22.04.2022ж. өзгерістер
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы кәсіби жауапкершілігін ерікті сақтандыру ережесі (бұдан әрі – «Ережелер») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-II Заңына сәйкес әзірленген.
1.2. Осы Ережелердің талаптарымен «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – «Сақтандырушы») заңды (меншік нысанына және ұйымдық – құқықтық нысанына қарамастан) немесе әрекетке қабілетті жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) (бұдан әрі-" Сақтанушы") кәсіби жауапкершілікті ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі – "Шарт") жасау жолымен үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда кәсіби жауапкершілікті ерікті сақтандыруды жүзеге асырады.
1.3. Сақтанушының немесе оның өкілінің Шарттағы қолы оның осы Ережелермен толық келісімін растау болып табылады.
1.4. Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) пайда алушы – осы Шартқа сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға. Заңды тұлғамен қатар, жеке тұлға да Пайда алушы бола алады.
2) сақтандыру жағдайы – басталуына орай Шарт бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн оқиға. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға Қазақстан Респубикасы Азаматтық кодексінің 817-бабына сәйкес келуі тиіс.
3) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
4) сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушы Сақтандырушыға соңғысы Шартта белгiленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы;
5) сақтандыру төлемi – Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;
6) сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (Пайда алушыға) Шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға;
7) сақтандырылушы – өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
8) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауда ерікті;
9) шарт – Сақтандырушы мен Сақтанушы арасындағы Келісім, оған байланысты бір тарап (Сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (Сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына сақтандыру шарты жасалған өзге тұлғаға (Пайда алушыға) сақтандыру шартында белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;
10) франшиза – сақтандыру шарттарында көзделген Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына пайызбен не абсолюттік мөлшерде белгіленеді. Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер оның мөлшері осы сомадан артық болса, залалды толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сомадан шегеріле отырып өтеледі.
1.5. Шарт бойынша Сақтанушының өзінің де, сондай-ақ осындай жауапкершілік жүктелуі мүмкін өзге тұлғаның (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілік тәуекелі сақтандырылуы мүмкін. Егер Сақтандырылушының мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылған жағдайда, Сақтанушының құқықтары мен міндеттерін тікелей немесе жанама қозғайтын осы Ереженің барлық ережелері, егер шартта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтандырылған адамға да бірдей дәрежеде қолданылады.
1.6. Жауапкершілік тәуекелі сақтандырылған тұлға Шартта көрсетілуі тиіс. Егер бұл тұлға Шартта көрсетілмесе, Сақтанушының өзінің жауапкершілік тәуекелі сақтандырылған болып есептеледі.
1.7. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған болып табылады.
1.8. Сақтанушы Шартта үшінші тұлғаны Сақтандырылушы ретінде анықтай алады.
1.9. Сақтандырылушының пайдасына шарт жасау Сақтанушыны осындай сақтандыру шарты бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды.
1.10. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін Шартта көрсетілген бұл туралы сақтандырушыны жазбаша хабардар ете отырып, Сақтандырылушыны басқа тұлғамен ауыстыруға құқылы.
1.11. Сақтандырылушы Сақтанушымен келісімінен туындайтын шарт бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде талап қойғаннан кейін оны басқа тұлғамен ауыстыруға болмайды.
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру арнайы рұқсат (лицензия, хабарлама) негізінде жүргізілетін және (немесе) арнайы білімді, тәжірибені және (немесе) біліктілікті талап ететін кәсіби қызмет процесінде немесе нәтижесінде қате әрекеттердің (әрекетсіздіктің) және (немесе) олқылықтардың салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтірілуіне байланысты залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру түрі болып табылады.
2.2. Осы Ережеге сәйкес Сақтандырушы Сақтанушылармен Шарттар жасайды:
1) кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймалары иелерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
2) астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
3) көлік экспедиторының/тасымалдаушының кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
4) кәсіби қызметтерді () көрсетуге байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
5) бағалаушылардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
6) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
7) күзет қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың/ұйымдардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
8) жекеше сот орындаушылардың кәсіби жауапкершілігін сақтандыру;
9) медициналық мекемелердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру.
2.3. Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандырудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және неғұрлым тиімді шарттарын ұсыну мақсатында осы Ережелердің 2.2-тармағында көрсетілген сақтандыру объектілерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.
3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Егер сақтандыру шартында, сақтандыру шартына қосымшаларда, ҚР нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше көзделмесе, Сақтанушының/Сақтандырылушының өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыру нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлкіне, өміріне, денсаулығына немесе мүліктік мүдделеріне зиян келтіргені үшін Сақтанушының/Сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі осы Ережелерге сәйкес сақтандыру жағдайы болып табылады.
3.2. Жәбірленушіге зиян келтіргені үшін Сақтанушының жауапкершілігінің басталу фактісі Сақтандырушының келісімімен зиянды өтеу туралы жәбірленушінің талаптарын ерікті түрде тану негізінде не Сақтанушының жәбірленушіге келтірген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот
____________________________
әсіби қызметтерді (жұмыстарды) ұсынғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру белгілі бір кәсіптегі адамдарға: сәулетшілерге, инженерлерге және жобалаушыларға, медицина қызметкерлеріне, адвокаттарға, заңгерлерге, жеке сот орындаушыларына, аудиторларға, күзетшілерге, детективтерге, сақтандыру, биржалық және кеден брокерлеріне, кеден тасымалдаушыларына және т. б. қатысты қамтамасыз етіледі.
шешімі негізінде белгіленеді.
3.3. Жәбірленушіге зиян келтіру салдарынан міндеттемелер бойынша Сақтанушының жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады, егер:
1) салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтірілген
заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік), егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде жасалса;
2) Пайда алушының мүліктік мүдделеріне зиян келтіру Сақтанушының өз қызметін жүзеге асыруымен тікелей себептік байланыста болса; егер сақтандыру шартында, сақтандыру шартына қосымшаларда, нормативтік құқықтық актілерде өзгеше көзделмесе, Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде немесе сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Пайда алушының Сақтанушыға зиянды өтеу туралы жазбаша талап қоюы (немесе дау сот тәртібімен шешілген жағдайда - Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде немесе Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жәбірленуші зиянды өтеу туралы талабымен талап арыз берген жағдайда);
3) Сақтанушының (оның қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінде пиғылдың немесе өрескел абайсыздықтың белгілері жоқ. Пиғыл болып адам саналы түрде білген және құқыққа қайшы зардаптардың туындауына бағытталған әрекет сипатталады. Өрескел абайсыздық адам өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде қажетті зейінді, адалдықты, қамқорлықты, мұқияттылықты көрсетпеуімен сипатталады, адам бұларды жасау үшін барлық мүмкіндіктерге ие болғанымен, олардың бұзылуына әкеп соғады.Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, еңбек шарты (келісімшарты) негізінде жұмысты орындайтын адамдар қызметкерлер деп танылады.
3.4. Бір себеппен туындаған бірқатар дәйекті (немесе бір мезгілде) оқиғалардың әсер етуі нәтижесінде бірнеше адамға зиян келтіру бір сақтандыру жағдайы ретінде қаралады. Мұндай оқиғалардың салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы барлық талаптар осы талаптардың біріншісі сақтанушыға қатысты мәлімделген сәтте мәлімделген болып есептеледі.
3.5. Зиянның пайда болу себептері әдейі сипатта болмауы тиіс.
3.6. Шартта сақтандыру жағдайлары ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де оқиғалар көзделуі мүмкін.
4. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ
4.1. Төмендегілердің нәтижесінде туындаған оқиғалар осы ережелерге сәйкес сақтандыру жағдайы болып саналмайды және олар бойынша сақтандыру төлемі жүргізілмейді:
1) түрлі әскери іс-әрекеттер немесе әскери іс-шаралар және олардың зардаптары, зақымданулар немесе зымыран, снаряд, бомба, басқа құралдар, соғыс құралдары және әскери операцияларды, теңіз қарақшыларының іс-әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ азаматтық соғыс,ұлттық толқыныстар, көтеріліс, ереуіл және жаппай тәртіпсіздіктер;
2) иондаушы сәулеленудің, радиацияның немесе радиоактивті материалдармен, ядролық отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен ластанудың тікелей немесе жанама әсері, сондай-ақ ядролық жарылыстың тікелей немесе жанама әсері;
3) қандай да бір ұйымның атынан немесе мүддесінде әрекет ететін және сақтандыру объектісінің бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан адам немесе адамдар тобы жасаған терроризм .
4) саяси тәуекелдер;
5) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ-инфекциясы) қоздыратын инфекциялар;
____________________________
ерроризм актісі-жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін туғызатын өзге де іс-әрекеттер жасау, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса (саяси себептер).
6) адам қанының негізінде әзірленген фармацевтикалық препараттарды өндіру немесе пайдалану;
7) өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану немесе әсер ету;
8) Сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан Сақтанушының немесе оның өкілінің заңдардан немесе мемлекеттік органдардың ұйғарымдарынан, сондай-ақ тапсырыс берушінің жазбаша нұсқауларынан немесе шарттарынан ауытқуы, сондай-ақ егер Сақтанушы немесе оның қол астында жұмыс істейтін адамдар сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасаса немесе оған алып келетін іс-әрекеттерге жол берсе (Сақтанушы өндіретін және жеткізетін өнімнің ақаулары, зиянды және қауіпті қасиеттері туралы әдей айтпау пиғылға теңестіріледі);
9) Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) немесе оның өкілінің сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері (қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік және басқа да ерекше жағдайларда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда);
10) Сақтанушының немесе оның өкілінің қылмыстық іс-әрекет белгілері бар, құзыретті органдар таныған іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі және уыттану, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жасалған кез келген іс-әрекеттер;
11) конструкциялардың, жабдықтардың, сондай-ақ нормативтік пайдалану мерзімінен тыс пайдаланылатын материалдардың тозуы;
12) Сақтанушының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзуы;
13) асбест, асбест шаңының, диоксиннің, диэтилстиролдың, формальдегидтің немесе сипаттамалары, әсері немесе мінез-құлқы бойынша салыстыруға келетін басқа да заттардың әсері;
14) гендік-инженерлік жұмыстар жүргізілетін немесе гендік инженерия көмегімен организмдерді (өнімдерді) босатуға (шығаруға) байланысты жабдықтар мен құрылыстарды өндіру;
15) генетикалық өзгерістер;
16) электромагниттік өрістің әсері;
17) есірткі немесе есеңгірететін заттарды өндіру, қайта өңдеу (өңдеу), сондай-ақ сату;
18) сақтандыру шартында сақтандыру өтемінен ерекшелік ретінде көзделген өзге де мән-жайлардың әсер етуі.
4.2. Сақтандыру қорғанышы келесілердің салдарынан туындаған талаптарға қолданылмайды:
1) Шарт жасалғанға дейін туындаған және Сақтандырушының сақтандыру тәуекелін қабылдау немесе қабылдамау туралы шешіміне әсер етуі мүмкін және Сақтанушы ол туралы білген немесе білуге тиіс болған, бірақ Сақтандырушыны хабардар етпеген мән-жай күшіне енген жағдайда;
2) Сақтанушы Сақтандырушымен келісілген мерзім ішінде жалпы қабылданған нормаларға сәйкес Сақтандырушы жою қажеттігін көрсеткен, тәуекел дәрежесін елеулі түрде арттыратын мән-жайларды жоймаған болса. Мұндай жағдайларға кез келген жағдайда шығынның туындауына себеп болған оқиғалар жатады;
3) Сақтанушы немесе оның қол астында жұмыс істейтін адамдар қасақана қылмыстық жазаланатын (қылмыстық) әрекеттерді жасаса немесе оларға жол берсе.
4.3. Ешқандай жағдайда сақтандыру қорғанысы мынадай талаптарға қолданылмайды:
1) Сақтандыру шартында көзделген өтеу көлемі мен сомасынан асатын залалды өтеу туралы кез келген талаптар;
2) сақтандыру аумағынан тыс жерлерде келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар;
__________________________
қажеттілік жағдайында келтірілген зиян – бұл зиян келтірушінің немесе басқа да адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне қатер төндірген қауіпті жоюға арналған іс-әрекеттер, егер бұл қауіпті осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкін болмаса. Аса қажеттілік жағдайында келтірілген зиян аса қажеттілік шегінен асқан кезде өтеледі. Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және жол берілмеген зиянмен тең немесе одан неғұрлым елеулі болған құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян қаупі жойылған жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады.
3) спорттық жарыстарға қатысу кезінде немесе оларға дайындық процесінде келтірілген зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;
4) ластаушы заттардың нормативтен тыс тұрақты шығарындылары мен төгінділері;
5) газдардың, булардың, сәулелердің, сұйықтықтардың, ылғалдылықтың, жауын-шашынның, соның ішінде найзағайдың, түтіннің, шаңның және басқа да мосфералық емес шөгінділер мен шөгінділердің тұрақты және ұзақ әсерінің салдары болып табылатын зиянды өтеу туралы (егер шығын кенеттен болса, бұл ұзақ әсер деп есептелмейді);
6) Сақтанушының онымен бірге тұратын туыстарына келтірген зиянын өтеу туралы. Оларға мыналар жатады: жұбайы/зайыбы, ата-аналары және балалары (оның ішінде асырап алған балалары), өгей әкесі/өгей шешесі, өгей әкесі/өгей әкесі, әжесі/атасы, немересі/немересі, аға-інілері/апа-сіңлілері, әйелінің/күйеуінің ата-аналары және отбасылық немесе заңдық туыстық бойынша жақын қарым-қатынаста тұратын өзге де адамдар (тәрбиеленушілер, қамқоршылар және т. б.);
7) тербелістер (діріл), қада жұмыстары, топырақты шөгу, сондай-ақ құлату немесе жарылыс нәтижесінде жерге, ғимараттарға немесе өзге де құрылыстарға келтірілген залалды өтеу туралы;
8) ар-намысты және қадір-қасиетін қорғау туралы, сол сияқты шындыққа сәйкес келмейтін және тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы дұрыс емес ақпаратты қоса алғанда, заңды немесе жеке тұлғалардың беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратумен келтірілген зиянды өтеу туралы өзге де осындай талаптар;
9) өндіру немесе жеткізу процесіне байланысты туындайтын себептер бойынша Сақтанушы (немесе оның тапсырысы бойынша не оның есебінен үшінші тұлғалар) өндіретін немесе жеткізетін мүлікке (өнімге) немесе жұмыстарға тікелей келтірілген зиянды өтеу туралы; кепілдік және осыған ұқсас міндеттемелерге немесе кепілдік шарттарына байланысты талаптар;
10) зардап шеккен үшінші тұлғалардың моральдық шығыны мен жіберіп алған пайдасы;
11) айыппұлдар және (немесе) кез келген басқа әкімшілік жазалар мен санкциялар.
4.4. Сақтанушының Сақтандырылушыға, Сақтандырылушының Сақтанушыға және Сақтандырылушылардың бір-біріне қоятын талаптары осы Ережеге сәйкес жасалған Шарттың мәні болып табылмайды.
4.5. Сақтандыру шартында сақтандыру жағдайларынан алып тастау тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
5. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ, ФРАНШИЗА
5.1. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және Шарттта көрсетіледі.
5.2. Сақтандыру шарты бойынша айқындалуы мүмкін:
1) жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі (жалпы сақтандыру сомасы) – бұл жағдайда Шарттың барлық қолданылу кезеңіндегі барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы осы көлемнен аспайды;
2) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
3) сақтандыру қорғанысының қолданылуы кезеңінде жиынтығында бір және/немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша бір немесе бірнеше адамға қатысты өмірге, денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауаптылықтың шекті көлемі;
4) сақтандыру қорғанысының қолданылуы кезеңінде жиынтығында бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша әрбір бір немесе бірнеше тұлғаның мүлкіне залал келтіргені үшін жауапкершіліктің шекті көлемі;
5) бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
6) сақтандырумен жабылатын бір немесе бірнеше сақтандыру тәуекелі бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;
7) тараптардың келісімі бойынша жауапкершіліктің шекті көлемінің өзге де түрлері.
5.3. Келісім-шартта франшиза көзделуі мүмкін.
5.4. Франшиза түрі мен мөлшері Сақтанушы мен Сақтандырушы арасындағы келісім бойынша белгіленеді және шартта көрсетіледі.
5.5. Шарт шартсыз немесе шартты франшизамен жасалады (Франшиза-Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын шығындарды өтеуден босатуды көздейтін Шарттың жағдайы және сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолюттік мөлшерде белгіленеді), түрі мен мөлшері тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
5.6. Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген сомасынан аспайтын залал үшін жауапкершіліктен босатылады және егер оның сомасы франшизадан артық болса, залалды толық өтеуге тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген франшиза шегеріле отырып өтеледі.
5.7. Франшиза бір сақтандыру жағдайы үшін, жауапкершіліктің әрбір шекті көлемі бойынша немесе әрбір сақтандырылған тәуекел үшін белгіленуі мүмкін. Егер бірнеше сақтандыру жағдайлары немесе тәуекелдері орын алса, франшиза сомасы олардың әрқайсысы бойынша залал сомасын есептеу кезінде ескеріледі.
5.8. Сақтандырушының Сақтанушы алдындағы жауапкершілігінің көлемі кез келген жағдайда сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауы тиіс. Сақтандыру сомасының мөлшерінен тыс залалды өтеуді Сақтанушы өз есебінен жүзеге асырады.
6. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ОНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
6.1. Сақтандыру сыйлықақысы-Сақтанушы Сақтандырушыға шартта айқындалған мөлшерде Сақтандырушының Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы және Сақтандырушының тарифтері бойынша (сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипаты ескеріле отырып, сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын сақтандыру сыйлықақысының ставкасы) айқындалады, оны сақтандырушы әрбір жағдайда ұсынылған ақпаратты ескере отырып, жеке есептейді және Сақтанушымен келісіледі.
6.2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Сақтандырушыдан сақтандыруға қабылданғаны туралы жазбаша растауды және сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеуге тиісті шотты алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеуге міндетті. Сақтанушы қосымша сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының тиісті шотында көрсетілген мерзімде, бірақ Сақтанушы осы шотты алғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей төлейді.
6.3. Егер сақтандыру сыйлықақысы немесе бірінші сақтандыру жарнасы шартта белгіленген мерзімде төленбесе, онда Сақтандырушы Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Егер сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сыйлықақысы немесе бірінші сақтандыру жарнасы әлі төленбеген болса, сақтандырушы осындай шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатылады.
6.4. Егер келесі (кезекті) сақтандыру жарнасы уақтылы төленбесе, онда Сақтандырушы Сақтанушыға белгілі бір сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін осы мерзім өткеннен кейін басталатын құқықтық салдарларды көрсете отырып, кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайтын белгілі бір сақтандыру жарнасыын төлеу мерзімін тағайындайды.
6.5. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі өткен кезде Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес залалдарды өтеуді, сондай-ақ мерзімі өткені үшін өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. Өсімпұл мөлшері шартта белгіленеді.
6.6. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын 6.4-тармақта көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда, Сақтандырушы осы мерзім өткеннен кейін Шартты бұзуға құқылы.
6.7. Белгіленген мерзімде төленбеген сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарналары осы Ереженің 6.4-тармағына сәйкес кейінге қалдырылған болып есептеледі. Егер Сақтанушы кезекті жарнаны төлеуді өткізіп алса және сақтандыру жағдайы орын алса, сақтандыру сыйлықақысының төленбеген бөлігі дереу енгізілуі тиіс немесе тиісті сақтандыру төлемінің мөлшері мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысының сомасына есептеледі.
6.8. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлемеуіне байланысты Сақтандырушының Шартты бұзуы Сақтанушыны сақтандыру қорғанысы әрекет және Сақтандырушы Сақтанушының алдында өз міндеттемелері бойынша жауап беру тиіс болған еткен кезең үшін сақтандыру сыйлықақысын төлеу міндетінен босатпайды.
6.9. Бір жылдан астам мерзімге сақтандыру кезінде, Шарт бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақысы әрбір жыл үшін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы ретінде белгіленеді.
6.10. Шарт бір жылдан астам мерзімге жасалған кезде сақтанушының жыл сайын сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге құқығы бар. Бұл ретте бірінші сақтандыру жарнасы Шарт жасалған кезде төленеді, ал одан кейінгілері – осы Ереженің 6-бөліміне сәйкес төленеді, бұл ретте шарттың қолданылуы тоқтатылмайды.
6.11. Шартта жалпы сақтандыру сыйлықақысы белгіленуі мүмкін. Сондай-ақ Шартта сақтандыру сомасы мен сақтандыру тарифіне қарай әрбір объект бойынша және/немесе әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру сыйлықақысы белгіленуі мүмкін.
6.12. Сақтандырушы төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін анықтау кезінде тәуекел факторларына байланысты айқындалатын базалық сақтандыру тарифтеріне: жарақтандырылу, өрт сөндіру құралдарының болуы, жақын орналасқан объектілерден, сондай-ақ өрт қызметі постынан, авариялық және жөндеу қызметтерінен және т.б. қашықтықтағы жоғарылататын және төмендету коэффициенттерін пайдалануға құқылы.
6.13. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеде жүзеге асырылады.
7. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ
7.1. Шарт Сақтандырушы белгілеген форма бойынша толтырылған Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады. Сақтанушы өтініште сақтандырылатын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қатысты тәуекел деңгейін анықтау мақсатымен қойылған барлық сұрақтарға жауап беруі тиіс.Сақтанушы өтініште жалған мәліметтерді көрсеткен жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы сақтандыру төлемінен жүргізуден бас тартуға құқылы.Аталған өтінішті толтыру кезінде Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалауда елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайларды хабарлауға тиісті.
7.2. Өтініш бланкісінде көзделген мәліметтерден басқа, Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) ықтимал шығындардың мөлшерін анықтау үшін маңызы бар мән-жайлар туралы Сақтандырушы сұратқан барлық басқа ақпаратты хабарлауға міндетті.
7.3. Сақтанушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сақтандырушының өтінішінде және жазбаша сұрақтарына жауаптарда ұсынылған деректердің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапты болады.
7.4. Шарт жасасу кезінде Сақтандырушы сақтандыру тәуекелін бағалауды жүргізуге, атап айтқанда, Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру үшін негіз болып табылатын қызметінің ерекшеліктерімен танысуға құқылы.
7.5. Шарттың мазмұнына осы Ережедегі талаптардан өзгеше талаптар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, бұл шартта немесе оған қосымшаларда көрсетіледі.
7.6. Шарт бойынша Сақтанушының өзінің ғана емес, сондай-ақ өзге тұлғаның (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілік тәуекелі сақтандырылуы мүмкін. Шартта көрсетілген Сақтандырылушы Сақтанушының жазбаша келісімімен ғана басқа адаммен ауыстырылуы мүмкін.
7.7. Сақтандырушы Сақтандырылушыдан Шарт бойынша міндеттерді орындауды, Сақтанушыға жататын міндеттерді қоса алғанда, талап етуге құқылы.
7.8. Шарт жасау үшін Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген талаптардың/құжаттардың тізбесін қысқартуы не сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.
7.9. Сақтандырушы Сақтанушымен шарт жасасудан себептерін түсіндірмей бас тартуға құқылы.
7.10. Сақтандыру шарты зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың (Пайда алушылардың) пайдасына жасалған болып есептеледі.
7.11. Шарт тараптардың Шарт жасауы арқылы жазбаша нысанда жасалады.
7.12. Шартта болуы керек:
1) Сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері;
2) Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тұрғылықты жері (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері (егер ол заңды тұлға болса);
3) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), байланыс нөмірі және жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса) немесе сақтандыру агентінің атауы, орналасқан жері, байланыс нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса);
4) сақтандыру объектісін көрсету;
5) сақтандыру жағдайын көрсету;
6) сақтандыру сомасының мөлшері және сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;
7) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері;
8) сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы туралы нұсқау;
9) Шарттың жасалған күні және қолданылу мерзімі;
10) егер Сақтандырылушыжәне Пайда алушы сақтандыру қатынасына қатысушылар болып табылса, ол туралы нұсқау;
11) шарттың қолданылу аумағы;
12) шарттың нөмірі, сериясы;
13) шарт талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;
14) сақтанушының шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы сақтандырушыға дереу хабарлау міндеті, егер бұл өзгерістер шарттың қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса;
15) сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар ету мерзімдері;
16) Сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;
17) сақтандырылған адамның (пайда алушының) сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын, егер ол шарт бойынша сақтанушы болып табылмаса, Шартта Сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетілген жағдайда көрсету;
18) сақтандыру сомасы, сақтандыру төлемі және сақтандыру сыйлықақысы валютасының түрі;
19) Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мәліметтер.
7.13. Шарт жоғалған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде оған Шарттың телнұсқасын беруге міндетті, содан кейін жоғалған шарт жарамсыз деп саналады және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді.
7.14. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.
8. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ
8.1. Егер Шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Шарт 12 ай мерзімге жасалады.
8.2. Егер Шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Шарт сақтандыру сыйлықақысы төленген сәттен бастап күшіне енеді. Шартта белгіленген мерзімде Сақтандыру сыйлықақысы немесе кезекті сақтандыру жарнасы төленбеген жағдайда, Сақтандырушы мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысы немесе кезекті сақтандыру жарнасы төленген күннен кейінгі күнге дейінгі кезеңде туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.
8.3. Сақтандыру қорғанышының қолданылу кезеңі, егер шартта өзгеше көзделмесе, Шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді.
8.4. Егер шартта өзгеше айтылмаса, Шартта Шарттың аяқталу күні ретінде көрсетілген күннің 24 сағатында не сақтандырушы шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған кезде Шарт өзінің қолданылуын тоқтатады.
8.5. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы сақтандыру аумағы болып табылады.
8.6. Егер шартта өзгеше айтылмаса, онда тараптардың келісімі бойынша шарт тоқтатылған және қосымша сақтандыру сыйлықақысы төленген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың бірі бұл туралы хабардар еткен жағдайда шарт келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
8.7. Егер шартта өзгеше айтылмаса, Шартты бір жылдан кем мерзімге жасаған кезде сақтандыру сыйлықақысы жылдық сыйақының (бұл ретте толық емес ай толық болып есептеледі) мынадай мөлшерінде белгіленеді:
Сақтандыру қорғанышының әрекет ету мерзімі |
Жылдық сақтандыру сыйлықақысының белгілі бір % - мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері |
1 ай және одан аз |
20 |
2 ай |
30 |
3 ай |
40 |
4 ай |
50 |
5 ай |
60 |
6 ай |
70 |
7 ай |
75 |
8 ай |
80 |
9 ай |
85 |
10 ай |
90 |
11 ай |
95 |
9. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
9.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;
2) сақтандыру тәуекелін бағалауға;
3) сақтандыру сыйлықақысын уақтылы алуға;
4) сақтандыру жағдайының басталуын құжаттамалық растауға;
5) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;
6) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсы болса;
7) кез келген орынды уақытта тәуекелдің туындауына ықпал ететін жағдайлардың болуын тексеру;
8) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
9) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;
10) Сақтанушының келісімімен Сақтанушының атынан және тапсырмасы бойынша сотта іс жүргізуді өзіне алуға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтанушыға қойылатын талаптардың мөлшеріне дау айтуға;
12) Шарт жасасқан кезде де, оның қолданылу мерзімі ішінде де Сақтанушы қызметінің жай-күйін бақылауға;
13) Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;
14) Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және сақтанушының өз міндеттерін орындамауы нәтижесінде келтірілген залалдарды өтеуге;
15) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
9.2. Сақтандырушының міндеттері:
1) Сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыруға және оның талабы бойынша оған осы Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);
2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;
3) Пайда алушыға Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;
4) Сақтанушыға/сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығыстарды өтеуге;
5) Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші (пайда алушы) не олардың өкілі осы Ережелердің 11-бөлімінде көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар етуге;
6) Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген қисынды және орынды шығыстарды өтеуге;
7) Сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтініш алған кезде оның талаптарын қарауға және дауды реттеудің одан әрі тәртібін көрсете отырып, 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге;
8) Сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті.
9) Шартта немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
9.3. Сақтанушы құқығылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) уақтылы сақтандыру төлеміне;
3) түпнұсқасы жоғалған жағдайда Шарттың телнұсқасын алуға;
4) сақтандыру құпиясына;
5) Сақтандырылушыны ауыстыруға;
6) Шартты мерзімінен бұрын бұзуға;
7) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
8) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
9.4. Сақтанушының Міндеттері:
1) шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
2) Сақтандырылғандарды сақтандыру шарттарымен таныстыруға;
3) шарт жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;
4) сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;
5) шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандырушыға хабарлауға;
6) шарт жасасумен және оны сүйемелдеумен байланысты іс-шараларды жүргізу үшін шарт қолданылуының барлық кезеңінде сақтандырушыға қажетті жағдайлар жасауға;
7) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе сақтанушы сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
8) мүлікті (ғимараттарды, үй-жайларды, кез келген жабдықтарды) күтіп-ұстау мен пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген және жалпы қабылданған Ережелері мен нормаларын сақтауға;
9) кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде ҚР-ның жарғылық заңнамасымен белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға;
10) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
9.5. Пайда алушы құқығылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;
3) сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;
4) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
5) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
9.6. Осы бөлімде көзделген Тараптардың құқықтары мен міндеттері түпкілікті болып табылмайды. Тараптардың шарттың өзге тармақтарында немесе талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары және атқаратын міндеттері бар.
9.7. Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Шартпен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.
10. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
10.1. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болуы тиіс/ болғаннан кейін (сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалар), Сақтанушы міндетті:
1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдау;
2) демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;
3) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге; Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының нәтижесінде үшінші тұлғалардан келтірілген залалдардың қандай да бір өтемін (өтемақысын) алғаны туралы жазбаша хабардар етуге;
4) сақтандыру жағдайы жөніндегі одан әрі барлық ақпаратты хабарлауға және Сақтандырушыға оның пайда болуы жөніндегі себептерді анықтауда қажетті көмек көрсетуге;
5) Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттемелер қабылдамауға: Сақтандырушының келісімінсіз қандай да бір ұсыныстар қабылдамауға, Пайда алушыға келтірілген зиянды өтеу есебіне төлемдер жасамауға, сондай-ақ Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз сақтандыру жағдайына қатысы бар төлемдер сомалары мен мерзімдері бойынша, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдарды, сондай-ақ келтірілген залалды азайту мақсатында іс-әрекеттерді қоспағанда, міндеттемелер бермеуге;
6) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға Сақтанушының мүдделерін білдіруге сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттарды беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес.
7) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау.
8) Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беру және Сақтандырушының өзіне ауысқан келтірілген залалға жауапты тұлғадан кері талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін Сақтандырушыға қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға;
9) сақтандырушыға сақтандыру жағдайлары бойынша сот және соттан тыс қорғауда жәрдем көрсетуге;
10) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
10.2. Сақтанушы сақтандырушыға дереу хабарлауға тиіс:
1) сақтандыру жағдайына байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау, құзыретті органдардың алдын ала тергеу жүргізуі, мүлікке тыйым салу, сақтандыру жағдайына байланысты өзге де қылмыстық іс жүргізу әрекеттерінің өткізілуі туралы;
2) сақтандыру жағдайына байланысты Сақтанушыға қойылған мүліктік сипаттағы барлық талаптар туралы. Жәбірленушіден мұндай талаптарды алған кезде ол Сақтандырушының бүлінген мүлікті қарауға және келтірілген зиянды бағалауға қатысуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға міндетті;
3) Сақтандырушы материалдарды қарағанға және ол өз шешімін шығарғанға дейін жәбірленуші адамның сотқа талап арыз беруі туралы. Бұл жағдайда Сақтанушы Сақтандырушының өтініші бойынша ол көрсеткен адамға барлық қажетті іс жүргізу өкілеттіктерімен бірге сот процесінде Сақтанушыны (жауапкерді) ұсыну құқығына сенімхат беруге міндетті.
10.3. 10.2 – тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттер шарт жасау туралы белгілі болған Сақтандырылушыға да жүктеледі.
10.4. Егер Сақтанушы / Сақтандырылушыосы Ережеде және шартта көзделген міндеттемелерді орындамаса не сақтандырушыға мәлімделген талаптарды реттеуге немесе сот талқылауына кедергі келтірсе, сақтандырушы Сақтандырушының пікірі бойынша сақтанушының осындай іс-әрекеттері үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеуге байланысты шығыстар сомасының ұлғаюына әкеп соққан шамада сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесінен босатылады.
10.5. Сақтанушының 10.1-тармақтың 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы, егер Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы білгені дәлелденбесе, не Сақтандырушыда бұл туралы мәліметтердің болмауы оның сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетіне әсер етпесе, Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту құқығын береді.
10.6. Сақтандырушы Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған ықтимал шығындарды азайту үшін қисынды және қолжетімді шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан туындаған шығындарды өтеуден босатылады.
11. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
11.1. Сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиға басталған кезде сақтандыру жағдайы туралы өтінішке Сақтанушы Сақтандырушыға мынадай құжаттарды беруге міндетті:
1) шарттың түпнұсқасы;
2) құзыретті органдардың сақтандыру жағдайының басталу фактісін, оның басталу себептерін және ол келтірген шығындардың мөлшерін растайтын құжаттары, оның ішінде:
- прокуратура, тергеу, анықтау, сот органдарының, өрт қадағалау органдарының, гидрометеоқызметтердің, авариялық қызметтердің, төтенше жағдайлар агенттігі бөлімшелерінің, ПИК және т. б. органдарының актілері, қорытындылары, өзге де құжаттары;
- сақтандыру жағдайлары ретінде осы Шартта қаралатын оқиғаларды тергеп-тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүзеге асыратын не сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын өзге де құзыретті органдардың құжаттары;
2) жәбірленушінің зиянды өтеу туралы өтініші;
3) жәбірленушінің келтірген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісін тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі және/немесе талап-арыз құжаттарының көшірмелері - егер дау сот тәртібімен шешілсе;
4) Пайда алушының сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын құжаттар, оның ішінде мұраға құқық туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; асырауында болу фактісін растайтын құжаттар және т. б.;
5) сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттар: Пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, Пайда алушы шотының банктік деректемелері, сақтандыру төлемін алуға жәбірленуші өкілінің сенімхатының түпнұсқасы;
11.2. Мүлікке залал келтірілген кезде қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
1) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) бүлінген немесе жойылған мүлікті иелену құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;
3) тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы жүргізген, уәкілетті орган аккредиттеген мүлікке келтірілген залалдың сомасын айқындау жөніндегі сараптамалық бағалау актісі;
11.3. Өміріне/денсаулығына зиян келтірілген жағдайда қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
1) сақтандыру жағдайы туралы өтініш;
2) Осы шарттың көшірмесі;
3) зардап шегушінің зиянды өтеу туралы өтініштерінің көшірмелері;
4) сақтандыру жағдайының мән-жайына, оның себептеріне, залал мөлшеріне қатысты құжаттар (мемлекеттік және ведомстволық комиссиялардың қорытындылары, залал сомасының негіздемесі, анықтамалар, шоттар және т. б. болуы мүмкін);
5) Пайда алушының сақтандыру төлемін алуға құқығын растайтын құжаттар;
6) Сақтанушының зиянды өтеу және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін белгілеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісін тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі және талап-арыз құжаттарының көшірмелері (егер дау сот тәртібімен шешілген жағдайда)
7) уәкілетті тұлға растаған және тиісті медициналық мекеменің мөрімен бекітілген амбулаториялық картаның, көрсетілген құжаттардан үзінді көшірмелердің немесе ауру тарихының көшірмелері; рентген суреттерінің түпнұсқалары;
8) әрбір препараттың, процедураның, қабылдаудың атауын, олардың санын, құнын, сатып алынған күнін және дәрігердің тағайындалуын көрсете отырып, емшарадан өткендігін растайтын шоттардың, фискалдық, тауар чектерінің түпнұсқалары.
9) қайтыс болуы туралы медициналық қорытындының нотариалды куәландырылған көшірмелері, қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
10) уәкілетті адамдар куәландырған, сақтандыру жағдайының басталғанын, келтірілген зиянды растайтын және оған кінәлі адамдарды белгілейтін құзыретті органдардың тиісті құжаттарының (ішкі істер, прокуратура, тергеу, анықтау, сот органдарының және т. б. құжаттары) көшірмелері немесе түпнұсқалары.
11.4. Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.
11.5. Сақтандырушы құжаттар тізбесін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, егер нақты жағдайларды ескере отырып, олардың болмауы сақтандыру жағдайының фактісін анықтау және басталу себептері мен шығын өлшемін анықтауды мүмкін емес (немесе өте қиын) етсе.
12.САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ
12.1. Мүлікке залал келтірген кезде:
12.1.1. Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянға арналған сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.
12.1.2. Мүліктің зақымдануы кезінде келтірілген зиянның мөлшері бүлінген мүлікті қалпына келтіру құнына сүйене отырып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған мүліктің есептелген амортизациясын (тозуын) алып тастау арқылы анықталады. Бүлінген мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы басталған күні әрекеттегі нарықтық бағалар негізге алына отырып есептеледі.
12.1.3. Мүлікті бүлдірген кезде келтірілген зиянның мөлшерін Сақтанушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша Сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы бағалайды. Бағалау нәтижелері өзгеше дәлелдеуге құқылы Сақтанушы немесе жәбірленуші үшін міндетті емес болып табылады.
12.1.4. Сақтандырушы немесе оның өтініші бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сақтанушы немесе жәбірленуші зиян мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл ретте Сақтанушы немесе жәбірленуші шеккен шығындарды сақтандырушы өтеуге тиіс емес.
12.1.5. Мүлікті жою кезінде келтірілген зиянның мөлшері оның сақтандыру жағдайы басталған күнгі нарықтық құны негізге алына отырып айқындалады. Мүлік, егер оны қалпына келтіру техникалық мүмкін болмаса немесе экономикалық негізделмесе, жойылды деп есептеледі. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте мүлікті қалпына келтіруге күтілетін шығындар сақтандыру жағдайы басталған күнгі оның нарықтық құнының 80% - ынан асатын болса, экономикалық негізделмеген болып есептеледі.
12.1.6. Мүлік толық жойылған/апат болған кезде (тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы қалпына келтіру жөндеуінің орынсыздығы белгіленетін; сондай-ақ қалпына келтіру жөндеуінің құны сақтандыру жағдайы басталған күнгі мүліктің нақты құнының 80% - нан астамын құрайтын мүліктің жойылуы) Сақтандырушының Сақтанушыға төмендегілерді төлеуге құқығы бар:
1) одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтардың құнын шегергендегі сақтандыру жағдайы сәтіндегі бүлінген мүліктің нақты құны;
2) Сақтанушы Сақтандырушыға одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтарды тапсыруы жағдайында сақтандыру жағдайы сәтіндегі бүлінген мүліктің нақты құны. Мұндай жағдайда сақтандыру төлемі Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында мүлікті қабылдау-тапсыру актісі жасалғаннан кейін, болмауы және/немесе зақымдануы сақтандыру жағдайына еш қатыссыз қолданыста жоқ (ауыстырылған) бөлшектер мен агрегаттардың құнын шегере отырып жүргізіледі
12.2. Өмірге/денсаулыққа зиян келтірген кезде:
12.2.1. Жәбірленушілердің өміріне/денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.
12.2.2. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы нашарласа (мүгедектік не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) не қайтыс болса, онда Сақтандырушы жәбірленушіден (Пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттар негізінде Шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.
Жалпы шарттары:
12.3. Шарт бойынша жәбірленуші Пайда алушы болып табылады. Жәбірленуші - заңды тұлға үшін қарапайым жазбаша нысанда рәсімделген және жәбірленуші – жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат түрінде ресімделген жәбірленушінің өтініші бойынша сақтандыру төлемі жәбірленушіге денсаулықты және (немесе) мүлікті қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.
12.4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адам Пайда алушы болып табылады.
12.5. Сақтандыру төлемі Сақтанушыға Пайда алушы сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тартқаннан және Сақтанушының өзінің жәбірленушіге келтірілген залалды өтеуін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.
12.6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
12.7. Қосарланған мүліктік сақтандыру кезінде (бір сақтандыру объектісін әрқайсысымен дербес шарттар жасай отырып, бірнеше сақтандырушыда сақтандырғанда) әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған Шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.
12.8. Сақтандыру төлемі Сақтанушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтініші және Сақтандырушы толтырған сақтандыру жағдайы туралы акті негізінде жүзеге асырылады. Пайда алушы келтірген залалды өтеу үшін Сақтандырушының келісімінсіз болашақ сақтандыру төлемдерінің есебіне Сақтанушы жүргізген төлемдерді Сақтандырушы мақұлдамайды.
12.9. Сақтандырушы Сақтанушының залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болса немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, өтеуге тиіс.
12.10. Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығындар өтемақысының жалпы сомасы Шартта көзделген сақтандыру сомасынан аспауы керек, егер шығындар Сақтанушының Сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.
12.11. Шартта франшиза белгіленген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру оны ескере отырып жүргізіледі.
12.12. Егер сақтандыру аумағында қолданылып жүрген заңдарда көзделген талап қою мерзімі ішінде заң бойынша немесе осы Ереже бойынша оларды сақтандыру төлеміне құқығынан толық немесе ішінара айыратын мән-жай табылса, төлем алған тұлғалар Сақтандырушыға алынған төлем сомасын (немесе олардың тиісті бөлігін) қайтаруға міндетті.
13.ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ КЕЗЕҢІНДЕ САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛІН ҰЛҒАЙТУДЫҢ САЛДАРЫ
13.1. Шарттың қолданылуы кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) Шарт жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу хабарлауға міндетті.
13.2. Тәуекелдің артуы болғанына немесе болмағанына қарамастан, сақтандырушы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сақтанушы хабарлаған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы.
Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы ақпарат негізінде және Сақтанушы ұсынатын белгілі бір көрсеткіштерді (персоналдың саны, жалақы қоры, тауар айналымы, өндіріс технологиясы, қызмет аумағы және т.б.) ескере отырып айқындалса, Сақтанушы осы көрсеткіштер елеулі өзгерген кезде 1 (бір) ай ішінде бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Сақтандырушының талап етуі бойынша ұсынылатын деректер бухгалтерлік немесе өзге құжаттармен расталуға тиіс. Егер Сақтанушы көрсетілген мерзімде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді бермеген немесе дұрыс емес ақпарат хабарланған жағдайда, Сақтанушы дұрыс емес мәліметтерді ұсынуда оның кінәсі болмағанын дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, Сақтанушының кінәсінен сыйлықақы дұрыс есептелмегені нәтижесінде пайда болған сыйлықақыдағы айырманың 3 еселенген сомасы мөлшерінде Сақтандырушы Сақтанушыдан айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.
13.3. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген Сақтандырушы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы. Егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы Шарттың талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген нормаларға сәйкес Шартты бұзудан келтірілген залалдарды өтеуді және Шартты бұзуды талап етуге құқылы.
13.4. Сақтандырушы Сақтанушы хабарлаған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы. Сақтандырушының талабы бойынша Сақтанушы беретін ақпарат бухгалтерлік және өзге де құжаттармен расталуға тиіс.
13.5. Сақтандырушы оған ұсынылатын құжаттардың сақталуына және алынған ақпаратты жария етпеуге жауапты.
13.6. Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар жойылса, Сақтандырушы шартты бұзуды талап етуге құқылы емес.
Қос сақтандыру
13.7. Қос сақтандыру-бір объектіні әрқайсысымен дербес шарттар бойынша бірнеше Сақтандырушыда сақтандыру.
13.8. Мүлікті қосарланған сақтандыру кезінде әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс. Бұл ретте Сақтанушы кез келген Сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты залалды толық өтемеген жағдайда, Сақтанушы жетіспейтін соманы басқа Сақтандырушыдан алуға құқылы. Келтірілген залалды басқа Сақтандырушылар өтеуіне байланысты сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара босатылған Сақтандырушы келтірілген шығындарды шегере отырып, Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.
14.СУБРОГАЦИЯ
14.1. Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға Сақтанушының келтірілген залал үшін жауапты адамнан талап ету құқығы осы сома шегінде ауысады. Сақтанушы сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға суброгация тәртібімен осы талап ету құқығын іске асыру үшін қажетті өзінде бар барлық құжаттарды беруге міндетті.
14.2. Сақтанушы аталған тұлғаға талап қоюдан немесе оған қойылатын талаптарды іске асыруды қамтамасыз ететін құқықтардан бас тартқан кезде, сондай-ақ талап қою үшін қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартқан кезде, Сақтандырушы суброгация тәртібімен сақтандыру сомасының залал келтіруге кінәлі тұлғадан өндіріп алуы мүмкін бөлігін төлеуден босатылады.
14.3. Сақтандырушыға ауысқан залал үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы Сақтандырушыны қалауы бойынша, тіпті егер бұл тікелей Шартта өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырылады.
15.ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ
15.1. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша, тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды екі Тараптың уәкілетті өкілдері жазбаша ресімдеген және қол қойған жағдайда заңды күшіне ие болады.
16.ШАРТТЫ ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ
16.1. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату
16.1.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шарт келесілерге байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) сақтандыру объектісі өз қызметін тоқтатқан кезде;
2) Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушы қайтыс болған және ол ауыстырылмаған жағдайда (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 815-бабының 8-тармағы);
3) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал Шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, Сақтанушы мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен айырған кезде (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 836-бабының 1-тармағы);
4) өзінің кәсіпкерлік тәуекелін немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған Сақтанушының кәсіпкерлік қызметті белгіленген тәртіппен тоқтатуы;
4) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;
5) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енсе;
6) "сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
16.1.2. Көрсетілген жағдайларда шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс. Сақтанушы осы тармақта көзделген бұзу негіздері бойынша растайтын құжаттарды беруге міндетті.
16.1.3. Сақтанушы шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.
16.2. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары
16.2.1. Шарт 16.1.1-тармақта көзделген жағдайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бір бөлігіне құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
16.2.2. Сақтанушы Шарттан бас тартқан кезде (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Ережелердің 16.1-тармағында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары, егер шартта өзгеше көзделмесе, қайтаруға жатпайды.
16.2.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, соңғысы сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті.
16.2.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен Шарттың талаптарының орындалмауынан/тиісінше орындалмауынан туындаған жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.
16.3. 16.1.1.тармақтарында көзделген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа, осы Ереженің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шартты мерзімінен бұрын тоқтату негіздері бойынша Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Сақтандырушы Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған не мүліктің толық жойылу немесе барлық жылжымалы мүлікті ұрлау тәуекелі бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған;
2) Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеген;
3) Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысының тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе;
4) Сақтанушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша шарт бұзылған жағдайларда Шарт тоқтатылады.
16.4. Тараптар Шартты тоқтату туралы келісімге қол қойған күннен бастап немесе соттың тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап (егер дау сот тәртібімен шешілсе) Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл ретте, бастамашы тарап Шартты бұзу ниеті туралы екінші Тарапты Шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге міндетті.
16.5. Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35% - ын құрайтын, сондай-ақ Шарт бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерін шегере отырып, істі жүргізуге жұмсалған шығындарды шегере отырып, Шарттың қолданылу мерзімі өтпеген сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушыға қайтарады.
16.6. Сақтандыру шартында Шартты тоқтатудың өзге тәртібі мен талаптары белгіленуі мүмкін.
17. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
17.1. Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап, егер тиісінше орындау еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және шарасыз мән-жайлардың салдарынан мүмкін емес болғанын дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды.
17.2. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.
17.3. Форс-мажорлық мән-жайлардың әрекетін бастан кешірген Тарап осындай мән-жайлардың басталғаны туралы екінші Тарапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
17.4. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзыретті органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.
17.5. Тараптардың осы бөлімде көзделген жауапкершілігі Шарттың талаптарымен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.
18. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
18.1. Шарттан немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.
18.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда даулар және / немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттеуге жатады.
18.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәртібі көзделуі мүмкін.
19. ҚОСЫМША ШАРТТАР
19.1. Осы Ережеде айтылмаған барлық жайттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
19.2. Тараптардың келісімі бойынша осы Ережеге сәйкес жасалатын Шартқа, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, ерекше талаптар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) енгізілуі мүмкін.
19.3. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
19.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
19.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 19.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
19.6. Сақтанушы 1)-5) 19.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.