ҚЫЗМЕТКЕР ЕҢБЕК (ҚЫЗМЕТТIК) МIНДЕТТЕРIН АТҚАРҒАН КЕЗДЕ ОНЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

22.04.2022ж. өзгерістер

09.06.2022ж. өзгерістер

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру ережелері (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес әзірленген.

1.2. Ереженің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі - «Сақтандырушы») жұмыс берушімен (бұдан әрі - «Сақтанушы») ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Сақтандыру шарты») жасау жолымен қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру шартын жүзеге асырады.

1.3. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандырудың мақсаты қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі төлемдерден тыс сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

1.4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) Кәсіптік еңбекке қабілеттілік - қызметкердің белгілі бір біліктілік, көлемде және сападағы жұмысты орындауға қабілеті;

2) Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалатын, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілетінің төмендеу деңгейі;

3) Қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру - еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешені;

4) Мүгедектік - ағза функцияларының ауыр өзгерістерге ұшырауынан денсаулығының бұзылуы салдарынан адамның өмірлік іс-әрекетінің шектелу дәрежесі;

5) Пайда алушы – Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

6) Сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асырушы, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе Шарт оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясына ие заңды тұлға Сақтандырушы бола алады;

7) Сақтанушы – Сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру Шарт жасасқан жұмыс беруші;

8) Сақтандыру жағдайы – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсері нәтижесінде оның кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге, кәсіптік ауруға шалдығуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған оның (олардың) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиға;

9) Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

10) Сақтандыру сыйлықақысы – Қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

11) Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы орын алғанда сақтандыру сомасы шегінде Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру сомасына сәйкес төлейтін ақша сомасы;

2. Сақтандыру объектісі.

2.1. Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру объектісі болып:

- "Сақтандыру жағдайы" 3-бабының 3.1. т. көрсетілген 1,25 тәуекелдер бойынша еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғаның салдарынан өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүддесі табылады. Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудан тыс қосымша сақтандыру болып табылады;

- "Сақтандыру жағдайы" 3-бабының 3.1. т. көрсетілген 3,4 тәуекелдер бойынша еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиға салдарынан өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген, оған бір жылдан кем мерзімге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеуге әкеп соққан қызметкердің мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

3. Сақтандыру жағдайы

3.1. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың әсері нәтижесінде келесі жағдайларға әкеп соқтырған еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезіндегі жазатайым оқиға Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып табылады:

1) өлім;

2) 1, 2, 3-топ мүгедектігін белгілеумен кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу;

3) мүгедектігін белгілемей, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылудың алғашқы 5% - дан 29% - ға дейін бір жылдан кем мерзімге белгіленген дәрежесі;

4) Сақтандырылушыға алғаш рет белгіленген кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 5% - дан 29% - ға дейін болған, бірақ тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 250 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) аспайтын жағдайда, қызметкердің денсаулығының бұзылуынан туындаған қосымша шығыстар;

5) уақытша еңбек ету қабілетін жоғалту;

6) жазатайым оқиға нәтижесіндегі жарақат.

3.2. Оқиға төмендегілердің салдарынан орын алған болса сақтандыру жағдайы деп танылады:

1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын, өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және т.б. дайындау және ретке келтіру кезінде;

2) жұмыс уақыты ішінде жұмыс орнында немесе іссапар кезінде не жұмыс берушінің немесе ұйымдағы лауазымды тұлғаның тапсырмасымен байланысты немесе өзге де міндеттерді орындауы сол жерде болуын қажет еткен басқа жерде болу кезінде;

3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсері нәтижесінде;

4) қызметі жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша қызмет көрсету объектілері арасынан жұмыс орнына қозғалуды қажет ететін қызметкердің жұмыс уақытында жүру жолы бойынша;

5) қызметкердің еңбек міндеттерін жұмыс берушінің көлігінде орындауы кезінде;

6) жұмыс берушінің оны қызметтік сапарлар үшін пайдалану құқығына жазбаша келісімі болған кезде жеке көлігінде;

7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болу кезеңінде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттерді жасау кезінде.

8) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс берушімен ұсынылған көлікпен жиналу орнынан (вахта кезеңіндегі тұрғылықты орын) жұмысқа немесе кері бағытта жол жүруі кезінде.

4. Сақтандыру сомасы

4.1. Сақтандыру сомасы Сақтанушының Сақтандырушымен келісімі мен анықталады және Шартта көрсетіледі.

4.2. Шартта келесілер белгіленуі мүмкін:

1) жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі - бұл жағдайда барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы Шарт қолданысының барлық кезеңінде осы көлемнен аспайды;

2) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

3) Сақтандырылушылардың әрбірі немесе олардың тобы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі.

4.3. Сақтандыру сомасы оны жүзеге асырғаннан кейін сақтандыру төлемі (сақтандыру төлемдері) мөлшерінің сомасына азайтылады.

4.4. 1,2 тәуекелдер бойынша жалпы сақтандыру сомасы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты бойынша сомаға экцедент болып табылады.

5. Сақтандыру сыйлықақысы

5.1. Сақтанушы - осы Шартқа қол қойғаннан және сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлеуге тиісті шот берілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) толық көлемде төлеуге міндетті заңды тұлға;

5.2. Сақтанушы - осы Шарт жасалған күні сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде төлеуге міндетті жеке тұлға;

5.3. Егер сақтандыру сыйлықақысы бөліп-бөліп төленетін болса, онда кезекті сақтандыру жарнасын төлеу "Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері" бағанында көрсетілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылуы тиіс.

5.4. Сақтандыру сыйлықақысының, кезекті сақтандыру жарнасының мөлшері "Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері" бағанында көрсетілген сомадан кем болмауы тиіс. Егер сақтандыру сыйлықақысының, сақтандыру жарнасының төленген мөлшері "Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері" бағанында көрсетілген сомадан аз болса, онда сақтандыру сыйлықақысы, сақтандыру жарнасы төленбеген болып есептеледі.

5.5. Егер кезекті сақтандыру жарнасын төлеу мерзімі басталған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кезекті сақтандыру жарнасы төленбесе, онда Сақтандырушы шартты біржақты тәртіппен бұзады, бұл ретте Сақтанушыға хабарлау талап етілмейді. Мұндай жағдайда төленген сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтару жүзеге асырылмайды.

5.6. Сақтандырушы төлеуі тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін Сақтанушы Сақтандырылушылар туралы хабарлайтын деректерді, сондай-ақ сақтандыру жағдайының басталуының тәуекел дәрежесіне әсер ететін өзге де факторларды ескере отырып есептейді.

6. Сақтандыру шартын жасау тәртібі

6.1. Қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру осы Ережеге және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес Сақтандырушы мен Сақтанушының арасында еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде өміріне және денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін қызметкердің пайдасына жасалған Сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.

6.2. Сақтандыру шарты жазбаша түрде жасалады.

6.3. Сақтанушының өтініші Сақтандыру шартын жасаудың негізі болып табылады.

6.4. Сақтандыру шартын жоғалту жағдайында Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде оған Сақтандыру шартының телнұсқасын беруі керек.

6.5. Сақтандыру шарты мыналарды қамтуы тиіс:

1) Сақтандырушының атауы, орналасу жері және банктік деректемелері;

2) Сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тұрғылықты жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасу жері және банктік деректемелері;

3) Сақтандыру объектісін көрсету;

4) Сақтандыру жағдайын көрсету;

5) Сақтандыру сомасының мөлшері және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі және мерзімі;

6) Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеудің тәртібі және мерзімі;

7) Сақтандыру шартының тараптарының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

8) Сақтандыру шартына өзгеріс енгізудің және оны ұзартудың тәртібі және жағдайлары;

9) Сақтандыру шартын жасау күні және әрекет ету мерзімі;

10) Сақтандыру шартының нөмірі, сериясы;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа мағлұматтар.

7. Шарттың әрекет ету мерзімі және орны.

7.1. Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын толық көлемде төлеген сәттен бастап күшіне енеді және егер Сақтандыру шартында өзге күн белгіленесе, 12 (он екі) ай ішіне әрекет етеді. сыйлықақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын төлеу күні болып Сақтандырушының кассасына немесе банктік шотына ақша түскен күн саналады.

7.2. Сақтандыру шарты, осы Ереженің 7.3. тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

7.3. Қызметкер өз қызметін он екі айдан аз мерзімге жүзеге асыру кезінде Сақтандыру шарты осы қызметті жүзеге асыру мерзіміне жасалады. 12 айдан аз мерзімге сақтандыру кезінде, сақтандыру сыйлықақысы жылдық сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің пайызымен есептеледі, бұл ретте толық емес ай толық болып есептеліп кетеді:

Сақтандыру мерзімі

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының %

Сақтандыру мерзімі

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының %

1айға дейін

20

6 айдан 7 айға дейін

75

1 айдан 2 айға дейін

30

7 айдан 8 айға дейін

80

2 айдан 3 айға дейін

40

8 айдан 9 айға дейін

85

3 айдан 4 айға дейін

50

9 айдан 10 айға дейін

90

4 айдан 5 айға дейін

60

10 айдан 11 айға дейін

95

5 айдан 6 айға дейін

70

7.4. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру қорғанысының әрекет ету мерзімі Шарттың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

7.5. Сақтандыру шарты сақтандырудың бүкіл мерзімі ішінде қолданылады және бірінші туындаған сақтандыру жағдайынан кейін өзінің қолданылуын тоқтатпайды.

7.6. Қызметкердің өз қызметтік міндеттерін орындауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кетуіне байланысты жағдайларды қоспағанда, Сақтандыру Шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

7.7. Қазақстан Республикасының аумағы сақтандыру аумағы болып саналады.

8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

8.1. Сақтандырушы құқылы:

1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

2) сақтандыру тәуекелін бағалауға;

3) сақтандыру сыйлықақысын уақтылы алуға;

4) сақтандыру жағдайы басталуының жазбаша растауға;

5) Шарт жасасу кезінде де, оның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде де Сақтанушының шаруашылық қызметінің жай-күйін бақылауға;

6) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкерді куәландыру кезінде сол жерде болуға;

7) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алуға және

Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап ету;

8) Сақтанушының Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы тәуекел дәрежесінің ұлғаюына немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге мөлшерлес Шарт талаптарының өзгеруіне қарсылық білдірсе, Сақтандырушыға дереу хабарлау міндетін орындамау жағдайында Шартты бұзуды талап ету;

9) кез келген орынды уақытта тәуекелдің туындауына ықпал ететін жағдайлардың болуын тексеру;

10) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтау, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұрату;

11) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтауға құжаттарды сұрату;

12) Сақтандырушының сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуына байланысты сотта Сақтанушының мүдделерін білдіруге немесе өзге де түрде Сақтанушының құқықтық қорғалуын жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес. Сақтанушының мүдделерін сот процесінде білдіру сақтандыру төлемін жүзеге асыруға негіз болып табылмайды;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтанушыға қойылатын талаптардың мөлшеріне дау айтуға;

14) осы Ережеде және Сақтандыру шартында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;

15) Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және Сақтанушының өз міндеттерін орындамауы нәтижесінде келтірілген залалдарды өтеуге;

16) сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыдан алдыңғы сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты және сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті өзге де мәліметтерді ұсынуды талап етуге;

17) сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыдан сақтандыру тәуекелінің басталу дәрежесін және салдарларын айқындау үшін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды талап ету;

18) сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтанушыдан "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес мәліметтер мен растайтын құжаттарды ұсынуын талап етуге;

19) Сақтанушы осы тармақтың 16-18-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда қызметкерді еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға;

20) осы Ережеге, Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

8.2. Сақтандырушының міндеттері:

1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);

2) ҚР АК 830-бабына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

3) өз қызметінің нәтижесінде Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушы туралы алынған мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;

4) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға сақтандыру шартының талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда өтініш пен сақтандыру шартында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Сақтанушыға/Пайда алушыға жазбаша нысанда бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін жіберу;

5) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығыстарды өтеу;

6) Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушы осы сақтандыру Ережесінің 9-тармағының 9.1-тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар ету;

7) Осы Ережеде, Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.3. Сақтанушы құқылы:

1) қызметкерді еңбек жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру шартын жасау үшін Сақтандырушыны таңдауға;

2) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ Сенімхаты болған жағдайда Пайда алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

3) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, Сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

4) сақтандыру төлемін уақтылы алуға;

5) түпнұсқасы жоғалған жағдайда Сақтандыру шартының телнұсқасын алуға;оригинала;

6) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

7) Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;

8) сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкерді куәландыру кезінде сол жерде болуға;

9) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

10) осы Ережеге, Сақтандыру шартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

8.4. Сақтанушының міндеттері:

1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру жөніндегі өзінде бар барлық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

2) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

3) Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу Сақтандырушыға хабарлауға. Елеулі өзгерістерге қызметкерлер санының өзгеруі, қызметкердің жалақы мөлшерінің өзгеруі жатады;

4) персоналдың санаты мен қызметкердің (қызметкерлердің) кәсіби тәуекел сыныбы өзгерген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырушыға хабарлауға;

5) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға

6) жазатайым оқиғаның туындағаны туралы дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлауға;

7) уәкілетті орган мен Сақтандырушы өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексеруді қамтамасыз етуге;

8) сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеуге;

9) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін есептеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерді міндетті медициналық тексеріп-қарауды уақтылы өткізуді қамтамасыз етуе;

11) жазатайым оқиғалардың алдын алу, алдын алу және тергеп-тексеру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімдерін орындауға;

12) Сақтандырушыға өзінің қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы туралы уақтылы хабарлауға;

13) сақтандыру жағдайынан болған залалды азайтуға шаралар қолдануға;

14) Сақтандыру шартын жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыны осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабардар етуге;

15) сақтандыру шартын жасасу үшін Сақтандырушы сұратқан қажетті ақпаратты беруге;

Сақтандырушының Сақтандырылушылардың/ Пайда алушылардың дербес деректерін жинауға және сақтауға, өңдеуге және пайдалануға, беруге Сақтандырылушылардың/ Пайда алушылардың жазбаша келісімін қамтамасыз етуге;

16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.5. Пайда алушы құқылы:

1) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;

2) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

3) сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;

4) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелері жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға;

5) медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жүгінуге;

6) жазатайым оқиғаның басталғаны туралы өзіне белгілі болғанда 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге, және төлеу туралы немесе төлеуден бас тарту туралы қарау және шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды ұсынуға;

7) сақтандыру жағдайын тексеруге, сондай-ақ қызметкерлер өкілдерінің не өзінің сенім білдірген адамының қатысуымен қатысуға құқығы бар.

9. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттар

9.1. Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы / Сақтандырылушы / Пайда алушы Сақтандырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

9.1.1. Қызметкер қайтыс болған жағдайда:

- сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

- Сақтандыру шартының көшірмесі;

- Н-1 нысаны бойынша жазатайым оқиға туралы акті;

- қызметкердің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- өлімнің тікелей себебі және/немесе өлімнің тікелей себебін, ілеспелі ауруларды тудырған немесе туғызған ауру көрсетілген сот-медициналық сараптама қорытындысынан үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- қызметкер қайтыс болған жағдайда Пайда алушының зиянды өтетуге құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- Пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

- қайтыс болған қызметкер жұмыс істеген, бірақ он екі айдан аспайтын кезең үшін жұмыс беруші растаған - жалақы мөлшерін растайтын құжаттың көшірмесі.

9.1.2. Сақтандырылған қызметкерге мүгедектікті/ еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылуды белгілей отырып, кәсіптік жоғалту дәрежесі белгіленген жағдайда:

- сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

- сақтандыру шартының көшірмесі;

- Н-1 нысаны бойынша жазатайым оқиға туралы акті;

- уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылғанын белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

- кәсіби аурудың болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

- еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуын растайтын құжаттың көшірмесі;

9.1.3. Сақтандырылған қызметкерге мүгедектік белгіленбей еңбек ету қабілетінен кәсіптік уақытша айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда (5%-29%):

- сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

- сақтандыру шартының көшірмесі;

-Н-1 нысаны бойынша жазатайым оқиға туралы акті;

- уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылғанын белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

- кәсіби аурудың болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

- зардап шеккен қызметкердің жылдық жалақы қорын мөлшерін көрсете отырып, сақтандыру жағдайы күніндегі штаттық кесте;

9.1.4. Қосымша шығыстар болған жағдайда:

- сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;

- сақтандыру шартының көшірмесі;

-Н-1 нысаны бойынша жазатайым оқиға туралы акті;

- уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылғанын белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;

- кәсіби аурудың болуын растайтын құжаттың көшірмесі;

- зардап шеккен қызметкердің жылдық жалақы қорын мөлшерін көрсете отырып, сақтандыру жағдайы күніндегі штаттық кесте;

- медициналық ұйымның лауазымды адамдары растаған медициналық құжаттардың, емдеуші дәрігердің әрбір препараттың атауын, емдеу шараларын, құнын, сатып алынған күнін және Сақтандырылушының Т. А. Ә. көрсете отырып, медициналық препараттарды қабылдауға арналған толық тағайындаулары (жолдамалары мен рецептілері), қабылдау күнін, тағайындалуына себеп болған диагнозын және Сақтандырылушының Т. А. Ә. көрсете отырып, әрқайсысы бойынша есеп-шот қойылған дәрігердің қабылдау санының түпнұсқалары немесе көшірмелері

9.2. Сақтандырушының жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесін қысқартуға немесе, егер нақты жағдайларды ескере отырып, олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактісін және шығын мөлшерін анықтауды белгілеу мүмкін болмаса, қосымша құжаттарды талап етуі.

10. Сақтандыру төлемін жүргізудің тәртібі мен талаптары. Франшиза.

10.1. мынадай мөлшерде жүзеге асырылады. «Сақтандыр жағдайы» 3-бабының 3.1.т. көрсетілген 3,4,5 тәуекелдерді қоспағанда, , сақтандыру төлемі лимиттен тыс және міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы жеткіліксіз болған кезде мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:

1) қызметкер қайтыс болған кезде- осы қызметкерге арналған сақтандыру сомасының 100% ;

2) Сақтанушыға (сақтандырылушыға) мүгедектік белгіленген кезде:

1 топ- осы қызметкерге арналған сақтандыру сомасының 80% ;

2 топ- осы қызметкерге арналған сақтандыру сомасының 60% ;

3 топ – осы қызметкерге арналған сақтандыру сомасының 40%.

3) қызметкерге мүгедектік анықталмай, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін 5-тен 29% сәйкес белгілеу кезінде келесі есептеуге сәйкес жүзеге асырылады:

СТ=((ҚОАТ * КҚА %) * Х ай) - МӘСҚӘТ

СТ - сақтандыру төлемінің мөлшері;

ҚОАТ-қызметкердің орташа айлық табысы. Өтелуі тиіс жоғалтылған табысты (кірісті) есептеу үшін ескерілетін орташа айлық жалақының (кірістің) мөлшері осы Шартты жасау күніндегі Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

КҚА% - кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу пайызы;

Х ай-кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту белгіленген, бірақ бір жылдан аспайтын айлар саны;

МӘСҚӘТ – кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту белгіленген кездегі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдері.

*Сақтандыру төлемінің мөлшері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алып тастағанда жүзеге асырылады.

4) қызметкер денсаулығының зақымдануынан туындаған қосымша шығыстар кезінде оған кәсіби еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесі 5% - дан 29% - ға дейін белгіленген жағдайда, зардап шеккен қызметкер ұсынған осы шығыстарды растайтын құжаттардың негізінде нақты келтірілген шығыстардың сомасы, бірақ сақтандырудың барлық кезеңі үшін 250 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіштен) артық емес өтелуге жатады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырушының өтеуіне жатпайды.

5) уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде – сақтандыру шартында көрсетілген еңбекке жарамсыздықтың әрбір күні үшін осы қызметкерге тіркелген мөлшері немесе сақтандыру сомасының пайызы.

10.2. Бір Сақтандырылған тұлға бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері осы Сақтандырылған тұлғаға осы Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс. Барлық сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері осы Шартта белгіленген жалпы сақтандыру сомасынан аспауы тиіс.

10.3. Зардап шеккен қызметкер Пайда алушы болып табылады, ал ол қайтыс болған жағдайда – Сақтандырылған адамның қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамдар.

10.4. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде қызметкер денсаулығының нашарлауы (мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленетін болады) не қызметкердің қайтыс болуы орын алса, онда Сақтандырушы Сақтанушыдан (пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттар негізінде осы Шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.

10.5. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға және барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

10.6. Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін ұзарту (қайта куәландыру) кезінде денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығындарды өтеу бойынша сақтандыру төлемі жүзеге асырылмайды.

10.7. Сақтандыру төлемін аударуға байланысты шығындар Сақтандырушының есебінен жүргізіледі.

10.8. Осы Ереженің «Сақтандыр жағдайы» 3-бабының 3.1-т. 1) және 2) тәуекелдері бойынша франшиза - қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың жауапкершілігінің лимиті.

10.9. Осы Ереженің «Сақтандыр жағдайы» 3-бабының 3.1-т. 5) тәуекелі бойынша франшиза - тараптардың келісімі бойынша Сақтандыру шартында белгіленеді.

11. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау үшін қызметкерді куәландыру тәртібі

11.1. Қызметкерді еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін айқындауға куәландыруды Сақтанушының, Сақтандырушының не қызметкердің өтініші бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот шешімі бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүргізеді. Денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы және жазатайым оқиға туралы акті куәландыру үшін негіз болып табылады.

11.2. Куәландыру тәртібі қызметкердің еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындауға нәтижесінде жазатайым оқиғаның немесе кәсіби аурудың, сондай-ақ қосымша көмек пен күтім түрлеріне қажеттілік ҚР денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша уәкілетті органмен анықталады.

11.3. Кәсіптік аурулардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

12. Сақтандырушыны сақтандыру төлемінен босату. Сақтандыру төлемінен жүргізуден бас тарту.

12.1. Сақтандырушы Сақтанушыға/ Сақтандырылушыға/ Пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көзделген жағдайларда, атап айтқанда сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүргізуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының/ Сақтандырылушының/ Пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) Сақтанушының/ Сақтандырылушының/ Пайда алушының заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған іс-әрекеттері;

3) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті зақымданудың әсері;

4) Әскерлік іс-әрекеттер немесе әскерлік операциялар/спецоперациялардың, соғыстардың, шапқыншылықтардың, өзге мемлекеттің дұшпандық іс-әрекеттерінің (соғыс жайлы хабарланғанына немесе хабарланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыстың кез келген түрлері;

5) азаматтық соғыс, әр түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер;

6) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

7) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;

8) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі.

9) Асбест, асбест талшықтары немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).

12.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да негіз бола алады:

1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;

3) Пайда алушының шығын келтіруге кінәлі тұлғадан шығынның тиесілі өтеуін алуы;

4) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;

5) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу;

6) кәсіптік ауру нәтижесінде кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылуды белгілеу;

7) Еңбек ету қабілетінен айырылуды белгілеу мерзіміне қарамастан, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін мүгедектігін белгілемей, 5% - дан кем және/немесе 29% - дан жоғары белгілеу;

8) 12 ай және одан көп мерзімге 5% - дан 29% - ға дейін мүгедектігін белгілемей, кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айрылу дәрежесін белгілеу;

9) Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз жәбірленушіге келтірілген залалды Сақтанушының өзі өтеуі.

12.3. Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан орын алса, Сақтандырушы Сақтанушыға/ Сақтандырылушыға/ Пайда алушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1) Сақтанушының Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзуы нәтижесінде;

2) үй-жайларды, жабдықтарды техникалық пайдалану талаптары мен нормаларын сақтамау; нормативтік пайдалану мерзімінен тыс пайдаланылатын конструкциялардың, жабдықтардың, материалдардың тозуы нәтижесінде;

3) зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға байланысты;

4), осыған уәкілеттік берілмеген немесе нұсқау беру, қайта даярлау уақытын кешіктірген персоналдың сондай-ақ олардың әрекет қабілеттілігін шектейтін рухани дерт, эпилепсия және басқа да аурулармен ауыратын адамдардың.өндірісті басқаруына байланысты;

5) орындау кезінде зардап шеккендерге өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін қызметкерге байланысты емес қызығушылықпен жұмыс берушінің, оның ішінде ауысымаралық демалыс және түскі үзілістен вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ мас күйінде қолдану, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогтарын);

6) өз денсаулығына қасақана (қасақана) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап шеккен адам қылмыстық қылмыс жасаған кезде;

7) бірі кенеттен нашарлауынан зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, әсерімен байланысты емес қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың.

8) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін шығыстар сақтандырумен өтелмейді.

9) сақтандырушы сақтанушыға/сақтандырылушыға/пайда алушыға шығыстарды өтеуден бас тартуға құқылы:

а) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі басталғанға дейін және/немесе аяқталғаннан кейін келтірілген;

б) сақтандыру жағдайы күніне дейін келтірілген;

в) сақтандыру жағдайымен себеп-салдарлық байланысы жоқ;

г) санаториялық-курорттық емдеу.

12.4.Сақтандырушы сақтанушыға/сақтандырылған адамға/пайда алушыға сақтандырылушыға кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу мерзімін ұзарту кезінде сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы.

12.5. Сақтандырумен моральдық зиян, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратумен келтірілген зиян (Сақтандырушының сақтандыру құпиясын сақтау міндетімен байланысты емес), Сақтанушының (пайда алушының) шығындары (оның ішінде айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, өндірістің тоқтап қалуына байланысты шығындар, тауарлық құнды/мүліктің тауарлық түрін жоғалту, жіберіп алған пайда), қоршаған ортаға келтірілген зиян өтелмейді.

12.6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды және өтініш пен Сақтандыру шартында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап Сақтанушыға/ Пайда алушыға 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бас тартудың себептерін дәлелдермен негіздей отырып жазбаша түрде хабарлайды.

12.7. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағымдана алады.

13. Сақтандыру шартын өгерту

13.1. Сақтандыру шартына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.

13.2. Шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша рәсімделген және екі тараптың уәкілетті өкілдері қосымша келісім жасай отырып қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.

13.3. Егер Сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің ішінде қызметкерлер тізімі, еңбек ақысының мөлшері өзгеретін болса, онда Тараптардың келісімі бойынша Шартқа Сақтандыру шартының қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен өзгерістер (қызметкерлер тізімі, сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) енгізілуі мүмкін.

13.4. Қызметкерлерді сақтандыру кезіндегі өзгерістер тәртібі

Тізімдегі қызметкерді басқа қызметкермен ауыстыру кезінде, егер бұл ретте сақтандыру сомасы өзгермеген болса, онда қосымша сақтандыру сыйлықақысы төленейді..Шыққан қызметкерлер жұмыстан босатылған немесе басқа жұмысқа ауыстырылған күннен бастап тізімнен шығарылады, ал жаңадан қабылданған қызметкерлер Сақтанушы жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарған күннен бастап тізімге енгізілді деп есептеледі.

Тізімге енгізілген Қызметкерлердің саны ұлғайған кезде тиісті сақтандыру сыйлықақысын төлей отырып, жаңадан қабылданған қызметкерлерге Шартқа қосымша келісім жасалады.

Тізімге енгізілген Қызметкерлердің саны азайған кезде Шартта белгіленген сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушыға Қызметкерлер санының азаюы туралы хабарлаған күннен бастап Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кезеңге тең уақытқа барабар қайта есептеуге жатады. Сақтандырушы Шарт бойынша сақтандыру қорғау мерзімі өткеннен кейін сақтандыру сыйлықақысының тиісті бөлігін қайтарады.

Сақтандыру төлемдері жүзеге асырылған қызметкерді тізімнен шығарған кезде Сақтандырушы осы қызметкерге қатысты Шарттың қолданылу мерзімі өтпеген кезеңі үшін осы қызметкер бойынша өзі төлеген сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушыға қайтармайды.

13.5. Егер Шарттың қолданылу мерзімі ішінде сақтандыру сомасының мөлшері өзгерсе, онда Тараптардың келісімі бойынша Шартқа осы Шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен өзгерістер (сақтандыру сомасының және сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) енгізілуі мүмкін. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының өзгеру сомасы мен негізгі шарт аяқталғанға дейін қалған мерзім негізге алына отырып есептеледі. Сақтандыру тарифі бастапқыда осы Шарт жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне барабар есептеледі.

13.6. Осы Шарттың қолданылуы мерзімі ішінде персоналдың санаты мен қызметкердің кәсіби тәуекел сыныбы өзгерген жағдайда сақтандыру сыйлықақысы осы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзімге барабар қайта есептеуге жатады.

14. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату.

14.1.Шарт мына жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушының ауыстырылмаған жағдайда қайтыс болуы (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 815-бабының 8-тармағы);

2) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

3) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген кезде;

4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

14.2. Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс.

14.3. Сақтанушы Шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

14.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:

- осы Шарттың 14.1-тармақшасында көзделген жағдайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде, Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне және сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35 % (отыз бес пайызы) мөлшерінде іс жүргізуге арналған шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

- Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде, егер бұл осы Шарттың 14.2. тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

14.5. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын Сақтандырушы толық қайтаруға міндетті.

14.6. Осы Шарттың 14.1. тармақшасында көзделген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады:

- Сақтандырушының сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асыруы, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді;

- Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі, бұл ретте Сақтанушыға хабарлау талап етілмейді;

- Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, бұл ретте Шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

14.7. Осы Шарттың 14.6. тармақшасының неіздері бойынша шартты бұзу төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтаруға жатпайды.

14.8.Осы тараудың 14.1 және 14.6.-тармақтарында көрсетілмеген себептер бойынша Шартты біржақты тәртіппен бұзу кезінде бір Тарап екінші Тарапты Шартты бұзу күніне дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын хабардар етуге тиіс.

15. Тараптардың жауапкершілігі және еңсерілмейтін күш жағдайлары.

15.1. Сақтандыру төлемін уақтылы жүргізбеген жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде айқындалған мөлшерде және тәртіпте тұрақсыздық сомасын төлеуге міндетті.

15.2. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеу кезінде Шартта белгіленген тәртіп пен мерзімдерді бұзған жағдайда, Сақтандырушыда сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап ету құқығы және Сақтанушыдан жалпы сақтандыру сыйлықақысы сомасының 35% мөлшерінде айыппұл тұрақсыздық айыбын өндіріп алу құқығы туындайды.

15.3. Өз міндеттемелерін Шарт бойынша орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды.

15.4. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

15.5. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

15.6. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет.

16. Дауларды шешу тәртібі

16.1. Сақтаныру шартынан немесе оған қатысты туындайтын кез-келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

16.2.Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, Сақтаныру шартынан туындайтын барлық даулар келіспеушіліктер, талаптар немесе оған қатысты бұзушылық, тоқтату, жарамсыздық Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.

17. Қосымша талаптар

17.1. Сақтандыру шартында айтылмаған барлық нәрсе осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі. Сақтандыру шарты мен осы Ереже арасында қайшылықтар болған жағдайда сақтандыру шартының ережелері қолданылады.

17.2. Тараптардың келісімі бойынша осы Ережеге сәйкес жасалатын Шартқа, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін болса, ерекше жағдайлар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) қосылуы мүмкін.

17.3. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

17.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

17.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 17.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

17.6. Сақтанушы 1)-5) 17.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту