ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ

22.04.2022ж. өзгерістер

09.06.2022ж. өзгерістер

08.09.2022ж өзгерістер

08.09.2022ж. өзгерістер

16.03.2023ж. өзгерістер

06.04.2023ж. өзгерістер

22.06.2023ж. өзгерістер

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы жазатайым жағдайлардан сақтандыру Ережесі (бұдан әрі – «Ереже») негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы Акционерлік Қоғамы, ары қарай «Сақтандырушы» деп аталатын, жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.

1.1-1. Жазатайым оқиғадан сақтандыру сақтандыру төлемін белгіленген сомада және (немесе) сақтандырылушының қайтыс болған, еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) айырылған (толық немесе ішінара) немесе жазатайым оқиға, кәсіптік ауру салдарынан сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда шығыстарына ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді, ауруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда.

1.2. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) Сақтандырушы –Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияға ие, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына Шарт жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға.

2) Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға.

3) Сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы да болып табылады.

4) Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтандырылушы болып табылатын Сақтанушы Пайда алушы да бола алады. Егер Сақтанушы Сақтандырылушы болып табылмаса, онда Пайда алушы Сақтандырылушы болуы керек, немесе ол Сақтандырылушының жазбаша келісімімен тағайындалады. Егер Пайда алушы Шартта белгіленбеген болса, ол Сақтандырылушы деп ұйғарылады. Егер Сақтандырылушының қайтыс болуы Шартта көзделген жағдай болып табылса, онда мұндай Сақтандырылушы Сақтанушы болып табылмаса не ол болып табылса, бірақ Шартта пайда алушы белгіленбеген жағдайда Сақтандырылушының мұрагерлері Пайда алушылар болып танылады.

5) Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай.

6) Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

7) Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

8) Франшиза – сақтандыру талаптарымен көзделген Сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату, бұл ретте барлық жағдайларда залал белгіленген соманы шегере отырып өтеледі. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады.

Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ залалды толығымен өтеуі тиіс, егер оның мөлшері бұл сомадан көп болатын болса.

Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген соманы шегерумен өтеледі.

Франшиза сақтандыру сомасының пайызы ретінде немесе абсолютті мөлшерде белгіленеді.

9) Жазатайым жағдай – адамның еркінен тыс, ағзаға сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде болған және Сақтанушының кенеттен жіті ауыруын және/немесе қайтыс болуын болдырған, кенеттен болған қысқа уақыттық оқиға (уақиға).

Жазатайым жағдайға сипаты, басталу уақыты мен орны айқын анықталуы мүмкін әртүрлі сыртқы факторлардың бір мезеттік, кенеттен болған әсері жатады: табиғаттың дүлей құбылысы, жарылыс, күю, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, найзағай түсу, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері, жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, қандай да бір заттың немесе Сақтандырылушының өзінің құлауы, сондай-ақ көлік құралдарының (автомобильдің, поездың, трамвайдың және т.б.) қозғалысы/пайдалану кезінде, машиналарды, механизмдерді, қару-жарақтар мен түрлі құралдарды пайдалану кезінде алынған жарақаттар жатады.

Жазатайым жағдайларға жатпайды: жіті, созылмалы және тұқым қуалайтын аурулардың кез келген түрлері (оның ішінде инфаркт, инсульт және тұқым қуалайтын патологиядан немесе аурудың дамуы нәтижесінде пайда болған патологиядан туындаған мүшелердің кенеттен өзге де зақымдануы), анафилактикалық шок, сондай-ақ инфекциялық аурулар, тағамдық токсикоинфекция.

1.3. Шарт бойынша іс-әрекетке қабілетті жеке (азаматтығына қарамастан) және заңды (меншік нысанына қарамастан) тұлғалар Сақтанушылар бола алады.

1.4. Шарт бойынша Сақтандырылушы жасы бойынша шектеусіз жеке тұлғалар болуы мүмкін.

1.5. Бір Шарт бойынша аты аталған тізім бойынша және штаттық кесте бойынша тұлғалар тобы сақтандырылуы мүмкін. Иесіздендірілген сақтандыру кезінде Сақтандырылушылар тобы Шартта немесе оған қосымшаларда әрбір Сақтандырылушыға қатысты сақтандыру жағдайын, оның салдарын және оған тиесілі сақтандыру төлемінің мөлшерін дараландыру үшін қажетті шамада нақтылануы тиіс.

1.6. Сақтандырушы Шарттың қолданылуы басталған сәтте мынадай санаттардың біріне жататын тұлғаға немесе тұлғаларға қатысты Шарт жасасудан бас тартуға құқылы:

1) Шарт жасау кезінде оған қатысты мүгедектік белгіленген адамдар еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) және/немесе кәсіптік ауруға шалдығудың (толық немесе ішінара) дәрежесі белгіленген;

2) есірткіні қолданатын/қолданған адамдар; уытты заттарды уытқұмарлық мас болу мақсатында пайдаланатын/пайдаланған адамдар; алкоголизмнен зардап шегетін/зардап шеккен адамдар;

3) жүйке және психикалық бұзылулары тұрақты, психоневрологиялық диспансерде осы мәселе бойынша есепте тұрған/тұратын адамдар;

4) алкогольдік, есірткілік немесе психотроптық мас болу (кез келген дәрежедегі) нәтижесінде туындаған жарақаттар алған немесе аурулары не олардың салдары болатын/болған адамдар);

5) өзіне қасақана дене жарақатын келтірген, оның ішінде өзіне-өзі қол жұмсауға оқталғандар;

6) психикалық аурулармен, эпилепсиямен, жүйке жүйесінің дегенеративті - дистрофиялық және демиелинизацияланатын аурулармен байланысты туындаған жарақаттар алған немесе осындай аурулары не олардың салдары бар/ болған адамдар.

1.7. Егер Шарт осы Ереженің 1.6-тармағында көрсетілген тұлғалардың біріне қатысты жасалғаны анықталса, онда Сақтандырушының талабы бойынша мұндай Шарт осы тұлғаға қатысты жасалған сәттен бастап жарамсыз деп танылуы мүмкін. Шартты жарамсыз деп танудың салдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.

2. Сақтандыру объектісі

2.1. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін жазатайым жағдайдан туындаған өлімі, еңбекке қабілеттілігін (жалпы немесе кәсіби) жоғалтуымен (толық немесе ішінара) немесе Сақтандырылушының денсаулығына өзге зиян келтірумен байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

2.2. Шартта қарастырылуы мүмкін:

1) өндірістегі жазатайым оқиғадан сақтандыру, жұмыс беруші берген көлікпен үйден қызметтік міндеттерін атқару орнына және кері қайту жолына қажетті уақытты қоса алғанда;

2) өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғадан сақтандыру (тәулігіне 24 сағат);

3) тұрмыстағы жазатайым оқиғадан сақтандыру;

4) жол жүру, демалу кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыру;

5) белгілі бір жұмысты орындау уақытына жазатайым оқиғадан сақтандыру;

6) жазатайым оқиғалардан сақтандырудың басқа нұсқалары.

3. Сақтандыру жағдайы

3.1. Шартта келесі сақтандыру жағдайлары қарастырылуы мүмкін:

1) жазатайым оқиғаның нәтижесінде туындаған Сақтандырылушының өлімі;

2) Сақтандырылушының жазатайым оқиғаның нәтижесінде туындаған себеппен мүгедектігі анықталуы;

3) жазатайым оқиғаның нәтижесінде Сақтандырылушының «мүгедек-бала» санатына белгіленуі;

4) Сақтандырылушының мүгедектік белгілеуге әкеп соқпайтын еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) айырылу дәрежесін айқындау;

5) Сақтандырылушының уақытша еңбек ету қабілетін жоғалтуы;

6) жазатайым оқиға нәтижесіндегі жарақат (зақымдану).

3.2. Осы Ереженің 3.1. тармағында қарастырылған оқиғалар Шарттың әрекет ету кезеңінде орын алған жазатайым оқиғаның салдары болып табылса және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзіретті органдармен (медициналық мекемелер, сот, т.б.) берілген құжаттармен расталған болса сақтандыру жағдайы болып танылады.

3.3. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарттың әрекет ету кезеңінде болған жазатайым оқиғаның салдары болып табылатын Сақтандырылушының өлімі жазатайым оқиға күнінен кейінгі 12 ай ішінде орын алса сақтандыру жағдайы болып танылады.

3.4. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі туатын оқиғалардың нақты тізбесі Шартта келісіледі.

4. Сақтандыру сомасын анықтау тәртібі

4.1. Сақтандыру сомасы Сақтанушының Сақтандырушымен келісімімен анықталады және Шартта көрсетіледі.

4.2. Шартпен белгіленуі мүмкін:

1) жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі - бұл жағдайда барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы Шарт қолданысының барлық кезеңінде осы көлемнен аспайды;

2) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

3) Сақтандырылушылардың әрбірі немесе олардың тобы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі.

5. Сақтандыру сыйлықақысын анықтау тәртібі. Франшиза

5.1. Сақтандырушы төленуі тиісті сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін Сақтандырылушының жасы, кәсібі, денсаулық жағдайын, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталуының тәуекел дәрежесіне әсер ететін өзге факторларды ескере отырып есептеледі.

5.2. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру жарналары түрінде, қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз бір мезгілде немесе бөліп төлеуі тиіс. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудің нақты тәртібі мен төлеу мерзімі Шартта айтылады.

5.3. Шартта франшиза (шартты және шартсыз) қарастырылады, оны таңдау құқығы Сақтанушыға беріледі.

5.4. Франшизаның мөлшері тараптардың келісімімен анықталады және әр жағдай үшін жеке айтылады.

6. Шартты жасау тәртібі

6.1. Сақтандыру шарты тараптардың сақтандыру шартын құру жолымен жазбаша түрде жасалады.

6.2. Сақтанушының ауызша және жазбаша өтініші Шарт жасауға негіз болып табылады. Шартты жасау үшін Сақтандырушы Сақтанушыдан (Сақтандырушылардан) сақтандыру тәуекелін сипаттайтын қосымша ақпаратты талап етуі мүмкін.

6.3. Сақтанушы Сақтандырушыға Шарт жасасу кезінде Сақтанушыға/Сақтандырылушыға белгілі, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан болатын ықтимал шығындардың мөлшерін айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар Сақтанушыға белгілі болмаса және белгілі болмауы тиіс болса, хабарлауға міндетті.

6.4. Денсаулық жағдайын тексеру нәтижесінде Сақтандырушыға түскен ақпарат қатаң құпия болып табылады. Алайда Сақтандырушы тәуекел дәрежесін бағалау үшін және қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және т.б. шартын ресімдеу үшін Сақтандырылушы туралы деректерді қажетті көлемде қайта сақтандырушыға немесе басқа сақтандырушыға беруге құқылы. Сақтандырылушы туралы деректерді делдалдарға беруге сақтандыру мақсаттары үшін қажетті шамада ғана жол беріледі.

6.5. Сақтандыру шарты мыналарды қамтуы тиіс:

1) Сақтандырушының атауы, орналасу жері және банктік деректемелері;

2) Сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономикалық секторын көрсету;

3) Сақтанушының (егер ол жеке тұлға болса) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тұрғылықты жері немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасу жері және банктік деректемелері;

4) Сақтандыру объектісін көрсету;

5) Сақтандыру жағдайын көрсету;

6) Сақтандыру сомасының мөлшері және сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі және мерзімі;

7) Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оны төлеудің тәртібі және мерзімі;

8) Шартты жасау күні және әрекет ету мерзімі;

9) Егер олар сақтандыру қатынасының қатысушылары болса, Сақтандырылушыны және Пайда алушыны көрсету;

10) сақтандыру аумағы;

11) Шарттың нөмірі, сериясы;

12) Шарттың талаптарына өзгеріс енгізудің тәртібі және жағдайлары;

13) Сақтанушыны немесе сақтандырылушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабарлаудың мерзімдері;

14) Сақтандыру сомасының, сақтандыру төлемінің және сақтандыру сыйлықақысының валюта түрі;

15) Сақтандырылушының (пайда алушының), егер сақтандыру шарты бойынша ол Сақтанушы болып табылмаса, сақтандыру шартында Сақтандырылушының (Пайда алушының) көрсетілуі жағдайында, сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі және экономикалық секторы;

6.6. Шартты жоғалту жағдайында Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша арызының негізінде оған Шарттың телнұсқасын беруге міндетті, одан кейін жоғалған Шарт жарамсыз болып саналады, және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді. Жоғалған Шарттың орнына Шарттың телнұсқасын беру кезінде Сақтандырушы Сақтанушыдан оны дайындау құнын өндіріп алуға құқылы.

7. Шарттың әрекет ету мерзімі және орны.

7.1. Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төленген күннен кейінгі күннен бастап, ал бөліп төлеу кезінде - бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап, егер Шартта өзгеше көзделмесе, күшіне енеді және екі тарап үшін де міндетті болады.

7.2. Егер Сақтандырушы мен Сақтанушы өзгеше келісім жасамаса, Шарт 12 ай мерзімге жасалады. 12 айдан аз мерзімге сақтандыру кезінде, сақтандыру сыйлықақысы жылдық сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің пайызымен есептеледі, бұл ретте толық емес ай толық болып есептеліп кетеді:

Сақтандыру мерзімі

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының %

Сақтандыру мерзімі

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының %

1-айдың 1айына дейін

15%

6 ай

70%

1 ай

20%

7 ай

75%

2 ай

30%

8 ай

80%

3 ай

40%

9 ай

85%

4 ай

50%

10 ай

90%

5 ай

60%

11 ай

95%

7.3. 12 айдан ұзақ мерзімге сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысы әрбір ай үшін 1/12 есебіне сүйене отырып есептеледі.

7.4. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру қорғанысының әрекет ету мерзімі Шарттың әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

7.5. Осы Ережеге сай, егер Шартта өзгеше айтылмаса, Қазақстан Республикасының аумағы сақтандыру аумағы болып саналады.

8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

8.1. Сақтандырушы құқылы:

1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

2) сақтандыру тәуекелін бағалауға;

3) сақтандыру сыйлықақысын уақтылы алуға;

4) сақтандыру жағдайын тергеуге қатысу;

5) құзіретті органның аумақтық бөлімшесі қызметкерді куәландыру кезінде қатысуға;

6) сақтандыру жағдайлары бойынша ақпаратты тексеру және қажеттілігінде тиісті құзіретті органдарға сұраныс жіберу;

7) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін Сақтанушының объектілерінде тексеру жүргізу;

8) кез келген орынды уақытта тәуекелдің туындауына ықпал ететін жағдайлардың болуын тексеру;

9) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтау, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұрату;

10) осы Шартта көзделген жағдайларда сақтандыру төлемінен бас тарту;

11) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнінде ұсыныстар беру;

12) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тарту;

13) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алуға және шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап ету;

14) Сақтанушының Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы тәуекел дәрежесінің ұлғаюына немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге мөлшерлес Шарт талаптарының өзгеруіне қарсылық білдірсе, Сақтандырушыға дереу хабарлау міндетін орындамау жағдайында Шартты бұзуды талап ету;

15) сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыдан алдыңғы сақтандыру шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты және сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті өзге де мәліметтерді ұсынуды талап ету;

16) сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыдан сақтандыру тәуекелінің басталу дәрежесін және салдарларын айқындау үшін құжаттар мен мәліметтерді ұсынуды талап ету;

17) сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтанушыдан "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес мәліметтер мен растайтын құжаттарды ұсынуды талап ету;

18) Сақтанушы осы тармақтың 15-17-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда Шарт жасасудан бас тартуға құқығы бар.

18-1) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтанушының жосықсыз мінез-құлық белгілері анықталған (айқындалған) кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру, сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізу туралы хабарламаны тоқтата тұру күнінен кейінгі күннен кешіктірмей жіберу;

19) Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.2. Сақтандырушы міндетті:

1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);

2) ҚР АК 830-бабына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

3) Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушы осы сақтандыру Ережесінің 9-тармағының 9.1-тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар ету;

4) Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберу;

5) Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген шығындарды, бірақ сақтандыру сомасының 5% - ынан аспайтындай өтеу;

6) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға міндетті.

8.3. Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан жазатайым оқиғалардан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) Сақтандырылушының немесе Сақтандырушының келісімімен Сақтандырылушыны немесе Сақтандырылушы болып табылатын Пайда алушыны ауыстыру;

3) сақтандыру жағдайы басталғанға дейін Сақтандырылушы болып табылмайтын Пайда алушыны Шартта көрсетілген басқа тұлғамен бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша хабарлап, Сақтандырылушының келісімімен ауыстыруға міндетті. Пайда алушыны өзінің Сақтанушымен келісімінен туындайтын шарт бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде талап қойғаннан кейін басқа тұлғамен ауыстыруға болмайды.

4) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

5) осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

8.4. Сақтанушы міндетті:

1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2) Шарт жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

3) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

4) Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;

5) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде Шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

6) уәкілетті орган мен Сақтандырушы өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексеруді қамтамасыз етуге;

7) сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеуге;

8) сақтандырушыға сақтандыру төлемін есептеу үшін қажетті құжаттарды ұсынуға;

9) сақтандыру шартын жасасу үшін Сақтандырушы сұратқан қажетті ақпаратты беруге;

10) Сақтандырушының Сақтандырылушылардың/ Пайда алушылардың дербес деректерін жинауға және сақтауға, өңдеуге және пайдалануға, беруге Сақтандырылушылардың/ Пайда алушылардың жазбаша келісімін қамтамасыз етуге;

11) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.5. Пайда алушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) Шарт жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

3) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;

4) сақтандыру төлемін шартта көзделген тәртіппен және жағдайларда алуға;

5) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

6) Осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.6. Осы баптың тараптарының құқықтары мен міндеттерінің тізбесі толық болып табылмайды, Тараптардың жекелеген міндеттері осы Ереженің басқа бөлімдерінде көзделген. Тараптардың осы Ережеде көрсетілген құқықтары мен міндеттері Шартпен өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

9. Сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтанушының/ Сақтандырылушының/ Пайда алушының іс-әрекеті

9.1. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болуы тиіс/ болғаннан кейін (сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалар), Сақтанушы/ Сақтандырылушы/ Пайда алушы міндетті:

1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдау;

2) болған оқиға туралы дереу құзіретті органдарға хабарлау;

3) дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;

4) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;

5) Сақтандырушыға үшінші тұлғалардан сақтандыру жағдайының нәтижесінде келтірілген шығындардың қандай да бір өтемін (өтемақысы) алу туралы дереу жазбаша түрде хабарлау;

6) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға Сақтанушының мүдделерін білдіруге сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттарды беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес.

7) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау.

8) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген міндеттемелер Шарттта өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

10. Сақтандыру жағдайының басталғанын және залал мөлшерін растайтын құжаттардың тізбесі

10.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Сақтандырылған, Пайда алушы) сақтандырушыға мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:

1) сақтандыру жағдайы туралы өтініш;

2) Шарттың көшірмесі;

3) Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда: қайтыс болғаны туралы медициналық қорытындының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; патологоанатомиялық ашу хаттамасының көшірмесі (егер ашу жүргізілмесе – туыстарының ашудан бас тарту туралы өтінішінің көшірмесі және патологоанатомиялық бөлімшеден анықтаманың көшірмесі, оның негізінде қайтыс болғаны туралы куәлік беріледі);

4) Сақтандырылушының мүгедектігі белгіленген жағдайда: мүгедектікті белгілеу туралы МӘСК анықтамасының көшірмесі;

5) Сақтандырылушының мүгедектіктін белгілеуге әкеп соқпайтын еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (жалпы немесе кәсіптік) анықталған жағдайда - еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу туралы МӘСК анықтамасының көшірмесі;

6) Сақтандырылушының еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген кезде - жұмыс берушінің мөрімен және қолымен расталған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарының көшірмелері;

7) Сақтандырылушы жарақат алған кезде: травматологиялық пункттен анықтаманың түпнұсқасы; рентгенолог-дәрігердің сипаттамасы бар көрсеткіштер болған кезде рентген кескіні;

8) уәкілетті тұлға куәландырған және тиісті медициналық мекеменің мөрімен бекітілген амбулаториялық карта, ауру тарихы не көрсетілген құжаттардан үзінді көшірмелер;

9) құзыретті органдардың тиісті құжаттарының (ішкі істер, прокуратура, тергеу, анықтау органдарының, сот органдарының, өрт қадағалау органдарының және т. б. құжаттары) түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалар куәландырған көшірмелері, сақтандыру жағдайының басталғанын, келтірілген зиянды растайтын, кінәлі адамдарды зиян келтіруде белгілейтін құжаттар;

10) өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт, өндірістегі жазатайым оқиғаны арнайы тергеп – тексеру актісі, егер мұндай құжаттар жасалған болса.

11) спорт мекемесінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталған (Сақтандырушының сұрауы бойынша) жаттығулар немесе жарыстар өткізу кезінде жарақат алғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы;

12) жазатайым оқиға басталған кездегі психоактивті затты пайдалану фактісін және/немесе алкогольдік мас болу жай-күйін анықтау жөніндегі құжаттың түпнұсқасы (Сақтандырушының сұрауы бойынша).

10.2. Егер сақтандыру жағдайы жол-көлік оқиғасы кезінде орын алса, осы Ереженің 10.1-тармағында санамаланған құжаттар тізбесіне қосымша мыналарды ұсыну қажет: жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, ЖКО схемасы, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттамаға қосымша, жол полициясы органдарына ЖКО қатысушыларының түсініктемесі, ЖКО қатысушыларын медициналық куәландыру хаттамалары; сот қаулылары;

10.3. Егер сақтандыру төлемі туралы мәселені шешу үшін Сақтандырушыға қосымша ақпарат керек болса, ол сақтандырылушыдан медициналық сараптамадан өтуді талап етуге құқылы. Медициналық сараптама сақтандырушы көрсеткен емдеу мекемесінде Сақтанушының (сақтандырылушының) есебінен жүргізіледі.

10.4. Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.

10.5. алынып тасталды.

10.6. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген зиянның мөлшерін дәлелдеу ҚР АК 817-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) және Пайда алушыға жүктеледі.

11. Сақтандыру төлемін жүргізудің тәртібі мен талаптары

11.1. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, сақтандыру төлемі мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:

1) Сақтанушы (Сақтандырылушы) қайтыс болған кезде-сақтандыру сомасының 100%;

2) Сақтанушыға (сақтандырылушыға) мүгедектік белгіленген кезде:

1 топ-сақтандыру сомасының 80%;

2 топ-сақтандыру сомасының 60%;

3 топ – сақтандыру сомасының 40%.

3) Сақтандырылушыға "мүгедек бала" санатын белгілеген кезде-сақтандыру сомасының 60%;

4) Сақтандырылушының мүгедектіктін белгілеуге әкеп соқпайтын еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (жалпы немесе кәсіптік) айқындау кезінде сақтандыру сомасының 10% мөлшерінде жүзеге асырылады;

5) жазатайым оқиға салдарынан жарақат алған (мертіккен) кезде – төлем кестесіне сәйкес;

6) Сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігінен уақытша айырылуы белгіленген кезде еңбекке қабілетсіздіктің әрбір күні үшін сақтандыру сомасының 0,05% мөлшерінде, бірақ 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

11.2. Сақтандырылушы жарақат алған (мертіккен) кезде сақтандыру төлемінің мөлшері Төлем Кестесі бойынша зақымданудың сипаты туралы медициналық қорытындының негізінде айқындалады.

11.3. Сақтандырылушы Төлемдер кестесінің бірнеше баптары (баптардың тармақшалары) бойынша сақтандыру төлемі көзделген бір жазатайым оқиға нәтижесінде бірнеше жарақат (мертігу) алған кезде сақтандыру төлемі төлемніңең көп мөлшері көзделген бір ғана жарақат (зақым) бойынша жүзеге асырылады. Өзара байланысты емес әртүрлі жазатайым оқиғалар нәтижесінде болған бірнеше (жарақаттар/мертігулер) үшін төлемдердің жалпы сомасы Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспауы тиіс.

11.4. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиға нәтижесінде Сақтандырылушының денсаулығы нашарласа (мүгедектік немесе мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы анықталса) не Сақтандырылушының өлімі орын алса, онда Сақтандырушы Сақтандырылушыдан (пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттар негізінде Шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Сақтандырушы сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеген кезде бұрын төленген сомаларды есепке алады және Сақтандырушы айырманы қосымша төлейді.

11.5. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

12. Сақтандыру төлемінен бас тарту.

12.1. Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзушылық деп танылған іс-әрекеттері.

12.2. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру жағдайы келесілердің нәтижесінде болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті зақымданудың әсері;

2) Әскерлік іс-әрекеттер немесе әскерлік операциялар/спецоперациялардың, соғыстардың, шапқыншылықтардың, өзге мемлекеттің дұшпандық іс-әрекеттерінің (соғыс жайлы хабарланғанына немесе хабарланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыстың кез келген түрлері, терроризм актілері;

3) азаматтық соғыс, әр түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер;

4) Сақтандырылушының өзіне-өзі қол жұмсауы немесе өзіне-өзі қол жұмсауға оқталуы;

5) жұмыстың қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде Сақтанушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамауы;

6) кез келген ауру, оның ішінде кәсіптік аурулар;

7) пластикалық операциялар, косметологиялық емдеу және сыртқы келбеті немесе дене ауытқулары кемшіліктерін жоюға байланысты емдеудің басқа да түрлері;

8) психикалық аурулар мен бұзылулар, венерологиялық аурулар, АИТВ және ЖИТС, онкологиялық аурулар, туа біткен аурулар мен даму кемістіктері, туберкулез, қант диабеті және олардың салдарлары, апоплекстік соққы, эпилептикалық талма немесе басқа да талмалар, конвульсивтік ұстамалар жатады. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген мән-жайлар салдарынан болған оқиғалар, егер құзыретті органдардың құжаттарында Сақтанушының шарт жасасу кезінде осы мән-жайлардың бар-жоғы туралы білгені немесе білуге тиіс екені анықталса, сақтандыру жағдайлары болып танылмайды;

9) жүктілік/босану бойынша асқынулар, сондай-ақ түсік тастау, уақытынан бұрын өздігінен түсік тастау, кесар операциялары;

10) Сақтанушы алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан мас күйінде болған жағдайларда;

11) тыныс алу аппараттарын пайдалана отырып су астында жүзуді қоса алғанда, әуесқойлық немесе кәсіптік спортпен шұғылдану; жартасқа өрмелеу немесе альпинизм, спелеология, дельтапланеризм, парашют спорты, авиациялық спорт түрлері және т. б;

12) аң аулау немесе атқа міну сабақтары;

13) автожарыстарға немесе жарыстарға жүргізуші немесе қатысушы ретінде қатысу;

14) мотоциклді немесе скутерді (су мотоциклін) басқару;

15) егер 11, 12, 13, 14 тармақтарында санамаланған тәуекелдер шарт жасасу кезінде спорт түрі ретінде мәлімделген және спортшылардың жазатайым оқиғасынан сақтандыру бағдарламасының тиісті тарифі бойынша төленген жағдайларда бұл тармақтар қолданылмайды;

16) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

17) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;

18) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, портативтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі;

19) Асбест, асбест талшықтары немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).

12.3. Егер Шарт жасалған сәтте сақтандырылушыға қатысты мүгедектік, еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) айрылу (толық немесе ішінара) және/немесе кәсіптік ауру анықталса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

12.4. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:

1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;

3) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;

4) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу. Сақтандырушыны Шартта көрсетілген мерзімде сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету фактісі (сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиға) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетімен (мүмкіндігімен) тікелей байланысты (уәкілетті органға есептерді уақтылы және дұрыс ұсыну, сақтандыру төлемі үшін резервтік сомаларды уақтылы қалыптастыру, қайта сақтандырушыға және т.б. хабардар ету). Тиісінше Тараптар сақтандырушыны сақтандыру жағдайы туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу соңғысын сақтандыру төлемін жүзеге асыру мүмкіндігінен айыратынын және бұл сақтандыру жағдайы басталған кезде қосымша дәлелдемелерді талап етпейтінін түсінеді және осымен растайды.

5) заң актілерінде көзделген басқа да жағдайлар;

12.5. Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушының) шығындары, моральдық зияны (соның ішінде айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, емдеу, мүгедектікті белгілеу бойынша шығындар, алынбай қалған пайда) сақтандырумен өтелмейді.

12.6. Егер Шартта өзгеше айтылмаса, Сақтандырушы сақтанушыға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.

12.7. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) сотқа шағымдана алады.

13. Шартты өгерту

13.1. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Тараптардың бірі өтініш алған сәттен бастап шешім қабылданған сәтке дейін Шарт бұрынғы талаптарда қолданылады. Шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша рәсімделген және екі тараптың уәкілетті өкілдері қосымша келісім жасай отырып қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.

13.2. Сақтандырылушылар тізімін өзгерту:

13.2.1. Сақтандырылушыны шығарған/қосқан кезде Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер/толықтырулар енгізу қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Сақтандырылушы тізімнен шығарылған жағдайда Сақтанушы бұл туралы сақтандырушыға 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей ескертуге міндетті. Сақтандырылушылар тізімінен шығарылатын адамға қатысты сақтандыру қорғауының қолданылуы Сақтандырушы алып тастау туралы хабарламаны алған күннен кейінгі күні тоқтатылады.

13.2.2. Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қою арқылы жазбаша ресімделеді және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері Сақтандырушы тиісті хатты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қояды.

13.2.3. Сақтандыруға жаңа Сақтандырылушыларды қабылдау осы Шарттың қолданысынан аспайтын мерзімге жүргізіледі.

13.2.3.1. Шарттың қолданылу кезеңінде Сақтандырылушылардың тізіміне 12 (он екі) айдан кем мерзімге жаңа Сақтандырылушы енгізілген жағдайда бір Сақтандырылушыға сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшері белгіленеді:

Сақтандыру мерзімі

(тіркелетін Сақтандырылушыға қызмет көрсетілетін айлардың саны)

Бір Сақтандырылушы үшін сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

(тиісті сақтандыру бағдарламасы бойынша жылдық сақтандыру сыйлықақысының пайыздарымен)

1 айға дейін

15 %

1 ай

20%

2 ай

30%

3 ай

40%

4 ай

50%

5 ай

60%

6 ай

70%

7 ай

75%

8 ай

80%

9 ай

85%

10 ай

90%

11 ай

95%

12 ай

100%

13.2.3.2. Сақтанушы қосымша сақтандыру сыйлықақысын тараптар қосымша келісімге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бір мезгілде төлеуге міндетті.

13.2.3.3. Жаңа Сақтандырылушыларға қатысты сақтандыру қорғауының қолданылуы қосымша сақтандыру сыйлықақысы төленген күннен кейінгі күннен басталады. Банк шотына немесе Сақтандырушының кассасына ақша түскен күн сақтандыру сыйлықақысын төлеу күні болып саналады.

13.2.4. Алынып тасталатын Сақтандырылушыларға қатысты сақтандыру қорғауының қолданылуы Сақтандырушыға Сақтандырылушыны алып тастау туралы сақтанушының жазбаша хабарлама келіп түскен күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады.

13.2.4.1. Оған қатысты сақтандыру төлемдері жүзеге асырылған Сақтандырылушы тізімінен шығарылған кезде осы Сақтандырылушы үшін төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтаруға жатпайды.

13.2.4.2. Сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған Сақтандырылушы тізімінен шығарылған кезде Сақтандырушы осы Сақтандырылушы бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35% - ын құрайтын істі жүргізуге жұмсалған шығындарды шегере отырып, осы Сақтандырылушыға қатысты Шарт қолданысының өтпеген кезеңі үшін ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын сақтанушыға қайтарады.

13.2.4.3. Шарт қолданысының өткен кезеңі сақтандыру қолданылған айларға барабар анықталады, бұл ретте өткен толық емес ай толық болып есептеледі.

13.2.5. Сақтандырылғандарды ауыстыру:

13.2.5.1. Сақтанушының өтініші бойынша бұрынғы Сақтандырылушыға қатысты сақтандыру төлемдері жүзеге асырылмаған жағдайда, Сақтандырылушыны қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлемей ауыстыру жүргізілуі мүмкін.

13.2.5.2. Қайта Сақтандырылушыға қатысты бұрынғы Сақтандырылушыға қатысты қолданылған сақтандыру бағдарламасы қолданылады. Қайта Сақтандырылушыға қатысты сақтандыру қорғанысы Тараптар Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімге қол қойған күннен кейінгі күннен бастап әрекет ете бастайды.

14. Шартты тоқтату.

14.1. Шарт мына жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) сақтандыру объектісі өз әрекетін тоқтатқан кезде;

2) Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушының ауыстырылмаған жағдайда қайтыс болуы (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 815-бабының 8-тармағы);

3) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, Сақтанушының мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен шығаруы;

4) өзінің кәсіпкерлік тәуекелін немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырушыларға кәсіпкерлік қызметті белгіленген тәртіппен тоқтатқан кезде;

5) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген кезде;

7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс.

14.2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

14.3. Шарттан бас тартудың және мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:

1) 14.1-тармақшада көзделген жағдайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне және сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35 % (отыз бес пайызы) мөлшерінде іс жүргізуге арналған шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

2) Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде, егер бұл осы Шарттың 14.1. тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

14.3-1. Сақтанушы-жеке тұлға шарттан бас тартқан кезде, ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Сақтандырушы Сақтанушы-жеке тұлғаға сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігін шегергендегі алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) сақтандыру қолданылған уақытқа және Шарттың бұзылуына байланысты алынған сақтандыру сыйлықақысының 10% -ын құрайтын шығындарға барабар қайтаруға міндетті.

14.3-2. Сақтанушы-жеке тұлға қарыз шартына байланысты шарттан бас тартқан кезде, оның (қарыз алушының) қарыз шарты бойынша қарыз беруші алдындағы міндеттемелерін орындауы себебінен сақтандырушы алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігін шегергендегі сақтандыру қолданылған уақытқа және алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) 10% -ын құрайтын Шартты бұзуға байланысты шығыстарға барабар Сақтанушы-жеке тұлғаға қайтаруға міндетті.

14.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын Сақтандырушы толық қайтаруға міндетті.

14.5. Осы Шарттың 14.1. тармақшасында көзделген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) Сақтандырушының сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асыруы, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді;

2) Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі, бұл ретте Сақтанушыға хабарлау талап етілмейді;

3) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, бұл ретте Шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

14.6. 14.5. тармақшада көрсетілген жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

14.7. Осы баптың14.1 және 14.5.-тармақтарында көрсетілмеген себептер бойынша Шартты біржақты тәртіппен бұзу кезінде бір Тарап екінші Тарапты Шартты бұзу күніне дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын хабардар етуге тиіс.

15. Форс-мажор

15.1. Өз міндеттемелерін Шарт бойынша орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды.

15.2. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

15.3. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

15.4. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет.

15.5. Сақтандыру сыйлықақысын/кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы жүргізбеген жағдайда Сақтанушы Сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353- бабында айқындалған мөлшерде және тәртіпте тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

15.6. Сақтандыру төлемін уақтылы жүргізбеген жағдайда Сақтандырушы Пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 353- бабында айқындалған мөлшерде және тәртіпте тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

16. Дауларды шешу тәртібі

16.1. Шарттан немесе оған қатысты туындайтын кез-келген даулар және/немесе келіспеушілітер келіссөздер арқылы шешіледі.

16.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.

16.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа тәртібі қарастырылуы мүмкін.

17. Қосымша талаптар

17.1. Тараптардың келісімі бойынша осы Қағидаларға сәйкес жасалатын шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ерекше талаптар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) енгізілуі мүмкін.

17.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

17.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

17.4. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 17.2. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

17.5. Сақтанушы 1)-5) 17.2. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.



Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту