ҚЫЗМЕТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚАУПІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТІЛЕР ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

22.04.2022ж. өзгерістер

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ережесі (бұдан әрі – «Сақтандыру ережесі») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-II Заңына, «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 580-II Заңына (бұдан әрі - «Заң»), сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

1.2. Бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ осы Ереженің шарттарына сәйкес қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды (бұдан әрі – сәйкесінше, «қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру») ары қарай «Сақтанушы» деп аталатын қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерімен қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі - «сақтандыру шарты») жасау арқылы жүзеге асырады.

1.3. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактордан зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мақсат қояды .

1.4. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) апат - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың бұзылуы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті заттардың шығарындысы;

2) инцидент - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе зақымдануы, технологиялық процесс режимінен ауытқу, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу;

3) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, инциденттер кезінде туындайтын, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіретін физикалық құбылыс;

4) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі - қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіге меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде иелік ететін жеке және (немесе) заңды тұлға;

5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объект иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген қауіпті өндірістік фактордан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге міндеті;

6) Пайда алушы - Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

7) Сақтандыру жағдайы - басталған кезде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

8) Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

9) Сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

10) Сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

11) Сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

12) Сақтандырылған тұлға - оған қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

13) Сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған тұлға болып табылады;

14) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау мен қадағалау бойынша орган;

15) үшінші тұлға - денсаулығына және (немесе) мүлкіне қауіпті өндірістік фактормен зиян келтірілген тұлға.

1.5. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қызметкерлері мен иелері үшінші тұлғалар болып табылмайды.

2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (бұдан әрі - объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объекті иесінің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген оның қауіпті өндірістік фактормен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

2.2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілері болып "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялауға жататын объектілер танылады.

2.3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы тіркелген объектілердің тізбесін уәкілетті орган оның Интернет-ресурсында орналастырады немесе республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

2.4. Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупін төндіруді тоқтатса, онда Сақтанушы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторына немесе оны алмастыратын тұлғаға өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы өтінішті және объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы сараптамалық қорытындыны ұсынады. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы немесе оның орнындағы адам сараптамалық қорытындыны қарау негізінде өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару туралы шешім қабылдайды немесе дәлелді бас тартады.

2.5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын есептен шығару Сақтанушыға сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне құқылы.

3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Сақтандыру жағдайы болып қауіпті өндірістік фактордан үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі танылады.

4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

4.1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін құрайды:

1) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны төрт мың адамнан асса - 600 мың;

2) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны екі мыңнан астам адамды құраса, бірақ төрт мың адамнан аспаса - 350 мың;

3) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны бір жарым мыңнан астам адамды құраса, бірақ екі мың адамнан аспаса - 225 мың;

4) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жеті жүз елу адамнан асатын болса, бірақ бір жарым мың адамнан аспайтын болса - 115 мың;

5) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны үш жүзден астам адамды құраса, бірақ жеті жүз елу адамнан аспаса - 50 мың;

6) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны жүз елу адамнан көп болса, бірақ үш жүз адамнан аспаса - 30 мың;

7) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде жәбірленушілердің ең жоғары ықтимал саны жетпіс бес адамнан көп болса, бірақ жүз елу адамнан аспайтын болса - 12 мың;

8) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің нәтижесінде жәбірленушілердің ең жоғары ықтимал саны он адамнан көп болса, бірақ жетпіс бес адамнан аспаса - 5 мың;

9) егер қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің салдарынан зардап шеккендердің ең жоғары ықтимал саны он адамға дейін құраса, өзге де декларацияланатын қауіпті өндірістер үшін - 1 мың.

5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

5.1. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімі бойынша қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің қауіптілік деңгейіне байланысты сақтандыру сомасы мөлшерінің 0,72-ден 2,02 пайызына дейінгі шегінде белгіленеді.

5.2. Нақты объект үшін сақтандыру тарифінің шамасы уәкілетті орган жыл сайын айқындайтын объект қауіптілігінің жалпы деңгейіне байланысты белгіленеді.

5.3. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру тарифі, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындаған объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ескеріле отырып белгіленеді.

5.3.1. Декларациялауға және сақтандыруға жататын қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар қауіптілігінің жыл сайынғы жалпы деңгейі туралы ақпаратты уәкілетті орган оның Интернет-ресурсында орналастырады немесе республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

5.3.2. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі сақталған немесе төмендеген кезде сақтандыру сыйлықақысы осы тарауға сәйкес белгіленген сақтандыру тарифі бойынша төленеді.

5.3.3. Орташа салалық көрсеткіштермен салыстырғанда объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ұлғайған кезде сақтандыру тарифіне объект қауіптілігінің жалпы деңгейі ұлғаюының бір пайызы үшін он пайыз мөлшерінде арттыру коэффициенті қолданылады.

5.3.4. Арттыру коэффициентін ескере отырып, сақтандыру тарифінің шамасы осы Ереженің 5.1-тармақта белгіленген сақтандыру тарифінің мөлшерінен аспауы тиіс.

5.4. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері

5.4.1. Сақтандыру сыйлықақылары объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалғаннан кейін он күн ішінде бір мезгілде төленеді.

5.4.2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты кез келген негіздер бойынша өзгерген кезде қайта есептелген және бұрын төленген сақтандыру сыйлықақылары арасындағы айырма он бес күн ішінде төленуге (қайтарылуға) жатады.

5.4.3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында айқындалған тәртіппен сақтандыру жарналарын енгізу жолымен сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу құқығы көзделуі мүмкін.

5.4.4. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз жолмен төлеу мүмкіндігін ұсынады.

6. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ

6.1. Міндетті сақтандыру осы Ережеге сәйкес үшінші тұлғалардың пайдасына сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады.

6.2. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің біреуден артық иесі болған жағдайда, сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылған адамдар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келгенімен жасалады.

6.3. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында моральдық зиянды, жіберіп алған пайданы өтеуді және тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді.

6.4. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға (пайда алушыға) осы Ережеде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.

6.5. Сақтанушының өтініші объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау үшін негіз болып табылады.

6.6. Сақтандыру келісім-шарты сақтандырылушының (сақтандырушымен сақтандыру келісім-шартын жасасқан тұлға), сақтандырушының бастамасымен, немесе екіжақтың келісімімен алдын ала бұзылуы мүмкін. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау Сақтанушының пайдасына шешіледі.

6.7. Шарт Сақтандырушының сақтандыру полисін электронды нысанда рәсімдеу жолымен жасалады. Сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау немесе сақтандырушының интернет-ресурсын пайдаланыла отырып, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық нысанда ақпарат алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

6.8. Сақтандыру полисінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында көрсетілген шарттардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері болуға тиіс.

6.9. Егер Сақтандырушы Сақтанушының (сақтандырылушының) немесе үшінші тұлғаның жағдайын Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптарда шарт жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы (сақтандырылушы) немесе үшінші тұлға алдында Заңда белгіленген талаптарда міндеттемелер көтереді.

6.10. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын электронды нысанда жасасу барысында Сақтандырушының интернет-ресурсы Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Сақтандырушының арасында электронды ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

6.11. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішті электронды нысанда беру барысында Сақтанушының арнайы бағдарламалық жасақтама пайдалануы қажет емес.

6.12. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электронды нысанда жасасуға пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізімі дерекқор құру мен басқару ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.

6.13. Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Сақтандырушының арасындағы электронды ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативті құқықтық актісімен бекітіледі.

6.14. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында Сақтандырушы қамтамасыз етуге міндетті:

1) Сақтанушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу немесе оны жасасудан бас тарту (бас тарту себебін көрсете отырып) туралы электронды хат түріндегі шұғыл хабарлама жіберуге;

2) Сақтанушының объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқор құру мен басқару ұйымының ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігімен;

3) Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын Сақтанушының тәуліктік қолжетімділігін қамсыздандыра отырып, сақтандырушының интернет-ресурсында электронды нысанда сақтаумен;

4) Сақтанушының (Сақтандырушы, Пайда алушы) төмендегі жағдайларда қажетті ақпаратты электронды нысанда жасау мен Сақтандырушыға жіберу мүмкіндігі (өтініш, хабарлама мен (немесе) өзге құжаттар, мәлеметтер):

а) сақтандыру шартын қайта рәсімдеу, мәліметтерді өзгерту;

б) міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу;

в) сақтандыру жағдайының орын алуы туралы хабарлама;

г) келтірілген залал көлемін бағалауды жүргізу;

д) сақтандыру төлемін алу.

6.15. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама сақтандыру бойынша біртұтас дерекқор құру мен басқару ұйымынан жіберіледі.

Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органмен бекітіледі.

6.16. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында бұл сақтандыру шарты Сақтандырушымен ұсынылған талаптарда Сақтанушымен сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу жағдайында бірінші сақтандыру жарнасының) төлем күнінен бастап Сақтанушымен жасалған болып есептеледі.

6.17. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында Сақтанушы осы Заңмен қарастырылған сақтандыру шарттарымен танысқан соң, осы қосылу шартын өзіне ұсынылған шарттарда жасауға келісе отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

6.18. Сақтандырушы объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы тәулік бойы жасасу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

6.19. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру шарттарын Сақтанушы мен Сақтандырушының арасындағы ақпараттық өзара әрекеті арқылы жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын жасау қызметіне жол берілмейді.

7. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

7.1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты, егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

7.2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімге жасалады.

7.2.1. Объектінің иесі қызмет мерзімі он екі айдан кем емес мерзімде жүзеге асырған кезде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты ай мерзімге жасалады.

7.2.2. Сақтандыру қорғаудың қолданылу кезеңі объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімімен сәйкес келеді.

7.3. Егер объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

8.1. Сақтандырушы құқылы:

1) Объект иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, сақтанушыдан Заңға сәйкес қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;

2) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

3) тиісті мемлекеттік органдардан және ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және үшінші тұлғаға келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

4) үшінші тұлғалардың бүлінген мүлкін және зақымдау аймағын тексеруге қатысуға және тексеру актілеріне қол қоюға;

5) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкелуі мүмкін мән-жайлар өзгерген жағдайда (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кезде ықтимал зиян мөлшері) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді талап етуге;

6) келтірілген зиянды өтеуге байланысты қатынастарда Сақтанушының (сақтандырылушының) атынан және тапсырмасы бойынша сөз сөйлеуге;

7) Сақтанушының (сақтандырылушының) тапсырмасы бойынша пайда алушылардың қоятын талаптарына қатысты оның атынан сотта іс жүргізуді өзіне қабылдауға міндетті. Бірақ Сақтандырушының бұл әрекеттері оның сақтандыру төлемін жүзеге асыруға байланысты өз міндеттерін мойындауы болып саналмайды;

8) зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығын беруге.

8.1.1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында Сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

8.2. Сақтандырушы міндетті:

1) Сақтанушыны (сақтандырылушыны) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға және оның талап етуі бойынша ережелердің көшірмесін ұсынуға (жіберуге);

2) сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін рәсімдеуге;

3) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы жетіспейтін және (немесе) дұрыс рәсімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлауға;

4) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Ережеде белгіленген тәртіппен және мерзімде сақтандыру төлемін жүргізуге;

5) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда Сақтанушыға (пайда алушыға) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін жазбаша нысанда жіберуге;

6) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

7) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) өтініш алған кезде сақтанушының (үшінші тұлғаның, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды реттеудің одан әрі тәртібін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге;

8) сақтанушыдан (үшінші тұлғадан, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.

8.2.1. объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

8.3. Сақтанушы құқылы:

1) сақтандырушыдан объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарын, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) сақтандыру тәуекелін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен, сақтандырушы және (немесе) тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі мөлшерінің есептеулерімен танысуға;

4) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;

5) өтініш пен қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы жіберуге);

6) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі сақтандыру тәуекелінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін мән-жайлар өзгерген жағдайда (сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығы немесе ол басталған кездегі ықтимал зиян мөлшері) сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді талап етуге;

7) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен сақтандыру төлемін алуға құқығы бар. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін;

8) Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сотқа жүгінуге.

8.4. Сақтанушы міндетті:

1) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2) объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде бұл туралы жетекшілік және салааралық координацияны, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асыруды атқаратын уәкілетті органды хабардар етуге міндетті;

3) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырушыға объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті және ерікті сақтандырудың алдыңғы шарттары, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру төлемдері және объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті өзге де мәліметтер туралы ақпарат беруге;

4) 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандырушыға және уәкілетті мемлекеттік органдарға, олардың құзыретіне қарай, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әсер етуі мүмкін болса, мән-жайлардың өзгеруі туралы хабарлауға(жетекшілік және салааралық координацияны, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асыруды атқаратын);

5) сақтандырушыны және мемлекеттік органдарды (жетекшілік және салааралық координацияны, азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты өңдеу мен жүзеге асыруды атқаратын) олардың құзыретіне сүйене отырып, қызметі сақтандыру тәуекелін елеулі түрде арттыруы мүмкін үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні жоспарлы жаңғырту және (немесе) қайта бейіндеу туралы хабардар етуге;

6) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсерін болғызбау жөніндегі қажетті және ықтимал шараларды қабылдауға;

7) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болғандай дереу, бірақ 3 (үш) күннен кешіктірмей бұл туралы сақтандырушыға хабарлауға;

8) қауіпті өндірістік факторлардың үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсері туындаған кезде ықтимал шығындарды болғызбау немесе азайту, оның ішінде мүлікті құтқару және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жөнінде қалыптасқан мән-жайларда ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қабылдауға;

9) Сақтандырушының өкіліне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектідегі аварияның, инциденттің туындау себептері мен өзге де мән-жайларына дербес тексеру жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

10) зардап шеккен мүліктің және зақымдау аймағының (егер бұл қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе немесе залал мөлшеріне әсер етпесе) сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін болған түрде Сақтандырушының өкілі оларды қарап тексергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға;

11) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу себептері, барысы және салдары туралы, сондай - ақ келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін қолда бар барлық ақпаратты (қажет болған жағдайда-жазбаша нысанда) және құжаттаманы беруге;

12) қауіпті өндірістік фактор үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап немесе талап арыз беру туралы өзіне белгілі болған 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы сақтандырушыны кез келген қолжетімді тәсілмен хабардар етуге;

13) зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге;

8.4.1. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

8.5. Үшінші тұлғалар құқылы:

1) қауіпті өндірістік факторлардың олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиянды әсері нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға;

2) Сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауды жүргізуге және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

3) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшының қызметтерін пайдалануға;

4) келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға;

5) осы Ережеде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

6) өтініш пен қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы жіберуге;

7) сақтанушыға келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асып түсуі мөлшерінде келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюға;

8) Заңның 21-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге құқылы.

8.5.1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда үшінші тұлғалардың осы тармақта көрсетілген құқықтары өзге тұлғаларға (Пайда алушыларға) ауысады.

9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

9.1. Сақтандырушыға сақтандыруды төлеуге қойылатын талаптарды Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) немесе Пайда алушы болып табылатын басқа тұлға жазбаша түрде мынадай құжаттарды ұсына отырып ұсынады:

1) Пайда алушының келтірілген зиянды және оның мөлшерін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, зиянды өтеу туралы Сақтанушы таныған талабын немесе қауіпті өндірістік фактордан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы соттың заңды күшіне енген шешімін;

2) зиян мөлшерін болғызбау немесе азайту жөніндегі шараларды қолдануға байланысты шығындарды растайтын құжаттарды (бар болса) ұсынады.

9.2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тізімін және оларды қабылдаған күнін көрсете отырып, өтініш берушіге куәлік беруге міндетті. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі жайлы талапты электронды нысанда жіберген жағдайда Сақтандырушы бұл анықтаманы оған электронды нысанда ұсынуға құқылы.

9.3. Арыз берушінің қалауымен сақтандыру төлемі туралы талап сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды электронды көшірме немесе электронды құжаттар түрінде тіркей отырып, электронды нысанда ұсыныла алады. Бұл жағдайда электронды нысандағы сақтандыру төлемі жайлы талап арыз берушіні Сақтандырушыға Сақтандырушының орналасқан мекенжайы бойынша түпнұсқа құжаттарды ұсыну жауапкершілігінен босатпайды.

10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

10.1. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы аварияның, инциденттің себептерін тексеру актісінің, сот шешімдерінің және келтірілген зиянның мөлшері туралы деректерді қамтитын басқа да материалдардың негізінде айқындалады.

10.2. Әрбір үшінші тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемінің мөлшері (сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) құрайды:

1) қаза тапқан жағдайда-1000;

2) мүгедектік белгіленген кезде: I топ-800; II топ-600; III топ-500; "мүгедек бала " - 500;

3) мүгедектік белгіленбестен мертіккен, жарақаттанған немесе денсаулығына өзге де зақым келген кезде - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге арналған нақты шығындар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емдеудің әрбір күні кемінде 2 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс.

10.3. Сақтандыру төлемі үшінші тұлғаға келтірілген залал (нақты залал) мөлшерінен аспауы тиіс.

Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін айқындау:

10.4. Мүлікті бүлдірген кезде келтірілген зиянның мөлшері сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған мүліктің тозуын ескере отырып, оны қалпына келтіру құнының есебіне сүйене отырып айқындалады. Мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы басталған кезде қолданыста болған орташа нарықтық бағалар мен тарифтер негізінде айқындалады.

10.5. Мүлікті жою кезінде келтірілген зиянның мөлшері сақтандыру жағдайы басталған күнгі тозуды ескере отырып, мүліктің нақты құнын негізге ала отырып айқындалады. Мүлік, егер оны қалпына келтіру техникалық мүмкін болмаса немесе экономикалық негізделмесе, жойылды деп есептеледі. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте күтілетін шығындар (қалпына келтіру құны) сақтандыру жағдайы басталған күні есептелген амортизацияны ескере отырып, мүліктің нақты құнының сексен процентінен асып кетсе, экономикалық негізделмеген болып есептеледі.

10.6. Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде әрбір үшінші тұлғаның мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін Сақтанушының (сақтандырылушының) немесе Пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның өтініші бойынша Сақтандырушы айқындайды. Қажет болған жағдайда келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды тәуелсіз сарапшы жүргізуі мүмкін. Келтірілген зиянды бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда Тараптар өзгеше дәлелдеуге құқылы, бұл ретте қайта/қосымша бағалау жөніндегі шығындарды бастамашы Тарап көтереді.

10.7. Сақтандырушы келтірілген зиянның мөлшерін айқындау мақсатында қосымша тексеру жүргізуге құқылы. Осыған байланысты ол аварияны техникалық тексеру материалдарын, мемлекеттік органдардан зиян келтіруге байланысты құжаттарды, медициналық құжаттарды, жоғалған (бүлінген, қаза тапқан) мүліктің құны, жүргізілген жұмыстардың құны, келтірілген шығындар туралы сот жүргізуге мүмкіндік беретін шоттарды, сондай-ақ өзге де қажетті құжаттарды талап етуге құқылы.

10.8. Үшінші тұлға (ол қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлға) немесе үшінші тұлғаға (зиянды өтетуге құқығы бар тұлғаға) келтірілген зиянды «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңда белгіленген Сақтандырушының жауапкершілігі шегінде өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге тұлға Пайда алушы болып табылады.

Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі

10.9. Сақтандыру төлемдері осы Ережеде белгіленген сақтандыру сомасы шегінде теңгемен жүргізіледі.

10.10. Үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды толық өтеу үшін сақтандыру сомасы жеткіліксіз болған кезде сақтандырушы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру сомасы шегінде осы Ереженің 10.11-тармағында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асырады. Бұл ретте Пайда алушы келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асып түскен мөлшерінде келтірілген зиянды өтеу туралы тікелей сақтанушыға (сақтандырылушыға) талап қоюға құқылы.

10.11. Сақтандырушы немесе сот шешімімен сақтандыру жағдайы деп танылған қауіпті өндірістік фактордан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу туралы өтініштерді қанағаттандыру олардың түсу тәртібімен, ал бір мезгілде бірнеше өтініш мынадай кезектілікпен келіп түскен кезде жүзеге асырылады:

1) бірінші кезекте жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар қанағаттандырылады;

2) екінші кезекте жеке тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиян өтеледі;

3) үшінші кезекте заңды тұлғалардың мүлкіне келтірілген зиян өтеледі.

10.12. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін бірнеше сақтандырушыда сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы сақтанушының алдында онымен жасалған шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы (Пайда алушы) барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс. Бұл ретте Сақтанушы кез келген сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты залалды жабмаған жағдайда, Сақтанушы жетіспейтін соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы. Келтірілген залалды басқа сақтандырушылар өтеуіне байланысты сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара босатылған сақтандырушы келтірілген шығындарды шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиісті бөлігін сақтанушыға қайтаруға міндетті.

10.13. Келтірілген зиянды басқа тұлғалар да өтейтін жағдайларда сақтандырушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің сомасы мен басқа тұлғалар өтейтін сома арасындағы айырманы ғана төлейді. Сақтанушы сақтандырушыға үшінші тұлғаларға зиянды өтеу үшін басқа тұлғалар жасаған өзіне белгілі болған төлемдер туралы хабарлауға міндетті.

10.14. Сақтандырушы, егер мұндай шығыстар қажет болса және (немесе) сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, сақтандыру жағдайынан болған залалды болдырмау немесе азайту мақсатында Сақтанушы шеккен шығыстарды да өтеуге міндетті. Көрсетілген шығыстарды өтеуді сақтандырушы тиісті шығындар туралы актіні алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, бірақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан бұрын емес жүргізеді. Сақтанушының аталған шығыстары нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан аспайтындай етіп өтеледі. Егер шығыстар сақтанушының сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде туындаса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.

10.15. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері болмаған кезде жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған адамға сақтандырушы жерлеуге қажетті шығыстарды нақты шығындар мөлшерінде, бірақ сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасы шегінде өтейді.

10.16. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін жүргізеді.

11. ЗИЯН КЕЛТІРГЕН АДАМҒА КЕРІ ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ

11.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының Сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) төленген сома шегінде кері талап ету құқығы бар, егер:

1) Сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттер жасаса;

2) Сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттер жасаса;

3) Сақтанушының (сақтандырылушының) зиян мөлшерін азайту жөніндегі ақылға қонымды және қол жетімді шараларды қасақана қолданбауы нәтижесінде ол мөлшерді ұлғайтса;

4) Сақтанушы (сақтандырылушы) Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы әдейі жалған мәліметтер хабарласа;

5) Сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамнан өзінің талап ету құқығынан бас тартса, сондай-ақ талап ету құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды сақтандырушыға беруден бас тартқан жағдайларда, сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығынан бас тартылады.

11.2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға төленген сома шегінде Сақтанушының (сақтандырылушының) келтірілген зиян үшін жауапты адамға сақтандыру шарты бойынша өтелген кері талап ету құқығы ауысады.

11.3. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушының қызметтік, лауазымдық немесе өзге де Еңбек міндеттерін бұзуы қауіпті өндірістік фактордың туындауына себеп болған олардың қызметкерлеріне кері талап қоюға құқығы жоқ.

12. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТУ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ

12.1 Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы төменгілердің салдарынан болса, сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1) Пайда алушының қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) Пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттері.

12.2. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы төмендегі жағдайлардың салдарынан болған жағдайда, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:

1) әскери іс-қимылдар;

2) азаматтық соғыс, әр түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер.

12.3. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар да негіз бола алады:

1) сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан тыс зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;

2) Сақтанушының (сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаның залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы.

12.4. Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешімді 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) және (немесе) пайда алушыға бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен жазбаша нысанда қабылдайды және хабарлайды.

12.5. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына сақтанушы (сақтандырылушы) және (немесе) пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сотқа шағым жасауы мүмкін.

12.6. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартына дәлелді себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар табыс етілсе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.

13.САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ӨЗГЕРТУ

13.1. Сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі. Сақтандыру шартына барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша рәсімдеген және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күшіне ие болады.

14. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

14.1. Сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі:

1) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өтсе;

2) сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылса;

3) Сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген жалпы сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда жүзеге асырылады.

14.2. Объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатудың тәртібі, талаптары мен салдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

14.3. Сақтандыру сыйлықақысын қайтару сомасы қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын бұзуға арыз берген сәттен бастап есептеледі.

15. ҚЫЗМЕТІ ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ЗИЯН КЕЛТІРУ ҚАУПІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ОБЪЕКТІЛЕР ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

15.1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) құқылы:

1) Сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша өтініш жіберуге;

2) қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде филиалы, өкілдігі) немесе сотқа өтініш жіберуге.

15.2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, қарайды және жазбаша жауап береді.

15.3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына жүгінген жағдайда Сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрауы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

16. ҚОСЫМША ШАРТТАР

16.1. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

16.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының)келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

16.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

16.4. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 16.2. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

16.5. Сақтанушы 1)-5) 16.2. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту