ЖҮКТЕРДІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

22.09.2020ж. өзгерістер

25.08.2021ж. өзгерістер

22.04.2022ж. өзгерістер



1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы жүктерді сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 шілдедегі №409-І Азаматтық кодексі мен 2000 ж. 18 желтоқсанындағы№126-ІІ Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы»Заңына сәйкес әзірленген.

1.2. Қолданыстағы Ереженің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (ары қарай «Сақтандырушы») мүліктің сақталуына мүдделі болып табылатын заңды тұлғалармен (меншік формасына қарамастан) немесе еңбекке жарамды жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан)(бұдан әрі – «Сақтанушы»), соның ішінде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар, тасымалдаушылар, кемемен жүк тасымалдаушылар, экспедиторлармен және т. б. ерікті жүктерді сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасау жолымен ерікті жүктерді сақтандыру шартын жүзеге асырады.

1.3. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) абандон – Сақтанушының Сақтандырушының пайдасына сақтандырылған мүліктің толық жойылғаны туралы талап қою мақсатында жоғалған немесе бүлінген мүлікке меншік құқығынан ерікті түрде жазбаша бас тартуы;

2) жүк жөнелтуші – өзіне тиесілі жүкті жөнелту пунктінен межелі пунктке жөнелтетін жеке немесе заңды тұлға;

3) жүк алушы-межелі пунктінде жүкті алуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

4) Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы тұлға. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Пайда алушы болыптабылады;

5) Регресс – Сақтандырушының Сақтанушыға төленген сома көлемінде Шартта көрсетілген жағдайларда кері талап қоюқұқығы;

6) Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асырушы, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе Шарт оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңдытұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясына ие заңды тұлға Сақтандырушы бола алады;

7) Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сондай-ақ Сақтандырылушы болады;

8) Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай. Сақтандыру жағдайы деп қарастырылатын жағдай оның орын алуының кездейсоқтық пен ықтималдық белгілеріне ие болуытиіс;

9) Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақшасомасы;

10) Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

11) Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы орын алғанда, Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру сомасына сәйкес төлейтін ақшасомасы;

12) Суброгация – Сақтанушыға келтірілген шығынға жауапты тұлғадан сақтандыру өтемін төлеген Сақтандырушыға өтелген залал көлемінде өтемақы төлеуін талап ету құқығыныңөтуі;

13) Франшиза – Сақтандырушыны сақтандыру талаптарымен көзделген белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына пайыздық күйде немесе абсолютті мөлшерде орнатылады. Шартсыз франшиза кезінде Сақтандырушы бекітілген франшиза көлемінен аспайтын шығынды өтеуден босатылады, бірақ оның көлемі бұл сомадан асатын болса, шығынды толықтай өтеуі тиіс. Шартсыз франшиза кезінде шығын кез келген жағдайларда бекітілген соманы шегере отырыпөтеледі;

14) Тасымалдаушы - көлік құралын иеленетін немесе оны жалға алатын жеке немесе заңды тұлға (көлік ұйымы). Тасымалдаушы өзіне жөнелтуші берген жүкті жөнелту пунктінен межелі пунктке жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті тұлғаға (алушыға) беруге немесе басқа көлік құралына ауыстырып тиеу пунктіне жеткізуге тиіс;

15) Экспедитор – тасымалдауға тартылған барлық тараптардың үйлестірілуін және өзара іс-әрекетін, ауыстырып тиеу пункттерінде ауыстырып тиеу операцияларын және тасымалдау шартына байланысты өзге де қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.

1.4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Заңына немесе тиісті Шартқа сәйкес Сақтанушыға тиесілі немесе олардың сақталуы үшін Сақтанушы жауапты болатын жүктерді (бұдан әрі – «жүктер») сақтандыруды жүзеге асырады.

1.5. Белгілі бір мерзім ішінде ұқсас жағдайларда жүктердің әртүрлі партияларын жүйелі сақтандыру жүктерді сақтандырудың бас шарты (бұдан әрі – «Бас шарт») негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте жүктің әрбір партиясы бойынша Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша жеке сақтандыру шарты (бұдан әрі - "Бір тасымалдауға арналған шарт") жасалады.

Бас Шартты жасамай жүкті бір тасымалдауды сақтандыру бір жолғы сақтандыру шарты (бұдан әрі - "Бір жолғы шарт") бойынша жүзеге асырылады.

Осы Ереженің шеңберінде Бас Шарт, Бір тасымалдауға арналған шарт және Бір жолғы шарт бұдан әрі мәтін бойынша бірге "Шарт"деп аталады. Сонымен қатар, нақты Бас шартқа немесе Бір тасымалдауға арналған шартқа немесе Бір жолғы шартқа қатысты нормаларды пайдалану кезінде мәтін бойынша тиісті терминология пайдаланылады.

1.6. Тараптардың келісімі бойынша жүктер осы Ереженің 1.7.-1.8. тармақтарында көрсетілген нұсқалардың бірінің негізінде сақтандырылған болып саналады.

1.7. 1-нұсқа. «Норма»

1.7.1. Сақтанушы Сақтандырушыға Бас шарттың қолданылу аясына түсетін жүктердің әрбір партиясына қатысты онымен келісілген мәліметтерді алғаннан кейін дереу хабарлауға, бірақ кез келген жағдайда Сақтандырушыға сақтандыруға өтініш-сауалнама бере отырып, жүкті тасымалдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.

1.7.2. Сақтандырушы сақтандыруға өтініш-сауалнама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтанушының жеке жүк партиясы бойынша Бір тасымалдауға арналған шарт жасауға не Сақтанушыға Бір тасымалдауға арналған шарт жасасудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.

1.7.3. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Бір тасымалдауға арналған шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір мезгілде төлеуге міндетті.

1.7.4. Шарт бойынша сақтандыру қорғанысы (Сақтандырушының жауапкершілігі) жүкті тиеу сәтінен басталады, бірақ Бір тасымалдауға арналған шарт жасалған күннен ерте емес және сақтандыруға арналған өтініш-сауалнамада көрсетілген межелі пунктке жүк келген сәтке дейін қолданылады.

1.8. 2- нұсқа. «Депозиттік сыйлықақы»

1.8.1. Сақтанушы Бас шартта белгіленген мөлшерде депозиттік сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті. Депозиттік сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру кезеңінде болжанатын жүк тасымалдарының көлемі негізге алына отырып белгіленеді. Болжанатын жүк тасымалдарының көлемі алдыңғы ұқсас есеп беру кезеңіндегі жүк тасымалдары бойынша статистика негізінде (көрсетілген мерзімде Сақтанушы жүктерді өз бетінше/үшінші тұлғалар арқылы тасымалдауды жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда), Сақтанушының өтініші бойынша өзге жағдайларда айқындалады.

1.8.2. Шарттың талаптарына сәйкес Сақтанушыға тиесілі немесе олардың сақталуы үшін Сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе тиісті Шартқа сәйкес жауапты болатын жүктердің әртүрлі партияларын (бұдан әрі – "жүктер") жүйелі сақтандыру жүзеге асырылады.

1.8.3. Сақтанушы сақтандыру қорғанысы қолданысына жататын жүктердің әрбір партиясына қатысты Сақтандырушыға ай сайынғы декларацияда оған негізделген мәліметтерді әр айдың 10-нан кешіктірмей хабарлауға міндетті.

1.8.4. Есеп беру кезеңі ішінде Сақтандырушы депозиттік сақтандыру сыйлықақысының сомасынан есепті кезеңде жүзеге асырылған жүк тасымалдары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасын шегереді. Есеп беру кезеңінің соңында Сақтандырушы, егер есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері депозиттік сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен асып кетсе, Сақтанушының қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қажеттігі туралы Сақтанушыға хабарлайды.

1.8.5. Егер ай сайынғы декларация бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері депозиттік сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен асып кетсе, Сақтандырушы есеп беру кезеңі аяқталғанға дейін қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.

1.8.6. Сақтанушы қосымша және/немесе депозиттік сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.

1.9. Ережеде және Шартта көрсетілген Сақтанушының міндеттері Пайда алушыларға тең дәрежеде қолданылады. Пайда алушының осы міндеттерді орындамауы Сақтанушының оларды орындамауы сияқты салдарларға әкеп соғады.

1.10. Сақтанушының немесе оның өкілінің Шарттағы және/немесе сақтандыруға арналған өтініш-сауалнамадағы қолы оның ережелермен толық келісуінің растамасы болып табылады.

2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Темір жол, автомобиль, авиация, теңіз, өзен немесе құбыржолдарды не болмаса басқа да коммуникацияларды қоса алғанда, көліктің басқа да түрімен тасымалдау барысында жүктің зақымдануы, жоғалуы және/немесе жойылуы салдарынан Шартта көрсетілген жүкті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.

2.2. Сақтандыру объектісінің мазмұны, жүктерді тасымалдау шарттары мен тәртібі шарт жасасу кезінде егжей-тегжейлі айтылады.

2.3. Сақтанушының заңға қайшы мүдделері сақтандырылмайды.

3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

Сақтанушының өтініші бойынша Сақтандырушы тәуекелдің келесі санаттары бойынша сақтандыру қорғанысын ұсынады:

3.1. 1 нұсқа: «Барлық тәуекелдерге жауапкершілік»

Осы санат бойынша кез келген себеп бойынша орын алған барлық жүктің немесе бір бөлігінің зақымдануы, жойылуы (толық опат болуы) немесе жоғалуы, осы Ереженің «Сақтандыру төлемінен бас тарту» бабында айтылған жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы болып табылады.

3.2. 2 нұсқа: «Жеке апатқа жауапкершілік»

Сақтандыру жағдайы деп танылады:

1) дүлей апат, қирау, тасымалдау құралдарының бір-бірімен соқтығысуы, олардың қозғалмайтын немесе жылжымалы заттарға соғылуы, кеменің қайраңға қонуы, оттың, жарылыстың, кеменің мұзбен зақымдануы, борт сыртындағы су мінбесі салдарынан, сондай-ақ жүкті құтқару үшін немесе өрт сөндіру үшін қабылданған шаралар салдарынан болған жүктің барлығының немесе бір бөлігінің зақымдануы, жойылуы (толық жойылуы) немесе жоғалуы;

2) тасымалдау құралы бар жүктің хабар-ошарсыз жоғалуы;

3) тасымалдау құралына отын құю кезінде күтпеген мән-жайлар салдарынан болған жүктің барлығын немесе бір бөлігін бүлдіру немесе жою (толық жойылу);

4) жануарлар мен құстардың өлуінен және олармен болған жазатайым оқиғалардан, жүктің ағуы мен шайқалуынан, шынының, фарфордың, кірпіштің сынуы, сынық пен ұрысқа ұшыраған басқа да заттардан болған залал, егер мұндай залал тасымалдау құралының қирауы салдарынан болса ғана.

3.3. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген зиянның мөлшерін дәлелдеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 817-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) және Пайда алушыға жүктеледі.

3.4.3 нұсқа: «Зақымдануларға жауапкершіліксіз, қирау жағдайларын қоспағанда»

Сақтандыру жағдайы деп танылады:

1) дүлей зілзалалар, тасымалдау құралдарының бір-бірімен соқтығысуы немесе қирауы, олардың қозғалмайтын немесе жылжымалы заттарға соғылуы, кеменің қайраңға қонуы, от, жарылыс, кеменің мұзбен зақымдануы, борт сыртындағы сумен төселуі салдарынан, сондай-ақ жүкті құтқару немесе өрт сөндіру үшін қабылданған шаралар салдарынан болған жүктің барлық немесе бір бөлігінің толық жойылуы;

2) тасымалдау құралы бар жүктің хабар-ошарсыз жоғалуы;

3) тасымалдау құралына отын құю кезінде күтпеген мән-жайлар салдарынан болған жүктің бүкілінің немесе бір бөлігінің толық жойылуы;

4) Тасымалдау құралдарының бір-бірімен немесе кез келген қозғалмайтын немесе жылжымалы затпен (мұзды қоса алғанда) соқтығысуы немесе қирауы, кеменің қайраңға қонуы, тасымалдау құралындағы өрт немесе жарылыс салдарынан болған жүктің зақымдануы.

3.5.Тәуекелдердің кез келген санаттары бойынша:

Егер бұл сақтандыру жағдайы деп танылса, Сақтандырушы өтейді:

1) теңіз арқылы тасымалдау кезінде Сақтанушы өтеуге міндетті жалпы авария бойынша шығындар мен жарналар;

2) сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында Сақтанушы жүргізген қажетті және орынды шығындар;

3) Сақтандырушы сақтандыруға қабылдаған және осы Ереженің 1.5-тармағына сәйкес Шартта тікелей көрсетілген Сақтанушының өзге де шығындары.

4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

Сақтандыру сомасы әрбір жүк бойынша Бір тасымалға арналған шарттта немесе Бір жолғы Шартта немесе ай сайынғы декларацияда жеткізу шарттарына байланысты жеке белгіленеді және келесілер оған жатуы мүмкін:

1) Коммерциялық инвойс және/немесе шот-фактураға, сондай-ақ жеткізу шартына немесе осы құнды растайтын басқа құжаттарға сәйкес жүктің құны;

2) Егер Сақтанушы экспедитор/тасымалдаушылардың қызметтерін қолданатын болса, көлік құжаттарының (коносамент, көліктік инвойс, немесе жүкқұжат) негізінде анықталатын кіре ақы төлемі;

3) жүкті транзиттік сақтауға, жолда қорғауға байланысты басқа да шығындар және құжатпен расталған, бірақ инвойс және/немесе шот-фактура бойынша жүк құнының 20%-ынан (жиырма пайызынан) аспайтын мөлшерде жүкті тасымалдауға байланысты (кіре ақы төлемінжәне Бір тасымалдауға арналған шарттың/ Бір жолғы шарттың "Ерекше шарттар" бөлімінде және сақтандыруға арналған өтініш-сауалнамада тікелей көрсетілгендерді қамтымайтын) өзге де шығыстар.

5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

5.1. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушы толтырған жүктің әрбір партиясы бойынша жеке анықталатын тарифтік мөлшерлеме бойынша сақтандыруға өтініш-сауалнама негізінде есептейді. Тәуекел дәрежесі көтерілген кезде (тез бұзылатын, қауіпті, т.б. жүктерді тасымалдау) тарифтік мөлшерлеме қосымша уағдаласылады.

5.2. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жүктің әрбір партиясы бойынша жасалатын әрбір Тасымалға арналған шартта, Біржолғы шартта немесе декларацияда көрсетіледі.

5.3. Егер сақтандыру жағдайы сақтандыру сыйлықақысын немесе кезекті сақтандыру жарнасын төлегенге дейін орын алса, Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау кезінде оған Сақтанушының төлеуі қажет сақтандыру сыйлықақысын немесе сақтандыру жарнасын есептеуге алуға құқылы.

5.4. Егер келесі сақтандыру жарнасы уақтылы төленбесе, онда Сақтандырушы Сақтанушыға осы мерзім өткеннен кейін туындайтын құқықтық салдарларды көрсете отырып, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайтын белгілі бір сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін тағайындауға не Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.

5.5. Сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353- бабына сәйкес залалдарды өтеуді, сондай-ақ мерзімі өткен үшін өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.

5.6. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлемеуіне байланысты Сақтандырушының Шартты бұзуы Сақтанушыны сақтандыру қорғанысы әрекет етіп тұрған және Сақтандырушы өзінің міндеттемелеріне бойынша Сақтанушы алдында жауапты болған кезең үшін сақтандыру сыйлықақысын төлеу міндетінен босатпайды

5.7. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгеде жүзеге асырылады.

6. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ

6.1. «Сақтау тәуекелдеріне жауапкершілік»-тен басқа тәуекелдердің барлық санаты бойынша келесілердің салдарынан туындаған шығындар өтелмейді:

1) Сақтанушының, Пайда алушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының, экспедитор, сақтаушылардың немесе олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, тасымалдаушының/экспедитордың бекітілген ішкі ережелері мен нұсқаулықтарында (Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін), Сақтанушылармен/Пайда алушымен жасалған шарттарда көзделген жүктерді буып-түю , тасымалдау, жөнелту, қайта тиеу, жөнелту немесе сақтаудың қолданыстағы ережелерін сақтамауы/ тиісті дәрежеде сақтамауы;

2) шіру, коррозия, тозу, тотығу, кебу, ағу, булану, жүктің салмағының немесе көлемінің табиғи түрде өзгеруі немесе жүктің табиғи тозуы;

3) жүктің ерекшеліктері немесе оның ақаулары (оның ішінде өндірістік);

4) жүктерді көлік құралына (вагон, контейнер, платформа, фургон, тіркеме және т.б.) дұрыс емес орау (тығыздау), сақтау, тиеу, қайта тиеу, түсіру, орналастыру және / немесе бекіту;

5) зақымданған және/немесе дайындалмаған көлік құралын (вагонды, контейнерді, платформаны, фургонды, тіркемені және т. б.) пайдалануды қоса алғанда, кеменің қатынауға жарамсыздығы не көлік құралының (вагонның, контейнердің, платформаның, фургонның, тіркеменің және т. б.) осы жүкті тасымалдауға жарамсыздығы;

6) температуралық режимді не ылғалдылық деңгейін сақтамау нәтижесінде жүктің зақымдану/жойылу жағдайларын қоса алғанда, осы жүкті тасымалдауға арналмаған не тиісті түрде жабдықталмаған көлік құралында (вагонда, контейнерде, платформада, фургонда, тіркемеде және т. б.) жүкті тасымалдау;

7) сыртқы орамның бүтіндігі немесе пломбалардың бүтіндігі кезінде жүктің жеткіліксіз саны/зақымдануы (жөнелтушінің пломбасын, қайта тиеу станциясын, кедендік пломбаларды қоса алғанда);

8) жүктің түсініксіз жағдайда жоғалуы;

9) құрттар, кеміргіштер және жәндіктердің жүкті зақымдауы;

10) Сақтанушының, Пайда алушының немесе олардың өкілдерінің рұқсатымен, бірақ Сақтандырушыға хабар берместен, қауіпті жүктерді тиеу (сақтау);

11) жүкті жеткізудегі кідірістер немесе бағалардың өзгеруі;

12) атомдық жарылыстың, атомдық немесе ядролық ыдырау энергиясын немесе синтезді кез келген қолдануға немесе ыдырайтын материалдарды пайдалануға байланысты жоғары радиацияның тікелей немесе жанама әсері;

13) әскери іс-қимылдар немесе әскери іс-шаралар және олардың салдарлары, миналарды, торпедаларды, бомбаларды және басқа да соғыс құралдары қолдану арқылы зақымдау немесе жою, террористік актілер және саяси себептер бойынша құқыққа қарсы іс-қимылдар, қарақшылық әрекеттер, азаматтық соғыс, түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер, әскери немесе азаматтық билік орындарының, сондай-ақ кеден, санитарлық немесе карантиндік қызметтердің талап етуі бойынша жүкті тәркілеу, тұтқындау.

6.2. «Сақтау тәуекелдеріне жауапкершілік»-тің талаптарымен жасалған Шарт бойынша келесілердің салдарынан туындаған шығындар өтелмейді:

1) Сақтанушының, Пайда алушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының, экспедитор, сақтаушылардың немесе олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, тасымалдаушының/экспедитордың бекітілген ішкі ережелері мен нұсқаулықтарында (Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін), Сақтанушылармен/Пайда алушымен жасалған шарттарда көзделген жүктерді буып-түю , тасымалдау, жөнелту, қайта тиеу, жөнелту немесе сақтаудың қолданыстағы ережелерін сақтамауы/ тиісті дәрежеде сақтамауы;

2) жүктің қалыпты азаюы, салмағының немесе көлемін жоғалуы, табиғи түрде өзгеруі немесе табиғи тозуы;

3) жүктің ерекшеліктері немесе оның ақаулары (оның ішінде өндірістік);

4) жүкті сақтау орнында (қойма аумағын, оның құрылысын, қалқаларды, контейнерлерді, стеллаждарды және т. б. қоса алғанда) тиісті емес қаптау (тығындау), қоймалау, тиеу, орналастыру және/немесе бекіту;

5) сақтау орнының (қойма аумағын, оның құрылысын, қалқаларды, контейнерлерді, стеллаждарды және т. б. қоса алғанда), зақымданған және/немесе дайындалмаған сақтау орнын (қойма аумағын, оның құрылысын, қалқаларды, контейнерлерді, стеллаждарды және т. б. қоса алғанда) қолдануды қоса алғанда, осы жүкті сақтауға жарамсыздығы;

6) сыртқы орамның бүтіндігі немесе пломбалардың бүтіндігі кезінде жүктің жеткіліксіз саны/зақымдануы (жөнелтушінің пломбасын, қайта тиеу станциясын, кедендік пломбаларды қоса алғанда);

7) ену тәсілінің дәлелденбеуі,ішіндегісіне әсер етпестен қаптаманың бүлінуі жағдайында тауардың кем шығуы, жоғалуы;

8) жүкті толық салмау, толық жеткізбеу (т.с.с.);

9) жүктің түсініксіз жағдайда жоғалуы;

10) құрттар, кеміргіштер және жәндіктердің жүкті зақымдауы;

11) атомдық жарылыстың, атомдық немесе ядролық ыдырау энергиясын немесе синтезді кез келген қолдануға немесе ыдырайтын материалдарды пайдалануға байланысты жоғары радиацияның тікелей немесе жанама әсері;

12) әскери іс-қимылдар немесе әскери іс-шаралар және олардың салдарлары, миналарды, торпедаларды, бомбаларды және басқа да соғыс құралдары қолдану арқылы зақымдау немесе жою, террористік актілер және саяси себептер бойынша құқыққа қарсы іс-қимылдар, қарақшылық әрекеттер, азаматтық соғыс, түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер, әскери немесе азаматтық билік орындарының, сондай-ақ кеден, санитарлық немесе карантиндік қызметтердің талап етуі бойынша жүкті тәркілеу, тұтқындау.

6.3. Жүкті лихтерлерде, баржаларда және басқа да тасымалдау кемелерінде жеткізу кезінде Сақтандырушы мұндай кемелерді пайдалану жергілікті жағдайлар бойынша әдеттегі жай болып табылса ғана жауапкершілікті көтереді.

6.4. Бұдан басқа, "жеке авария үшін жауапкершілік" немесе "Қирау жағдайларынан басқа, бүліну үшін жауапкершіліксіз" талаптарымен жасалған Шарттар бойынша келесі оқиғалардың салдарынан туындаған шығындар өтелмейді:

1) су тасқыны, жер сілкінісі, цунами;

2) атмосфералық шөгінділеріден кеменің булануы және жүктің шайылуы;

3) палубасыз кемелерде тасымалданатын жүктің немесе палубалық жүктің борт сыртына лақтырылуы және толқынмен шайылуы;

4) жүкті ұрлануы немесе толық жеткізілмеуі.

6.5. Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) Сақтанушының (Пайда алушының) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттері.

6.6.Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:

1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы; Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;

2) Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын толық немесе ішінара төлемеуі/уақтылы төлемеуі;

3) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;

4) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға Сақтанушымен, Пайда алушымен, тасымалдаушымен, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен шарттық қатынастарда тұрған жүкті тасымалдауға, тиеуге, қайта тиеуге, түсіруге тартылған адамдардың, Сақтанушының (пайда алушының) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуына бағытталмаған болса да, бірақ оның пайда болуына тікелей немесе жанама ықпал еткен қасақана іс-әрекеттері нәтижесінде басталған болса;

5) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;

6) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу;

7) Сақтанушының (Пайда алушының) алаяқтық іс-әрекеттері сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуына бағытталмаған болса да, сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуына тікелей немесе жанама ықпал еткен, Сақтанушымен, Пайда алушымен, тасымалдаушымен, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен шарттық қатынастардағы, жүкті тасымалдауға, тиеуге, қайта тиеуге, түсіруге тартылған адамдарға тең;

8) авариялық комиссарды шақыру жөніндегі міндеттерді орындамау (Шартта көзделген міндеттемелерге сәйкес);

9) егер Сақтанушы/Пайда алушы өзінің Сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғадан талап ету құқығынан бас тартса немесе осы құқықты жүзеге асыру Сақтанушының/Пайда алушының кінәсінен мүмкін болмаса;

10) Сақтанушы заңнамалық немесе басқа да нормативтік актілерде белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік, үй-жайлар мен құндылықтарды қорғау, жұмыстарды сақтау, жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын немесе өзге де осыған ұқсас нормаларды бұзған немесе егер мұндай бұзушылықтар Сақтанушының рұқсатымен жүзеге асырылған болса.

Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол Сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартына дәлелді себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар табыс етілсе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

11) 9-тармақтың 9.4-тармақшасы 8) бөлігінің нормаларын орындамау;

12) Сақтандырушы мен Сақтанушының рұқсатынсыз жүкті түсіру, қайта тиеу нәтижесінде жүктің жоғалуы (күш қолдану, қарақшылық, тонау және ұрлық жолымен түсіру, қайта тиеу нәтижесінде жүктің жоғалуын қоспағанда).

6.7. Сақтанушы (Сайда алушы) үшінші тұлғалардан, оның ішінде осы шығынды келтіруге кінәлі тұлғадан –өтелуі керек сомаға сәйкес залал орнын толтыруды алған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден босатылады.

6.8. Шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының ережелерін сақтамау Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға әкеп соғады. Сақтандырушыны Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату Сақтандырушыны бір мезгілде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатады. Бұл жағдайда Пайда алушыға келтірілген зиянды өтеу жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тікелей зиян келтірушіге толық жүктеледі.

6.9. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, Сақтандырушы Сақтанушыға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.

6.10. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағымдана алады.

7. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ. ШАРТ МЕРЗІМІНҰЗАРТУ

7.1. Егер Бас шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Бас Шарттың әрекет ету мерзімі - оның жасалу күнінен – тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойғаннан бастап 12 (он екі) ай.

7.2. Бір тасымалға арналған шарттың әрекет ету мерзімі сақтандыруға өтініш-сауалнамада көрсетілген жүкті тасымалдау мерзімі негізінде анықталады және Бір тасымалға арналған шартта көрсетіледі. Бордеро қалыптасқан және пайдаланылған жағдайда, әрбір тасымалдау бойынша қолданылу мерзімі және осындай тасымалдау бойынша қорғау мерзімі бордерода көрсетіледі. Бір тасымалдауға арналған шарт бойынша сақтандыру қорғанысының (Сақтандырушының жауапкершілігінің) қолданылу мерзімі жабу нұсқасына байланысты осындай Шартпен белгіленеді. Бір тасымалға арналған шарттың қолданылу мерзімі Сақтанушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша не тасымалдаушының тасымалдау шартынан немесе тасымалдау талаптарынан туындайтын өз құқықтарын пайдалануына байланысты жүктің жеткізілуі кідірген жағдайда ұзартылуы мүмкін. Сақтандыруға берілген жүкті жеткізу мерзімдеріндегі барлық өзгерістер туралы Сақтанушы Сақтандырушыға бұл туралы белгілі болған кезде, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.

7.3. Бас Шартта жүкті тасымалдау туралы хабарлаудың және Бір тасымалға арналған шарт жасасудың өзге мерзімдері көзделуі мүмкін.

7.4. Бір жолғы шарттың әрекет ету мерзімі сақтандыруға өтініш-сауалнамада көрсетілген жүкті тасымалдау мерзімі негізінде анықталады және Бір жолғы шартта көрсетіледі. Бір жолғы шарттың қолданылу мерзімі Сақтанушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша не тасымалдаушының тасымалдау шартынан немесе тасымалдау талаптарынан туындайтын өз құқықтарын пайдалануына байланысты жүктің жеткізілуі кідірген жағдайда ұзартылуы мүмкін. Сақтандыруға берілген жүкті жеткізу мерзімдеріндегі барлық өзгерістер туралы Сақтанушы Сақтандырушыға бұл туралы белгілі болған кезде, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.

7.5. Бас шартта бұл тікелей анықталмаса да, Сақтанушы Бас шартта анықталған тасымалдау туралы хабардың әрекет ету мерзімі өткеннен кейін мәлімдеген жүкті Сақтандырушының сақтандыруға қабылдауға құқығы бар.

7.6. Сақтандыру аумағы тасымалдау бағытына байланысты анықталады және Шартта көрсетіледі. Кез келген жағдайда, ұрыс және әскери іс- қимылдар аймақтары мен БҰҰ санкциялары әрекет ететін елдердің аумақтары сақтандыру аумағынан алынып тасталады.

Бас Шарттың мерзімін ұзарту

7.7. Тараптардың келісімі бойынша Бас шарт тоқтатылғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың бірі бұл туралы хабардар еткен жағдайда Бас шарт келесі мерзімге ұзартылуымүмкін.

8. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУТӘРТІБІ

8.1. Шарт жүк жөнелтуші, жүк алушы, тасымалдаушы, кеме жалдаушы, экспедитор және т.б. сияқты жүктің сақталуына мүдделі жеке және заңды тұлғалармен жасалады.

8.2. Шарт Сақтандырушы белгілеген форма бойынша толтырылған Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады. Сақтандырушы өтініш формасын өзгертуге және Сақтанушыдан тәуекел дәрежесін анықтауға қажетті басқа ақпаратты сұратуғақұқылы. Шарт жасалған соң, өтініш оның ажырамайтын бөлігіне айналады.

8.3. Шартты жасау барысында Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыруға қабылданған жүктің тәуекел дәрежесін анықтауда айтарлықтай маңызды болып табылатын өзіне белгілі барлық мән-жайларды хабарлауғаміндетті. Сақтанушы, сондай-ақ сақтандырылып отырған жүктің тәуекел дәрежесін анықтау мақсатымен Сақтандырушы қойған сұрақтарға жауап беруге міндетті.

Маңызы жоғары мән-жайлар деп Сақтандырушының Өтініш-сауалнамасында белгіленген жағдайлар танылады.

8.4. Сақтандыру шарты тараптардың Бас сақтандыру шартына, бір жолғы шартқа, бір тасымалға арналған шартқа қол қоюы арқылы жасалады.

8.5. Сақтандырушы себептерін түсіндірмей, Сақтанушымен Шарт жасасудан бас тартуға құқылы.

8.6. Шартты интернет-ресурстар (онлайн) көмегімен жасауға болады.Шартты интернет-ресурстар (онлайн) көмегімен жасауға талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған.

8.7. Қол қою арқылы Сақтанушы өзінің жеке деректерінің Сақтандырылушымен Қазақстан Республикасының №94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жинақталуын, өңделуін жүзеге асыруға келіседі және оған рұқсатбереді.

Қажет болған жағдайда Сақтанушы ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсаттарында Компаниямен сұратылатын барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттеледі.

Сауалнамаға қол қоя отырып, Сақтанушы онымен жүзеге асырылатын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайды.

8.8. Шарттың мазмұнына осы Ережедегі талаптардан өзгеше талаптар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, бұл Шартта немесе оған қосымшаларда көрсетіледі.

8.9. Шарт жасасу кезінде, сондай-ақ сақтандыру талаптары өзгерген кезде Сақтандырушы сақтандыру сомасының лимиттеріне және Сақтандырушының ішкі құжаттарына сәйкес қарау үшін Сақтанушыдан мүлікті сұратуға құқылы. Шартты жасасу кезінде зақымданулары болған мүліктіңбөлшектеріне Сақтандырушы жауапты болмайды.

8.10. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

9. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

9.1. Сақтандырушы құқылы:

1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауынтексеруге;

2) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талапетуге;

3) Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсыболса;

4) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға,оныңішіндетиістімемлекеттікоргандарменұйымдарданолардыңқұзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

5) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талапетуге;

6) Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бастартуға;

7) Сақтандырушы мүліктің сақтандыру жағдайы туындаған күндегі нарықтық құнының мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайда, Сақтандырушының осы мүлікке немесе онық қалдықтарына құқығы бар;

8) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- әрекеттер жасауғақұқылы.

9.2. Сақтандырушының міндеттері:

1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге(жіберуге);

2) сақтандыру құпиясын қамтамасызетуге;

3) Сақтандыру жағдайының орын алу фактісі мен Сақтандырушымен өтелуге тиісті шығын көлемін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда оларды қабылдау күнінен соң үш жұмыс күні ішінде жеткіліксіз және (немесе) қате рәсімделген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып, арыз берушігехабарлауға;

4) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығындардыөтеуге;

5) Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартудыжіберуге;

6) Шартта немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға.

9.3. Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) Шартты мерзімінен бұрын бұзуға;

3) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дауайтуға;

4) сақтандырылмаған пайда алушыны сақтандыру жағдайы басталғанға дейін бұл туралы Сақтандырушыны жазбаша хабардар ете отырып, басқа тұлғамен ауыстыруға. Пайда алушыны өзінің Сақтанушымен келісімінен туындайтын Шарт бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде талап қойғаннан кейін басқа тұлғамен ауыстыруға болмайды;

5) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- әрекеттер жасауғақұқылы.

9.4. Сақтанушының міндеттері:

1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2) Шарт жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

3) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

4) Бір тасымалға арналған Шартты немесе Бір жолғы шартты жасамастан бұрын, Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалауда маңызды болып табылатын өзіне белгілі барлық мән-жайларды хабарлауға;

5) Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;

6) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысынтөлеуге;

7) сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы шұғыл түрде Сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлау. Сақтанушы сақтандырылушы болмаған жағдайда аталмыш міндет сақтандырылушыға жүктеледі;

8) жүк жөнелтушінің көлік құралдары агрегаттарының нөмірлерін, көлік құралдарының жүргізушілері туралы деректерді салыстырып тексеруді (фото-бейнемен тіркеумен) жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тармақты орындамаған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы;

9) Сақтанушы ( сақтандырылған адам) тасымалдау жағдайларындағы мынадай өзгерістер туралы (жүктің жүру бағытының өзгеруі, жүктің басқа көлік құралына қайта тиелуі, жүру жолы бойынша жүктің түсірілуі ) Сақтандырушыға дереу, бірақ кез келген жағдайда 1 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті;

10) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауғақұқылы.

Тараптардың көзделген құқықтары мен міндеттері түпкілікті болып табылмайды. Тараптардың Шарттың өзге тармақтарында немесе талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары бар және өз міндеттерін атқарады .

Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Шартпен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

9.5. Сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) іс-әрекеті:

Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болуы тиіс/болғаннан кейін (сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалар), Сақтанушы (Сақтандырылушы) міндетті:

1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шараларқабылдау;

2) сақтандыру жағдайы туралы дереу кез келген қол жетімді нысанда, ары қарай өз арызын жазбаша бекіте отырып, құзіретті органдарға хабарлау;

3) дереу, бірақ кез келген жағдайда демалыс және мереке күндерді санамағанда, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;

4) егер мүмкін болса, Сақтандырушының өкілі келгенге дейін зардап шеккен жүкті тікелей сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде сақтау; егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтандырушының өкіліне жүкті түсірудің басталуы туралы ол басталғаннан 2 сағат бұрын алдын ала хабарлау;

5) Сақтанушы үшін мүмкін болған мөлшерде Сақтандырушының зақымданған мүлікті қарау мен келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға қатысуын қамтамасыз ету;

6) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;

7) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, сарапшылардың оқиға болған жерге шығуы, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау;

8) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттар беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;

9) Сақтанушының жүктің жоғалуы немесе толық опат болуы жағдайында Сақтандырушының пайдасы үшін жүктен бас тарту («абандон») туралы жазбаша арызын Сақтандырушыға жіберуі;

10) Сақтандырушыға келтірілген залалға жауапты тұлғадан кері талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін барлық өзінде бар мәліметтердіберуге. Егер Сақтанушы өзінің Сақтанушы өтеп берген залалға жауапты тұлғадан кері талап ету құқығынан бас тартса, немесе ол құқықты жүзеге асыру Сақтанушының кінәсінен жүзеге аспаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісті көлемде жүзеге асырудан босатылады және артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы;

11) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауғақұқылы.

9.6. Пайда алушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талапетуге;

2) Шартты жасау кезінде және әрекет ету кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/ жасалатын шарттар туралы ақпарат беру;

3) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапқоюға;

4) сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлеміналуға;

5) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дауайтуға;

6) Осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- әрекеттер жасауғақұқылы.

10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІҚҰЖАТТАР

10.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға мынадай құжаттарды беругеміндетті:

1) Сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

2) Сақтандыру шартының немесе оның телнұсқасының көшірмесі;

3) сақтандырылған жүкке мүддені дәлелдеу үшін: осы Бас шарттың көшірмесі, Бір тасымалдауға арналған шарттың түпнұсқасы; Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға (шот-фактуралар, инвойстар, коносаменттер, жүкқұжаттар, чартерлер, тиеу ордерлері немесе экспорттық тапсырмалар) сәйкес тиісті тасымалдау бойынша жасалуы тиіс тасымалдау құжаттары;

4) сақтандыру жағдайының болуын дәлелдеу үшін:

- тасымалдау түріне байланысты:

· темір жол тасымалдары бойынша: коммерциялық акт, шығын туралы белгісі бар темір жол жүкқұжаты, бару станциясының бастығына шығын туралы өтініш;

· автомобиль тасымалдары бойынша: жол-көлік оқиғасы, автомобиль көлігін ұрлау не автомобиль көлігіне және/немесе сақтандырылған жүкке қатысты өзге де құқыққа қарсы әрекет жасау фактісін белгілейтін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми құжаттары, оқиға туралы белгісі бар авто жүк құжаты, жүргізушінің түсініктеме хаты;

· авиакөлікпен тасымалдау бойынша: жүкті тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы акт (коммерциялық акт), оқиға туралы белгісі бар әуе жүк құжаты;

· теңіз тасымалдары бойынша: коммерциялық акт; егер кеме иесіне мүліктік талаптарды ұсыну үшін негіз болып табылатын оқиға орын алса-теңіз наразылығы туралы өтініш, теңіз наразылығы туралы акт, кеме капитаны куәландырған кеме журналынан үзінді көшірме; жалпы авария кезінде-жалпы авария туралы диспашердің актісі;

- оқиғаның түріне байланысты: құзыретті органдардың тиісті құжаттарының түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалармен куәландырылған көшірмелері:

· жол-көлік оқиғасы немесе өзге де көлік оқиғасы кезінде жол полициясы органдарының құжаттары: жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, ЖКО схемасы, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттамаға қосымша, жол полициясы органдарына ЖКО қатысушыларының түсініктемесі, жол-көлік оқиғаларын тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының, комиссиялардың, өзге де құзыретті органдардың құжаттары;

· өрт, жарылыс, найзағайдың соққысы, табиғи апат кезінде – өртке қарсы және құқық қорғау органдарының актілері, қорытындылары, өзге де құжаттары, гидрометеоқызметтері, авариялық қызметтер, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімшелері, мемлекеттік комиссиялар, осы Ережеде сақтандыру жағдайлары ретінде қарастырылатын оқиғаларды тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүзеге асыратын өзге де құзыретті органдар, не сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар;

· үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері кезінде – прокуратура, тергеу, анықтау, сот органдарының, өрт қадағалау органдарының құжаттары (қылмыстық істің қозғалысы туралы іс жүргізу актілері (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы , сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы), оқиға болған жерді қарап тексеру хаттамалары, айыптау қорытындысы, сот үкімі), осы Ережеде сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғаларды тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті органдар (комиссиялар) жасаған не сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын өзге де құжаттар;

· кеме (көлік құралы) хабар-ошарсыз жоғалған жағдайда: кеменің (көлік құралының) жөнелту портынан (пунктінен) жолға шығу уақыты туралы, сондай-ақ кемені (көлік құралын) хабар-ошарсыз жоғалған деп тану үшін белгіленген мерзімде оның межелі орнына келмегені туралы сенімді куәліктер;

5) келтірілген шығындардың мөлшерін дәлелдеу үшін:

· авариялық комиссардың жүкті қарау актісі (осы Ереженің 9.5-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындау жолымен);

· тиісті лицензияға ие тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиянның сараптама (бағалау) актісі (осы Ереженің 11.3-тармағының 2-бөлімінде көзделген жағдайда);

· жүргізілген шығындарды растайтын құжаттар; жалпы авария бойынша шығындарды, зиянды және жарналарды өтеу туралы талап болған жағдайда-құжаттармен негізделген есеп немесе диспаша, сондай-ақ келтірілген залалдың мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін өзге де құжаттар.

10.2. Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.

10.3. Сақтандырушы жоғарыда аталған құжаттар тізбесі немесе Сақтанушыға қойылған талаптарды қысқартуға немесе қосымша құжаттарды егер нақты жағдайларды ескере отырып, олардың болмауынан сақтандыру жағдайының басталу фактісін белгілеу және шығын мөлшерін анықтау мүмкін болмаса, талап етуі,

10.4. Сақтанушы көлік құралының түрі мен оқиға түрін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тиісті тасымалдау бойынша жасалуға тиіс құжаттарды ғана береді.

11. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

11.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Шартқа негізделген жүкті сақтауға мүддесі бар Бір тасымалдауға арналған шартта немесе Бір жолғы шартта көрсетілген тұлға (жеке немесе заңды) Пайда алушы болып табылады.

11.2. Сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ франшиза туралы талапты ескере отырып, сақтандыру сомасының мөлшерінен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемінің сомасына бүлінген, жоғалған немесе жойылған жүктің құны, сондай-ақ жүкті тасымалдауға, транзиттік сақтауға, жолда қорғауға байланысты шығындар және, егер олар сақтандыру арқылы өтелетін және Шартта және сақтандыру өтініш-сауалнамасында тікелей көрсетілген болса, өзге де шығындар қосылады.

11.3. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін Сақтандырушы айқындайды. Сақтандырушының талап етуі бойынша не Сақтандырушы мен Сақтанушыда (Пайда алушыда келтірілген залалдың мөлшері туралы дау туындаған жағдайда келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды тиісті лицензиясы бар бағалаушы (тәуелсіз сарапшы) жүргізеді.

11.4. Егер сақтандыру сомасы Бір тасымалға шарт немесе Бір жолғы шарт жасалған күнгі жүктің нақты құнынан аз болса, Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Пайда алушыға келтірілген залалдың сақтандыру сомасының жүктің нақты құнының қатынасына тең бөлігін өтейді. Егер сақтандыру сомасы Бір тасымалға шарт немесе Бір жолғы шарт жасалған күнгі жүктің нақты құнынан асып кетсе, сақтандыру жүктің нақты құнынан асып түсетін бөлігінде жарамсыз болып табылады.

11.5. Жүк толық жойылған кезде (зақымдануларды жою немесе сақтандырылған жүкті межелі жерге жеткізу экономикалық орынсыздығы) Сақтандырушы Пайда алушыға келесі мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құқылы:

1) франшиза шегерілген және құтқарылған жүктің құны шегерілген сақтандыру сомасы мөлшерінде. Құтқарылған жүк деп жеңілдікпен сатылған жүк түсініледі;

2) Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға сақтандырылған жүкке меншік құқығын (абандон) берген жағдайда франшиза шегеріле отырып, сақтандыру сомасын толық көлемде төлеуге.

11.6. Кез келген жағдайда Пайда алушыға төлеуге есептелген сомадан Пайда алушыға сол Бір тасымалға шарт немесе Бір жолғы шарт бойынша бұрын жүзеге асырылған барлық сақтандыру төлемдерінің мөлшері шегеріледі.

11.7. Сақтандырылған жүкпен біргге жүк жоғалған немесе кеме (көлік құралы) хабар-ошарсыз жоғалған жағдайда сақтандыру төлемі Сақтанушының (пайда алушының) Сақтандырушыға сақтандырылған жүкке меншік құқығын (абандон) берген жағдайда франшизаны шегере отырып, жүк құнының мөлшерінде, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

11.8. Сақтандырушының сақтандыру төлемінің сомасын Пайда алушының жазбаша келісімімен сақтандыру төлемінің сомасы шегінде заттай нысандағы залалды өтеумен ауыстыруға құқығы бар.

11.9. Қосарланған мүліктік сақтандыру кезінде (бір сақтандыру объектісін әрқайсысымен дербес шарттар бойынша бірнеше Сақтандырушыда сақтандырғанда) әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған Шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.

11.10. Сақтандырушы, егер Шартта өзгеше белгіленбесе,барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға және Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

11.11. Сақтандырушы құзыретті органдар Сақтанушыға (Пайда алушыға) немесе Сақтанушының қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғаған және сақтандыру жағдайының туындауына әкеп соққан мән – жайларға және ол келтірген залалдарға тергеу аяқталғанға дейін тергеу жүргізілген жағдайда сақтандыру төлемін кейінге қалдыруға құқылы. Сақтандыру төлемін кейінге қалдыру туралы шешімді Сақтандырушы қабылдайды және Сақтанушыға дәлелді негіздемемен жазбаша нысанда хабарланады.

11.12. Сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтандырушы жүзеге асырылған сақтандыру төлемінің мөлшеріне азайтылған сақтандыру сомасы шегінде жауапты болуды жалғастырады.

11.13. Сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға келтірілген залал үшін жауапты адамға талап ету құқығы төленген сома шегінде ауысады.

12. ФРАНШИЗА

12.1. Шарт талаптарында франшиза көзделуі мүмкін.

12.2. Франшиза сақтандыру сомасына, тәуекел дәрежесіне, тасымалдау шарттарына байланысты әрбір жүк бойынша жеке айтылады және Шартта көрсетіледі.

12.3. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, онда сақтандыру сомасына пайызбен шартсыз (шегерілетін) франшиза қолданылады.

13. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

13.1. Міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінен басқа, Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе;

2) Сақтанушы қосымша сақтандыру сыйлықақысын және/немесе "Депозиттік сыйлықақы" нұсқасының талаптарымен жасалған депозиттік сақтандыру сыйлықақысын Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлемеген;

3) Сақтанушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша Шарт бұзылса;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

13.2. Сондай-ақ Сақтандырушы осы Бір тасымалдауға арналған шарт немесе Бір жолғы шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайда Бір тасымалдауға арналған шарт немесе Бір жолғы шарт тоқтатылады.

13.3. Осы Шарттың 13.1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдары:

Көрсетілген жағдайларда Шарт тәуекел дәрежесін арттыруға әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

Бұл ретте Сақтандырушы Сақтанушыны Шарттың тоқтатылғаны туралы келесі жағдайлар басталғаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті:

1) Сақтандырушыға Сақтанушының тәуекел дәрежесінің ұлғаюы туралы хабарлау міндетін орындамағаны туралы белгілі болған кезде;

2) Сақтанушының Шартқа өзгерістер енгізуден немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуден бас тартуын алған кезде;

3) Сақтандырушының Шартты өзгерту және/ немесе сақтандыру сыйлықақысын төлеу талаптарын акцептеу үшін Шартта белгіленген мерзім өтіп кеткен кезде.

Көрсетілген негіздер бойынша Шарт тоқтатылған кезде Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

13.4. Шарттың 13.1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдары:

Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтатуға негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған сәттен бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді.

Көрсетілген негіздер бойынша Шарт тоқтатылған кезде Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

13.5. Осы Шарттың 13.1-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдары:

Тараптар Шартты тоқтату туралы келісімге қол қойған күннен бастап немесе соттың тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап (егер дау сот тәртібімен шешілсе) Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл ретте, Шартты бұзу ниеті туралы бастамашы тарап Шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын екінші тарапты хабардар етуге міндетті.

Бір тасымалдауға арналған шартты немесе Бір жолғы шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде Сақтандырушы Сақтанушыға Бір тасымалдауға арналған шарттың немесе Бір жолғы Шарттың қолданылу мерзімінің өтпеген кезеңі үшін төленген сақтандыру сыйлықақысын, оның мөлшері сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан пайыздық түрде, сондай-ақ сақтандыру шартында көрсетілген, сонымен қатар Бір тасымалдауға арналған шарт немесе Бір жолғы шарт бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерін шегере отырып қайтарады.

Депозиттік сыйлықақы талаптарымен жасалған Бас шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде Сақтандырушы Бас шарттың қолданылу мерзімі өтпеген мерзім үшін іс жүргізуге жұмсалған шығындарды шегере отырып, Сақтанушыға төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтарады, оның мөлшері сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасынан пайыздық түрде, сондай-ақ сақтандыру шартында көрсетілген, сонымен қатар Бас шарт бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерін шегере отырып көрсетіледі.

Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан/тиісінше орындамаудан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті.

Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен оның талаптарының орындалмауынан/тиісінше орындалмауынан туындаған жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

13.6. Шарттың 13.2. тармағында көзделген негіз бойынша Бір тасымалдауға арналған шартты немесе Бір жолғы шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдары:

Бір тасымалдауға арналған шарт немесе Бір жолғы шарт сақтандыру төлемі жүзеге асырылған күннен бастап тоқтатылған болып есептеледі, бұл ретте Бір тасымалдауға арналған шартты немесе Бір жолғы шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді.

Көрсетілген негіз бойынша Бір тасымалдауға арналған шарт немесе Бір жолғы шарт тоқтатылған кезде Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

13.7. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен талаптары шартпен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

14. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

14.1. Шарттан немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

14.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда даулар және/ немесе келіспеушіліктер Сақтандырушының орналасқан жері бойынша сотта Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.

14.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәртібі көзделуі мүмкін.

15. ҚОСЫМША ШАРТТАР

15.1. Осы Ережеде айтылмаған барлық нәрсе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

15.2. Тараптардың келісімі бойынша жасалатын Шартқа ерекше талаптар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б., егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе) енгізілуі мүмкін.

15.3. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

15.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

15.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 15.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

15.6. Сақтанушы 1)-5) 15.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

16. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ

16.1. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша, тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Шартқа енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды екі Тараптың уәкілетті өкілдері жазбаша ресімдеген және оған қол қойған жағдайда заңды күшіне ие болады.

17. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

17.1. Сақтандыру сыйлықақысын/кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемеген кезде Сақтанушы Сақтандырушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

17.2. Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған кезде Сақтандырушы Пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

17.3. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап, егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды.

17.4. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

17.5. Форс-мажорлық мән-жайлардың әрекетін бастан кешірген тарап осындай мән-жайлардың басталғаны туралы екінші тарапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

17.6. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзыретті органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

17.7. Шартта Шартты тоқтатудың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де талаптары мен тәртібі белгіленуі мүмкін.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту