АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1.Осы автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Ережесі (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

1.2. Осы Ережелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» СК АҚ (бұдан әрі - «Сақтандырушы») заңды немесе әрекетке қабілетті жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) (бұдан әрі – «Сақтанушы») автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі - «Шарт») жасау жолымен көлік құралын қолдану нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру жағдайына автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруды жүзеге асырады.

1.3. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1)      Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асырушы, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына Шарт жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Тек сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына ие заңды тұлға ғана Сақтандырушы бола алады;

2)      Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы да болып табылады;

3)      Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

4)      Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын жағдай оның басталуының ықтималдылық және кездейсоқтық белгілеріне ие болуы тиіс;

5)      Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

6)      Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге тиісті ақша сомасы;

7)      Сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төленетін ақша сомасы;

8)      Франшиза – сақтандыру талаптарымен көзделген Сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату, бұл ретте барлық жағдайларда залал белгіленген соманы шегере отырып өтеледі;

9)      Үшінші тұлғалар (Жәбірленуші) – Шарт бойынша тарап болып табылмайтын, көлік құралын пайдалану нәтижесінде мүлкіне зиян келтірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны өтеу міндеттемесі көлік құралының иесі ретінде Сақтанушыға (Пайда алушыға) жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

10) Автомобиль көлігі – уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс, адамдарды және/немесе жүкті тасуға арналған көлік (мотоциклдер, мотороллерлер,жеңіл, жүк көліктер және, жүк-жолаушылар автомобильдері, тартқыштар, шағын автобустар, троллейбустар, трамвайлар, тракторлар, тіркемелер мен жартылай тіркемелер, автопоездар) арнайы/ құрылыс және өзге де техниканы қоса алғанда;

11) Жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – «ЖКО») - көлік құралының жол бойында қозғалуы процесінде және оның қатысуымен туындаған, денсаулыққа зиян келтіру, адам өлімі, көлік құралдарының, құрылыстардың, жүктің зақымдануы немесе өзге материалдық залалға алып келген оқиға;

1.4. Шарттар ары қарай Сақтанушы деп аталатын, автомобиль көлігін меншік құқығымен немесе өзге заңды негізде (шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару, жалға алу құқығы, автокөлік құралын жүргізу немесе иелік ету құқығына сенімхат, т.с.с.) пайдаланатын жеке (азаматтығына қарамастан) және заңды тұлғалармен (меншік түріне қарамастан) жасалады.

1.5. Егер Шарт заңды тұлғамен жасалса, сақтандыру қорғанысы Сақтанушыға, Сақтанушы Шартта көрсеткен автомобиль көлігін Сақтанушының өкімі бойынша пайдаланатын Сақтанушының жүргізушілеріне (жұмысшыларына) қолданылады.

1.6. Егер Шарт жеке тұлғамен жасалса, Сақтанушы Шартта Сақтандырылушы ретінде көрсеткен және автомобиль көлігін заңды негізде пайдаланатын тұдғалардың және сондай-ақ Сақтанушының өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған болып есептеледі.

1.7. Шартта көрсетілген тұлғалар ары қарай Сақтандырылушы деп аталады.

1.8. Сақтанушының Шартта өзге тұлғаларды да Сақтандырылушы ретінде белгілеу құқығы бар.

 

2. Сақтандыру объектісі

2.1. Сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген оның көлік құралын пайдалануына байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады

3. Сақтандыру жағдайы

3.1. Сақтандыру жағдайы деп Сақтанушының осы Шартта көрсетілген сақтандырылған абвтомобиль көлігін пайдалануы нәтижесінде жәбірленуші деп танылған тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі танылады.

3.2. Сақтандыру жағдайларына қозғалатын автомобиль көлігінен бөлінген элементтермен (автомобиль көлігінің бөліктері немесе тасымалданатын заттармен) залал келтірілу оқиғалары жатады.

3.3. Сақтандыру тәуекелдерінің нақты тізбесі тараптардың келісімімен анықталады және Шартта көрсетіледі.

      3.4. Залалдың пайда болу себептері қасақана сипатқа ие болмауы керек.

3.5. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ одан туындаған залалдардың мөлшерін дәлелдеу Сақтанушы мен Пайда алушыға жатады.

3.6. Пайда алушыға залал келтіру салдарынан туындаған міндеметтелер бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталуы фактісі мына талаптарда сақтандыру жағдайы болып танылады:

1) Пайда алушының мүліктік мүдделеріне зиян келтіру Сақтанушының өз қызметін жүзеге асыруымен тікелей себептік байланыста болса;

2) салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтірілген құқыққа қарсы іс-әрекет (әрекетсіздік) осы Шарттың қолданылу кезеңінде жасалса;

3) зиянды өтеу туралы талап Сақтанушыға Шарттың қолданылу кезеңінде немесе Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде (немесе жәбірленуші зиянды өтеу туралы талап қойылған арызды сотқа шарттың қолданылу кезеңінде немесе Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) ай ішінде берген болса – егер дау сот тәртібімен шешілсе);

4) Сақтанушының (оның қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінде жасырын ниет белгілері жоқ болса.

3.7. Жасырын ниет бұл адам саналы түрде білген және құқыққа қайшы салдары бар әрекект жасауға талпынуымен сипатталады.

3.8. Еңбек шартының (келісім-шарт) негізінде, сонымен қатар азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмысын атқаратын тұлғалар, бұл ретте егер олар Сақтанушының тасырмасы бойынша оның жұмыстың қауіпсіз түрде жүргізілуін бақылауы астында әрекет еткен немесе әрекет етуге міндетті болған тұлғалар жұмысшылар деп аталады.

 

4. Сақтандыру оқиғаларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу

4.1. Үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келесілердің салдарынан келтірілген зиян сақтандыру жағдайы болып табылмайды:

1) Әскерлік іс-әрекеттер немесе әскерлік операциялар/спецоперациялардың, соғыстардың, шапқыншылықтардың, өзге мемлекеттің дұшпандық іс-әрекеттерінің (соғыс жайлы хабарланғанына немесе хабарланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыстың кез келген түрлері;

2) көтеріліс; ереуілдер; локауттар; халық көтерілісіне дейін өсетін немесе кеңейетін азаматтық тәртіпсіздіктер; бүлік; азаматтық толқулар; әскери көтеріліс; революция; билікті әскери басып алу немесе басып алу; тәркілеу; мүлікті реквизициялау немесе мемлекет меншігіне алу; терроризм актілері[1];

3) радиоактивті сәулелену немесе атом отынын жағудан радиоактивті отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен ластану;

4) дүлей зілзалалар - жер сілкінісі, найзағай соққысы, су тасқыны, сел, дауыл, құйын, боран, опырылу, сырғыма, көшкіндер;

5) Сақтанушының немесе Сақтандырылушының автомобиль көлігін алкогольден, уытқұмарлықтан немесе есірткіден мас күйінде немесе автомобиль көлігін басқару кезінде қолданылуына қарсы көрсетілімі бар дәрі-дәрмектік препараттардың әсерімен басқаруы;

6) тиісті санаттағы автомобиль көлігін басқару құқығына жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаның автомобиль көлігін басқаруы немесе оған басқаруға беру;

7) Сақтанушының немесе Сақтандырылушының теріс пиғылды іс-әрекеттері, сондай-ақ Сақтанушының немесе Сақтандырылушының кінәсі болмаған кезде жәбірленушінің абайсыздығы салдарынан жәбірленушінің қасақана іс-әрекеті;

8) шартта көрсетілмеген тұлға автомобиль көлігін басқару кезінде;

9) автомобиль көлігін құқыққа қайшы иеленген адамның басқаруы;

10) қозғалыста болмаған автомобиль көлігінің, сондай-ақ автомобиль көлігін өртеу нәтижесінде оның жануы;

11) егер ЖКО сақтандыру қорғанысының әрекет ету кезеңінен немесе аумақтан тыс болса;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі иесінің келтірілген залал үшін жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар кезінде;

13) Автомобиль көлігін сынақтан, спорттық немесе оқу мақсаттарында Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз пайдалану;

14) автомобиль тасымалдаушысының (қызметкерінің) Сақтанушы-заңды тұлғаны қызметтік уақыттан тыс және тапсырмадан тыс және/немесе жол қағазынсыз пайдалануы;

15) Автомобиль көлігін Сақтандырушымен жазбаша келісімсіз жалға, лизинг немесе жалға беру;

16) егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы ЖКО орнынан автомобиль көлігінде не онсыз жасырынса;

17) Сақтанушының немесе Сақтандырылушының автомобиль көлігін пайдалану ережелерін бұзуы, оның ішінде белгіленген тәртіппен техникалық байқаудан өтпеген техникалық ақауы бар автомобиль көлігін пайдалануы, сондай-ақ ЖКО-ға себеп болған өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт қаупі және жарылыс қаупі бар заттар мен жүктерді тасымалдау және сақтау ережелерін, жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын (жол қозғалысы ережелеріне сәйкес) бұзуы;

18) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

19) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;

20) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі.

21) Асбест, асбест талшықтары  немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).

4.2. Сақтандыру жағдайларынан алып тастайтын жағдайлардың нақты тізбесі Шартта тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

4.3. Осы Ереже бойынша Сақтанушы немесе Сақтандырылушы үшінші тұлғаларға келтірген тікелей мүліктік және (немесе) физикалық зиян ғана өтелуге тиіс.

 

5. Шартты жасау тәртібі

5.1. Шарт Сақтанушының Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша толтырылған жазбаша өтініші, автомобиль көлігінің тіркеу құжаттары, автомобиль көлігін сақтандыруға қабылдау актісі (егер оны сақтандырушы/оның өкілі жасаса) және автомобиль көлігіне заттық құқықтарды және Сақтанушының автомобиль көлігін пайдалану заңдылығын растайтын құжаттар негізінде жасалады.

5.2. Сақтанушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сақтандырушының өтінішінде және жазбаша сұрақтарына жауаптарда ұсынылған деректердің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапты болады.

5.3.Шарттың мазмұнына осы Ережедегі талаптардан өзгеше талаптар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, осы Шартта немесе оған қосымшаларда көрсетіледі.

5.4. Сақтанушы сақтандырылатын автомобиль көлігіне қатысты тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында өтініште өзіне қойылған барлық сұрақтарға жауап беруге міндетті. Сақтанушының өтініші және автомобиль көлігін сақтандыруға қабылдау актісі (егер оны сақтандырушы/оның өкілі жасаса) Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Сақтанушы өтініште жалған мәліметтер көрсеткен кезде Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы. Аталған өтінішті толтыру кезінде Сақтанушы сақтандыру тәуекелін бағалау үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы Сақтандырушыға хабарлауға міндетті.

5.5.      Мынадай мән-жайлар елеулі өзгерістер болып танылады:

1) Пайдалану аумағының өзгеруі;

2) көлік құралын жалға беру, лизинг, жалға беру, кепіл және өзге де ауыртпалық салу;

3) көлік құралын сынақтарда, спорттық немесе оқу мақсаттарында пайдалану;

4) өтініште көрсетілген оны пайдалану мақсаттарын өзгерту;

5) сақтандыру жағдайының басталуына қарамастан, көлік құралын едәуір зақымдау немесе жою;

6) шартта айтылмаған тұлғаға сенімхат беру немесе көлік құралын басқаруға (жүргізуге) құқық беру; тараптардың келісімі бойынша шартқа өзге де елеулі өзгерістер енгізілуі мүмкін.

5.6. Шарт бойынша Сақтанушының өзі ғана емес, сондай-ақ өзге тұлғаның (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілік тәуекелі сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін кез келген уақытта бұл туралы Сақтандырушыны жазбаша хабардар ете отырып, сақтандырылған адамды басқасымен ауыстыруға құқылы.

5.7. Сақтандырушы Сақтандырушыға жататын міндеттерді қоса алғанда, Сақтандырылушыдан шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге құқылы.

5.8. Шарт жасасу үшін Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген талаптардың/құжаттардың тізбесін қысқартуы не сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

5.9. Сақтандырушы себептерін түсіндірмей Сақтанушымен Шарт жасаудан бас тартуға құқылы.

5.10. Шарт жазбаша түрде жасалады.

5.11. Шарт мыналарды қамтуы тиіс:

1)      Сақтандырушының атауы, орналасу жері және банктік деректемелері;

2)      Сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тұрғылықты жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасу жері және банктік деректемелері;

3)      Сақтандыру объектісін көрсету;

4)      Сақтандыру жағдайын көрсету;

5)      Сақтандыру сомасының мөлшері және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі және мерзімі;

6)      Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеудің тәртібі және мерзімі;

7)      Шартты жасау күні және әрекет ету мерзімі;

8)      Егер олар сақтандыру қатынасының қатысушылары болса, Сақтандырылушыны және Пайда алушыны көрсету;

9)      Шарттың әрекет ету аумағы;

10) Шарттың нөмірі, сериясы;

11) Шарттың талаптарына өзгеріс енгізудің тәртібі және жағдайлары;

12) Сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлаудың мерзімдері;

13) Сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемінің және сақтандыру сыйлықақысының валюта түрі;

14) Сақтанушының сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі және экономикалық секторы

15) Сақтандырылушының (пайда алушының), егер сақтандыру шарты бойынша ол Сақтанушы болып табылмаса, сақтандыру шартында сақтандырылушының (пайда алушының) көрсетілуі жағдайында, сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі және экономикалық секторы;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге мәліметтер.

5.12. Шартты жоғалту жағдайында Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша арызының негізінде оған Шарттың телнұсқасын беруге міндетті, одан кейін жоғалған Шарт жарамсыз болып саналады, және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді.

5.13. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзге талаптар да енгізілуі мүмкін.

 

6. Қосарлы сақтандыру

6.1. Қосарлы сақтандыру-бір объектіні әрқайсысымен дербес шарттар бойынша бірнеше Сақтандырушыда сақтандыру.

6.2. Мүлікті қосарланған сақтандыру кезінде әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған Шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушының барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс. Бұл ретте Сақтанушы кез келген Сақтандырушыдан онымен жасалған Шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты залалды жаппаған жағдайда, Сақтанушы жетіспейтін соманы басқа Сақтандырушыдан алуға құқылы.

6.3.Келтірілген залалды басқа сақтандырушылар өтеуіне байланысты сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара босатылған Сақтандырушы келтірілген шығындарды шегере отырып, Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.

6.4. Қосарлы (көпше) жеке сақтандыру кезінде әрбір Сақтандырушы басқа Сақтандырушылардың орындауына қарамастан, Сақтанушы алдындағы өзінің сақтандыру міндеттемелерін жеке орындайды.

 

7. Сақтандыру сомасын анықтау тәртібі. Франшиза

7.1. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді.

7.2. Шартта белгіленуі мүмкін:

1) жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі, - бұл жағдайда барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы Шарт қолданысының барлық кезеңінде осы көлемнен аспайды;

2) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

3) Шарттың қолданылуы кезеңінде бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

4) бір немесе барлық сақтандыру жағдайлары бойынша әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

5) сақтандыру сомаларының/сублимиттердің өзге де түрлері.

7.3. Шартта франшиза белгіленуі мүмкін.

7.4. Франшизаның түрі мен мөлшері тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және Шартта көрсетіледі.

7.5. Шарт шартсыз франшизамен жасалады (Франшиза – Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын шығындарды өтеуден босатуды көздейтін және сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолюттік мөлшерде белгіленетін Шарттың талабы), түрі және мөлшері бойынша келісімі мен өзге де шарттары Шартта көрсетіледі.

7.6. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда Шартта белгіленген франшиза шегеріле отырып өтеледі.

7.7. Франшиза бір сақтандыру жағдайы үшін, жауапкершіліктің әрбір шекті көлемі бойынша немесе әрбір сақтандырылған тәуекел үшін белгіленуі мүмкін. Егер бірнеше сақтандыру жағдайлары немесе тәуекелдері орын алса, франшиза сомасы олардың әрқайсысы бойынша залал сомасын есептеу кезінде ескеріледі.

7.8. Сақтандырушының Сақтанушы алдындағы жауапкершілігінің көлемі кез келген жағдайда сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауы тиіс. Сақтандыру сомасының мөлшерінен тыс залалды өтеуді Сақтанушы өз есебінен жүзеге асырады.

 

8. Сақтандыру сыйлықақысы, оны анықтау және төлеу тәртібі

8.1. Сақтандыру сыйлықақысы-Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта айқындалған мөлшерде Сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы.

8.2. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру объектісінің сипаттамаларына, сақтандыру субъектісінің шарттарына, ерекшеліктеріне, таңдап алынған тәуекелдердің тізбесіне, сақтандыру мерзіміне, сондай-ақ сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығына және ықтимал зиянның мөлшеріне әсер ететін өзге де факторларға байланысты болады және Сақтандырушының тарифтік саясатына сәйкес есептеледі.

8.3. Шартта сақтандыру сомасы мен сақтандыру тарифіне қарай әрбір объект бойынша және әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақысы белгіленуі мүмкін.

8.4. Сақтандырушы төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау кезінде тәуекел факторларына байланысты айқындалатын базалық сақтандыру тарифтеріне: шығарылған жылы, сигнал берудің болуы, коммерциялық мақсатта пайдалану және т. б. жоғарылататын және төмендету коэффициенттерін пайдалануға құқылы.

8.5. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын тараптардың келісімі бойынша, бір мезгілде немесе мерзімді сақтандыру жарналарының түрінде бөліп-бөліп төлеу арқылы қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз нысанда төлеуі тиіс. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысын төлеу тараптардың уәкілетті өкілдері шартқа қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

8.6. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) Шартта айтылған мерзімде төлемеген жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын (бірінші немесе кезекті сақтандыру жарнасын) төлемеген күннен бастап Шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда Шарт Сақтанушы төлемеген күннен кейінгі күннен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады, бұл ретте Сақтандырушыға Шарттан бір жақты тәртіппен бас тарту туралы хабарлау талап етілмейді. Бұл ретте Сақтандырушы көрсетілген кезеңде болған сақтандыру жағдайлары бойынша жауап бермейді.

8.7. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, оны бір жылдан кем мерзімге жасаған кезде сақтандыру сыйлықақысы жылдық сыйақыдан (бұл ретте толық емес ай толық болып есептеледі) мынадай мөлшерде белгіленеді:

                                                                                                                     

Мерзімі

15 күнге дейін

1 айға дейін

2 айға дейін

3 айға дейін

4 айға дейін

5 айға дейін

6 айға дейін

7 айға дейін

8 айға дейін

9 айға дейін

10 айға дейін

11 айға дейін

%

15%

20%

30%

40%

50%

60%

70%

75%

80%

85%

90%

95%

 

8.8.Бір жылдан астам мерзімге сақтандыру кезінде Шарт бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақысы әрбір жыл үшін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы ретінде белгіленеді.

8.9. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеде жүзеге асырылады.

 

9. Шарттың әрекет ету мерзімі және орны. Шарттың мерзімін ұзарту

9.1. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт 12 ай мерзімге жасалады және сақтандыру сыйлықақысы төленгенннен кейінгі күні күшіне енеді. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу күні болып Сақтандырушының кассасына немесе банктік шотына ақша түсен күн саналады.

9.2. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру қорғанысының әрекет ету мерзімі Шарттың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

9.3. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, ол Шарттың аяқталу күні ретінде Шартта көрсетілген күннің 24 сағат 00 минутында немесе Сақтандырушы сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасының мөлшерінде жүргізген кезде өз күшін тоқтатады.

9.4. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, онда тараптардың келісімі бойынша Шарт тоқтатылған және сақтандыру сыйлықақысы төленген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың бірі бұл туралы хабардар еткен жағдайда Шарт келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

9.5. Сақтандыру аумағы болып, егер Шартта өзгеше айтылмаса, Қазақстан Республикасы саналады.

9.6. Шарт бірінші сақтандыру жағдайына дейін немесе бірінші туындаған сақтандыру жағдайынан соң өз әрекетін тоқтатпай, сақтандырудың толық мерзімі бойына әрекет етуі мүмкін және ол Шартта нақты көрсетіледі.

9.7. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімі бойынша Шарт тараптардың бірі бұл туралы Шарттың тоқтау күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын хабарлаған және қосымша сақтандыру сыйлықақысы төленген жағдайда келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

 

10. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

10.1. Сақтанушы құқылы:

1)    Сақтандырушыдан автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)    Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

3)    Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер енгізуге құқығы бар. Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер енгізу үшін Сақтанушы алдын ала, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 3 күннен кем емес мерзімде, болжанған өзгерістер күніне дейін Сақтандырушыға Шарттың ажырамас бөлігіне айналатын жазбаша өтінішпен жүгінуі тиіс;

4)    осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.2. Сақтандырушының міндеттері:

1)      Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2)      Шарт жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

3)      Шартта көрсетілген автокөлік құралын жарамды күйде ұстауға;

4)      Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

5)      Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;

6)      тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

7)      зиян келтіру мүмкіндігін азайту үшін сақтық шараларын қабылдау;

8)      сақтандырылған адамдардың назарына сақтандыру шарттарын жеткізу;

9)      сақтандыру шарттарын орындау (сақтандырылған адамдардың сақтандыру шарттарын бұзуы Сақтанушының өзі сақтандыру шарттарын бұзуы ретінде бағаланады);

10) сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиға басталған кезде 12.1-тармақта көрсетілген қажетті іс-әрекеттер жасауға;

11) бүлінген мүлікті тексеруді жүргізгенге дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, кемінде 2 (екі) күн бұрын Сақтандырушыға оның өткізілетін орны мен уақыты туралы жазбаша хабарлауға;

12) өзіне белгілі болған күннен бастап дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (мереке және демалыс күндерін қоспағанда) Сақтандырушыға зиян келтіру фактісі (тергеу, қылмыстық іс қозғау, сотқа шақыру және т. б.) бойынша құзыретті органдардың іс-әрекеттерінің басталғаны туралы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың сотқа шақыру туралы, талап арыз бен т. б. беру туралы барлық қойылатын талаптары туралы хабарлауға міндетті;

13) Сақтандырушының келісімінсіз зиян келтірілуіне байланысты қойылған талаптарды ішінара немесе толық мойындамау, өтемді төлемеу;

14) Сақтандырушыны дереу хабардар етуге және егер Сақтанушының немесе Сақтандырылушының бұл үшін негізі бар болса, қойылатын талаптардың мөлшерін азайту жөнінде барлық қол жетімді шараларды қабылдауға;

15) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

10.3. Сақтанушы құқылы:

1)      Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

2)      сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;

3)      Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде Шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе;

4)      сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

5)      Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;

6)      Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;

7)      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтанушының жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс

8)      осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.4. Сақтанушының міндеттері:

1)      Сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ереженің көшірмесін ұсыну (жіберу);

2)      сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

3)      Сақтанушы осы сақтандыру Ережесінің 13-тармағы 13.2-тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, оны жетіспейтін құжаттар туралы шұғыл түрде, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;

4)      Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға осы Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;

5)      Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген шығындарды өтеуге;

6)      Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

10.5. Осы бөлімде көзделген Тараптардың құқықтары мен міндеттері түпкілікті болып табылмайды. Тараптар шарттың өзге де талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары бар және міндеттерді атқарады.

10.6. Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Шартпен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

11. Шарттың қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелін ұлғайтудың салдары

11.1. Шарттың қолданылуы кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу жазбаша хабарлауға міндетті.

11.2.Елеулі өзгерістер деп танылады:

1) пайдалану аумағының өзгеруі;

2) көлік құралын жалға беру, лизинг, жалға беру, кепіл және өзге де ауыртпалық салу;

3) көлік құралын сынақтарда, спорттық немесе оқу мақсаттарында пайдалану;

4) өтініште көрсетілген оны пайдалану мақсаттарын өзгерту;

5) сақтандыру жағдайының басталуына қарамастан, көлік құралын едәуір зақымдау немесе жою;

6) Шартта айтылмаған тұлғаға сенімхат беру немесе көлік құралына билік ету (басқару) құқығын беру;

Шартта сақтандыру тәуекелін арттыруға әсер ететін басқа да елеулі өзгерістер ескерілуі мүмкін.

11.3. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген Сақтандырушы Шарттың талаптарын өзгертуді және сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.

11.4. Егер Сақтанушы Шарттың талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Шартты бұзуды талап етуге құқылы. Бұл ретте Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне құқылы.

11.5. Сақтанушы немесе Сақтандырылушы осы Ереженің 11.1-тармағында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда Сақтандырушы Шартты бұзуды және Шартты бұзудан келтірілген залалды өтеуді талап етуге немесе сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына мөлшерлес азайтуға не сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы.

11.6. Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар жойылса, Сақтандырушы Сартты бұзуды талап етуге құқылы емес.

 

12. Сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтанушының міндеттері:

12.1. Сақтанушы/ сақтандырылған автомобиль көлігін басқаруға жіберілген тұлға оған/оларға сақтандыру жағдайының белгілері бар және/немесе сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалардың басталғаны туралы белгілі болған соң, міндетті:

1)      ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар, оның ішінде автомобиль көлігін құтқару және сақтау шараларын қабылдау;

2)      Сақтандырушыға және олардың құзыретіне қарай тиісті органдар мен ұйымдарға (ішкі істер органдарының бөлімшелері) оқиғаның басталғаны туралы дереу хабарлау; уәкілетті мемлекеттік және өзге де құзыретті органдардың оқиғаны құжаттамалық ресімдеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы әрекеттерді осы тармақтың 3) тармақшасына сай Сақтандырушымен мақұлдасу;

3)      дереу, бірақ кез келген жағдайда 1 (бір) сағаттан кешіктірмей оқиға орнына авариялық комиссарды (Сақтандырушының өкілін) шақыру;

4)      егер авариялық комиссар оқиға орнына келмесе, дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;

5)      Сақтандырушының өкіліне бүлінген автомобиль көлігін кедергісіз қарау, залалдарды азайту және автомобиль көлігін құтқару жөніндегі іс-шараларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

6)      Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;

7)      егер Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтандырушының да, Сақтанушының да мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – осындай мүдделерді қорғау үшін Сақтандырушы көрсеткен тұлғаларға сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттар беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сотта Сақтанушының мүдделерін білдіруге немесе өзге де түрде Сақтанушының құқықтық қорғалуын жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;

8)      сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, сарапшылардың оқиға болған жерге баруы, мамандарды тарту және олардың кеңес беруі, қажетті құжаттарды жинау мен т. б.;

9)      осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

12.2. Сақтанушы Сақтандырушының өкіліне ЖКО-да бүлінген автокөлік құралдарын ЖКО-дан кейін қандай жағдайда болғанын тексеру үшін ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

12.3. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының белгілері бар және/немесе оның салдары сақтандыру жағдайының басталуы мүмкін оқиғаның басталуы туралы шартты мерзімде хабарламау, сондай-ақ Сақтандырушы өкілінің зақымдалған автокөлік құралдарын тексеруін қамтамасыз етпеуі оған сақтандыру төлемінен бас тарту құқығын береді.

12.4. Сақтанушы сақтандыру жағдайы бойынша ілгерідегі барлық ақпаратты хабарлауға және Сақтандырушыға қажетті көмек көрсетуге міндетті.

12.5. Сақтанушы Сақтандырушыға оның сұратуы бойынша коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, сақтандыру жағдайына байланысты мәліметтерді беруге міндетті.

12.6. Сақтанушы Сақтандырушыға (оның талабы бойынша) кінә қоюды сотқа дейінгі және сот тәртібімен реттеу кезінде Сақтанушының өкілеттігін беруге міндетті.

12.7. Сақтанушы Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттемелер қабылдамауға; қандай да бір ұсыныстар қабылдамауға; Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз төлем жасамауға және осы сақтандыру жағдайына қатысы бар қандай да бір төлем жасауға уәде бермеуге міндетті.

 

13. Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар

13.1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты Сақтанушы, Сақтандырылушы не жәбірленуші тиісті талапты негіздейтін құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда береді.

13.2. Келтірілген залалдарды өтеу туралы өтінішке қоса беріледі:

1) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/ Сақтанушының және жәбірленушілердің техникалық паспорты; немесе жол парағы, жүргізуші куәліктерінің көшірмелері, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері бар болған жағдайда көлік құралын жүргізу құқығына сенімхаттың көшірмесі;

2) зақымдалған немесе жойылған мүлікті иелену құқығын, оның сақтандыру төлемін алу құқықтарының заңдылығын, сондай - ақ оның өкілдерінің құқықтарын растайтын Пайда алушы құжаттарының көшірмелері - Сақтандырушыда жәбірленушінің мүдделерін білдіру құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхат;

3) Ішкі істер органдары бөлімшелері құжаттарының түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалар куәландырған көшірмелері (жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, ЖКО схемасы, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттамаға қосымша, ЖКО қатысушыларының ішкі істер органдарының бөлімшелеріне түсініктемесі, заңды күшіне енген сот қаулысы);

4) тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы жүргізген залал сомасын айқындау жөніндегі сараптамалық бағалау актісі;

5) автомобиль көлігінің/мүліктің ауыстырылуы керек бүлінген бөлшектерін/бөліктерін беруге кепілдік хат (осы Шарттың 6.4-тармағына сәйкес Сақтандырушының талабы бойынша).

6) Шартта сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғаларды тергеп-тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүзеге асыратын, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын өзге де құзыретті органдардың құжаттары;

13.3. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.

 

14. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен шарттары

14.1. Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталғаны туралы жазбаша хабарлама алғаннан соң, Сақтандырушы келесі әрекеттерді жасайды:

1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталу фактісін белгілейді; Сақтанушының өтінішінде келтірілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді; нәтижесінде шығынның келтірілуіне алып келген оқиғаның туындау фактісі мен себептерін анықтайды; сарапшыларды, авариялық комиссарларды тарту қажеттілігін айқындайды, өзге әрекеттерді жүзеге асырады;

2) оқиға сақтандыру жағдайы деп танылған жағдайда сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындайды.

14.2. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының төлем және берілген құжаттар туралы жазбаша өтініші негізінде жүргізеді.

14.3. Автомобиль көлігінің иесі болып табылмайтын Пайда алушының сақтандыру төлемін алуына құқық беретін автомобиль көлігінің иесі берген нотариалды куәландырылған сенімхаты болған жағдайда, оған сақтандыру төлемі жүргізіледі.

 

15. Шығындардың мөлшерін және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау

15.1. Бүлінген автомобиль көлігіне келтірілген шығындардың мөлшері:

1) Сақтандырушының калькуляциясы негізінде; және/немесе

2) тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген залалдың сомасын айқындау жөніндегі сараптамалық бағалау актісінің негізінде; және/немесе

3) Сақтандырушы тағайындаған авариялық комиссардың (сюрвейердің) қорытындысы негізінде;

15.2. Үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген шығындардың мөлшерін айқындаудың нақты тәсілі тараптардың келісімі бойынша айқындалады және Шартта көрсетіледі.

15.3. Тараптар арасында шығындардың себептері мен мөлшері туралы даулар туындаған жағдайда тараптардың әрқайсысы сараптама жүргізуді талап етуге құқылы. Сараптама оны жүргізуді талап еткен тараптың есебінен жүргізіледі.

15.4. Ауыстыруды қажет ететін бөлшектер мен тораптардың құны, бүлінген бөлшектер мен тораптарды ауыстыру және жөндеу жөніндегі жұмыстардың құны, шығын материалдарының құны өтелуге жатады. Тек зақымдануы сақтандыру жағдайынан туындаған тораптар мен бөлшектерді ауыстыру және жөндеу құны өтелуге жатады. Бұл ретте көлік құралының зақымдалған бөлшектері мен тораптарын ауыстыру оларды қалпына келтіру жөндеу жолымен одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру мүмкін болмаған не егер бұл жөндеу экономикалық жағынан орынсыз болған, өйткені оның құны ауыстырудың жалпы құнынан (бөлшектердің, шығыс материалдары мен жұмыстардың құнын ескере отырып) асып кеткен жағдайда есепке алынады.

15.5. Калькуляция жасау кезінде бөлшектер мен жөндеу жұмыстарына орташа қолданыстағы нарықтық бағалар қолданылады.

15.6. Калькуляцияға енгізілмейді және өтелуге жатпайды:

1) Автомобиль көлігіне техникалық және кепілдік қызмет көрсету;

2) Автомобиль көлігін қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға, олардың тозуына, техникалық ақауына және т. б. байланысты оның жекелеген бөліктерін, бөлшектері мен тораптарын жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты жұмыстар;

3) бүлінген автомобиль көлігін жөндеуді жүзеге асыратын ТҚС-да қажетті қосалқы бөліктер мен бөлшектердің болмауына байланысты автомобиль көлігінің тораптары мен агрегаттарын жинақта ауыстыру (жөндеудің орнына).

15.7. Сақтандыру төлемін есептеу кезінде болмауы немесе зақымдануы қарастырылып отырған сақтандыру жағдайына тікелей қатысы жоқ, зақымдалған немесе жоқ болған бөлшектер мен агрегаттардың құны ескерілмейді.

15.8. Барлық жәбірленушілердің (үшінші тұлғалардың) мүлкіне келтірілген зиян үшін Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемінің жалпы мөлшері бір сақтандыру жағдайы үшін Шартта айқындалатын сақтандыру сомасының мөлшерімен (жауапкершіліктің шекті көлемімен) шектеледі.

15.9. Егер үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалдың мөлшері сақтандыру сомасының мөлшерінен асып кеткен жағдайда, сақтандыру төлемі барлық жәбірленушілерге тең үлеспен жүзеге асырылады.

15.10. Сақтанушының залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болса немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, Сақтандырушы өтеуге тиіс.

15.11. Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығындар өтемақысының жалпы сомасы Шартта көзделген сақтандыру сомасынан (жауапкершіліктің шекті көлемінен) аспайтындай етіп өтеледі. Егер шығындар Сақтанушының Сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде туындаса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.

15.12. Сақтандырушы Сақтанушының ықтимал шығындарды азайту үшін қасақана ақылға қонымды және оған қол жетімді шаралар қабылдамауы салдарынан туындаған залалдар бөлігінде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

15.13. Сақтандырушы шешім қабылдау үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Сақтанушыға (Пайда алушыға, жәбірленушіге) хабарлайды.

15.14. Егер Сақтандырушының жазбаша келісімі бойынша Сақтанушы зардап шегушіге (үшінші тұлғаға) залалды өзі өтесе, сақтандыру төлемі Сақтанушыға сақтандыру төлемі туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде не тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде және тиісті түрде ресімделген үшінші тұлғаның қолхатын немесе залалдың орнын толтыру және Сақтанушыға талап қоюдан бас тарту туралы куәландыратын басқа құжатты алғаннан кейін жүзеге асырылады.

 

16. Сақтандыру төлемінен бас тарту.

16.1. Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының, экипаж мүшесінің және/немесе Пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) Сақтанушының, экипаж мүшесінің және/немесе Пайда алушының заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен қасақана қылмыстар деп танылған немесе сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттері.

16.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:

1)      Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

2)      Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын толық немесе ішінара төлемеуі/уақтылы төлемеуі;

3)      Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;

4)      Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;

5)      Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу;

6)      Сақтанушының заңнамалық және басқа нормативтік актілермен айқындалған ережелер мен өртке қарсы қауіпсіздік, үй-жайлар мен бағалы заттарды күзету, сақтау, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі нормаларын немесе басқа осыған ұқсас нормаларды бұзуы немесе егер осы бұзушылықтар Сақтанушының рұқсатымен жүзеге асырылса.

16.3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін болса, Шарттың талаптарында сақтандыру төлемінен бас тартудың басқа да негіздері көзделуі мүмкін.

16.4. Шарт заңды күшіне енгенге дейінгі оқиғалар сақтандырумен өтелмейді.

16.5. Сақтандырушы Пайда алушы үшінші тұлғалардан шығынның өтемін, соның ішінде осы шығынды – бұл сомадағы өтемге сәйкес бөлікті келтіруге кінәлі тұлғадан шығынның өтемін алған жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

16.6. Шарттың талаптарын сақтамау Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға әкеп соғады. Сақтандырушыны Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату Сақтандырушыны бір мезгілде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатады. Бұл жағдайда Пайда алушыға зиянды өтеу үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тікелей зиян келтірушіге толық жүктеледі.

16.7. Сақтандыру Сақтанушының (пайда алушының) ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратудан келтірілген залалды, моральдық залалды өтемейді(оның ішінде айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, басқа мүлікті жалға алу, мүлікті жөндеу кезінде тұрғын үйді жалға алу немесе қонақ үйде тұру бойынша шығындар, іссапар шығындары, мүлікті қорғау шығындары, өндірістің тоқтап тұруына байланысты шығындар, мүліктің тауарлық құнын/тауарлық түрін жоғалту, жіберіп алған пайда).

16.8. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылдап және барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға жазбаша дәлелді хабарлама жіберуге міндетті.

16.9. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағымдана алады.

 

17. Шартты өгерту

17.1. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша рәсімделген және екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.

18. Шартты тоқтатудың талаптары

18.1. Шарт мына жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) сақтандыру объектісі өз әрекетін тоқтатқан кезде;

2) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, Сақтанушының мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен шығаруы;

3) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген;

5) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс.

18.2. Сақтанушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта Сақтандыру шартынан бас тартуға құқылы.

18.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:

1) Сақтанушы-жеке тұлға Шарттан бас тартқан жағдайда, ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Сақтандырушы Сақтанушы-жеке тұлғаға алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) 10%-ын құрайтын, сақтандыру әрекеті болған уақытқа пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) бір бөлігін және Шартты бұзуға байланысты шығыстарды шегеріп тастап, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақыларын) қайтаруға міндетті;

2) 18.1-тармақшада көзделген жағдайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне және сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35 % (отыз бес пайызы) мөлшерінде іс жүргізуге арналған шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады;

3) Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде, егер бұл осы Шарттың 18.1. тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

18.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын Сақтандырушы толық қайтаруға міндетті.

18.5. Осы Шарттың 18.1. тармақшасында көзделген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады:

- Сақтандырушының сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асыруы, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді;

- Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі, бұл ретте Сақтанушыға хабарлау талап етілмейді;

- Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, бұл ретте Шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

18.6.18.5. тармақшада көрсетілген жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

18.7.Осы Шарттың 18.1 және 18.5.-тармақтарында көрсетілмеген себептер бойынша Шартты біржақты тәртіппен бұзу кезінде тарап шартты бұзу күніне дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын екінші Тарапты хабардар етуге тиіс.

 

19. Тараптардың жауапкершілігі

19.1. Сақтандыру төлемін уақтылы жүргізбеген жағдайда Сақтандырушы Пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353- бабында айқындалған мөлшерде және тәртіпте тұрақсыздық сомасын төлеуге міндетті.

19.2. Өз міндеттемелерін Шарт бойынша орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды.

19.3. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

19.4. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

19.5. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет.

 

20. Дауларды шешу тәртібі

20.1. Шарттан немесе оған қатысты туындайтын кез-келген даулар және/немесе келіспеушілітер келіссөздер арқылы шешіледі.

20.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.

20.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа тәртібі қарастырылуы мүмкін.

 

21. Қосымша талаптар

21.1. Осы Ережеде айтылмаған барлық жағдайлар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі.

21.2. Тараптардың келісімі бойынша жасалатын Шартқа ерекше жағдайлар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) қосылуы мүмкін, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе.

21.3. Шарт пен осы Сақтандыру ережелері арасында қайшылықтар болған жағдайда, Шарттың жағдайлары орындалады.

21.4. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының)келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)        “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2)        Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3)        Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)        дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5)        ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

21.5. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

21.6. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 21.4. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

21.7. Сақтанушы 1)-5) 21.4. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.




[1] Терроризм актісі-адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік залал келтіру не өзге де қоғамдық қауіпті зардаптардың туындау қаупін туғызатын жарылыс, өртеу немесе өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса (саяси себептер).




Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту