10.03.2022ж. өзгерістер
22.04.2022ж. өзгерістер
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы автокөлікті сақтандыру Ережесі (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен 2000 ж. 18 желтоқсанындағы №126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
1.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және осы Ережелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (ары қарай «Сақтандырушы») 18 жастан асқан заңды тұлғалармен (бұдан әрі – «Сақтанушы») ерікті қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру шарттарын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.
1.3. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
1) Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы тұлға. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Пайда алушы болып табылады;
2) Сақтандырушы – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясына ие, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе Шарт оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
3) Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға;
4) Сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын және сақтандырылған автокөлікті пайдалануға рұқсаты бар тұлға (Сақтанушының сенімхат немесе жол парағы түріндегі жазбаша ерік білдіруінің негізінде сақтандырылған автокөлікті пайдалануға рұқсаты бар тұлға). Аталған тұлғалар міндетті түрде Шартта атап көрсетіледі немесе олардың тізімі Шартқа тіркеледі.
Сақтанушы, Сақтандырылушы автокөлікті пайдалану барысында келесі құжаттар онымен бірге болуы тиіс:
- Сақтандырылған автокөлікті пайдалануға рұқсат беретін белгілері бар жүргізуші куәлігі;
- Автокөліктің тіркеу құжаты (автокөлікті тіркеу туралы куәлік немесе басқа құжаттар);
- сақтандырылған автокөлікті оның иесі жоқ кезде иеленуге, пайдалануға немесе билік етуге рұқсаты барын растайтын сенімхат немесе басқа құжат;
- жол парағы, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қажет болған жағдайда;
- жалдау шарты, автокөлік жалдау шартына сәйкес пайдалануда болған жағдайда.
5) Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай. Сақтандыру жағдайы деп қарастырылған жағдай оның орын алуының кездейсоқтық пен ықтималдық белгілеріне ие болуы тиіс.
6) Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
7) Нақты (нарықты) құн – моральдық және физикалық тозуы ескеріле отырып, сақтандырылған көлік құралының үлгісіндегі көлік құралының (қосымша құрал) құны, немесе оның Шартты жасасқан уақыттағы нарықтық құнына немесе құзырлы органмен берілген анықтама-шотының, сатып алу-сату келісімшарты немесе сарапшының (бағалаушы) бағалауына негізделген құны.
8) Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
9) Сақтандыру төлемі – Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру жағдайы орын алғанда, сақтандыру сомасына сәйкес төленетін ақша сомасы. Сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен төленеді.
10) Франшиза – Сақтандырушыны сақтандыру талаптарымен көзделген белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Зақымдалу мен/немесе жойылу, опат болу барлық жағдайларда белгіленген франшизаны шегере отырып өтеледі.
11) Автокөлік құралы (көлік құралы) – жолдармен адамдар, жүктер немесе құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған механикалық көлік құралдары мен оларға бекітілген тіркемелер, сондай-ақ мамандандырылған(көбінесе көліктік емес жұмыстарды атқаруға арналған) көлік құралдары.
12) Механикалық көлік құралдары – қозғалтқыштың көмегімен қозғалатын көлік құралы. Сонымен қатар термин тракторлар мен кез келген өздігінен жүретін көліктерге қатысты қолданылады.
13) Жол – көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы үшін қолданылатын барлық құрылғылармен жабдықталған, икемделген жасанды құрылыстың беті немесе жер тармағының жолағы. Жол бір немесе бірнеше жүргін бөліктер, сондай-ақ трамвай жолдары, жаяу жүргіншілер жолдары, жол жиектері мен бар болған жағдайда бөлу жолақтарын қамтиды.
14) Орталық - бүлінген автомобиль көлігін жөндеу үшін сақтандырушының алдын ала жазбаша келісімімен Сақтанушы таңдаған мамандандырылған техникалық қызмет көрсету орталығы ("арнайы. ТҚКС" немесе "ТҚКС" "Орталық" терминіне тең).
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1. Сақтандыру объектісіне Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Сақтанушының (Сақтандырылушының) автокөлікті иелену, пайдалану, билік етуімен, сондай-ақ Шартта атап көрсетілген жағдайда, қосымша құрылғылар мен оған тиесілі саймандардың Шарттың қолдану уақытында зақымдалуы немесе опатқа ұшырауымен байланысты мүліктік мүдделері жатады.
2.2. Сақтандыру нысанына Сақтанушыға меншік құқығы немесе басқа негіздермен тиесілі көлік құралдары (онда орналасқан құрылысымен қарастырылған түйіндер мен агрегаттарды қоса алғанда) жатады.
2.3. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру қорғанысына жатпайтындар:
1) бітімгерлік миссияларда, кез келген жарыстарда немесе сынақтарда немесе сынамалық жолдарда көлік айдап үйрену мақсатында пайдаланылмайтын көлік құралдары;
2) жолаушыларды тасымалдау мақсатында пайдаланылатын көлік құралдары (авто-таксо-парктер, лицензияланған тасымалдау мен т.б.);
3) белгіленген мерзімде міндетті техникалық тексеруді өтпеген көлік құралдары;
4) Сақтандырылған автокөлікті қолдануға рұқсаты бар Сақтанушының / тұлғаның сақтандырылған автокөліктің ішінде немесе сақтандырылған көлікте орналасқан жеке заттары;
5) Сақтанушының кәсіптік немесе коммерциялық қызметтерімен байланысты тауарлар немесе заттар;
6) автокөлікте орнатылған басқа да қосымша құрылғылар: механизмдер, қондырғылар, тетіктер, құралдар, басқа құрылғылар мен өндіруші-заводтың немесе оның ресми дилерінің құжаттамасында автокөлік жиынтығына кірмейтін жабдықтар, сондай-ақ арнайы бояу, автокөліктік теле-, аудио-, видео-, радиоаппараттар, автокөлік салоны/шанағының құрылғылары, жарық, дабылдағыш және өзге де құрылғылар, автокөлікте орнатылған өндіруші-зауыттың немесе оның ресми дилерінің жиынтығына кірмейтін дөңгелектер;
7) жасы 20 жылдан аспаған автокөлік;
8) шанақ (рама), қозғалтқыш нөмірі жоқ немесе құжаттарға сәйкес келмейтін шетелдік немесе отандық автокөлік;
9) апаттық жағдайдағы, сондай-ақ маңызды зақымдаулары[1] мен елеулі коррозиясы[2] бар автокөлік;
10) Қазақстан Республикасының кедендік шараларын (кедендік тазарту, кеден рәсімдеуі, т.б.) өтпеген отандық және шетелдік автокөлік.
2.4. Автокөлік пен осы Ереженің 2.3-тармағының 1) - 5) тармақшасында қарастырылған мүлік сақтандыруы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын арнайы тізбенің негізінде, сақтандырылған мүліктің нақты құнын көрсетіп, қосымша сақтандыру премиясын төлеген жағдайда жүзеге асырылады. Егер Шартта сақтандырылған мүлікті сақтау шарттары қарастырылмаса, осы Ережелер шарттары қолданылады.
3. САҚТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ
3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметтерін жүргізу құқығына ие лицензиясы бар «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы Сақтандырушы болып табылады.
3.2. Шарттар кез келген жеке тұлғамен (азаматтығына қарамастан) және бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын заңды тұлғамен (меншік нысанына қарамастан) жасалады.
3.3. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Сақтанушы әрі Сақтандырылушы болып табылады.
3.4. Шартта Сақтанушы үшінші тарапты Сақтандарылушы ретінде белгілеуіне болады.
3.5. Шартты Сақтандырылушының пайдасына жасасу Сақтанушыны сақтандыру шарты бойынша міндеттерін орындаудан босатпайды.
3.6. Сақтанушы Шартты жасасу кезінде сақтандырылған автокөліктің сақтығына қызығушылық танытатын кез келген тұлғаны Пайда алушы ретінде белгілеуіне болады.
3.7. Сақтанушы сақтандыру жағдайы орын алғанға дейін Шартта көрсетілген Сақтандырылушы болып табылмайтын Пайда алушыны Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлау арқылы басқа тұлғамен ауыстыру құқығына ие.
4. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
4.1. Сақтандыру жағдайы
4.1. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға төмендегідей белгілерге ие болуы тиіс (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша қарастырылған болуы мүмкін оқиғаларды есепке алмағанда):
- оқиғаның орын алу ықтималдығы мен кездейсоқтығы;
- оқиғаның орын алуының нақты уақыты немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның орын алу нәтижесіндегі шығындар көлеміне қатысты кенеттілігі;
- оқиғаның сөзсіз орын алу тиістігі қаупінің болмауы және тараптар немесе кем дегенде Сақтанушы алдын ала білген немесе алдын ала ескертілген сақтандыру шартының қолданылу аясында объективті түрде орын алуы тиіс;
- оқиғаның орын алуы Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мүліктік мүдделеріне жағымсыз, тиімсіз экономикалық салдары бар;
- оқиғаның орын алуы Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) еркін білдіруі мен (немесе) жасырын ниетімен байланысты емес және пайда табу және (немесе) ұтыс алу (алып-сатарлық тәуекел) мақсатын көздемейді.
4.2. Осы Шартқа сәйкес сақтандыру жағдайы деп Шартта қарастырылған белгілі бір оқиға немесе оқиғалар нәтижесінде орын алған сақтандырылған автокөліктің опат болуы, зақымдалуы немесе жоғалуы есептеледі. Сақтандыру жағдайы төмендегі оқиғалар (барлығы немесе бірнешеуінің қосындысы) нәтижесіндегі сақтандырылған автокөліктің опат[3] болуы, зақымдалуы немесе жоғалуы Шарттың әрекет ету мерзімі кезінде орын алған жағдайда ғана қарастырылады:
1) Жол көлік оқиғасы– көлік құралының жол бойындағы қозғалысы барысында және оның қатысуымен болған, нәтижесінде адамдар қайтыс болған немесе жарақаттанған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер зақымдалған немесе өзге материалды шығын келтірілген оқиға;
2) Өзге көлік оқиғасы – кездейсоқ сыртқы әсерден туған сақтандырылған автокөліктің қатысуымен немесе оған қатысты орын алған оқиға, атап айтқанда: жылжитын немесе жылжымайтын заттарды (ғимарат, бөгеттер, жануарлар және т.б.) соғуы, автокөліктің аударылуы, құлауы, сондай-ақ қандай да бір заттың (қар, мұз, т.б.) оған құлауы, мұз астында қалуы, топырақтың шөгуі нәтижесінде жол жабыны астына құлауы;
3) өрт (материалдық шығын мен адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін арнайы ошақтың сыртындағы басқарылмайтын өрт процесі);
4) табиғат апаттары – дауыл нәтижесінде шығын тудыру (Бьюфорт шкаласы бойынша 8 баллға тең- жел жылдамдығы 60 км/сағ-тан асатын жел күшімен ауалық массалардың қозғалысынан туған ауа райы салдары) немесе құйын, бұршақ, су тасқаны, жер сілкінісі, көшкін, сел тасқыны жүруі;
5) үшінші тараптардың құқыққа қайшы әрекеттері (сақтандырылған көлік құралының жеке бөліктері мен бөлшектерін ұрлауды қоса алғанда) – үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған құқық бұзушылық пен/немесе қылмыс белгілері бойынша уәкілетті органдармен сараланған әрекеттері;
6) айдап әкету, ұрлау – Сақтанушының көлік құралын ұрлау мақсатынсыз көлік құралын заңсыз иеленуінен (айдап әкету) немесе көлік құралын ұрлау мақсатымен көлік құралын заңсыз иеленуінен (ұрлау) туындаған мүліктік шығындарының тәуекелі, Шартта бұл жағдайлардың бірдей орын алуы – «айдап әкету» деп аталады.
4.3. Сақтандыру шарты осы Ережелердің 4.2-тармағында аталған бір ғана «Жол-көлік оқиғасы» тәуекелі бойынша, сонымен қатар бір мезгілде бірнеше немесе барлық тәуекелдер бойынша жасала алады. Дегенмен «Жол-көлік оқиғасы» тәуекелі міндетті тәуекел болып табылады. Осы Ережелер шеңберінде сатылым, клиент ерекшелігі және т.б. бойынша осы сатқтандыру түріне жарамды белгілі бір өтелетін тәуекелдер тізімімен, сондай-ақ басқа ерекше сақтандыру шарттарымен жеке Бағдарламалар құрылуы мүмкін.
4.4. Сақтанушы (Сақтандырылушы) осы Ережелердің 4.2 - тармағының 5) мен 6) тармақшаларындағы оқиғалардан сақтандырған жағдайда сақтандыру қорғанысы мерзімінде қамтамасыз етуі тиіс:
1) сақтандырылған автокөліктің айдап кетуге қарсы дабылдағыш немесе рөл дөңгелегін иммобилизациялайтын жабдығымен;
2) сақтандырылған автокөлікті қараусыз қалдырғанда, барлық құлыптар жабық және айдап кетуге қарсы сигнал қосылған немесе рөл дөңгелегі иммобилизизацияланған болуы тиіс;
3) сақтандырылған автокөлікті 4 сағаттан аса уақытқа қараусыз қалдырғанда, автокөлік қорғалатын автотұрақта немесе қоршалған қауіпсіз жерде тұруы тиіс (тұрғын үймен, тұрғын үй емес ғимаратпен шектесіп жатқан жердің қоршалған аумағы);
4) түнгі уақытта сақтандырылған автокөлікті қоршалған қауіпсіз жерде, қорғалатын тұрақта немесе гаражда қалдыру.
4.5. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы (Сақтандырылушы) Осы Ережелердің 4.4- тармағында аталған шарттарды орындамаған жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқылы.
Қауіп деңгейін өзгерту
4.6. Шарттың қолданылу уақытында Сақтанушы (Сақтандырылушы) Шартты жасау кезінде қарастырылған жағдайларда сақтандыру қаупін арттыруға себеп болуы мүмкін айтарлықтай өзгерістер өзіне мәлім болған жағдайда, олар туралы Сақтандырушыға кідірмей жеткізуге міндетті.
4.7. Айтарлықтай өзгерістерге төмендегілер жатады:
1) сақтандырылған автокөлікті жалға, лизингке, кепілге немесе басқа ауыртпалық, автокөлікті пайдалану мақсатындағы маңызды өзгерістер, есептен алу, жол полициясында қайта тіркеу;
2) сақтандырылған автокөлікті спорт немесе оқу мақсаттарында сынақтарда қолдану;
3) жоғалту, ұрлау немесе автокөліктің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін, кілтін ауыстыру;
4) өтініште көрсетілген көлік құралын пайдалану мен сақтау мақсаттарының өзгеруі;
5) Шартта аталмаған тұлғаға сақтандырылған автокөлікті пайдалану құқығын немесе сенімхат беру;
6) Шанақты немесе қозғалтқышты ауыстыру, қосымша құрылғыларды орнату;
7) Сақтандыру шарты мен Сақтанушының арыз-сауалнамасында белгіленген, сақтандыру тәуекелінің өзгерісіне әкеп соғуы мүмкін басқа да міндеттер.
4.8. Сақтандырушы сақтандыру қаупін арттыруы мүмкін жағдайлар туралы хабардар болса, Шарттың талап-шарттарының өзгеруін немесе артқан қауіпке сәйкес қосымша сақтандыру премиясының төленуін талап етуге құқылы. Егер Сақтанушы немесе Сақтандырушы Шарттың шарттарын өзгертуге немесе сақтандыру премиясының үстеме ақысын төлеуге қарсы болса, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған ережелерге сәйкес Шартты бұзуды талап етуге құқылы.
4.9. Сақтандырушы сақтандыру қаупін арттыратын жағдайлар жойылса, Шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
5. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ ЖАҒДАЙЛАР МЕН САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ
5.1. Сақтандыру келесі оқиғаларды өтемейді:
1) кез келген әскери қимылдар немесе әскери іс-шаралар мен олардың салдары, көлік құралын зымырандармен, бомбалармен, басқа да қарулармен, соғыс құралдарымен және соғыс операцияларын жүргізу, сондай-ақ азаматтық соғыс, халық толқулары, көтеріліс, жаппай тәртіпсіздіктер мен ереуілдердің нәтижесінде зақымдау немесе жою;
2) ядролық реакция, ядролық сәулелену немесе радиоактивті ластану;
3) көлік құралын әскери, азаматтық биліктің немесе мемлекеттік органдардың бұйрығымен тәркілеу, кәмпескелеу, реквизициялау, мемлекеттендіру, тұтқынға алу, жою немесе зақымдау;
4) қандай да бір ұйымның атынан немесе ұйымның мүддесінде әрекет етуші тұлғалар немесе тұлғалар тобымен жасалған, сақтандыру объектісінің бүлінуін немесе зақымдалуын тудырған террорлық акт;
5) автокөлікті кез келген басқа көлік құралымен тасымалдау/тіркеп сүйреу кезінде, басқа көлік құралдарын сақтандырылған автокөлікпен тіркеп сүйеу кезінде орын алса;
6) Шартта аталмаған және бұл категориядағы көлік құралдарын басқару құқығын растайтын жарамды жүргізуші куәлігі жоқ, сондай-ақ Сақтанушы автокөлікті басқару құқығын растайтын сенімхат бермеген немесе жол парағында аталмаған тұлғалар басқарған кезде (айдап кету мен ұрлықты санамағанда), жүргізуші куәлігінің, сенімхат (жол парағы, жалға беру шарты), көлік құралының техникалық тексеріс талонының қолдану мерзімі өтіп кеткенде орын алса;
7) Сақтанушының (Сақтандырылушының) жүргізушісі – заңды тұлға сақтандырылған автокөлікті тапсырма атқару мен қызметтен тыс уақытта жол парағынсыз пайдаланса;
8) автокөлікті Сақтанушы (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлға) шарап, есірткі немесе токсикоманиялық мас күйінде немесе автокөлікті басқару кезінде қолдануға тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қабылдаған жағдайда;
9) автокөлікті сынақтар, спорт шараларында немесе оқу мақсаттарында пайдалану кезінде орын алса;
10) автокөлікті заңсыз мақсаттарда, оның ішінде Сақтанушы (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлға) сотпен қылмыстық жаза қолданылатын деп танылған әрекет немесе автокөлік қылмыс құралы ретінде пайдалану нәтижесінде орын алса;
11) егер Сақтанушы (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлға) оқиға болған жерден қашып кетсе, Сақтандырушы уәкілетті органдардың және Сақтандырушының өкілдері талап еткен медициналық сараптамадан өтуден бас тартса;
12) Сақтанушы (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлға) көлік құралдарын пайдалану ережелерін, сондай-ақ техникалық ақауы бар автокөлікті пайдалану немесе оны пайдалануға тыйым салатын ақауы бар, белгіленген тәртіппен техникалық тексерістен өтпеген автокөлікті пайдану, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі, өртенгіш және жарылғыш заттарды тасымалдау мен сақтау ережелерін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк тасымалдау қауіпсіздік талаптарын (ақаулы жай-күй – автокөліктердің агрегат, торап пен тетіктерінің құрылысына, параметрлеріне, функционалды мақсаты мен сипатына қойылатын нормативті актілер мен конструкторлық құжаттама талаптарының кем дегенде біреуіне қайшы келу нәтижесінде туындаған техникалық жағдай);
13) тозу, тотығу, коррозия, көгеру, дымқыл немесе құрғақ шіру, баяу нашарлау, жасырын кемшіліктер, зауыт жіберген жарамсыздық, баяу дамитын деформация немесе өзгерістерді қоса алғанда және олармен шектелмейтін біртіндеп жиналған себептер нәтижесінде;
14) шатыр мен есіктен (тек қана шатыр мен есік сақтандыру жағдайының нәтижесінде зақымдалмаған жағдайда) су өтуі немесе әйнектердің ашық қалуының нәтижесінде;
15) электр жабдығының, оның ішінде қосымша-өздігінен орнатылған жабдықтың тұйықталуынан автомобиль көлігінің ақаулығы нәтижесінде туындаған тікелей немесе жанама өрт нәтижесінде;
16) оқшаулаудың, оның ішінде қысқа тұйықталудың бұзылуы нәтижесінде келтірілген залал:
а) орамдағы тұйықталу;
б) корпусқа тұйықталу;
в) жеткіліксіз байланыс;
г) қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аспаптарының және өлшеу, реттеу аспаптарының істен шығуы.
17) Сақтанушы (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлға) жол полициясы мен басқа құзыретті орган жұмысшыларының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бұйрықтары, талаптары немесе жарлықтарын орындамаған жағдайда;
18) автокөліктің жолаушылар сыйымдылығы мен жүктеме нормасының шектік мөлшерінен асып кету нәтижесінде;
19) Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз автокөлікті жалға немесе лизингке беру уақытында орын алса;
20) сақтандырылған КҚ-ның, оның салонының не КҚ-ның жекелеген тораптары мен агрегаттарының Капот астындағы кеңістігін жылыту үшін ашық от көздерін және/немесе өзге де жылыту аспаптарын, сондай-ақ қыздыру жібі бар аспаптар мен техниканы пайдалану салдарынан болған оқиғалар;
21) жалға немесе лизингке берілген сақтандырылған автокөліктің Сақтанушыға қайтарылмауы;
22) үшінші тараптардың мүлкі мен өмірі, денсаулығына келтірілген зақым;
23) сақтандыру шартында сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылмаған жағдайларда;
24) сақтандыру жағдайы сақтандыру аумағынан тыс жерде болса немесе сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімінде орын алмаса.
25) сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның, Пайда алушының) Сақтандыру Шартында көзделген міндеттерді орындамауы (тиісінше орындамауы) салдарынан туындаған даулар бойынша.
26) қозғалтқыштың целиндрінде (тарында) гидравликалық соққының(соққылардың) туындауына әкеп соққан ауа жинағыштың кіргізу құбырына немесе КҚ мотор бөлігінің(ағыс кеңістігінің) басқа бөлшектеріне сұйықтықтың немесе басқа заттардың түсуі.
5.2. Сондай-ақ автокөліктің зақымдалу немесе опат болуы қаупі бойынша сақтандыру келесі оқиғаларды өтемейді:
1) автокөліктің тіркеу белгілерінің ұрлануы, жоғалуы немесе зақымдалуы;
2) сақтандырылу жағдайы кезінде сақтандырылған автокөліктен бөлек жерде тұрған автокөлік бөлшектерінің ұрлануы;
3) өндіруші зауыттың бекіткіштерінен басқа, ұрлыққа бөгет болатын өзге заттармен жабдықталмаған автокөліктің қосалқы дөңгелектерінің ұрлануы;
4) үшінші тараптардың заңсыз іс-әрекеттерін санамағанда, автокөліктің басқа элементтеріне келтірілген зақымдармен байланысы жоқ дөнгелектердің (шина, дөңгелек дискілері) зақымдалуы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шиналардың қанағаттанғысыз күйінің нәтижесінде автокөлікті пайдалануға тыйым салынса, кез келген жағдайда автокөлік шиналарының зақымдалуымен байланысты шығын өтелмейді;
5) Сақтанушы (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлға) немесе сақтандырылған автокөліктің жолаушыларының шылым шегуі абайсыз пайдалануы нәтижесінде пайда болған өрт көзі.
Шартта өзге сақтандыру ерекшеліктер тізімі мен сақтандыру шектеулері қарастырылуы мүмкін.
5.3. Шартта сақтандырудан басқа да шығару тізімі мен өзге сақтандыру шектеулері қарастырылуы мүмкін.
6. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЗАЛАЛДАРЫН АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ
6.1. Осы Ережелерге сәйкес жасалған Шарт бойынша сақтандыру жағдайында пайда болған шығындардың алдын алу немесе азайтуға бағытталған қажетті және орынды шығындар көзделген нәтижеге әкелмесе де өтеледі. Аталған шығындар нақты мөлшерде өтеледі, дегенмен сақтандыру төлемі мен шығындарды өтеу сомасы Шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс. Егер шығындар Сақтанушы (Сақтандырылушы) Сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде орын алса, шығын сақтандыру сомасына қарамастан толық мөлшерде төленеді.
6.2. Сақтандырушы Сақтанушы мүмкін шығындарды азайту жолында қасақана ешқандай шара қолданбауы нәтижесінде туындаған залалдарға қатысты сақтандыру төлемін орындаудан босатылады.
7. ШАРТТЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
7.1. Шарт Сақтанушының Сақтандырушы белгілеген нақты формада толтырылған жазбаша түрдегі өтінішіне, автокөліктің тіркеу нөмірлері мен автокөлікке заттық құқығын растайтын құжаттарға негізделіп жасалады. Өтініш автокөлікке қатысты барлық қажетті мәліметтерді қамтуы тиіс. Сақтанушы Сақтандырушының сақтандырылып жатқан автокөлікке қатысты тәуекел мөлшерін анықтау үшін қойған барлық сұрақтарына жауап беруге міндетті. Сақтанушының өтніші мен автокөлік құжаттамасы Шарттың ажырамайтын бөлігі. Сақтанушы өтініште жалған ақпарат берген жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру жағдайы орын алған кезде Сақтанушыға сақтандыру төлемін өтеуден бас тартуға құқылы. Аталған өтінішті толтыру барысында Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру қаупін бағалауда айтарлықтай маңызы бар өзіне мәлім жағдайларды хабарлауға міндетті.
7.2. Шартты жасау барысында, сондай-ақ сақтандыру шарттарында өзгерістер болған жағдайда Сақтанушы сақтандыру сомасының лимиттері мен Сақтандырушының ішкі құжаттарына сәйкес автокөлікті тексеріске беруге міндетті. Автокөлік бөлшектерінің (тораптар, агрегаттар) Шартты жасасу барысындағы ақауларына Сақтандырушы жауапкершілік алмайды.
7.3. Шартты жасасу кезінде Сақтандырушы жоғарыда аталған талаптар/құжаттар тізімін қысқартуы немесе сақтандыру тәуекелін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.
7.4. Сақтандырушы ешқандай себептерді түсіндірместен Сақтанушымен Шартты жасаудан бас тартуға құқылы.
7.5. Сақтандыру шарты тараптардың сақтандыру шартын құру жолымен жазбаша түрде жасалады.
7.6. Сақтандыру шарты жазбаша түрде төмендегідей жолмен жасалады:
1) тараптардың сақтандыру шартын жасауы;
2) сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған сақтандырудың типтік шарттарына немесе сақтандырушымен біржақты тәртіпте құрастырылған сақтандыру ережелеріне (қосылу шарты) қосылуы және Сақтандырушымен сақтанушыға сақтандыру полисін рәсімдеуі.
7.7. Шартты жоғалтқан жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша арызының негізінде оған Шарттың телнұсқасын беруге міндетті, осыдан кейін жоғалған Шарт жарамсыз болып саналады, және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді.
7.8. Сақтанушыда, Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушыда немесе Пайда алушыда сақтандырылған автокөлікті сақтауға қатысты қызығушылық болмаған жағдайда Шарттың заңды күші жоқ.
7.9. Шарт интернет ресурстар (онлайн) арқылы жасалуы мүмкін. Шартты интернет ресурстар арқылы жасау талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған.
7.10. Шартты жасасу барысында Сақтанушы өзіне мәлім сақтандыру жағдайының орын алу ықтималдығы мен онымен келтірілуі мүмкін шығындардың (сақтандыру тәуекелі) көлемін анықтауда айтарлықтай маңызды болып есептелетін жағдайлар туралы бұл жағдайлар Сақтандырушыға мәлім емес немесе мәлім болмауы тиіс болса, Сақтандырушыға хабарлауға міндетті.
Айтарлықтай маңызы бар деп осы Ережелерде немесе шарт жасасу мерзімінде Сақтанушыға жіберілген Сақтандырушының жазбаша сұратымында аталған жағдайлар танылады. Сақтанушы Сақтандырушының жазбаша сұранымында көрсетілген маңызды жағдайларға қатысты сұрақтарына жауап бермесе, Сақтандыру шарты жасалынбайды. Егер сақтандыру шарты Сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына жауапсыз жасалынса, соңғысы сәйкес жағдайлар Сақтанушымен хабарланбағандықтан шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп танылуын талап ете алмайды.
7.11. Қол қою арқылы Сақтанушы өзінің жеке деректерінің Сақтандырылушымен Қазақстан Респбуликасының №94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жинақталуын, өңделуін жүзеге асыруға келіседі және оған рұқсат береді.
Сақтанушы ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсаттарында Компаниямен сұратылатын барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттеледі.
Сауалнамаға қол қоя отырып, Сақтанушы онымен жүзеге асырылатын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайды.
8. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ. МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ
8.1. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт 12 ай мерзімге жасалады және сақтандыру сыйлықақысы төленгеннен кейінгі күні күшіне енеді. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу күні болып Сақтандырушының банк шоты немесе кассасына ақша түскен күн саналады.
8.2. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру қорғанысының әрекет ету мерзімі Шарттың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.
8.3. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт өз күшін Шартта Шарттың аяқталуы деп көрсетілген күні сағат түскі 12-де немесе Сақтандырушы сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шартта көрсетілген сақтандыру сомасының мөлшерінде төлеген жағдайда жояды.
8.4. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, ол 1 жылдан аз мерзімге сақтандыру кезінде, сақтандыру сыйлықақысы жылдық сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің пайызымен есептеледі (бұл ретте толық емес ай толық болып есептеліп кетеді):
Сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі |
Сақтандыру сыйлықақысының жылдық сақтандыру сыйлықақысынан % мөлшері |
1 ай және 1 айдан кем |
20 |
2 ай |
30 |
3 ай |
40 |
4 ай |
50 |
5 ай |
60 |
6 ай |
70 |
7 ай |
75 |
8 ай |
80 |
9 ай |
85 |
10 ай |
90 |
11 ай |
95 |
8.5. 1 жылдан астам уақытқа сақтандыру кезінде, жалпы сақтандыру сыйлықақысы Шарт бойынша жыл сайынғы сақтандыру сыйлықақысының көлемі ретінде орнатылады.
8.6. Осы Ережеге сай, егер Шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағы сақтандыру аумағы болып саналады.
8.7. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт екі тараптың келісімі бойынша тараптардың бірі бұл туралы Шарттың тоқтатылу мерзімінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ескерте отырып, қосымша сақтандыру сыйақысын төлеген жағдайда келесі мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін.
8.8. Сақтандыру төлемі өтелген соң, Сақтанушы Сақтандырушының келісімімен Шартта белгіленген сақтандыру сомасын сақтандыру мерзімінің қалған уақытына үстеме сақтандыру сыйлықақысын төлейтін қосымша келісім жасау арқылы қалпына келтіруге құқылы.
8.9. Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін немесе бірінші сақтандыру жағдайынан соң өз күшін жоғалтпай, Шартта нақты көрсетіліп, сақтандыру мерзімі бойы қолданылуы мүмкін.
9. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ. ФРАНШИЗА
9.1. Сақтандыру сомасы көлік құралының және егер сақтандыру шартымен қарастырылған болса, қосымша құрылғының сақтандыру шартын жасасқан күнгі нақты (нарықтық) сомасына сәйкес анықталады.
9.2. Сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасы сақтандыру шартын жасасқан уақыттағы көлік құралының сақтандыру (нақты) құнынан асып түскен жағдайда, сақтандыру шартын жасасқан уақыттағы сақтандыру (нақты) сомасынан асқан сақтандыру сомасы бөлігінде жарамсыз болып табылады.
9.3. Әр көлік құралы бойынша сақтандыру сомалары мен қосымша құрылғылар сақтандыру шартында бөлек белгіленеді.
9.4. Сақтандыру шарты бойынша жалпы сақтандыру сомасы сақтандыруға қабылданған әр объект бойынша жеке сақтандыру сомаларынан құралады.
9.5. Шартта франшиза қарастырылуы мүмкін.
9.6. Франшиза – Сақтандырушыны сақтандыру талаптарымен көзделген белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
9.7. Шартта франшиза шартты (шегерілетін) және шартсыз (шегерілмейтін) болуы мүмкін.
Шартты франшиза кезінде егер залалдың құны белгіленген франшизадан аспайтын болса, Сақтандырушы жауапкершіліктен босатылады, бірақ залал құны франшизадан асса, залалды толықтай өтеуі тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда Шартта белгіленген мөлшерді/соманы шегере отырып өтеледі. Егер залал шартсыз франшизаның сомасынан аспаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
9.8. Франшиза екі тараппен сақтандыру сомасына пайыздық қатынаста немесе абсолютті шамада анықталады.
10. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, АНЫҚТАУ МЕН ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
10.1. Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін Шартта белгіленген мөлшерде жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
10.2. Сақтандырушы төленуі тиісті сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін автокөліктің сипаттамасы, оны пайдалану шарттары мен ерекшеліктері, таңдалған қауіптер тізімі, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталуының тәуекел дәрежесіне және мүмкін залалдың артуына әсер етуі ықтимал өзге факторларды ескере отырып есептеледі.
10.3. Шартта сақтандыру сомасы мен сақтандыру тарифіне байланысты әр объект пен әр сақтандыру қауіптері бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақысы белгіленеді.
10.4. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін белгілеу барысында, қауіп факторларына: шығарылған жылы, дабылдағыштың бар болуы, коммерциялық мақсаттарда пайдалану, т.б. байланысты анықталатын негізгі сақтандыру тарифтеріне қатысты арттырушы және төмендетуші коэфиценттерді пайдалануға құқылы.
10.5. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру жарналары түрінде, қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз бір мезгілде немесе бөліп төлеуі тиіс. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудің нақты тәртібі мен төлеу мерзімі Шартта айтылады.
10.6. Шартта белгіленген сақтандыру сылықақысының мерзімінде, Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын төлемеу күнінен (бірінші немесе кезекті сақтандыру жарнасы) бастап Шарттан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда Шарт Сақтанушының төлемеу күнінен кейінгі күннен бастап өз күшін жояды, бұл ретте Сақтанушының бір жақты бас тартуы туралы хабарландыруы қажет етілмейді. Сондай-ақ Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау барысында төленбеген сақтандыру жарнасының сомасын есептеуге немесе сақтандыру төлемін Шартқа сәйкес түскен сақтандыру жарнасына тепе-тең мөлшерде өтеуге құқылы.
10.7. Сақтандыру сыйлықақысы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен төленеді.
10.8. Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысы тараптардың уәкілетті өкілдері Шартқа қол қойған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сақтандырушының банк шотына немесе қолма-қол ақшамен кассасына бір жолғы төлем күйінде төленеді.
11. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
11.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;
2) сақтандыру тәуекелін бағалауға;
3) сақтандыру сыйлықақысын уақтылы алуға;
4) сақтандыру жағдайы орын алғанын құжаттамалық растауға;
5) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алуға және шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;
6) Сақтанушының Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы тәуекел дәрежесінің ұлғаюына немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге мөлшерлес Шарт талаптарының өзгеруіне қарсылық білдірсе, Сақтандырушыға дереу хабарлау міндетін орындамау жағдайында Шартты бұзуды талап етуге;
7) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтау, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
8) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайы орын алғанын, оның орын алу себептерін растайтын ақпаратты талап етуге;
9) осы Шартта көзделген жағдайларда сақтандыру төлемінен толықтай немесе ішінара төлеуден бас тартуға;
10) Сақтанушы өз міндеттерін атқармауы нәтижесінде орын алған шығындарды өтеу мен сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
11) Осы Шарт пен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайша келмейтін басқа да әрекеттерді жасауға.
11.2. Сақтандырушының міндеттері:
1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыру және оның талабы бойынша көшірмесін беру (жіберу);
2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;
3) сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру төлемін Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіпке сай және мерзімінде төлеу;
4) Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберу;
5) Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген шығындарды өтеу;
6) Сақтанушы (Сақтандырылушы) осы сақтандыру Ережесінің 13-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар ету;
7) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде бұл туралы жетіспейтін және (немесе) дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлау;
8) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
11.3. Сақтанушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан автокөлікті сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) сақтандыру төлемін уақытылы алуға;
3) сақтандыру шартын алуға;
4) түпнұсқаны жоғалтқанда жағдайда, сақтандыру шартының көшірмесін алуға;
5) сақтандыру құпия болуына;
6) Сақтандырылушыны ауыстыруға;
7) Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға;
8) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
9) сақтандыру жағдайы басталғанға дейін Сақтандырылушы болып табылмайтын Пайда алушыны Шартта көрсетілген басқа тұлғамен бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша хабарлап, Сақтандырылушының келісімімен ауыстыруға. Пайда алушыны өзінің Сақтанушымен келісімінен туындайтын шарт бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде талап қойғаннан кейін басқа тұлғамен ауыстыруға болмайды;
10) осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға.
11.4. Сақтанушының міндеттері:
1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу;
2) Сақтандырылғандарды сақтандыру шарттарымен таныстыру;
3) Шарт жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлау;
4) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар ету;
5) Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;
6) Шарт жасау кезіне және қолданылу кезеңіне қатысты барлық іс-шараларды ұйымдастыру үшін Сақтандырушыға қажетті жағдай жасау;
7) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде Шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеу;
8) Автокөлікті қолдану мен пайдалануға қатысты барлық белгіленген және жалпыға ортақ қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзбау;
9) 12.1-тармаққа сәйкес Сақтандыру жағдайы орын алғаны жайлы Сақтандырушыға немесе оның өкіліне дереу хабарлау. Сақтанушы сақтандырылушы болмаған жағдайда, бұл міндет сақтандырылушының мойнында;
9-1) 3 (үш) жұмыс күні ішінде, зақымдалған көлік құралын жөндегеннен кейін, Сақтандырушының өкіліне Көлікті тексеру үшін және барлық қажетті мәліметтерді (құжаттарды) көлік құралының дерекқорына енгізу қажет. Осы міндеттемені орындамау келесі сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру төлемінен бас тартуға әкелуі мүмкін;
10) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
11.5. Пайда алушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан автокөлікті сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;
3) сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда, Шартта көзделген тәртіппен және шарттарға сәйкес сақтандыру төлемін алуға;
4) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
5) Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жасауға.
11.6. Осы баптың тараптарының құқықтары мен міндеттерінің тізбесі толық емес.. Тараптардың құқықтары бар және жекелеген міндеттері осы Ереженің басқа бөлімдерінде, Шарт шарттарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген.
11.7. Тараптардың осы Ережеде көрсетілген құқықтары мен міндеттері Шартпен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
12. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
12.1. Сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін белгілері бар сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болуы тиіс/болғаннан кейін, сақтандырылған автокөлікті пайдалануға рұқсаты бар Сақтанушы/тұлға:
1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту, сондай-ақ автокөлікті қорғау мен сақтау үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдау;
2) болған оқиға туралы дереу құзыретті органдарға (ішкі істер органдарының жол полиция бөлімшелеріне, өрттен қорғау қызметі органдарына, апаттық қызмет,төтенше жағдайлар бойынша агенттікке) хабарлау; Уәкілетті мемлекеттік және басқа да құзыретті ұйымдармен жағдай туралы құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес Сақтандырушымен келесі әрекеттерге қатысты келісімге келу;
3) дереу, бірақ кез клеген жағдайда 1 (бір) сағаттан кешіктірмей, оқиға болған жерге апат комиссарын (Сақтандырушының өкілін) шақыру және апат комиссарының (Сақтандырушының өкілінің) тіркеуіне дейін сақтандыру жағдайы орын алған жерден кетпеу;
4) ішінара зақымдалу кезінде дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша түрде хабарлау;
5) автокөлік құралын айдап әкеткен жағдайда - кез келген қолайлы формада 24 (жиырма төрт) сағат ішінде Сақтандырушыға хабарлау. Ауызша өтініш сақтандыру жағдайы орын алған соң 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, жазбаша формада расталуы тиіс;
6) Сақтандырушы сақтандыру оқиғасы бойынша (сақтандыру төлемі туралы) шешім қабылдағанға дейін зардап шеккен автомобиль көлігін (егер бұл қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе немесе залалдың ұлғаюына әкелмесе) ол бүлінген/жойылған сәтте болған түрде сақтауға міндетті;
7) жол полиция органдарының немесе Сақтандырушының талабымен медициналық куәландырудан өту;
8) Сақтандырушының өкіліне зақымдалған автокөлікті кедергісіз тексеру, автокөлікті сақтау мен шығындарды азайту шараларына қатысу мүмкіндігін беру;
9) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;
10) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының нәтижесінде үшінші тұлғалардан келтірілген залалдардың қандай да бір өтемін (өтемақысын) алғаны туралы жазбаша хабардар етуге;
11) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға Сақтанушының мүдделерін білдіруге сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттарды беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар;
12) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинауға;
13) Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған Сақтандырушының өзіне өткен суброгация құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті;
14) Орталықтың атауы көрсетілген жазбаша өтініш беру жолымен Орталық таңдауын Сақтандырушымен келісіп шешу;
15) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
13. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
13.1. Сақтандыру төлемін өтеу туралы талап Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) немесе Пайда алушы болып табылатын басқа тұлғамен Сақтандырылушыға сақтандыру төлемін өтеуге қажетті құжаттар тізімімен бірге жазбаша формада қойылады.
13.2. Сақтанушы (Сақтандырылушы/Пайда алушы) сақтандыру төлемі туралы өтінішпен бірге Сақтандырушыға төмендегідей құжаттарды беруге міндетті:
1) Сақтандыру шартының көшірмесі немесе оның телнұсқасы;
2) сақтандырылған көлік құралына меншік құқығын растайтын құжаттар (көлік құралын тіркеу туралы куәлік); сақтандырылған автомобиль көлігінің жай-күйін техникалық тексеруден өткізуге арналған талон (диагностикалық карта), көлік құралын басқару құқығына сенімхаттың көшірмелері немесе жол парағының көшірмелері; жүргізуші куәлігі; Сақтанушының жеке басын куәландыратын құжат (сақтандырылған көлік құралын басқаруға жіберілген тұлғаның), сақтандыру компаниясында кәсіпкерлік қызмет жүргізу және сақтандыру төлемін алу құқығына сенімхат (заңды тұлға үшін немесе пайда алушының мүдделерін білдірген жағдайда);
3) Жол көлік немесе басқа көлік оқиғаларында – көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік көшірмесі; автокөлікті пайдалану құқығын растайтын сенімхат немесе жол парағы көшірмесі; жүргізуші куәлігі; оқиғаға қатысушы екінші/басқа тұлғалардың жеке куәліктері;
4) түпнұсқа немесе уәкілетті тұлғалармен расталған құзыретті ұйымдардың сәйкес құжаттарының көшірмелері:
− жол-көлік оқиғасы немесе басқа да көлік оқиғаларында - жол полициясы ұйымдарының құжаттары: жол жүру Ережелерін бұзу туралы протокол, әкімшілік тәртіп бұзу туралы қаулы, жол-көлік оқиғасының сызбасы, жол жүру Ережелерін бұзу туралы протоколға толықтырулар, жол-көлік оқиғасына қатысушылардың жол полициясы ұйымдарына түсіндірмелері, жол-көлік оқиғасы қатысушыларының медициналық куәландырулар протоколы; сот қаулысы;
− өрт, жарылыс, найзағай түсуі, табиғи апаттар - актілер, дәйектемелер, өрттен қорғау қызметі мен құқық қорғау ұйымдарының, гидрометеоқызметтер, апаттық қызметтер, төтенше жағдайлар бойынша Агенттіктердің бөлімшелері, мемлекеттік комиссиялардың, өзге де Шартта сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғаларды тергеу, классификациялау және тіркеумен айналысатын немесе сақтандыру оқиғасы орын алғанын растайтын құзыретті ұйымдардың басқа да құжаттары;
− үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері кезінде - прокуратура ұйымдарының құжаттары, тергеу нәтижелері, өрт бақылау ұйымдары (қылмыстық іс қозғалғаны туралы қаулы (қозғау, қозғаудан бас тарту, тоқтата тұру, тоқтату туралы), оқиға болған жерді тексеру үкімі, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы, сот үкімі), Шартта сақтандыру жағдайы ретінде белгіленген немесе сақтандыру оқиғасы орын алғанын растайтын оқиғаларды тергеу, классификациялау мен есепке алумен айналысатын уәкілетті органдармен (комиссиялармен) жасалған басқа да құжаттар;
5) сәйкес лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы өткізген автокөлікке келтірілген залалдың сомасын анықтайтын сараптамалық бағалау актісі;
6) Сақтандырушы келтірілген шығынға жауапты тұлғаға кері талап қоюға қажетті құжаттар.
7) кепілдік берілген көлік құралдарын сақтандыру кезінде:
- қарыз шартының көшірмесі немесе оның телнұсқасы (қосымшасымен);
- кепіл шартының көшірмесі немесе оның телнұсқасы (қосымшасымен);
- банктің (пайда алушының) сақтандыру жағдайы басталған күнгі негізгі соманың қалдығы туралы анықтамасының түпнұсқасы.
13.3. Автокөлік құралы айдап әкетілген жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға келесі құжаттар мен заттарды беруі қажет:
1) сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2) Шарт түпнұсқасы;
3) автокөлікті тіркеу туралы куәлік түпнұсқасы, иелік ету, пайдалану және/немесе билік ету құқығын растайтын барлық сенімхаттар түпнұсқасы немесе жол парағы көшірмесі; жүргізуші куәлігінің көшірмесі; Сақтанушының (сақтандырылған автокөлікті пайдалануға рұқсаты бар тұлғаның) жеке куәлігінің көшірмесі (егер аталған құжаттар автокөлікпен бірге жоғалмаған жағдайда), сақтандыру компаниясындағы жұмыстарды жүргізу мен сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын сенімхат (заңды тұлға немесе Пайда алушының мүдделерін қорғаған жағдайда);
4) автокөліктің түпкі кілттерінің толық жинағы; автокөлікке орнатылған басқару құрылғысы, салпыншақтар, карточкалар, айдап кетуге қарсы барлық электронды және электронды-механикалық құрылғылардың белсенді және пассивті активаторлары, айдап кетуге қарсы механикалық құрылғылардың барлық кілттері (егер аталған құжаттар автокөлікпен бірге жоғалмаған жағдайда);
5) прокуратура органдарының, сот органдарының тергеу туралы құжаттарының (қылмыстық іс қозғау, қозғаудан бас тарту, тоқтата тұру, тоқтату туралы қаулылары, оқиға болған жерді тексеру туралы үкім, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы, сот үкімі) түпнұскалары немесе уәкілетті тұлғалармен расталған көшірмелері, Шартта сақтандыру жағдайы ретінде белгіленген немесе сақтандыру оқиғасы орын алғанын растайтын оқиғаларды тергеу, классификациялау және есепке алумен айналысатын уәкілетті органдармен (комиссиялармен) құрастырылған басқа да құжаттар;
6) Сақтанушының Сақтандырушының пайдасына автокөліктен мүлік ретінде бас тартуы («абандон») туралы жазбаша өтініші;
7) Сақтандырушы келтірілген шығынға жауапты тұлғаға кері талап қоюға қажетті құжаттар.
8) кепілдік берілген көлік құралдарын сақтандыру кезінде:
- қарыз шартының көшірмесі немесе оның телнұсқасы (қосымшасымен);
- кепіл шартының көшірмесі немесе оның телнұсқасы (қосымшасымен);
- банктің (пайда алушының) сақтандыру жағдайы басталған күнгі негізгі соманың қалдығы туралы анықтамасының түпнұсқасы.
13.4. Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.
13.5. Сақтандырушының жоғарыда аталған құжаттар тізімін қысқартуға немесе белгілі бір жағдайларда сақтандыру оқиғасы орын алғанын растауға немесе шығын мөлшерін анықтау оларсыз жүзеге аса алмайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар. Сақтандырушы Сақтандыру оқиғасының сипаттары бар сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы өтініш пен тиісті құжаттарды алу фактісі уәкілетті тұлғаның немесе Сақтандырушының өкілінің қолхатымен расталады.
13.6. Сақтандырушы орын алған оқиға туралы толық мәлімет алу мақсатында құзыретті органдардан (ішкі істер, өрттен қорғау қызметі органдары, апаттық-техникалық қызмет, газ желісі апаттық қызметі, оқиғаның орын алу жағдайлары туралы қандай да бір ақпаратқа ие кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардан) ақпарат сұрауға, сондай-ақ өз еркімен оның туындау салдарын анықтауға құқығы бар.
13.7. Қажет болған жағдайда оқиғаның пайда болу себептерін және Сақтандырушының тапсырмасы бойынша шығын мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты тәуелсіз сарапшылар, бағалаушылар, апаттық комиссарлар және т. б. орындай алады.
14. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
14.1. Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуы туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін Сақтандырушы төмендегідей й іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның болу фактісін белгілейді;
2) Сақтанушының өтінішінде келтірілген ақпараттардың сәйкестігін тексереді;
3) нәтижесінде шығын келтірілген оқиғаның орын алу фактісі мен себептерін анықтайды;
4) оқиғаны сақтандыру ретінде тану кезінде сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтайды, сақтандыру жағдайы туралы акт құрады;
5) сарапшыларды, апаттық комиссарларды шақыру қажеттілігін анықтайды, басқа да әрекеттер орындайды;
14.2. Сақтандыру төлемі Сақтанушының төлем туралы жазбаша өтініші мен осы Ережелерде аталған барлық қажетті құжаттар ұсынылған соң құрастырылған сақтандыру жағдайы туралы актіге негізделе отырып жүзеге асырылады.
14.3. Сақтандыру төлемі келтірілген нақты залал мөлшерінде өтеледі, бірақ Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс.
14.4. Егер сақтандыру сомасы Шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнынан аз болса, онда сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының Шарт жасалған күнгі автокөліктің нақты құнына қатынасына барабар жүргізіледі. Егер сақтандыру сомасы шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнынан асып кетсе, Шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнынан асып түсетін бөлігінде сақтандыру жарамсыз болып табылады. Сақтандыру сомасының мүліктің нақты құнына сәйкес келмеу фактісін Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде белгілеуі мүмкін.
14.5. Сақтандырушы зиян мөлшерін Сақтанушы (Пайда алушы) ұсынған құжаттар және/немесе тиісті лицензиясы бар, Сақтандырушы ұсынған тәуелсіз бағалаушы негізінде айқындайды.
14.6. Зиян мөлшері сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған автокөліктің есептелген амортизациясын (тозуын) алып тастағандағы бүлінген автокөлікті қалпына келтіру құнының есебіне сүйене отырып айқындалады.
14.7. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы нәтижесінде орын алған, автокөлік жөндеулері кезінде анықталған жасырын зақымдар мен ақауларды жөндеуге кеткен шығындарды өтейді. Бұл жағдайда, Сақтанушы оларды жөндеместен бұрын, Сақтандырушыға ол қосымша қарау актін құруы мақсатында хабарлауға міндетті.
14.8. Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау кезінде жоқтығы немесе зақымдалуы сақтандыру жағдайымен байланысты емес жоқ немесе зақымдалған бөлшектер мен агрегаттардың құны есептелмейді.
14.9. Сақтанушының залалдың алдын алу немесе мөлшерін азайту мақсатында жұмсаған шығындарын, аталған шығындар қажет болған немесе Сақтандырушының нұсқауымен атқарылған болса, тіпті нәтижесіз болса да Сақтандырушы өтеуге тиіс. Аталған шығындар нақты мөлшерде өтеледі, бірақ сақтандыру төлемі мен шығындар өтемақысы шығындарды растайтын құжаттарды Сақтандырушыға ұсынылып, Шартта белгіленген жалпы сома сақтандыру сомасынан (жауапкершіліктің шекті көлемінен) аспауы тиіс.
14.10. Автокөліктің зақымдалу тәуекелі бойынша шартта Сақтандырушының сақтандыру төлемі Сақтандырушының алдын ала жазбаша келісімімен расталған Сақтанушы таңдаған техникалық қызмет көрсету бойынша мамандандырылған орталықтың (бұдан әрі - «Орталық») шотын ұсыну жолымен өтеледі.
14.10.1. Бұл жағдайда, сақтандыру төлемі Орталықтың шот-фактурасы мен Сақтанушы мен Орталық өкілі қол қойған, жүргізілген жұмыстар атаулары мен құны көрсетілген автокөлікті жөндеу кезінде атқарылған жұмыстар актісінің негізінде Сақтандырушымен төленеді.
14.10.2 Ауыстырылатын қосалқы бөлшектерді сатып алу бойынша Орталық қызметтерін Орталықтың талабымен алдын-ала төлеу кезінде, сақтандыру төлемі екі бөліп өтеледі. Орталық берген шот бойынша сақтандыру төлемінің бірінші бөлігін өтеу Шартта белгіленген тәртіп пен мерзімде өтеледі. Сақтандыру төлемінің соңғы сомасын анықтайтын төлемнің екінші бөлігі автокөліктің толық жөндеуі аяқталған соң ғана және Орталықтың шот-фактурасы мен Сақтанушы мен Орталық өкілі қол қойған, жүргізілген жұмыстар атаулары мен құны көрсетілген автокөлікті жөндеу кезінде атқарылған жұмыстар актісінің негізінде төленеді.
14.11. Төмендегідей жағдайларда автокөлік толықтай опат болды деп саналады:
1) автокөлік толықтай бүлінген және қалпына келтіруге жарамайды – толықтай физикалық опат;
2) қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарының бағасы (жөндеу жұмыстарының орналасқан жеріне дейінгі тасымалдау құнын қосқанда) сақтандыру шартында көрсетілген көлік құралының нақты құнының 80 % асады – құрылымдық опат болу.
Толықтай опат жағдайында Сақтандырушы Сақтанушыға төлеуге құқылы:
1) сақтандыру жағдайы орын алғандағы зақымдалған автокөліктің ары қарай пайдалануға жарамды бөлшектерінің құнын шегере отырып нақты құнын төлеуге;
2) сақтандыру жағдайы орын алғандағы зақымдалған автокөліктің ары қарай пайдалануға жарамды бөлшектерін Сақтанушы Сақтандырушыға берген жағдайда, нақты құнын төлеуге. Бұл жағдайда, сақтандыру төлемі Сақтанушы мен Сақтандырушы арасындағы автокөлікті қабылдап-табыстау актісін құрған соң, жоқтығы немесе зақымдалуы сақтандыру жағдайымен байланысты емес жоқ немесе зақымдалған бөлшектер мен агрегаттардың құнын шегеріп төленеді. Автокөлікті Сақтандырушыға табыстау үшін автокөлік жол полициясы органдары мен кедендік органдардың тіркеуінен алынуы тиіс. Меншік құқығы мен/немесе автокөлік/жарамды бөліктерді табыстаумен байланысты барлық шығындар сақтандырумен өтелмейді.
14.12. Ішінара зақым деп сақтандыру жағдайының нәтижесінде көлік құралына келтірілген шығын осы Ережелердің 14.11-тармағымен орнатылған мөлшерге жетпеген жағдайда танылады.
14.13. Автокөлікті «айдап әкету» сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру жағдайы орын алса, сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайы орын алғандағы автокөліктің нақты құны мөлшерінде сақтандыру сомасы шеңберінде төленеді.
14.14. Сақтанушы сақтандыру жағдайы орын алған соң, Сақтандырушының келісімімен Сақтандырушыға сақтандырыған автокөлік құралына өз құқықтарын беруіне және сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін алуына болады.
14.15. Сақтандырушы сақтандыру төлемін шығынды сақтандыру сомасы шеңберінде заттай формада өтеумен ауыстыруына болады.
14.16. Қосарлы сақтандыру (бір сақтандыру нысанын бірнеше сақтандырушыларда әрқайсысымен жеке-жеке сақтандыру) кезінде, әр сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған шарт шеңберінде жауапкершілік көтереді, алайда Сақтанушының барлық Сақтандырушылардан алған жалпы сақтандыру төлемі нақты шығыннан аспауы тиіс. Сонымен қатар Сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта белгіленген сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Алынған сақтандыру төлемі нақты шығынды өтемеген жағдайда, Сақтанушы жетпей тұрған соманы басқа Сақтандырушыдан алуға құқылы. Басқа сақтандырушылар залал шығынын өтегенде, сақтандыру төлемінен толықтай немесе ішінара босатылған Сақтандырушы Сақтанушыға келтірілген шығындарды шегергендегі сәйкес сақтандыру сыйлақықысын қайтаруға міндетті.
14.17. Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған соң, 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін өтеу туралы шешімді қабылдауға және өтеуге міндетті.
14.18. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы немесе шығын көлемін растайтын құжаттардың шынайылығына дәлелді күмәні бар болған жағдайда, сақтандыру төлемі жайлы шешім қабылдау мерзімін аталған құжаттардың түпнұсқалығы расталмайынша ұзартуға құқылы.
14.19. Сақтандыру төлемі Сақтанушыға Пайда алушының сақтандыру төлемінен жазбаша бас тартуынан соң өтеледі.
14.20. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары Шартпен өзгертіле (толықтырыла) алады.
15. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ
15.1. Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:
1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының, сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлғаның және/немесе Пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;
2) Сақтанушының, сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлғаның және/немесе Пайда алушының заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған іс-әрекеттері.
15.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:
1) Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) Сақтандырушыға осы Ережелердің 13-тармағында аталған құжаттарды ұсынбауы мен сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы мен оның салдары жайлы жалған мәліметтер хабарлауы;
2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;
3) Сақтанушы шығын туындауына кінәлі тұлға немесе шығын туындауына кінәлі тұлғамен байланысты басқа тұлғалардан мүліктік сақтандыру бойынша сәйкес залал өтемін алса;
4) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;
5) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу;
6) Сақтанушы сақтандыру жағдайы орын алуына жауапты тұлғадан талап ету құқығынан бас тартса,сондай-ақ Сақтандырушыға талап ету құқығын беретін құжаттарды ұсынудан бас тартса. Егер сақтандыру төлемі өтеліп қойған болса, Сақтандырушы оның толықтай немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы;
6-1) 3 (үш) жұмыс күні ішінде, зақымдалған көлік құралын жөндегеннен кейін, Сақтанушы көлік құралын тексеру үшін Сақтандырушының өкілін және көлік құралындағы деректерге тиісті мәліметтерді енгізу үшін барлық қажетті ақпаратты (құжаттарды) ұсынбаған;
6-2) Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз такси қызметі және/немесе такси режимінде пайдалану;
6-3) көлік құралына орнатылған газ баллонды жабдыққа тіркеудің және / немесе сәйкестік сертификаттарының болмауы;
7) заңнамалық актілерде көзделген басқа да жағдайлар.
15.3. Сақтанушының моральдық зияны, абыройына, намысына және іскерлік беделіне кір келтіретін (Сақтандырушының сақтандыру құпиясын сақтау міндетімен байланысты емес) ақпараттарды таратуынан туған зияны, Сақтанушының (сақтандырылған автокөлікті басқаруға рұқсаты бар тұлғаның) шығындары (соның ішінде айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, автокөлік жөндеуде болған уақытта басқа көлік құралын, тұрғын үйді жалға алуы немесе қонақ үйде өмір сүруімен байланысты шығындары, іссапар шығындары, автокөліктің тұрақ пен күзетіне кеткен шығындары, өндірістің қаңтарылуы, автокөлік тауарлық құнынан/белгісінен айырылған жағдай, ұтылған пайда) сақтандырумен өтелмейді.
15.4. Сақтандырушы сақтанушыға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.
15.5. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағымдана алады.
16. СУБРОГАЦИЯ
16.1. Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға Сақтанушының келтірілген залал үшін жауапты адамнан талап ету құқығы осы сома шегінде ауысады. Сақтанушы сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға суброгация тәртібімен осы талап ету құқығын іске асыру үшін қажетті өзінде бар барлық құжаттарды беруге міндетті.
16.2. Сақтанушы аталған тұлғаға талап қоюдан немесе оған қойылатын талаптарды іске асыруды қамтамасыз ететін құқықтардан бас тартқан кезде, сондай-ақ талап қою үшін қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартқан кезде, Сақтандырушы суброгация тәртібімен сақтандыру сомасының залал келтіруге кінәлі тұлғадан өндіріп алуы мүмкін бөлігін төлеуден босатылады.
16.3. Сақтандырушыға ауысқан залал үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы Сақтандырушыны қалауы бойынша, тіпті егер бұл тікелей Шартта өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырылады.
17. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ
17.1. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі. Сақтанушының өтініші негізінде, егер Шарттың талаптарында өзгеше ескертілмесе, өзгерістер көрсетіле отырып, қосымша келісім жасалады.
17.2. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулардың жазбаша ресімдеген және екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күші болады.
18. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ
18.1. Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған жалпы міндеттемелерден бөлек, мына жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) сақтандыру объектісі өз әрекетін тоқтатқан кезде;
2) Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушының ауыстырылмаған жағдайда қайтыс болуы (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 815-бабының 8-тармағы);
3) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал міндетті шарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 836-бабының 1-тармағы) басқа жағдайларды қарастырмаған жағдайда, Сақтанушының мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен шығаруы;
4) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;
5) Сақтандырушыны мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды санамағанда;
6) Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған тәртіпте рәсімдеген Шартқа енгізілген шарттар мен мәліметтердің өзгергенде;
7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс. Сақтанушы осы тармақта қарастырылған шартты тоқтату негіздерін дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға міндетті.
18.2. Сақтанушы Шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
18.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:
18.3.1. 18.1-тармақшада көзделген жағдайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне өтемін алуға құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
18.3.2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Шарттың 18.1. тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.
18.3.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын Сақтандырушы толық қайтаруға міндетті.
18.3.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен оның талаптарын орындамауынан/тиісінше орындамауынан туындаған жағдайда, Сақтандырушыға төлеген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылмайды.
18.4. Шарт осы Шарттың 18.1. тармақшасында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа келесідей жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Сақтандырушының сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде немесе мүліктің толықтай опат болу немесе жылжымалы мүліктің барлығы ұрлануы қаупінде жүзеге асыруы;
2) Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі;
3) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, бұл ретте Шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі;
4) Шартты Сақтанушы немесе Сақтандырылушының талабымен,сондай-ақ Тараптардың келісімімен бұзу.
18.5. Шарт Тараптар Шартты тоқтату туралы келісімге қол қойған күннен немесе соттың сәйкес шешімі күшіне енген күннен бастап (дау сот тәртібімен шешілген жағдайда) тоқтатылған болып есептеледі, бұл жағдайда бастамашы Тарап келесі Тарапқа Шартты бұзу туралы ниеті туралы Шартты болжамды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын ескертуі қажет.
18.6. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Шарттың қолданылу мерзімінің қалған күндерінің төленген сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру сыйлықақысының 35% құрайтын, жұмысты жүргізуге жұмсалған шығынды, сондай-ақ өтелген сақтандыру төлемдерін шегере отырып қайтарады.
19. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
19.1. Өз міндеттемелерін Шарт бойынша орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауапкершілік көтермейді.
19.2. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.
19.3. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
19.4. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет.
19.5. Осы тармақпен қарастырылған тараптардың жауапкершілігі Шарт талаптарымен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.
20. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
20.1. Шарттан немесе оған қатысты туындайтын кез-келген даулар және/немесе келіспеушілітер келіссөздер арқылы шешіледі.
20.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.
20.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа тәртібі қарастырылуы мүмкін.
21. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР
21.1. Осы Ережелерде аталмаған өзге шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
21.2. Тараптардың келісімі бойынша осы Ережеге сәйкес жасалатын Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ерекше жағдайлар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) толықтырылуы мүмкін.
21.3. Шарт пен осы сақтандыру Ережелерінің арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда, Шарттың қағидалары қолданылады.
21.4. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
21.5. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
21.6. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 21.4. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
21.7. Сақтанушы 1)-5) 21.4. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.
[1] Маңызды зақымдаулар - автокөлік эксплуатацияға жарамсыз деп танылған зақымдаулар.
[2] Елеулі коррозия - металл түсуінің өтпелі коррозиясы, балқытып біріктірілген қосындылардың коррозиясы.
[3] Опат – сақтандырылған автокөліктің сақтандыру жағдайы нәтижесіндегі ғайып болуы (жоғалуы).