22.04.2022ж. өзгерістер
09.06.2022ж. өзгерістер
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Қазақстан Республикасының шетелге шығатын тұлғаларының сапардың күшінің жойылуына байланысты шығындарын ерікті сақтандыру ережесінің (бұдан әрі – «Ереже») шарттарына сәйкес бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы Акционерлік Қоғамы Қазақстан Республикасының шетелге шығатын тұлғаларының сапардың күшінің жойылуына байланысты шығындарын ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.
1.2. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1.2.1. Сақтандырылушының жақын туыстары – Сақтандырылушының ата-анасы (асырап алушылары), Сақтандырылушымен тіркелген некеде тұратын жұбайы/зайыбы, оның балалары, оның ішінде асырап алған, сондай-ақ туған бауырлары, апа-қарындастары, әжелері, аталары, немерелері;
1.2.2. Кенеттен жіті ауру – клиникалық тұрғыда органдардың және/немесе жүйелердің зақымдалуымен көрінетін, өмірі үшін қауіп төндіретін және жедел медициналық көмекті талап ететін Сақтандырылушының денсаулық жағдайының күтпеген өзгеруі (аурулар, жарақаттар).
1.2.3. Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Шартты жасау кезінде Сақтанушы Шарт бойынша сақтандыру төлемін алу үшін кез келген тұлғаны Пайда алушы ретінде тағайындауға, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталғанға дейін, бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша хабарлай отырып, оны өз қалауы бойынша ауыстыруға құқылы.
Шарт бойынша Пайда алушыны тағайындауға және ауыстыруға тек Сақтандырылушының жазбаша келісімімен рұқсат етіледі.
Пайда алушы Шарт бойынша қандай да бір міндеттерін орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты бергеннен кейін басқа тұлғамен ауыстырылмайды.
Егер Шартта Пайда алушы тағайындалмаған болса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда, Пайда алушы ретінде Сақтандырылушының мұрагері болып табылатын тұлға танылады.
1.2.4. Сақтандырылушы – оған қатысты Сақтанушы Сақтандыру шартын жасайтын жеке тұлға.
1.2.5. Жедел медициналық көмек – адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру, қолдау және ағзаның ары қарайғы қайтарылмайтын патологиялық процестерінің алдын алу мақсатымен қолданылатын жедел медициналық көмек. Жедел медициналық көмек көлеміне өткір ауру синдромын тоқтату (болдырмау) кіреді.
1.2.6. Жазатайым жағдай – адамның еркінен тыс, ағзаға сыртқы механикалық, электрлік, химиялық немесе термиялық әсердің нәтижесінде болған және Сақтандырылушының кенеттен жіті ауыруын және/немесе қайтыс болуын болдырған, кенеттен болған қысқа уақыттық оқиға (уақиға).
Жазатайым жағдайға әртүрлі сыртқы факторлардың бір мезеттік, кенеттен болған әсері жатады, олардың сипаты, басталу уақыты мен орны анықталуы мүмкін: табиғаттың дүлей құбылысы, жарылыс, күю, үсу, суға бату, электр тоғының әсері, найзағай түсу, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері, жануарлардың шабуылы, жыланның, шағатын жәндіктердің шағуы, қандай да бір заттың немесе Сақтандырылушының өзінің құлауы, сондай-ақ көлік құралдарының (ұшақтың, автомобильдің, автобустың, поездың және т.б.) қозғалысы/пайдалану кезінде алынған жарақаттар, машиналарды, механизмдерді пайдалану кезінде көлік құралына отырғызуды және одан түсіруді қоса.
1.2.7. Созылмалы аурудың асқынуы – Шарт бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу кезеңінде Сақтандырылушыда жіті пайда болған және Сақтандырылушы тұлғаның өміріне қауіп төндіретін, оған қатысты Сақтандырылушы тұлға өткен уақытта емделген, бірақ дәрігердің қорытындысы бойынша сапар жасау үшін кедергі болып табылмайтын созылмалы ауру.
1.2.8. Тасымалдаушы – темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көліктерін меншік құқығына немесе басқа заңды негіздерде иеленетін және сақтандыру аумағының заңнамасына сәйкес ақы үшін немесе жалдау бойынша жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ие, және лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға.
1.2.9. Сақтанушы – Сақтандырушымен шартты жасаған тұлға.
1.2.10. Сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға), Шартпен белгіленген белгілі бір сома (сақтандыру сомасы) шегінде және шарттарда сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті заңды тұлға.
1.2.11. Сақтандыру төлемі – Сақтандырушымен Пайда алушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартпен белгіленген сақтандыру сомасының шегінде төленетін ақша сомасы.
1.2.12. Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтандырушымен Шартпен анықталған мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
1.2.13. Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт сақтандыру төлемін жүзеге асыруды қарастыратын оқиға.
1.2.14. Сақтандыру сомасы – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін ұсынатын және сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы.
1.2.15. Турагент / турфирма - туристік өнімді жылжыту және өткізу бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі;
1.2.16. Туроператор-қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, оны туристік агенттер мен туристерге ұсыну және өткізу жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызметі.
1.2.17. Тур-белгілі бір мерзімдер шеңберінде белгілі бір бағыт бойынша саяхатты қамтитын, демалудың негізгі элементтері: тасымалдау, трансфер, орналастыру, тамақтану, экскурсиялар және т.б. қызметтерді (құрамы өзгеруі мүмкін) қамтитын туристік қызметтер кешені. Тур белгіленген бағаға ие.
1.2.18. Сақтандыру аумағы – Шартта көрсетілген ел немесе басқа нақты белгіленген аумақ.
1.2.19. Тәуекелді арттыру – мұндай арттыруға тікелей әсер ететін жағдайлардың басталуына байланысты сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығын арттыру (сақтандыру аумағын өзгерту, сапар мақсатын өзгерту, сапар мерзімін өзгерту, Сақтандырылушы тұлғаға осы Ережелермен сақтандыру төлемінен бас тарту көзделген ауруларды/диагноздарды қою және т.б.)
1.2.20. Франшиза – сақтандыру шарттарымен көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын Сақтандырушыны залалды өтеуден босату. Франшиза шарт қойылатын (шегерілмейтін) және шарт қойылмайтын (шегерілетін) болады.
Шарт қойылатын франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ залалды толығымен өтеуі тиіс, егер оның мөлшері бұл сомадан көп болатын болса.
Шарт қойылмайтын франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген соманы шегерумен өтеледі.
Франшиза сақтандыру сомасына пайыздарда немесе абсолютті мөлшерде белгіленеді.
1.2.21. Созылмалы аурулар – кем дегенде келесі екі сипаттамаларға ие аурулар:
- Белгілі танылған емдеу тәсілдеріне ие емес;
- Белгісіз уақыт кезеңі ішінде әрекет етуі мүмкін;
- Рецидивтер болады, немесе рецидивтердің туындау ықтималдылығы бар;
- Тұрақты сипатқа ие;
- Паллиативті емдеуді талап етеді;
- Ұзақ уақыт бақылауды, консультацияларды, тексерулерді, зерттеулерді
немесе талдауларды талап етеді;
- тұлға аурудан емделу үшін оңалту курсынан немесе арнайы оқудан өтуі тиіс.
1.2.22. Шұғыл медициналық тасымалдау-сақтандырылған адамды сақтандырылған адамның денсаулық жағдайының күрт нашарлауына және амбулаториялық-емханалық/стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету қажеттігіне байланысты медициналық мекемеге шұғыл тасымалдау.
1.2.23. Шұғыл ауруханаға жатқызу-сақтандырылушының өміріне қауіп төндіретін денсаулық жағдайының күрт нашарлауына және стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету қажеттілігіне байланысты сақтандыру аумағындағы медициналық мекемеге жатқызу.
1.3. Шарт бойынша іс-әрекетке қабілетті жеке (азаматтығына қарамастан) және сақтандыру аумағында сақтандырылған адамның кенеттен қатты ауруы, жазатайым оқиғасы және/немесе қайтыс болуы салдарынан туындаған шығыстарды өтеуге мүдделі заңды (меншік нысанына қарамастан) тұлғалар сақтандырушылар бола алады.
1.4. Шарт бойынша туғаннан 75 жасқа дейінгі жеке тұлғалар сақтандырылуы мүмкін. Бұл ретте сақтандыру мерзімі аяқталған сәтте сақтандырылушының жасы 75 жылдан аспауы тиіс.
1.5. Сақтандырушы Сақтандырылған тұлға ретінде немесе шарттың қолданылуы басталған сәтте мынадай санаттардың біріне жататын тұлғаға қатысты шарт жасасудан бас тартуға құқылы:
1) 75 жастан асқан адамдар;
2) шарт жасасу кезінде оған қатысты мүгедектік белгіленген, еңбек ету қабілетінен (жалпы немесе кәсіптік) және/немесе кәсіптік ауруға шалдығудың (толық немесе ішінара) дәрежесі белгіленген адамдар;
3) есірткіні қолданатын/пайдаланған адамдар; уытқұмарлық мас болу мақсатында уытқұмарлық заттарды қолданатын/пайдаланған адамдар; алкоголизмнен зардап шегетін/зардап шеккен адамдар;
4) жүйке және психикалық бұзылулары тұрақты, психоневрологиялық диспансерде осы мәселе бойынша есепте тұрған/тұрған адамдар;
5) алкогольдік, есірткілік немесе психотроптық мас болу (кез келген дәрежедегі) нәтижесінде туындаған жарақаттар алған немесе аурулары не олардың салдары болған/болған адамдар);
6) өзіне қасақана дене жарақатын келтірген, оның ішінде өзіне-өзі қол жұмсауға оқталғандар;
7) психикалық табиғат ауруларымен, эпилепсиямен, жүйке жүйесінің дегенеративті-дистрофиялық және демиелинизациялық ауруларымен байланысты туындаған жарақаттар алған немесе аурулары не олардың салдары болған / бар адамдар;
1.6. Сақтанушы Шартқа қол қоя отырып, Сақтандырушының шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы үшін ҚР АК 830-бабына сәйкес сақтандыру құпиясына жататын Сақтандырылушының, Пайда алушының мәліметтерін беруге өз келісімін береді.
2.Сақтандыру объектісі
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылық тудырмайтын, Сақтандырылушының жоспарланған және толық төленген Қазақстан Республикасынан шетелге сапарының кенет және күтпеген жерден күшін жоюынан туған шығындармен байланысты Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.
3.Сақтандыру жағдайы
3.1. Сақтандыру жағдайы Шарттың қолданылу кезеңінде келесі оқиғалар нәтижесінде Сақтандырылушының кенеттен жіті ауруымен немесе жазатайым жағдаймен болған күтпеген шығындарының(залалдарының) туындау фактісі болып табылады:
1) Сақтандырылушының немесе оның жақын туысы қайтыс болуы;
2) Сақтандырылушының немесе оның жақын туысының ауруханаға жатқызуды талап ететін жарақаттануы, кенеттен өткір ауруы, сондай-ақ ауруханаға жатқызуды талап етпейтін және болжалды сапарды жасауға кедергі келтіретін жазатайым оқиға салдарынан аяқ-қолдың сынуы;
3) Сақтандырылған тұлғаға тиесілі мүліктің (көлік құралынан басқа) елеулі залал келуіне себеп болған (мүліктің 70% - дан астамын жою) өрт, табиғи апат, су басу, инженерлік желілердің авариясы, жол-көлік оқиғасы, үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері нәтижесінде зақымдануы немесе жойылуы;
4) Шарт күшіне енгеннен кейін алынған соттың шақыру қағазы бойынша сақтандырылған тұлғаның куә немесе жәбірленуші ретінде қатысуы міндетті жол жүру кезеңіне келетін сот талқылауы;
5) Сақтандырылған тұлғаның әскери міндеттерді орындау үшін шақыру қағазын (Шарт күшіне енгеннен кейін) алуы;
6) уақытша баратын елдің Елшілігінің талаптарына сәйкес ресімделген визаға қажетті құжаттарды уақтылы беру жағдайында кіру визасын ала алмау. Бұл ретте Шарт жасалған болуы тиіс және жасалған шарт туралы ақпарат, егер Сақтандырушы мен оның агенті (брокер, сенім білдірілген адам) арасындағы Шартқа қоса берілетін келісімде өзгеше көзделмесе, жоспарланған сапар басталғанға дейін 15 (он бес) күннен кешіктірмей Сақтандырушыға берілуге тиіс;
Сақтандырушы 3.1-тармақта көрсетілген себептер бойынша сапардың күшін жоюына байланысты Сақтандырылған тұлғаның шеккен шығындарын өтейді, атап айтқанда:
а) қонақ үйде брондалған нөмірден/апартаменттен және туристік компанияның (агенттің/оператордың), көлік компаниясының, қонақүйдің және т. б. тиісті құжаттарымен расталған сапарды (экскурсияны, трансфертті және т. б.) ұйымдастыруға байланысты басқа да қызметтерден бас тартумен байланысты Сақтандырылушылар төлеген және өтеуге жатпайтын шығындар;
б) көлік компанияларының тиісті құжаттарымен расталатын, , әуе - темір жол билеттерін және өзге де көлік билеттерін сатып алуға байланысты Сақтандырылушылар төлеген және өтеуге жатпайтын шығындар;
в) тиісті құжаттармен расталатын баратын елің Елшілігінің (сақтандыру аумағы) консулдық алымын төлеуге байланысты Сақтандырылушылар төлеген және өтеуге жатпайтын шығындар.
4.Сақтандыру сомасы. Франшиза. Сақтандыру сыйлықақысы.
4.1. Сақтандыру сомасы – оның шегінде Сақтандырушы өзінің міндеттемелерін орындау үшін жауапкершілікті көтеретін, Шартпен анықталған, және оған байланысты сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және Шарт бойынша Сақтандырушының міндеттемелерінің ең көп шамасы анықталатын ең көп ақша сомасы.
4.1.1. Сақтандырылушының шетелге сапарының кенет және күтпеген жерден күшін жоюынан туған Сақтандырылушының шығын тәуекелі, сақтандыру сомалары Сақтандырылушының сапарды ұйымдастыру үшін (туристік жолдаманы сатып алу, қонақ үйдің, апартаменттердің және т.б. брондалған нөмірін төлеу), сондай-ақ билеттердің (авиациялық, темір жол және т. б.) құнын төлеген шығындардың мөлшеріне сүйене отырып, тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
4.1.2. Егер Шартта көзделген қызметтерге шығындар жеке тәуекел/тәуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасынан және/немесе белгіленген сақтандыру сомасынан асатын болса, Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру сомасынан немесе жеке тәуекел/тәуекелдер тобы бойынша сақтандыру сомасынан асатын шығындардың үлесін дербес өтейді.
4.2. Франшиза – Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.
4.2.1. Франшизаны белгілеу және оның мөлшерін анықтау Шартты жасау кезінде тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.Франшизаның мөлшері сақтандыру сомасына пайыздыққатынаста немесе абсолютті шамада көрсетілуі мүмкін. Франшиза жалпы тәуекелдер пакеті бойынша да, және белгілі бір тәуекелдербойыншажеке көзделуі мүмкін.
4.2.2. Франшиза шарт қойылатын немесе шарт қойылмайтын болуы мүмкін.
1) Шартта шарт қойылатын франшизаны белгілеу кезінде, егер залал мөлшері франшиза мөлшерінен аспайтын болса, Сақтандырушы залал үшін жауапкершіліктен босатылатын болады, және егер залалдың мөлшері франшиза мөлшерінен асатын болса, ол толығымен өтелуге жататын болады.
2) Шартта шарт қойылмайтын франшизаны белгілеу кезінде, Шарттың талаптарына сәйкес Сақтандырушының төлеуі тиіс сомадан шарт қойылмайтын фрнашизаның сомасы шегеріледі.
4.2.3. Сақтандыру сыйлықақысы – Шарттың талаптарына сәйкес Сақтанушының Сақтандырушыға төлеуі міндетті ақша сомасы.
4.2.4. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын сақтандырудың барлық мерзімі үшін сақтандырылуы тиіс тәукелдерге, сақтандыру сомасының мөлшеріне, негізгі тарифтік мөлшерлемелерге және оларға түзету (көтеретін және төмендететін) коэффициенттеріне (осы Ережелерге №1 Қосымша) сүйене отырып, тәуекел дәрежесін анықтау үшін елеулі мәні бар нақты сақтандыру шарттарын ескере отырып есептейді.
Негізгі тарифтік мөлшерлемелерге көтеретін немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану туралы шешім Сақтандырушымен өз бетімен және әрбір жағдайда жеке қабылданады.
4.2.5. Егер Сақтандыру шартының шарттарымен басқа тәртіп белгіленбесе, Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушымен бір уақытта, барлық сақтандыру мерзімі үшін бір реттік төлеммен төленеді. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Сақтандыру шартының қолданылуының басталған күнінен кешікпей жүзеге асырылады.
4.2.6. Шарттың талаптарымен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлемеу жағдайында, Сақтандыру шарты күшіне енбеген болып саналады, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелерінен босатылады.
4.2.7. Сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні ретінде ақша қаражаттарының Сақтандырушының банктік есепшотына немесе кассасына түсу күні саналады.
5. Шартты жасау тәртібі.
5.1. Сақтанушының ауызша немесе жазбаша өтініші Шартты жасау үшін негіздеме болып табылады.
5.2. Шарт жоспарланған сапар басталғанға дейін 120 (жүз жиырма) күннен ете емес және 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей жасалуы тиіс.
5.3. Осы Ереженің 5.2-тармағында айтылған мерзімдерді бұза отырып жасалған Шарт осындай Шарт жасалған сәттен бастап жарамсыз болып табылады, ал төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға тиіс. Шарт жасасу кезінде Сақтанушы сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан туындайтын ықтимал шығындардың мөлшерін айқындау үшін елеулі мәні бар Сақтанушыға (сақтандырылушыға) белгілі барлық мән-жайларды, егер бұл мән-жайлар Сақтанушыға белгілі емес және белгілі болмауға тиіс болса, Сақтандырушыға хабарлауы қажет.
5.4. Шарт Сақтандырылушыны алдын ала медициналық куәландырусыз жасалады. Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтандырылушы Сақтандырушымен ұсынылған нысан бойынша сауалнама парағын толтыруы тиіс.
5.5. Денсаулық жағдайын тексеру нәтижесінде Сақтандырушыға түскен ақпарат қатаң құпия болып табылады. Алайда Сақтандырушы тәуекел дәрежесін бағалау үшін және қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру және т.б. шартын ресімдеу үшін Сақтандырылған адам туралы деректерді қажетті көлемде қайта сақтандырушыға немесе басқа сақтандырушыға беруге құқылы.
6.Шарттың қолданылу мерзімі және орны
6.1. Шарт Шартта келісілген сақтандыру сыйлықақысын толық мөлшерде төлеу күнінен кейінгі күннен бастап күшіне енеді.
6.2. Шарт сақтандыруға ауызша немесе жазбаша өтініштің негізінде жасалады. Сақтандыруға жазбаша нысанда өтінішті беру кезінде белгіленген нысанда сауалнама-өтініш бланкісі пайдаланылады. Сақтандыру қорғанысының қолданылуы:
- Шарт туристік жолдаманың, қонақ үйде/апартаментте нөмірлердің және авиа-т/ж билеттерінің төлемі жасалған болса, шарт жасалған және сақтандыру сыйлықақысын төлеген және Шарт жасалғаннан кейінгі күннің 00.00 сағатынан басталады;
- Қазақстан Республикасының шекара және/немесе кеден қызметтері Сақтандырылған адамның кетуін тіркеген сәтте аяқталады.
6.3. Сақтандырудың аумағы Қазақстан Республикасы болып табылады.
7.Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
7.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтанушымен ұсынылған ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының шарттың талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;
2) Сақтандыру тәуекелін арттыруға әкелетін жағдайлар туралы хабарламаны алғаннан кейін, Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің артуына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;
3) Сақтанушының Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайларға енген өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамауы кезінде Шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгертулер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етулері мүмкін болса, немесе егер Сақтанушы Шарттың шарттарын өзгертуге немесе тәуекел дәрежесін арттыруға мөлшерлес сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдіретін болса;
4) Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушының алкогольдік /есірткілік мас болуына күдік болған жағдайда, мекендеу елінің заңнамасына сәйкес алкогольдік
/есірткілік заттардың болуына медициналық куәландырудан өтуін талап етуге. Алкогольдік /есірткілік мас болу фактысын анықтау жағдайында, сондай-ақ Сақтандырылушы медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы жағдайында – сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға.
5) Сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғалардың себептері мен жағдайларын өз бетімен анықтауға, оның ішінде сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залал мөлшерін растайтын қүжаттарды сақтандыру жағдайының жағдайлары туралы ақпарат бар тиісті мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, медициналық мекемелерден, туристік агенттіктерден/ операторлардан, басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан, олардың құзырына сәйкес және сүйене отырып, сұрау салуға;
6) Сақтанушыдан/Сақтандырылушыдан/Пайда алушыдан сақтандыру жағдайы фактісін, оның басталу жағдайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты/құжаттарды талап етуге;
7) Осы Ережелермен көзделген негіздемелер бойынша толығымен немесе ішінара сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға.
7.2.Сақтандырушы міндетті:
1) Сақтанушыны сақтандыру шарттарымен таныстыруға;
2) ҚР АК 828 және 830 баптарына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
3) Сақтанушымен/Сақтандырылушымен/Пайда алушының осы Сақтандыру ережелерінің 8 т.
8.4 тт. көзделген құжаттарды бермеуі жағдайында, дереу, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы жазбаша хабарлауға;
4) Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, немесе осы Ережелердің шарттарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;
5) Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру жағдайы кезінде залалды азайту үшін олармен жұмсалған шығындарды өтеуге;
6) Шартпен, осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа әрекеттерді жасауға заңнамасымен көзделген басқа да іс-заңнамасымен көзделген басқа әрекеттерді жүзеге асыруға.
7.3.Сақтанушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан Қазақстан Республикасының шетелге шығатын тұлғалардың медициналық немесе басқа шығындарын сақтандыру шарттарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуын немесе оның мөлшерін азайтуды даулауға.
7.4.Сақтанушы міндетті:
1) Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға Шартты жасау және тәуекел дәрежесін бағалау үшін қажетті оны қызықтыратын барлық ақпаратты беруге;
2) Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақасын төлеуге;
3) Шартты жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға аталған сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабардар етуге;
4) Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жағдайы туралы хабардар етуге;
5) дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес, Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы Сақтандырушыға өзіне белгілі болған елеулі өзгертулер туралы хабарлауға, егер бұл өзгертулер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етулері мүмкін болса;
6) сапардың күші жойылған жағдайда туристік агентке/операторға, қонақ үйге және т.б. сапар күшін жою туралы немесе туристік қызмет көрсету жөніндегі шартта немесе брондау шарттарына сәйкес белгіленген тарифтік санкцияларды барынша төмендету үшін оның мерзімдерін ауыстыру туралы дереу мәлімдеуге міндетті.
7) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде Шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
8) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайынан болған шығындардың себептері мен мөлшеріне қатысты тексеру жүргізуге, шығындарды азайту жөніндегі іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беруге;
9) Сақтандырушыға немесе оның өкіліне Сақтандырылушыны қарап тексеру мүмкіндігін беруге;
10) Сақтандырушының талап етуі бойынша қандай да бір қолда бар дене жарақатына немесе ауруына қатысты медициналық тексеруден өтуге, Сақтандырушының сақтандыру жағдайына байланысты сұрау салуларына жазбаша түсініктеме беруге;
11) Сақтандырушының талап етуі бойынша - дәрігерлерге, медициналық мекемелерге және өзге де адамдарға Сақтандырушыға оның сұрау салуы бойынша сақтандыру жағдайының басталуының мән-жайларын тексеру үшін қажетті құжаттарды (анықтамалар, қорытындылар және т. б.) беруге уәкілеттік беруге міндетті;
12) тексеруші және емдеуші дәрігерлердің нұсқауларын орындау;
13) Сақтандырылған адам залал мөлшерін барынша төмендету үшін шаралар қолдануға міндетті, ол үшін дереу, бірақ 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ұйымға (туроператорға/турфирмаға/турагентке) сапардың күшін жоюы туралы немесе оның мерзімдерін ауыстыру туралы мәлімдеуге тиіс.
14) сақтандыру жағдайы басталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы кез келген қолжетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) Сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Ауызша нысандағы хабарлама кез келген жағдайда кейіннен 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша расталуға тиіс,. Сондай-ақ басталған сәттен бастап Сақтанушыда келтірілген зиянды өтеу міндеті туындайтын оқиғаның себептері, барысы мен салдары туралы, сондай-ақ келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін барлық қолжетімді ақпарат пен құжаттаманы ұсынуға міндетті.
7.5.Пайда алушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру шарттарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Шарт жасасу кезінде және Шарттың қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын шарттар туралы хабарлауға;
3) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;
4) Осы Ережелермен көзделген тәртіпте және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуын даулауға;
7.6. Осы бөлімдегі тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі толық болып табылмайды, тараптардың жеке міндеттері осы Ереженің басқа бөлімдерімен қарастырылған. Тараптар осы Ережемен, сондай-ақ Қазақстан Респубикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы және басқа да міндеттерді орындаулары тиіс.
8. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі және шартары.
8.1 Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы осы Ережелердің шарттарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
8.2 Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы әрбір Сақтандырылушыға қатысты Шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан аспайды.
8.3 Сақтандыру төлемін алу үшін Пайда алушы сақтандыру жағдайы басталған кезде (яғни сапардың күшін жоюы) 3 (үш) жұмыс күні ішінде, бірақ жоспарланған сапардың 3 (үшінші) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша түрде мәлімдеуге және барлық қажетті құжаттарды ұсынуға тиіс.
8.4 Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушының) ұсынуы қажетті құжаттардың тізімі:
1) Сақтандыру жағдайы туралы өтініш. Өтініште сақтандыру жағдайының мән-жайының сипаттамасы, туристік топты немесе туристік агенттіктің/оператордың мекен-жайын, қонақ үйді, апартаменттерді және т. б. дайындаған делдалдың аты, шығу күні көрсетілуі керек;
2) Сақтандыру шартының түпнұсқасы;
3) Сақтандырылушының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (төлқұжат, жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі);
4) туристік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша шарттың түпнұсқасы, қонақ үй, апартаменттер және т. б. номерінің броны және төлегенін растау, сондай-ақ туристік сапардың төленгенін растайтын құжаттар (кассалық кіріс ордерінің түбіртегі және/немесе кассалық чек, туристік жолдама және т. б.);
5) туристік агенттіктің/оператордың, қонақ үйдің, апартаменттердің және т. б. Сақтандырылушыға туристік қызмет көрсету жөніндегі Шарт бойынша немесе брондау шарттары бойынша ақшалай қаражат сомасының бір бөлігін қайтарғанын растайтын құжаттар (қайтару калькуляциясы және кассалық шығыс ордері);
6) туристік агенттіктің/оператордың, қонақ үйдің, апартаменттердің және т. б. туристік қызмет көрсету жөніндегі Шартта немесе брондау шарттары бойынша сападың күшін жоюы үшін белгіленген, қолданылған айыппұл санкцияларының салдарынан келтірілген залалдарды растайтын құжаттар;
7) көлік компаниясының, консулдықтың, қонақ үйдің және басқа да ұйымдардың сапар құжаттарының күшін жоюмен, қонақ үйде брондалған нөмірден және т. б. бас тартумен байланысты шығындардың болуын растайтын құжаттары;
8) сақтандыру жағдайының сипатын белгілеу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер, атап айтқанда:
а) қайтыс болуы салдарынан сапарға шығу мүмкін болмаған жағдайда – қайтыс болғандығын белгілеген медициналық мекеме қорытындысының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, Сақтандырылушының/ оның жақын туысының қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі. Жақын туысы қайтыс болған жағдайда Сақтандырылушымен туыстық байланысын растайтын қосымша құжаттар;
Б) Сақтандырылушыны ауруханаға жатқызу салдарынан жол жүру мүмкін болмаған жағдайда – ресми медициналық мекеменің нотариалды расталған медициналық қорытындысының түпнұсқасы немесе көшірмесі (стационардың көшірмесі);
в) Сақтандырылушыға тиесілі мүліктің зақымдануы немесе опат болуы салдарынан жол жүру мүмкін болмаған жағдайда-залал келтіру фактісін растайтын милицияның және тиісті әкімшілік қызметтердің хаттамалары;
г) сот талқылауы салдарынан жол жүру мүмкін болмаған кезде – сот куәландырған сот шақыру қағазы және/немесе ұйғарымы, шешімі, қаулысы;
д) сақтандырылушыны мерзімді әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақыру салдарынан жол жүру мүмкін болмаған жағдайда-әскери комитет растаған шақыру қағазы ;
е) кіру визасын беруден бас тартқан жағдайда – Елшіліктің консулдық қызметінің ресми бас тартуы (егер ол берілген болса) және виза беруден бас тарту туралы мөртабаны бар шетелдегі паспорттың түпнұсқасы және шетелдегі паспорттың түпнұсқасы.
8.5 Құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде ұсынылады. Медициналық құжаттар медициналық ұйымның бланкісінде болуы, оның Т. А. Ә. көрсетіліп, дәрігердің жеке мөрімен және медициналық ұйымның мөрімен бекітілуі тиіс.
8.6 Сақтандырушы болған оқиғаны сақтандыру жағдайы деп таныған жағдайда, Шарт бойынша Шартта белгіленген сақтандыру сомасы (жауапкершілік лимиті) шегінде Шартта көзделген құжатпен расталған шығыстар ғана төленеді.
8.7 Сақтандыру жағдайы орын алған Сақтандырылған тұлғалардың біреуі келмеген жағдайда, сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Сақтанушы осы Сақтандырылған тұлғаға турдың құнын төлегенін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті, өйткені сақтандыру төлемі тек осы Сақтандырылушы бойынша жүзеге асырылады.
8.8 Оған қатысты сақтандыру оқиғасы орын алған Сақтандырылушы турының құны мен туристік қызметтерді жүзеге асыратын ұйыммен Сақтанушыға/ Сақтандырылушыға қайтарылған соманың арасындағы айырмашылықты құрайтын, бірақ Шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан көп емес сома мөлшеріндегі Сақтандырылушының шығындары өтемақы ретінде төленуі тиіс;
8.9 Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін мен оны қабылдау мерзімін көрсете отырып, екі данада анықтама жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісі бар екінші данасы Сақтандырушыда қалады.
8.10 Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесін қысқартуға немесе немесе егер нақты жағдайларды ескере отырып, олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактісін белгілеу және шығын мөлшерін анықтауды болдырмай отырса, қосымша құжаттарды талап етуге құқылы.
8.11 Сақтандырушы барлық ұсынылған құжаттарды тексеру және мамандардың Сақтандырылушыны медициналық куәландыруды жүргізуіне және сақтандыру жағдайының басталу себептері мен жағдайларын өз бетінше анықтауға дейін өз тергеуін жүргізу құқығын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда Сақтанушы (сақтандырылған адам) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті сақтандыру жағдайына дейін және одан кейін сақтандырылған адамның денсаулық жағдайын көрсететін барлық қажетті құжаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ Сақтандырушының талабы бойынша медициналық тексеруден өтуге және оның нәтижелерін беруге міндетті.
8.12 Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырушымен, Сақтандырылушының шеккен шығындарын растайтын құжаттардың негізінде анықталады. Егер Сақтандыру шартымен франшиза қарастырылатын болса, сақтандыру төлемі франшиза сомасын шегерумен жүзеге асырылады.
8.13 Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді қабылдауға және Пайда алушыға сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға міндетті.
8.14 Егер сақтандыру жағдайының басталуына себеп болған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалса немесе сот процесі басталса, сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау тергеу немесе сот талқылауы аяқталғанға не Сақтандырылған тұлғаның кінәсіздігі анықталғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.
8.15 18 жасқа толмаған адамдар үшін ата-аналары, қамқоршылары сақтандыру төлемін алушы болып табылады.
8.16 Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда сақтандыру төлемі заң бойынша мұрагерлерге (сақтандырылған адамның қайтыс болуы шарт бойынша сақтандыру жағдайы болған жағдайда), пайда алушының сақтандыру төлемін алуға құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттар негізінде жүргізіледі.
8.17 Сақтандыру төлемін уақытылы жүзеге асырмағаны үшін Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353 бабына сәйкес жауапкершілікті көтереді.
8.18 Сақтандыру төлемі Пайда алушының банктік шотына ақша салу жолымен жүргізіледі.
9. Сақтандыру төлемінен бас тарту.
9.1 Сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеуден толығымен немесе ішінара бас тартуға құқылы болады, егер сақтандыру жағдайы келесі аталғандардың салдарынан орын алған болса:
1) сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған немесе оның басталуына ықпалын тигізген Сақтанушының (Сақтандырылушының,Пайда алушының)/ оның жақын туысының қасақана іс-әрекеттері, қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда;
2) заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған, сақтандыру жағдайымен себепті байланыста болған Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) іс-әрекеттері.
9.2 Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан басталған болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:
1) Сақтандыру шартымен көзделмеген тәуекелдер;
2) ядролық жарылыстың,радиацияның немесе радиоактивті ластанудың әсері;
3) түрлі әскери іс-әрекеттер немесе әскери іс-шаралар/ арнайы іс-шаралар және олардың зардаптары, зақымдаулар немесе зымыран, снаряд, бомба, басқа құралдар, соғыс құралдары және әскери операцияларды, теңіз қарақшыларының іс-әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ азаматтық соғыс, ұлттық толқыныстар, көтеріліс, ереуіл және жаппай тәртіпсіздіктер;
4) қоршаған ортаның ластануы, жаһандық апаттар, жер сілкіністері, жанартаудың атылуы немесе оттың, көшкіннің, тау көшкінінің, боранның, құйынның, дауылдың, су тасқындарының, бұршақтың немесе нөсер жауынның және басқа дүлей апаттардың әсері;
5) өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау;
6) Сақтандырылушының сақтандыру аумағының (болу елінің) заңнамасының талаптарын сақтамауы;
7) алкогольдік, есірткілік немесе кез келген психотроптық заттарды пайдалану салдарынан уытқұмарлық мас болу күйінде болу;
8) келесілермен айналысу/қатысу:
• моторланған жер үсті, су немесе әуе қозғалу құралы пайдаланылған кез келген іс-шараларда кәсіби және/немесе әуесқой спорттың кез келген түрімен айналысу, сондай-ақ секірулерге, автожарыстарға қатысу, парашют, пара -, мото -, дельтапланды қоса алғанда, ұшу аппаратын басқару, Сақтандырылушының кез келген сынақ түрлеріне қатысуы;
• жарақаттану қаупі жоғары белсенді демалыс және дене белсенділігі түрлері (спорттық сипаттағы қозғалмалы ойындар; тренажер залдарында сабақтар; кез келген су астына сүңгудің түрі; серфингтің кез келген түрімен айналысу; альплагерлерде және туристік және спорттық базаларда, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 м жоғары орналасқан аудандарда демалу; жаяу көтерілу, үңгірлер, вулкандар бойынша саяхат; жол таңдамайтын кластағы автомашиналарда сапарлар және саяхат; велосипедтерде сапарлар және саяхат, аттарда және басқа да жануарларда саяхат және т. б.
9) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);
10) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;
11) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі.
12) Асбест, асбест талшықтары немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).
9.3 Сақтандырушы төмендегі жағдайларда сақтандыру төлемін жүргізбейді:
1) Шарт күшіне енгенге дейін Сақтандырылушыда болған кез келген ауруларды диагностикалау және/немесе емдеу;
2) Шарттың қолданылу кезеңі басталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін Сақтандырылушының медициналық көмек алуы, сондай-ақ Шартта көрсетілген сақтандыру аумағынан тыс жерлерде;
3) Сақтандырылушының шұғыл медициналық көмек көлемінен асатын диагностикалау және/немесе ем алуы;
4) Сақтандырылушының Шарттың күшіне ену күніне дейінгі 6 (алты) айда өткерген және ары қарай емдеуді талап еткен (егер медициналық көмек адамның өмірін құтқару үшін, еңбек ету қабілетін толық жоғалтуды болдырмау үшін немесе жіті ауруды жеңілдету үшін қажет болса, шектеу жарамсыз) аурулары;
5) өз бетінше емделуі, сондай-ақ Сақтанушының (сақтандырылушының) отбасы мүшелерінің, туысқандарының немесе таныстарының ем тағайындауы және жүргізуі;
6) Сақтандырылушының өміріне тікелей қатерді жою үшін алғашқы медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, созылмалы ауруларды және олардың асқынуларын емдеу және/немесе диагностикалау;
7) қатерлі және/немесе қатерсіз ісіктерді, гиперпластикалық процестерді (аденома, фибромиома, мастопатия, жатыр мойны эрозиясы және т. б.) диагностикалау және/немесе емдеу);
8) жүктіліктің басталуы мен сақталуы, жүктіліктің асқынуларын, қалыпты немесе мерзімінен бұрын тууды емдеу мақсатында, сондай-ақ кесар тілігі операциялары, жүктілікті жасанды үзу (аборт);
9) бедеулікті/импотенцияны, простатитті жасанды ұрықтандыру, диагностикалау және емдеу, сондай-ақ контрацепцияның кез келген әдістері, оның ішінде жатырішілік спиральді (ЖІС) енгізу/алып тастау);
10) кез келген туа біткен, тұқым қуалайтын ауруларды және/немесе ағза дамуының туа біткен/жүре пайда болған ауытқуларды/ақауларын, оның ішінде - сүйектердің патологиялық сынықтарын диагностикалау және/немесе емдеу;
11) миопия/ гиперметропия, астигматизм, катаракта, глаукома, торлы қабықпен байланысты операциялар;
12) жүрекке немесе тамырларға кез келген хирургиялық операциялар, оның ішінде коронарлық тамырлардың ангиопластикасы, аортокоронарлық шунттау, стенттеу, ИВР және т. б. орнату;
13) транспланттау, имплантациялау және/немесе протездеу, оның ішінде эндопротездеу, остеосинтез, остеопластика, реконструктивтік операциялар, әртүрлі фиксаторларды (штифтерді, винттерді, болттарды, спицаларды, пластиналарды, сүйек жіктерін, дистракциялық-компрессионды аппараттарды және т. б.) пайдалана отырып жасалатын кез келген операциялар, мүшелер мен тіндерді ауыстырып салу жөніндегі операциялар; ерекшелік: Сақтандырылушының өмірін құтқару мақсатында күйік кезінде теріні трансплантациялау;
14) "А" және "Е" гепатитін қоспағанда, бауыр цирроздарын, парентералдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттерді және олардың салдарларын диагностикалау және/немесе емдеуге;
15) психикалық ауытқуларды немесе депрессивтік жағдайларды, венерологиялық ауруларды, жыныстық жолмен берілетін ауруларды, АИТВ-ны және ЖҚТБ-ны, алкоголизмді немесе нашақорлықты, туберкулезді, қант диабетін және олардың салдарларын, сондай-ақ инсультті, эпилепсияны және конвульсивтік ұстамаларды диагностикалау және/немесе емдеу;
16) пандемиялық тұмаудың (құс, шошқа және т. б.) кез келген түрлерін емдеу;
17) пластикалық операцияларға, косметологиялық диагностикаға/емдеуге және сырт келбеті немесе дене ауытқулары кемшіліктерін жоюға, жынысының хирургиялық өзгеруіне, салмақ/фигураны түзетуге, семіздікті немесе дистрофияны диагностикалау/емдеуге арналған шығындар;
18) созылмалы тері ауруларын диагностикалау және/немесе емдеу: псориаз, туа біткен ихтиоз, экзема, аллопеция, атопиялық дерматит, нейродермит, витилиго, сүйел, безеу ауруы, демодекоз, сондай-ақ нозологиясына қарамастан, айырудың кез келген түрі;
19) күн, ультракүлгін немесе сәулеленудің өзге де түрінің тікелей және/немесе жанама әсерінің салдарларын емдеу (н-р: күн күйігі, фотодерматит және т. б.);
20) күкірт тығындарымен есту жолының конструкциясына байланысты консультациялар және емдеу;
21) остеосинтез/остеопластикаға арналған материалдарға арналған шығындар; медициналық көмек құралдарын (линзалар, көзілдіріктер, есту аппараттары, глюкометрлер, бандаждар, балдақтар, мүгедектер арбалары, ортопедиялық аяқ киім және т. б.) іріктеу, сатып алумен және жөндеумен, сондай-ақ жарық қатайтатын жеңілдетілген гипс салу;
22) стоматологиялық көмек;
23) күтпеген аурумен байланысты емес, сондай-ақ қалпына келтіру медицинасының қызметтерімен, профилактикалық тексерулермен, медициналық сараптамалармен немесе дәрігер тағайындамаған емдеумен байланысты вакцинациялау, медициналық тексерулер немесе күту;
24) кейінге қалдырылуы мүмкін хирургиялық араласу немесе емдеу;
25) медициналық мекемеде арнайы жеке палата, сондай-ақ теледидар, телефон, кондиционер, дымқылдатқыш және т. б. ұсыну;
26) дәстүрлі емес әдістер (фитотерапия, гирудотерапия, гомеопатия, балшықпен емдеу, жарықпен емдеу, барокамерада емдеу, мануалды терапия, массаж, биорезонанстық терапия және т. б.), қалпына келтіру (оңалту) емі, сондай-ақ физиотерапевтік емдеудің кез келген әдістері;
27) психотерапевт, диетолог, генетика, логопед, косметолог, массажист, шаштараз, стилист, аудармашы қызметтерін көрсету;
28) Еуроодақтың әлеуметтік қорғау жүйесінде емдеу әдістерімен және мемлекеттік органдардың лицензиясы жоқ дәрілермен көзделмеген емделу және/немесе диагностика; дәрігерлік практикамен айналысуға рұқсаты жоқ адамдар немесе тиісті лицензиясы жоқ медициналық мекеме жүзеге асыратын емдеу;
29) Сақтандырылушының автокөлік апаты салдарынан болған жарақатына немесе ауруына әкеп соққан жазатайым оқиға, егер:
а) Сақтандырылушы тиісті жүргізуші куәлігі болмай, көлік құралын басқарса немесе алкогольдік масаң күйде болса немесе есірткінің немесе уытқұмарлықтың әсерінде болса;
б) Сақтандырылушы тиісті жүргізуші құқығы жоқ адамға көлік құралын басқаруды берсе;
в) қоғамдық көліктен басқа, алкогольдік масаң күйдегі немесе есірткінің немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адам басқаруды жүзеге асырған көлік құралында (жолаушы ретінде) болса;
30) Сақтандырылушының сақтандыру аумағында алған массаждың салдарын емдеуі.
31) егер сақтандыру жағдайы Шарттың қолданылу уақытында басталса да, Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Сақтандырылушы зардап шеккен медициналық және / немесе өзге де шығындар.
9.4 Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылатын болады, егер:
1) Сақтанушы Шарттың шарттарымен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асырмаса;
2) Шарт жасасу кезінде Сақтандырылушыға қатысты мүгедектік және/немесе еңбек қабілетін (жалпы немесе кәсіптік) жоғалту (толық немесе ішінара) және/немесе кәсіптік ауру анықталса және бұл медициналық көмекке жүгінудің тікелей себебі болып табылса;
3) Сақтандырылушы Сақтандырушының алкогольдік/есірткілік мас болуды медициналық тексеруден және/немесе медициналық куәландырудан өту талабын орындамаса және/немесе тексеру/куәландыру нәтижелерін ұсынбаса.
9.5 Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіздеме келесілер болып табылады:
1) Сақтанушының (Сақтандырылушымен, Пайда алушымен) Сақтандырушыға сақтандыру объектісі (с.і. денсаулық жағдайы туралы), сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы қасақана жалған мәліметтерді хабарлауы;
2) Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандыру жағдайынан залалды азайту бойынша шараларды қасақана қабылдамауы;
3) Сақтанушының (Сақтандырылушының) зардап келтіруге кінәлі тұлғалардан шығындардың өтеуін алуы. Егер сақтандыру төлемі жүргізіліп қойған болса, Сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы;
4) Сақтанушының (Сақтандырылушының) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;
5) Шарттың шарттарына сәйкес тиісті құжаттармен расталмаған диагностика және/немесе емдеу және/немесе егер сақтандыру төлемін алу мақсатымен немесе сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтандырылушы тұлғамен Сақтандырушыға ұсынылған ақпарат және құжаттар жеткіліксіз болса, немесе толық емес, анық емес немесе сақтандыру жағдайының себептері мен жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру жағдайымен байланысты көрсетілген қызметтердің түрлері мен құны туралы қасақана жалған мәліметтерден тұратын болса;
6) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақытылы хабарламау.
9.6 Сақтандырушымен өтелмейді:
1) Сақтанушының (Сақтандырылушының) моральдық залалы, жоғалтулары, оның ішінде айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық төлемдері, сот шығындары, ұтылған пайда және т.б.;
2) кез келген үкіметтің, мемлекеттік немесе болу елінің жергілікті биліктерінің бұйрығы бойынша Сақтандырылушының мүлкін тәркілеумен, ұлттандырумен, мемлекет меншігіне алумен, жоюмен, құртумен болған тікелей немесе жанама шығындар;
3) дәрігердің/кез келген медициналық қызметкердің телефон/бейне-интернет байланыс бойынша консультациялары.
4) Сақтандырылушының саяхатын жалғастыруға кедергі келтірмейтін аурулар немесе жарақаттар болған жағдайда емдеуге жатқызу шығындары;
5) Сақтандырылушыны жерлеуге арналған кез келген шығындар;
6) Сақтанушының (Сақтандырылушының) телефон арқылы сөйлесулерін төлеу жөніндегі шығындар;
7) сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдау үшін Сақтандырушыға қажетті құжаттарды аударуды және/немесе нотариалдық растауды жүзеге асыру кезінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) шеккен шығындар.
8) Сақтандырылушының сақтандыру аумағында тұратын жеріне дейін медициналық мекемеден жол жүруге арналған көлік шығындары.
9) ҚР заңнамалық актілерінде, осы Ережеде және Шартта көзделген басқа да жағдайлар;
9.7 Қазақстан Республикасынан шетелге жоспарланған және толық төленген сапардың күшін жою тәуекелі бойынша, егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы:
1) өзгерту /ауыстыру:
· орналасқан қалалар/елдер;
· сапардың мерзімдері-сапардың басталу/аяқталу күнін ауыстыру, сапардың ұзақтығын ұлғайту немесе азайту;
· турпакет деңгейі, қонақ үй деңгейі және т. б.
2) кез келген онкологиялық аурулар, психикалық ауытқулар, депрессия, эпилепсия, венерологиялық аурулар, АИТВ/ЖИТС, туберкулез, қант диабеті және олардың салдарлары, сондай-ақ апоплекстік соққы, эпилептикалық талма немесе басқа да талмалар, конвульсивтік ұстамалар;
3) алдын ала вакцина егу арқылы алдын алу мүмкін және/немесе тасымалдаушымен байланыс жасағаннан кейін профилактикалық карантиндік іс-шараларды бұзу жолы болып табылатын инфекциялық аурулар;
4) Сақтандырылушының/ оның жақын туысының отбасы мүшесімен өзін-өзі емдеу, тағайындау және емдеу жүргізу;
5) Сақтандырылушының/ оның жақын туысының қайтыс болуына немесе автокөлік апаты салдарынан болған Сақтандырылушының ауруханаға жатқызылуына әкеп соққан жазатайым оқиға, егер:
а) Сақтандырылушы/ оның жақын туысы тиісті жүргізуші куәлігі болмастан көлік құралын басқарса немесе алкогольдік масаң күйде болса немесе есірткінің немесе уытқұмарлық масаң күйде болса;
б) Сақтандырылушы/ оның жақын туыс тиісті жүргізуші куәлігі жоқ адамға көлік құралын жүргізуді тапсырса;
в) Сақтандырылушы/ оның жақын туысы қоғамдық көліктен басқа, алкогольдік масаң күйдегі немесе есірткінің немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адам басқаруды жүзеге асырған көлік құралында (жолаушы ретінде) болса;
6) егер Шарт жасасу және/немесе Шарт туралы ақпарат сапар басталғанға дейін 15 (он бес) күннен кеш түссе, кез келген себеп бойынша кіру визасын алмау;
7) Сақтандырылушының шетелдік сапарлар жасау үшін визаларды ресімдеу кезінде қойылатын консулдық қызметтердің талаптарын сақтамауынан кіру визасын алмауы;
8) егер Сақтандырылушының бұрын бару болжанған елге/ елдер тобына виза беруден бас тарту алса (осы бас тартудың күшін жою жағдайларынан басқа) немесе визалық режимді бұзу жағдайлары тіркелген болса, сондай-ақ, егер оны баратын елдің аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе қандай да бір басқа жауапкершілікке тарту жағдайлары орын алған болса, кіру визасын алмау;
9) консулдық қызметтер, көлік компаниялары, туристік компаниялар, тікелей Сақтандырылушының өзі және сапарды дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа да заңды және жеке тұлғалар жіберген қателерге байланысты кіру визасын алмауы;
10) туристік агентті/операторды, қонақ үйді және т. б. тарату немесе туристік агенттің/оператордың, қонақ үйдің және т. б. Сақтандырушыға белгілі мекенжай бойынша болмауы;
11) туристік агенттің/оператордың, қонақ үйдің және т. б. міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы.
9.8 Сақтандырушы Сақтанушыға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.
9.9 Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) сотқа шағымдануы мүмкін.
10. Шарттың қолданылу мерзімі мен шарттарын өзгерту. Шарттың телнұсқасын
ресімдеу тәртібі.
10.1. Шартқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың біреуінің жазбаша келісімінің негізінде жүзеге асырылады. Тараптардың біреуі өтінішті алған сәттен бастап шешім қабылдау сәтіне дейін Шарт бұрынғы шарттарда қолданылады. Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар енгізу оларды жазбаша ресімдеу және екі тараптың уәкілетті өкілдерімен қол қою шартымен заңды күшке ие болады.
10.2. Шарттың телнұсқасын ресімдеу Сақтандырушымен Сақтанушының жазбаша өтінішің негізінде жүзеге асырылады. Сақтандырушы Шарттың телнұсқасын Сақтанушыдан өтінішті алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ресімдеуді жүзеге асырады. Шарттың телнұсқасын ресімдеу кезінде Сақтандырушы 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде бланкке шығындарды ұстап қалады.
11. Шартты тоқтату/бұзу тәртібі және шарттары.
11.1. Шарттың қолданылуы келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) Сақтанушымен сақтандыру сыйлықақысын Шартпен белгіленген мөлшерде және мерзімде төлемеу;
2) Сақтандырылушының шығуын шекара және/немесе кедендік қызметтермен тіркеу сәтінен бастап, бірақ Сапардың басталу күнінен кеш емес;
3) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;
4) Шартты мерзімінен бұрын тоқтату жағдайында.
11.2. Міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен, сондай-ақ ҚР АК 841 бабының 1 тармағымен көзделген Шартты мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінен басқа, Шарт келесі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:
1) Сақтандырушының сақтандыру төлемін Шартта көрсетілген сақтандыру сомасының мөлшерінде жүзеге асырмауы;
2) Сақтанушының Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы өзіне белгілі болған маңызды өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндеттемесін орындамауы, егер бұл өзгерістердің сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етуі мүмкін болса, немесе егер Сақтанушы Шарттың талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесін арттыруға мөлшерлес қосымша төлеуге қарсы қарсылық білдіретін болса;
3) Сақтанушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша, сондай-ақ Тараптардың келісім бойынша Шартты бұзу.
11.3. Осы Ережелердің 11.1 т. 1) тт. көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдарлары:
11.3.1. Аталған жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіздеме ретінде көзделген жағдайлардың туындау сәтінен бастап Шарт тоқтатылған ретінде саналатын болады, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді.
11.3.2. Аталған негіздер бойынша Шартты тоқтату кезінде Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.
11.4. Осы Ережелердің 11.1 т. 4) тт. көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен салдарлары:
11.4.1. Шарт Сақтандырушыға (Сақтанушыға) Сақтанушының (Сақтандырушының) Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламасы келіп түскеннен кейінгі күннен бастап немесе соттың тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап (егер дау сот тәртібімен шешілсе) тоқтатылды деп есептеледі, бұл ретте Шартты бұзу ниеті туралы бастамашы тарап Шартты бұзу күніне дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын екінші Тарапты хабардар етуге міндетті.
11.4.2. Шарттың қолданылу мерзімі басталғаннан кейін берілген Сақтанушының өтініші бойынша Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде:
Сақтандырушы Сақтанушыға осы тәуекел бойынша сақтандыру сыйлықақысының 35% мөлшеріндегі әкімшілік шығыстарды шегере отырып және осы тәуекелге қатысты Шарттың қолданылу мерзімінің өткен кезеңіне барабар осы тәуекел бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін шегере отырып, төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтарады.
11.4.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан/тиісінше орындамаудан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын толық қайтаруға міндетті.
11.4.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен оның талаптарының орындалмауынан/ тиісінше орындалмауынан туындаған жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.
11.5. Осы баптың жоғарыда аталған тармақтарына сәйкес қайтарылуға жататын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігі Сақтандырушымен бір жолғы төлеммен, Шартты бұзу туралы өтініш Сақтандырушыға түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төленеді.
12. Дауларды шешу тәртібі
12.1. Шарттан немесеоғанбайланысты туындайтынкезкелген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.
12.2. Тараптармен уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелуі тиіс.
13.Қорытынды ережелер
13.1. Тараптардың келісімі бойынша осы Ережелерге сәйкес жасалатын Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылық тудырмайтын ерекше шарттар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) қосылуы мүмкін.
13.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
13.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
13.4.
Сақтанушы Cақтандырылушыдан
(Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда
алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 13.2. т. санамаланған келісімді қоса
алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының)
дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының)
келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.