02.07.2020 ж. өзгерістермен
12.11.2020 ж. өзгерістермен
07.12.2020 ж. өзгерістермен
22.04.2022ж. өзгерістермен
09.06.2022ж. өзгерістермен
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереженің талаптары бойынша Қазақстан Республикасының шетелге шығатын медициналық және / немесе өзге шығыстарын сақтандыру (бұдан әрі - «Ережелер») «НОМАД Иншуранс» Акционерлік қоғамы, бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын сақтандыру компаниясы, Қазақстан Республикасының шетелге шығатын тұлғаларының медициналық және/немесе бақса шығыстарын ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.
1.2. Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
1.2.1. Ассистанс – Сақтандырушымен ынтымақтастық туралы шарттың негізінде өзіне Сақтандырушының атынан сақтандыру аумағында Шартпен көзделген Сақтандырылушыларға ұсынылған қызметтерді ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға.
1.2.2. Жақын туыстары – Сақтандырылушының ата-анасы (асырап алушылары), Сақтандырылушымен тіркелген некеде тұратын жұбайы/зайыбы, оның балалары, оның ішінде асырап алған, сондай-ақ туған бауырлары, апа-қарындастары, әжелері, аталары, немерелері;
1.2.3. Кенеттен жіті ауру – Сақтандырылушының денсаулық жағдайының күтпеген өзгеруі (аурулар, жарақаттар), органдарды және/немесе жүйелерді зақымдаумен клиникалық тұрғыдан көрінетін, өмірі үшін қауіп төндіретін және жедел медициналық көмекті талап ететін жағдай.
1.2.4. Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемінің алушысы болып табылатын тұлға.
Шартты жасау кезінде Сақтанушы Шарт бойынша сақтандыру төлемін алу үшін кез келген тұлғаны – Пайда алушыны тағайындауға, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталғанға дейін, бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша хабарлай отырып, оны өз қарап шешуі бойынша ауыстыруға құқылы.
Шарт бойынша Пайда алушыны тағайындауға және ауыстыруға тек Сақтандырылушының жазбаша келісімімен рұқсат етіледі.
Пайда алушы Шарт бойынша қандай да бір міндеттерін орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты бергеннен кейін басқа тұлғамен ауыстырылмайды.
Егер Шартта Пайда алушы тағайындалмаған болса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, Пайда алушы ретінде Сақтандырылушының мұрагері болып табылатын тұлға танылады.
1.2.5. Сақтандырылушы - өзіне қатысты Сақтанушы сақтандыру шартын жасайтын жеке тұлға. COVID-19-тан сақтандыру бойынша, бұл сақтандыру шартын жасау күніндегі жасы 0-ден 101 жасқа дейінгі тұлға.
1.2.6. Ассистанстың медициналық мекемелері – Ассистанспен қызмет көрсету шарттарын жасаған және сақтандыру аумағында Сақтандырушының атынан Сақтандырылушыларға Шартпен көзделген қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын мекемелер.
1.2.7. Медициналық мекемелер және/немесе дәрігерлер – сақтандыру аумағында өз қызметін жүзеге асыратын, олардың қызметін Сақтандырылушы Ассистанстың қызметкерлерінің жолдауынсыз өз бетімен пайдаланған медициналық мекемелер немесе қызметкерлер.
1.2.8. Жедел медициналық көмек – адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру, қолдау және ағзаның ары қарайғы қайтарылмайтын патологиялық процестерінің алдын алу мақсатымен қолданылатын жедел медициналық көмек. Жедел медициналық көмек көлеміне өткір ауру синдромын тоқтату (болдырмау) кіреді.
1.2.9. Жазатайым жағдай – адамның еркінен тыс, ағзаға сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде болған және Сақтандырылушының кенеттен жіті ауыруын және/немесе қайтыс болуын болдырған, кенеттен болған қысқа уақыттық оқиға (уақиға).
Жазатайым жағдайға әртүрлі сыртқы факторлардың бір мезеттік, кенеттен болған әсері жатады, олардың сипаты, басталу уақыты мен орны анықталуы мүмкін: табиғаттың дүлей құбылысы, жарылыс, күю, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, найзағай түсу, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері, жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, қандай да бір заттың немесе Сақтандырылушының өзінің құлауы, сондай-ақ көлік құралдарының (ұшақтың, автомобильдің, автобустың, поездың және т.б.) қозғалысы/пайдалану кезінде алынған жарақаттар, машиналарды, механизмдерді пайдалану кезінде көлік құралына отырғызуды және одан түсіруді қоса.
1.2.10. Созылмалы аурудың асқынуы – Шарт бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде Сақтандырылушыда жіті пайда болған және Сақтандырылушы тұлғаның өміріне қауіп төндіретін, оған қатысты Сақтандырылушы тұлға өткен уақытта емделген, бірақ дәрігердің қорытындысы бойынша сапар жасау үшін кедергі болып табылмайтын созылмалы ауру.
1.2.11. Сапар – Сақтандырылушы тұлғамен жеке де, және меншік нысанына және соңғылардың ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз, тиісті туристік агенттіктердің, туристік компаниялардың, бюроның, туристік операторлардың, қабылдаушы тараптардың (жұмыс берушілер, оқу мекемелері) көмегімен (арқылы) ұйымдастырылған және жүзеге асырылатын, іскерлік, туристік, жеке және басқа сапар.
1.2.12. Тасымалдаушы – темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автокөліктерін меншік құқығына немесе басқа заңды негіздерде иеленетін және сақтандыру аумағының заңнамасына сәйкес ақы үшін немесе жалдау бойынша жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ие, және лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.
1.2.13. Ассистанстың қызметкерлері – Ассистанстың немесе Ассистанстың медициналық мекемелерінің медициналық қызметткерлері, Шартпен көзделген қызметтерді сақтандыру аумағында Сақтандырушының атынан Сақтандырылушыларға көрсету, сондай-ақ ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау бойынша қызметті жүзеге асыратын Ассистанстың өкілдері.
1.2.14. Репатриация –Ассистанспен қайтыс болған Сақтандырылушының денесін Қазақстан Республикасынлдағы, немесе Сақтандырылушы тірі кезінде азаматтығы болған елдің жерлеу орнына жақын халықаралық әуежайына дейін тасымалдауды ұйымдастыру.
1.2.15. Уақытша болатын ел ( жер ) –Сақтандыру шартында көрсетілген және сақтандыру аумағына кіретін, Сақтандырылушы азаматтығына ие және (немесе) онда тұрақты тұратын елді қоспағанда, кез келген ел.
1.2.16. Тұрақты тұру елі –Сақтандырылған тұлғаның бірінші немесе екінші тұрақты тұру жері болып табылатын ел немесе елдер.
1.2.17. Сақтанушы–Сақтандырушымен шартты жасаған тұлға.
1.2.18. Сақтандырушы –Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіптеҚазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға), Шартпен белгіленген белгілі бір сома (сақтандыру сомасы) шегінде және шарттарда сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті заңды тұлға.
1.2.19. Сақтандыру төлемі – Сақтандырушымен Пайда алушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартпен белгіленген сақтандыру сомасының шегінде төленетін ақша сомасы.
1.2.20. Сақтандыру сыйлықақысы–Сақтандырушымен Шартпен анықталған мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
1.2.21. Сақтандыру жағдайы – Шарт басталған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға. Коронавирустық инфекция бойынша сақтандыру жағдайы болып Шарттың қолданылу кезеңінде және сақтандыру аумағында Сақтандырылушының сақтандыру қорғаныстың қолданылу кезеңінде SARS-Cov-2 коронавирустық инфекциясынан COVID-19 ауруының алғаш рет анықталуына байланысты ауруханаға жатқызылуынан туындаған күтпеген шығыстардың (шығындардың) пайда болу фактісі табылады.
1.2.22. Сақтандыру сомасы – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін ұсынатын және сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы.
1.2.23. Сақтандыру аумағы – Шартта көрсетілген, уақытша болу елі немесе басқа нақты белгіленген аумақ.
1.2.24. Тәуекелді арттыру – мұндай арттыруға тікелей әсер ететін жағдайлардың басталуына байланысты сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығын арттыру (сақтандыру аумағын өзгерту, сапар мақсатын өзгерту, сапар мерзімін өзгерту, Сақтандырылушы тұлғаға осы Ережелермен сақтандыру төлемінен бас тарту көзделген ауруларды/диагноздарды қою және т.б.);
1.2.25. Шартты бірлік – Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы белгіленген валюта бірлігі.
1.2.26. Франшиза – сақтандыру шарттарымен көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын Сақтандырушыны залалды өтеуден босату. Франшиза шарт қойылатын (шегерілмейтін) және шарт қойылмайтын (шегерілетін) болады.
Шарт қойылатын франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ залалды толығымен өтеуі тиіс, егер оның мөлшері бұл сомадан көп болатын болса.
Шарт қойылмайтын франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген соманы шегерумен өтеледі.
Франшиза сақтандыру сомасына пайыздарда немесе абсолютті мөлшерде белгіленеді.
1.2.27. Созылмалы аурулар – кем дегенде келесі екі сипаттамаларға ие аурулар:
§ Белгілі танылған емдеу тәсілдеріне ие емес;
§ Белгісіз уақыт кезеңі ішінде әрекет етуі мүмкін;
§ Рецидивтер болады, немесе рецидивтердің туындау ықтималдылығы бар;
§ Тұрақты сипатқа ие;
§ Паллиативті емдеуді талап етеді;
§ Ұзақ уақыт бақылауды, консультацияларды, тексерулерді, зерттеулерді немесе талдауларды талап етеді;
§ тұлға аурудан емделу үшін оңалту курсынан немесе арнайы оқудан өтуі тиіс.
1.2.28. Эвакуация – егер Сақтандырылушы денсаулық жағдайының күрт нашарлауымен байланысты Ассистанстың білікті жұмыскерлерінің ұйғарымының негізінде сақтандыру аумағында болуын созуға немесе мерзімінен бұрын қайтуға мәжбүр болатын және кері қайту билетін пайдалана алмаған Ассистанспен Сақтандырылушының сақтандыру аумағынан Қазақстан Республикасына немесе Сақтандырылушы азаматтық ие елге шығуын ұйымдастыру.
1.2.29. Сақтандырылушыны аурухана жатқызу/қайтыс болуы жағдайында 16 жасқа дейінгі жастағы сақтандырылған балаларын эвакуациялау – Сақтандыру Шарты бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде сақтандыру аумағында Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы/ауруханаға жатқызылуы жағдайында 16 жасқа дейінгі балалардың Қазақстан Республикасына немесе баланың тұрақты тұру еліне қайтуын Ассистанспен ұйымдастыру.
1.2.30. Жедел медициналық тасымалдау – Сақтандырылушының денсаулық жағдайының күрт нашарлауымен және амбулаторлық-емханалық/стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету қажеттілігімен байланысты Ассистанс қызметкерлері ұсынысы бойынша сақтандыру аумағында медициналық мекемеге Сақтандырылушы тұлғаны жедел тасымалдау.
1.2.31. Жедел ауруханаға жатқызу – Сақтандырылушының өмірі үшін қауіп төндіретін денсаулық жағдайының күрт нашарлауымен және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету қажеттілігімен байланысты сақтандыру аумағында медициналық мекемеге ауруханаға жатқызу.
1.2.32. Интернет-ресурс – бірегей желілік мекен-жайы және/немесе домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде көрсетілетін электрондық ақпараттық ресурс. Компанияның Интернет-ресурсы Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Компания арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.
1.2.33. COVID-19 - SARS-CoV-2 (2019-nCoV) коронавирусі тудыратын ықтимал ауыр жіті респираторлық инфекция.
1.3. Шарт бойынша Сақтанушылар ретінде сақтандыру аумағында Сақтандырылушының қайтыс болуы және/немесе жазатайым жағдайдың, кенеттен жіті аурудың нәтижесінде туындаған шығыстарды өтеуге мүддеге ие іс-әрекетке қабілетті жеке (азаматтығына тәуелсіз) және заңды (меншік нысанына тәуелсіз) тұлғалар бола алады.
1.4. Шарт бойынша Сақтандырылушылар ретінде туғаннан бастап 101 жасқа дейінгі жеке тұлғалар болуы мүмкін. Бұл ретте сақтандыру мерзімінің аяқталу сәтіне Сақтандырылушының жасы 101 жастан аспауы тиіс.
1.5. Сақтандырушы Шартты жасау сәтіне келесі санаттардың біріне жататын Сақтандырылушы тұлға ретінде немесе тұлғаларға қатысты Шартты жасаудан бас тарту құқығына ие болады:
1) 101 жастан асқан тұлғалар;
2) Шартты жасау сәтіне оларға қатысты мүгедектік белгіленген, еңбекке жарамдылығынан (жалпы немесе кәсіби) айырылу дәрежесі (толық немесе ішінара) және/немесе кәсіби ауру анықталған тұлғалар;
3) есірткіні пайдаланатын/пайдаланған тұлғалар; уыттылық мас болу мақсатымен уытты заттарды пайдаланатын/пайдаланған тұлғалар; алкоголизмнен зардап шегетін/зардап шеккен тұлғалар;
4) тұрақты жүйке және психикалық бұзушылықтармен, осыған байланысты психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын/тұрған тұлғалар;
5) алкогольдік, есірткілік немесе психотроптық мас болу (кез келген дәрежедегі) нәтижесінде туындаған ауруларға немесе олардың салдарларына ие/ие болған немесе жарақат алған тұлғалар;
6) өзіне өзі қасақана дене жарақаттарын салған, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге әрекет жасаған тұлғалар;
7) жарақат алған немесе психикалық аурулардан, эпилепсиядан, жүйке жүйесінің дегенеративті-дистрофиялық және демиелинациялық ауруларынан туындаған аурулары немесе аурулары бар немесе бар адамдар;
8) емдеудің кез келген түрін алу, оның ішінде санаторийлерде, шипажайларда, демалыс үйлерінде және санаторлық-курорттық типтегі басқа да ұйымдарда профилактикалық емделу мақсатымен Қазақстан Республикасынан шетелге шығатын тұлғалар;
9) Шартты жасау сәтіне болжалды сақтандыру аумағында болған тұлғалар.
1.6. Сақтанушы шартқа қол қоя отырып, Сақтандырылушының/Пайда алушының өздерінің дербес деректерін Сақтандырушыға, Ассистансқа сақтандыру шартын орындау үшін тапсыру туралы келісімінің бар болуын растайды, сондай-ақ ҚР АК 830 бабына сәйкес сақтандыру құпиясына жататын Сақтандырылушының, Пайда алушының мәліметтерін Ассситансқа Сақтандырушымен сақтандыру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындау үшін тапсыруға өз келісімін береді.
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1 Сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылық тудырмайтын, Сақтандырылушыда төмендегілердің нәтижесінде туындаған қосымша күтпеген шығыстармен (залалдармен) байланысты Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделері:
2.1.1.Сақтандырылушының сақтандыру аумағындағы кенеттен жіті ауруы немесе жазатайым жағдайы;
2.1.2.Сақтандырылушының сақтандыру аумағында осы Ережемен көзделген әкімшілік және/немесе заңгерлік көмекті алу қажеттілігі.
3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
- Коронавирустық инфекция бөлігіндегі сақтандыру оқиғасы Сақтандырылушының сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңінде ауруханаға жатқызылуына әкеп соққан, COVID-19 коронавирустық инфекциясынан туындаған, сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңінде алғаш рет диагностикаланған ауру болып табылады.
- Сақтандыру жағдайы Шарттың қолданылу кезеңінде және сақтандыру аумағында кенеттен тыныс жолдарының жіті ауруынан немесе жазатайым оқиғадан (COVID-19 ауруынан басқа) туындаған Сақтандырылушының келесі күтпеген шығындарының (шығындарының) пайда болу фактісі болып табылады):
3.1. Жедел медициналық көмекке шығыстардың, атап айтқанда:
1) маман-дәрігерлердің келуі мен консультацияларына, емдеуші дәрігермен белгіленген диагнозды анықтау және/немесе растау үшін қажетті дәрі-дәрмекке және медициналық тексеру шығыстары;
2) консультацияларды, тексерулерді, ауруханаішілік бақылау мен күтімді, Сақтандырылушыны хирургиялық және/немесе дәрі-дәрмекпен емдеуді қоса, стандартты типтегі палатаға жедел ауруханаға жатқызу шығыстары;
3) қосымша Шенген аймағының аумағы бойынша: "COVID-19" қосымша тәуекелін төлеген кезде "COVID-19" негізгі диагнозы кезінде шұғыл/шұғыл медициналық көмек үшін 5 (бес) тәулікке дейінгі, бірақ сақтандырудың бүкіл кезеңі үшін 5 000 (бес мың) евродан аспайтын шығыстар.
3.2. Сақтандыру жағдайы күнінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Сақтандыру бағдарламасына (Novelty 150 ш.б.*[1], Amadeus 50 ш.б. (CRM) сәйкес лимиттен аспайтын сомаға жедел стоматологиялық көмек көрсету шығыстары, атап айтқанда:
1) тістің және оның айналасындағы жұмсақ тіндердің ауру синдромымен байланысты шығыстар: терапевтік емдеу, анестезия, жұлу;
2) ауыз қуысындағы іріңді-қабыну процестерін емдеумен байланысты шығыстар: анестезия, ашу, құрғату, қан кетуді тоқтату;
3) жазатайым жағдай кезінде жарақаттық зақымданудың нәтижесінде тістің және оның айналасындағы жұмсақ тіндердің жіті ауру синдромымен байланысты шығыстар;
Ерекшелік болып табылады және Сақтандырушымен жабылмайды: ортодонтия, косметология, протездеу және оған дайындық, әр түрлі шығу тегі бар ауыз қуысындағы ісіктер;
3.3. Ассистанспен ұйымдастырылған Сақтандырылушыны тасымалдау/эвакуациялау шығыстары,атап айтқанда:
1) Сақтандырылушыны Ассистанстың қызметкерлерінің ұсыныстары бойынша оқиға орнынан/сақтандыру жағдайының басталу орнынан жақын маңдағы медициналық мекемеге немесе сақтандыру аумағында дәрігерге жедел жәрдем машинасымен жедел медициналық тасымалдау шығыстары.
2) Сақтандырылушыны ауруханадан ары қарай Қазақстан Республикасына немесе Сақтандырылушының азаматтығы бар елге өз бетімен қайта оралуы үшін сақтандыру аумағында жақын маңдағы халықаралық әуежайға дейін тасымалдау шығыстары. Тасымалдау қажеттілігі Ассистанстың дәрігерлерімен анықталады.
3) Егер бұл Ассистанстың қызметкерлерінің пікірі бойынша қажет болатын болса, Сақтандырылушыны Қазақстан Республикасына немесе Сақтандырылушының азаматтығы бар елге медициналық эвакуация шығыстары:
§ Қазақстан Республикасындағы немесе Сақтандырылушының азаматтығы бар елдегі жақын маңдағы халықаралық әуежайға дейін;
§ Сақтандырылушыны медициналық емес немесе медициналық қызметкерлермен алып жүру.
3.3.1. Сақтандырушы келесі жағдайларда эвакуация шығыстарын өтейді:
1) егер Сақтандырылушы Ассистанстың білікті қызметкерлерінің ұйғарымдарының негізінде сақтандыру жағдайымен негізделген денсаулық жағдайының күрт нашарлауымен байланысты сақтандыру аумағында болу уақытын созуға, немесе мерзімінен бұрын қайта оралуға мәжбүр болған және кері қайту билетін пайдалана алмаған болса.
2) міндетті шарт болып табылады:
§ Ассистанстың қызметкерлеріне сақтандыру шартында көрсетілген тәулік бойына диспетчерлік қызметтің телефондары арқылы билеттерді айырбастауды/қайтаруды жүзеге асыру қажеттілігі туралы хабарлау;
§ Ассистанстың қызметкерлеріне билеттерді (төлқұжатты, билеттерді және т.б.) айырбастау/қайтару үшін барлық қажетті құжаттаманы ұсыну.
3) егер Сақтандырылушыны эвакуациялау Ассистанс арқылы ұйымдастырылған болса.
3.3.2. Ассистанстың білікті қызметкерлері сақтандыру аумағында анықтайды және шешеді:
§ Сақтандырылушыны тасымалдау/эвакуациялау жеделділігі мен қажеттілігін;
§ Сақтандырылушының жай-күйінің қалыпты жолаушы ретінде қайта оралуына мүмкіндік беретіндігін немесе арнайы жабдықтың және құралдардың қажеттілігін.
3.3.3. Көлік құралын және тасымалдау/эвакуациялау шарттарын таңдауды Сақтандырушының сол сәтте орналасқан елдегі Ассистанстың медициналық қызметкерлерінің ұсыныстары мен ұйғарымдарының негізінде жүзеге асырады.
3.3.4.Егер Ассистанстың білікті қызметкерлері осылай шешетін болса:
§ эвакуацияны жүзеге асыру кезінде Сақтандырылушыға Ассистанстың қызметкерімен (медициналық емес/медициналық қызметкердің) алып жүру қажет болатын болса, Сақтандырушы екі жаққа эконом класта ұшаққа билеттің құнынан аспайтын алып жүретін тұлғаның жол шығыстарын, және алып жүретін тұлғаның 5 (бес) тәуліктен көп емес мерзімге, бірақ 500 (бес жүз) АҚШ долларына/Евроға балама теңгемен сомадан көп емес тұру және тамақтану шығыстарын төлейді. Сақтандыру жағдайы бойынша барлық өтелетін шығыстар, алып жүретін тұлғаның шығыстарын қоса, Шартпен көзделген аталған Сақтандырушыға жалпы сақтандыру сомасынан аспайды;
§ Сақтандырылушыны эвакуациялау мүмкін болып табылатындығын, ал Сақтандырылушы қайта оралудан бас тартатын болса (ауызша немесе жазбаша), ары қарайғы амбулаторлық емдеу/ауруханаға жатқызу шығыстары, сондай-ақ Сақтандырылушының азаматтығы бар елге ары қарай қайта оралуымен байланысты шығыстар Сақтандырушымен төленбейді.
3.4.Сақтандырылушының денесін Қазақстан Республикасына немесе Сақтандырылушы тірі кезінде азаматтығы болған елге репатриациялау, атап айтқанда:
1) Халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкес келетін урнаға/кремацияға арналған жәшікке шығыстар;
2) Сақтандырылушының денесін Қазақстан Республикасындағы немесе Сақтандырылушының тірі кезінде азаматтығы болған елдегі жерлеу жеріне жақын халықаралық әуежайға дейін тасымалдаумен, кремациялаумен, сақтаумен, ұйымдастырумен байланысты шығыстар
3) Репатриация бойынша шығыстар репатриацияны ұйымдастыру жағдайында Ассистанс арқылы өтеледі. Сақтандырылушының туыстарымен немесе кез келген басқа тұлғалармен Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен жазбаша келісіммен өз беттерімен ұйымдастырылған Сақтандырылушының денесін репатриациялау төленбейді.
4) Таиланд Корольдігінің аумағында, егер Amadeus жүйесінде (CRM) қосымша тәуекелділік
болса, Сақтанушыны репатриациялау 90 000 АҚШ доллары шегінде жүзеге асырылады.
3.5. Сақтандырылушы (ата-анасы/қамқоршысы/сенім жүктелген тұлға) ауруханаға жатқызылған/қайтыс болған жағдайда, 16 жасқа дейінгі сақтандырылған балаларды Қазақстан Республикасына, несесе олардың тұрақты тұру/азаматтығы бар елге эвакуациялау:
1) Сақтандырылушы ата-анасының/қамқоршысының/сенім жүктелген тұлғаның сақтандыру аумағында ауруханаға жатқызылу және/немесе қайтыс болу жағдайында 16 жасқа дейінгі сақтандырылған балаларды Қазақстан Республикасына немесе олардың тұрақты тұру/азаматтығы бар елге эвакуациялау шығыстары, сақтандырылған баланың сақтандыру аумағында қамқорлықсыз жалғыз қалған жағдайда. Сақтандырушы әрбір баланың оның орналасқан жеріндегі (оның орналасу орнына жақын жердегі) әуежайдан Қазақстан Республикасындағы (немесе бала тұрақты тұратын/азаматтығы бар елдегі) бала тұратын елді мекенге дейінгі жақын қаладағы әуежайға дейін ұшу шығысын өтейді;
2) Сақтандырушы тасымалдаушының компаниясына билетті қайтаруды жүзеге асыру және өтемақыны алу немесе балаларды елге қайтару мақсатында тасымалдаушы компанияда билетті неғұрлым ерте немесе кеш мерзімге айырбастауды жүзеге асыру құқығын өзіне қалдырады;
3) Сақтандыру аумағында орналасқан сақтандырылған кәмелетке толмаған балаларды Қазақстан Республикасына эвакуациялау шығыстары эвакуациялау Ассистанс арқылы ұйымдастыру жағдайында Сақтандырушымен өтеледі. 16 жасқа дейінгі жастағы балаларды Сақтандырылушының туыстарымен, немесе кез келген басқа тұлғалармен Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен жазбаша келісіммен өз бетімен ұйымдастырылған эвакуация Сақтандырушымен төленбейді.
3.6. Заңгерлік және әкімшілік көмекті алу бойынша шығыстар:
1) Егер жазатайым жағдай үшінші тұлғаның кінәсінен орын алған болса, Сақтандырылушының құқықтарын қорғау бойынша іс қозғауда Сақтандырылушыға көмекті ұйымдастырумен және ұйымдастыруға ақы төлеуменбайланысты заңгерлік көмекті алу бойынша шығыстар:
Ақы төлеу Ассистанс арқылы көмекті ұйымдастыру жағдайында жүзеге асырылады. Өз бетімен, немесе Сақтандырылушының жақын туыстарымен, немесе кез келген басқа тұлғалармен Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен тікелей келісіммен ұйымдастырылған көмекке ақы төленбейді.
2) Келесілермен байланысты әкімшілік көмекті алу бойынша шығыстар:
жоғалған құжаттардың (төлқұжаттардың, визаның, билеттің) телнұсқаларын ресімдеу және оларды сақтандыру аумағындағы Сақтандырылушыға жеткізу. Ақы төлеу Ассистансқа, немесе Шарт бойынша Пайда алушыға осы Ережелердің 9 т. сәйкес жүзеге асырылады;
3) осы Ережелердің 3.1.-3.6 тармақшаларында көрсетілген сақтандыру жағдайымен байланысты және Сақтандыру шартында көрсетілген Ассистанстың тәулік бойлық диспетчерлік қызметінің телефон нөмірлері бойынша Сақтанушының (Сақтандырылушының) телефон арқылы 2 (екі) рет сөйлесуін төлеу бойынша шығыстар Шарт бойынша Пайда алушыға ақы төлеу осы Ережелердің 9 т. сәйкес жүзеге асырылады;
4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. ФРАНШИЗА. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ.
4.1. Сақтандыру сомасы – шартта айқындалған ең жоғары ақша сомасы, оның шегінде Сақтандырушы өз міндеттемелерін орындауға жауапты болады және оған сүйене отырып, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және Сақтандырушының Шарт бойынша міндеттемелерінің ең жоғары шамасы белгіленеді.
4.1.1. Жалпы сақтандыру сомасына қосымша жеке тәуекел (қызмет түрі) немесе тәуекелдер тобы (бірнеше қызмет түрлері) бойынша сақтандыру сомалары белгіленеді.
4.1.2.Егер Сақтандыру шартымен көзделген қызметтерге шығыстар жеке тәуекел/тәуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасынан және/немесе белгіленген сақтандыру сомасынан асатын болса, Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру сомасынан немесе жеке тәуекел/тәуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасынан асатын шығыстардың үлесін дербес өтейді.
4.2. Франшиза – Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
4.2.1.Франшизаны белгілеу және оның мөлшерін анықтау Шартты жасау кезінде тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Франшизаның мөлшері сақтандыру сомасына пайыздық қатынаста немесе абсолютті шамада көрсетілуі мүмкін. Франшиза жалпы тәуекелдер пакеті бойынша да, және белгілі бір тәуекелдер бойынша жеке көзделуі мүмкін.
4.2.2. Егер Шартта өзгеше көрсетілмеген болса:
а) Novelty бағдарламасы - 70 (жетпіс) жастан асқан Сақтандырылушылар үшін автоматты түрде кез келген сақтандыру шарты бойныша 50% (елу) пайыз мөлшерде шарт қойылмайтын франшиза белгіленеді.
Ассистанс арқылы қызметтерді алу кезінде, 70 (жетпіс) жастан асқан Сақтандырылған тұлғалар осы Шартпен көзделген қызметтердің құнының 50 % (елу) пайызын өздері төлейді.
б) Amadeus (CRM) бағдарламасы - 65 (алпыс бес) жастан асқан Сақтандырылушылар үшін автоматты түрде кез келген сақтандыру шарты бойныша сақтандырудың талаптары шеңберінде Сақтанушы/ Сақтандырылушы шеккен өтеуге ұсынылған шығыстар сомасынан 10% (он) пайыз мөлшерде шарт қойылмайтын франшиза белгіленеді.
Ассистанс арқылы қызметтерді алу кезінде, 65 (алпыс бес) жастан асқан Сақтандырылған тұлғалар осы Шартпен көзделген қызметтердің құнының 10% (он) пайызын өздері төлейді.
в) Жасы 60 жастан асқан тұлғалар COVID-19 опциясы шеңберінде сақтандыруға жатпайды және сақтандыруға қабылданбайды, егер сақтандыру шартында өзгеше белгіленбесе.
4.2.3. Франшиза шарт қойылатын немесе шарт қойылмайтын болуы мүмкін.
1) Шартта шарт қойылатын франшизаны белгілеу кезінде, егер залал мөлшері франшиза мөлшерінен аспайтын болса, Сақтандырушы залал үшін жауапкершіліктен босатылатын болады, және егер злалдың мөлшері франшиза мөлшерінен асатын болса, ол толығымен өтелуге жататын болады.
2) Шартта шарт қойылмайтын франшизаны белгілеу кезінде, Шарттың шарттарына сәйкес Сақтандырушыныңтөлеуі тиіс сомадан шарт қойылмайтын фрнашизаның сомасы шегеріледі.
4.2.4.Сақтандыру төлемі қызметтер мен шығыстарды тікелей бұл қызметтерді көрсетуді ұйымдастыратын Ассистансқа төлеу арқылы жүзеге асырылатын жағдайда, Сақтандыру шарты бойынша белгіленген франшизаның мөлшеріне тең сомада көрсетілген қызметтердің құнының бір бөлігі Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) қызметтерді алу (көрсету) кезінде төленеді, немесе Сақтандырушыға орын алған оқиғаны сақтандыру жағдайы ретінде тану және соңғысымен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы хабарламаны алғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде төленеді.
4.3. Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтандырушының Шартпен белгіленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушының Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
4.3.1.Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушымен сақтандыруға жататын тәукелдерге, сақтандыру сомасының мөлшеріне, негізгі тарифтік мөлшерлемелерге және оларға түзету (көтеретін және төмендететін) коэффициенттеріне (осы Ережелерге №1 Қосымша) сүйене отырып, нақты сақтандыру шарттарын ескере отырып есептеледі: Сақтандырылушының жасы, Сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған адамдардың саны, сапар мақсаты, сапар ұзақтығы, Сақтандырылушының әртүрлі спорт түрлерімен айналысуы және тәуекел дәрежесін анықтау үшін маңызды мәнге ие басқа факторлар.
Негізгі тарифтік мөлшерлемелерге көтеретін немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану туралы шешім Сақтандырушымен өз бетімен және әрбір жағдайда жеке қабылданады.
4.3.2.Егер Сақтандыру шартының шарттарымен басқа тәртіп белгіленбесе,Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушымен бір уақытта, барлық сақтандыру мерзімі үшін бір реттік төлеммен төленеді. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Сақтандыру шартының қолданылуының басталған күнінен кешікпей жүзеге асырылады.
4.3.3.Шарттың талаптарымен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлемеу жағдайында, Сақтандыру шарты күшіне енбеген болып саналады, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелерінен босатылады.
4.3.4.Сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні ретінде ақша қаражаттарының Сақтандырушының банктік есепшотына немесе кассасына түсу күні саналады.
5. ШАРТ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ
5.1. Сақтанушының ауызша немесе жазбаша өтініші Шартты жасау үшін негіздеме болып табылады.
5.2. Шартты жасау кезінде Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығын және оның басталуынан ықтимал залалдардың мөлшерін анықтау үшін маңызды мәнге ие барлық белгілі жағдайларды Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) хабарлауға міндетті, егер бұл жағдайлар белгісіз болса және Сақтандырушыға белгілі болмауы тиіс болса.
5.3. Шарт Сақтандырылушыны алдын ала медициналық куәландырусыз жасалады. Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтандырылушы Сақтандырушымен ұсынылған нысан бойынша сауалнама парағын (сауалнама-өтінішті) толтыруы тиіс.
5.4. Денсаулық жағдайын тексеру нәтижесінде Сақтандырушыға түскен ақпарат қатаң құпия болып табылады. Алайда Сақтандырушы қайта сақтандырушыға немесе басқа сақтандырушыға Сақтандырылушы туралы мәліметтерді қажетті көлемде тәуекел дәрежесін бағалау үшін және қайта сақтандыру, қосалқы сақтандыру шартын ресімдеу үшін тапсыру құқығына ие. Ассистансқа Сақтандырылушы туралы мәліметтер сақтандыру мақсаты үшін қажетті шамада ғана рұқсат етіледі.
5.5. Шарт сақтандыру шартын жасау және тараптардың қол қоюы арқылы жазбаша нысанда немесе Сақтанушыны Сақтандырушы біржақты тәртіппен дайындаған сақтандыру ережесіне (қосу шарты)немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың үлгі шарттарына қосу жолымен жасалады.
5.6. Шартты жасау үшін Сақтандырушының сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.
5.7. Сақтандырушы Сақтандырылушымен шарт жасасудан себепсіз бас тартуға құқылы. 60 жастан асқан адамдар COVID-19 опциясымен қамтылмайды, егер сақтандыру шартында өзгеше белгіленбесе.
5.8. Сақтандырушының немесе оның серіктесінің Интернет-ресурсы арқылы сақтандыру өнімін жүзеге асыру кезінде:
1) Сақтанушы деректерді сауалнама-өтінішінің электрондық нысанында толтырады;
2) Сақтандыру полисі Сақтанушыны осы Ережелерге байланыстыру жолымен жасалады. Сақтандыру полисін рәсімдеу екі тәсілмен жүзеге асырылады:
а) Сақтанушыға Сақтандыру полисін беру жолымен осы сақтандыру өнімін іске асыруды жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері бойынша немесе
б) электронды Сақтандыру полисін рәсімдеу және оны Сақтандырушының немесе оның серіктесінің Интернет-ресурсын деректермен толтыруы кезінде көрсетілген Сақтанушының электронды поштасына жолдау жолымен Сақтандырушының немесе оның серіктесінің ресми Интернет-ресурсында.
5.9. Сақтанушы Сақтандыру полисін жасағанға дейін Сақтандырушыға жазбаша хабарлауға тиіс:
а) егер ол (Сақтанушы) немесе оның отбасы мүшелері шетелдік жария лауазымды адам болып табылса;
б) егер бенефициарлық меншік иесі басқа тұлға болса (Сақтанушы емес).
6. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОРНЫ
6.1. Шарт онда көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.
6.2. Шарт сақтандыруға ауызша немесе жазбаша өтініштің негізінде нақты сапарға (саяхат, сапар, экскурсия, іссапар және т.б.) жасалады. Сақтандыруға жазбаша нысанда өтінішті беру кезінде белгіленген нысанда сауалнама-өтініш бланкісі пайдаланылады. Шарт сақтандыру аумағында, егер басқа сақтандыру шартында келісілмеген болса, бір жылдан аспайтын Сақтанушының (Сақтандырылушының) болу кезеңіне жасалуы мүмкін.
6.3. Қазақстан Республикасынан шетелге көп рет шығуды қарастыратын Multi Travel бағдарламасы бойынша сақтандыру жағдайында, Шарт Шартта көрсетілген күндер санының шегінде қолданылады. Сақтандырылушының Қазақстан Республикасынан шетелге әрбір шығуы кезінде, сақтандыру мерзімі автоматты түрде сақтандыру аумағында өткізілген күндер санына азайтылады. Multi Travel бағдарламасы бойынша Шарттың қолданылуы Шартта көрсетілген сақтандыру күндерінің санының аяқталуы бойынша тоқтатылады.
6.4. Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылуы:
§ Сақтандырылушының Шартта көрсетілген сақтандыру аумағында (болу елінде) шекаралық және/немесе кедендік қызметтермен келуін тіркеу сәтінен бастап басталады, бірақ Шарттың күшіне ену күнінен ерте емес;
§ Сақтандырылушының Шартта көрсетілген сақтандыру аумағында (болу елінде) шекаралық және/немесе кедендік қызметтермен кетуін тіркеу сәтінен бастап аяқталады, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуынан кеш емес.
6.5. Сақтандыру аумағына қосылмайды:
а) Қазақстан Республикасының аумағы;
б) шетелдік азаматтар үшін қосымша–Сақтандырылушы азаматтыққа ие елдің аумағы.
6.6. Шарттың сақтандыру арқылы қорғауы қолданылмайды:
1) әскери операциялар жүргізіліп жатқан мемлекеттердің аумағында;
2) БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының) экономикалық және/немесе әскери санкциялары қолданылған мемлекеттер аумағында);
3) аумағының шегінде індеттер ошағы анықталған немесе танылған және/немесе карантин жарияланған мемлекеттердің аумағы.
4) Шарт күшіне енгеннен кейін сақтандыру шартында көрсетілген елдің азаматтығын/ ыхтияр хатын алған тұлғалар.
5) егер сақтандыру шарты сақтандырылушының сақтандыру аумағында болу кезеңінде ресімделген болса.
6.7. Интернет-ресурс арқылы іске асырылған сақтандыру полисі Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын бір жоғы төлем ретінде төлесе)/алғашқы сақтандыру жарнасын (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлесе) төлеген күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді. Сақтандыру сыйлықақысының төлемі Сақтандырушының немесе оның серіктесінің Интернет-ресурсында ҚР АК 394 бабының 2 т. және 396 бабының 3 т. сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың типтік шарттарымен немесе осы Ережелермен танысқан соң жүргізіледі, бұл Сақтандыру полисін жасауға толық әрі бұлтарыссыз келісім (акцепт), сондай-ақ осы Ереженің деректерінде көзделген барлық жағдайлардықабылдау болып танылады және "Дербес деректер және оларды қорғаутуралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтандырушыға дербес деректерді жинауға және өңдеуге құқық береді.Акцепт жасалғаннан кейін Сақтандырушының не оның серіктесінің интернет-ресурсында деректерді толтыру кезінде Сақтанушы көрсеткен электрондық поштаға қайта жіберу арқылы Сақтанушығасақтандыру полисінің/сақтандыру сертификатының электрондық нұсқасы беріледі.
6.8. Қажет болған жағдайда Сақтанушы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында Сақтандырушы сұратқан барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.
6.9. Сауалнамаға қол қойып, Сақтанушы өзі жүзеге асыратын операция Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және террористік қызметті қаржыландыруға байланысты еместігін растайды.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
7.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтанушымен ұсынылған ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушымен шарттың талаптары мен шарттарын орындауды тексеруге;
2) Сақтандыру тәуекелін арттыруға әкелетін жағдайлар туралы хабарламаны алғаннан кейін, Шарттың шарттарын өзгертуді немесе тәуекелдің артуына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;
3) Сақтанушымен Сақтандырушыға Шартты жасау кезінде хабарланған жағдайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндеттерін орындамау кезінде шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгертулер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етулері мүмкін болса, немесе егер Сақтанушы Шарттың шарттарын өзгертуге немесе тәуекел дәрежесін арттыруға мөлшерлес сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қары қарсылық білдіретін болса;
4) Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушының алкогольдік /есірткілік мас болуына күдік болған жағдайда, мекендеу елінің заңнамасына сәйкес алкогольдік /есірткілік заттардың болуына медициналық куәландырудан өтуін талап етуге. Алкогольдік /есірткілік мас болу фактысын анықтау жағдайында, сондай-ақ Сақтандырылушы медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы жағдайында – сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға.
5) Сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғалардың себептері мен жағдайларын өз бетімен анықтауға, оның ішінде сақтандыру жағдайының басталу фактісінжәне келтірілген залал мөлшерін растайтын қүжаттарды сақтандыру жағдайының жағдайлары туралы ақпарат бар тиісті мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, медициналық мекемелерден, туристік агенттіктерден/ операторлардан, басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан, олардың құзырына сәйкес және сүйене отырып, сұрау салуға;
6) Сақтанушыдан/Сақтандырылушыдан/Пайда алушыдан сақтандыру жағдайы фактісін, оның басталу жағдайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты/құжаттарды талап етуге;
7) Осы Ережелермен көзделген негіздемелер бойынша толығымен немесе ішінара сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға.
8) Сақтандырушы ҚР АК 830 бабына сәйкес сақтандыру құпиясына, дербес деректерге жататын Сақтандырылушы, Пайда алушы туралы мәліметтерді шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Сақтандырушымен орындау үшін Ассистансқа тапсыру құқына ие.
7.2. Сақтандырушы міндетті:
1) Сақтанушыны сақтандыру шарттарымен таныстыруға;
2) ҚР АК 828 және 830 баптарына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
3) Сақтанушымен/Сақтандырылушымен/Пайда алушымен осы Сақтандыру ережелерінің 9 т. 9.6 тт. көзделген құжаттарды бермеу жағдайында, дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей , жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабарлауға;
4) Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, немесе осы Ережелердің шарттарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;
5) Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру жағдайы кезінде залалды азайту үшін олармен жұмсалған шығыстарды өтеуге;
6) Шартпен, осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға.
7.3. Сақтанушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан Қазақстан Республикасының шетелге шығатын тұлғалардың медициналық немесе басқа шығыстарын сақтандыру шарттарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуын немесе оның мөлшерін азайтуды даулауға.
7.4. Сақтанушы міндетті:
1) Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға шартты жасау және тәуекел дәрежесін бағалау үшін қажетті оны қызықтыратын барлық ақпаратты беруге;
2) Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақасын төлеуге;
3) Шартты жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға аталған сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабардар етуге;
4) Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жағдайы туралы хабардар етуге;
5) дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес, Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы Сақтандырушыға өзіне белгілі болған елеулі өзгертулер туралы хабарлауға, егер бұл өзгертулер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етулері мүмкін болса;
6) тәуекел дәрежесін арттыру кезінде Шартқа өзгертулер енгізуге және/немесе Сақтанушымен Шартты өзгерту және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге.
7) Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы Сақтандырушыға немесе оның өкіліне дереу хабар беру. Сақтанушы сақтанырылушы болып табылмайтын жағдайда бұл сақтандырылушының міндеті болып табылады.
7.5. Пайда алушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру шарттарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;
3) Осы Ережелермен көзделген тәртіпте және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуын даулауға;
5) Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы кез-келген мән-жайларда,оны Сақтанушының немесе сақтандырылушының жасағанына қарамастан, Сақтандырушыға хабар беруге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа қайшы келмейтін өзге әрекеттерді жасауға.
7.6. Осы бөлімдегі тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі толық болып табылмайды, тараптардың жеке міндеттері осы Ереженің басқа бөлімдерімен қарастырылған. Тараптар осы Ережемен, сондай-ақ Қазақстан Респубикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы және басқа да міндеттерді орындаулары тиіс.
7.7. Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Шартпен өзгертілуі (қосымша енгізілуі) мүмкін.
8. САҚТАНУШЫНЫҢ/САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІ
8.1. Сақтанушы/Сақтандырылушы сақтандыру жағдайының басталуына әкелуі мүмкін оқиғаның басталуы туралы өзіне белгілі болған/ белгілі болу тиіс болғаннан кейін, міндетті:
1) ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда орынды және қолжетімді шараларды қабылдауға;
2) дереу, тәуліктің уақытына тәуелсіз, кенеттен басталған жіті аурулардың немесе жазатайым жағдайдың басталуы туралы Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне Шартта көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарлауға, және Ассистанстың диспетчеріне келесі ақпаратты хабарлауға:
§ Сақтандырылушының тегі, аты, әкесінің аты;
§ Шарттың нөмірі және оның қолданылу кезеңі;
§ Сақтандырушының атауы;
§ уақытша мекендеу елі мен қаласы;
§ сақтандыру жағдайының басталу күні, уақыты және орны;
§ кенеттен жіті ауру жағдайлары және жазатайым жағдайлар және қандай көмек талап етілетіні туралы барлық белгілі ақпарат;
§ Сақтандырылушының орналасқан жері, мекендеу елінде онымен байланысуға болатын телефон коды мен нөмірі.
3) Шартпен көзделген медициналық немесе басқа қызметтерді Ассистанстың диспетчерінің нұсқауларына қатаң сәйкестікте алуға;
4) Медициналық қызметтерді алу кезінде Сақтандыру шартының түпнұсқасын және жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуге;
5) Сақтандырылушының өз бетімен дәрігерге қаралуына және/немесе өз бетімен басқа қызметтерді алуына дейін Ассситанстың диспетчерлік қызметіне хабарласпаған жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Ереженің 8 тарауының 8.2. т. 1) тт. Талаптарына сәйкес жүргізеді;
6) Жедел ауруханаға жатқызу кезінде Сақтандырылушы дереу, бірақ сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап(яғни жедел ауруханаға жатқызылған сәттен бастап) 12 сағаттан кеш емес, бұл туралы Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне хабарлауға міндетті. Егер Сақтандырылушы, оқиға басталған кезде ес-түссіз күйде болатын болса, оқиғаның басталуы туралы сервис компаниясына хабарлау оқиғаның басталу сәтінен бастап 24 сағат ішінде Сақтандырылушының туыстарымен, немесе мұны ол үшін жасай алатын басқа тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс.Сақтандырылушының ауруханаға жатқызылуы туралы уақытынан кеш хабарлау немесе хабарламаның болмауы жағдайында Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Ереженің 8 бөлімі 8.2. т. 1) тт. Талаптарына сәйкес жүргізеді;
7) Сақтандырушыға немесе оның атынан әрекет ететін тұлғаларға толық медициналық құжаттамамен танысуға,үшінші тұлғалардан (дәрігерлерден, медициналық мекемелерден, денсаулық сақтау қызметтерінен және т.б.) ақпаратты алуға рұқсат беру;
8) сақтандыру жағдайымен байланысты Ассистанстың және/немесе Сақтандырушының барлық нұсқауларын орындауға және емдеуші дәрігердің барлық нұсқауларын сақтауға, ауруханаға жатқызылған жағдайда – медициналық мекемемен белгіленген тәртіпті сақтауға;
9) сақтандыру жағдайының басталуы кезінде алкогольдік/ есірткілік мас болуға күдік болған жағдайда, болу елінің заңнамасына сәйкес алкогольдік/есірткілік заттардың болуына медициналық куәландырудан өтуге;
10) Сақтандырушымен/Ассистанспен эвакуациялауды жүзеге асыру мақсатында – егер Сақтандырылушы мерзімінен бұрын қайта оралуға немесе кідіруге мәжбүр болатын болса, өз бетімен немесе Ассистанстың қызметкерлері арқылы шығу/ұшу күнін өзгертумен билетті ауыстыру үшін мүмкіндігінше қажетті барлық іс-әрекетті жүзеге асыруға;
11) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен жағдайларын анықтауда жәрдем беруге, с.і. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдарлары, сипаты мен келтірілген залал мөлшері туралы пайымдауға мүмкіндік беретін барлық өзіне қолжетімді ақпаратты және құжаттаманы беруге;
12) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ онымен келтірілген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеруге, оның ішінде сараптаманы жүргізуге ақы төлеуге, оқиға орнына сарапшылардың шығуы, мамандарды тарту және консультациялары, құжаттарды жинау, орыс немесе қазақ тілдеріне аудару, аударманы және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарды нотариалдық куәландыру;
13) Сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандыру жағдайымен байланысты, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті қосымша тексерулерден өтуге;
14) осы Ережелермен көзделген басқа да іс-әрекеттерді орындауға.
8.2. Сақтанушы/Сақтандырылушы сақтандыру жағдайының басталуына әкелуі мүмкін осы Ережелердің 3.1 тармақшасында көрсетілген тәуекелдер бойынша оқиғаның басталуы туралы өзіне белгілі болғаннан/белгілі болуы тиіс болғаннан кейін, құқылы болады:
1) Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне хабарласпай, өз бетімен медициналық мекемеде және/немесе дәрігерден жедел медициналық көмекті алуға және ақы төлеуге құқылы, егер аталған жедел медициналық көмекке шығыстар сақтандырудың барлық кезеңі үшін амбулаториялық емдеу бойынша-200 (екі жүз) шартты бірліктен немесе стационарлық емдеу/ауруханаға жатқызу бойынша 500 (бес жүз) шартты бірліктен аспайтын болса. Егер Сақтанушы (Сақтандырылушы) өз бетімен төлеген жедел медициналық көмектің шығыстары амбулаториялық емдеу бойынша-200 (екі жүз) шартты бірлік немесе стационарлық емдеу/емдеуге жатқызу бойынша 500 (бес жүз) шартты бірлік сомасынан асатын болса, Сақтандырушы амбулаториялық емдеу бойынша-200 (екі жүз) шартты бірлік немесе стационарлық емдеу/емдеуге жатқызу бойынша 500 (бес жүз) шартты бірлік сомасынан асатын сақтандыру төлемінің бір бөлігін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы болады;
2) Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне хабарласуға және Ассистанс арқылы медициналық қызметтерді (және/немесе Шартпен көзделген басқа қызметтерді) ұйымдастыру/көрсету мүмкін болмаған жағдайда, өз бетімен медициналық мекемеге/дәрігерге (елшілік және т.б.) қаралуға Ассистанстың жолдамасын алуға және көрсетілген қызметтерге өзі ақы төлеуге құқылы. Сақтандырылушының сақтандыру жағдайы күнімедициналық қызметті алғанға дейін Ассистансқа хабарласқанынрастауды алғаннан кейін және Сақтандырылушының міндетті түрде Ассистанс ұсынған медициналық мекемеге/дәрігерге жүгінген жағдайда Сақтандырушы шығыстарды толық көлемде өтеудіжүзеге асырады.
Егер:
§ Сақтандырылушының өтініші Ассистанспен расталмаса;
§ Сақтандырылушының Ассистансқа үндеуі постфактум, яғни медициналық қызметтерді алғаннан кейін тіркелсе;
§ Сақтандырылушы Ассистанс ұсынған медициналық мекемеге/дәрігерге жүгінбей, медициналық мекемені/дәрігерді өз қалауы бойынша дербес таңдаса;
Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Шарттың 8-бөлімі 8.2-т. 1) тт. талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
8.3. Медициналық көмекті немесе осы Сақтандыру ережелерімен көзделген басқа қызметтерді өз бетімен төлеу кезінде Сақтандырылушы бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша нысанда, дереу, бірақ кез келген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында болу сәтінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмец хабарлауға міндетті.
9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
9.1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы осы Ережелердің шарттарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
9.2. Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы әрбір Сақтандырылушыға қатысты Шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан аспайды.
9.3. Егер Сақтандырушымен өтелуге жататын шығыстардың жалпы сомасы Шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан асатын болса, бірінші кезекте жедел медициналық көмек шығыстары төленеді. Барлық қалғаншығыстар осы Ережелердің 3 т. орналасу тәртібінде қалған бөлігінде өтеледі; бір санаттағы шығыстарды өтеуден кейін осы Ережелердің 3 т. басқа санаттарының шығыстарын өтеу жүзеге асырылады.
9.4. Сақтандыру төлемі келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
9.4.1. Сақтандыру шартында көрсетілген Ассистансқа, Сақтандырушы мен Ассистанстың арасында жасалған ынтымақтастық туралы шарттың негізінде, ол бойынша Ассистанс Сақтандырушының тапсырмасы бойынша Сақтандырылушыларды сақтандыру аумағында Шарттың талаптарымен көзделген қызметтерді ұйымдастыруды және көрсетуді тәулік бойына қамтамасыз етеді.
9.4.2. Егер Шарттың шарттарымен көзделген қызметтерге ақы төлеуді өз бетімен жүзеге асырған болсаСақтандырылушыға/ Пайда алушыға.
9.5. Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) ұсынуына қажетті құжаттардың тізімі:
1) Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2) Сақтандыру шартының көшірмесі + сақтандыру шарты;
3) Сақтандырылушының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (төлқұжат, жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі);
4) Сақтандырылушының Т.А.Ә., Сақтандырылушыға келтірілген залал сипатын, диагнозды, еңбекке жарамсыздық кезеңін көрсете отырып, тиісті медициналық мекеменің қорытындысының түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшермесі;
5) Сақтандырылушының қайтыс болуын белгілеген медициналық мекеменің қорытындысының, қайтыс болу себебін көрсете отырып, түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
6) қайтыс болу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
7) медициналық препараттарды сатып алуды, процедуралардан, дәрігерлердің қабылдауынан өтуді растайтын дәріханалардан және медициналық мекемелерден төлем туралы шоттардың, фискалдық, тауарлық чектерді, төлем туралы түбіртектердің түпнұсқалары, әрбір препараттың, процедураның, қабылдаудың атауын, олардың санын, сатып алу күнін және Сақтандырылушының Т.А.Ә.көрсете отырып. Шоттарда, фискалдық, тауарлық чектерде, түбіртектерде және төлемді растайтын басқа құжаттарда төлем валютасын көрсету болмаған жағдайда, Сақтандырушы автоматты түрде сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайының күніне болу елінің валютасының ҚР Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша теңгемен есептеуді жүзеге асырады;
8) қабылдау күнін, тағайындауға себеп болған диагнозды және Сақтандырылушының Т.А.Ә. көрсете отырып, олар үшін есепшот берілген медициналық препараттарды қабылдауға, процедуралардан өтуге, дәрігерлердің қабылдауына емдеуші дәрігердің егжей-тегжейлі тағайындауларының (жолдамалардың және рецепттердің) түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
9) амбулаторлық картаның, ауру тарихының немесе аталған құжаттардан уәкілетті тұлғамен куәландырылған және тиісті медицина мекемесінің мөрімен бекітілген үзінді көшірмелердің нотариалдық куәландырылған көшірмелері; рентген суреттерінің түпнұсқалары;
10) егер сақтандыру жағдайы көлік оқиғасының, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің, өрттің және т.б. салдарынан басталған болса, қосымша - сақтандыру жағдайының басталуын, келтірілген залалды растайтын, тұлғаларға залал келтіруге кінәлі тұлғаларды анықтайтын құзырлы органдардың (ішкі істер органдарының, прокуратураның, тергеу, тексеру; сот органдарының; өртті қадағалау органдарының және т.б.) тиісті құжаттарының түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалармен куәландырылған көшірмелері;
11) Сақтандырылушымен құжаттардың телнұсқаларын ресімдеу жағдайында – визамен төлқұжатты қалпына келтіруүшін консулдық алымды төлеу туралы түбіртек, тиісті құжаттарды ресімдеу үшін суретке ақы төлеу туралы түбіртек, жол жүру құжаттарын қалпына келтіру бойынша көлік компаниясының қызметіне ақы төлеу туралы түбіртек;
12) Сақтанушының (Сақтандырылушының) Шартта көрсетілген Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметінің нөмірлері бойынша телефонмен сөйлесулеріне ақы төлеу шығыстарын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Телефонмен сөйлесулерге ақы төлеу шығыстарын растайтын құжаттар есепшоттар, талондар, түбіртектер болып табылады. Бұл ретте Ассистанстың диспетчерлік қызметіне қоңырау шалу үшін есепшотта келесі мәліметтер болуы тиіс: қоңырау шалу күні, телефон нөмірі, сөйлесулердің ұзақтығы және төленген сома;
13) Пайда алушының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттар, ЖСН, Пайда алушының банктік деректемелері, есепшоттар, Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда қосымша мұрагерлік құқығына куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
14) Қазақстан Республикасының аумағынан шығу/кіру туралы белгімен төлқұжаттың көшірмесі.
9.6. Құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада немесе нотариалдық куәландырылған немесе құзырлы ұйымның түпнұсқалық мөрімен куәландырылған және уәкілетті тұлғасымен қол қойылған көшірме түрінде ұсынылады. Медициналық құжаттар медициналық ұйымның бланкісінде болуы, дәрігердің Т.А.Ә. көрсете отырып, дәрігермен қол қойылуы және дәрігердің жеке мөрімен және медициналық ұйымның мөрімен бекітілуі тиіс.
9.7. Осы бөлімде аталған барлық құжаттар Сақтандырушыға орыс немесе қазақ тілдерінде немесе орыс немесе қазақ тілдеріне аударылған түрде берілуі тиіс, бұл ретте аударма нотариалдық куәландырылған болуы тиіс.
9.8. Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың толық тізімін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы екі данада жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісімен Сақтандырушыда қалады.
9.9. Сақтандырушы жоғарыда аталған құжаттардың тізімін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы болады, егер олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактысын анықтауды және залал мөлшерін анықтауды мүмкін етпейді деп санайтын болса.
9.10. Сақтандырушы барлық ұсынылған құжаттарды тексеру және Сақтандырылушының мамандармен медициналық куәландыруды және сақтандыру жағайының басталу себептері пен жағдайларын өз бетімен анықтауды жүргізуге дейін жеке тексеруді жүргізу құқын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда Сақтанушы (Сақтандырылушы) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайына дейін және кейін Сақтандырылушының денсаулық жағдайын көрсететін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарға рұқсатты беруге міндетті, сондай-ақ Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтандырушының есебінен Сақтандырушымен көрсетілген медициналық мекемеде медициналық тексеруден өтуге және оның нәтижелерін беруге міндетті.
9.11. Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырушымен, Сақтандырылушының шеккен шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде анықталады. Егер Сақтандыру шартымен франшиза қарастырылатын болса, сақтандыру төлемі франшиза сомасын шегерумен жүзеге асырылады.
9.12. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді қабылдауға және Пайда алушыға сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға міндетті.
9.13. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Пайда алушыға сақтандыру жағдайының басталу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шетелдік валюталардың ресми бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады.Егер ҚР Ұлттық банкі Сақтандырылушының шығыстары шыққан ресми валютаны айырбастамайтын болса, айырбастау сақтандыру шартының шарттарында көрсетілген аталған ресурстарға сәйкес жүзеге асырылады.
9.14. Сақтандыру төлемін уақытылы жүзеге асырмағаны үшін Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353 бабына сәйкес жауапкершілікті көтереді.
9.15. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәтібі мен талаптары Шартпен өзгертілуі (қосымшалар енгізілуі) мүмкін.
10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ
10.1. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен толығымен немесе ішінара бас тартуға құқылы болады, егер сақтандыру жағдайы келесі аталғандардың салдарынан орын алған болса:
1) сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған немесе оның басталуына себін тигізген Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) қасақана іс-әрекеттері, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда
2) заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған, сақтандыру жағдайымен себепті байланысты болған Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) іс-әрекеттері.
10.2. Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан басталған болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:
1) Сақтандыру шартымен көзделмеген тәуекелдер;
2) ядролық жарылыстың,радиацияның немесе радиоактивті ластанудың әсері;
3) түрлі әскери іс-әрекеттер немесе әскери іс-шаралар/ арнайы іс-шаралар және олардың зардаптары, зақымдаулар немесе зымыран, снаряд, бомба, басқа құралдар, соғыс құралдары және әскери операцияларды, теңіз қарақшыларының іс-әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ азаматтық соғыс, ұлттық толқыныстар, көтеріліс, ереуіл және жаппай тәртіпсіздіктер;
4) Сақтандырылушының кез келген елдің қарулы күштеріндегі әскери қызметі;
5) қоршаған ортаның ластануы, жаһандық апаттар, жер сілкіністері, жанартаудың атылуы немесе оттың, көшкіннің, тау көшкінінің, боранның, құйынның, дауылдың, су тасқындарының, бұршақтың немесе нөсер жауынның және басқа дүлей апаттардың әсері;
6) өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау;
7) Сақтандырылушымен сақтандыру аумағының (болу елінің) заңнаман талаптарын сақтамау;
8) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);
9) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;
10) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі.
11) Асбест, асбест талшықтары немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).
10.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізбейді:
1) егер сақтандырылған тұлға оқиға болған сәтте алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде не кез келген психотроптық заттардың әсерінде болса;
2) Сақтандырылушының жұмысқа байланысты сол елде уақытша болуы. Ерекшелік: егер Шартта сапар мақсаты/санаты ретінде «Жұмыс» таңдалған болса және тәуекел түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
3) Сақтандырылушының оқуға байланысты сол елде уақытша болуы. Ерекшелік: егер Шартта сапар мақсаты/санаты ретінде «Оқу» таңдалған болса және тәуекел түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
4) Егер бұл жағдай Сақтандырылушының келесілермен айналысуы/қатысуынан туындаса:
a) кәсіби және/немесе әуесқойлық спорттың кез келген түрі.Ерекшелік: егер Шартта сапар мақсаты/санаты ретінде «Спорт» таңдалған болса және жоғарыда аталған тәуекел түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
b) моторлы жер бетіндегі, су немесе әуе қозғалыс құралы пайдаланылған кез келген іс-шараларда, сондай-ақ бәйгелерге, автожарыстарға қатысу, ұшу аппаратын басқару, парашютті, пара-, мото-, дельтапланды, Сақтандырылушының кез келген түрдегі сынақтарға қатысуын қоса. Ерекшелік: егер Шартта сапар мақсаты/санаты ретінде «Спорт» таңдалған болса және жоғарыда аталған тәуекел түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
c) белсенді демалыс түрлерімен және жарақат алудың жоғары қауіп-қатерімен дене белсенділігі (спорттық сипаттағы қозғалысты ойындар; жаттығу залдарындағы жаттығулар; кез келген су астына сүңгу; серфингтің кез келген түрімен айналысу; альплагерьлерде және туристік және спорттық базаларда, сондай-ақ теңіз деңгейінен 100 м биік орналасқан аудандардағы демалыс; жаяу тауға өрмелеу, үңгірлер, жанартаулар бойынша саяхаттар, жол талғамайтын көлік санатындағы автомашиналармен сапарлар және саяхаттар; велосипедпен сапарлар және саяхаттар, аттармен және басқа жануарлармен сапарлар және саяхаттар және т.б.). Ерекшелік: егер Шартта сапар мақсаты/санаты ретінде «Белсенді демалыс» таңдалған болса және жоғарыда аталған тәуекел түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
d) Сақтандырылушының "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген тізбеге кіретін COVID-19 ауруы бар. Ерекшелік: егер Шартта сапардың мақсаты/ санаты ретінде "COVID" таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе.
e) Cақтандырылушыда сақтандыру шартын жасау күні COVID-19-ға ПТР талдауының оң нәтижесі анықталған.
5) Сақтандырылушының "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген тізбеге кіретін COVID-19 ауруы анықталған кезде. Ерекшелік: егер Шартта сапар мақсаты/санаты ретінде «Белсенді демалыс» таңдалған болса және жоғарыда аталған тәуекел түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
6) Cақтандырылушыда сақтандыру шартын жасау күні COVID-19-ға ПТР анализының оң нәтижесі анықталған.
10.4. Сақтандырушы сақтандыру төлемін келесі шығыстар бойынша жүзеге асырмайды:
1) Шарттың күшіне енуіне дейін Сақтандырылушыда бар кез келген аурулардың диагностикасы және/немесе емдеу;
2) Сақтандырылушымен медициналық көмекті Шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін немесе қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Шартта көрсетілген сақтандыру аумағынан тыс медициналық көмекті алу;
3) Сақтандырылушымен жедел медициналық көмектің көлемінен асатын диагностиканы және/немесе емдеуді алу;
4) Шарттың күшіне ену күніне дейін соңғы 6 (алты) айда Сақтандырылушы ауырған және ары қарай емдеуді талап еткен аурулар (егер медициналық көмек адам өмірін сақтау үшін, толық еңбекке жарамдылығынан айырылудың алдын алу үшін немесе жіті ауруды жеңілдету үшін қажет болатын болса, шектеу жарамсыз);
5) өзін-өзі емдеумен, сондай-ақ Сақтанушының (Сақтандырылушының) отбасы мүшелерін, туыстарын немесе таныстарын емдеуді белгілеумен және жүргізу;
6) дәрігердің тағайындауы/рецептісі бойынша дәрілік препараттарды сатып алуға арналған шығыстар;
7) созылмалы ауруларды және олардың асқынуларын/өрбулерін емдеу және/немесе диагностикасы, Сақтандырылушының өміріне тікелей қауіп төндіруді болдырмау үшін алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда;
8) қатерлі және/немесе қатерсіз өскіндердің диагностикасымен және/немесе емдеумен, гиперпластикалық процестермен (аденома, фибромиома, мастопатия, жатыр мойнының жарасы және т.б.);
9) репродуктивті жүйені диагностикалау және / немесе емдеу, атап айтқанда:
а) жүктіліктің басталу және сақтау, жүктіліктің асқынуларын емдеу, қалыпты немесе мерзімінен бұрын босану мақсатымен, сондай-ақ кесарь тілігі, жүктілікті жасанды үзу (жасанды үсік) операцияларымен Сақтандырылушыны кеңес беру-диагностикалық тексеруді және емдеуді жүргізу;
б) жасанды ұрықтандырумен, бедеулікті/белсіздікті, простатитті емдеу және диагностикасы, сондай-ақ кез келген контрацепция әдістерімен, соның ішінде жатырішілік спиральды (ЖІС) салумен/алып тастау;
в) кез келген етеккір циклінің бұзылуын диагностикалау және/ немесе емдеу.
10) жаңа туған баланы күтуге, емдеуге, медициналық бақылауда болуға және қозғалуға (көшіруді және/немесе репатриациялауды қоса алғанда) байланысты шығыстар;
11) кез келген туа біткен, тұқым қуалайтын ауруларды және/немесе туа біткен/ жүре пайда болған ағзаның ауытқуларын/даму ақауларын, соның ішінде – сүйектердің патологиялық сынықтарын емдеумен және/немесе диагностикасы;
12) миопиямен/гиперметропиямен, астигматизммен, катарактамен, глаукомамен, көз торының қабатталуымен байланысты операциялар;
13) Шарттың қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде 5 (бес) тәуліктен астам мерзімге стационарлық көмекке арналған шығыстар, COVID-19 тәуекелін қоса алғанда, қосымша Америка Құрама Штаттары аймағы бойынша стационарлық емдеу бойынша шектеу қолданылады: лимит 5000 (бес мың) АҚШ доллары; Шенген-аймақ елдері бойынша шұғыл стационарлық жәрдемге лимит 5000 (бес мың) еуро;
14) өт шығару жолдарының кез келген ауруларына және осы аурулардан туындаған жай-күйлерге/асқынуларға байланысты сақтандырудың барлық кезеңінде 1000 (бір мың) шартты бірліктен жоғары шығыстар;
15) жүрекке немесе тамырларға кез келген хирургиялық операциялар, соның ішінде жүрекке қан апаратын қан тамырларының ангиопластикасы, аортокоронарлық шунттау, стентирлеу, ИВР орнату және т.б.;
16) транспланттаудың, имплантацияның және/немесе протездеудің кез келген түріне, оның ішінде эндопротездеуге арналған шығыстар; хирургиялық араласу шығындары остеосинтез, остеопластика, қалпына келтіру операциялары, әртүрлі фиксаторларды қолданатын кез-келген операциялар (штифтерді, бұрандаларды, бұрандамаларды, спицтерді, пластиналарды, сүйек жіктерін, дистракциялық-компрессиялық аппараттарды және т.б.), органдар мен тіндерді трансплантациялау операциялары. Ерекшелік: Сақтанушының өмірін сақтау мақсатында күйік кезінде теріні трансплантациялау;
17) бауыр циррозын, вирустық гепатиттердің кез келген түрін және олардың салдарын емдеу және/немесе диагностикасы;
18) психологиялық бұзушылықтар мен депрессияны, венерологиялық ауруларды және ЖЖБА (жыныс жолдарымен берілетін ауруларды), АИТВ және ЖИТС, онкологиялық ауруларды, алкоголизмді немесе нашақорлықты, туберкулезді, қант диабетін және олардың салдарларын емдеу және диагностикасы;
19) апоплексия соғуын, қояншық ұстамасын немесе басқа ұстамаларды, конвульсиялық ұстамаларды емдеу және диагностикасы;
20) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген Сақтандырылушыны оқшаулауды және/немесе инфекциялық стационарға жатқызуды талап ететін инфекциялық және паразиттік аурулардың, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін аурулардың диагностикасы және/немесе оларды емдеу;клиникалық нысаны мен процесс сатысына қарамастан нейроинфекцияларды, атиптік пневмония вирусын, геморрагиялық қызбаларды, тұмаудың атипті түрлерін, Коксак вирусын, жел шешегін және олардың салдарларын диагностикалау және емдеу;
21) пластикалық операциялардың, косметологиялық диагностика/емдеу және сыртқы келбетінің кемшіліктерін немесе дене аномалияларын жоюмен, жынысын хирургиядық өзгертумен, салмақты/пішінді түзетумен байланысты диагностиканың/емдеудің кез келген басқа түрлерімен, семіздіктің немесе дистрофияның диагностикасымен/емдеумен байланысты шығыстар;
22) мысықтар мен иттердің, жәндіктердің тістеуін; кез келген теңіз жануарларының/мекендеушілердің күйіктерін, теңіз маржандарынан/кірпілерден және теңіз өсімдіктерінен алынған күйіктер/жарақаттардыдиагностикалау және/немесе емдеу;
23) күннің, ультракүлгін немесе басқа типтегі сәулеленудің тікелей және/немесе жанама әсерлерінің салдарын (мысалы: күнге күю, фотодерматит және т.б.);сондай-ақ зең және дерматологиялық аурулар, оның ішінде аллергиялық (Квинке/анафилактикалық шоктан басқа) және тағамдық дерматиттер, псориаз және оның асқынулары; туа біткен ихтиоз, экзема, аллопеция, атопиялық дерматит, нейродермит, витилиго, сүйелдер, безеу ауруы, демодекоз, сондай-ақ нозологияға қарамастан теміреткенің кез келген түрлерін емдеу және диагностикалау;
24) есту жолдарының күкіртті тығындармен обструкциясымен байланысты емдеумен және кеңес берумен;
25) остеосинтезге/остеопластикаға арналған материалдардың; медициналық көмек көрсету құралдарын (линзаларды, көзәйнектерді, есту аппараттарын, глюкометрді, бандаждарды, балдақтарды, мүгедектер арбаларын, ортопедиялық аяқ киімді және т.б.) іріктеп алумен, сатып алумен және жөндеумен байланысты, сондай-ақ жарықты шағылыстыратын жеңілдетілген гипсті салушығыстары;
26) осы Ережелердің 3 бөлімінде және Шартта көрсетілген жедел көмекті қоспағанда, стоматологиялық көмек;
27) вакцинациялаумен, күтпеген ауырулармен байланысты емес тексерулермен немесе күтіммен, сондай-ақ қалпына келтіру медицинасының қызметтерімен, профилактикалық тексерулермен, медициналық сараптамалармен немесе Ассистанстың дәрігерімен немесе медициналық қызметкерімен белгіленбеген емдеумен байланысты;
28) Ассистанспен мақұлданбаған және/немесе Сақтандырылушы Қазақстан Республикасына қайтуына дейін кейінге қалдыруға болатын хирургиялық араласумен немесе емдеумен;
29) медициналық мекемеде арнайы жеке палатаны берумен (бұл дәрігермен жазылған жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ теледидарды, телефонды, кондиционерді, ылғалдатқышты және т.б.ұсыну бойынша;
30) дәстүрлі емес әдістермен (фитотерапия, гирудотерапия, гомеопатия, шипалы сазбен емдеу, жарықпен емдеу, барокамерада емдеу, мануальды терапия, массаж, биорезонансты терапия және т.б.) емдеумен және диагностикасымен, қалпына келтірумен (реабилитациялық) емдеумен, сондай-ақ физиотерапевтік емдеудің кез келген әдістерімен;
31) психотерапевтің, диетологтың, генетиктің, логопедтің, косметологтың, массаж жасаушының, шаштараздың, стилистің, аудармашының қызметтерін көрсету;
32) дәрігерлік практикамен айналысуға рұқсаты жоқ адамдар немесе тиісті лицензиясы жоқ медициналық мекеме жүзеге асыратын емдеу және/немесе диагностика;
33) автокөлік апатының нәтижесінде орын алған Сақтандырылған тұлғаның жарақат алуын немесе ауруын болдырған жазатайым жағдаймен, егер:
а) Сақтандырылған тұлға тиісті жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын жүргізген болса, немесе алкогольдік мас болу күйінде немесе есірткілердің әсерінде немесе уыттылық мас болу күйінде болса;
б) Сақтандырылған тұлға көлік құралын жүргізуді тиісті жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаға тапсырған болса;
в) Сақтандырылған тұлға алкогольдік мас болу күйіндегі немесе есірткілердің әсеріндегі немесе уыттылық мас болу күйіндегі тұлғамен жүргізілген көлік құралында (жолаушы ретінде) болған болса, қоғамдық көліктен басқа.
34) Массаждың, СПA процедуралардың кез келген түрінің салдарларын емдеу;
35) Сақтандырылған тұлғаның өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, компьютерлік томография (КТ), магниттік-резонанстық томография (МРТ);
36) Сақтандырылушыиен Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін шеккен медициналық және/немесе басқа шығыстарын, тіптен егер сақтандыру жағдайы Шарттың қолданылу уақытында басталған болса да.
37) теріс нәтиже кезінде COVID-19-ға ПТР анализына арналған шығыстар. ПТР анализына арналған шығыстар оң нәтиже болған кезде бір рет өтеледі.
10.5. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылатын болады, егер:
1) Сақтанушы Шарттың шарттарымен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асырмаған;
2) Емдеу Сақтандырылушының сапарының мақсаты болып табылған болса, сондай-ақ санаторийлерде, шипажайларда, демалыс үйлерінде және басқа санаторлық-курорттық типтегі ұйымдарда емделу жағдайында;
3) Сақтандырылушыға медициналық көмек спорттық команданың дәрігерімен көрсетілген немесе спорт жарыстарын/жиындарын ұйымдастырушылармен қамтамасыз етілген;
4) Сақтандырылушыға қатысты Шартты жасау сәтіне мүгедектік және/немесе еңбекке жарамдылығынан (жалпы немесе кәсіби) айырылу (толық немесе жартылай) және/немесе кәсіби ауру белгіленген және бұл медициналық көмекті алу үшін хабарласудың тікелей себебі болып табылған;
5) Шартты жасау сәтінде Сақтандырылушы сақтандыру аумағында болған кезде;
6) Сақтандырылушы Сақтандырушының медициналық тексеруден және/немесе алкогольдік/ есірткілік мас болуға медициналық куәландырудан өту талабын орындамаған, және/немесе тексеру/куәландыру нәтижелерін ұсынбаған.
7) Сақтандырылушының "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген тізбеге кіретін COVID-19 ауруы бар. Ерекшелік: егер Шартта сапардың мақсаты/ санаты ретінде "COVID" таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе.
10.6. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіздеме келесілер болып табылады:
1) Сақтанушымен (Сақтандырылушымен, Пайда алушымен) Сақтандырушыға сақтандыру объектісі (с.і. денсаулық жағдайы туралы), сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы қасақана жалған мәліметтерді хабарлау;
2) Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Сақтандырушыға Сақтандырылушының қызмет түрінің, жұмыс түрінің өзгеруі, сапар мақсаты туралы хабарламау, егер аталған өзгерту сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғаның басталуының тікелей немесе жанама себебі болып табылатын болса;
3) сақтандыру жағдайынан залалды азайту бойынша шараларды Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) қасақана қабылдамау;
4) Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу жағдайларын тексеруге және онымен келтірілген залал мөлшерін анықтауға кедергі келтіреді;
5) Шарттың шарттарына сәйкес тиісті құжаттармен расталмаған диагностика және/немесе емдеу және/немесе егер сақтандыру төлемін алу мақсатымен немесе сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтандырылушы тұлғамен Сақтандырушыға ұсынылған ақпарат және құжаттар жеткіліксіз болса, немесе толық емес, анық емес немесе сақтандыру жағдайының себептері мен жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру жағдайымен байланысты көрсетілген қызметтердің түрлері мен құны туралы қасақана жалған мәліметтерден тұратын болса;
6) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақытылы хабарламау.
10.7. Сақтандырушымен өтелмейді:
1) Сақтанушының (Сақтандырылушының) моральдық залалы, жоғалтулары, оның ішінде айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық төлемдері, сот шығыстары, ұтылған пайда және т.б.;
2) кез келген үкіметтің, мемлекеттік немесе болу елінің жергілікті биліктерінің бұйрығы бойынша Сақтандырылушының мүлкін тәркілеумен, ұлттандырумен, мемлекет меншігіне алумен, жоюмен, құртумен болған тікелей немесе жанама шығыстар;
3) дәрігердің/кез келген медициналық қызметкердің телефон/бейне-интернет байланыс бойынша консультациялары.
4) Сақтандырылушының өз қалауы бойынша / қарап шешуі бойынша немесе медициналық қызметкерлердің ұйғарымының негізінде, бірақ Сақтандырылушымен, Сақтандырылушының туыстарымен, немесе кез келген басқа тұлғаардың Ассистанстың қатысуынсыз өз бетімен және/немесе Сақтандырушының жазбаша келісімімен ұйымдастырылған эвакуация шығыстары;
5) жергілікті емдеуге болатын және Сақтандырылушының саяхатын жалғастыруға кедергі келтірмейтін елеусіз аурулар немесе жарақаттар жағдайында эвакуациялау шығыстары;
6) авиа, т/ж және/немесе басқа тасымалдаушылардың билеттерін сатып алу/айырбастау шығыстары.
7) Сақтандырылушының туыстарымен немесе кез келген басқа тұлғалармен Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен келісім бойынша өз бетімен ұйымдастырылған Сақтандырылушының кәмелеттік жасқа толмаған балаларын эвакуациялау шығыстары;
8) Сақтандырылушының кәмелеттік жасқа толмаған балаларын олардың тұрғылықты жеріне жақын халықаралық әуежайдан олардың тікелей тұрғылықты жеріне дейін тасымалдаумен (тұруды және тамақтандыруды қоса) байланысты шығыстар;
9) Сақтандырылушының денесін жерлеу орнына жақын халықаралық әуежайдан Сақтандырылушыны жерлеу орнына дейін тасымалдау шығыстары;
10) Сақтандырылушының туыстарымен немесе кез келген басқа тұлғалармен өз бетімен, Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен жазбаша келісіммен ұйымдастырылған Сақтандырылушының денесін репатриациясы бойынша шығыстары;
11) Сақтандырылушыны Қазақстан Республикасында немесе Сақтандырылушы тірі кезде азаматтығы болған елде жерлеу бойынша кез келген шығыстар;
12) осы Ережелердің 3.6.3 тармақшасында келісілмеген Сақтанушының (Сақтандырылушының) телефонмен сөйлесулеріне ақы төлеу бойынша шығыстар;
13) Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді қабылдау үшін қажетті құжаттардың орыс немесе қазақ тілдеріне аудармасын және/немесе нотариалдық куәдандыруды жүзеге асыру кезінде шеккен шығыстар.
14) Сақтандырылушының медициналық мекемеден сақтандыру аумағында уақытша тұру орнына дейін сапарына көлік шығыстары.
15) Егер Сақтандырылушы шарт күшіне енгеннен кейін сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру аумағында азаматтықты/ыхтияр хатты алған болса, сақтандыру жағдайымен байланысты шығыстар.
10.8. Сақтандырушы Сақтанушыға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.
11. ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІН ӨЗГЕРТУ. ШАРТТЫҢ ТЕЛНҰСҚАСЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ
11.1. Шартқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың біреуінің жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылады. Тараптардың біреуімен өтінішті алған сәттен бастап шешім қабылдау сәтіне дейін Шарт бұрынғы шарттарда қолданылады. Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар оларды жазбаша ресімдеу және екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қою шартымен заңды күшке ие болады.
11.2. Бұрын жасалған Шартқа өзгертулерді енгізу қайта ресімдеу арқылды жүзеге асырылады. 11.2.1. күшіне енбеген Шартты қайта ресімдеу Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Сақтанушыдан жазбаша өтінішті алу шартымен, Сақтандырушымен жүзеге асырылады. Шартты жаңа қолданылу мерзіміне қайта ресімдеу кезінде Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысынан 0,1 АЕК мөлшерінде бланк үшін шығысды ұстап қалады. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақасының есебін бастапқы Шарт бойынша 0,1 АЕК шегере отырып, жаңа Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу шотынажүзеге асырады;
11.2.2. күшіне енген Шартты қайта ресімдеу Сақтандырушымен осы Ережелермен көзделген барлық тәуекелдер бойынша, Шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан кейін Сақтандырушыға түскен Сақтанушының жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады. Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысынан келесі шығыстарды ұстап қалуды жүзеге асырады:
§ сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан 35% құрайтын істі жүргізу шығыстары;
§ Шарттың аяқталған қолданылу кезеңіне пропорционал сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;
§ 0,1 АЕК мөлшерінде бланкіге шығыстар
Жоғарыда аталған шегерулерді жүзеге асырғаннан кейін, Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының қалған бөлігін жаңаШарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу шотына есептеуді жүзеге асырады;
Шартты қайта ресімдеу кезінде, егер:
§ жаңа сақтандыру кезеңі (күндер саны бойынша) бастапқы Шарттағы кезеңге қарағанда аз болатын болса, Сақтандырушы осы Ережелердің 12.6 тт. белгіленген мерзімде 11.2.1 тт. және 11.2.2. тт. келісілген шегерулердің есебімен сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады;
§ жаңа сақтандыру кезеңі (күндер саны бойынша) өзгермеген болса, Сақтанушы 11.2.1. тт. және 11.2.2. тт. келісілген шегерулерді төлеуді жүзеге асырады;
§ жаңа сақтандыру кезеңі (күндер саны бойынша) бастапқы Шарттағы кезеңге қарағанда көп болатын болса, Сақтанушы осы Ережелердің 11.2.1 тт. және 11.2.2. тт. келісілген шегерулерді төлеуді және сақтандыру мерзімін арттыруға сәйкес келетін сақтандыру сыйлықақасының айырмашылығын төлеуді жүзеге асырады;
11.3. Тараптардың келісімі бойынша Шарт келесі шарттарды міндетті сақтау кезінде келесі мерзімге мерзімі ұзартылуы мүмкін:
§ Шарт бойынша мәлімделген және/немесе төленген сақтандыру жағдайларының болмауы;
§ Сақтандырушыға Шарттың аяқталу күніне дейін 5 (бес) күнтізбелік күннен кеш емес жазбаша хабарлау.
11.4. Шарттың телнұсқасын ресімдеу Сақтандырушымен Сақтанушының жазбаша өтінішің негізінде жүзеге асырылады. Сақтандырушы Шарттың телнұсқасын Сақтанушыдан өтінішті алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімдеуді жүзеге асырады. Шарттың телнұсқасын ресімдеу кезінде Сақтандырушы 0,1 АЕК мөлшерінде бланкке шығыстарды ұстап қалады.
11.5. Сақтандырушы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш берілген жағдайда Шарттың телнұсқасын ресімдеуден бас тартуға құқылы.
12. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ/БҰЗУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
12.1. Шарттың қолданылуы келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) Сақтанушымен сақтандыру сыйлықақысын Шартпен белгіленген мөлшерде және мерзімде төлемеу;
2) Сақтандырылушының Шартта көрсетілген сақтандыру аумағына (болу еліне) шығуын шекара және/немесе кедендік қызметтермен тіркеу сәтінен бастап, бірақ Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кеш емес;
3) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;
4) Шартты мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында.
12.2. Міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен, сондай-ақ ҚР АК 841 бабының 1 тармағымен көзделген Шартты мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінен басқа, Шарт келесі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Шартта көрсетілген сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін Сақтандырушымен жүзеге асыру;
2) Сақтанушымен Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы өзіне белгілі болған маңызды өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндеттемесін орындамау, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етуі мүмкін болса, немесе егер Сақтанушы Шарттың шарттарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесін арттыруға мөлшерлес қосымша төлеуге қарсы қарсылық білдіретін болса;
3) Сақтанушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша, сондай-ақ Тараптардың келісім бойынша Шартты бұзу.
12.3. Осы Ережелердің 12.2 т. 1) тт. көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдарлары:
12.3.1.Аталған жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіздеме ретінде көзделген жағдайлардың туындау сәтінен бастап Шарт тоқтатылған ретінде саналатын болады, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді.
12.3.2.Аталған негіздер бойынша Шартты тоқтату кезінде Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.
12.4. Осы Ережелердің 12.2 т. 2) тт. көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдарлары:
12.4.1. Аталған жағдайларда Шарт тәуекел дәресемін арттыруды болдыратын жағдайлардың туындау сәтінен бастап тоқтатылған ретінде саналады.
12.4.2. Бұл ретте Сақтандырушы Сақтанушыға Шартты тоқтату туралы келесі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті:
1) Сақтандырушыға Сақтанушымен тәуекел дәрежесінің артуы туралы хабарлау міндетемесін орындамау туралы белгілі болған кезде;
2) Сақтанушыдан Шартқа өзгертулерді енгізуден немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуден бас тартуды алу;
3) Шартпен белгіленген мерзім аяқталған кезде, Сақтандырушыға қойылатын талаптың акцептісі үшін Шартты өзгерту және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу.
12.4.3. Аталған негіздер бойынша Шартты тоқтату кезінде, Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.
12.5. осы Ережелердің 12.2. т. 3) тт. көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдарлары:
12.5.1. Шарт тиісті сот шешімі күшіне енген күннен бастап (егер дау сот тәртібінде шешілген болса) немесе Сақтанушының (Сақтандырушының) бұзу туралы жазбаша хабарламасы Сақтандырушыға (Сақтанушыға) берілгеннен кейінгі күннен бастап тоқтатылған ретінде саналады, бұл ретте шартты бұзу ниеті туралы бастамашы Тарап екінші Тарапқа шартты бұзу күніне дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес хабарлауға міндетті.
12.5.2. Сақтандыру шартын ҚР Азаматтық Кодексінің 841 б. 1 т. көзделген негіздер бойынша Сақтанушының өтініші бойынша Шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін мерзімінен бұрын тоқтату кезінде:
§ елшіліктің визаны ашудан бас тарту себебі бойынша, Сақтандырушы Сақтанушыға 100% төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтарады, бұл ретте Сақтанушы Сақтандырушыға бұзу туралы өтінішті беруге және елшіліктің бас тартуын жазбаша түрде (түпнұсқа) Шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын беруге міндетті;
§ жақын туысының қайтыс болуы себебі бойынша Сақтандырушы Сақтанушыға 100% төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтарады, бұл ретте Сақтанушы Сақтандырушыға бұзу туралы өтінішті және жақын туысының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесін Шарттың қолданылу мерзімінің басталуына дейін 1 (бір) жұмыс күні бұрын беруге міндетті. Жақын туыстары ретінде Сақтандырылушының ата-анасы (асырап алушылары), Сақтандырылушымен тіркелген некеде тұрған жұбайы/зайыбы, оның балалары, оның ішінде асырап алған, сондай-ақ Сақтандырылушының туғандары (бауырлары, апа-қарындастары, әжелері, аталары, немерелері);
§ басқа себеп бойынша, Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады, сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан 35% құрайтын істі жүргізуге шеккен шығыстарды шегере отырып, бұл ретте Сақтанушы Сақтандырушыға Шарттың қолданылу мерзімінің басталуына дейін бұзу туралы өтінішті беруге міндетті.
§ өзге жағдайларда, Сақтанушының өтініші бойынша шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі басталғаннан кейін, егер бұл Сақтандырушы бекіткен жеке Шарттың талаптарында көрсетілген мән-жайларға байланысты болса, сақтандырушы мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады: (СС: N)*(N-n)) – (СС-15 %*СС) мұнда:
СС-шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
N - шарттың қолданылу мерзімі күндермен;
n - шарттың қолданылу мерзімінің өткен күні.
12.5.3. Шарттың қолданыу мерзімі басталғаннан кейін берілген Сақтанушының өтініші бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату кезінде:
§ Сақтандырушыға аталған тәуекелдер бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды;
§ егер Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы 7 500,00 (жеті мың бес жүз) және одан көп теңгені құрайтын болса, Сақтандырушы жеке қарап шешуі бойынша Сақтанушыға сыйлықақының бір бөлігін, бірақ төленген сақтандыру сыйлықақасынан 50% көп емес қайтару құқына ие болады.
12.5.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату оның шарттарын Сақтандырушының кінәсінен орындамаумен/тиісті жолмен орындамаумен болған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға онымен төленген сақтандыру сыйлықақысын немесе сақтандыру жарнасын толығымен қайтаруға міндетті.
12.5.5. Шартты мерзімінен бұрын бұзу оның шарттарын Сақтанушының кінәсінен орындамаудан/тиісті жолмен орындамаудан болған жағдайда, Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы немесе сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.
12.6. Осы баптың жоғарыда аталған тармақтарына сәйкес қайтарылуға жататын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі Сақтандырушымен бір жолғы төлеммен, Шартты бұзу туралы өтініш Сақтандырушыға түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төленеді.
13. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
13.1. Шарттан немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.
13.2. Тараптармен уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелуге жатады.
13.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге тәртібі көзделуі мүмкін.
14. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
14.1.Тараптардың келісімі бойынша осы Ережелерге сәйкес жасалатын Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылық тудырмайтын ерекше шарттар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) қосылуы мүмкін.
14.2. Қосарлы сақтандыру:
1) Қосарлы сақтандыру – бұл бір объектіні бірнеше сақтандырушыда немесе олардың әрқайсысымен дербес сақтандыру шарттары бойынша бір сақтандырушыда сақтандыру.
2) Қосарлы сақтандыру кезінде сақтандырушы пайда алушының алдында сақтанушымен жасалған сақтандыру шарты шегінде мүліктік жауапкершілікті мойнына алады, алайда пайда алушының барлық сақтандырушылардан/ немесе сақтандыру өнімдерінен бір сақтандырушыдан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.
3) Қосарлы сақтандыру кезінде, сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтанушы/сақтандырылушы сақтандырушыға өзге сақтандыру компанияларында сақтандыру төлемі мәселесін реттеуге қатысты барлық мәліметтерді, оның ішінде өзге сақтандыру компанияларынан алынған сақтандыру төлемінің мөлшері туралы мәліметтерді беруге міндетті.
4) Қосарлы сақтандыру кезінде сақтандырушы басқа сақтандыру ұйымдарымен бірлесіп, сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға немесе тек бір сақтандыру өнімі бойынша ғана төлемді жүзеге асыруға құқылы.
14.3. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
14.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
14.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 14.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
14.6. Сақтанушы 1)-5) 14.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.
* ш.б.- шартты бірлік, ол осы Шартта көрсетілген сақтандыру сомасының валютасымен анықталады.