22.04.2022ж. өзгерістер
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Туристі міндетті сақтандыру Ережелерінің (бұдан әрі – Ережелер), сонымен қатар Қазақстан Републикасының 31 желтоқсан 2003 жылғы № 513-II «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңының (бұдан әрі – «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заң) шарттарында «Номад Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандырушы) туристі міндетті сақтандыру шарттарын (бұдан әрі – Туристі сақтандыру шарттары) жасайды.
1.2. Туристі міндетті сақтандыру «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңға және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) сәйкес Сақтандырылған тұлғаның пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады.
1.3. Ережелерде келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) Ассистанс – ассистанс компанияныңСақтандырылған тұлғағасақтандыру жағдайының басталуы салдарынан техникалық, медициналық және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыруы;
2) Ассистанс компания – туристі міндетті сақтандыру шартының аясында сақтандырушымен шетелге баратын туристке (Сақтандырылған тұлғаға) ассистанс ұсыну туралы шарт жасасқан заңды тұлға;
3) Сақтандыру омбудсманы – Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сәйкес сақтандыру нарығының қатысушылары арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
4) Сақтандырушы – «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ;
5) Тур – белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
6) Турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
7) Туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
8) Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туроператор қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
9) Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) – қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi қалыптастыру, оны туристiк агенттер мен туристерге ұсыну және өткiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік өнімді ұсыну мен өткізу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi (бұдан әрі – туроператор);
10) Сақтанушы – Сақтандырушымен Сақтандырылған тұлғаның пайдасына туристі міндетті сақтандыру шартын жасасқан шығу туризмі саласындағы туроператор.
11) Пайда алушы – Сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.
12) Сақтандырылған тұлға – шетелге шығатын турист.
13) Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шектерінде сақтандырушыныңСақтандырылған тұлғаға(пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы.
14) Сақтандыру жағдайы – басталуымен туристі міндетті сақтандыру шартыСақтандырылған тұлғаға(пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды қарастыратын оқиға.
15) Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.
16) Сақтандыру сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысының туристі міндетті сақтандыру шартымен анықталған мөлшерде сақтандырыушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуі тиі ақша сомасы.
17) Туристі міндетті сақтандыру – Сақтандырылған тұлғаның осы Ережелерде көрсетілген оқиғалардың салдарынан күтпеген шығындардың туындау тәуекелімен байланысты мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені.
18) Сақтандыру сертификаты –Сақтандырылған тұлғаға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екендігін растайтын және жасалынған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау ретінде сақтандырушымен ресімделген сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру өтелімінің шарттары туралы ақпаратты мазмұндайтын құжат.
19) Туристі міндетті сақтандыру шартының әрекет ету аумағы (сақтандыру аумағы) - туристік қызметтер көрсету аумағы.
1.4. Сақтандыру шарттары бұдан әрі Сақтанушылар деп аталатын шығу туризмі саласындағы туроператорлармен жасалады. Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері сақтанушылар болуы мүмкін.
1.5. Сақтанушы бұдан әрі Сақтандырылған тұлға деп аталатын туристпен сақтандыру сертификатын жасасады.
1.6. Сақтандыру шартындағы сақтанушының немесе оның өкілінің қолтаңбасы оның Ережелермен толық келісімінің растамасы болып табылады.
2. ШАРТТЫҢ МӘНІ
2.1. Туристі міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңның талаптарын ескере отырып жасалған сақтандыру шартының негiзiнде, туристiң моральдық зиянды және ала алмаған пайданың өтемiне байланысты талаптарын қоспағанда, пайда алушыға сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеуге мiндеттенедi.
3. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
3.1. Осы Ережелерде көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген Сақтандырылған тұлғаның мүліктік мүддесі туристі міндетті сақтандыру объектісі болып табылады.
4. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
4.1. Ережелерге сәйкес, туристі міндетті сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін басталған келесі оқиғалар сақтандыру жағдайы болып танылады:
1) сақтандыру аумағында орын алған, Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуына немесе оның денсаулығына зиян келуіне алып келген жазатайым оқиға.
Жазатайым оқиға ретіндеСақтандырылған тұлғағақатысты кездейсоқ, күтпеген, байқаусыз, сыртқы оқиға немесе әсер түсініледі;
2) күтпеген жерден асқынған ауру, денсаулық жағдайының кенеттен нашарлауы және (немесе) денсаулыққа елеулі зиянның алдын-алу немесе өмірге қауіпті жою үшінСақтандырылған тұлғағажедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін созылмалы аурудың асқынуы.
4.2. Сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандырушымен осы шығындарды растайтын, Сақтандырылған тұлғамен немесе ассистанс компаниямен ұсынылған құжаттардың негізінде Сақтандырылған тұлғаның іс жүзіндегі шығындарынан шыға отырып анықталады.
5. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ
5.1. Сақтандырушыны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көрсетілген сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың жалпы негіздерінен басқа, Сақтандырушы жауапкершілік көтермейді жәнеСақтандырылған тұлғағасақтандыру төлемін төлеуден толығымен немесе ішінара бас тартуға құқылы, егер сақтандыру жағдайы төмендегілердің салдарынан орын алатын болса:
5.1.1. соғыстар; басып кіру; шетелдік мемлекеттің жаулық әрекеті; әскери немесе соларға ұқсас операциялар (соғыс жарияланған ба немесе жоқ па, тәуелсіз) немесе азаматтық соғыстар;
5.1.2. бүлік; ереуілдер; локауттар; халық көтерілісінің мөлшеріне иеленетін немесе халық көтерілісіне дейін жететін азаматтық тәртіпсіздіктер; бүлікшілік; азаматтық толқулар; әскери бүлік; төңкерістер; әскери басып алу немесе билік узурпациясы; тәркілеу; мүлік реквизициялары немесе мемлекет меншігіне алу; терроризм актілері[1];
5.1.3. радиобелсенді сәулелену немесе радиобелсенді отынмен немесе атомдық отынды жағудан шыққан радиобелсенді қалдықтармен ластану;
5.1.4. табиғи апаттар – жер сілкінісі, найзағай соғуы, су басу, сел, дауыл, құйын, опырылу, көшкін, қар көшкіні;
5.1.5. Сақтанушының немесе Сақтандырылған тұлғаның қасақана әрекеттері;
5.1.6. Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған немесе оның басталуына көмектесетін әрекеттері (қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда);
5.1.7. Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның заңнамалық тәртіпте сақтандыру жағдайымен себептік байланысы бар қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқықбұзушылықтар деп танылған әрекеттері;
5.1.8. Тойтарылмайтын күш оқиғалары.
5.2. Сақтандыру төлемі жүзеге асырылмайды:
5.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сақтандырылған тұлғаның жауапкершілігін болдырмайтын жағдайларда;
5.2.2. Сақтанушының немесе (және) Сақтандырылған тұлғаның Сақтандыру шартының/сақтандыру сертификатының ережелерін орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жағдайында.
5.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін келесілер үшін жүзеге асырмайды:
5.3.1. Үшінші тұлғаның (жәбірленушінің) жанама коммерциялық шығындары, жәбірленушінің тауарларды жеткізу немесе жұмыстарды өндіру (қызмет көрсету) мерзімдерін бұзуына байланысты шығындар (айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы және т.б.), шарттар бойынша өзге міндеттемелер, үшінші тұлғалардың жоғалтылған табысы;
5.3.2. Моральдық зиян;
5.3.3. Сот шығыстары;
5.3.4. Үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян;
5.3.5. Сақтанушының, Сақтандырылған тұлғаның және (немесе) Пайда алушының Сақтандыру шартының ережелерін орындамау немесе тиісті дәрежеде орындамау жағдайында.
5.4. Туристі міндетті сақтандыру шартымен сақтандырудына алып тастаудың өзге тізімі немесе сақтандырудың өзге де шектеулер мен сақтандыру жағдайларынан алып тастаудың өзге тізімі қарастырылуы мүмкін.
6. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ
6.1. Сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кездеСақтандырылған тұлғаға(пайда алушыға) «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңның талаптарын есепке ала отырып, моральдық шығын және жоғалтылған табыс, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын төлеумен байланысты талаптарды қоспағанда, жасалған шарттың негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
6.2. Сақтандыру шарты сақтандырушымен сақтанушыға электронды нысанда сақтандыру полисін және сақтандыру сертифкатын рәсімдеу арқылы жасалады.
6.3. Туристі міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы туристік қызмет көрсетуге шартта көзделген уақытша болу еліне (орнына) және саяхат күндерінің санына байланысты осы Ережелерге қосымшада көзделген сақтандыру бағдарламаларының бірін таңдайды, ол бойынша сақтандырушының жауапкершілігінің шектік көлемі (сақтандыру сомасы) және өтелуге жататын шығындардың түрлері туристің өмірі мен денсаулығын сақтандыру бөлігінде халықаралық шарттар мен Сақтандырылған тұлғаның уақытша болу елі (орны) заңнамасының талаптарына сай келеді.
6.4. Сақтандыру шартын жасау үшін сақтандыру сыйлықақысын есептеуге және сақтанушының, Сақтандырылған тұлғаның тұлғасын сәйкестендіруге қажетті деректер бар сақтанушының өтініші негіз болып табылады.
6.5. Сақтандыру шартында көзделуі тиіс ережелердің толық еместігі үшін жауапкершілік сақтандырушыда болады. Сақтандыру шартының жекелеген ережелерінің толық еместігі салдарынан дау пайда болған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі.
6.6. Сақтанушы тек қана туристік агент арқылы:
1) әрСақтандырылған тұлғағасақтандыру сертификатын беруге;
2) Сақтандырылған тұлғаның талабы бойынша сақтандыру полисін ұсынуға міндетті.
6.7. Сақтандырушымен Сақтандыру шартын жасау үшін Сақтанушыдан сақтандыру тәуекелін сипаттайтын қосымша ақпарат талап етілуі мүмкін;
6.8. Егер сақтандыру шарты «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңда көзделгенмен салыстырғанда сақтанушы мен Сақтандырылған тұлғаның жағдайын нашарлататын ережелерде жасалса, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы осындай Заңмен анықталған ережелерде сақтанушы мен Сақтандырылған тұлғаның алдында жауапкершілік көтереді.
6.9. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасауы кезінде сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген сәттен бастап сақтандырушы ұсынған ережелерде жасалды деп есептеледі.
6.10. Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушы осы Ережелермен көзделген сақтандыру шарттарымен танысқаннан кейін сақтандыру сыйлықақысын төлейді, сол арқылы ол өзіне ұсынылған ережелерде осы қосылу шартын жасасуға келісімін растайды.
6.11. Сақтандырушы сақтанушыға интернет-ресурсты пайдалана отырып сақтандыру шартын жасасу мүмкіндігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
7. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
7.1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шектік көлемі (сақтандыру сомасы), әр сақтандыру жағдайы бойынша өтелуге шататын шығындардың түрлері осы Ережелерге қосымшада анықталған.
7.2. Сақтандырушы жауапкершілігінің шектік көлемі (сақтандыру сомасы) Америка Құрама Штаттарының (әрі қарай – АҚШ) долларымен анықталады. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзіміне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен анықталған бағам бойынша АҚШ доллары пайдаланылады.
7.3. Халықаралық шарттармен, уақытша болу елі (орны) заңнамасымен көзделген жағдайларда, туристі міндетті сақтандыру шартымен Сақтандырылған тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шектік көлемі еуромен анықталады.
7.4. Сақтандырылған тұлғамен шығындардың алдын алу немесе азайту мақсатында кеткен шығындары, егер мұндай шығындар қажет болса немесе сақтанушының тапсырмаларын орындау үшін жүзеге асырылса, тиісті шаралар табыссыз болса да, сақтандырушымен өтелуге жатады.
7.5. Мұндай шығындар фактілі мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемі мен шығындардың өтемақысы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру сомасынан артық болмауы тиіс. Егер шығындар Сақтандырылған тұлғаның сақтандырушының тапсырмаларын орындау нәтижесінде пайда болса, олар сақтандыру шарты бойынша тиесілі болатын сақтандыру сомасына тәуелсіз толық мөлшерде өтеледі.
7.6. Аталған шығындар сақтандырушымен олар кетірілген тұлғаға өтеледі.
8. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ
8.1. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әр Сақтандырылған тұлға бойынша әр күн үшін жеке есептеледі және бір сапар үшін сақтандыру шартын жасасу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен анықталған бағам бойынша АҚШ долларында келесідей мөлшерлерді құрайды:
Сапар күндерінің саны |
Бағдарлама 1 |
Бағдарлама 2 |
Бағдарлама 3 |
10-ға дейін |
1,12 |
1,51 |
1,83 |
11-ден 20-ға дейін |
1,12 |
1,48 |
1,70 |
21-ден 40-қа дейін |
1,12 |
1,43 |
1,59 |
41-ден 60-қа дейін |
1,03 |
1,40 |
1,53 |
61-ден 90-ға дейін |
1,03 |
1,35 |
1,48 |
91-ден артық |
0,95 |
1,30 |
1,40 |
8.2. Сақтандыру сыйлықақысын есептеу мақсаттары үшін Сақтандырылған тұлғаның жолдағы уақытын қоса алғанда, уақытша болу елі (орны) аумағында болу күндерінің саны (мерзімі) қолданылады.
8.3. Сақтандыру шартымен Сақтандырылған тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шектік көлемдерін халықаралық шарттармен, уақытша болу елі (орны) заңнамасымен көзделген жағдайларда еуромен анықтау кезінде сақтандыру сыйлықақысының мөлшері әр Сақтандырылған тұлға бойынша жеке есептеледі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен сақтандыру шартын жасасу күнінде анықталған бағам бойынша еуромен жоғарыда аталған мөлшерлерден тұрады.
8.4. Сақтандыру шартын жасасу кезінде осы Ережелердің 8.1.-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандырушымен сақтандыру тәуекеліне жүргізілген бағалаудың нәтижесінде екі еседен артық емес ұлғайтылуы мүмкін.
8.5. Сақтандыру сыйлықақысы бір рет қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеммен төленеді. Сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеуге (мерзімді сақтандыру салымдары түрінде) жол берілмейді. Сақтандырушы сақтандыру төлемін қолма-қол ақшасыз тәсілмен сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы төлеу мүмкіндігін ұсынады.
9. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОРНЫ
9.1. Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлегеннен соң Сақтандырылған тұлға Қазақстан Республикасының шекарасынан өткендігі туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісін алған сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
9.2. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі туристік қызмет көрсету шартымен анықталған сапар күнінен аз бола алмайды. Сақтандыру шарты Сақтандырылған тұлға сақтандыру аумағынан шыққан кезде Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту сәтіне дейін, бірақ туристің рейсті кешіктіру себебінен шетелде қосымша мерзімге болу жағдайын қоспағанда, сақтандыру шартында көзделген сақтандыру мерзімі аяқталу күнінен кешіктірмей, әрекет етеді.
9.3. Сақтандыру шарты алғашқы басталған сақтандыру жағдайы бойынша өз әрекетін тоқтатпайды.
9.4. Сақтаныдырылушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс болған және туристік қызмет көрсету шарты бойынша саяхат күндерінің санын арттыру жағдайында сақтанушы Сақтандырылған тұлғаның уақытша болу елінде (орнында) болатын қосымша күндеріне жаңа сақтандыру шартын жасайды.
9.5. Туристі міндетті сақтандыру шартының әрекет ету аумағы (сақтандыру аумағы) туристік қызмет көрсету аймағы болып табылады.
9.6. Туристі сақтандырудың міндетті бағдарламалары бойынша сақтандыру аймағы өкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен анықталады.
9.7. Сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, сақтандыру аумағынан шығарылуға жатады:
1) Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органдарымен бару ұсынылмайтын аймақтар;
2) Сақтандырылған тұлғаның уақытша тұруға немесе сақтандыру аймағында үздіксіз 90 күннен артық мерзім болуға рұқсат беретін өзге құжаты бар мемлекеттер;
3) Сақтандырылған тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттер.
9.8. Сақтандыру аймағын шығару туралы ереже сақтандыру аймағы 9.7.-тармақтың 1)-тармақшасында көзделген ескертуге сақтандыру шарты жасалғаннан кейін түскен жағдайда қолданылмайды.
10. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
10.1. Сақтанушы құқылы:
1) сақтандырушыдан туристі міндетті сақтандыру шарттары мен тәртібін, сақтандыру шарты бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңмен көзделген дауларды реттеу бойынша ерекшеліктерді есепке ала отырып, сақтандыру шартынан шығатын сұрақтарды реттеу үшін сақтандырушыға немесе сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
3) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына жөнелтуге (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы);
4) сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
5) Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге әрекеттер жасауға.
10.2. Сақтанушы міндетті:
1) Тиісті лицензиясы бар сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасуға;
2) Сақтандыру шартымен анықталған мөлшерде, тәртіпте және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
3) Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған уақыттан бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктермей, бұл туралы сақтандырушыны хабардар етуге (ауызша, жазбаша). Ауызша нысандағы хабарлама кейіннен жазбаша расталуы керек. Егер Сақтанушы дәлелді себептермен аталған әрекеттерді жасай алмаса, ол бұны құжаттар арқылы растауы қажет;
4) Сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырушыға сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті деректерді ұсынуға;
5) Сақтандырылған тұлғаға осы Ережелердің талаптарын жеткізуге;
6) Сақтандыру шартының ережелерін орындауға;
7) Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге әрекеттер жасауға.
10.3. Сақтандырылған тұлға құқылы:
1) Сақтандыру шартын жасау үшін сақтандырушыны таңдауға;
2) Сақтандыру сертификатын және қажет болған жағдайда сақтандыру полисін алуға;
3) Сақтандырушыдан және (немесе) сақтанушыдан туристі міндетті сақтандыру ережелері мен тәртібін, сақтандыру полисі және сақтандыру сертификатында көзделген өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
4) Сақтандырушыны сақтандыру шарты бойынша толық емес және сапасыз қызмет көрсету жағдайлары туралы хабардар етуге;
5) Сақтандырушымен жүргізілген сақтандыру төлемінің мөлшерімен танысуға;
6) «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңмен көзделген дауларды реттеу бойынша ерекшеліктерді есепке ала отырып, сақтандыру шартынан шығатын сұрақтарды реттеу үшін сақтандырушыға немесе сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;
7) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына жөнелтуге (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы);
8) осы Заңмен көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;
9) жоғалған жағдайда сақтандыру сертификатын телнұсқасын және қажет болған жағдайда сақтандыру полисінің көшірмесін алуға;
10) Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға.
10.4. Сақтандырылған тұлға міндетті:
1) Сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға осындай шартқа енгізу үшін қажетті мәліметтерді ұсынуға;
2) Сақтандыру полисінде және сақтандыру сертификатында көзделген сақтандыру шарты бойынша ережелермен танысуға және оларды мүлтіксіз орындауға;
3) Сақтандыру полисінің (ол болған жағдайда) және (немесе) сақтандыру сертификатын және сақтандыру жағдайына қатысты растаушы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) Сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайтуға шаралар қолдануға;
5) Сақтандыру жағдайы басталған кезде жеке немесе өкілі арқылы ассистанс компанияны,сақтандыру сертификатында көзделген кез келген қол жетімді байланыс құралы арқылы дереу хабардар етуге, техникалық, медициналық және өзге көмекті ұйымдастыруға, әрекеттерді келісу және шығындарды жүзеге асыру мақсатында сақтандыру сертификаты және (немесе) ассистанс компанияның сақтандыру полисі туралы мәліметтерді хабарлауға;
6) Сақтандыру жағдайы басталған жағдайда ассистанс компанияның, сақтандырушының және өзге лауазымды тұлғалардың, уақытша болу елі (орны) билік органдарының ұсыныстарын, тапсырмаларын орындауға;
7) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайымен келтірілген зиянның сипаты мен өлшемдері туралы мән-жайларды анықтау үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынуға;
8) Жедел жағдайда медициналық көмек алу кезінде және басталған сақтандыру жағдайы туралы ассистанс компанияны дереу хабардар ету мүмкін болмаған кезде, ассистанс компанияны екі тәулік ішінде немесе алғашқы мүмкіндік жағдайында хабардар етуге;
9) Сақтандырушының сұранысы бойынша шет тіліндегі құжаттарды қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалдық куәландырылған аудармасын ұсынуға;
10) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуы үшін жауапты тұлғаға кері талап ету құқығының өтуін қамтамасыз етуге;
11) Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға.
10.5. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтандыру шартын жасау кезінде сақтанушыдан Сақтандырылған тұлға туралы осындай шартқа енгізу үшін қажетті деректерді ұсынуды талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте тиісті мемлекеттік органдардан және ұйымдардан, олардың өкілеттіктеріне байланысты, сақтандыру жағдайының басталу фактісіне және сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға байланысты құжаттар мен мәліметтерге сұраныс жасауға;
3) Осы Ережелерде көрсетілген сақтандыру жағдайларының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы Сақтандырылған тұлғалардың талаптарына байланысты сұрақтарды реттеуге қатысуға;
4) «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Заңмен көзделген жағдайларда зиян келтіру үшін жауапты тұлғаға кері талап ету құқығын қолдануға;
5) Осы Ережелердің 14-бөлімінде көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;
6) Сотта істі жүргізуді алуға;
7) Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға.
10.6. Сақтандырушы міндетті:
1) Сақтанушыны міндетті сақтандырудың шарттары мен тәртібімен, оның ішінде тараптардың сақтандыру шартынан шығатын құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға;
2) Сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатын рәсімдеуге;
3) Сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Ережелермен көзделген тәртіпте және шарттарда сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;
4) Сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушымен төленуге жататын зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіге жеткіліксіз және (немесе) дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып хабарлауға;
5) Сақтанушыдан, Сақтандырылған тұлғадан (пайда алушыдан) өтініш алған жағдайда, сақтанушының, Сақтандырылған тұлғаның (пайда алушының) талаптарын қарастырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде дауды әрі қарай реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап ұсынуға;
6) Сақтанушыдан, Сақтандырылған тұлғадан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған жағдайда, берілген өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;
7) Сақтандырылған тұлғадан осы Ережелердің 12-бөлімімен көзделген құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтауға және оныСақтандырылған тұлғағатанысуға ұсынуға;
8) Сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
9) Сақтандырылған тұлғаға сақтандыру жағдайында шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында кеткен шығындарды өтеуге;
10) Сақтандыру шартының аясында ассистанс қамтамасыз етуге міндеттенетін бір және (немесе) бірнеше ассистанс компаниялармен шарттар жасауға;
11) Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттер жасауға.
11. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТТЕРІ
11.1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап Сақтандырылған тұлғамен немесеСақтандырылған тұлғағаассистанс ұсыну кезінде ассистанс компаниямен сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттармен бірге жазбаша түрде ұсынылады.
11.2. Өтініш берушінің қалауы бойынша сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттармен бірге электронды нысанда, электронды көшірмелер не электронды құжаттар түрінде берілуі мүмкін. Бұл ретте сақтандыру төлемі туралы электронды нысандағы талап өтініш берушіні сақтандырушыға құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушының орналасқан орны бойынша ұсынудан босатпайды.
12. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ЖӘНЕ ЗАЛАЛДАРДЫҢ МӨЛШЕРІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
12.1. Егер сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемі туралы өтінішпен бірге Сақтандырылған тұлға Сақтандырушыға келесі құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) Тұлғаны куәландырушы құжаттың көшірмесі немесе Сақтандырылған тұлғаның Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісі бар төлқұжаттың және (немесе) Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру аумағында болуына негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі;
2) Сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Сақтандырылған тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген шығынның мөлшерін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, оның ішінде:
a) Медициналық мекеме мен дәрігердің мекен-жайын және байланыс деректері бар, медициналық көмекке жүгіну күні, Сақтандырылған тұлғаның медициналық көмекке жүгіну сәтіндегі денсаулық жағдайы, диагнозы, дәрігердің тағайындауы (рецепті), жүргізілген медициналық іс-әрекеттер және саны, мерзімі және құны бойынша бөлінген ұсынылған дәрілік заттар туралы мәліметтер бар медициналық құжаттар;
b) Сақтандырылған тұлғаға сақтандыру жағдайы басталуы салдарынан көрсетілген медициналық және өзге қызметтердің төлену фактісін растайтын, сомасы, валютасы және төлеу мерзімі көрсетілген құжаттар;
c) Тауарлар мен қызметтерді төлеу фактісін растайтын, атаулары, саны мен құны көрсетілген құжаттар (тауар чектері, шот-фактуралар, төлем туралы түбіртек және басқа құжаттар);
d) Жазатайым жағдайда Сақтандырылған тұлғаның психобелсенді заттар қабылдау және масаңдық жағдайын анықтау бойынша медициналық құжаттар;
e) Жазатайым оқиға фактісін және оның орын алу мән-жайларын растайтын құқық қорғау, сот және өзге өкілетті органдардың құжаттары жазатайым жағдайда ұсынылады;
f) Қайтыс болу себептері көрсетілген қайтыс болғаны туралы куәлік, сот-медициналық сараптама қорытындысы немесе патологоанатомиялық ашып қарау хаттамасы Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы жағдайында ұсынылады;
g) Жол жүру құжаттарының (билеттер, отырғызу талондары) күшін жою немесе ауыстыруды, шетелде болу мерзімінің пайдаланылмаған бөлігі үшін мейманханадағы брондалған бөлмеден, сонымен қатар Сақтандырылған тұлғаға ұсынылған басқа туристік қызметтерден бас тартуды растайтын құжаттар сақтандыру жағдайы басталуы салдарынан уақытша болу елінде (орнында) мәжбүрлі ұзағырақ мерзімге болу немесе Қазақстан Республикасының аумағына мерзімінен бұрын келу жағдайында ұсынылады;
h) Жол жүру құжаттары (билет, отырғызу талондары) – кәмелетке толмаған балаларды және (немесе) Сақтандырылған тұлғаның жақын туыстарын тасымалдау кезінде;
i) Сақтандырушыға немесе ассистанс компанияға сақтандыру сертификатында немесе сақтандыру полисінде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша телефон қоңырауларын, хабарламаларды жүзеге асыруды растайтын құжаттар;
j) Шығындардың алдын-алу және оларды азайту бойынша шараларды қабылдаумен байланысты шығындарды растайтын құжаттар;
k) Пайда алушының тұлғасын және құқықтарын растайтын құжаттар – қажет болған жағдайда.
12.2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы Сақтандырылған тұлғаға ұсынылған құжаттардың толық тізімін және оларды қабылдау мерзімін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.
12.3. Сақтандырылған тұлғамен сақтандыру төлемі туралы өтініш электронды нысанда берілген жағдайда сақтандырушы оған берілген анықтаманы электронды нысанда бере алады.
12.4. Сақтандыру жағдайының басталу фактісі мен сақтандырушының өтеуіне жататын зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, олар алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырылған тұлғаны жеткіліксіз және (немесе) дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып, хабардар етуі керек.
13. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ ТУРАЛЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ, ШАРТТАРЫ МЕН МЕРЗІМІ
13.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтандырушы Сақтандырылған тұлғадан (пайда алушыдан) сақтандырушыға талап ету құқығын шектейтін шарттарды қабылдауды талап етуге құқылы емес.
13.2. Пайда алушы Сақтандырылған тұлғамен анықталған тұлға, ал Сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерлері болып табылады.
13.3. Сақтандыру төлемі сақтандырушымен келесідей жүзеге асырылады:
1) осы Ережелердің 12-бөлімінде көзделген құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру жағдайының басталуы және ассистанс компанияны дәлелді себептермен хабардар етпестен Сақтандырылған тұлғаның жедел жағдайда медициналық көмек алуы салдарынан болған шығындарды өтеу;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген тәртіпте ассистанс компаниямен келісім бойынша сақтандырушыға медициналық және өзге мекемемен көрсетілген қызметтердің құнын өтеу.
13.4. Сақтандыру төлемінің мөлшері сақтандыру шартының тараптарымен не пайда алушымен дауланатын жағдайларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың ешқайсысымен дауланбайтын бөлігінде, осы Ережелердің 13.3 тармағында көрсетілген мерзім ішінде жүзеге асыруға міндетті.
13.5. Сақтандыру төлемінің дауланатын бөлігі соттың бейбіт келісім туралы ұйғарымы немесе берілген дау бойынша сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, егер шешім дереу орындалуға жіберілмесе, 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленуі керек.
13.6. Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімінде келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі туралы талап сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде ұсыныла алады.
13.7. Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған жағдайда сақтандырушыСақтандырылған тұлғаға(пайда алушыға) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) анықталған тәртіпте және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
14. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДЕН БАС ТАРТУ ШАРТТАРЫ
14.1. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тарта алады:
1) Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру жағдайының басталуына немесе оның басталуына көмектесетін қасақана әрекеттері;
2) Сақтандырылған тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасымен қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған, сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы әрекеттері.
14.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына келесілер негіз бола алады:
1) Сақтандырылған тұлғаның зиян келтіру үшін жауапты тұлғадан зиянның тиісті өтемақысын алуы;
2) Тойтарылмайтын күш мән-жайлары;
3) фактілі келтірілген шығындарға байланысты ұсынылатын әр жеке сақтандыру жағдайы бойынша құжаттарды қоспағанда, Сақтандырылған тұлғаның сақтандырушыға осы Ережелердің 12-бөліміне сай сақтандыру төлемі туралы өтінішке қоса берілетін құжаттарды толық көлемде ұсынбауы;
4) сақтандырушының сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы;
5) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 839-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздер.
14.3. Осы Ережелердің 14.3 және 14.4 тармақтарында көзделген негіздерден бөлек, сақтандырушы келесі жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:
1) Сақтандырылған тұлғаның кәсіби спортпен айналысуы;
2) Сақтандырылған тұлғаның ауыр масаңдық деңгейінде, сондай-ақ есірткілік немесе уытқұмарлық масаю жағдайында болуы салдарынан басталған оқиғалар, бірақ келесілерді қоспағанда:
3) Емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды қабылдау;
4) Есірткілік, уытқұмарлық заттарды мәжбүрлі қабылдау немесе құқық қорғау органымен және (немесе) сотпен анықталған оларды зорлықпен енгізу;
5) Сақтандырылған тұлғаның уақытша болу елінен (орнынан) Қазақстан Республикасына медициналық тасымалдаудан немесе сақтандыру жағдайы бойынша жүгінуге байланысты Сақтандырылған тұлғаның емдеуші дәрігердің кеңестерін орындаудан бас тартуы.
14.4. Сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға негіздер болған жағдайда сақтандырушы осы Ережелердің 12-бөлімінде көзделген құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы өтініш берген тұлғаға бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, жазбаша түрде сақтандыру төлемін төлеуден толық немесе ішінара бас тарту туралы шешімді жөнелтуі керек.
14.5. Сақтандырушы осы баппен көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарта алмайды.
14.6. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы Сақтандырылған тұлғамен (Пайда алушымен) сотта шағымдалуы мүмкін.
15. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ШАРТТАРЫ
15.1. Туристі міндетті сақтандыру шарты келесі жағдайларда өз әрекетін тоқтатады:
1) шарттың әрекет ету мерзімінің өтуі;
2) шартты мерзімінен бұрын тоқтату;
3) сақтандырушымен туристі міндетті сақтандыру шартында анықталған сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыруы;
15.2. Туристі міндетті сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
15.3. Егер туристі міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату сақтандырушының өз міндеттемелерін орындамау салдарынан болса, соңғысы сақтанушыға өзіне төленген сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде қайтарады. Туристі міндетті сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жағдайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтату жағдайларында, сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру әрекет еткен уақытқа барабар бөлігіне құқылы болады.
15.4. Аталған жағдайларда Сақтандыру шарты сақтандыру шартын тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жай басталған сәттен бастап тоқтатылған деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап екінші тарапты дереу хабардар етуі керек.
15.5. Сақтанушы Сақтандыру шартынан кез келген сәтте бас тарта алады.
15.6. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның шарттарын орындаумен байланысты болса, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру салымдарын толық қайтаруға міндетті.
15.7. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақысын қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамамен анықталған, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
16. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
16.1. Сақтандыру шартынан шығатын дау болған жағдайда, сақтанушы, Сақтандырылған тұлға (пайда алушы) құқылы:
1) Сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурсы арқылы) талаптарды көрсете отырып, жазбаша өтініш және оның талаптарын растайтын құжаттарды жіберуге, немесе
2) Сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) не сотқа туристі міндетті сақтандыру шартынан шығатын дауды шешу үшін жүгінуге.
16.2. Сақтандырушы сақтанушыдан, Сақтандырылған тұлғадан (пайда алушыдан) өтініш алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны қарастырып, дауды әрі қарай реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.
16.3. Сақтанушы, Сақтандырылған тұлға (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына жүгінген жағдайда сақтандрушы сақтанушының, Сақтандырылған тұлғаның (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұранысы бойынша даудың қарастырылуына және шешілуіне қатысы бар құжаттарды ұсыныс алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.
16.4. Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
17. ҚОСЫМША ШАРТТАР
17.1. Тараптардың келісімі бойынша Ережелерге сәйкес жасалатын Сақтандыру шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына және Ережелерге қайшы келмейтін шарттар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ескертулер және басқа шарттар) қосылуы мүмкін.
17.2. Сақтандыру шартымен көзделмегеннің барлығы Ережелерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі. Сақтандыру шарты мен Ережелер арасында қайшылықтар болған жағдайда, Ережелердің шарттары қолданылады.
17.3. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының)келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне.
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
17.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
17.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 17.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
17.6. Сақтанушы 1)-5) 17.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.
[1] Терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не мемлекеттік органдарының шешімдер қабылдауына әсер ету (саяси себептер) мақсатында жасалса.