандырылушының сақтандыру аумағына əкелген жəне аумағынан қайта алып кеткен, сақтандыру аумағында сатып алынған жəне Сақтандырылушының атына жолжүгі ретінде тіркеліп, тасымалдаушымен тасымалдауға оның жауапкершілігімен қабылданған заттар танылады.

13)        Тұрақты тұрғылықты мекенжай – Сақтандарылушы 12 қатар айда кемінде 183 күнтізбелік күн тұратын Сақтандырылушы тұлғаның тұрақты мекенжайы немесе Сақтандырылушы тұлғаның азаматтығы мен тұру ықтиярхаты рəсімделген мемлекеттегі орын (бұдан əрі – ТТМ).

14)        Тасымалдаушы – теміржол, теңіз, ішкі су, ауа, автокөлік көлік құралына меншік құқығы немесе басқа заңды негізде ие жəне жолаушылар мен олардың мүлкін ақысына немесе жалдау бойынша сақтандыру аумағының заңнамасына сай тасымалдауды жүзеге асыру құқығы мен лицензияға ие заңды тұлға.

15)        Ассистанс жұмысшылары – Ассистанстың медициналық жұмысшылары немесе мекемелері, Сақтандырылушыларға Сақтандырушы атынан сақтандыру аумағында Сақтандыру полисімен қарастырылған қызметтерді ұйымдастыру, үйлестіру мен бақылау бойынша қызметтерді жүзеге асырушы Ассистанс өкілдері.

16)        Уақытша мекендеу мемлекеті (мекендеу мемлекеті) – Сақтандыру полисінде көрсетілген жəне сақтандыру аумағына жататын кез келген мемлекет, Сақтандырылушы азаматтығына ие (немесе) тұрақты түрде сонда өмір сүретін мемлекеттен басқалары.

17)        Тұрақты мекендеу мемлекеті – Сақтандырылушы тұлғаның бастапқы жəне қосымша тұрақты мекендеу орны болып табылатын мемлекет немесе мемлекеттер.

18)        Сақтанушы – Сақтандырушымен Сақтандыру полисін жасаған тұлға. Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы да бола алады;

19)        Сақтандырушы  –  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіпте Қазақстан Республикасының  аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы орын алғанда Сақтанушыға немесе Сақтандыру полисі оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға)  сақтандыру төлемін Сақтандыру полисімен орнатылған талаптар мен нақты сома (сақтандыру сомасы) көлемінде өтеуге міндетті заңды тұлға.

20)        Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы орын алғанда, Сақтандырушымен Пайда алушыға Сақтандыру полисімен белгіленген сақтандыру сомасы көлемінде төленетін ақша сомасы.

21)        Сақтандыру сыйлықақысы  - сақтанушыға (пайда алушыға) Сақтандыру полисінде айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.

22)        Сақтандыру жағдайы - басталған кезінде Сақтандыру полисі сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

23)        Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған жəне сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

24)        Сақтандыру аумағы – Сақтандыру полисінде белгіленген уақытша мекендеу мемлекеті немесе басқа нақты айқындалған аумақ.

Сақтандыру аумағы: Сақтандыру полисін жасау кезінде Сақтанушының таңдауымен анықталады. Сақтандыру аумағына Сақтандырылушы шетелдік азаматтың тұруға ықтиярхат/азаматтығы бар мемлекет аумағы жата алмайды.

25)        Дене зақымы – жазатайым оқиға салдарынан Сақтандырылушы алған жарақат.

26)        Жарақат – сыртқы орта факторларының (механикалық, термиялық, химиялық, кез келген сəулелендіру əсері, электр тоғы мен атмосфералық қысымның өзгеруі) əсерінен дене мүшелері жəне ағза тіндерінің тұтастығы мен қызметтерінің бұзылуы мен зақымдануы.

27)        Тəуекел дəрежесінің артуы – сақтандыру жағдайының орын алу ықтималдығының оның артуына тікелей əсер ететін жағдайлардың пайда болуына байланысты артуы (сақтандыру аумағының өзгеруі, сапар мақсатының өзгеруі, сапар мерзімінің өзгеруі, Сақтандырылушыға осы Ережелер бойынша сақтандыру төлемін өтеуден бас тарту қарастырылған  сырқат/диагноз қою жəне т.б.)

28)        Шартты өлшем – Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру сомасы белгіленген валюта бірлігі.

1.6.       Сақтандыру полисі бойынша Сақтанушылар ретінде кенет жіті ауру, жазатайым жағдай, сақтандыру аумағыдағы Сақтандырылушының қазасының нəтижесінде келтірілген шығынның,сондай-ақ жолжүгінің зақымдалуы немесе жоғалуы, авиатасымалдаушы кінəсінен сапарды болдырмау немесе авиарейс кідірістері, тұрақты  тұрғылықты мекенжайынан тыс аумақта құжаттарды жоғалтуымен байланысты шығындардың  өтелуіне мүдделі қабілетті жеке тұлғалар.

1.7.       Сақтандыру полисі бойынша Сақтандырылушы ретінде туғанынан 80 жасқа дейінгі жеке тұлғалар бола алады. Бұл ретте сақтандыру мерзімі аяқталғанда Сақтандырылушының жасы 80 жастан аспауы тиіс.

1.8.       Сақтандырушы Сақтандырылушы тұлғаға немесе оған қатысты Сақтандыру полисін жасаудан бас тартуға құқылы, егер ол тұлға Сақтандыру полисін жасау уақытында төмендегі категориялардың біріне жататын болса:

1)            Жасы 80- нен асқан тұлғалар;

2)            Сақтандыру полисі жасалған уақытта мүгедектігі, еңбекке жарамдылығынан (жалпы немесе кəсіби) айырылғаны (толықтай немесе ішінара) жəне/немесе кəсіби сырқаты анықталған  тұлғалар;

3)            Есірткі қолданған/қолданатын тұлғалар; уытқұмарлық масаю мақсатында уытты заттар қолданған/қолданушы тұлғалар; маскүнемдіктен азап шеккен/азап шегушілер;

4)            Тұрақты жүйке жүйе мен психологиялық ауытқулары бар, осы себеппен

психикалық-неврологиялық диспансерде тіркеуде тұрған/тұратын тұлғалар;

5)            Алкогольді, есірткі немесе психотроптық мастық нəтижесінде орын алған жарақаты немесе сырқаты болған/бар тұлғалар;

6)            Өз денесіне қасақана зақым келтірген, сондай-ақ өзін-өзі мерт қылуға оқталу жағдайлары болған тұлғалар;

7)            Психикалық сипаттағы, эпилепсия, дегенеративті-дистрофиялық жəне миелинсіздендіруші аурулармен байланысты туындаған жарақаттар алған немесе сырқаты не олардың зардабы болған/бар тұлғалар;

8)            Қазақстан Республикасының аумағынан қандай да бір ем алу мақсатында сапар шегуші тұлғалар, оның ішінде шипажайлар, емханалар, демалыс үйлері мен басқа да шипажайлық- курорттық мекемелердегі профилактикалық ем алу;

9)            Сақтандыру полисін жасау кезінде болжалды сақтандыру аумағында жүрген тұлғалар.

1.9.       Сақтанушы Сақтандыру полисіне қол қою жəне/немесе төлеуімен Сақтандырушы/Пайда алушының дербес деректерін Сақтандыру полисін жүзеге асыруы үшін Сақтандырушыға, Сақтандырушының серіктесіне тапсыруға келісім бергенін растайды, сондай-ақ Сақтандырылушының, Пайда алушының  ҚР АК 830-бабына сəйкес сақтандыру құпиясы болып табылатын ақпараттарды Сақтандыру полисін жүзеге асыруы үшін Сақтандырушымен, Сақтандырушының серіктесімен бөлісуге  келісімін береді.

1.10.   Сақтанушы Сақтандыру полисіне қол қою жəне/немесе төлеу арқылы дəйексіз деректердің ұсынылуы, ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен тұтастығына жауапкершілік көтереді. Қажет болған жағдайда Сақтанушы Компания ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша заңнамасының талаптарын бұзбау мақсатында сұраған барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттеледі. Сақтанушы өзі жүзеге асыратын операция қылмыстық жолмен жəне терроризмді қаржыландырумен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) байланысты емес екенін растайды.

          2.   САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Сақтандыру объектісіне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Сақтанушының (Сақтандырылушының)  Сақтанушыда/Сақтандырылушыда туындаған қосымша күтпеген шығындармен (залалдар) байланысты мүліктік мүдделері жатады:

1)            Қазақстан Республикасының аумағында немесе аумағынан тыс жерлерге Сақтанушының/Сақтандырылушының еркіне байланысты емес объективті себептермен  сапарға шығу мүмкіндігінің болмауы;

2)            Тасымалдау кезінде жолжүгінің амандығына жауапкершілік тасымалдаушыға өткен сапар барысындағы жолжүгінің толықтай жоғалуы, зақымдалуы;

3)            Сақтанушы/Сақтандырылушы əуе кемесінде болған уақытында жазатайым жағдай нəтижесінде оның  денсаулығына зиян келуі, сондай-ақ оның қаза табуы;

4)            Рейс кідірістері;

5)            Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру.

   3.   САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТƏРТІБІ

3.1. Сақтандыру сомасы - Сақтандыру полисімен белгіленген максималды ақша сомасы; ол бойынша Сақтандырушы өз міндеттерін атқаруға жауапкершілік көтереді жəне сақтандыру сыйлықақысының мөлшері мен Сақтандырушының Сақтандыру полисі бойынша міндеттерінің максималды шамасы анықталады.

3.2. Жолжүгін сақтандыру бойынша сақтандыру сомасы Сақтандырушымен келісе отырып Сақтанушымен белгіленеді жəне Шартта көрсетіледі. Шартта көрсетілген сақтандыру сомасы Сақтандырушымен төленетін максималды сома болып табылады.

3.3. Сапардың жүзеге аспауымен келтірілген шығындарға қатысты Сақтандыру полисін жасағанда, сақтандыру сомасы Сақтандырылушы төлеген авиабилеттердің нақты құнына негізделе отырып анықталады.

3.4. Құжаттарды жоғалтуды сақтандыру кезінде, сақтандыру сомасы Сақтандырылушы төлқұжатты жоғалтуымен байланысты келтірілген нақты шығындардан артық бола алмайды.

3.5. Рейс кідірісін сақтандыру кезінде, сақтандыру сомасы Сақтандырылушы рейстің кідірісімен байланысты келтірілген нақты шығындардан артық бола алмайды.

3.6. Егер Сақтандыру полисімен қарастырылған қызметтер шығыны сақтандыру сомасы мен/немесе жеке қауіп/қауіптер тобы бойынша сақтандыру сомасынан артық болса, Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру сомасы мен/немесе жеке қауіп/қауіптер тобы бойынша сақтандыру сомасынан асқан шығындар үлесін өз бетінше өтейді.

   4. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

4.1. Сақтандыру жағдайы - басталған бойда сақтандыру полисімен Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыруын көздейтiн оқиға.  

4.2. Осы Ережелердің негізінде жасалған Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру жағдайларына жататындар:

4.2.1. Жылжымалы мүлік (жолжүгін сақтандыру) – төмендегі аталғандарды тудырған оқиға:

Шығыны      Осы      Ережелердің     9.8      -     тармағында     аталған      құжаттармен     расталған

Сақтандырылушының жолжүгінің толықтай жоғалуы, зақымдалуы;

Жолжүгі сақтандыру талаптары Сақтандырылушының барлық жолжүгіне таралады, төмендегілерден басқаларына:

1)            Ақша, құнды заттар, құнды қағаздар;

2)            Қымбат металдар құймасы, жиектемесіз асыл жəне жартылай асыл тастар;

3)            Антиквар жəне бірегей бұйымдар, өнер туындылары мен коллекция заттары (ғылыми, тарихи жəне көркемдік қызығушылықпен, сондай-ақ əуесқойлық мақсатта жиналған қандай да бір біртектес заттар (маркалар, күнтізбелер, белгішелер, өсімдіктер жəне т.б.) жинақтары;

4)            Жол жүру құжаттары, төлқұжаттар мен кез келген құжат түрлері, слайдтар, фотосуреттер, фильм көшірмелері;

5)            Қолжазбалар, жоспарлар, схемалар, сызбалар, үлгілер, іскерлік қағаздар;

6)            Кез келген протез түрлері

7)            Жанаспалы линзалар

8)            Қол жəне қалта сағаттары;

9)            Жануарлар, өсімдіктер мен тұқымдар (ұрықтар); 10) Діни нысандар.

4.2.2. Жолаушыларды ұшу барысындағы жазатайым жағдайлардан сақтандыру

1)             Сақтандыру қорғанысы қолданылу мерзімінде орын алған жазатайым жағдай нəтижесіндегі Сақтандырылушының қазасы;

2)             Сақтандыру қорғанысы қолданылу мерзімінде орын алған жазатайым жағдай нəтижесіндегі Сақтандырылушының жарақаты (зақым).

Жазатайым жағдайға Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімінде адамның еркіне қарамастан Сақтандырылушының денесіне механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық ықпал əсерінен кенет орын алған, жарақат немесе өлімге апарып соққан  қысқа мерзімді оқиға.

4.2.3. Сапардың жүзеге аспауының нəтижесінде келтірілген қаржылық шығындар.

Сақтандыру жағдайы   - сапардың жүзеге аспауымен байланысты

Сақтанушы/Сақтандырылушыға келтірілген шығынды тудырған оқиға. Оларға Сақтандыру полисі өз күшіне енген соң орын алған жəне құзыретті органдармен берілген құжаттармен расталған келесі оқиғалар жатады:

1)      Сақтандырылушының қазасы, госпитализациясы;

2)      Сақтандырылушыда жазатайым оқиғаның нəтижесінде туындаған ауыр жəне орташа ауырлық дəрежелі жарақаттары, бірақ сақтандыру қорғанысы қолданылу мерзімінде жоспарланған сапарды іске асыруға медициналық қарсы көрсетім бар болса ғана;

3)      сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзіміне тура келген Сақтандырылушы Сақтандыру полисі өз күшіне енген соң қабылданған сот актісі бойынша соттың сəйкес мөрі бар ресми құжаттарды ұсыну арқылы қатысушы болып табылатын соттың істі қарауы;

4)      Сақтандыру полисі өз күшіне енген соң Сақтандырылушыны шұғыл түрде əскер қатарына немесе əскери жиынға шақыру, сақтандыру полисін жасағанға дейін Сақтандырылушы шақыру туралы білген жағдайда сақтандыру ұйымына шұғыл əскер қатарына немесе əскери жиынға шақыру туралы хабарламаса;

5)      Сақтандырылушының виза алмауы (рұқсатнама беруден бас тарту), тағайындалған мемлекет консулының талаптарына сəйкес рəсімдеуге қажетті құжаттарды уақтылы ұсынған жағдайда;

6)      Виза алу немесе уақтылы алудың кешеуілдеуі, тағайындалған мемлекет консулының талаптарына сəйкес рəсімдеуге қажетті, сəйкес қолтаңбалар мен консулдың мөрі бар құжатпен расталған құжаттарды уақтылы ұсынған жағдайда;

4.2.4. Рейс кідірісі кезінде келтірілген залалдармен байланысты қаржылық шығындар Сақтандыру жағдайына екі сағаттан аса уақытқа авиарейс кідірісін тудырған жағдайлар жатады:

1)      Қолайсыз табиғи жағдайлар: рейсті жүзеге асыруға бөгет болған тұман, жаңбыр, қар басу, дауыл, көктайғақ;

2)      Мемлекеттік органдардың талаптары (иммиграциялық қызмет, лаңкестікке қарсы күрес бойынша ведомство, кеден қызметі, шекаралық қызмет жəне т.б.);

3)      Ауа кемелерінің механикалық немесе техникалық зақымдаулары немесе авиакомпанияның кесірінен рейстің жүзеге асуына кедергі келтіретін жағдайлар; Осы тəуекел бойынша шекті лимит:

•      Кідіріс уақытында іс жүзінде жүзеге асырылған жəне сақтандыру сомасының шеңберіндегі құжаттармен расталған шығындар, тасымалдау басталған соң алғашқы 2 сағаттан кейінгі кідірістің əрбір толық сағаты үшін, бұл жағдайда толық емес сағат аз жағына (1-29 минут) немесе көп жағына (30-59 минут) толық сағатқа дөңгелектеледі.

•      Осы тəуекел бойынша өтелетін шығындардың шекті лимиті сағатына 2500 теңге құрайды, бірақ жиынтығы осы Ережелердің 4.2.4. тармағына сəйкес сақтандыру сомасынан аспайды.

•      Өтелуге Сақтандырылушының төмендегі шығындары ғана жатады:

-       Жақын туысқандарына қоңырау шалуға кеткен шығындар;

-       Жақын туысқандарына электронды пошта бойынша хабарлама жіберуге кеткен шығындар;

-       Алкогольсіз сусын шығындары;

-       Тамаққа кеткен шығындары;

-       Рейстің алты сағаттан аса уақытқа кідірісі кезінде қонақ үйде орналасу шығындары;

-       Қосымша сервистік қызметтердді қолдану шығындары: интернет, ақылы анықтамаларды пайдалану;

-       Жолжүгін сақтау шығындары;

-       Сақтандырылушының аэропорттан тұрақты/уақытша мекенжайына дейінгі (жəне қайту) сапарының көлік шығындары, жоғарыда аталған лимит шеңберінде, бірақ 8 000 теңгеден аспауы тиіс.

4.2.5. Жоғалған құжаттарды қалпына келтірумен байланысты қаржылық шығындар Сақтандыру жағдайы деп нəтижесінде Сақтандырылушының шетелдік төлқұжатының немесе/жəне жеке куəлігінің жойылған немесе жоғалған кенет, күтілмеген жəне абайсызда орын алған оқиға саналады.

5.     БІРЫҢҒАЙ САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН САҚТАНДЫРУ ШЕКТЕУЛЕРІ

5.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен осы Ережелердің 12 бөлімінің нормаларында көрсетілген Сақтандырушыны сақтандыру төлемін өтеуден босататын жалпы себептерден басқа, Сақтандырушы жауапкершілік көтермейді жəне Сақтанушыға сақтандыру төлемін өтеуден толықтай немесе ішінара бас тартуға құқылы, сақтандыру жағдайы келесі себептермен орын алса:

1)      Әскерлік іс-әрекеттер немесе әскерлік операциялар/спецоперациялардың, соғыстардың, шапқыншылықтардың, өзге мемлекеттің дұшпандық іс-әрекеттерінің (соғыс жайлы хабарланғанына немесе хабарланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыстың кез келген түрлері;

2)      Бүлік; көтерілістер; локауттар; халық көтерілісінің көлеміндегі немесе көлеміне дейін ұлғаюшы азаматтық тəртіпсіздіктер; əскери бүлік; революциялар; əскери қоршау немесе билікті тартып алу; тəркілеу; мүлікті реквизициялау немесе мемлекет меншігіне өтуі; лаңкестік актілері [1];

3)      Радиоактивті сəулелендіру немесе радиоактивті отынмен немесе атомдық отындарды жағудың радиоактивті шығындармен ластануы;

4)      Дүлей апаттар – жер сілкіністері, найзағай тасу, су тасқыны, сел, дауыл, құйын, боран, опырылу, көшкін, тасқындар;

5)      Сақтанушы/Сақтандырылушының немесе Пайда алушының сақтандыру жағдайының орын алуына бағытталған немесе орын алуына ілеспелі кез келген əрекеттері (қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған əрекеттерді санамағанда);

6)      Сақтанушы, Сақтандырылушы немесе Пайда алушының заңнамалық актілермен белгіленген тəртіпте қасақана қылмыс немесе əкімшілік құқық бұзушылық деп танылған сақтандыру жағдайымен себепті байланыстағы əрекеттері;

7)      Еңсерілмейтін күш жағдайлары.

5.2.      Сақтандыру төлемі жүзеге асырылмайды:

1)      Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Сақтандырушыны жауапкершіліктен босататын жағдайларда;

2)      Сақтанушы жəне (немесе) Пайда алушы өзінің Сақтандыру полисінде белгіленген міндеттерін мүлдем атқармаса/тиісінше атқармаса;

3)      Сақтанушының сақтандыру жағдайының орын алуына жауапты тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартуы, сонымен қатар Сақтандырушыға талап ету құқығының өтуі үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы. Егер сақтандыру өтемі төленіп қойған болса, Сақтандырушы оны толықтай немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқылы.

5.3. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына негіз бола алатын жағдайлар:

1)      сақтандыру объектісі, сақтандыру тəуекелі, сақтандыру жағдайы жəне оның салдары жайлы Сақтандырушыға Сақтанушының жалған мəліметтерді хабарлауы;

2)      Сақтанушы (Сақтандырылушы) Сақтандырушыға Сақтандырылушының қызмет түрінің, сапар мақсатының өзгерісі жайлы хабарламауы, бұл өзгерістер сақтандыру жағдайының сипаттарына ие оқиғаның орын алуына тікелей немесе жанама себеп болған жағдайда;

3)      Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алу жағдайларын тергеуге жəне оларға келген шығын мөлшерін белгілеуде кедергі жасау;

4)      Тиісті құжаттарды осы Сақтандыру полисінің талаптарына сай ұсынбауына байланысты диагностика жəне/немесе ем алу фактісі расталмаған жағдайда;

5)      Сақтандыру жағдайының орын алуы жайлы Сақтандырушыға хабарламау/уақтылы хабарламау;

6)      Егер Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру қорғанысының күшіне ену мерзіміне дейін шұғыл əскери қызметке немесе жиынға шақырылуы туралы хабардар болса.

5.4. Сақтандыру өтемейді:

1)      моральдық шығын, Сақтанушының шығындары, соның ішінде айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, жоғалған пайда жəне т.б.;

2)      Сақтанушы орналасқан кез келген елдің мемлекеттік немесе жергілікті билігінің бұйрығымен Сақтандырылушының мүлкін тəркілеу, мемлекеттік меншікке өту, реквизициялау, жою, бүлінуіне тікелей немесе жанама əкеліп соққан   шығындар;

3)      дəрігер/кез келген медицина қызметкерлерінің телефон/видео байланыс арқылы кеңес беруі;

4)      жергілікті емделетін жəне Сақтандырылушының сапарын жалғастыруына кедергі келтірмейтін елеусіз сырқаттар немесе жарақаттар кезінде эвакуация шығындары;

5)      Сақтандырылушының кəмелетке толмаған балаларды олар тұрып жатқан мекенжайға ең жақын халықаралық аэропорттан нақты өмір сүру жерлеріне дейін тасымалдаумен байланысты (өмір сүру мен тамақтануды қоса алғанда);

6)      Сақтандырылушының сүйектерін жерлеу орнына ең жақын халықаралық аэропорттан Сақтандырылушының жерлеу жеріне дейін тасымалдау шығындары;

7)      Сақтандырылушының Қазақстан Республикасы немесе Сақтандырылушы көзі тірісінде азаматтық алған мемлекеттегі жерлеу рəсімінің кез келген шығындары;

8)      Сақтанушының (Сақтандырылушының) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты шешім қабылдауға қажетті құжаттарды орыс немесе қазақ тіліне аударуға жəне/немесе нотариалды куəландыруға кеткен шығындары;

9)      Сақтандырылушының сақтандыру аумағындағы медициналық мекемеден уақытша мекенжайына дейінгі сапарына кеткен көлік шығындары;

10)сақтандыру жағдайымен байланысты шығындар, егер Сақтандырылушы Сақтандыру полисі өз күшіне енген соң Сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру аумағында азаматтық/тұруға ықтиярхат алса;

11) Ереженің 6.3 т. талаптарына, сондай-ақ ереженің 4. Тармағына сай келмейтін оқиғалар мен жағдайлар.

5.5. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтандыру жағдайы келесі оқиғалардың нəтижесінде орын алса:

1)      Сақтандырылушының өзіне-өзі қол жұмсауға немесе өзін-өзі өлтіруге тырысуы;

2)      Сақтандырылушыны өлтіру, Сақтандырылушы өзі осы əрекетті атқаруға азғындаса;

3)      келбет мүкістіктерін немесе дене ауытқушылықтарын жоюмен байланысты пластикалық операциялар, косметологиялық  немесе кез келген басқа ем түрлері;

4)      психикалық сырқаттар мен психикалық ауытқулар, венерологиялық аурулар, АИТВ мен ЖИТС, онкологиялық аурулар, туа біткен аурулар, даму кемтарлығы, туберкулез, қант диабеті мен олардың салдары, апоплексия соғуы, эпилепсиялық талма немесе басқа талмалар, конвульсиялық ұстамалар;

5)      Сақтандырылушының алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мастық күйінде болуы, мастық деңгейінің ауырлық дəрежесіне қарамастан;

6)      жүктілік/босану асқынулары, сондай-ақ аборт, мерзімінен бұрын өздігінен түсік тастау, кесар тілігі операциясы;

7)      Сақтандырылушының  кез келген кəсіби немесе əуесқой спорт түрімен айналысуы, белсенді демалыс, спорт элементтеріне ие іс-шаралар/ойын-сауықтарға қатысуы, делтапланеризммен, парашют спортымен, авиациялық спорт түрлерімен, тау туризмі/құзға шығумен, спелеологиямен, тыныс алу аппараттарын қолдана отырып су астында жүзумен, тау шаңғы спорт түрлерімен, серфингпен, аңшылықпен, атқа салт мініп жүрумен, велосипед, мотоцикл, мопед жəне/немесе скутер (су мотоциклі) айдаумен шұғылдануы;

8)      жанама коммерциялық зиян, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, өсімақы, ұтылған пайда, Сақтанушының, Сақтандырылушының, Пайда алушының сот шығындары;

9)      Сақтанушы орналасқан кез келген елдің мемлекеттік немесе жергілікті билігінің бұйрығымен Сақтандырылушының мүлкін тəркілеу, мемлекеттік меншікке өту, реквизициялау, жою, бүлінуіне тікелей немесе жанама əкеліп соққан   шығындар;

10) моральдық шығын;

11) Сақтандырылушының сүйектерін жерлеу орнына ең жақын халықаралық аэропорттан Сақтандырылушының жерлеу жеріне дейін тасымалдау шығындары;

12) Сақтандырылушының Қазақстан Республикасы немесе орналасқан мемлекеттегі жерлеу рəсімінің кез келген шығындары;

13) Сақтандырылушының авто-, мото-, веложарыстарға немесе сайыстарға жүргізуші немесе қатысушы ретінде қатысуы;

14) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

15) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;

16) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі.

17) Асбест, асбест талшықтары  немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).

5.6. Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға келесідей негіздер болуы мүмкін:

1)      сақтандыру объектісі, сақтандыру тəуекелі, сақтандыру жағдайы жəне оның салдары жайлы Сақтандырушыға Сақтанушының жалған мəліметтерді хабарлауы;

2)      сақтандыру жағдайынан келетін шығындарды азайту бойынша шараларды Сақтанушының қасақана қабылдамауы;

3)      Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алу жағдайларын тергеуге жəне оларға келген шығын мөлшерін белгілеуде кедергі жасау;

4)      Сақтандыру жағдайының орын алуы жайлы Сақтандырушыға хабарламау/уақтылы хабарламау. Сақтандырушының сақтандыру жағдайы орын алғаны (сақтандыру жағдайының орын алуына алып келуі мүмкін оқиғалар) туралы Сақтандыру полисінде белгіленген мерзімде;

5)      хабарлау фактісі Сақтандырушының сақтандыру төлемін (уəкілетті органға есептерді уақтылы жəне тиісінше ұсыну, сақтандыру төлемі үшін резервтік соманы уақтылы қалыптастыру) жүзеге асыру міндетімен (мүмкіндігімен) тікелей байланысты. Тиісінше Тараптар Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы хабарламау/уақтылы хабарламау Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырады жəне бұл  сақтандыру жағдайы орын алғанда қосымша дəлелдемелерді қажет етпейтінін түсінеді жəне растайды.

6)      Сақтанушының сақтандыру жағдайының орын алуына жауапты тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартуы, сонымен қатар Сақтандырушыға талап ету құқығының өтуі үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы. Егер сақтандыру төлемі өтеліп қойған болса, Сақтандырушы оны толықтай немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқылы.

7)      Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады, егер Сақтандыру полисі жасалу уақытында Сақтандырылушыға қатысты мүгедектік, еңбекке (жалпы немесе кəсіби) жарамдылықты (толық немесе ішінара) жоғалту жəне/немесе кəсіптік сырқат.

5.7.            Сақтандырушы қажетті барлық құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуден жазбаша түрде дəлелді бас тарту жіберуге міндетті болады.

5.8.            Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуына Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағым беруі мүмкін.

5.9.            Сақтандыру полисі сақтандырудың басқа да бірыңғай жағдайлар тізімін жəне сақтандырудың өзге шектеулері мен сақтандыру жағдайларының ерекше жағдайларын қарастыруы мүмкін.

6. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ МЕРЗІМІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ АУМАҒЫ

6.1. Сақтандыру полисі сақтандыруға жазбаша өтініш немесе Сақтанушының өз ақпараттарын Сақтандырушының немесе оның серіктесінің интернет ресурсы арқылы толтыруы жəне жіберуі негізінде нақты сапарға жасалады.

6.1.1. Сақтандыруға өтінішті жазбаша түрде ұсынған жағдайда белгіленген формадағы өтініш-сауалнама бланкісі қолданылады, бұл жағдайда Сақтандыру полисі Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандыру аумағында бір жылдан аспайтын мекендеу уақытына жасалуы мүмкін, егер Сақтандыру полисінде басқаша көзделмесе.

6.1.2.  Ақпараттарды Сақтандырушының немесе оның серіктесінің интернет ресурсында толтыру кезінде өтініш-сауалнаманың электронды формасы қолданылады.

6.2. Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі:

-       Сақтандыру полисі/сертификаты мен ол бойынша сақтандыру қорғанысы ол жасалған күннен бастап күшіне енеді, жəне Сақтандыру полисі/сертификаты мазмұнында  көрсетіледі;

-       Сақтандыру полисі/сертификаты мен сақтандыру қорғанысының аяқталу мерзімі сəйкес келеді жəне Сақтандыру полисі/сертификатында белгіленген.

6.3. Сақтандыру өтейді:

6.3.1.     Жылжымалы мүлік (жолжүгін сақтандыру): тəуекелді өтеу Сақтандырылушының жолжүгін авиатасымалдаушы қабылдаған сəтте басталады жəне жолжүгінің

Сақтандырылушыға беру кезіне дейін əрекет етеді.

6.3.2.     Жолаушыларды ұшу кезінде жазатайым жағдайлардан сақтандыру: тəуекелді өтеу билетте көрсетілген жөнелту уақытынан 3 сағат бұрын басталады жəне жүру жолы бойында, түйісу пунктілерін қоса санағанда (6 сағаттан көп емес) əрекет етеді, жəне Сақтандырылушы соңғы белгіленген пунктке келген соң үш сағат ішінде, бірақ сақтандыру қорғанысының күшіне енуінен 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын уақытқа дейін əрекет етеді.

6.3.3.     Сапардың жүзеге аспай қалуымен байланысты қаржылық шығындар: сақтандыру Полистің қолданылу мерзімінің басталған уақытында жəне жолаушыларды тасымалдау басталу уақытына дейін орын алған сапардың жүзеге аспауынан келтірілген (Ережелерде атап көрсетілген) шығындарды өтейді. Сақтандыру өтелімі авиабилетті сатып алу кезінде берілген тиісті бронь нөміріне сəйкес иеленген авиабилетке ғана жүреді.

6.3.4.      Рейстің кідірісіне байланысты қаржылық шығындар: сақтандыру авиабилетте көрсетілген болжалды жөнелтілу уақыты мен Сақтандырылушының нақты жөнелтілу уақытына дейінгі мерзімді қамтиды. Сақтандыру арқылы қорғау тиісті бронь нөмірімен авиабилетте көрсетілген барлық ұшуларға қолданылады.

6.3.5.      Жоғалған құжаттарды қалпына келтірумен байланысты қаржылық шығындар: сақтандыру орналасу мемлекетіне келу сəтінен бастап, тұрақты тұру мекенжайының мемлекетіне қайту уақытына дейінгі (Ережелерде атап көрсетілген) шығындарды өтейді.

6.4. Сақтандыру полисінің сақтандыру қорғанысы қамтымайды:

1)      шекарасында əскери қимылдар өтіп жатқан мемлекеттердің аумағында;

2)      БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының) экономикалық жəне/немесе əскери санкциялары қолданылған мемлекеттер аумағында;

3)      індет ошағы табылған немесе расталған жəне/немесе карантин жарияланған мемлекеттер аумағында;

4)      Сақтандыру полисі күшіне енген соң, Сақтандыру полисінде мекендеу жері ретінде көрсетілген мемлекеттің азаматтығын/тұруға ықтиярхатын алған тұлғаларды;

5)      егер Сақтандыру полисі сақтандырылушы сақтандыру аумағында мекендеген уақытта жасалса.

                                                          7.   САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН ЖАСАУ ТƏРТІБІ

7.1.           Сақтандыру полисі бойынша Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда Пайда алушыға сақтандыру төлемін Сақтандыру полисінде белгіленген сақтандыру сомасы шеңберінде сақтандыру төлемін өтеуге міндеттеледі.

7.2.           Сақтандыру полисін жасауға Сақтанушының жазбаша өтініш-арызы, сондай-ақ Сақтанушының өз ақпараттарын Сақтандырушының немесе оның серіктесінің интернет ресурсы арқылы толтыруы мен жіберуі негіз болады.

7.3.           Ерікті сақтандыру бойынша Сақтандыру полисін жасау Сақтандыру полисіндегі талаптарға сай мерзімге жүзеге асырылады.

7.4.           Сақтандыру полисін жасау кезінде Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) мəлім, сақтандыру жағдайының орын алу ықтималдығы мен оның орын алуынан келтірілетін болжалды шығындардың мөлшерін анықтауда айтарлықтай маңызы бар барлық жағдайлар туралы хабарлауға міндетті, егер бұл жағдайлар Сақтандырушыға мəлім болмаса немесе мəлім болмауы тиіс болса.

7.5.           Сақтандыру полисі Сақтанушының осы Ережелерге қосылу жолымен жасалады. Сақтандыру полисін рəсімдеу екі жолмен жүзеге асырылады:

1)      осы сақтандыру өнімінің жүзеге асуын орындаушы тұлғаның орналасу мекенінде Сақтандыру полисін беру жолымен немесе

2)      Сақтандырушының немесе оның серіктесінің интернет ресурсына электронды Сақтандыру полисін рəсімдеу мен оны Сақтанушының Сақтандырушының немесе оның серіктестінің Интернет-ресурсында өз ақпараттарын толтыру барысында көрсеткен электронды поштасына жіберу арқылы.

7.6.            Сақтандыру полисі мен сақтандыру қорғанысы оны жасау күнінен бастап күшіне енеді. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу ҚР АК 394 -б. 2-т. мен 396 б. 3-т. сəйкес Сақтандырушының немесе оның серіктесінің интернет ресурсында жүзеге асырылады, жəне бұл Сақтандыру полисін жасауға, сондай-ақ осы Ережелерде көрсетілген барлық талаптарды қабылдауға толықтай жəне сөзсіз келісім (акцепт) болып есептеледі жəне Сақтандырушыға Қазақстан Республикасының «Дербес деректер мен оларды қорғау туралы» заңына сəйкес дербес деректерді жинау мен өңдеу құқығын береді. Акцепт жүзеге асырылған соң, Сақтанушыға ол Сақтандырушының немесе оның серіктесінің Интернет-ресурсында өз ақпараттарын толтыру барысында көрсеткен электронды поштасына қайта бағыттау жолымен Сақтандыру полисінің электронды нұсқасы беріледі.

7.7.           Сақтандыру полисі күшіне осы сақтандыру ережелерінің 7.6-т. сəйкес енеді.

7.8.           Сақтанушы (Сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес өтініш-арызда жəне Сақтандырушының жазбаша сұрақтарына жауаптарында көрсетілген ақпараттың нақтылығы мен толықтығына жауапкершілік көтереді.

7.9.           Сақтандыру полисінде көрсетілуге тиісті талаптардың толық еместігі үшін жауапкершілікті Сақтандырушы көтереді.

7.10.        Сақтандыру полисінің жоғалған жағдайында, Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініш-арызының негізінде оған Сақтандыру полисінің көшірмесін береді, бұл жағдайда жоғалған Сақтандыру полисі жарамсыз болып есептеледі жəне ол бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылмайды.

8.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

8.1. Сақтандырушы құқылы:

1)      Сақтанушы берген ақпарат пен құжаттарды, сонымен қатар Сақтанушының осы Шарт талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;

2)      сақтандыру тəуекелін үдетуге алып баратын жағдайлар туралы хабар алған бойы Шарт шарттарын өзгерту немесе қосымша сақтандыру сыйлықақысын қауіптің үдеуіне сəйкес төлеуді талап ету;

3)      сақтандыру жағдайы орын алған уақытта Сақтандырылушының алкгольді/есірткілік мастығына күмəн туған жағдайда, мекендеу мемлекетінің заңнамасына сəйкес Сақтандырылушының бойында алкогольді/еліткіш заттардың бар-жоқтығын анықтауға медициналық куəландырудан өтуін талап ету. Алкогольді/есірткілік мастық фактісі расталған жағдайда, сондай-ақ Сақтандырылушы медициналық куəландырудан өтуден бас тартқан жағдайда - сақтандыру төлемін өтеуден бас тартуға құқылы;

4)      сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мəн-жайларын дербес анықтау, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары, медициналық  мекемелер, туристтік агенттіктер/операторлар мен сақтандыру жағдайы туралы қандай да бір ақпаратқа ие ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін жəне келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұрауға;

5)      Сақтандырушыдан сақтандыру жағдайы дерегін, оның орын алу жағдайларын анықтау үшін қажет ақпаратты талап етуге;

6)      Шартта қаралған негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға;

6.2. Сақтандырушы Сақтандыру полисі бойынша өз міндеттерін орындау мақсатында Сақтанушы, Пайда алушы туралы жеке бас деректерін, сақтандыру құпиясына жататын ақпараттарды ҚР АК 830-бабына сəйкес бөгде ұйымдарға беруге құқылы.

6.3. Сақтандырушы міндетті:

1)      сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

2)      Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыру жəне оның талабы бойынша сақтандыру Ережелерінің көшірмесін ұсынуға (жіберуге) (сондай-ақ Сақтанушы сақтандыру Ережелерімен Сақтандырушының интернет-ресурсында өз бетінше таныса алады);

3)      ҚР АК 828 жəне 830-баптарына сəйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

4)      Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушы сақтандыру Ережелерінде/Шартында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, шұғыл, бірақ 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар етуге;

5)      Сақтанушы немесе Сақтандырылушыға, немесе Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру, немесе осы Ережелердің талаптарына сəйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дəлелді бас тартуды жіберуге;

6)      Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген шығындарын өтеу;

7)      Сақтандыру Полисімен, осы Ережелермен жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да əрекеттерді жасауға.

8.4. Сақтанушы құқылы:

1)      сақтандыру шарттарымен танысуға;

2)      Сақтандыру полисінің көшірмесін алуға, жоғалтып алған жағдайда (сақтандыру полисі жазбаша формада жасалған болса);

3)      Сақтандырушы немесе оның бұйрығымен есептелген келтірілген шығын мен сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;

4)      тəуелсіз сараптама жасатуға;

5)      Сақтандырушыдан Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс аумаққа жолға шыққан тұлғалардың медициналық немесе басқа да шығындарын сақтандыру шарттарын, Шартта көзделген өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

6)      Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дау айтуға;

7)      осы Ережеге, Шартқа жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-əрекеттер жасауға.

8.5. Сақтанушының міндеттері:

1)      Сақтандыру полисін жасау кезінде, Сақтандырушыға қауіп деңгейін бағалауға жəне Сақтандыру полисін жасауға қажетті ақпаратты ұсыну;

2)      Сақтандыру полисінде белгіленген мөлшерде, тəртіппен жəне мерзімдерде сақтандыру төлемсын төлеу;

3)      Сақтандыру полисін жасау кезінде жəне қолданылу кезеңінде, Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тəуекелдер бойынша барлық

қолданыстағы/жасалатын Сақтандыру полистері туралы хабарлау;

4)      Сақтандырушыны сақтандыру тəуекелінің жай-күйі туралы хабардар ету;

5)      Сақтандыру полисін жасасу кезінде, Сақтандырушыға хабарланған мəн-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тəуекелінің ұлғаюына елеулі əсер етуі мүмкін болса, дереу Сақтандырушыға хабарлау;

6)      Сақтандыру полисін жасауға дейін Сақтанушы шетелдік лауазымды тұлға, оның жұбайы (зайыбы), және/немесе жақын туысы болса, Сақтандырушыға жазбаша хабарлау. Сондай-ақ бенефициар меншіктенуші (Сақтанушы емес) басқа тұлға болса, Сақтандырушыны жазбаша хабарлау;

7)      Компания ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру(жылыстату) жəне террористік қызметті қаржыландыруға қарсы тұру жөніндегі заңнамасының талаптарын орындау мақсатында сұраған барлық қажетті құжаттарды ұсыну.  Сақтанушы онымен жүзеге асырылатын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), жəне террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайды. 

8)      Сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға орын алғаны өзіне мəлім болғанда, міндеттері:

a)             ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды жəне қол жетімді шаралар қабылдау;

b)             дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша хабарлау;

c)             болған оқиға туралы дереу орналасу елінің құзіретті органдарына хабарлау жəне құзыретті мемлекеттік жəне басқа да уəкілетті органдардың құжаттық рəсімдеуін қамтамасыз ету;

d)             сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дəлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту жəне кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау;

8.6. Пайда алушы құқылы:

1)      Сақтандырушыдан Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру талаптары, өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)      Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;

3)      осы Ережелерде көзделген тəртіп пен талаптар бойынша сақтандыру төлемін алуға.

4)      Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен дау айтуға;

5)      бұл тармақтағы тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі мейлінше толық болып табылмайды, тараптардың жекелеген міндеттері осы Ережелердің басқа тарауларында қарастырылған. Тараптар өзге құқықтарын пайдалануға құқылы жəне осы Ережелерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен  қарастырылған өзге де міндеттерін орындауға міндетті.

9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ ОРЫН АЛҒАНДА САҚТАНУШЫ/САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ ІС-ƏРЕКЕТТЕРІ

9.1. Залал ретінде Сақтандырылушының болжамаған шығындарының пайда болуымен байланысты залалдар саналады, атап айтқанда:

1)   Сақтандырушының сапарының жүзеге аспауы нəтижесінде туындаған залалдармен байланысты шығындар;

2)   Сақтандыушының жолжүгі жойылуы, толықтай айырылуымен (жоғалуы) немесе зақымдануымен байланысты шығындар;

3)   ұшу барысындағы жазатайым оқиғамен байланысты шығындар;

4)   авиатасымалдаушының кінəсінен орын алған авиарейс кідірісімен байланысты шығындар;

5)   Құжаттарды жоғалтумен байланысты шығындар (шетелдік төлқұжат, жеке куəлік).

9.2.   Сақтандырушы төленуі тиісті Сақандырылушыға келтірілген шығын мен сақтандыру төлем мөлшерін бақылау мен қадағалау құқық қорғау органдарынан (өрт, апаттық жəне басқа да қызметтер) алған құжаттар, экономикалық жəне бухгалтерлік материалдар мен есептер, есепке алу құжаттары, шоттар мен квитанциялар, заңи, кеңесші жəне өзге де мамандандырылған фирмалардың тұжырымдамалары мен есептеріне негізделе отырып анықтайды.

9.3.   Қажет болған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру жағдайының орын алу мəн-жайы, сонымен қатар сақтандыру оқиғасының себептері мен жағдайларын өз бетінше анықтау құқығы жайлы ақпараттарға ие құқық қорғау органдарындағы, медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдардағы сақтандыру оқиғасымен байланысты мəліметті сұрауға құқылы.

9.4.   Тараптар арасында шығын себептері мен көлеміне қатысты дау туған жағдайда, əр тарап сараптама өткізілуін талап етуге құқылы. Сараптама оның өткізілуін талап еткен тараптың қаражатына өткізіледі. Егер сараптама нəтижесінде Сақтандырушының төлем өтеуден бас тартуы негізсіз деп танылса, Сақтандырушы экспертиза шығындарын өз мойнына алады. Ал сараптама нəтижесінде сақтандыру жағдайына жатпайды деп танылған жағдайларда, сараптама құнын Сақтандырылушы төлейді.

9.5.   Сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеу мерзімін, Сақтандырылушыны Сақтандырушы Сақтандырылушыдан талап еткен барлық құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ескерту арқылы ұзартуға құқылы, келесі жағдайларда:

1)      Сақтандырылушының сақтандыру өтемін алу құзыреттілігіне қатысты дау туған жағдайда – қажетті дəлелдер келтірілгенге дейін;

2)      сақтандыру жағдайы орын алу фактілері бойынша, сəйкес ішкі істер органдарымен Сақтандырылушыға немесе оның уəкілетті өкілдеріне қарсы қылмыстық іс қозғалған, сот процесі басталған немесе əкімшілік тергеу барысында жəне сақтандыру жағдайын тудырған себептер тексерісі жүргізіліп жатқанда – тергеу (процесс) немесе сот істі қарауы  аяқталғанға дейін жəне Сақтандырылушының кінəсіздігі анықталғанға дейін.

9.6. Сапардың жүзеге аспай қалуы бойынша сақтандыру жағдайы орын алғанда:

1)      Сақтандырылушы жазбаша түрде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы шұғыл хабарлауға міндетті. Өтініште сақтандыру жағдайының сипаты мен мəнжайы, авиатасымалдаушы, ұшу күні көрсетілуі тиіс.

2)      Өтінішке келесі құжаттар (мен орыс тілінен басқа тілдегі құжаттар түпнұсқаларының аудармалары) тіркелуі тиіс:

a)          авиабилет көшірмесі, сондай-ақ авиабилеттің төленгенін растайтынын құжаттар;

b)          Авиабилет бойынша қаражат сомасының бөлігі қайтарылғанын дəлелдейтін құжаттар (авиатасымалдаушының тарифімен қарастырылған жағдайда).

3)      Сақтандыру жағдайының сипатын анықтауға қажетті құжаттар мен ақпараттар, атап айтқанда:

-          Сақтанушының/Сақтандырылушының сырқаты, жарақаты немесе қазасы себебінен сапарды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда – медициналық мекеме анықтамасы, өлім туралы куəліктің нотариалды куəландырылған көшірмесі, Сақтандырылушы мен жақын туысқандар арасындағы туыстық қатынасты растайтын құжаттар, бірлескен авиаұшуды растайтын құжаттар (туристтік ваучер, туристтік жолдама, жол жүру құжаттары, орналасқан қонақүй құжаттары);

-          Сот істі қарауына байланысты сапарды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда – сотпен куəландырылған сотқа шақыру қағазы;

-          Əскери комиссариатқа шақырылуына байланысты сапарды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда – əскери комиссариатпен куəландырылған шақыру қағазы;

-          Сақтанушының/Сақтандырылушының кету визасын алу туралы өтініші қабыл болмаған жағдайда – елшіліктің консулдық қызметінің ресми қабылдамау туралы анықтамасы мен Сақтандырылушының шетелдік төлқұжатының түпнұсқасы

(көшірмесі);

-          визаны алу немесе Сақтанушы/Сақтандырылушы сұраған мерзімде алу кідірісі кезінде – Сақтандырылушының шетелдік төлқұжатының түнұсқасы (көшірмесі).

9.7. Сақтандыру төлемі Сақтандырылушыға келтірілген шығындардың көлемінде барлық сұратылған құжаттарды, ал қажет болған жағдайда олардың нотариалды куəландырылған аудармаларын да қабылдаған соң, 15 жұмыс күні ішінде Сақтандырушымен өтеледі, осы сақтандыру Ережелерінің 9.5-т. аталған бірыңғай жағдайларды санамағанда. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жол жүру билеті көлемінде, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде өтейді.

9.8. Жолжүгін сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайы орын алса:

1)      Сақтандыру жағдайы орын алғанда, Сақтандырылушы оқиға болған жердің жолжүктердің (тасымалдаушы өкілдері, аэропорт өкілдері, т.б.) жоғалуы немесе зақымдалуымен байланысты сұрақтарды қарастыруға уəкілеттелген құзыретті органдарына жолжүгінің жоғалу немесе зақымдалу фактісін орнататын құжаттарды алу мақсатында хабарласуы тиіс.

2)      Сақтандыру өтемін алуға өтініш пен тиісті құжаттар Сақтандырылушы барысында сақтандыру жағдайы орын алған сақтандырылған сапардан оралған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Сақтандырушыға ұсынылуы тиіс.

3)      Сақтандыру өтемін алу үшін Сақтандырылушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша хабарлама беруі жəне келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

a) Сақтандыру полисі мен оның көшірмесі.

b)      Жеке басын куəландыратын құжат.

c)      Сақтандыру  жағдайының сипаты, мəн-жайы, күні мен жолжүгінің салмағы көрсетілуі тиіс Сақтандырушының формасы бойынша жазбаша өтініш;

d)      Тасымалдаушының іскерлік айналыс əдетімен қарастырылған құжаттың түпнұсқасы немесе құрастырушымен куəландырылған көшірмесі немесе  жолжүгінің жоғалуы немесе зақымдалуын куəландырушы өкілетті органмен берілген анықтама.

e)      Жоғалған заттардың құнын растау (чектер, сатып алу шоттары немесе орташа бағасы туралы анықтама);

f)       Тасымалдаушы өтемақы төлемін жүргізілгенін растайтын құжаттар;

g)      Авиабилет (электронды авиабилеттің бағдар-түбіртегі);

h)      Жолжүк түбіртектерінің көшірмелері (құлақшалар);

4)      Ұсынылған құжаттардың мазмұны мен сақтандыру жағдайының мəн-жайын ескере отырып, Сақтандырушы осы Ережелердің 9.3-т. көрсетілген құжаттар негізінде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдана алады.

5)      Кез келген жағдайда Сақтандырушыға сақтандыру жағдайына қатысы бар жіне Сақтандырушымен талап етілген барлық құжаттар ұсынылуы тиіс. Сақтандырылушы Сақтандырушының талабымен аталған құжаттардың түпнұсқаларының орыс тіліндегі аудармаларын ұсынуға тиіс. Сақтандырушы ұсынылған құжаттардың аудармасын өзі немесе арнайы маманды тарту арқылы жүзеге асыруға құқылы. Сақтандырушы сақтандыру өтемі сомасынан аударма құнын шегеруге құқылы, аударма Сақтандырылушымен ұсынылмаған жағдайда.

6)      Сақтандырушы ұсынылған құжаттар тексерін жүргізуге, сақтандыру жағдайының мəнжайы туралы ақпаратқа ие мекемелерден мəліметтер сұрауға құқылы. Сақтанушы Сақтандырушының сақтандыру жағдайымен байланысты сауалдарына жазбаша түсіндірме беруі тиіс.

7)      Егер Сақтанушы жолжүгінің кідірісі үшін сақтандыру төлемін алса жəне нəтижесінде жолжүгін жоғалту бойынша сақтандыру жағдайы туралы хабарласа, төлем жолжүгінің кідірісі үшін төленген сақтандыру өтемін шегеріле отырып жүзеге асырылады.

8)      Сақтандыру төлемі Сақтандыру полисінің талаптарындағы сақтандыру сомасына сəйкес, Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкінің сақтандыру төлемі жүзеге асқан күнгі курсы бойынша төленеді. Сақтандыру төлемі жоғалған жолжүк орнының салмағын ескерген сома мөлшерінде жүзеге асырылады, бірыңғай жағдайларға – жолаушы немесе жөнелтуші тасымалдаушыға орынды тапсыру барысында қосымша алым төлемін бағалау (Варшава Конвенциясы) туралы арнайы өтініш беруі жатады.

9)      Егер ұрланған (жоғалған) зат Сақтанушыға қайтарылса, Сақтанушы алған сақтандыру өтемін Сақтандырушыға ұрланған (жоғалған) заттар қайтарылған күннен кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қайтаруға міндетті.

10)Сақтандырылушыға келтірілген шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемі Сақтандырылушыдан сұратылған барлық құжаттарды, қажет болған жағдайда олардың нотариалды куəландырылған аудармаларын алған соң, бір жолғы төлем түрінде 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төленеді, осы сақтандыру Ережелерінің 11.6-т. аталған жағдайларды есептемегенде.

9.9.            Ұшу кезінде туындаған жазатайым оқиғалармен байланысты сақтандыру жағдайлары орын алғанда:

9.9.1. Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушы сақтандыру жағдайы (сақтандыру жағдайын тудыруы мүмкін оқиғалар) орын алғанын білгенде/орын алғанын білуге тиіс кезінде, міндетті:

1)      ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды жəне қол жетімді шаралар қабылдау;

2)      дереу, бірақ кез келген жағдайда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша хабарлау;

3)      сақтандыру жағдайының орын алу себептері мен жағдаяттарын анықтау кезінде Сақтандырушының өкіліне жəрдемдесуге, с.і. сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген зиянның сипаты мен көлемі туралы Сақтандырушыға оған қолжетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы ұсынуға;

4)      шұғыл түрде Сақтандырушыға үшінші тұлғалардан сақтандыру жағдайы нəтижесінде келтірілген шығындардың қандай да бір өтемін алғаны туралы жазбаша хабар беру.

5)      Егер Сақтандырушы Сақтандырушымен қатар Сақтанушының да мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауды қажет деп тапса, сақтандыру жағдайы орын алғанда – Сақтандырушымен тағайындалған тұлғаларға сенімхат немесе аталған мүдделерді қорғауға қажетті құжаттарды беру. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы орын алуы себепті Сақтанушының соттағы мүддесіне немесе басқа да жолдармен Сақтанушының құқықтық мүдделеріне өкілеттік етуге құқылы, бірақ міндетті емес.

6)      сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дəлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту жəне кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау;

7)      осы Сақтандыру полисімен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де əрекеттерді орындауға.

9.9.2. Сақтандыру төлемі келесі мөлшерде жүзеге асырылады:

1)      Сақтандырылушы қаза тапса – бір Сақтандырылушыға 100% сақтандыру сомасы;

2)      Сақтандырылушы жарақат (зақым) алса – сақтандыру Бағдарламасының 1-Қосымшасы болып табылатын төлем Кестесіне сəйкес (бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасынан %).

9.9.3. Егер сақтандыру жағдайына əкеліп соққан оқиға нəтижесінде Сақтандырылушы қаза тапса, Сақтандырушы Сақтанушы/Пайда алушыдан келген өтініш пен сəйкес құжаттар негізінде Сақтандыру полисімен белгіленген тəртіп пен мөлшерде сақтандыру төлемін қайта есептеуге міндетті. Сақтандыру төлемін қайта есептеу кезінде бұрын төленген сома есепке алынады.

9.9.4. Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандыру полисімен белгіленген сақтандыру сомасынан аса алмайды.

9.9.5. Сақтандырушы қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес)  жұмыс күні ішінде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға  жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

9.9.6. Сақтандырушы сақтандыру төлеміне қатысты шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) Сақтандырушыға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

1)      сақтандыру жағдайының орын алуы жайлы өтініш;

2)      Сақтандыру полисінің көшірмесі;

3)      Пайда алушының жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі;

4)      Сақтандырылушының жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесі;

5)      Сақтандырылушының қайтыс болғаны туралы дəрігерлік куəліктің нотариалды куəландырылған көшірмесі, Сақтандырылушының өлімі туралы куəлігінің нотариалды куəландырылған көшірмесі;

6)      Амбулаторлық карта, уəкілетті тұлғамен расталған жəне сəйкес медициналық мекеменің мөрімен бекітілген сырқатнама немесе аталған құжаттардан үзінді көшірме көшірмелері; рентгенмен түсірілген суреттің түпнұсқасы;

7)      Сақтандыру жағдайының орын алу дерегі мен келтірілген шығындар, келтірілген шығындарға кінəлі тұлғаларды анықтайтын құзырлы органдармен куəландырылған сəйкес құжаттардың көшірмелері (ішкі істер органдарының, прокуратура, тергеу; сот органдырының; өрт қадағалау органдарының жəне т.б. құжаттары);

9.10.    Ұсынылған құжаттарды құрастыру тəртібі мен формасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес келуі қажет, егер ол ескерілген болса.

9.11.    ҚР АК сəйкес сақтандыру жағдайы орын алғанын, сондай-ақ онымен келтірілген шығын мөлшерін дəлелдеу Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушының мойнында.

9.12.    Сақтандырушы жоғарыда аталған құжаттар тізімін қысқартуға немесе, егер олардың жоқтығы сақтандыру жағдайының орын алу жəне шығын мөлшерін анықтау деректерін белгілеуге мүмкіндік бермеген нақты жағдайларды есепке ала отырып, қосымша құжаттарды талап етуге құқылы болады.

9.13.    Авиатасымалдаушының кінəсінен авиарейстің кідірісімен байланысты сақтандыру жағдайы орын алғанда:

1) Сақтандырылушы уақытша мекендеу мемлекетінен оралған соң, 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Сақтандырушыға оқиға орын алған мерзім мен мəн-жайын атай отырып, сақтандыру жағдайының орын алғаны туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Өтініште сақтандыру жағдайының сипаты мен мəйн-жайы атап көрсетіліп, келесідей ақпарат ұсынылуы тиіс:

-   Сақтандырылушының аты, тегі, əкесінің аты;

-   авиатасымалдаушы туралы ақпарат;

-   Сақтандыру полисінің түпнұсқасы;

-   Сақтандырылушының немесе Пайда алушының жеке басын куəландыратын құжаты;

-   сақтандыру төлемін алатын тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаты;

-   сақтандыру жағдайы орын алған жерге дейінгі жол жүру құжаттары немесе олардың куəландырылған көшірмесі (билет түпнұсқасы (отырғызу талоны));

-   тасымалдаушының рейс кідірісі/болмауы туралы рейс кідірісі/болдырмауының себептері мен кідіріс сағаттарының саны аталған жазбаша растамасы (жоспарлы жəне нақты жөнелу уақыты);

-   чектер, квитанциялар, шоттар, шоттан мобильді байланыс төлемі туралы үзінді көшірмелер мен тамақтану, телефон арқылы жүргізілген келіссөздер, рейсті күту кезіндегі қонақүй қызметтері, қонақүйге дейінгі жəне қонақүйден қайту жол ақысына кеткен шығындар фактісін растайтын басқа да құжаттар.

9.14. Құжаттарды қалпына келтірумен байланысты сақтандыру жағдайы орын алғанда:

1)      Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімінде сапар кезінде кенеттен, болжанбаған жəне абайсызда орын алған оқиға нəтижесінде жоғалған құжаттарды қалпына келтірумен байланысты Сақтанушы/Сақтандырылушыда күтілмеген шығындар пайда болған жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде келтірілген залалдар көлемінде шығындарды өтейді.

2)      Сақтандырушы қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

3)      Сақтандыру өтемін алу үшін Сақтандырылушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша хабарлама беруге жəне келесідей құжаттарды ұсынуға міндетті:

-       оқиға орын алған мерзімі мен мəн-жайын атай отырып, сақтандыру жағдайының орын алғаны туралы жазбаша хабарлауға;

-       Сақтандыру полисінің түпнұсқасы;

-       Шетелдік төлқұжат, жеке куəліктің жоғалғаны туралы полиция протоколы;

-       Қылмыстық іс қозғалғаны немесе қозғалуға бас тарту туралы қаулы немесе əкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, əкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы;

-       Елшіліктен (Консулдықтан) төлқұжатты, жеке куəлікті (қайта оралу куəлігін) жоғалту туралы растама;

-       қайта оралу куəлігін бергені үшін консулдық алымды төлеу туралы құжат;

-       Жоғалған құжаттарды қалпына келтірумен байланысты шығындар фактісін растайтын төлем чек/квитанцияларының түпнұсқалары.

10. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАСЫ БАСТАЛҒАНЫН ЖƏНЕ ЗАЛАЛДАР МӨЛШЕРІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

10.1. Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) ұсынуы тиіс, сондай-ақ осы Ережелердің 4- т.  əр түрлі сақтандыру жағдайлары мен 10- т.  сақтандыру төлемдеріне сəйкес көрсетілген құжаттар тізімі:

1)      сақтандыру жағдайы туралы өтініш;

2)      Сақтандыру полисінің түпнұсқасы/электронды көшірмесі;

3)      Сақтандырылушының жеке басын куəландыратын құжаттардың (төлқұжат, жеке куəлік, туу туралы куəлік) көшірмелері;

4)      авиабилет пен жолжүк түбіртегінің көшірмелері;

5)      тиісті медициналық            мекеменің      Сақтандырылушының         толық аты      жөні,

Сақтандырылушыға келтірілген шығын сипаты, диагноз, жұмысқа жарамсыздық мерзімі көрсетілген тұжырымының түпнұсқасы немесе нотариалды куəландырылған көшірмесі;

6)      Сақтандырылушының өлімін белгілеген медициналық мекеменің қаза себебі көрсетілген тұжырымының түпнұсқасы немесе нотариалды куəландырылған көшірмесі;

7)      өлім туралы куəліктің нотариалды куəландырылған көшірмесі;

8)      медициналық дəрі-дəрмектер, өткізілген процедуралар, дəрігерлер қабылдауларын растайтын дəріхана мен медициналық мекемелердің əр дəрінің, процедураның, қабылдаулардың атауы, олардың саны, бағалары, алған күні мен Сақтандырылушының Т.А.Ə. көрсетілген шоттарының, қазыналық, тауарлық чектері, төлем квитанцияларының түпнұсқалары.  Төлем валютасы шоттарда, қазыналық, тауарлық чектерде, квитанцияларда жəне төлем жүргізілгенін дəлелдейтін басқа құжаттарда белгіленбеген жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру төлемін есептеуді мекендеу мемлекетінің валютасын автоматты түрде ҚР Ұлттық Банкінің сақтандыру жағдайы орын алған күнгі ресми курсы бойынша теңгеде жүзеге асырады;

9)      емдеуші дəрігердің (олдамалары мен рецептілері) қабылдау күні, тағайындауға себеп болған диагноз бен Сақтандырылушының Т.А.Ə. көрсетілген медициналық дəрідəрмектерді қабылдау, процедуралардан өту, дəрігер қабылдаулар жайлы тағайындауларының түпнұсқалары немесе нотариалды куəландырылған көшірмелері;

10)Амбулаторлық карта, уəкілетті тұлғамен расталған жəне сəйкес медициналық мекеменің мөрімен бекітілген сырқатнама немесе аталған құжаттардан үзінді көшірмелердің нотариалды куəландырылған көшірмелері; рентгенмен түсірілген суреттердің түпнұсқалары;

11)Сақтандыру жағдайы үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы əрекеттерінің нəтижесіндегі көлік оқиғасымен, өрт жəне т.б.  туындаса, қосымша – Сақтандыру жағдайының орын алу дерегі мен келтірілген шығындар, келтірілген шығындарға кінəлі тұлғаларды анықтайтын сəйкес құжаттардың құзырлы органдармен куəландырылған көшірмелері немесе түпнұсқалары (ішкі істер органдарының, прокуратура, тергеу; сот органдырының; өрт қадағалау органдарының жəне т.б. құжаттары);

12) құжаттардың көшірмелері Сақтандырылушымен рəсімделген жағдайда – төлқұжатты визамен қалпына келтіруге консулдық алымдар төлемдерінің квитанциялары, сəйкес құжаттарды рəсімдеуге қажетті суреттер төлемінің квитанциясы, жол жүру құжатын қалпына келтіру бойынша көлік компаниясының қызметтері төлемінің квитанциясы;

13)Пайда алушының жеке басын куəландыратын құжаттар, ЖСН, Пайда алушы шотының банк деректемелері, Сақтандырылушы қаза болған жағдайда - қосымша мұра алу құқығы туралы куəліктің нотариалды куəландырылған көшірмесі;

14)Қазақстан Республикасының аумағынан шығу/кіру белгілері бар төлқұжаттың көшірмесі.

10.2. Құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқа немесе нотариалды куəландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куəландырылған жəне құзыретті ұйымның уəкілетті тұлғасымен қол қойылған көшірме күйінде ұсынылады. Медициналық құжаттар Т.А.Ə. көрсетілген дəрігермен қол қойылған жəне дəрігер мен медициналық ұйымның жеке мөрлерімен бекітілген медициналық мекеменің бланкінде болуы тиіс.

10.3.  Осы тармақта аталған барлық құжаттар Сақтандырушыға орыс немесе қазақ тілінде, немесе орыс немесе қазақ тіліндегі аудармасымен ұсынылуы тиіс, бұл жағдайда аударма нотариалды куəаландырылған болуы тиіс.

10.4. Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы екі данада өтініш берушімен ұсынылған барлық құжаттардың толық тізімі мен оларды қабылдау күні көрсетілген анықтама құрастыруға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, ал өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы Сақтандырушыда қалады.

10.5. Сақтандырушы жоғарыда аталған құжаттар тізімін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, егер оларсыз сақтандыру жағдайының орын алғанын растау мен шығын көлемін анықтау мүмкін емес болса.

10.6. Сақтандырушы барлық ұсынылған құжаттарды тексеру мен мамандармен Сақтандырылушының медициналық куəландыруын өткізуге дейінгі дербес тексерістер жүргізу мен сақтандыру жағдайы орын алу себептері мен мəн-жайларын дербес анықтау құқығына ие. Бұл жағдайда Сақтанушы (Сақтандырылушы) Сақтандырушыға Сақтандырылушының сақтандыру жағдайына дейінгі жəне кейінгі денсаулық жағдайын көрсететін барлық қажетті құжаттарды қолжетімді етуге міндетті, сондай-ақ Сақтандырушының талабымен Сақтандырушының есебінен Сақтандырушы белгілеген медициналық мекемеде медициналық тексерістен өтуге жəне оның нəтижелерін ұсынуға міндетті.

10.7. Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырылушыға келтірілген шығындарды растайтын құжаттарға негізделе отырып, Сақтандырушымен анықталады. Сақтандыру полисімен франшиза қарастырылған болса, сақтандыру төлемі франшиза сомасы шегеріле отырып жүзеге асырылады.

10.8. Қандай да бір орын алған жағдайлар (оқиғалар) осы Ережелерде қарастырылмаған болса, Сақтандырушы өз бетінше ымыралы шешім қабылдауға құқылы.

10.9. Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап, 15 ( он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

10.10. Егер сақтандыру жағдайы орын алған себептер бойынша қылмыстық іс қолғалған немесе сот процессі басталған болса, сақтандыру төлеміне қатысты шешім қабылдау тергеу немесе сот қарауы аяқталған уақытқа дейін немесе Сақтандырылушының кінəсіздігі анықталғанға дейін ұзартылуы мүмкін.

10.11. Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайы орын алған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетелдік валюталарының ресми курсы бойынша теңгемен төлейді. Егер ҚР Ұлттық Банкі Сақтандырылушы шығындары жүргізілген валютаны ресми түрде айырбастамайтын болса, айырбастау Сақтандыру полисінің талаптарында көрсетілген ресурстар ақпараттарына сəйкес жүзеге асырылады.

10.12. 18 жастан кіші тұлғалардың сақтандыру төлемін алушылары ата-аналар, ресми қамқоршылар болып табылады.

10.13. Сақтандырушы         сақтандыру    төлемін           уақтылы         төлемегені     үшін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабына сəйкес жауапкершілік көтереді.

11. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТƏРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

11.1. Сақтандыру жағдайы орын алғанда, Сақтандырушы осы Ережелер талаптарына сəйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

11.2. Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы Сақтандыру полисінде əр Сақтандырылушыға қатысты көрсетілген сақтандыру сомасынан аспайды.

11.3. Нақты тəуекелдер (өтелетін шығындар) бойынша сақтандыру сомасының мөлшерлері Сақтандыру             полисімен      қосымша        тағайындалады,        сəйкесінше    Сақтанушының (Сақтандырылушының) шығындары əр нақты тəуекел бойынша тағайындалған сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде өтеледі.

11.4.       Жеке/топ тəуекелдер бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сомасы Сақтандыру полисімен Сақтандырылушыға тағайындалған нақты тəуекел/тəуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасынан аспайды.

11.5.       Сақтандыру төлемі келесі тəртіппен жүзеге асырылады: Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру төлемін алу үшін, егер ол Сақтандыру полисінің талаптарында аталған қызметтерді өзі төлеген болса, Қазақстан Республикасының аумағына келу күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы орын алғаны жайлы жазбаша хабарлауға жəне барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндетті.

12. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ӨТЕУ НЕМЕСЕ ӨТЕУДЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ

12.1. Сақтандыру полисінде өзгеше көзделмесе, Сақтандырушының сақтандыру төлемін өтеу немессе өтеуден бас тарту туралы шешімі Сақтанушы Сақтандыру полисінде аталған құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе ұзартуға қатысты шешім Сақтандырушымен шешіледі жəне Сақтанушыға дəл сол мерзім ішінде себептердің дəлелді негіздемесімен жазбаша хабарланады.

12.2. Егер құзырлы органдармен Сақтанушыға (Сақтандырылушыға, Пайда алушыға) қатысты қылмыстық, азаматтық немесе əкімшілік іс қозғалған болса жəне сақтандыру жағдайы мен онымен келтірілген шығындарға алып келген мəн-жайлардың тексерісі жүріп жатса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды тексеріс аяқталғанға дейін жəне іс бойынша соңғы шешім шығарылған уақытқа дейін ұзартуға құқылы.

12.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады, егер сақтандыру жағдайы келесідей себептермен туындаса:

1)      Сақтандырылушының өзіне-өзі қол жұмсауға немесе өз өміріне қастандық жасауы;

2)      келбет мүкістіктерін немесе дене ауытқушылықтарын жоюмен байланысты пластикалық операциялар, косметологиялық  немесе кез келген басқа ем түрлері;

3)      психикалық сырқаттар мен психикалық ауытқулар, венерологиялық аурулар, АИТВ мен ЖИТС, онкологиялық аурулар, туа біткен аурулар, даму кемтарлығы, туберкулез, қант диабеті мен олардың салдары, апоплексия соғуы, эпилепсиялық талма немесе басқа талмалар, конвульсиялық ұстамалар;

4)      Сақтандырылушының алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мастық күйінде болуы, мастық деңгейінің ауырлық дəрежесіне қарамастан;

5)      жүктілік/босану асқынулары, сондай-ақ аборт, мерзімінен бұрын өздігінен түсік тастау, кесар тілігі операциясы;

6)      эпедемиялар, карантиндер;

7)      туристтік мекемені тарату;

8)      туристтік ұйымның жəне оның контрагенттерінің өз міндеттерін мүлдем орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

9)      Сақтандырылушының кез келген кəсіби немесе əуесқой спорт түрімен айналысуы, белсенді демалыс, спорт элементтеріне ие іс-шаралар/ ойын-сауықтарға қатысуы; Сақтандырылушының авто-, мото-, веложарыстарға немесе сайыстарға жүргізуші немесе қатысушы ретінде қатысуы.

12.4.       Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны немесе сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін тараптар жауапкершілік өтереді. Айыпақы мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353-бабына сəйкес тағайындалады.

12.5.       Сақтандырумен моральдық шығынның, абыройға, құрмет пен іскерлік атағына (сақтандыру құпиясын сақтауға Сақтандырушының міндетімен байланысты емес) келген мəліметтердің тарау зиянының, Сақтанушының (пайда алушының) шығындарының (с.і. айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, өндірістің бос тұруымен байланысты шығындар, тауар құнын/тауар түрін жоғалтуы, жоғалған пайда), қоршаған ортаға тигізген зиянның орны толтырылмайды.

12.6.       Сақтандырушының сақтандыру төлемін өтеуден бас тартуы Сақтанушымен (Сақтандырылушы, Пайда алушы) сот тəртібімен шағымдала алады.

13. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН ТОҚТАТУ/БҰЗУ ТƏРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

13.1. Сақтандыру полисінің қолданылуы келесідей жағдайларда тоқтатылады:

1)      Сақтанушы Сақтандыру полисінде белгіленген мөлшерде жəне мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлемеуі;

2)      Шекаралық жəне/немесе кеден қызметтерімен Сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру аумағынан (мекендеу мемлекеті) Сақтандырылушының шығуы тіркелген

уақыттан бастап, бірақ Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі кезінде ғана; 3) Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі аяқталған соң;

    4) Сақтандыру полисі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда.

13.2. Міндеттер тоқтатылуының жалпы негіздері, сондай-ақ ҚР АК 841- бабының 1-тармағында қарастырылған Сақтандыру полисін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінен бөлек, Сақтандыру полисі келесідей жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1)      Сақтандырушы Сақтандыру полисінде көрсетілген сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырғанда;

2)      Сақтанушының Сақтандырушыға Шартқа қол қою кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы белгілі болған айтарлықтай өзгерістер туралы хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тəуекелін үдетуге айтарлықтай əсерін тигізе алса, немесе егер Сақтандырушы Шарт шарттарын өзгертуге немесе тəуекел деңгейінің үдеуіне сəйкес сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсы болса;

3)      Сақтанушы немесе Сақтандырушының талабымен, сондай-ақ Тараптардың келісімімен Сақтандыру полисін бұзғанда.

13.3. Осы Ережелердің 13.2-т. 1) т. Қарастырылған негіздемелер бойынша Сақтандыру полисін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібі мен салдары:

1)      Аталған жағдайларда Сақтандыру полисі Сақтандыру полисін тоқтатуға негіз болады деп танылған жағдайлар орын алған сəттен бастап тоқтатылған болып есептеледі, бұл жағдайда Сақтандыру полисінің тоқтағаны туралы хабарлау қажеттілігі жоқ.

2)      Сақтандыру полисін аталған негіздемелер бойынша тоқтатқанда Сақытандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылмайды.

13.4. Осы Ережелердің 13.2-т. 2) т. Қарастырылған негіздемелер бойынша Сақтандыру полисін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібі мен салдары:

1)      Аталған жағдайларда Сақтандыру полисі тəуекел деңгейінің артуына себеп болатын жағдайлар орын алған сəттен бастап тоқтатылған болып саналады.

2)      Бұл жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Сақтандыру полисі тоқтатылғаны туралы келесідей күндерден соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті:

а)    Сақтанушы тəуекел деңгейі артқаны туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін  орындамағаны Сақтандырушыға мəлім болғанда;

б)   Сақтанушының Сақтандыру полисіне өзгерістер енгізуден немесе сақтандыру сыйлықақысын төлеуден бас тартқанында;

в)   Сақтандырушының Сақтандыру полисін өзгерту мен/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы талабын сақтандыру сыйлықақысын төлеу үшін Сақтандыру полисімен орнатылған мерзімнің өтуі;

3)      Сақтандыру полисін аталған себептермен тоқтатқан жағдайда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылмайды.

13.5. Осы Ережелердің 13.2-т. 3) т. қарастырылған негіздемелер бойынша Сақтандыру полисін мерзімінен бұрын тоқтату тəртібі мен салдары:

1) Сақтандыру полисі Сақтандырушы Сақтанушыдан полисті бұзу туралы жазбаша хабарлама алған күнінен кейінгі келесі күннен немесе соттың сəйкес шешімінің күшіне ену күнінен бастап тоқтатылған болып есептеледі, бұл жағдайда бастамашылық етуші Тарап Сақтандыру полисін бұзу ниетін екінші Тарапқа Сақтандыру полисін бұзу күніне кем дегенде 1 (бір) жұмыс күні бұрын хабарлауға міндетті.

13.6. Сақтандыру полисін Сақтанушының өтінішімен сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі басталғанға дейін мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, Сақтандырушы төленіп қойған сақтандыру сыйлықақыны Сақтанушыға 100% қайтарады. Сақтанушы сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзіміне кем дегенде 1 (бір) жұмыс күні қалғанда полисті бұзу туралы жазбаша өтініш беруге міндетті.

Осы Шарттың ҚР АК 841-бабының 1-тармағымен көзделген жағдайлар бойынша Сақтандыру полисі күшінің мерзімінен бұрын тоқтатылу жағдайында Сақтандырушы сақтандыру əрекет еткен уақытқа тең сақтандыру сыйлықақысының бөлігіне жəне сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан 35 % (отыз бес пайыз) көлемде істерді жүргізуге кеткен шығындардың өтелуіне құқылы.

13.7. Сақтандыру қорғанысы басталған соң, ҚР АК 841 бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларға байланысты Сақтанушы шарттан бас тартса, Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы немесе сақтандыру жарналары қайтарылмайды.

13.8. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінəсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті.

13.9. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінəсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті.

13.10. Қайтарылуы тиіс сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушыға Сақтандыру полисін бұзу туралы өтініш түскен күннен 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Сақтандырушымен бір жолғы төлем күйінде төленеді.

14. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІНДЕ САҚТАНДЫРУ ТƏУЕКЕЛІНІҢ АРТУ САЛДАРЫ

14.1.        Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) шұғыл түрде Сақтандыру полисіне қол қою барысында Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардың оған белгілі болған маңызды өзгерістері жайлы Сақтандырушыға хабарлауға міндетті, егер ол өзгерістер сақтандыру тəуекелін көтеруге айтарлықтай əсер ететін болса.

14.2.        Айтарлықтай əсер ететін өзгерістерге жататындар: сапар мақсатының өзгеруі, Сақтаныдырылушыда (Сақтандырылушыда) орталық жүйке жүйесіне əсер ететін (координация, зерделілік, реакцияның бұзылуы, сондай-ақ ұйқышылдық жəне т.б.) созылмалы немесе жіті аурулары анықталуы, қызмет түрі өзгеруі, сақтандыру аумағының өзгеруі, белсенді демалыс немесе спортпен шұғылдануы. Аталған міндеттемелер тең дəрежеде Сақтандырылушыға да қатысты.

14.3.        Сақтандырушы сақтандыру тəуекелін үдетуге алып баратын жағдайлар туралы хабар алған жағдайда, Сақтандыру полисін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бұзуды талап етуге құқылы.

14.4.        Сақтандырушының сақтандыру тəуекелін үдетуге алып баратын жағдайлар жойылған жағдайда, Сақтандыру полисін бұзуды талап ету құқығы жоқ.

15.  САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІН ӨЗГЕРТУ. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІНІҢ ТЕЛНҰСҚАСЫН РƏСІМДЕУ ТƏРТІБІ

15.1.        Осы Сақтандыру полисіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу Тараптардың бірінің жазбаша түрдегі өтініші негізінде, Тараптардың келісімі бойынша жүзеге асады.

15.2.        Күшіне енбеген Сақтандыру полисін қайта рəсімдеу Сақтандыру полисі басталу мерзіміне дейін Сақтанушының жазбаша өтінішін алу шартымен, Сақтандырушымен жүзеге асырылады. Сақтандыру полисін жаңа қолданылу мерзіміне қайта рəсімдеген жағдайда, Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысынан бланк шығынына 200 (екі жүз) теңге көлемінде қаражат алады.  Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысы есебін жаңа Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру сыйлықақысының төлем шотына 200 (екі жүз) теңге шегере отырып, алғашқы Сақтандыру полисі бойынша жүзеге асырады.

15.3.        Күшіне енген Сақтандыру полисін қайта рəсімдеу Сақтандыру полисі басталу мерзімінен кейін Сақтанушының жазбаша өтінішін алу шартымен, Сақтандырушымен осы Ережелерде қарастырылған барлық тəуекелдер бойынша жүзеге асырылады. Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысынан шегереді:

-          Сақтандыру полисінің өткен қолданылу мерзіміне тепе-тең сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;

-          бланк шығынына 200 (екі жүз) теңге көлемінде.

Жоғарыда аталған шегерулерді жүзеге асырған соң, Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының қалған бөлігін жаңа Сақтандыру полисі бойынша сақтандыру сыйлықақысының төлем шотына аударады;

15.4. Сақтандыру полисін қайта рəсімдеу кезінде, егер:

-          жаңа сақтандыру мерзімі алғашқы Сақтандыру полисінің мерзімінен аз (күндер саны бойынша) болса, Сақтандырушы осы Ережелердің 13.11-т. орнатылған мерзімде 15.2 мен 15.3-т. аталған шегерулерді жүзеге асыра отырып, сақтандыру сыйлықақысының бөлігін қайтарады;

-          жаңа сақтандыру мерзімі (күндер саны бойынша) өзгеріссіз қалса, Сақтанушы осы Ережелердің 15.2. мен 15.3-т. аталған шегерулер төлемін жүзеге асырады;

-          жаңа сақтандыру мерзімі алғашқы Сақтандыру полисінің мерзімінен көп (күндер саны бойынша) болса, Сақтанушы осы Ережелердің 15.2. мен 15.3-т. аталған шегерулер мен ұзартылған сақтандыру мерзіміне тең сақтандыру сыйлықақысы айырмасының төлемін жүзеге асырады;

15.5. Сақтандыру полисінің телнұсқасын рəсімдеу Сақтанушының жазбаша өтініші бойынша

Сақтандырушымен жүзеге асырылады. Сақтандырушы Сақтандыру полисінің телнұсқасын Сақтанушыдан өтініш алған сəттен 1 (бір) жұмыс күні ішінде рəсімдейді. Сақтандыру полисінің телнұсқасын рəсімдеу кезінде, Сақтандырушы бланк шығындары үшін 200 (екі жүз) теңге көлемінде қаражат алады.

15.6. Сақтандырушы Сақтандыру полисінің телнұсқасын рəсімдеуден бас тартуға құқылы, өтініш Сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі аяқталған соң берілген болса.

16. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТƏРТІБІ

16.1. Осы Сақтандыру полисі бойынша/онымен байланысты пайда болатын барлық даулар мен/немессе келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

16.2. Егер дау келіссөздер барысында реттелмесе, онда даулар мен/келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес тəртіпте шешілуі тиіс.

17. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

17.1. Осы Ережелерге сəйкес жасалған Сақтандыру полисіне тараптардың келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ерекше талаптар (сақтандыру түсіндірмелері, анықтамалары, бірыңғай жағдайлар мен т.б.)  толықтырылуы мүмкін.

17.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)        “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының  деректерді алуына;

2)        Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3)        Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)        дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5)        ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

17.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

17.4. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 17.2. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

17.5. Сақтанушы 1)-5) 17.2. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.



[1] Лаңкестік актісі – адамдардың өліміне қауіп төндіретін, айтарлықтай мүліктік шығындар немесе өзге де қоғамдыққауіпті салдар тудырушы жарылыс, өрт қою немесе басқа əрекеттер: егер бұл əрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту немесе мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына əсер ету (саяси уəж) мақсатында жүзеге асырылса.



Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту