МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

22.04.2022ж. өзгерістер

08.09.2022 ж. өзгерістер

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы міндетті экологиялық сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ережелер») Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Републикасының 2005 ж. 13 желтоқсандағы № 93-III «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі – «Заң») сәйкес әзірленді.   

1.2. «Номад Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – «Сақтандырушы») осы Ережелер талаптарымен міндетті экологиялық сақтандыруды шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалармен (бұдан әрі – «Сақтанушы») міндетті экологиялық сақтандыру шартын (бұдан әрі – «сақтандыру шарты») жасау арқылы жүзеге асырады.

1.3. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға оның апаттық ластануы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу болып табылады.

1.4. Міндетті экологиялық сақтандыруға шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

1.5. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1)   қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариялардан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға тастау немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе электромагниттік, температуралық әсер, жарықтың әсері немесе сол уақыт үшін жол берілетін деңгейден асатын өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету болып табылатын қоршаған ортаның кенеттен абайсызда ластануы;

2)   пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

3)   шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндеті;

4)   сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушының арасында осы Ережеде белгіленген талаптармен жасалатын сақтандыру шарты;

5)   сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

6)   мiндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілiктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;

7)   жәбірленуші - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға;

8)   сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

9)   сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

10)             сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

11)             сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

12)             сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

13)             сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

14)             үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімге тартылған және мүдделеріне нұқсан келтірілген құқық қатынастары субъектілері;

15)             уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау мен қадағалау бойынша орган;

16)             шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - әрекеті нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі.

2.      САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі – шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасында белгіленген экологиялық зиянның салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемесіне байланысты мүліктік мүддесі. заңда белгіленген мөлшерде және тәртіпте жазатайым оқиға.

3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Сақтанушының қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.

3.2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген зиян мөлшерін дәлелдеу Сақтанушыға жүктеледі. 

3.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тарқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен басталды деп саналады.

3.4. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы жәбірленушінің (пайда алушының) талап ету сомасын немесе келтірілген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшіне енген шешімін негізге ала отырып, осы Ережелердің 6.1.3.тармақшасының қағидаларын ескере отырып айқындайды.

4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

4.1. Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:

1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

3) егер міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалса, міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 17000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.

5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

5.1. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру төлемінің мөлшері:

1) осы Ережелердің 4.1. тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан;

2) осы Ережелердің 4.1. тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,59-дан 2,05-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.

5.2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.

5.3. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыппұлын төлеуге міндетті.

6. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ

6.1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушының арасында өміріне, денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың және (немесе) зиян келтірілуі мүмкін қоршаған ортаның пайдасына осы Заң мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.

6.1.1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

6.1.2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын объектінің иесі біреуден көп болған кезде, міндетті экологиялық сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.

6.1.3. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында моральдық зиянды, қолдан шығарып алған пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтанушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.

6.2. Сақтанушының өтініші сақтандыру шартын жасаудың негізі болып табылады.

6.3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Сақтандырушының сақтандыру полисін электронды нысанда рәсімдеу жолымен жасалады.

Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.

6.3.1. Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны рәсімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

6.3.2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша түрде жүгіну арқылы немесе сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

6.4. Сақтандыру шарты сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде апат нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейді.

6.5. Сақтандыру шартында көрсетілуі тиіс болған талаптардың толық болмауының жауапкершілігін Сақтандырушы көтереді. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда дау Сақтанушының пайдасына шешіледі.

6.6. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау кезінде Сақтандырушының интернет-ресурсы Сақтанушы (Сақтанудырылушы, Пайда алушы) мен Сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

6.7. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішті электронды нысанда беру барысында Сақтанушының арнайы бағдарламалық жасақтама пайдалануы қажет емес.

6.8. Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электронды нысанда жасасуға пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізімі дерекқор құру мен басқару ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.

6.9. Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Сақтандырушының арасындағы электронды ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

6.10. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында Сақтандырушы келесілерді қамтамасыз етуге міндетті:

1)   Сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу немесе оны жасасудан бас тарту (бас тарту себебін көрсете отырып) туралы электронды хат түріндегі шұғыл хабарлама жіберу;

2)   Сақтанушының міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқор құру мен басқару ұйымының ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігі;

3)   міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтанушының тәуліктік қолжетімділігін қамсыздандыра отырып, сақтандырушының интернет-ресурсында электронды нысанда сақтау;

4)   Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) төмендегі жағдайларда қажетті ақпаратты электронды нысанда жасау мен Сақтандырушыға жіберу мүмкіндігі (өтініш, хабарлама мен (немесе) өзге құжаттар, мәліметтер):

а) міндетті экологиялық сақтандыру шартын қайта рәсімдеу, мәліметтерді өзгерту;

б) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын  бұзу;

в) сақтандыру жағдайының орын алуы туралы хабарлама;

г) апат нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүргізу;

д) сақтандыру төлемін алу.

6.11. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама сақтандыру бойынша біртұтас дерекқор құру мен басқару ұйымынан жіберіледі.

6.12. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

6.13. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында бұл сақтандыру шарты Сақтандырушымен ұсынылған талаптарда Сақтанушымен сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу жағдайында бірінші сақтандыру жарнасының) төлем күнінен бастап Сақтанушымен жасалған болып есептеледі.

6.14. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында Сақтанушы осы Заңмен қарастырылған сақтандыру шарттарымен танысқан соң, осы қосылу шартын өзіне ұсынылған шарттарда жасауға келісе отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

6.15. Сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы тәулік бойы жасасу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

6.16. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру шарттарын Сақтанушы мен Сақтандырушының арасындағы ақпараттық өзара әрекеті арқылы жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасау қызметіне жол берілмейді.

6.17. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз жолмен төлеу мүмкіндігін ұсынады.

6.18. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.

7. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

7.1. Сақтандыру шарты осы Ережеге сәйкес Жәбірленуші деп танылған барлық тұлғаларға қатысты қолданылады.

7.2.  Егер жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруда көрсетілген Сақтанушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіретін қауіппен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтіруге байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігі ғана бойынша жасалады.

7.3.  Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті  болып саналады. Сақтандыру шарты  ол күшіне енген күннен бастап 12 (он екі ай) мерзімге жасалады.

7.4.  Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

8.1. Сақтандырушы құқылы:

1) сақтандыру шартын жасасқан кезде Сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, соның ішінде міндетті экологиялық сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты табыс етуді талап етуге;

2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

3) сақтанушыдан қоршаған ортаның ластану тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері мен салдарлары туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;

4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын белгілеу үшін қоршаған ортаға келтірілген зиянды, жәбірленушінің (пайда алушының) бүлінген (жойылған) мүлкін бағалауды жүргізуге;

5) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;

7) осы Ережелердің 11-тарауында көзделген жағдайларда зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;

8) осы Ережелердің 12-тарауында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

8.1.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.

8.2. Сақтанушы міндетті:

1)   сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға және оның талабымен ережелердің көшірмесін жолдауға (жіберуге);

2)   табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;

3)   міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;

4)   міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру өтемінің қолданылу кезеңінде болған сақтандыру оқиғасы (сақтандыру оқиғасы болып саналатын жағдай) туралы хабарлау кезінде оны дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру оқиғасы болып саналатын жағдай) туралы ақпаратты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға тапсыру;

5)   сақтанушының немесе оның өкiлiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша апат салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген залалды жоюға (түзетуге) жұмсалатын шығындарды бағалауға, сақтандыру төлемiнiң мөлшерiнiң есебiн көрсете отырып сақтандыру актiсiн жасауға және онымен танысуға пайда алушыға ұсынуға;

6)   сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлауға;

7)   сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

8)   сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезінде зиянды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге;

9)   сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

10)             сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда сақтанушыға шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша негіздеме және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) келіспеушіліктерді шешу үшін сақтандыру омбудсманына хабарласу құқығы туралы хабарлама жіберуге міндетті»;

11)             сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;

12)             сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.

8.2.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

8.3. Сақтанушы (Сақтандырылушының)  құқылы:

1)   сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)   қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

3)   апат салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды жою (түзету) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі сомасының есептеулерімен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысу;

4)   міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу (бұл құқық тек сақтанушыға ғана таралады);

5)   «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберу;

6)   Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;

7)   осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

8.3.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

8.4. Сақтанушы (Сақтандырылушының) міндетті:

1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;

2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;

3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;

4) қоршаған ортаның авариялық ластануы кезінде ықтимал залалдарды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолдан келетін шаралар, соның ішінде мүліктерді аман алып қалуға және зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетуге шаралар қолдануға;

5) қоршаған ортаның авариялық ластануы жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретіне орай (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға;

6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының Сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.

8.4.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

8.5. Жәбірленуші құқылы:

1) Сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы Сақтандырушыға хабарлауға;

2) Сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға;

4) апат салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды жою (түзету) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі сомасының есептеулерімен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысу;

5) осы Ережелерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберу;

7) келтірілген зиянды алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асатын келтірілген зиян сомасы мөлшерінде өтеу туралы сақтанушыға талап қоюға;

8) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге құқылы.

8.5.1. Жәбірленушінің осы тармақта белгіленген құқықтары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайда алушы ретінде әрекет ететін өзге тұлғаларға ауысады.

9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

9.1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы, қаржы нарығын және қаржы нарығын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып жіберіледі.

Өтініш беруші сақтандырушының талабы бойынша, сақтандырушыға қолжетімді мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушыға беруге міндетті:

1)   Сақтандыру төлемі туралы өтініш;

2)   жетекшілік және салааралық координацияны, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асыруды атқаратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен құрылатын құзыретті комиссияның келтірілген зиянның себептері, ауқымы және қоршаған ортаның авариялық ластануына әкеп соққан сақтандыру жағдайының зардаптары туралы актісі;

3)   жәбірленушіге денсаулық сақтау ұйымдары берген еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі туралы анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі - ол белгіленген жағдайда;

4)   жәбірленушінің қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі және пайда алушының зиянды өтеу құқығын растайтын құжат (көшірмесі) - жәбірленуші қайтыс болған жағдайда;

5)   сақтандыру жағдайы басталған кезде зиянның алдын алу немесе көлемін азайту мақсатында сақтанушыға келтірілген шығындарын растайтын құжаттар – бар болса;

6)   жекелеген жағдайларда - өтелуге жататын зиянның мөлшерін көрсете отырып, сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына және үшінші тұлғаларға келтірілген зиянға жауапты деп таныған сот шешімі.

9.2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.

9.3. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі жайлы талапты электронды нысанда жіберген жағдайда Сақтандырушы бұл анықтаманы оған электронды нысанда ұсынуға құқылы.

10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

Сақтандыру төлемінің мөлшері және зиян мөлшерін анықтау тәртібі

10.1. Сақтандыру төлемі қоршаған ортаның авариялық ластануы (нақты залал) нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерінен аспауға тиіс.

Пайда алушы

10.2. Пайда алушы болып жәбірленуші, сондай-ақ Сақтанушы немесе жәбірленушіге (зиянды өтетуге құқығы бар тұлғаға) келтірілген зиянды Сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде өтеген және сақтандыру төлемін алу құқығына ие болған өзге тұлға.

10.3. Жәбірленушінің жазбаша өтініші немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша сақтандыру төлемі қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянды өтеу жөнінде оған қызмет көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі

10.4. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Ережелердің 9.1.-тармағында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.

10.5. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда Сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы Ережелердің 10.4.-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.

10.6. Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімінің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.

10.7. Бұрын сақтандыру төлемін алған жәбірленушінің денсаулық жағдайы нашарлаған (мүгедектігі не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) не қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбірленушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттардың негізінде сақтандыру төлемін қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте бұрын төленген сомалар есепке алынады.

10.8. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі басқа сақтандыру шарттары бойынша оған (зиянды өтетуге құқығы бар тұлғаларға) тиесілі сомаларға қарамастан жүзеге асырылады.

10.9. Өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша сақтандыру төлемi туралы талап сақтандыру төлемiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттармен қоса электрондық нысанда, электрондық көшiрмелер немесе электрондық құжаттар нысанында жолдануы мүмкiн. Сақтандырушының талабы бойынша өтініш беруші сақтандырушыға қолжетімді мемлекеттік органдардың дерекқорларында және/немесе ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушыға ұсынуға міндетті.

10.10. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы жәбірленушіге (пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

10.11. Арыз берушінің қалауымен сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды электронды көшірме немесе электронды құжаттар түрінде тіркей отырып, электронды нысанда ұсыныла алады. Бұл жағдайда электронды нысандағы сақтандыру төлемі жайлы талап арыз берушіні Сақтандырушыға Сақтандырушының орналасқан мекенжайы бойынша түпнұсқа құжаттарды ұсыну жауапкершілігінен босатпайды.

11. ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ

11.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушы Сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген соманың шегінде төмендегідей жағдайларда кері талап қоюға құқылы:

1) Сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаса;

2) Сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарласа;

3) Сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тарту, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуға құқығы бар.

11.2. Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде Сақтандырушы өтеген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады.

12.  САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТУ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ

12.1. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;

2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

12.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:

1) сақтанушының зиян келтіруге кінәлі тұлғадан зиянның тиісті өтемін алуы;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;

3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

4) сақтанушының сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

5) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тексеруіне және келтірілген залалдың мөлшерін анықтауына сақтандырушының кедергі келтіруі;

6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды оған беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру өтемі төленіп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

12.3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.

12.4. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға талап қойған тұлғаға толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жіберуге міндетті, онда бас тарту себептерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) келіспеушіліктерді шешу үшін сақтандыру омбудсманына хабарласу құқығы туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

12.5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;

2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

12.6. Сақтандырушының осы тармақта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

13.  САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ӨЗГЕРТУ

13.1. Сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Сақтандыру шартына барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша рәсімдеген және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.

14.  САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

14.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:

1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;

2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;

3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.

14.2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және онда аталған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылғанда Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төмендегідей мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:

Рет №

Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтке дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының пайызы есебімен)

1

2

3

1.

1-айға дейін қоса алғанда

20

2.

1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда

30

3.

2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда

40

4.

3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда

50

5.

4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда

60

6.

5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда

70

7.

6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда

75

8.

7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда

80

9.

8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда

85

10.

9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда

90

11.

10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда

95

12.

11-айдан жоғары

100


14.3. Сақтандыру сыйлықақысын қайтару сомасы міндетті экологиялық сақтандыру шартын бұзуға арыз берген сәттен бастап есептеледі.

15.  ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

15.1. Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

16. ҚОСЫМША ШАРТТАР

16.1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

16.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы”  №94-V  ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының)келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)        “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының  деректерді алуына;

2)        Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3)        Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)        дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5)        ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

16.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

16.4. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне,  1)-5) 16.2. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

16.5. Сақтанушы 1)-5) 16.2. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

17. МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

17.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы):

1) талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге немесе

2) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды шешу үшін, сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) не сотқа өтініш жіберу.

17.2. Сақтандырушы Сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

17.3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушының, Жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту