22.04.2022ж. өзгерістер
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан əрі «Сақтандырушы») осы «Банк карталарын пайдалануға байланысты мүліктік тəуекелдерді сақтандыру ережелері» (бұдан əрі – «Ережелер») талаптарына сай Сақтанушының (Пайда алушының, Сақтандырылушының) үшінші тұлғалардың заңға қайшы əрекеттерінің нəтижесінде сақтандырылған мүлікті (қолма-қол жəне қолма-қол ақшасыз ақша қаражаттары) жоғалту тəуекелімен байланысты мүліктік мүдделерін ерікті сақтандыруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне жəне «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-II Заңына сəйкес əзірленген.
1.2. Сақтандырушы осы Сақтандыру ережелері негізінде сақтандырудың талаптарын немесе Қазақстан Республикасының (бұдан əрі — ҚР) қолданыстағы заңнамасына жəне осы сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтін шамада нақты Сақтанушыға немесе Сақтанушылар сегментіне бағдарланған осы Сақтандыру ережелері негізінде жасалатын жеке сақтандыру шартына немесе сақтандыру шарттарының жеке тобына арналған сақтандыру ережелерінен үзінді қалыптастыруға құқылы. Мұндай сақтандыру талаптары немесе Ережелерден үзінділер сақтандыру шартында оларға сілтеме жасаған кезде сақтандыру шартына қоса тіркеледі жəне оның ажырамас бөлігі болып табылады.
1.3. Сақтандырушы осы сақтандыру ережелері негізінде жасалған бірыңғай сақтандыру шарттарының жекелеген топтарына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтін шамада маркетингтік атаулар беруге құқылы.
1.4. Сақтандыру ережелері, егер Сақтандыру шартында Сақтандыру ережелерін қолдану тікелей көрсетілсе, ал Ережелер сақтандыру шартымен бір құжатта баяндалған немесе оған қоса тіркелген жəне Сақтанушыға берілген жағдайларда Сақтандыру шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
1.5. Сақтандыру шарты Пайда алушының пайдасына жасалуы мүмкін. Пайда алушыны Сақтандыру шарты бойынша ол қандай да бір міндеттерді орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қойғаннан кейін басқа тұлғамен ауыстыруға болмайды.
1.6. Пайда алушының пайдасына сақтандыру шартын жасау егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе не Сақтанушының міндеттерін пайдасына сақтандыру шарты жасалған тұлға орындаған болса, Сақтанушыны осындай сақтандыру шарты бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды. Сақтандырушы Пайда алушы сақтандыру өтемін төлеу туралы талап қойған кезде сақтандырушыда жатқан, бірақ ол орындамаған міндеттерді қоса алғанда, Пайда алушыдан сақтандыру шарты бойынша міндеттерді орындауды талап етуге құқылы. Бұрын орындалуға тиіс міндеттерді орындамау немесе уақтылы орындамау салдарының тəуекелін Пайда алушы көтереді.
1.7. Осы сақтандыру ережелерінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1.7.1. Авторизация - Сақтанушының жеке басын анықтау жəне операцияларды осы Ережеде көзделген тəртіппен жасау үшін оның Сақтандырушыға немесе жеке кабинетке жүгіну құқығын куəландыру.
1.7.2. Аутентификациялық деректер - банк картасын ұстаушының бірегей логин (login), паролі (password) жəне бір реттік смс-пароль, сондай-ақ интернет-банк, мобильді банк немесе Интернет желісінде жəне ұялы байланыс арналары арқылы кіру жəне операциялар жасау үшін пайдаланылатын басқа да деректер. Аутентификациялық деректер карта ұстаушысының өз қолының аналогы болып табылады.
1.7.3. Банк картасы (Карта) - пайдаланушыны аутентификациялауға, негізгі ақпаратты сақтауға жəне банк эмиссиялайтын криптографиялық операцияларды жүргізуге арналған жəне шотындағы ақша қаражатының сомасын басқару үшін карта ұстаушымен пайдаланылатын кіріктірілген магниттік жолағы бар жəне кіріктірілген микропроцессоры бар пластикалық карта түріндегі ақпаратты тасымалдаушы. Банк картасы деп Банк шығарған дебеттік жəне кредиттік карталар түсініледі.
1.7.5. Пайда алушы - пайдасына сақтандыру шарты жасалған жəне сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін алуға құқығы бар тұлға.
Карта ұстаушы Пайда алушы болып табылады.
1.7.6. Карта ұстаушы (Ұстаушы) — банкпен оның атына банк картасы (банк карталары) шығарылған банкпен банктік қызмет көрсету шартын (шарттарын) жасасқан жеке тұлға не шоттағы ақша қаражатын пайдалану үшін қосымша банк картасын алған тұлға. Кез келген банк картасы дербес болып табылады және оны басқа тұлғаға беруге немесе басқа тұлғаның пайдалануына болмайды.
1.7.7. Сақтандыру шарты - Сақтандырушы мен Сақтанушы арасындағы Келісім,оған байланысты Сақтандырушы сақтандыру шартында көзделген оқиға басталған кезде сақтандыру шартында келісілген ақы үшін осы жағдайдың салдарынан Сақтанушыға (Пайда алушыға) келтірілген залалды сақтандыру шартында белгіленген сома шегінде өтеуге міндеттенеді. Осы Ереже бойынша сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сəйкес Сақтандырушы мен Сақтанушы қол қойған бір құжатты жасау жолымен немесе Сақтандырушының қолымен куəландырылған сақтандыру полисінің (сақтандыру сертификатының, куəлігінің) жазбаша немесе ауызша өтініші негізінде Сақтанушыға тапсыру жолымен жасалуы мүмкін. Сақтандыру ережелері, егер сақтандыру шартында сақтандыру ережелерін қолдану тікелей көрсетілсе, ал Ереженің өзі сақтандыру шартымен бір құжатта немесе оның кері жағында баяндалған немесе оған қоса тіркелген жəне Сақтанушыға берілген жағдайларда сақтандыру шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл ретте сақтандыру ережелері сақтандыру шартының алдында басым күшке ие, ал тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартына Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына жəне осы сақтандыру ережелеріне қайшы келмейтін өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
1.7.8. Банктік қызмет көрсету шарты - Банк пен Картаны ұстаушы арасында жасалған шарттардың кез келгені: салым шарты (жинақтаушы шот шарты), кредиттік карта шарты, есеп айырысу картасының шарты (шот шарты), берешекті қайта құрылымдау шарты, кредиттік шарт.
1.7.9. Интернет банк — ақпарат алмасуды жəне Интернет желісінде жеке операциялар жасауды қоса алғанда, Банк пен Карта ұстаушының өзара іс-қимылын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Банктің интернет-сервисі.
1.7.10. Кіру кодтары - қашықтан қызмет көрсету арқылы Банкке жүгінген кезде карта ұстаушыны анықтауға мүмкіндік беретін сандық жəне/немесе əріптік кодтар.
1.7.11. Компрометация - үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы əрекеттері нəтижесінде ұстаушының иелігінен шықпаған карта деректемелерінің құпиялылығын жоғалту (карта нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV / CVC коды).
1.7.12. Жеке кабинет - Сақтандырушы сайтының Интернет арқылы картаны ұстаушыға қашықтан қызмет көрсетуге арналған жабық бөлімі. Картаны ұстаушының жеке кабинетке қолжетімділігі авторландыру арқылы жүзеге асырылады.
1.7.13. Мобильді банк - ұялы телефонның арнайы қосымшасы (смартфон, планшет жəне т. б.) арқылы ақпарат алмасуды жəне жекелеген операциялар жасауды қоса алғанда, банк пен карта ұстаушының өзара іс-қимылын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Банктің сервисі.
1.7.14. Тиісті хабарлама - Сақтандыру шартында тікелей өзгеше көзделмесе. Сақтандырушы мен Сақтанушы мыналар туралы уағдаласады:
а) Сақтанушының (Ұстаушының, Пайда алушының) Сақтандыру оқиғасының басталуы туралы, тəуекел дəрежесінің өзгеруі туралы ақпаратты беруі мынадай тəсілдермен жүргізіледі:
- Сақтандырушының орналасқан жерінің ресми мекен-жайына немесе Сақтандырушы сақтандыру шартында немесе Сақтандырушының сайтында хат-хабарларды жіберуге арналған мекен-жай ретінде көрсеткен мекенжайға еркін нысанда пошта арқылы жазбаша хабарлама жіберу жолымен;
- сақтандыру шартында не Сақтандырушының сайтында көрсетілген телефон нөмірі(нөмірлері) бойынша телефон байланысы арқылы хабар беру жолымен;
- сақтандыру шартында не Сақтандырушының сайтында Сақтандырушының электрондық поштасының мекен-жайы көрсетілген жағдайда электрондық почта арқылы;
- Сақтанушының (Пайда алушы) Сақтандырушыға Сақтандыру шартын бұзу туралы (сақтандыру шартынан бас тарту туралы) өтінішті беруі мынадай тəсілдермен жүргізіледі:
- Сақтандырушының орналасқан жерінің ресми мекен-жайына немесе Сақтандырушы сақтандыру шартында немесе Сақтандырушының сайтында хат-хабарларды жіберуге арналған мекен-жай ретінде көрсеткен мекенжайға жазбаша нысанда пошта арқылы;
- Сақтандырушының электрондық почтасының мекенжайы сақтандыру шартында не Сақтандырушының сайтында көрсетілген жағдайда, сканерленген көшірмесін немесе тиісті жазбаша өтініштің фотосуретін қоса тіркей отырып, электрондық хабарлама нысанында көрсетіледі. Бұл ретте Сақтанушының өтініштің сканерленген көшірмесіндегі немесе фотосуреттегі қолы Сақтандырушы мен Сақтанушымен Сақтанушының өз қолымен қойылған қолының аналогы болып танылады.
б) Сақтандырушының Сақтанушыға (Пайда алушыға) ақпаратты (сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы (сақтандыру шартынан бас тарту туралы) хабарламаны, сақтандыру төлемі туралы шешімді, сақтандыру өтемін төлеу мерзімдерін ұлғайту туралы хабарламаны қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей беруі жүргізіледі:
- жазбаша нысанда, оның ішінде Сақтанушы сақтандыру шартында көрсеткен мекенжайға пошта арқылы;
- сақтандыру шартында көрсетілген Сақтанушының электрондық поштасына жіберу арқылы
1.17.14. Сақтандыру жағдайы-басталған кезде Шарт сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын жағдай оның басталуының кездейсоқтық жəне ықтималдық белгілеріне ие болуы тиіс;
1.17.15. Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтандырушының сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушының төлеуге міндетті ақша сомасы;
1.7.16. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған жəне сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
1.7.17. Сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;
1.7.18. Сақтандырушы - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (Пайда алушыға) Шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыруды жүзеге асырушы тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген жəне сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана Сақтандырушы бола алады;
1.7.19. Сақтандырушының сайты - nomad.kz мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан интернет беттерінің мазмұны.
1.7.20. Сақтанушы - Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған тұлға болып табылады;
1.7.21. Шот (шоттар) — есеп айырысу (дебеттік) банк картасын (оның деректемелерін) пайдалана отырып операциялар жасау үшін ашылатын Карта Ұстаушының Банктегі Банктік шоттары немесе кредит картасын пайдалана отырып операциялар жасау үшін Банк пен Карта ұстаушы арасында жасалған кредиттік картаға қызмет көрсету туралы шарт.
1.7.22. Сауда-сервистік кəсіпорын (ССК) - тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді іске асыратын жəне банк карталарын олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлем құралы ретінде қабылдайтын заңды тұлға немесе жеке кəсіпкер.
1.7.23. 3D Secure - CNP (card not present) операциялары кезінде кредиттік/дебеттік карталар бойынша онлайн-төлемдерді жүргізу үшін пайдаланушыны екі факторлы аутентификациялау Хаттамасы.
1.7.24. CNP операция - карта физикалық түрде пайдаланылмайтын операция (card not present), оның ішінде Интернет операциялары (картаның деректемелері интернет желісіндегі сайтта енгізіледі), MOTO (Mail Order/ Telephone Order; картаның деректемелері мерчантқа (сатушыға) телефон/ факс/ электрондық пошта арқылы беріледі) жəне Key Entry (картаның деректемелері POS терминалға қолмен енгізіледі).
1.7.25. Скимминг – пластикалық карталармен жасалған алаяқтық түрлерінің бірі, онда скиммер - кредиттік картаның магниттік жолдарын оқуға арналған құрал, сондай-ақ банкоматтың түпнұсқа кнопкаларын немесе PIN-кодты алуға арналған заңсыз орнатылған бейнекамераларды сырттай қайталайтын пернетақтаға орнатылған арнайы қондырмалар түріндегі құрылғы пайдаланылады.
1.7.26. Фишинг - мақсаты-пайдаланушылардың сəйкестендіру деректерін алу болып табылатын интернет-алаяқтықтың түрі. Фишинг-шабуылдарды ұйымдастырушылар танымал брендтер мен т. б. атынан электрондық хаттарды жаппай таратуды пайдаланады.
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ, САҚТАНДЫРУ АУМАҒЫ, САҚТАНДЫРУ МЕРЗІМІ
2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Сақтанушының (Сақтандырылушы/Ұстаушы, Пайда алушы) Шартта көрсетілген мүлікке иелік етуге, билік етуге, оны пайдалануға, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталғанда туындауы мүмкін қосымша шығындарға байланысты мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.
2.2. Сақтандыру шартында онда көрсетілген сақтандыру аумағында əрекет етеді.
2.3. Сақтандыру аумағы: егер Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы.
2.4. Сақтандыру мерзімі Сақтандыру шартында көрсетіледі.
3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Сақтандыру жағдайы осы сақтандыру ережелерінде көзделген Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде жасалған оқиға болып табылады, оның басталуына байланысты Сақтандырушының Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеті туындайды.
3.2. Осы сақтандыру Ережелерінің негізінде жасалған сақтандыру шарты бойынша Сақтандырушы мынадай оқиғалардың нəтижесінде туындаған залалдардың салдарынан сақтандырылған мүлікке қатысты сақтандыру қорғанысын ұсынады:
3.2.1. Тонау нəтижесінде ақша қаражатын ұрлау- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан əрі — ҚР ҚК) 191-бабына сəйкес құзыретті құқық қорғау органдары тонау ретінде таныған оқиғалар нəтижесінде Ұстаушы картаны жоғалтқаннан кейін жүзеге асырылған құқыққа қарсы əрекеттер нəтижесінде шоттан рұқсатсыз есептен шығарылған сақтандыру сомасы шегінде шоттағы сақтандырылған ақша қаражатының сомасы сақтандыру өтелуіне жатады.
3.2.2. Қарақшылық шабуыл нəтижесінде ақша қаражатын ұрлау - ҚР ҚК 192-бабына сəйкес құзыретті құқық қорғау органдары қарақшылық ретінде таныған оқиғалар нəтижесінде Ұстаушы картаны жоғалтқаннан кейін жүзеге асырылған құқыққа қарсы əрекеттер нəтижесінде шоттан рұқсатсыз есептен шығарылған, сақтандыру сомасы шегінде шоттағы сақтандырылған ақша қаражатының сомасы сақтандыру өтеміне жатады.
3.2.3. Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы əрекеттері (бұдан əрі — "ҮТҚҚƏ") — шоттан есептен шығарылған, бірақ Ұстаушы білмей, үшінші тұлғаның картаны ашуы нəтижесінде алынған картаның деректері мен деректемелерін пайдалану жəне құқыққа қарсы (заңсыз) əрекеттер нəтижесінде Эмитент белгілеген мерзімде Ұстаушы растамаған (қабылдамаған) сақтандыру сомасы шегінде шоттағы сақтандырылған ақша қаражатының сомасы сақтандыру өтеуіне жатады.
"ҮТҚҚƏ" тəуекелі бойынша сақтандыру Пайда алушы шоттан валюта (банкнот) алған, банкоматта жəне басқа да өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қызмет көрсетуге ақы төлеген немесе сауда-сервистік кəсіпорында сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету үшін картамен есеп айырысуды жүзеге асырған кезде ақша қаражатын рұқсатсыз есептен шығару нəтижесінде Пайда алушыға зиян келтіру жағдайларына қолданылады:
а) жасанды картаны оған жарамды картаның деректерін енгізіп есептік құрал ретінде пайдалану (тауарларды сатып алу, жұмыстарды, қызметтерді төлеу үшін);
б) жарамды картаның деректері енгізілген жасанды карта бойынша банкоматтан ақша қаражатын алу;
в) тауарларды сатып алу, жұмыстар мен қызметтерді төлеу үшін есеп айырысуды жүзеге асыру үшін карта ұстаушыдан алдау жолымен (скимминг, фишинг) алынған карта туралы ақпаратты пайдалану.
"ҮТҚҚƏ" тəуекелі бойынша карта ұстаушының Ереженің 3.2.1., 3.2.2 тармақтарында белгіленген оқиғалар нəтижесінде Ереженің 3.2.3-тармағының а), б), в) тармақшаларында аталған құқыққа қарсы іс-əрекеттерден ақша қаражатының сомасын жоғалтуы сақтандыру арқылы өтелмейді (сақтандыру жағдайы болып табылмайды).
3.3. Ереженің 3.2.1.-3.2.2. тармақтарында көрсетілген оқиғалар Ұстаушы осы картаны нақты ұрланғаннан кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей картаны ұрланғаны туралы сақтанушыға хабарлаған жағдайда ғана сақтандыру жағдайы деп танылады, Картаны ұрлау сəтіндегі денсаулық жағдайы бойынша Ұстаушы болған оқиға туралы хабарлауға физикалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, тиісті медициналық құжаттармен расталған жағдайларды қоспағанда,
3.4. Сақтандыру шарты жоғарыда аталған бір, бірнеше немесе барлық сақтандыру тəуекелдерін жабу шартымен жасалуы мүмкін.
4. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮРГІЗУ МІНДЕТІНЕН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
4.1. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы, егер Сақтанушы (Пайда алушы):
4.1.1. Осы Ережеде белгіленген мерзімде Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпесе;
4.1.2. Сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғаға өз талап ету құқығынан бас тартқан немесе бұл құқықты жүзеге асыру Сақтанушының (Пайда алушының) кінəсінен мүмкін болмаған жағдайда. Бұл жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісті бөлікте жүргізуден босатылады жəне жүзеге асырылған сақтандыру төлемін қайтаруды талап етуге құқылы.
Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол Сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартына дəлелді себептерге байланысты болса жəне осы фактіні растайтын тиісті құжаттар табыс етілсе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
4.2. Егер сақтандыру оқиғасы Сақтанушының (Пайда алушының), Карта ұстаушының немесе мəлімделген немесе оның басталуына бағытталған оқиғамен тікелей себептік байланыстағы Пайда алушының Сақтанушының мүддесінде іс-қимыл жасаған өзге де тұлғалардың қасақана іс-əрекеттері нəтижесінде болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетінен босатылады.
4.3. Сақтандырушы сақтандыру оқиғасы келесілердің салдарынан болған кезде сақтандыру төлемін жүргізу міндетінен босатылады:
4.3.1. Əскери іс-қимылдар, маневрлер немесе өзге де əскери іс-шаралар;
4.3.2. Ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті зақымданудың əсері;
4.3.3. Кез келген түрдегі азаматтық толқулар немесе ереуілдер;
4.3.4. Мемлекеттік органдардың өкімі бойынша сақтандырылған мүлікті алып қою, тəркілеу, реквизициялау, тыйым салу немесе жою.
5. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
5.1. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандырумен өтілмейді (сақтандыру жағдайы болып табылмайды):
а) Эмитент Ұстаушыға картаны пайдалануға нақты берген сəтке дейін немесе Ұстаушы картаның электрондық кодын (PIN, PUK жəне т. б.) алған сəтке дейін картаны пайдалануға байланысты Пайда алушының шығындары;
б) Ұстаушы келесілерден өтем алатын залалдар:
- төлем ретінде Эмитент картасын қабылдауға келіскен кез келген жеке немесе заңды тұлға;
- Эмитенттің мүдделерін білдіретін кез келген басқа қаржы институтының, банк карталарын өндірушілер мен эмитенттерінің қауымдастығы немесе клиринг палатасы;
- Эмитент картасы, оның ішінде төлем жүйесімен өзара іс-қимыл шеңберінде.
в) сақтандыру оқиғасының басталуына байланысты емес, Ұстаушының сұрауы бойынша картаны ауыстыру бойынша шығындар;
г) шотты ашу жəне пайдалану кезінде Банк Ұстаушыға ұсынатын қосымша қызметтер (саяхатшылардың күтпеген шығыстарын сақтандыру полисінің құны, өмірді жəне/немесе денсаулықты сақтандыру полисінің құны, шоттағы төмендетілмейтін қалдық бойынша есептелетін пайыздар, бонустық ұпайлар, жəне т. б.);
д) картаны жоғалту, шотқа рұқсатсыз қол жеткізу (шоттан қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін қосымша төлем, жоғалған картаны қабылдаған мекемелердің қызметтерін пайдаланудың мүмкін еместігі) нəтижесінде Ұстаушыда пайда болған жанама шығындар (оның ішінде моральдық зиян, жіберіп алған пайда);
е) төлем құралы ретінде картаны қабылдаған жеке немесе заңды тұлға берген шегерімнің нəтижесі болып табылатын кірісті жоғалту немесе шығынның бір бөлігі;
ж) шоттағы ақша қаражатына қатысты сақтандыру мерзімі басталғанға дейін келтірілген шығындар;
з) құпия ақпаратты немесе ақша қаражатын ұрлауға байланысты, мына карталар бойынша дерекқорлардың ұрлануы немесе заңсыз кірілуі нəтижесінде келтірілген шығындар:
- Карта Эмитенті;
- төлем ретінде картаны қабылдауға келіскен кез келген жеке немесе заңды тұлғаның;
- кез келген басқа қаржы институтының, карталарды өндірушілер мен эмитенттер қауымдастығының немесе эмитенттің мүдделерін білдіретін клирингтік палатаның қызметі.
и) Ұстаушының сəйкестендіру деректерін алаяқтық мақсаттарда үшінші тұлғалардың пайдалануы нəтижесінде келтірілген кез келген шығындар;
к) Интернет-банкингті немесе мобильді банкингті пайдалану нəтижесінде Карта ұстаушы шеккен кез келген шығындар;
л) Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының не осы органдардың лауазымды адамдарының іс-əрекеттерінен (əрекетсіздіктерінен), оның ішінде аталған органдар мен лауазымды адамдардың сақтандыру жағдайы орын алған мемлекеттің қолданылып жүрген заңдарына сəйкес келмейтін құжаттарды шығаруы нəтижесінде келтірілген залалдар;
м) Эмитенттің ұстаушысымен картаның жоғалу фактісі (жоғалу, ұрлық немесе ұрлану) туралы хабарлағаннан кейін жасалған шот бойынша операциялар нəтижесіндегі залалдар); н) ұстаушының Эмитент бекіткен Картаға қызмет көрсету шарттарын орындамауы;
о) үшінші тұлғалардың алаяқтық əрекеттері фактісі болмаған кезде ұстаушының құпия мəліметтерді (парольдерді, логиндерді, ЖСН-кодтарды, смс-парольдерді жəне т. б.) жария ету себебі бойынша келген шоттан ақша қаражатын рұқсатсыз есептен шығару;
п) осы Ереженің 3-бөлімінде айтылған жағдайлардан басқа, картаны рұқсатсыз пайдаланудан болған кез келген шығындар;
р) Ұстаушы рұқсат етілмеген ретінде мəлімдеген 3D Secure операциясын пайдалана отырып пайдаланушыны сəйкестендіру шартымен сауда-сервистік кəсіпорындағы карта бойынша шоттан ақша қаражатын есептен шығару нəтижесіндегі шығындар.
5.2. 5-бөлімді қолдануға тікелей немесе жанама əсер ететін сақтандыру өтемінен алып тастау көлемін кез келген ұлғайтуға жəне сақтандыру шартының өзге де талаптарына, егер мұндай өзгерістер Қазақстан Республикасының заңнамасына жəне осы сақтандыру ережелеріне қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жол беріледі.
6. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ ЖƏНЕ ОНЫ АНЫҚТАУ ТƏРТІБІ
6.1. Сақтандырушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті сақтандыру сомасы Сақтанушы мен Сақтандырушының азаматтық заңнаманың нормаларына жəне рсы сақтандыру Ережелеріне сəйкес келісімімен анықталады.
6.2. Сақтандырушы мен Сақтанушы осы сақтандыру Ережесіне жəне сақтандыру Шартына сəйкес өтелуі көзделген залалдың (шығынның) жеке санаттары бойынша жауапкершіліктің лимиттерін мақұлдасуға құқылы.
6.3. Сақтандыру сомасы қазақстандық теңгеде белгіленеді. Сақтандыру шартындағы тараптардың келісімі бойынша сақтандыру сомасы, егер заңмен немесе сақтандыру шартында оны анықтаудың өзге бағамы немесе өзге күні белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан əрі – ҚР ҰБ) сақтандыру шартын жасасу күніне бағамы бойынша есептелетін теңгедегі тиісті сома баламасы болып табылатын шетел валютасында көрсетілуі мүмкін.
6.4. Сақтандыру сомасы бекітілген сақтандыру бағдарламасына сəйкес белгіленеді.
7. ФРАНШИЗА ЖƏНЕ ОНЫ БЕЛГІЛЕУ ТƏРТІБІ
7.1. Сақтандыру Шартында франшиза (шартты жəне шартсыз) көзделуі мүмкін. Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы, егер залалдың құны франшизадан аспайтын болса, оған жауапкершіліктен босатылады.
7.2. Франшиза екі тараппен сақтандыру сомасына пайыздық қатынаста немесе жалпы сақтандыру шарты, сонымен қатар оның жеке сақтандыру тəуекелдері бойынша абсолютті шамада анықталады.
8. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ОНЫ ТӨЛЕУ ТƏРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
8.1. Сақтандыру шарттарын жасаған кезде Сақтандырушы əрбір сақтандыру тəуекелі бойынша өзі есептеген базалық сақтандыру тарифтерін қолданады.
8.2. Сақтандыру тəуекелінің дəрежесін жəне сақтандырудың нақты шарттарын ескеретін қорытынды тарифтік ставканы айқындау үшін Сақтандырушы базалық тарифтік ставкаларға түзету коэффициенттерін қолдануға құқылы.
8.3. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандырудың нақты талаптарын жəне сақтандыру тəуекелінің дəрежесін ескеретін Сақтандыру сомасының жəне Сақтандыру тарифінің шамасын негізге ала отырып есептеледі
8.4. Сақтандыру сыйақысын төлеу қолма-қол немесе қолма-қолсыз есеп айырысу сақтандыру Шартында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде жүргізіледі.
8.5. Сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру шартында көзделген мерзімде төлемеген немесе оны сақтандыру шартының талаптарымен айқындалғаннан аз сомада төлеген жағдайда, сақтандыру шарты күшіне енбеген болып есептеледі, мұндай сақтандыру шарты бойынша түскен ақша сомасы Сақтанушыға қайтарылады.
8.6. Сақтандыру сыйлықақысы қазақстандық теңгемен белгіленеді. Тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысы, егер заңда немесе сақтандыру шартында өзгеше бағам немесе оны айқындаудың өзге күні белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан əрі – ҚР ҰБ) сақтандыру шартын жасасу
күніне бағамы бойынша есептелетін, теңгедегі тиісті сома баламасы болып табылатын шетел валютасында көрсетілуі мүмкін.
9. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАСУ ЖƏНЕ ОНЫ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТОҚТАТУ ТƏРТІБІ
9.1. Сақтандыру мерзімі жəне қолданылу мерзімі, сақтандыру мерзімінің басталуы, тоқтатылуы жəне қолданылуы аяқталуы бойынша кез келген шектеулер осы ережелерді ескере отырып, сақтандыру шартында көрсетіледі.
9.2. Сақтандыру шарты Сақтанушының жазбаша немесе ауызша өтініші негізінде жасалады. Сақтандыруға арналған өтінішті Сақтанушы жазбаша түрде — қағаз тасығышта немесе электрондық өтінімді ресімдеу арқылы электрондық нысанда бере алады.
9.3. Сақтандыру шарты бір құжатты — сақтандыру шартын не Сақтандырушы мен Сақтанушы қол қойған сақтандыру полисін (сақтандыру сертификатын) жасау жолымен жасалуы мүмкін. Сақтанушы — заңды тұлғамен жасалған сақтандыру шарты сақтандырылған шоттар тізімін қоса тіркей отырып, барлық Ұстаушылар үшін бірыңғай құжат түрінде ресімделуі мүмкін. Бұл ретте əрбір Ұстаушыға қатысты ұстаушылардың қоса берілген тізімінде жеке сақтандыру сомасы көрсетілуі мүмкін.
Сақтандыру шарты, оның ішінде жаңа мерзімге жасалатын шарт электрондық құжат түрінде жасала алады. Электрондық құжат түрінде жасалған сақтандыру шарты Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеген сəттен бастап Сақтандырушы ұсынған шарттарда жасалған болып есептеледі. Сақтанушы — жеке тұлға сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) сақтандыру Шартында жəне Ережелерде қамтылған талаптармен танысудан кейін, сол арқылы Сақтандырушы ұсынған талаптарда осы сақтандыру Шартын жасауға өз келісімін растай отырып төлейді.
Сақтандыру шартын сақтандыруға арналған жазбаша не ауызша өтініште көрсетілген электрондық пошта мекен-жайы бойынша жіберу сақтандыру шартын Сақтанушыға тиісінше тапсыру болып табылады. Бұл ретте Сақтандырушы мен Сақтанушы кез келген қажеттілік туындаған кезде сақтандыру шартын қағаз тасығышқа көшіруге құқылы.
Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын жасалған сақтандыру Шартының талаптарына сəйкес төлеуі Сақтанушының сақтандыру Шартын, сақтандыру ережесін алуын растау жəне сақтандыру талаптарымен келісімі болып табылатындығы туралы талап Сақтандыру шартында көзделеді.
Сақтандырушы сақтандыру полисіне жəне сақтандыру шартына қатысы бар өзге де құжаттарға қол қойған кезде уəкілетті лауазымды адамның қолын механикалық немесе өзге де көшіру құралдарының көмегімен факсимильдік қайта көшіруді пайдалануға құқылы. Мұндай қол құқықтық салдарларды туындатады жəне Сақтандырушы мен Сақтанушы Сақтандырушы оның Сақтандырушының уəкілетті өкілінің түпнұсқалық қолы сияқты заңды күші бар қол екенін мойындайды.
9.4. Сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын жəне оның басталуынан (сақтандыру тəуекелінен) туатын ықтимал шығындардың мөлшерін айқындау үшін Сақтанушыға белгілі елеулі маңызы бар мəн-жайларды, егер бұл мəн-жайлар Сақтандырушыға белгілі болмаса жəне белгілі болмауы тиіс болса, хабарлауға міндетті. Бұл ретте сақтандыру шартында немесе Сақтандырушының жазбаша сұрау салуында Сақтандырушы айқын келіскен мəн-жайлар елеулі деп танылуы мүмкін.
9.5. Егер сақтандыру шартын жасасқаннан кейін Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын жəне оның басталуы мүмкін залалдар мөлшерін анықтау үшін елеулі мəні бар мəн-жайлар туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлағаны анықталса, Сақтанушы қайтыс болған мəн-жайлар жойылған жағдайды қоспағанда, Сақтандырушы сақтандыру шартын жарамсыз деп тануды жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес салдарларды қолдануды талап етуге құқылы.
9.6. Сақтандырушы Сақтанушыдан сұрау салынған жағдайда Сақтанушыға олардың негізінде қалыптастырылған сақтандыру ережелерін немесе сақтандыру шарттарын түсіндіруге міндетті. Сақтандыру ережелері немесе олардың негізінде қалыптастырылған сақтандыру талаптары Сақтандырушының ресми сайтында ашық қолжетімді болады жəне олармен танысудың растамасы, егер сақтандыру талаптарында немесе сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру шартын жасасу жəне (немесе) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу фактісі болып табылады.
9.7. Егер сақтандыру шартында өзгеше белгіленбесе, сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен төлеген кезде- ақша қаражатын Сақтандырушының есеп айырысу шотына аудару үшін Сақтанушының есеп айырысу шотынан есептен шығару күні, бірақ сақтандыру шартында сақтандыру мерзімі басталған күн ретінде көрсетілген күннен 00 сағат 00 минуттан ерте емес болып есептеледі.
9.8. Сақтандыру шартының қолданылуы мынадай негіздер бойынша тоқтатылады:
9.8.1. сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталуы;
9.8.2. Сақтандырушының сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындауы;
9.8.3. Сақтанушы сақтандыру шартында жəне/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Ережеде көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Сақтанушы Сақтандырушының сақтандыру шартынан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен кейінгі күннің 00 сағат 00 минутынан бастап Ереженің 13-тармағының б) тармақшасында көзделген тəртіппен.
9.8.4. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға болып табылатын Сақтанушының жұмысын тоқтатуы немесе жеке тұлға болып табылатын Сақтанушының қайтыс болуы;
9.8.5. Сақтанушының талабы бойынша;
9.8.6. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен Сақтандырушының жұмысын тоқтатуы;
9.8.7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.
9.9. Ұстаушыға қатысты сақтандыру шарты Сақтанушының, Ұстаушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша, тараптардың келісімі бойынша не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
9.10. Сақтандыру шарты Ереженің 9.8.1. - 9.8.4. тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда сақтандыру сыйлықақысы (немесе сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі) қайтаруға жатпайды.
9.11. Ереженің 9.8.5. тармақшасына сəйкес сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда:
9.11.1. Егер Сақтанушы - жеке тұлға немесе заңды мұрагер Сақтанушы — жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, Сақтандыру шартын бұзу туралы өтінішпен оның қолданылуы басталған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төртінші) күннен кешіктірмей жүгінсе жəне егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, бұзылатын Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғалар болмаса:
- Егер Сақтанушы немесе заңды мұрагер Сақтанушы — жеке тұлға қайтыс болған жағдайда сақтандыру шартынан сақтандыру басталған күнге дейін бас тартса - сақтандыру сыйлықақысын қайтару толық көлемде жүзеге асырылады;
- Егер Сақтанушы немесе заңды мұрагер Сақтанушы — жеке тұлға қайтыс болған жағдайда сақтандыру басталған күннен кейін сақтандыру шартынан бас тартса — сақтандыру сыйлықақысын қайтару сақтандыру шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап сақтандыру мерзімі өтпеген сақтандыру мерзіміне тепе-тең күндермен есептелетін, сақтандырудың аяқталмаған мерзімі үшін нақты төленген сақтандыру сыйлықақысы көлемінде жүзеге асырылады.
9.11.2. Қалған жағдайларда (Ереженің 9.11.1 тт-да көрсетілген жағдайларды қоспағанда), егер Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтанушы немесе заңды мұрагер Сақтанушы - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, қолданылу мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен кейінгі күндерде, Сақтандырушының сақтандыру шартын жасасуға байланысты шығындарын шегере отырып, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтандыру шарты бойынша қайтарылуға жататын сақтандыру сыйлықақысы сомасының 30% - ы мөлшерінде іс жүзінде төленген сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін алуға құқығы бар.
9.12. Ереженің 9.11.1. тт. көзделген жағдайларда Сақтандыру шартын тоқтату күні Сақтандырушының Сақтанушының шарттан бас тарту туралы жазбаша өтінішін алған күні болып саналады.
9.13. Ереженің 9.11.2. тт. көзделген жағдайларда сақтандыру шартын тоқтату күні Сақтандырушы Сақтанушының немесе Сақтанушының заңды мұрагері - жеке тұлғаның шартты мерзімінен бұрын тоқтату (шарттан бас тарту туралы) туралы Ереженің 1.7.13.т. көзделген тəртіппен тиісті хабарламасын алған күннен кейінгі күн болып есептеледі. Не болмаса Сақтанушы немесе Сақтанушының заңды мұрагері шартты бұзу туралы өтініште тікелей көрсеткен күн, бірақ Сақтандырушы Сақтанушының немесе Сақтанушының заңды мұрагерінің тиісті хабарламасын алғаннан кейінгі күннен ерте емес.
9.14. Осы Ереженің 9.11.1. тармақшасында көзделген жағдайда Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысын немесе сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тəртіппен жүзеге асырылады.
9.15. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Шартта көзделген мерзімде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеген жағдайда, Сақтанушыға кезекті сақтандыру жарнасын төлеу үшін белгіленген күннен кейінгі күннен бастап есептегенде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге жеңілдікті кезең беріледі. Егер сақтандыру жарналарын төлеу бойынша берешек жеңілдікті кезеңнің соңына қарай таратылмаса, сақтандыру шартының қолданылуы, егер Тараптар осы мерзім өткенге дейін өзгеше уағдаласпаса, жеңілдік кезеңі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап (31 күнтізбелік күнге) автоматты түрде тоқтатылады.
9.16. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын сақтандыру шартында көзделген мерзімде, бірақ сақтандыру шартында көзделгеннен аз сомада төлеген жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыдан сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын толық төлемеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде берешек сомасын төлеуді талап етуге құқылы. Егер сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын төлеу бойынша берешек көрсетілген мерзімде өтелмесе, сақтандыру шарты күшіне енбеген болып есептеледі жəне Сақтандырушы ол бойынша жауап бермейді, ал Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі Сақтанушыға қайтарылуға тиіс. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын төлеу бойынша берешекті көрсетілген мерзімде өтеген жағдайда, сақтандыру өтемі берешекті өтеу сəтіне дейін болған оқиғаларға қолданылады.
9.17. Тараптар Ұстаушының шотына қатысты Сақтандыру шартын тоқтату бөлігінде, сондай-ақ Сақтандырушы мен Сақтанушы арасындағы жалпы сақтандыру шартын тоқтату кезінде Сақтандырушы мен Сақтанушы арасында бұзу туралы жеке келісім жасалмайды жəне Сақтанушы немесе Ұстаушы Сақтандырушыға сақтандыру шартында Сақтанушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберген хабарлама, егер сақтандыру шартында өзгеше тікелей көзделмесе,Ұұстаушының шотына қатысты сақтандыру шартының қолданылуын тоқтатудың тиісті нысаны болып табылады деген келісімге келді.
9.18. Егер сақтандыру шарты сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылғанына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылса жəне сақтандыру тəуекелінің болуы сақтандыру жағдайына қарағанда өзге мəн-жайлар бойынша тоқтатылса,
Сақтандырушының азаматтық заңнамаға сəйкес сақтандыру қолданылған уақытқа барабар сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.
10. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР
10.1. Сақтанушы осы сақтандыру Ережелерінің негізінде сақтандыру шартын жасай отырып, жасалған сақтандыру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Сақтандырушыға берілетін құжаттарда қамтылған өзінің дербес деректерін жəне өзге де ақпаратты (оның ішінде телефон байланысын пайдалана отырып берілетін, Сақтандырушы телефон келіссөздерін жазу мен сақтаудың тиісті мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін шамада) өңдеуге, сақтауға жəне өзге де пайдалануға келісім білдіреді.
10.2. Сақтандырушы Сақтанушы мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты сақтауға міндетті нормативтік құжаттарда белгіленген барлық мерзім ішінде Сақтанушының деректерін өзінің бағдарламалық-аппараттық құралдарының көмегімен өңдейді.
10.3. Жасалған сақтандыру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында дербес деректерді өңдеу жеке деректерді жинау, жүйелендіру, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде дербес деректерді трансшекаралық беруді қоса алғанда, беру), жеке деректерді иесіздендіру, бұғаттау, қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде жою арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін Сақтандырушы сақтандыру шартын жасасуға жəне орындауға байланысты өзіне белгілі болған дербес деректерді Сақтандырушымен дербес деректерді сенімді сақтауды жəне заңсыз жария етуді (құпиялылықты) болдырмауды қамтамасыз ететін тиісті келісімдері жасалған үшінші тұлғаларға беруге құқылы.
10.4. Сақтандырушы осы сақтандыру ережелерінде жəне ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделгеннен өзге мақсаттарда дербес деректердің сақталуын жəне жария етілмеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
10.5. Сақтандыру шартында көрсетілген Сақтанушының, Пайда алушының, Карта ұстаушының дербес деректері өзгерген жағдайда, Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру шартына тиісті өзгерістер енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Сақтандырушы Сақтанушы дербес деректердің өзгергенін растайтын құжаттарды ұсынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сақтандыру шартына тиісті өзгерістер енгізеді.
10.6. Сақтанушының, Пайда алушының, Картаны ұстаушының дербес деректерді өңдеуге келісімі Сақтандырушыға дербес деректерді өңдеуге, сақтауға жəне өзге де пайдалануға келісімді кері қайтарып алу туралы жазбаша өтініш жіберу арқылы қайтарып алынуы мүмкін. Бұл ретте Сақтандырушы сақтандыру шарты бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында ғана жəне тек қана дербес деректерді өңдеуді жалғастырады.
11. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ КЕЗЕҢІНДЕ САҚТАНДЫРУ ТƏУЕКЕЛІН ҰЛҒАЙТУДЫҢ САЛДАРЫ
11.1. Сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде Сақтанушы (Пайда алушы, Карта ұстаушы) сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мəн- жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тəуекелінің ұлғаюына елеулі əсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу хабарлауға міндетті (мəн-жайлардың өзгеруі елеулі болып танылады, егер Тараптар бұл өзгерістерді ақылға қонымды болжай алатын болса, сақтандыру шартын олар мүлде жасамайтын немесе елеулі ерекшеленетін шарттарда жасайтын жағдайда).
11.2. Сақтандыру тəуекелінің ұлғаюы туралы ақпарат алғаннан кейін Сақтандырушы сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді немесе тəуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.
Егер Сақтанушы (Карта ұстаушы) сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тəртіппен сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқылы.
11.3. Егер Сақтанушы (Пайда алушы, Карта ұстаушы) Сақтандырушыға сақтандыру шартын жасасу кезінде белгілі болған мəн-жайлардағы елеулі өзгерістер туралы хабарламаса, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сəйкес сақтандыру шартын бұзуды жəне сақтандыру шартын бұзудан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Егер сақтандыру тəуекелінің ұлғаюына əкеп соғатын мəн-жайлар жойылса, Сақтандырушының сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
12. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
12.1. Сақтанушының құқығы бар:
12.1.1. Сақтандырушыдан оның қаржылық тұрақтылығына қатысты коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты алу;
12.1.2. Сақтандырушының осы Ереженің жəне сақтандыру шартының талаптары туралы Ереженің негізінде жасалған консультацияларын алуға;
12.1.3. Сақтандыру шарты жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алуға;
12.1.4. Осы Ережеде көзделген тəртіппен Сақтандырушыға міндетті түрде жазбаша хабарлай отырып, сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;
12.1.5. Сақтандыру шартында Сақтанушының өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.
12.2. Сақтанушы міндетті:
12.2.1. Сақтандыру шартында көзделген мөлшерде жəне тəртіппен сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) уақтылы төлеу;
12.2.2. Сақтандырушыға сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мəліметтерді, сондай-ақ сақтандыру шартының қолданылуына байланысты өзге де қажетті ақпаратты беруге;
12.2.3. Сақтандыру шарты бойынша ақпараттың құпиялылығын жəне құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
12.2.4. Сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның орын алу мəн-жайларын тексеру жəне сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау мақсатында Сақтандырушыға жəрдем көрсету, қажетті ақпарат пен құжаттарды жіберу;
12.2.5. Сақтандырушыға сақтандыру шартын жасасқаннан кейін белгілі болған, шоттағы ақша қаражаты одан əрі сақтандыру шарты бойынша сақтандырыла алмайтын жағдайлардың пайда болғаны туралы мəліметтерді беру;
12.2.6. Сақтанушыға Ұстаушыдан сақтандыру шарты шеңберінде шоттағы өзінің ақша қаражатын сақтандырудан бас тартқанын растау келіп түскен жағдайда, Сақтандырушыға оның сұрау салуы бойынша жоғарыда көрсетілген растауды беру;
12.2.7. 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Сақтандырушыны сақтандыру шартында Сақтанушы хабарлаған мəліметтерге қатысты барлық өзгерістер туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ сақтандыру шартын жасасу мақсатында ұсынылған деректердің жарамдылығын жылына кемінде 1 (бір) рет растауға міндетті. Сақтанушыдан сақтандыру шартын жасасқан күннен бастап бір жыл өткеннен кейін жəне əрбір келесі жылдан кейін жазбаша хабарламаның болмауы Сақтанушының сақтандыру шартын жасасқан кезде ұсынылған деректердің шынайылығы мен өзектілігін растауын білдіреді;
12.2.8. Бенефициарлық иеленуші, яғни ақырында тікелей немесе жанама түрде (үшінші тұлғалар арқылы) Сақтанушы - заңды тұлғаны иеленетін (капиталда 25 пайыздан астам басым қатысуы бар) не Сақтанушының іс-əрекетін бақылау мүмкіндігі бар жеке тұлға (тұлғалар) туралы дербес хабарлауға. Сақтандырушыға бенефициарлық иеленуші туралы мəліметтерді табыс етпеу Сақтанушының мұндай мəліметтердің жоқ екендігі туралы хабарламасы болып табылады.;
12.2.9. 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Сақтанушы бенефициарлық иелері туралы хабарлаған мəліметтерге қатысты барлық өзгерістер туралы сақтандырушыны жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ жылына кемінде 1 (бір) рет ұсынылған деректердің
жарамдылығын растауға тиіс. Бенефициарлық иеленушілер туралы мəліметтерді ұсынған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін сақтанушыдан жазбаша хабарламаның болмауы жəне əрбір келесі жыл ішінде Сақтанушының бастапқы берілген деректердің шынайылығы мен өзектілігін растауын білдіреді.
12.2.10. Қажет болған жағдайда, егер Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында Карталарды ұстаушылардың сақтандыру шарты жасалған жағдайда, атап айтқанда, Сақтандырушының мемлекеттік органдардың сұрауларына жауап дайындауы мақсатында Сақтандырушыға сақтандыру шартында көрсетілген мерзім ішінде оның талап етуі бойынша Ұстаушыны(ларды) сақтандыру шартына енгізгенін растауды беру;
12.2.11. Сақтандыру шартында сондай-ақ Сақтанушының ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де міндеттері көзделуі мүмкін.
12.3. Карта ұстаушы құқылы:
12.3.1. 1.7.13.т. қарастырылған тəртіпте сақтандырушыға тиісті хабарлама жіберу арқылы сақтандыру шартына қатысудан бас тарту сақтандыру шартында көрсетілген өзге де тəртіппен;
12.3.2. сақтандырушыға осы Ереженің жəне Ереженің негізінде жасалған сақтандыру шартының талаптары туралы кеңес алуға міндетті.
12.4. Сақтандырушы құқылы:
12.4.1. Сақтанушы жəне/немесе Ұстаушы хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ Сақтанушының жəне/немесе Ұстаушының сақтандыру шартының талаптары мен шарттарын барлық заңды тəсілдермен орындауын тексеру;
12.4.2. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру қызметінің стандарттарын өндірістік қажеттіліктерге жəне ҚР заңнамасындағы өзгерістерге сəйкес Сақтанушымен келісілген жəне ҚР заңнамасының нормаларымен белгіленген шамада өзгерту;
12.4.3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына байланысты фактілер бойынша Сақтандырушы қосымша тексеру тағайындаған, қылмыстық іс қозғаған немесе тексеру, тергеу немесе сот талқылауы аяқталғанға дейін не Сақтандырушының мəлімделген оқиға бойынша шешім қабылдауына кедергі келтіретін басқа да мəн-жайлар жойылғанға дейін сот процесі басталған жағдайда сақтандыру төлемі (сақтандыру төлемінен бас тарту) туралы шешімді кейінге қалдыру;
12.4.4. Сақтандыру шартында, Сақтандыру ережелерінде жəне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемінен бас тарту;
12.4.5. Тəуекел дəрежесі өзгерген кезде Сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді талап ету;
12.4.6. Сақтандыру белгілері бар оқиғаның орын алу фактісі бойынша мəн-жайларға тексеру жүргізу, оның ішінде келтірілген залалдың ұсынылған құжаттарға сəйкестігі мəніне сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
12.4.7. Осы Ереженің жəне сақтандыру шартының ережелерін орындау тəртібімен өзге де іс-əрекеттерді жүзеге асыруға міндетті.
12.5. Сақтандырушы міндетті:
12.5.1. Сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыру жəне оның талабы бойынша Ереженің көшірмесін ұсыну (жіберу);
12.5.2. Сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру төлемін жүргізуге немесе Сақтандыру шартында белгіленген мерзімде сақтандыру төлемінен бас тартуға;
12.5.3. Сақтандыру шартын жасасуға жəне орындауға байланысты Сақтанушымен, Пайда алушымен, Ұстаушылармен қатынастарда ақпараттың, оның ішінде дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
12.5.4. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін жəне Сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы жетіспейтін жəне (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлауға міндетті.
12.6. Тараптар осы Ережеде жəне ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді атқарады. Сақтандыру шартында Тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтар мен міндеттерді де келісуі мүмкін.
12.7. Егер Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға ақша қаражатын аудару үшін қажетті құжаттарды немесе деректемелерді ұсынбаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімдерін бұзғаны үшін жауапты болмайды.
13. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ: САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ТƏРТІБІ, ШАРТТАРЫ ЖƏНЕ МЕРЗІМІ, САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ
13.1. Сақтандырушы Пайда алушыға Ереженің 3-бөлімінде аталған сақтандыру оқиғасы басталған жəне оны сақтандыру жағдайы деп таныған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.
13.2. Сақтандыру төлеміне жүгінген кезде Сақтанушы немесе Пайда алушы Сақтандырушыға сақтандыру төлемін аудару үшін толық банк деректемелерін көрсете отырып, сақтандыру төлемін алуға белгіленген үлгідегі өтінішті, жағдай сақтандыру жағдайы деп танылған жағдайда, сондай-ақ мынадай құжаттарды беруге міндетті:
13.2.1. Пайда алушыға "Тонау нəтижесінде ақша қаражатын ұрлау" (Ереженің 3-т.), "Қарақшылық шабуыл нəтижесінде ақша қаражатын ұрлау" (Ереженің 3.2.2.-т.) сақтандыру тəуекелдері бойынша залал келтірілген жағдайда ол ұсынады:
а) Пайда алушының немесе оның өкілінің жеке басын жəне өкілеттігін куəландыратын құжат (соның ішінде, паспорт, сенімхат, мұрагерлік құқығының енуін растайтын құжаттар).
б) Ұстаушының банкке жүгінген уақыты жəне Банктің картаны бұғаттау уақыты туралы банктің растауы.
в) Ұстаушының сақтандыру оқиғасы фактісі бойынша құқық қорғау органына жүгіну фактісі мен уақытын растайтын құжат.
г) қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі немесе шоттан ақша қаражатын рұқсатсыз есептен шығаруға əкеп соққан құқыққа қарсы іс — əрекет болған елдің полиция анықтамасы, шетелдік паспорттың көшірмесі, істі сотқа берген кезде-сот шешімі.
д) медициналық куəландырудың көшірмесі жəне/немесе қолма-қол ақша қаражатын ұрлау жағдайлары туралы жазбаша нысандағы куəгерлік айғақтар (бар болса).
13.2.2. Пайда алушыға "ҮТҚҚƏ" сақтандыру тəуекелі бойынша залал келтірілген жағдайда (Ереженің 3-т.):
а) Пайда алушының немесе оның өкілінің жеке басын жəне өкілеттігін куəландыратын құжат (соның ішінде, паспорт, сенімхат, мұрагерлік құқығының енуін растайтын құжаттар).
б) сақтандырылған шот бойынша операция күні, оның өткізілетін орны, сомасы мен валютасы, картаны бұғаттау жəне картаның əшкерелеу фактісін растау туралы ақпараты қамтитын анықтама-есеп.
13.3. Егер қолда бар ақпарат оқиғаны сақтандыру жағдайы деп тану жəне сақтандыру төлемін жүргізу туралы шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, Сақтандырушы берілетін құжаттардың тізбесін қысқартуға құқылы.
13.4. Егер бұл сақтандыру шартында тікелей көзделген болса, жоғарыда аталған құжаттар сақтандыру шартында не Сақтандырушының сайтында Сақтандырушының электрондық поштасының мекен-жайы көрсетілген жағдайда, кейіннен Сақтандырушының сұратуы бойынша түпнұсқаларды ұсына отырып, Сақтандырушының электрондық поштасы арқылы сканерленген көшірмелер түрінде жіберілуі мүмкін.
13.5. Сақтанушы залалды кейіннен реттеу мақсатында Пайда алушы немесе оның өкілі тікелей Сақтанушыға беретін құжаттарды Сақтандырушыға бергені үшін жауапкершілікті өзіне алады.
13.6. Егер сақтандыру төлемін жүргізу туралы мəселені шешу үшін Сақтандырушыға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, ол ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларын (танысу үшін) жəне (немесе) нотариалды куəландырылған көшірмелерін талап етуге құқылы.
13.7. Сақтандыру төлемі Ереженің 3.2-т. көрсетілген сақтандыру тəуекелдерінің нəтижесінде шоттан рұқсатсыз есептен шығарылған ақша қаражаты мөлшерінде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру сомасы шегінде жүргізіледі.
13.8. Сақтандырушы Ұстаушының/Пайда алушының өтінішін қарайды жəне сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды не Ереженің 13.2-тармақтарында санамаланған барлық құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сақтандыру төлемінен дəлелді бас тартуды ұсынады.
13.9. Егер Ереженің 3.2.1.-3.2.2. тт-да санамаланғандар санынан болған сақтандыру жағдайы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде орын алса, өзге де шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен берілген, олардың заң нормаларына сəйкес ұқсас құжаттар немесе Сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуын жəне келтірілген шығындарды растайтын қолда бар кез келген құжаттарды ұсыну қажет.
13.10. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға негіз ретінде ұсынылған, шет тілінде жасалған құжаттар Сақтандырушы талабы бойынша аударма компаниясы немесе аударма бюросымен аударылуы тиіс. Сақтанушы немесе Пайда алушы шет тілінде жасалған құжаттардың аудармасын беруден бас тартқан жағдайда, оларды Сақтандырушы мəлімделген оқиғаны қарау кезінде қабылдамайды.
13.11. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізеді.
13.12. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталу себептерін жəне сақтандыру жағдайының басталу себептеріне жəне ол туралы толық ақпарат алу қажеттілігіне қатысты қосымша тексеру жүргізу қажеттігін нақтылау үшін сақтандыру төлемі туралы өтінішті қарау мерзімін күнтізбелік 60 (алпыс) күнге дейін ұзартуға құқығы бар.
13.13. Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дəлелдемелерді беруге жəне оған осы Ережелерде жəне (немесе) сақтандыру шартында көрсетілген оған өткен талап ету құқықтарын жүзеге асыру үшін қажетті барлық мəліметтерді хабарлауға міндетті.
13.14. Егер сақтандыру төлемі шетел валютасында ашылған шоттың деректемелері бойынша жүргізілсе, онда ол теңгенің сақтандыру жағдайы күніне ҚР ҰБ шетел валютасының ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.
14. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ІС- ƏРЕКЕТІ
14.1. Сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға басталған кезде Сақтанушы (Пайда алушы, Ұстаушы) міндетті:
14.1.1. Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының басталу мəн-жайын жəне шығын мөлшерін көрсете отырып, сақтандыру жағдайының белгілерін иеленуші оқиға туралы жазбаша өтініш беруге:
а) осы Ереженің 3.2.1, 3.2.2.-тармақтарына сəйкес сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиға басталған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
б) осы Ереженің 3.2.3-тармағына сəйкес сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиға туындаған кезде 30 (отыз) жұмыс күні ішінде.
14.1.2. Дербес немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтандыру жағдайына кінəлі адамнан талап ету құқығын жүзеге асыру үшін қажетті ҚР қолданыстағы заңнамасында қарастырылған шараларды қабылдау.
14.1.3. Құзыретті органдарға (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің органдарына жəне т.б.) болған жағдай туралы мəлімдей отырып, сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаны құжаттамалық ресімдеуді қамтамасыз ету.
15. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТƏРТІБІ
15.1. Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында Сақтандыру шарты бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер жолымен шешу үшін барлық күш- жігерін жұмсайды.
15.2. Дауларды келіссөздер немесе оларды соттан тыс өзге де реттеу жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тəртіппен шешіледі.
15.3. Даулы мəселелерді шешу кезінде Сақтандыру ережелерінің жағдайлары Сақтандыру шартының ережелеріне қатысты басым күшке ие болады.
15.4. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
15.5. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
15.6. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 15.4. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
15.7. Сақтанушы 1)-5) 15.4. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.