ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНА ТУРИЗМ МАҚСАТЫНДА КІРЕТІН ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАР МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ

22.04.2022ж. өзгерістер

 

1.      ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Қазақстан Республикасына аумағына туризм мақсатында кіретін шетедік азаматтар мен ҚР азаматтарының медициналық сақтандыру ережесінің (бұдан әрі–«Ереже») шарттарында   «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы, бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын, Қазақстан Республикасына аумағына туризм мақсатында кіретін шетедік азаматтар мен ҚР азаматтарының ерікті сақтандыру сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.

1.2. Осы Ережеде келесі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

1)   Ассистанс–Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға) сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан медициналық,көліктік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыратын қызмет көрсету компаниясы.

2)        Кенеттен ауру  – сақтандыру мерзімі уақытында жағдай алған Сақтандырылушының денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне одан әрі зақым келтіруді алдын алу мақсатында жедел медициналық араласуды қажет ететін адам денсаулығының өткір және күтпеген өзгеруі.

3)        Жедел медициналық жағдай–науқастың өміріне тікелей қауіп көрсетумен байланысты емдеу іс-шараларын жедел өткізуді талап ететін жағдай.

4)        Сақтандыру жағдайы – шын мәнінде орын алған, кенеттен және абайсыз орқиға, оның басталуымен Шарт ауыр жағдай мен кенет және жедел жағдайлары кезеңдеріндегі аурулармен байланысты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды қарастырады.

5)        Эвакуация – Сақтандырылушыға арнайы жабдықталған көліктермен және медициналық көмекпен жергілікті жерде жедел медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетілетін жақын жерге дейін тасымалдау.

6)        Жедел ауруханаға жатқызу дәрі-дәрмектік, қажет болған жағдайда, өмірге қауіп төндірмес бұрын жедел медициналық жағдайды жеңілдетуге бағытталған хирургиялық араласу

7)        Репатриация – абайсыз қайтыс болған сақтандырылушының денесін Қазақстан Республикасындағы, немесе Сақтандырылушы тірі кезінде азаматтығы болған елдің жерлеу орнына жақын халықаралық әуежайына дейін тасымалдауды ұйымдастыру.

2.      САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1         Осы Ережелерде көрсетілген  Қазақстан Республикасы аумағында болу уақытында медициналық мекемелерге қызмет (көмек) көрсетуге жүгінумен туындаған шығындарының өтемақысымен байланысқан Сақтандырылған тұлғаның мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

 

3.      САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ. ФРАНШИЗА

3.1.            Сақтандыру сомасы – Сақтандырушы өзінің міндеттерінің орындалуына жауапкершілік алатын Шарт бойынша анықталған шекті ақша сомасы, осыған орай Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы мен Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі қойылады.

3.1.1.      Жалпы сақтандыру сомасына қосалқы жеке тәуекел (қызмет түрі) немесе тәуекел тобы (бірнеше қызмет түрлері) бойынша сақтандыру сомалары қойылады.

3.1.2.      Егер сақтандыру Шартында көрсетілген қызметтерге шығындар бекітілген сақтандыру сомасы және немесе жеке тәуекел/ тәуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасы шегінен шыққан жағдайда, Сақтанушы (cақтандырылған) сақтандыру сомасынан немесе жеке тәуекел/ тәуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасынан шектен шыққан шығындар бөлігін өз бетімен жабады.

3.2.            Франшиза-Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.

3.2.1. Қабылданған франшиза мен оның көлемін анықтау екі тараптың келісімімен Шартты орнату барысында жүзеге асырылады. Франшиза көлемі сақтандыру сомасына пайыздық қатынас немесе абсолюттік көлем негізінде көрсетіле алады. Франшиза тәуекелдер пакеті бойынша,сондай-ақ белгілі тәуекелдер бойынша жеке көрсетіле алады.

3.2.2. Франшиза шарт қойылатын (шегерілмейтін)және шарт қойылмайтын (шегерілетін) болады.

1)   Шарт қойылатын франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ залалды толығымен өтеуі тиіс, егер оның мөлшері бұл сомадан көп болатын болса.

2)   Шарт қойылмайтын франшиза кезінде шарт жағдайларымен сәйкес белгіленген төлем сомасы Cақтандырушыдан  шарт қойылмайтын франшиза сомасын шегерумен өтеледі.

3.3.            Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтандырушымен Шартпен анықталған мөлшерде сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.

3.3.1.    Сақтандыру сыйлықақысын сақтандырудың барлық кезеңі үшін сақтандырушы сақтандыруға жататын тәуекелдерге, сақтандыру сомасының мөлшеріне, базалық тарифтік ставкаларға және оларға түзету (жоғарылату және төмендету) коэффициенттеріне сүйене отырып (осы Ережеге №1 қосымша) сақтандырудың нақты шарттарын: Сақтанушының жасын, Сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған тұлғаның саны, сапардың мақсаты, сапардың ұзақтығы, Сақтанушының әртүрлі спорт түрлерімен айналысуы және тәуекел дәрежесін анықтау үшін басқа да факторлар.

3.3.2.      Егер сақтандыру шартының шарттарымен басқа тәртіп белгіленбесе, Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы сақтанушымен бір уақытта, барлық сақтандыру мерзімі үшін бір реттік төлеммен төленеді.Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Сақтандыру шартының қолданылуының басталған күнінен кешікпей жүзеге асырылады.

3.3.3.      Шарттың талаптарымен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлемеу жағдайында, Сақтандыру шарты күшіне енбеген болып саналады, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелерінен босатылады.

3.3.4.      Сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні ретінде ақша қаражаттарының Сақтандырушының банктік есепшотына немесе кассасына түсу күні саналады.

4.      САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

4.1.   Шарттың жұмыс істеу мерзімі барысында орын алған Сақтандырушы/Сақтандырылушының кенеттен ауырған немесе жазатайым оқиға барысында медициналық көмек алу мақсатындағы шығындар сақтандыру жағдайы болып танылады.

4.2.   Сақтандыру жағдайы деп қарастырылатын оқиғалар, оның орын алу ықтималдығы мен  кедейсоқтық белгілеріне ие болуы қажет.  

4.3.   Сақтандыру жағдайының орын алған дәлелдемесі, сондай-ақ келтірілген залал, Сақтандырылған адамның жауапкершілігі астында жатыр. 

4.4.       Сақтандырушы келесі оқиғалармен байланысты шығындарды өтейді:

1)   емханалық реттегі жедел медициналық көмек шығындары (дәрігерге алғаш тексерілу, диагнозды белгілеу үшін қажет диагностикалық іс-шаралар, дәрігердің қабылдауы кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер, жағдайдың шұғылдығын ескере отырып дәрігерге қайта қаралу, бірақ 2 реттен артық емес)

2)   шарттың барлық жұмыс істеу мерзімі кезінде сақтандыру жағдайы басталған кезден бастап стандарттық түрдегі палатаға жедел жатқызу шығындары, алайда 5 (бес) күннен көп емес (мамандардың кеңесі мен негізгі ауру бойынша қаралу, жедел хирургиялық және/немесе дәрі-дәрмелік емдеу);

3)   ауыз қуысы іріңдік-қабынулық аурулары нәтижесінде өткір тіс ауруы, өткір ауру нышанатымен байланысқан 15 000 (он бес мың) теңгеден аспайтын жедел стоматологиялық көмек шығындары, сондай-ақ жазатайым оқиға барысында жарақат алу нәтижесіндегі шығындар;

4)   жүктілік – күтпеген жерден пайда болған қиыншылық жағдайында (қан ағу және т.б.), шұғыл медициналық кіріспелерді қажет ететін, 12 аптадан аспайтын жүктілік мерзімі.

5)   жарақаттар (қаралу, рентген, гипстік иммобилизациясы).Жаттығу барысында, профессионалды спортпен айналысқанда алынған жарақаттар, тәуекел коэффициентін ескере отырып, міндетті сақтандыру сыйақысын төлеу негізінде.

6)   Жағдай орын алған жерден медициналық мекемеге алғашқы көмек көрсетіле алатын жақын жерге дейін тасымалдау эвакуация шығындары – жедел медициналық көмек жергілікті жағдайда көрсетіле алмаған кезде.

7)   Репатриация шығындары – сақтандырушы тасымалдау талаптарына сай табытты төлеу шығындарын төлеу, ұйымдастыру шығындарын және  сүйектерді сақтандырылған бұрын тұрған елдің жерлеу орнына ең жақын аэропортқа тасымалдау шығындарын және өз жауапкершілігіне алады.     

 

5.  САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН АУМАҒЫ

5.1. Сақтандыру мерзімі сақтандыру шартымен белгіленеді және сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі болып табылады.

5.2.    Шарт Шартта көрсетілген күннен бастап белгілі және мәлімделген шығындарсыз, Сақтанушы Шартта толық мөлшерде сақтандыру сыйлықақысын төлеген жағдайда күшіне енеді.

5.3.    Сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.

 

 

6.   САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАСУ ТӘРТІБІ

6.1.    Сақтанушының ауызша немесе жазбаша өтініші шарт жасасу үшін негіз болып табылады.

6.2.  Шарт жазбаша нысанда, тараптар сақтандыру шартын жасау және оған қол қою арқылы жасалады, сондай-ақ  қолданыстағы заңнама талаптарын бұзбай электронды түрде жасалуы мүмкін.

6.3.    Шарт жасасу кезінде сақтанушы сақтандырушыға (сақтандырылушыға) белгілі, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның туындауынан болатын ықтимал шығындардың мөлшерін айқындау үшін елеулі мәні бар барлық мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар сақтандырушыға белгісіз болса және белгілі болмаса, хабарлауға міндетті.

6.4.    Шарт сақтандырылған адамды алдын ала медициналық куәландырусыз жасалады. Сақтандырушының талабы бойынша сақтандырылған адам сақтандырушы ұсынған нысан бойынша сауалнама парағын (өтініш-сауалнама) толтыруы тиіс.

6.5.    Денсаулық жағдайын тексеру нәтижесінде сақтандырушыға келіп түскен ақпарат қатаң құпия болып табылады. Алайда сақтандырушы қайта сақтандырушыға немесе басқа сақтандырушыға тәуекел дәрежесін бағалау үшін және қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру шартын ресімдеу үшін сақтанушы туралы деректерді қажетті көлемде беруге құқылы. Сақтандырылушы туралы деректерді көмек беруге сақтандыру мақсаттары үшін қажетті шамада ғана жол беріледі.

 

7. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

7.1.   Сақтандырушы құқылы

1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ сақтанушының шарт талаптары мен талаптарын орындауын тексеруге.

2) Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.

3) Сақтанушы шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде шартты бұзуды талап етуге құқылы.

4) Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушының алкогольдік есірткілік мас болуына күдік туған жағдайда сақтандырылған тұлғаның алкоголь есірткі заттарының болуына медициналық куәландырудан өтуін талап етуге құқылы.Алкогольдік есірткілік мас болу фактісі анықталған жағдайда, сондай – ақ сақтандырылған тұлға медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда-сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту.

5) Сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды тиісті мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан,медициналық мекемелерден, туристік агенттіктерден операторлардан, сақтандыру жағдайының мән-жайлары туралы ақпараты бар басқа да кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан олардың құзыретіне сүйене отырып және сәйкес сұратуға.

6) Cақтанушыда сақтандырылушыдан сақтандыру жағдайының фактісін,оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты құжаттарды талап етуге.

7) Осы Ережелерде көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

8) Сақтандырушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін сақтандырылушы, пайда алушы туралы дербес деректерге, ҚР АК 830-бабына сәйкес сақтандыру құпиясына қатысты мәліметтерді Ассистансқа беруге құқығы бар.

7.2 Сақтандырушы міндетті:

1) Cақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыруға.

2) ҚР АК 828 және 830-баптарына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге.

3) Сақтанушы/сақтандырылушы/пайда алушы 9.2.т.көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда осы сақтандыру Ережесінің 9-бөлімі дереу, бірақ  (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабардар етуге.

4) Сақтанушыға немесе сақтандырылушыға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не осы Ереженің талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге құқылы.

5) Шартта, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да іс-әрекеттерді жасауға құқылы.

7.3 Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге.

2) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.

7.4 Сақтанушы міндетті

1) Шарт жасасу кезінде сақтандырушыға тәуекел дәрежесін бағалау және шарт жасасу үшін қажетті оны қызықтыратын барлық ақпаратты беруге.

2) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге.

3) Шарт жасасу кезінде және оның қолданылу кезеңінде сақтандырушыны осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабардар етуге

4) Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жағдайы туралы хабарлауға.

5) Шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандырушыға хабарлауға.

6) Тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Шарттың өзгергені және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті.

7.5 Пайда алушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын,шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге.

2) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға.

3) Осы Ережеде көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемін алуға.

4) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтуға құқылы.

7.6. Осы бөлім тараптарының құқықтары мен міндеттерінің тізбесі толық болып табылмайды,тараптардың жекелеген міндеттері осы ереженің басқа бөлімдерінде көзделген. Тараптар өзге құқықтарды пайдалануға құқылы және осы ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға тиіс.

                        8. САҚТАНУШЫНЫҢ / САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ  ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

 8.1  Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырылушы немесе оның өкілі Шартта көрсетілген "Samal Medical Assistance" ЖШС диспетчерлік қызметінің телефондарына дереу хабарласып, келесі ақпаратты хабарлауы қажет.

1) Сақтандыру шартының нөмірі (полис);

2) Сақтандыру жағдайы орын алған Сақтандырылған тұлғаның тегі мен аты;

3) Сақтандырылушының орналасқан жері және байланыс телефондары;

4) Сақтандыру жағдайының қысқаша сипаттамасы (аурудың немесе жазатайым оқиғаның күні, уақыты, орны, мән-жайы).

8.2  Сақтандырылған тұлға өз бетінше жүгінгенге дейін және/немесе қызметтерді өз бетінше алғанға дейін көмек диспетчерлік қызметіне жүгінбеген жағдайда,Сақтандырушы амбулаториялық өтініш бойынша 15000 (он бес мың) теңге немесе стационарлық емдеу бойынша 30 000 (отыз мың) теңге сомасынан асатын сақтандыру төлемінің бір бөлігін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Бұл Шарт, егер Сақтандырылған тұлға Ассистанс ұсынған медициналық мекемеге жүгінбесе, бірақ дәрігерді/мекемені өз қалауы бойынша таңдаған жағдайда да қолданылады.

8.3. Осы Ережеде көзделген медициналық көмекке немесе қызметтерге дербес ақы төлеу кезінде сақтандырылған тұлға бұл туралы жағдай туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде сақтандырушыға хабарлауға міндетті.

 

9.  САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

9.1. Сақтандыру төлемі келісі тәртіппен жүзеге асырылады.

1) Сақтандырушы мен Ассистанс арасында жасалған ынтымақтастық туралы шарт негізінде Шартта көрсетілген Ассистансқа;

2) Егер ол осы Шарттың талаптарында көзделген қызметтерге ақы төлеуді дербес жүргізсе, Сақтандырылған тұлғаға /пайда алушыға беріледі.

9.2.Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның, пайда алушының) беруіне қажетті құжаттардың тізбесі.

1) Сақтандыру жағдайы туралы өтініш.

2) Шарттың түпнұсқасы.

3) Сақтандырылушының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (паспорт, жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі.

4) Емдеуші дәрігердің медициналық препараттарды қабылдауға толық тағайындалуын, процедуралардан өтуін, қабылдау күнін, тағайындауға себеп болған диагнозды және сақтандырылған тұлғаның Т. А. Ә. көрсете отырып, шоттар қойылған дәрігерлерді қабылдауды қоса алғанда, тиісті медициналық мекемелер қорытындыларының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері.

5) Қайтыс болу себебін көрсете отырып, сақтандырылушының қайтыс болғанын анықтаған медициналық мекеме қорытындысының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

6) Қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі.

7) Фискалдық және тауарлық чектердің түпнұсқалары, әрбір препараттың атауын, рәсімін, қабылдауын, олардың санын, құнын, сатып алынған күнін және сақтандырылушының Т. А. Ә. көрсете отырып, медициналық мекемелерден рәсімдерден өткенін растайтын төлем туралы түбіртектер, дәрігерлерді қабылдау.

8) Уәкілетті тұлға куәландырған және тиісті медициналық мекеменің мөрімен бекітілген амбулаториялық картаның, ауру тарихының нотариалды куәландырылған көшірмелері не көрсетілген құжаттардан үзінді көшірмелер, рентген суреттерінің түпнұсқалары.

9) егер жағдай көлік оқиғасының, үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерінің, өрттің және т. б. салдарынан орын алса, қосымша - құзыретті органдардың (ішкі істер, прокуратура, тергеу органдарының, сот органдарының және т. б.) сақтандыру жағдайының басталғанын, келтірілген зиянды растайтын, зиян келтіруге кінәлілерді белгілейтін тиісті құжаттарының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері;

10) Пайда алушы шотының банктік деректемелері.

11) Сақтандырылған тұлға қайтыс болған кезде мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі.

12) Қазақстан Республикасының аумағына кету/келу туралы туралы белгісі бар паспорттың көшірмесі (шетел азаматтары үшін).

13) Сақтандырушы жоғарыда аталған құжаттар тізбесін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, егер олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактісін анықтауға және шығын мөлшерін анықтауға мүмкіндік бермейді деп есептесе.

9.3. Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не пайда алушыға сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.

 

10. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ

10.1.Егер сақтандыру жағдайы келесі салдардан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы:

1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның, пайда алушының) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның, пайда алушының) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттері.

10.2. Егер сақтандыру жағдайы келесі себептерге байланысты болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатылады:

1) сақтандыру шартында көзделмеген тәуекелдер;

2) ядролық жарылыс, радиациялық немесе радиоактивті ластану;

3) әскери әрекеттер, терроризм актілері, терроризмге қарсы операциялар; азаматтық соғыс, барлық түрдегі азаматтық толқулар немесе ереуілдер;

4) қоршаған ортаның ластануы, жаһандық апаттар, жер сілкінісі, жанартау атқылауы немесе от, көшкін, тау құлауы, дауыл, құйын, су тасқыны, бұршақ немесе нөсер және өзге де дүлей зілзалалар;

5) өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау.

10.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін келесі жағдайда жүзеге асырмайды:

1) егер сақтандырылған тұлға оқиға болған кезде алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде болса не кез келген психотроптық заттардың әсерінен болса;

2) Егер жағдай Сақтандырылғанның болуы/қатысуы салдарынан болса:

a) кәсіби және / немесе әуесқой спорттың кез келген түрі. Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/"Спорт" санаты таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;

b) моторландырылған жер үсті, су немесе әуе қозғалысы құралдары пайдаланылған кез келген іс-шараларда, сондай-ақ секірулерге, автожарысқа қатысу, парашют, пара -, мото -, дельтаплан қоса алғанда, ұшу аппаратын басқару, сақтандырылған тұлғаның кез келген сынаққа қатысуы. Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/"Спорт" санаты таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;

с) сақтандырылған тұлғаның жарақат алу қаупі жоғары белсенді демалыс және дене шынықтырумен белсенді түрлерімен шұғылдануы/қатысуы (банандармен және басқа да су аттракциондарымен сырғанау, спорттық сипаттағы жылжымалы ойындар; жаттығу залдарындағы сабақтар; су астына кез келген сүңгу; серфингтің кез келген түрімен шұғылдану; альплагерлерде және туристік және спорттық базаларда, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 м жоғары орналасқан аудандарда демалу; жаяу өрмелеу, үңгірлермен, жанартаулармен саяхаттау; жолсыз класты автокөліктермен; велосипедпен жүру және саяхат, атпен және басқа жануарлармен саяхат және т.б.). Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/санаты – "белсенді демалыс" таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе.

10.4. Сақтандырушы келесі шығыстар бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырмайды:

1) Шарт күшіне енгенге дейін Сақтандырылушыда кез келген бар ауруларды диагностикалау және/немесе емдеу;

2) Cақтандырылған тұлғанның шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін немесе қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ Шартта көрсетілген сақтандыру аумағынан тыс медициналық көмек алуы;

3) Сақтандырылған тұлғаның  шұғыл медициналық көмек көлемінен асатын диагностиканы және/немесе емдеуді алуы;

4) Шарт күшіне енген күнге дейін соңғы 6 (алты) айда сақтандырылған және кейіннен емдеуді талап еткен аурулардың диагностикасы және/немесе емі (егер медициналық көмек тұлғаның өмірін сақтап қалу үшін, еңбекке қабілеттіліктің толық жоғалуын болдырмау үшін немесе жіті ауырсыну синдромын басу үшін қажет болса, шектеу жарамсыз);

5) Өзін-өзі емдеуді, сондай-ақ сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) отбасы мүшелерінің, туыстарының немесе таныстарының тағайындалуын және емделуін);

6) дәрігердің тағайындауы/рецептісі бойынша дәріханада дәрілік препараттарды сатып алуға арналған шығыстар;

7) сақтандырылған тұлғаның өміріне тікелей қатерді жою үшін алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, созылмалы ауруларды және олардың асқынуларын емдеу және/немесе диагностикалау;

8) қатерлі және/немесе қатерсіз ісіктерді, гиперпластикалық процестерді, сондай-ақ оларға байланысты кез келген асқынуларды диагностикалау және/немесе емдеу;

9) ұрпақты болу жүйесін диагностикалау және / немесе емдеу, атап айтқанда:

а) жүктіліктің басталуы және сақталуы, жүктіліктің асқынуын емдеу, қалыпты немесе мерзімінен бұрын босану, сондай-ақ кесар тілігін жасау операциялары, жүктілікті жасанды түрде тоқтату (түсік тастау) мақсатында Сақтанушыға консультациялық-диагностикалық тексерулер мен емдеу жүргізу. Ерекшеліктер: жүктіліктің 12 аптасынан аспайтын мерзімге, сақтандырылушының авария салдарынан туындаған, сақтандыру жағдайы деп танылуы мүмкін кезеңге жасанды түрде тоқтату;

б) жасанды ұрықтандыру, бедеулік / импотенция, простатит диагностикасы және емі; зарарсыздандыру, сондай-ақ контрацепцияның кез-келген әдісі, соның ішінде құрсақішілік құрылғы енгізу / алып тастау;

в)  етеккір циклінің кез келген бұзылуын диагностикалау және/немесе емдеу

10) жаңа туған баланы күтуге, емдеуге, медициналық бақылауда болуға және қозғалуға (эвакуацияны және/немесе репатриацияны қоса алғанда) байланысты шығыстар);

11) кез келген туа біткен, тұқым қуалайтын ауруларды, организмнің туа біткен/жүре пайда болған аномалияларын/даму кемістіктерін, оның ішінде - сүйектердің патологиялық сынықтарын диагностикалау және емдеу;

12) миопиямен / гиперметропиямен, астигматизммен, катарактамен, глаукомамен, ретинальды бөлінумен байланысты диагностика және емдеу (оның ішінде операциялық);

13) шарттың қолданылу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін 5 (бес) тәуліктен астам мерзімге стационарлық көмекке арналған шығыстар

14) Жүректе немесе тамырларда кез келген манипуляциялар (диагностикалық және хирургиялық), оның ішінде ангиография, коронарлық тамырлардың ангиопластикасы, аортокоронарлық шунттау, стенттеу, ИВР орнату және т. б.;

15) трансплантацияның, имплантацияның және / немесе протездеудің кез-келген түріне, оның ішінде эндопростетикаға шығындар; остеосинтез, остеопластика, реконструктивті операциялар, әртүрлі түзеткіштерді (түйреуіштер, бұрандалар, болттар, сымдар, тақталар, сүйек тігісі, тарату-қысу құрылғылары және т.б.), органдар мен ұлпаларды трансплантациялау операциялары бойынша шығындар. Ерекшелік: Сақтанушының өмірін сақтап қалу үшін күйік алған кезде теріні трансплантациялау;

16)  бауыр циррозын, гепатиттердің кез келген түрін және олардың салдарын диагностикалау және/немесе емдеу;

17) психикалық бұзылуларды, депрессиялық жай-күйлерді, жыныстық жолмен берілетін ауруларды, АИТВ және ЖИТС-ті, алкоголизмді немесе нашақорлықты, туберкулезді, қант диабетін және олардың салдарларын диагностикалау және емдеу;

18) эпилепсияны, конвульсивті ұстамаларды диагностикалау және емдеу;

19) сақтандырылған тұлғаны оқшаулауды және/немесе инфекциялық стационарға жатқызуды талап ететін инфекциялық және паразиттік ауруларды, оның ішінде "әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесіне кіретін ауруларды диагностикалау және/немесе емдеу»; нейроинфекцияларды, атипті пневмония вирусын, геморрагиялық қызбаларды, тұмаудың атипті түрлерін, Коксаки вирусын, желшешек вирусын және процестің клиникалық түрі мен сатысына қарамастан олардың салдарын диагностикалау және емдеу;

20) сыртқы келбетінің немесе дене аномалияларының кемшіліктерін жоюға байланысты пластикалық операцияларға, косметологиялық диагностикаға/емдеуге және диагностиканың/емдеудің кез келген басқа түрлеріне, жыныстың хирургиялық өзгеруіне, салмақты/фигураны түзетуге, семіздікті немесе дистрофияны диагностикалауға/емдеуге арналған шығыстар;

21) мысықтар мен иттердің, жәндіктердің шағуын; кез келген теңіз жануарларының/мекендеушілерінің күйіктерін диагностикалау және/немесе емдеу, теңіз өсімдіктерінен алынған күйіктер/жарақаттар;

22) күн, ультракүлгін немесе сәулеленудің өзге де түрінің тікелей және/немесе жанама әсерінің салдарларын диагностикалау және емдеу (күннің күйігі, фотодерматит және т. б.), сондай-ақ саңырауқұлақ және дерматологиялық аурулар, оның ішінде аллергиялық (Квинке/анафилактикалық шоктың ісінуінен басқа) және тағамдық дерматиттер, псориаз және оның асқынулары; туа біткен ихтиоз, экзема, аллопеция, атопиялық дерматит, нейродермит, витилиго, сүйелдер, безеу ауруы, демодекоз, сондай-ақ, нозологияға қарамастан, лихеннің кез-келген түрі;

23) есту жолының күкірт тығындарымен бітелуіне байланысты консультациялар және емдеу;

24) остеосинтез/остеопластика үшін материалдарға арналған шығыстар; медициналық көмек құралдарын (линзаларды, көзілдіріктерді, есту аппараттарын, глюкометрлерді, бандаждарды, балдақтарды, мүгедектер арбаларын, памперстерді, ортездерді, ортопедиялық аяқ киімдерді, компрессиялық шұлықтарды және т. б.) іріктеу, сатып алу және жөндеу, сондай-ақ жарықпен бекітілетін жеңілдетілген гипс салу;

25) осы Қағидалардың 4-бөлімінде көрсетілген шұғыл көмекті қоспағанда, стоматологиялық көмек;

26) вакцинация бойынша шығыстар; жіті аурумен байланысты емес медициналық тексерулер немесе күтім; профилактикалық тексерулер, медициналық сараптамалар, оқу орындары мен басқа да мекемелер үшін анықтамалар;

27) сақтандырылған тұлға тұрақты негізде тұратын жеріне оралғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін немесе Ассистанс мақұлдамаған хирургиялық араласулар немесе емдеу;

28) медициналық мекемеде арнайы жеке палатаны ұсыну, сондай-ақ теледидар, Телефон, Кондиционер, дымқылдатқыш және т. б. ұсыну ;

29) дәстүрлі емес әдістермен емдеу және/немесе диагностика (фитотерапия, гирудотерапия, гомеопатия, балшықпен емдеу, жарықпен емдеу, барокамерамен емдеу, қолмен емдеу, массаж, биорезонанс терапиясы және т. б.), қалпына келтіру (оңалту) емі, сондай-ақ физиотерапиялық емдеудің кез келген әдістері;

30) психотерапевт, диетолог, генетика, логопед, косметолог, массажист, шаштараз, стилист,аудармашы қызметтерін ұсыну;

31) дәрігерлік практикамен айналысуға рұқсаты жоқ адамдар немесе тиісті лицензиясы жоқ медициналық мекеме жүзеге асыратын емдеу және/немесе диагностика;

32) сақтандырылған тұлғаның автокөлік авариясы нәтижесінде болған жарақатына немесе ауруына әкеп соққан жазатайым оқиға кезінде көмек көрсету жөніндегі шығыстар, егер:

а) Сақтандырылған тұлға тиісті жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарған, мас күйінде болған немесе есірткінің немесе уытты мас күйінде болған;

б) сақтандырылған тұлға көлік құралын басқаруды тиісті жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген;

        33) массаждың кез келген түрінің, SPA емшараларының салдарын емдеу;

34) сақтандырылған тұлғаның өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, компьютерлік томография (КТ), магниттік-резонанстық томография (МРТ);

35) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандырылушының шеккен шығыстары, тіпті егер сақтандыру жағдайы шарттың қолданылу уақытында басталса да.

10.5. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады, егер:

1) Сақтанушы Шарттың талаптарында көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүргізбесе;

2) емдеу / медициналық қызметтерді алу сақтандырылушының жол жүруінің мақсаты, сондай-ақ санаторийлерде, ауруханаларда, демалыс үйлерінде және санаторийлік-курорттық үлгідегі басқа да ұйымдарда емделу/медициналық қызметтерді алу жағдайында;

3) медициналық көмекті сақтандырылған спорт командасының дәрігері көрсеткен немесе спорттық жарыстарды/жиындарды ұйымдастырушылар қамтамасыз еткен;

4) шарт жасасу кезінде сақтандырылушыға қатысты мүгедектік және/немесе еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) айырылу (толық немесе ішінара) және/немесе кәсіптік ауру анықталған және бұл медициналық көмекке жүгінудің тікелей себебі болған;

5) сақтандырылған тұлға шарт жасасу кезінде сақтандыру аумағында стационарлық емделуде болған және/немесе оған шарт жасалған күнге дейін туындаған ауруға/жазатайым оқиғаға байланысты басқа медициналық көмек талап етіледі;

6) сақтандырылған тұлға сақтандырушының алкогольдік/есірткілік масаңдыққа медициналық тексеруден және/немесе медициналық куәландырудан өту талабын орындамаған және/немесе тексеру/куәландыру нәтижелерін ұсынбаған.

10.6. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да негіз болып табылады:

1) Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның, пайда алушының) сақтандырушыға сақтандыру объектісі (оның ішінде денсаулық жағдайы туралы), сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

2) Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) сақтандырушыға, егер осы өзгеріс сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуының тікелей немесе жанама себебі болып табылса, Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) Қызмет түрінің, сақтандырылушының Қызмет түрінің, кәсібінің, жол жүру мақсатының өзгергені туралы хабарламауы;

3) Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру жағдайынан болған залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

4) Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеуде және оған келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуде кедергі келтіруі;

5) шарт талаптарына сәйкес тиісті құжаттармен расталмаған және/немесе егер сақтандыру төлемін алу мақсатында немесе сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтандырылған тұлға сақтандырушыға ұсынған ақпарат пен құжаттар жеткіліксіз болса не сақтандыру жағдайының себептері мен мән-жайлары, сондай-ақ сақтандыру жағдайына байланысты көрсетілген қызметтердің түрлері мен құны туралы толық емес, дұрыс емес немесе көрінеу жалған мәліметтер болса, диагностика және/немесе емдеу;

6) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу.

10.7. Сақтандырушымен келесі қамтылмайды:

1) моральдық зиян, Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шығындары, оның ішінде айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, жоғалған пайда және т. б.;

2) қабылдаушы елдің кез келген үкіметінің, мемлекеттік немесе жергілікті билік органдарының тапсырысы бойынша сақтанушының мүлкін тәркілеу, мемлекет меншігіне алу, реквизициялау, жою, бүлдіруге байланысты тікелей немесе жанама шығындар;

3) телефон/бейне-интернет байланысы арқылы дәрігердің/кез келген медицина қызметкерлерінің консультациялары.

4) сақтандырылған тұлғаның өз қалауы бойынша немесе медицина қызметкерлерінің ұйғарымы негізінде эвакуациялауға арналған, бірақ дербес сақтандырылушы, сақтандырылған тұлғаның туыстары немесе Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен жазбаша келісімсіз кез келген басқа адамдар ұйымдастырған шығыстар;

5) жергілікті емдеуге жататын және сақтандырылған тұлғаның саяхатын жалғастыруға кедергі келтірмейтін аздаған аурулар немесе жарақаттар болған жағдайда эвакуациялауға арналған шығыстар;

6) Ассистанстың қатысуынсыз дербес жүзеге асырылған әуе, т/ж және/немесе басқа көлік компанияларының билеттерін сатып алуға/айырбастауға арналған шығыстар;

7) Сақтандырылған тұлғаның жақын туыстары немесе кез-келген басқа тұлғалар өз бетінше ұйымдастырған, Сақтандырылған тұлға кәмелетке толмаған балаларын эвакуациялау бойынша шығыстар Ассистанс және / немесе Сақтандырушымен қатысусыз жүзеге асырылады.

8) Сақтандырылған тұлғаның кәмелетке толмаған балаларын олардың тұратын жеріне жақын халықаралық әуежайдан олардың тікелей тұратын жеріне дейін тасымалдауға (оның ішінде тұру және тамақтану) байланысты шығыстар;

9) Сақтандырылған тұлғаның мәйіттерін жерленген жерге жақын орналасқан халықаралық әуежайдан сақтандырылған тұлға жерленген жерге дейін тасымалдау шығыстары;

10) Сақтандырылған тұлғаның денесін Сақтандырылған тұлғаның туыстары не Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе сақтандырушымен жазбаша келісусіз кез келген басқа адамдар дербес ұйымдастырған репатриациялау жөніндегі шығыстар;

11) Қазақстан Республикасында не сақтандырылған тұлғаның тірі кезінде азаматтығы болған елде сақтандырылған тұлғаны жерлеуге арналған кез келген шығыстар;

12) Сақтанушының /Сақтандырылған тұлғаның телефон арқылы сөйлесулерін төлеу бойынша шығыстар

13) сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды нотариалды куәландыруды жүзеге асыру кезінде Сақтанушының (сақтандырылған тұлғаның) шеккен шығыстары.

14)сақтандырылған тұлғаның медициналық мекемеден ҚР аумағында уақытша тұратын жеріне дейінгі жол жүруіне арналған көлік шығыстары.

10.8. Сақтандырушы сақтанушыға және пайда алушыға сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жіберуге міндетті.

 

11.ШАРТТЫҢ ТЕЛНҰСҚАСЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

 

11.1. Шарттың телнұсқасын ресімдеуді сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырады. Сақтандырушы сақтанушыдан өтініш алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде шарттың телнұсқасын ресімдеуді жүргізеді. Шарттың телнұсқасын ресімдеу кезінде Сақтандырушы бланкіге жұмсалатын шығыстарды 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде ұстайды.

11.2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өтініш берілген жағдайда сақтандырушы  

        Шарттың телнұсқасын ресімдеуден бас тартуға құқылы.

12. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ/БҰЗУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

12.1. Шарттың қолданылуы келесі жағдайларда тоқтатылады.

1) Сақтанушы шартта белгіленген мөлшерде және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлемегенде.

2) Шетелдік азаматтар үшін-сақтандырылушының шартта көрсетілген сақтандыру аумағында (болған елінде) шекара және кеден қызметтерінің кетуі тіркелген сәттен бастап, бірақ шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей.

3) Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін.

4) Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда.

12.2 Міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен, сондай-ақ ҚР АК 841-бабының 1-тармағында көзделген шартты мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінен басқа.

1) Сақтандырушы шартта көрсетілген сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде.

2) Сақтанушы шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған.

3)     Шарт сақтанушының немесе сақтандырушының талап етуі бойынша, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша бұзылған жағдайларда тоқтатылады.

12.3  Осы Ереженің 12.2-тармағының 1) -тармағында көзделген негіз бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзудың тәртібі мен салдары:

12.3.1. Көрсетілген жағдайларда шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл ретте шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді.

12.3.2. Аталған негіздер бойынша шарт тоқтатылған кезде сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.

12.4 Осы Ереженің 12.2-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзудың тәртібі мен салдары:

12.4.1. Көрсетілген жағдайларда шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған кезден бастап тоқтатылған болып есептеледі.

 12.4.2. Бұл ретте сақтандырушы сақтанушыны Шарттың тоқтатылғаны туралы күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

     1) Сақтандырушыға сақтанушының тәуекел дәрежесінің ұлғаюы туралы хабарлау міндетін орындамағаны туралы белгілі болған кезде.

     2) Сақтанушының шартқа өзгерістер енгізуден бас тартуын немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуді алған.

     3) Сақтандырушының талаптарын акцептеу үшін Шартта белгіленген мерзім аяқталған кезде шартты өзгертуге және сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге міндетті.

12.5 Осы Ереженің 12.2-тармағының 3) тармағында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзудың тәртібі мен салдары:

12.5.1. Шарт сақтандырушыға(сақтанушыға) сақтанушының (сақтандырушының) бұзу туралы жазбаша хабарламасы келіп түскеннен кейінгі күннен бастап немесе соттың тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап (егер дау сот тәртібімен шешілсе) тоқтатылды деп есептеледі, бұл ретте шартты бұзу ниеті туралы бастамашы Тарап екінші Тарапты шартты бұзу күніне дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндетті.

 12.5.2. Шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін Сақтанушының өтініші бойынша сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде.

         - жақын туысының қайтыс болуына байланысты сақтандырушы сақтанушыға төленген сақтандыру сыйлықақысының 100% - ын қайтарады, бұл ретте Сақтанушы шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын сақтандырушыға бұзу туралы өтініш және жақын туысының қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін беруге міндетті. Сақтандырылушының ата-анасы (асырап алушылары), сақтандырылған адаммен тіркелген некеде тұрған жұбайы/зайыбы, оның балалары, оның ішінде асырап алынған балалары, сондай-ақ сақтандырылушының туған (аға-інілері, апа-сіңлілері, әжелері, аталары, немерелері) жақын туыстар деп танылады);

         - басқа себеп бойынша.Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35% - ын құрайтын іс жүргізуге жұмсалған шығындарды шегере отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады, бұл ретте сақтанушы шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін сақтандырушыға бұзу туралы өтініш беруге міндетті.

12.5.3. Шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан кейін Сақтанушының берген өтініші бойынша шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде.

         - сақтандырушыға осы тәуекелдер бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылмайды.

         - егер шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысының сомасы 7 500,00 (жеті мың бес жүз) теңге және одан көп болса, сақтандырушы өз қалауы бойынша сақтанушыға сыйлықақының бір бөлігін, бірақ төленген сақтандыру сыйлықақысының 50% - ынан аспайтын бөлігін қайтаруға құқылы.

 12.5.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан/тиісінше орындамаудан туындаған жағдайларда, соңғысы сақтанушыға өзі төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті.

12.5.5. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату сақтанушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан тиісінше орындамаудан туындаған жағдайларда сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылуға жатпайды.

12.6. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының осы баптың жоғарыда аталған тармақтарына сәйкес қайтарылуға жататын бөлігін сақтандырушыға шартты бұзу туралы өтініш келіп түскен кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде біржолғы төлеммен төлейді.

13. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

13.1. Сақтандыру полисінен немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

13.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелуге жатады.

14. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

14.1. Тараптардың келісімі бойынша осы ережеге сәйкес жасалатын сақтандыру полисіне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ерекше шарттар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) енгізілуі мүмкін.

14.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы”  №94-V  ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)   “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының  деректерді алуына;

2)   Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3)   Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)   дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5)   ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

14.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

14.4. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне,  1)-5) 14.2. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

14.5. Сақтанушы 1)-5) 14.2. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту