22.04.2022ж. өзгерістер
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен 2000 ж. 18 желтоқсанындағы №126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
1.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және осы Ережелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі - «Сақтандырушы») заңды тұлғалармен (меншік формасы мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан) немесе жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) (бұдан әрі – «Сақтанушы») үшінші тұлғаларға зақым келтіру жағдайынан сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасау жолымен азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандырады.
1.3. Сақтанушының немесе оның өкілінің Шартқа қол қоюы - осы Ережелермен толық келісімінің айғағы.
1.4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
1) Сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі – Шартта белгіленген, сақтандыру жағдайы орын алуы мүмкін уақыт мерзімі.
2) Сақтандырушы – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясына ие, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе Шарт оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға.
3) Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сондай-ақ Сақтандырылушы болады. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.
4) Контрагент – бағалы қағаздарды сатып алу-сату немесе «айырбас» бойынша келісім, т.б. секілді қаржылық мәміленің қарама-қарсы тарабы.
5) Сақтандыру төлемі – Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру жағдайы орын алғанда, сақтандыру сомасына сәйкес төленетін ақша сомасы.
6) Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
7) Сақтандыру сомасы – көлемінде Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуге міндетті және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
8) Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы тұлға. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Пайда алушы болып табылады;
9) Сақтандыру жағдайы – Шарт бойынша орын алған жағдайда сақтандыру төлемінің жүзеге асырылуын қарастыратын, сақтандыру қорғанысының мерзімінде орын алған оқиға.
Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылған жағдай оның орын алуының кездейсоқтық пен ықтималдық, сондай-ақ оның салдары Сақтанушыға зиян келтіру белгілеріне ие болуы тиіс. Шартта сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылған оқиға мен Сақтанушыға келтірілген шығындардың арасында тікелей себеп-салдарлық байланыс болуы тиіс.
10) Сақтандыру аумағы – Шарт бойынша Сақтандырушының сақтандыру қорғанысы таралатын аумақ.
11) Шығындар – құқығы бұзылған Сақтанушымен туындаған немесе туындауы тиіс болған немесе қаржы-шаруашылық қызметінің шарттарының өзгеруінің нәтижесінде орын алған залал, оның мүлкінің жойылуы немесе зақымдалуы (нақты залал), сондай-ақ ұтылған пайда.
12) Ұтылған пайда – оның құқығы бұзылмаған жағдайда немесе қаржы-шаруашылық қызметінің шарттары өзгермеген жағдайда қарапайым айналым шарттарында Сақтанушы алуға тиіс болған, алынбаған түсім (зейнеті, өнімдер, кірістер) немесе қаржы-шаруашылық қызметтің өзге де мүліктік игіліктері.
13) Франшиза – Сақтандырушыны сақтандыру талаптарымен көзделген белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына пайыздық күйде немесе абсолютті мөлшерде орнатылады. Шартсыз франшиза кезінде Сақтандырушы бекітілген франшиза көлемінен аспайтын шығынды өтеуден босатылады, бірақ оның көлемі бұл сомадан асатын болса, шығынды толықтай өтеуі тиіс. Шартсыз франшиза кезінде шығын кез келген жағдайларда бекітілген соманы шегере отырып өтеледі.
1.5. Жауапкершілік тәуекелі сақтандырылған тұлға Шартта аталуы тиіс. Ол тұлға Шартта аталмаған жағдайда, Сақтанушының өзінің жауапкершілік тәуекелі сақтандырылған болып саналады.
1.6. Сақтандырушы сәйкес сақтандыру кластарына нұқсайтын лицензияның болуы мен Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 18 желтоқсанындағы №126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңымен бекітілген сақтандыру кластарын қосарлау бойынша шектеулерді есепке ала отырып, екі немесе одан да көп сақтандыру кластарының сипаты мен мазмұнын қамтитын сақтандыру түрін өңдеуге құқылы.
2.САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1. Сақтандыру объектісі – Сақтанушының қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін шығындарымен байланысты мүліктік мүддесі.
3.САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Ережеге сәйкес сақтандыруға Сақтанушы қаржы-шаруашылық қызметін атқару барысындағы Сақтанушының контрагенттері өз міндеттерін бұзғандары үшін немесе осы қызметтің Сақтанушыға тәуелді емес шарттарының өзгеруіне байланысты туындаған қаржылық шығындар тәуекелі жатады.
3.2. Сақтандыру жағдайы ретінде Ереже бойынша нәтижесінде Сақтанушыға Шарттың қолданылу мерзімі ішінде шығын келтірілген келесі жағдайлар жатады:
1) Сақтанушының Контрагенттері Сақтанушының алдындағы қаржы-шаруашылық қызметімен байланысты міндеттерін бұзуы;
2) Сақтанушының оған тәуелді емес жағдайлар, сондай-ақ болжамды кірісті алмау тәуекелі бойынша қаржы-шаруашылық қызметі шарттарының өзгеруі. Аталған тәуекел өндірістік және коммерциялық қызметтің тоқтатылу, өтелмеген төлем, тауарды жөнелтілуіндегі кідіріс, өндірушінің қолданушыға және айналадағыларға қауіпті өнімді шығарғаны үшін жауапкершілік тәуекелін де қамтиды;
3) меншік құқығының тоқтатылуы нәтижесінде мүлікті жоғалту;
4) жұмыстан айырылу;
5) кірістен айырылу;
6) табиғи апаттар;
7) үздіксіз және тосын шығындар;
8) мүліктің нарықтық құнын жоғалтуы;
9) инфляциялық тәуекелдер;
10) қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында шетел валюталар бағамының өзгеруі;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және Шартпен белгіленген өзге де жағдайлар.
3.3. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға төмендегідей белгілерге ие болуы тиіс (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша қарастырылған болуы мүмкін оқиғаларды есепке алмағанда):
- оқиғаның орын алу ықтималдығы мен кездейсоқтығы;
- оқиғаның орын алуының нақты уақыты немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның орын алу нәтижесіндегі шығындар көлеміне қатысты кенеттілігі;
- оқиғаның сөзсіз орын алу тиістігі қаупінің болмауы және тараптар немесе кем дегенде Сақтанушы алдын ала білген немесе алдын ала ескертілген сақтандыру шартының қолданылу аясында объективті түрде орын алуы тиіс;
- оқиғаның орын алуы Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мүліктік мүдделеріне жағымсыз, тиімсіз экономикалық салдары бар;
- оқиғаның орын алуы Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) еркін білдіруі мен (немесе) жасырын ниетімен байланысты емес және пайда табу және (немесе) ұтыс алу (алып-сатарлық тәуекел) мақсатын көздемейді.
3.4. Шартта сақтандыру жағдайлары ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де оқиғалар көзделуі мүмкін.
4. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ
4.1. Төмендегілердің нәтижесінде туындаған оқиғалар сақтандыру жағдайлары болып саналмайды және олар бойынша сақтандыру төлемі жүргізілмейді:
1) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайының орын алуына бағытталған немесе орын алуына септігін тигізетін Сақтанушының қасақана әрекеттері;
2) құзыретті органдармен әкімшілік және қылмыстық іс белгілеріне ие деп танылған, Сақтанушының немесе оның өкілдерінің әрекеттері немесе әрекетсіздіктері, сондай-ақ улану, шарап немесе есірткі мастығы күйінде атқарған кез келген әрекеттері;
3) соғыстар; басып кіру; шет елдің жаулық әрекеттері; әскери немесе оған ұқсас операциялар (соғыс жарияланғаны, жарияланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыс;
4) көтеріліс; локауттар; халықтық көтеріліс көлеміне ие бола бастаған азаматтық тәртіпсіздіктер; бүлік; азаматтық толқулар; әскери бүлік; төңкеріс; әскери басып алу немесе билікті заңсыз басып алу; кәмпескелеу; мүлікті экспроприациялау, реквициялау немесе мемлекет меншігіне айналдыру; ұйым атынан немесе кез келген ұйыммен бірге атқарылған лаңкестік актілері;
5) мораторий, эмбарго, салық саясатына өзгерістер енгізу және т.б. әскери тәуекелдер;
6) радиоактивті сәулелендіру немесе радиоактивті жанармаймен немесе атом жанармайын жағу қалдықтарымен ластану;
7) мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша Сақтанушыны немесе оның Контрагентін мүлкінен айыру, тәркілеу, реквизициялау, тұтқынға алу немесе жою;
8) Сақтанушы Контрагентінің келісім-шартының талаптарының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келмеуі;
9) заңсыз (жалған, жасанды) келісім жасау, соның ішінде келісім жасауға уәкілетті емес тұлғаның келісім жасауы салдарынан;
10) сот шешімімен расталған Сақтанушы Контрагентінің шарт бойынша міндеттерін қасақана орындамауы;
11) Сақтанушының кінәсінен Сақтанушы Контрагентінің шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы;
12) Сақтанушының Сақтандырушы Сақтанушыға айтқан тәуекел дәрежесін едәуір арттыратын жағдайларды Сақтандырушымен келісілген мерзім ішінде жоймауы.
4.2. Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтандыру шарты Сақтанушының тұрақсыздық айыбымен, мерзімін өткізгені үшін қосылған пайыздармен, айыппұлдармен және өзге де жанама шығындармен байланысты залалдарды, сондай-ақ ұтылған пайданы өтемейді.
4.3. Шартты жасау туралы өтініш берілген күні контрагенттерде, сонымен қоса Сақтанушыда ұқсас шарттар бойынша мерзімі өткен берешек бар болған жағдайда шарт бойынша қаржы тәуекелдері сақтандырылмайды.
4.4. Шартта Қазақстан Республикасының заңнамасына қарсы келмесе, өзге де сақтандырудың шектеулері мен ерекше жағдайлары қарастырылуы мүмкін.
5. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ
5.1. Шарт Шарттың құрамдас және ажырамас бөлігі болып табылатын, белгіленген форма бойынша толтырылған Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады. Егер сақтандыру шарты Сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына Сақтанушының жауабынсыз жасалынса, соңғысы сәйкес жағдайлар хабарланбағандықтан шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп танылуын талап ете алмайды.
5.2. Шарт жасасу үшін Сақтанушы Сақтандырушыға тәуекел деңгейін бағалауға айтарлықтай маңыздылығы болуы мүмкін құжаттарды ұсынады, соның ішінде:
1) Сақтанушының Контрагенттерінің Келісімшарт бойынша өз міндеттерін бұзу тәуекелі сақтандырылуға тиіс Келісімшарттың көшірмесі (бар болса);
2) Заңды тұлғаның құқық белгілеуші құжаттары (жарғы, статистикалық карта, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және т.б.);
3) Сақтанушының қаржылық жағдайын көрсететін құжаттар (баланс,жылдық есеп және т.б.).
5.3. Шарт жасасу үшін Сақтандырушымен Сақтанушыдан сақтандыру тәуекелін сипаттайтын қосымша құжаттар талап етілуі мүмкін.
5.4. Шартты жасау барысында Сақтанушы егер бұл жағдайлар Сақтандырушыға белгісіз және белгілі болмауы тиіс болса, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан туындайтын ықтимал шығындардың мөлшерін анықтау үшін маңызы жоғары мән-жайларды Сақтандырушыға хабарлауға міндетті (қажетті құжаттар көшірмесінің қосымшасымен бірге). Маңызы жоғары мән-жайлар деп осы Ережелерде немесе Сақтандырушының шартты жасасу кезінде жазбаша сұратымында нақты көрсетілген жағдайлар танылады.
5.5. Шарт жазбаша нысанда төменде көрсетілген жолмен жасалады:
1) тараптардың сақтандыру шартын құруы;
2) Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған типтік сақтандыру шарттарына немесе Сақтандырушымен бір жақты тәртіпте өңделген (қосылу шарты) сақтандыру ережелеріне қосылуы және Сақтандырушының Сақтанушыға сақтандыру полисін рәсімдеуі.
5.6. Шарт жоғалған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде Шарттың телнұсқасын береді, содан кейін жоғалған шарт жарамсыз деп саналады және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді.
5.7. Сақтанушы арыз-сауалнама мен Сақтандырушының жазбаша сұрақтарына жауаптарында ұсынылған мәліметтердің растығы мен толықтығына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
5.8. Сақтандырушы Шартты жасасу барысында сақтандыру тәуекелін бағалауға, атап айтқанда, қаржылық тәуекелдерін сақтандыруға негіз болып табылатын Сақтанушының қызметінің ерекшеліктерімен танысуға құқылы.
Өзінің қолтаңбасымен және мөрімен Сақтанушы «Қазақстан Республикасының №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес Компанияның өзінің дербес деректерін жинауына, өңдеуіне өз келісімін растайды және рұқсат береді.
5.9. Қажет болған жағдайда Сақтанушы ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсаттарында Сақтандырушымен сұратылатын барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттеледі.
5.10. Осы Сауалнамаға қол қоя отырып, Сақтанушы онымен жүзеге асырылатын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайды.
5.11. Сақтандырушы себептерді түсіндірмей, Сақтанушымен Шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
5.12. Шарт интернет ресуртары арқылы жасала алады (онлайн). Шартты интернет ресурс арқылы жасау талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген.
5.13. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
6. ҚОСАРЛЫ САҚТАНДЫРУ
6.1. Қос сақтандыру – бір объектіні әрқайсысымен дербес шарттар бойынша бірнеше Сақтандырушыда сақтандыру.
6.2. Мүлікті қосарлы сақтандыру кезінде әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған шарт шеңберінде жауапты болады, алайда Сақтанушы немесе Пайда алушы барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.
6.3. Қосарлы сақтандыру кезінде сақтандыру жағдайы орын алған соң, Сақтанушы Сақтандырушыға өзге сақтандыру компанияларындағы сақтандыру төлемі мәселесін шешуге қатысты барлық ақпаратты, оның ішінде өзге сақтандыру компанияларынан алған сақтандыру төлемдерінің көлемі туралы мәліметті қоса ұсынуға міндетті.
6.4. Қосарлы сақтандыру кезінде Сақтандырушы сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғаның себептері мен мән-жайын, сақтандыру жағдайының нәтижесінде келтірілген шығын көлемін өзге сақтандыру компанияларымен бірлесе отырып, анықтауға құқылы.
7. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
7.1. Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті сомасын білдіретін ақша сомасы. Шарт бойынша Сақтандыру сомасы Сақтанушының Сақтандырушымен келісімі арқылы анықталады.
7.2. Сақтандырушы сақтандыру сомасының көлемін анықтау барысында Сақтанушының қаржылық-шаруашылық қызметінің түрі мен ерекшеліктерін, Сақтанушы мен оның контрагенттерінің арасындағы шарттар бойынша міндеттері көлемін, олардың атқарылуын, Сақтанушының Сақтанушының контрагенттерінің өз міндеттерін атқармау/дұрыс атқармауымен байланысты кірістен айырылу түріндегі болжалды шығын көлемі мен қаржылық шығындар сомасын ескереді.
7.3. Сақтандыру сомасының көлемі Сақтандырушымен Сақтанушының қызметінің Шарттың жасалу күніне дейінгі соңғы он екі ай ішінде алған кіріс көлемін немесе өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бір жылдан өзге мерзімінде алған орташа кіріс көлемін растайтын Сақтанушының бухгалтерлік есебі мен өзге есепті құжаттарының мәліметтерінің негізінде анықталады.
7.4. Егер Шартты жасасу барысында Сақтанушы қандай да бір қаржылық-шаруашылық қызметпен айналыспаса, Сақтандырушы болжамды шығын көлемін Сақтанушының болжамды кірісі айтылған бизнес жоспарлары, саясаты мен басқа да құжаттарының негізінде анықтайды.
7.5. Егер Шарттың қолданылу мерзімі ішінде осы Ережелердің 3.2. т. сәйкес сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда Сақтанушыға келтірілуі мүмкін шығын сомасы артса, Сақтанушы Сақтанушының келісімімен Шарт бойынша қосымша сақтандыру сыйақысын төлеп, сақтандыру сомасын арттыра алады.
7.6. Егер сақтандыру сомасы көбеймесе, Сақтандырушы сақтандыру шартын жасау барысында келісілген шартпен сәйкес сақтандыру шарты бойынша жауапкершілік көтеруін жалғастырады.
7.7. Шартпен орнатылуы мүмкін:
1) жауапкершіліктің шекті көлемінің жиынтығы, бұл жағдайда Шарттың әрекет ету мерзіміндегі барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы осы көлемнен аспауы тиіс;
2) әр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі.
7.8. Сондай-ақ, Сақтандырушы Сақтанушыға Шартта белгіленген жауапкершіліктің шекті көлемінің шеңберінде өтейді:
1) шығындарды өндіріп алу ісі бойынша сот шығындарын;
2) сақтандыру жағдайының шығындарын азайту бойынша барлық негізді шығындарды.
8. САҚТАНДЫРУ СЫЙАҚЫСЫ. ФРАНШИЗА
8.1. Сақтандыру сыйақысы Шартпен белгіленеді және Сақтанушы Сақтандырушыға ол Шартпен анықталған сақтандыру төлемін төлеу міндетін алғаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасын білдіреді.
8.2. Шарт бойынша төленуге тиісті сақтандыру сыйақысының көлемі сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипатын есепке ала отырып, сақтандыру сомасының өлшемінен өндірілетін сақтандыру сыйақысының көлемін анықтайтын сақтандыру тарифіне байланысты есептеледі.
8.3. Сақтандыру сыйақысы Сақтанушымен қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес ақшамен бір жолғы төлем немесе мерзімді сақтандыру жарналары түрінде төленуі тиіс. Сақтандыру сыйақысын төлеу тәртібі Шартта белгіленеді.
8.4. Егер Шартпен сақтандыру сыйақысын бөліп төлеуді енгізу қарастырылған болса, Шартта Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуды қоса алғанда, кезекті сақтандыру жарналарын белгіленген мерзімде төлемеу салдары анықтала алады.
8.5. Сақтандыру сыйақысының төлемі мерзімінен өткен жағдайда Сақтандырушы шығындарды өтеуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353-бабына сәйкес мерзімінен өткізгені үшін өсімпұл төлеуді талап ету құқығына ие.
8.6. Сақтандырушының Сақтанушы сақтандыру сыйақысын төлемеуімен байланысты Шартты бұзуы Сақтанушыны сақтандыру қорғанысы әрекет еткен және Сақтандырушы Сақтанушының алдында өз міндеттері үшін жауапты болған мерзімнің сақтандыру сыйақысын төлеу міндетінен босатпайды.
8.7. Егер сақтандыру жағдайы сақтандыру сыйақысын немесе кезекті сақтандыру жарнасын төлегенге дейін орын алса, Сақтандырушы сақтандыру төлемінің көлемін анықтау барысында Сақтанушыдан өзіне тиесілі сақтандыру сыйақысын немесе мерзімі өткен сақтандыру жарнасын есепке алуға құқылы.
8.8. Шартта таңдау құқығы Сақтанушыға ұсынылатын франшиза (шартты немесе шартсыз) қарастырылуы мүмкін.
8.9. Франшиза көлемі тараптар келісімімен белгіленеді және әр нақты жағдай үшін жеке орнатылады.
8.10. Шартта франшиза, сақтандыру жағдайымен келтірілген шығынды өтеуге Сақтанушының қатысуынан басқа жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
8.11. Сақтандыру сыйақысын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен жүзеге асырылады.
9. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ МЕН АУМАҒЫ
9.1. Шартпен өзгеше көзделмесе, Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйақысын, ал бөліп төлеу кезінде – бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Сақтандыру сыйақысын төлеу күні болып ақша Сақтандырушының банктік шотына немесе кассасына келіп түскен күн саналады.
9.2. Шартпен өзгеше көзделмесе, бірінші орын алған жағдай бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылған сәттен бастап, Шарт өз қолданысын тоқтатады.
9.3. Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі, егер шартта өзгеше көзделмесе, Шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді.
9.4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы сақтандыру аумағы мен юрисдикциясы болып табылады.
9.5. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Шартта Шарттың аяқталу күні ретінде көрсетілген күннің 24-сағатында не сақтандырушы шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған кезде Шарт өзінің қолданысын тоқтатады.
9.6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, онда тараптардың келісімі бойынша шарт тоқтатылған және қосымша сақтандыру сыйлықақысы төленген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың бірі бұл туралы хабардар еткен жағдайда шарт келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
9.7. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Шартты бір жылдан кем мерзімге жасаған жағдайда сақтандыру сыйлықақысы жылдық сыйақының (бұл ретте толық емес ай толық болып есептеледі) төмендегідей мөлшерінде белгіленеді:
Сақтандыру қорғанышының әрекет ету мерзімі |
Жылдық сақтандыру сыйлықақысының белгілі бір % - мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері |
1 ай және одан аз |
20 |
2 ай |
30 |
3 ай |
40 |
4 ай |
50 |
5 ай |
60 |
6 ай |
70 |
7 ай |
75 |
8 ай |
80 |
9 ай |
85 |
10 ай |
90 |
11 ай |
95 |
10. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
10.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;
2) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;
3) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсы болса;
4) кез келген орынды уақытта тәуекелдің туындауына ықпал ететін жағдайлардың болуын тексеруге;
5) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
6) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;
7) Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;
8) Шарт жасасқан кезде де, оның қолданылу мерзімі ішінде де Сақтанушы қызметінің жай-күйін бақылауға;
9) Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және сақтанушының өз міндеттерін орындамауы нәтижесінде келтірілген залалдарды өтеуге;
10) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жасауға құқылы.
10.2. Сақтандырушының міндеттері:
1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);
2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
3) Пайда алушыға төлемін жүзеге асыруға немесе осы Ережелердің талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;
4) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығындарды өтеуге;
5) Сақтанушы (Сақтандырылушы) немесе жәбірленуші (Пайда алушы) не олардың өкілі осы Ережелерде көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Сақтанушыны жетіспейтін және (немесе) қате рәсімделген құжаттар туралы сақтандыру Шартымен орнатылған мерзімде жазбаша хабардар етуге;
6) Шартта немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
10.3. Сақтанушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Сақтандырушыдан оның төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығы жайлы ақпаратты талап етуге;
3) Осы Ережелерде және/немесе Шартта көзделген тәртіпте және талаптар бойынша сақтандыру төлемін алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден және оның көлемін азайтудан бас тартуын даулауға;
5) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге әрекеттерді жүргізуге.
10.4. Сақтанушының міндеттері:
1) Осы Ережелерде және/немесе Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеу;
2) шарт жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлау;
3) сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар ету;
4) шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға хабарлау;
5) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеу;
6) сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиға орын алғанда Ереженің 12.2. тармағында белгіленген әрекеттерді орындау;
7) сақтандыру төлемін алған соң, Сақтандырушыға Сақтандырушы залал келтіргені үшін кінәлі тұлғаға талап ету құқығын жүзеге асыруға қажетті өзінде бар барлық құжаттарды уақтылы ұсыну;
8) сақтандыру жағдайының орын алуына жауапты тұлғаға талап ету құқығы Сақтандырушыға өтуін қамтамасыз ету;
9) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
10.5. Пайда алушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;
4) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
5) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы орын алғаны жайлы оны істеген немесе істемеген Сақтанушы немесе сақтандырылушы екеніне қарамастан, барлық жағдайларда хабарлау;
6) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
10.6. Осы бөлімде көзделген Тараптардың құқықтары мен міндеттері түпкілікті болып табылмайды, тараптардың жеке міндеттері Ережелердің өзге бөлімдерде белгіленген және Шартта толықтырылуы мүмкін.
11. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ КЕЗЕҢІНДЕ САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛІН ҰЛҒАЙТУДЫҢ САЛДАРЫ
11.1. Шарттың қолданылу кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) Шарт жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу хабарлауға міндетті.
11.2. Елеулі өзгерістерге төмендегілер жатады:
1) Шарттың талаптары мен мерзімінің өзгеруі;
2) Қызмет түрі мен сипатының өзгеруі;
3) Қызмет көрсету аумағының өзгеруі;
4) Сақтанушының қаржылық жағдайының өзгеруі;
5) Талап ету құқығын қайта табыстау туралы шарт жасасу;
Шартта сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әсер ететін басқа да елеулі өзгерістер аталуы мүмкін.
11.3. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген Сақтандырушы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.
11.4. Егер Сақтанушы Шарттың талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзуды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда Сақтандырушы сақтандыру қолданыста болған мерзімге сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бөлігін алуға құқылы.
11.5. Сақтанушы Ереженің 11.1. тармағында белгіленген міндеттерін орындамаған жағдайда Сақтандырушы Шарттың бұзылуын және Шарттың бұзылу салдарынан келтірілген шығынның өтелуін талап етуге немесе сақтандыру жағдайы орын алған жағдайда сақтандыру төлемінің көлемін сақтандыру тәуекелінің арту мөлшеріне сай қысқартуға немесе сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
11.6. Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар жойылса, Сақтандырушы шартты бұзуды талап етуге құқылы емес.
12. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
12.1. Сақтандыру жағдайының орын алуын, сондай-ақ келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу Сақтанушыға жүктеледі.
12.2. Сақтандыру жағдайының белгілеріне ие және/немесе шығынды өтеу туралы талапқа себеп болуы мүмкін оқиға орын алған жағдайда Сақтанушы міндетті:
1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту, сондай-ақ мүлікті қорғау мен сақтау үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдауға;
2) сақтандыру жағдайы туралы дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға және олардың құзыретіне сәйкес органдар мен ұйымдарға (ішкі істер органдарының жол полиция бөлімшелеріне, өрттен қорғау қызметі органдарына, апаттық қызмет,төтенше жағдайлар бойынша агенттікке) жазбаша хабарлауға;
3) Уәкілетті мемлекеттік және басқа да құзыретті ұйымдармен жағдай туралы құжаттарды рәсімдеу, сондай-ақ Сақтандырушымен келесі әрекеттерге қатысты келісімге келуге;
4) зақымдалған мүліктіСақтандырушының өкілі тексермейінше опат болған күйінде сақтауға (егер қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе немесе залал көлемін арттырмайтын болса);
5) Сақтандырушының өкіліне зақымдалған мүлікті кедергісіз тексеру, мүлікті сақтау мен шығындарды азайту шараларына қатысу мүмкіндігін беруге;
6) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;
7) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының нәтижесінде үшінші тұлғалардан келтірілген залалдардың қандай да бір өтемін (өтемақысын) алғаны туралы жазбаша хабардар етуге;
8) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса, аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға Сақтанушының мүдделерін білдіруге сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттарды беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;
9) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинауға;
10) Сақтандырушыға Сақтандырушы өзіне өткен кері талап қою құқығын келтірген залалға жауапты тұлғаға қолдануы үшін қажетті барлық ақпараттар, құжаттар мен дәлелдерді беруге;
11) дауды сот тәртібімен шешу барысында Сақтандырушының іске сот шешімі шыққанға дейін дербес талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде тартылу құқығына қарсы келмеуге, сондай-ақ сот алдында Сақтандырушының сот ісіне дербес талап қоймайтын үшінші тұлға ретінде тартылуын сұрауға;
12) сот тергеуі басталғанға дейін және сот тергеуі барысында Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған қандай да бір әрекеттер жасамауға, сақтандыру объектісіне қатысты қарастырылып жатқан іс бойынша мәлімдемелер жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттерді қабылдамауға, жауапкершілікті мойындамауға, қандай да бір ұсыныстарды қабылдамауға, төлемдерді жүзеге асырмауға және Сақтандырушының келісімінсіз нақты сақтандыру жағдайына қатысы бар қандай да бір төлемдерді жүзеге асыруға уәде бермеуге;
12) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
12.3. Бекітілген мерзім ішінде сақтандыру жағдайының белгілеріне ие және/немесе Сақтанушыға залалды өтеу талабын қоюдың себебі бола алатын жағдайдың орын алғаны туралы Сақтандырушыға хабарламау Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту құқығын береді. Сондай-ақ, егер құзыретті органдардың (құқық қорғау органдары, өрт қауіпсіздігі органдары, апаттық қызметтер, экологиялық қызметтер, төтенше жағдайлар бойынша Агенттіктері және т.б.) сақтандыру жағдай бойынша қажетті тұжырымдамасы болмаған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
12.4. Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайына қатысты барлық әрі қарайғы ақпаратты хабарлауға және қажетті көмекті көрсетуге міндетті.
12.5. Сақтанушы Сақтандырушыға оның жазбаша сұранысы бойынша коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, сақтандыру жағдайымен байланысты ақпаратты ұсынуға міндетті.
12.6. Егер Сақтанушы/Сақтандырылушы осы Ереже мен Шартпен қарастырылған міндеттерін атқармаса немесе Сақтандырушыға қойылған шағымдарды шешуге немесе соттың істі қарауына бөгет жасаса, Сақтандырушының Сақтанушы шығын сомасының артуына әкеп соқты деп есептеген мөлшерінде сақтандыру төлемін төлеу міндетінен босатылады.
12.7. Сақтандырушы Сақтанушы сақтандыру жағдайының болжамды шығындарын азайтуға бағытталған орынды және қолжетімді шараларды қасақана қолданбауының салдарынан орын алған шығындарды өтеуден босатылады.
13. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
13.1. Сақтандыру төлемін өтеу туралы талап Сақтанушымен Сақтандырылушыға сәйкес талаптарды негіздейтін құжаттар тізімімен бірге жазбаша формада ұсынылады.
13.2. Сақтандыру төлемі туралы өтінішпен бірге ұсынылады:
1) сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2) Шарттың немесе оның телнұсқасының көшірмесі;
3) мүлікті иелену, қолдану және/немесе басқару құқығын растайтын құжаттар;
4) сақтандыру жағдайының орын алу фактісін, оның орын алу себептері мен онымен келтірілген шығындар көлемін растайтын құзыретті органдардың құжаттары;
5) ішкі істер органдарының қылмыстық іс қозғау туралы анықтамасы;
6) сәйкес лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы өткізген мүлікке келтірілген залалдың сомасын анықтайтын сараптамалық бағалау актісі;
7) келтірілген шығын көлемін растау үшін – бухгалтер кітабы мен бухгалтер кітабынан үзінді көшірмелер, түгендемелік жазба, теңгерімдік есеп беру, статистикалық есептілік, шоттар мен түбіртектер, сондай-ақ әрекет ету мерзімі ішінде Сақтанушының қаржылық-шаруашылық қызметіне қатысты өзге де құжаттар негізінде жүзеге асырылған шығын есебі.
13.3. Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер Шартта және/немесе Ережелерде өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.
13.4. Сақтандырушының белгілі бір жағдайларда сақтандыру оқиғасы орын алғанын растауға немесе шығын мөлшерін анықтау оларсыз жүзеге аса алмайтын қосымша құжаттарды талап етуге құқығы бар.
14. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ
14.1. Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуы туралы жазбаша өтініш (арыз) алғаннан кейін Сақтандырушы төмендегідей іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның болу фактісін белгілейді;
2) Сақтанушының өтінішінде келтірілген ақпараттардың сәйкестігін тексереді;
3) нәтижесінде шығын келтірілген оқиғаның орын алу фактісі мен себептерін анықтайды;
4) оқиғаны сақтандыру ретінде тану кезінде сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтайды, сақтандыру жағдайы туралы акт құрады;
5) сарапшыларды, апаттық комиссарларды шақыру қажеттілігін анықтайды, басқа да әрекеттер орындайды.
14.2. Сақтандыру төлемінің көлемі Сақтанушы ұсынған құжаттар негізінде Сақтандырушының апаттық комиссарымен (сюрвейер) мен/немесе тараптардың келісімімен тағайындалған қорытынды негізінде анықталады және сақтандыру жағдайының орын алу нәтижесінде Сақтанушыға келтірілген нақты шығын көлемінен аспайды.
14.3. Сақтанушының Контрагенттері өз міндеттерін бұзуымен байланысты қаржылық-шаруашылық қызмет шығындарының тәуекелдерін сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі Контрагентке құзыретті органдармен (ең әуелі сот органдары) немесе Шарт бойынша тараптардың келісімімен жүктелген жауапкершілік көлемінен кез келген жағдайда аспауы тиіс.
14.4. Болжалды кірісті (ұтылған пайданы) алмау тәуекелін сақтандыру кезіндегі сақтандыру төлемі Шартты жасау барысында тараптармен белгіленген сома көлемінен аспауы тиіс.
14.5. Сақтанушының залалдың алдын алу немесе мөлшерін азайту мақсатында жұмсаған шығындары, аталған шығындар қажет болған немесе Сақтандырушының нұсқауымен атқарылған болса, тіпті нәтижесіз болса да Сақтандырушымен өтелуі тиіс.
14.6. Аталған шығындар нақты мөлшерде өтеледі, бірақ сақтандыру төлемі мен шығындар өтемақысының жалпы сомасы Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс, егер олар Сақтанушы Сақтандырушының нұсқауларын атқару нәтижесінде туындаса, сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.
14.7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеу барысында Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған ықтимал шығындарды азайту үшін қисынды және қолжетімді шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан туындаған шығындар бөлігін өтеуден босатылады.
14.8. Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтандырушы Сақтанушыға өтемейді:
1) іскерлік беделіне келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өтем сомасы мен көлемінен артық шығынды өтеу туралы кез келген талаптар;
3) кез келген жанама шығындар, яғни сақтандыру жағдайымен тікелей себепте болмаған, бірақ өзге жанама немесе жалғаспалы жағдайлармен туған шығындар;
4) Контрагент-борышкер кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттерді бұзған жағдайда Сақтанушыға (кредит берушіге) Заңмен немесе Шартпен белгіленген кез келген тұрақсыздық айыбын;
5) сақтандыру аумағынан тыс аймақта келтірілген шығынды өтеу туралы талап;
6) сақтандыру қорғанысы мерзімі аяқталғанға дейін және аяқталған соң орын алған шығынды өтеу туралы талап;
14.9. Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдаған соң, 15-күндік мерзім ішінде немесе тараптар келісімімен белгіленген мерзімде Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруы тиіс.
14.10. Кез келген сақтандыру жағдайы бойынша:
1) Сақтандыру төлемінің көлемі Шартпен белгіленген сақтандыру сомасы көлемінен аспауы тиіс.
2) Егер Сақтанушыға қарсы қылмыстық іс қолғалса немесе сақтандыру жағдайының орын алуына қатысты әкімшілік тергеу басталса, Сақтандырушы қылмыстық іс бойынша заңды күшке ие үкім шыққанға немесе тергеу аяқталғанға дейін және Сақтандырушыға сәйкес құжаттар ұсынылғанға дейін сақтандыру төлемінің мерзімін ұзартуға құқылы.
14.11. Сақтандырушы немесе оның өтініші бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сақтанушы немесе жәбірленуші зиян мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл ретте Сақтанушы немесе жәбірленуші шеккен шығындарды Сақтандырушы өтеуге тиіс емес.
14.12. Шартта франшиза белгіленген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру оны ескере отырып жүргізіледі.
14.13. Егер сақтандыру аумағында қолданылып жүрген заңдарда көзделген талап қою мерзімі ішінде заң бойынша немесе осы Ереже бойынша оларды сақтандыру төлеміне құқығынан толық немесе ішінара айыратын мән-жай табылса, төлем алған тұлғалар Сақтандырушыға алынған төлем сомасын (немесе олардың тиісті бөлігін) қайтаруға міндетті.
15. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ НЕМЕСЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ
15.1. Сақтандырушы шешім қабылдауға қажетті барлық құжаттарды қабылдаған соң, отыз күндік мерзімде немесе тараптардың келісімімен анықталған мерзімде сақтандыру төлемін жүезе асыру немесе сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, шешімін Сақтанушыға (Пайда алушыға) жазбаша нысанда хабарлайды. Егер Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, бас тартудың себебін негізді түрде дәлелдейді.
15.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуына Сақтанушы сотқа шағым беруі мүмкін.
15.3. Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру төлемін жасаудан толықтай немесе ішінара бас тартуға құқылы, егер сақтандыру жағдайы төмендегілердің салдарынан болса:
1) қажетті қорғану және аса қажет болған жағдайда жасалған әрекеттерді есепке алмағанда, сақтандыру жағдайының орын алуына бағытталған не болмаса оның орын алуына себепші болатын Сақтанушының және/немесе Пайда алушының қасақана әрекеттері;
2) сақтандыру жағдайымен байланысты себепте болған қасақана қылмыс жасау немесе әкімшілік құқық бұзу тәртібінде белгіленген заңнамалық актілермен танылған Сақтанушының және/немесе Пайда алушының әрекеттері.
15.4. Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуына келесі аталғандар да негіз болуы мүмкін:
1) Сақтанушы сақтандыру жағдайының орын алуына бағытталған қасақана іс-әрекет жасауы;
2) Сақтанушының сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары жайлы Сақтандырушыға жалған мәліметтер хабарлауы;
3) сақтандыру жағдайынан келетін шығындарды азайту бойынша шараларды Сақтанушының қасақана қолданбауы;
4) Сақтанушының мүліктік сақтандыру бойынша шығын келтіруде кінәлі тұлғадан шығын орнын сәйкес толықтыруды қабылдауы;
5) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының орын алу жағдайларын тергеуге және оларға келген шығын мөлшерін белгілеуде кедергі келтіруі;
6) Сақтандыру жағдайының орын алуы жайлы Сақтандырушыға хабарламауы;
7) Сақтанушының сақтандыру жағдайының орын алуына жауапты тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартуы, сонымен қатар Сақтандырушыға талап ету құқығының өтуі үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы.
15.5. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы немесе шығын көлемін растайтын құжаттардың шынайылығына дәлелді күмәні бар болған жағдайда, сақтандыру төлемі жайлы шешім қабылдау мерзімін аталған құжаттардың түпнұсқалығы расталмайынша ұзартуға құқылы.
15.6. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен талаптары Шартпен өзгертіле (толықтырыла) алады.
16. СУБРОГАЦИЯ
16.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде өтелген залал үшін жауапты адамнан талап ету құқығы осы сома шегінде ауысады. Сақтанушы сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға суброгация тәртібімен осы талап ету құқығын іске асыру үшін қажетті өзінде бар барлық құжаттарды беруге міндетті.
16.2. Егер Сақтанушы келтірілген зиян үшін жауапты болса, осы Шартпен көзделген кез келген негізде туындаған сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушы Сақтанушыға төленген сома көлемінде кері талап қою құқығына ие.
16.3. Сақтанушы сақтандыру төлемін алу барысында Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдерді ұсынуға және Сақтандырушыға өзіне өткен талап қою құқығын жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты хабарлауға міндетті.
16.4. Сақтанушыға шығынды өтеу талабын қою барысында Сақтанушы Сақтандырушыға шығынды Сақтандырушы Сақтанушының пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асырған күннен бастап, 1 (бір) айдан кешіктірмей өтеуге міндетті.
16.5. Егер Сақтанушы өзінің Сақтандырылушымен өтелген шығын үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығынан бас тартса немесе бұл құқық Сақтанушының айыбымен мүмкін емес болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толықтай немесе сәйкес бөлігін төлеуден босатылады және артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.
16.6. Сақтанушы қаза болған жағдайда кері талап қою құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мұрагерлеріне қойылады.
17. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ МЕН ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ
17.1. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша рәсімделген және екі тараптың уәкілетті өкілдері қосымша келісім жасай отырып қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.
17.2. Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған жалпы міндеттемелерден, сондай-ақ сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінен бөлек, келесі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Шартпен өзгеше көзделмесе, Шартта аталған кез келген тәуекел бойынша орын алған бірінші сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған соң;
2) Сақтанушының сақтандыру сыйақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі;
3) Сақтанушы Шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамауы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер сақтанушы Келісім-шартты талаптарының өзгеруіне немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қарсы болса;
4) Сақтанушының немесе Сақтандырушының талабымен, сондай-ақ Тараптардың келісімімен Шартты бұзу;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге жағдайлар.
17.3. Осы Ереженің 17.2. т. 1) мен 2) т. қарастырылған негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі:
Аталған жағдайларда Шартты тоқтатуға негіз ретінде қарастырылған жағдайлардың пайда болған сәтінен бастап, Шарт тоқтатылған болып есептеледі және Шарттың тоқтауы туралы хабарлау қажет емес.
17.4. Осы Ереженің 17.2. т. 3) т. қарастырылған негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі:
Аталған жағдайларда Шарт тәуекел деңгейінің артуына әкелетін жағдайлардың пайда болу сәтінен бастап тотатылған юолып есептеледі.
Бұл жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыны Шарттың тоқтатылғаны туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарландыруы тиіс:
1) Сақтандырушыға Сақтанушының тәуекел деңгейінің артқаны туралы хабарлау міндетін атқармағаны мәлім болған күннен бастап;
2) Сақтанушы Шартқа толықтырулар енгізуден немесе қосымша сақтандыру сыйақысын төлеуден бас тартқан күннен бастап;
3) Шартпен белгіленген Сақтандырушының Шартты өзгерту және/немесе қосымша сақтандыру сыйақысын төлеу талаптарын қабылдау мерзімінің өту күнінен бастап.
17.5. Осы Ереженің 71.2. т. 4) т. қарастырылған негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі:
Шарт Тараптар Шартты тоқтату туралы келісімге қол қойған күннен немесе соттың сәйкес шешімі күшіне енген күннен бастап (дау сот тәртібімен шешілген жағдайда) тоқтатылған болып есептеледі, бұл жағдайда бастамашы Тарап келесі Тарапқа Шартты бұзу туралы ниеті туралы Шартты болжамды бұзу күнінен 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын ескертуі қажет.
17.6. Шартты осы Ереженің 17.2. т. 4) т. қарастырылған негіз бойынша мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Шарттың қолданылу мерзімінің қалған күндерінің төленген сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру сыйлықақысының 35% құрайтын, жұмысты жүргізуге жұмсалған шығынды, сондай-ақ өтелген сақтандыру төлемдерін шегере отырып қайтарады.
17.7. Шартты Осы Ереженің 17.2. т. 1)-4) т. қарастырылған негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:
Шартты аталған негіздер бойынша тоқтатқан жағдайда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жараналары қайтарылмайды.
Шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы оның шарттарын Сақтандырушының айбымен атқармау/ дұрыс атқармау себебінен болса, Сақтандырушы Сақтанушыға өзіне төленген сақтандыру сыйақысын немесе сақтандыру жарналарын толық көлемде қайтаруға міндетті.
17.8. Сақтандыру шартымен Шартты тоқтатудың өзге тәртібі мен шарттары орнатылуы мүмкін.
18. ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАР
18.1. Тараптардың келісімі бойынша осы Ережеге сәйкес жасалатын Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ерекше жағдайлармен (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) толықтырылуы мүмкін.
18.2. Осы Ережемен қарастырылмаған жағдайлардың бәрі Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес шешіледі.
18.3. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
18.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
18.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 18.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
18.6. Сақтанушы 1)-5) 18.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.
19. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
19.1. Шарттан немесе оған қатысты туындайтын кез-келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.
19.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.
19.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа тәртібі қарастырылуы мүмкін.