1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Сақтандыру ережелері) Қазақстан Републикасының Азаматтық Кодексіне, 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Републикасының 2003 ж. 1 шілдедегі № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі – «Заң») сәйкес әзірленді. 

1.2. «Номад Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – «Сақтандырушы») осы сақтандыру Ережелерінің талаптарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды (бұдан әрі – «көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру») көлік құралдарының иесімен (бұдан әрі – «Сақтанушы») міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – «шарт») жасау арқылы жүзеге асырады.

1.3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

1.4. Иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады:

1.4.1. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын) жеңіл, жүк автомобильдерін, автобустарды, шағын автобустарды және олардың базасында салынған көлік құралдарын, мотокөліктер мен олардың тіркемелерін (жартылай тіркемелерді), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды;

1.4.2. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген (әкелінген) ;

1.4.3. Осы Сақтандыру шартының 1.4-тармағының 1.4.1., 1.4.2. тармақшаларында көрсетілген, өндіруші-ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, Кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз жүрісімен жеткізілетін, сондай-ақ иесінің тұрғылықты жерінің немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі есептен шығарған көлік құралдарын.

1.5. Көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі ол пайдаланатын көлік құралының әрбір бірлігі бойынша сақтандырылуы тиіс. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасау көлік құралы иесін

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.

1.6. Көлік құралын өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына байланысты, оның ішінде көлік құралының иесімен еңбек немесе өзге де шарт негізінде не көлік құралы иесінің қатысуымен оның еркін білдіруі негізінде мәміленің жазбаша нысанын ресімдемей басқаратын тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатпайды.

1.7. Осы Сақтандыру ережелерінде келесі ұғымдар қолданылады:

  • «Бонус-малус» жүйесі - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) осы жүйе бойынша тиісті сынып бере отырып, оның кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына байланысты жоғарылату немесе төмендету коэффициенттерін қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
  • Жәбірленуші - көлік құралын пайдалану нәтижесінде өмірі мен денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген, оны өтеу жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралының иесі ретінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген адам;
  • Жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасаған жеке тұлға;
  • Кешенді шарт – сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдарының екі және одан да көп бірлігінің иесі болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және тек бір сақтандырылған жеке тұлғаға қатысты әрекет ететін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
  • Көлік құралы иесі – көлік құралын меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде (мүліктік жалдау шартына, құзыретті органның көлік құралын беру туралы өкімі күшіне қарай және басқа) иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
  • Көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген көлік құралын жоғары қауіптілік көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндеті;
  • Көлік құралын пайдалану - көлік құралын жолдармен, сондай-ақ оларға іргелес
    жайластырылған немесе бейімделген және көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын аумақтармен жүріп-тұру үшін пайдалану.
  • Көлік оқиғасы - көлік құралын пайдалану процесінде және оның қатысуымен туындаған, сондай-ақ көлік құралынан бөлінген бөлшектер мен ондағы жүктің қозғалысы нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтірілген оқиға;
  • Пайда алушы – Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
  • Сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
  • Сақтандыру жағдайы - басталған кезде сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
  • Сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
  • Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
  • Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;
  • Сақтандыру омбудсманы - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
  • Сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
  • Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаған тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған болып табылады.
  • Стандартты шарт - сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бір немесе бірнеше сақтандырылған тұлғаларға қатысты қолданылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
  • Тікелей реттеу – көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушіде заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетігі;

2.  САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі Сақтандырылған адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген оның көлік құралын жоғары қауіптілік көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

3.  САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Сақтандыру жағдайы деп Сақтандырылған адамның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегуші деп танылған адамдардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтандырылған адамның азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі танылады.

4.  САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ

4.1. Сақтандыру сомасы Заңға сәйкес сақтандыру шарты бойынша анықталады. Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайына байланысты жауапкершілігінің шекті көлемі айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) құрайды:

1) Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген және алып келген төмендегі зиян үшін:

өлім – 2000

мүгедектікті анықтау:

І топ – 1600;

ІІ топ – 1200;

ІІІ топ – 500;

«мүгедек бала» - 1000;

  мертігу, жарақат немесе мүгедектік анықталмаған денсаулықтың өзге де зақымдары -  амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспайтын;

2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден аспайтын;

3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2000-нан аспауы тиіс. Зиян Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен мөлшері асып кеткен жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.

4.2. Зардап шегушінің қайтыс болуына немесе мүгедектігің анықталуына әкеп соққан өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі сақтандырушының жауапкершілігінің осы баптың 4.1-тармағында белгіленген шекті көлемі мөлшерінде жүзеге асырылады.

4.3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

4.4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болған болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілген болса, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, сақтандырушы өтеуге тиіс.

4.5. Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі,бұл ретте сақтандыру төлемінің және шығындар өтемақысының жалпы сомасы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген жауапкершіліктің шекті көлемінен аспауға тиіс. Егер шығындар сақтанушының сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.

4.6. Көрсетілген шығындарды сақтандырушы тікелей оны шеккен тұлғаға өтейді.

4.7. Келтірілген зиянды толық өтеу үшін жауапкершіліктің шекті көлемі жеткіліксіз болған жағдайда сақтанушы жәбірленушіге сақтандыру сомасы мен нақты зиян мөлшері арасындағы айырманы өтейді.

4.8. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге арналған шығындарды жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.

 

5.  САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ

5.1. Сақтандыру шартын жасау бойынша төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін, оған көлік құралдарын тіркеу орнына, көлік құралының типі, Сақтанушының (Сақтандырылушының) жасы мен жүргізу өтіліне, көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, ал азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған ("бонус-малус" жүйесі) тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуы немесе болмауына қатысты Сақтандыру ережелерінің 5.4. - 5.11 тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады.

5.2. Осы Сақтандыру ережелерінде көзделмеген өзге де негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді.

5.3. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

5.4. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

 


№ п/п

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана атауы

Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін )

1.

Алматы облысы

1,78

2.

Түркістан облысы

1,01

3.

Шығыс Қазақстан облысы

1,96

4.

Қостанай облысы

1,95

5.

Қарағанды облысы

1,39

6.

Солтүстік Қазақстан облысы

1,33

7.

Ақмола облысы

1,32

8.

Павлодар облысы

1,63

9.

Жамбыл облысы

1,00

10.

Ақтөбе облысы

1,35

11.

Батыс-Қазақстан облысы

1,17

12.

Қызылорда облысы

1,09

13.

Атырау облысы

2,69

14.

Маңғыстау облысы

1,15

15.

Алматы

2,96

16.

Астана

2,2

17.

Шымкент

1,01


 

5.5. Осы Сақтандыру ережелерінің 5.4-тармағында көрсетілген өзге қалалар мен облыстардағы елді мекендер үшін сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қосымша 0,8 мөлшерінде түзету коэффициенті пайдаланылады.

5.6. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда тіркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшерінде коэффициент қолданылады;

Осы Сақтандыру ережелерінің 1.4.3.тармақшасында көзделген жағдайларға қатысты көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.

5.7. Көлік құралының типі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді:

 


Р/б №

Көлік құралының типі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сыныптама

Көлік құралының типі бойынша коэффициенттің мөлшері

1.

Жеңіл

«В» - толық салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа отыратын орындардың саны 8-ден аспайтын автомобильдер

2,09

2.

16-ға дейінгі жолаушылар орны бар(қоса алғанда) автобустар

 

«Д» - -жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,26

3.

16 - дан астам жолаушылар орны бар автобустар-

«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер

3,45

4.

Жүк

«С» - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдері

3,98

5.

Троллейбустар, трамвайлар

Троллейбустар, трамвайлар

2,33

6.

Мотокөлік

«А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары

1,00

7.

Тіркемелер (жартылай тіркемелер)

«Е» - "В", "С" немесе "Д" көлік құралдарының санаттарына жататын тартқыштары бар көлік құралдарының құрамдары

1,00


 

5.8. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу өтіліне байланысты коэффициенттер келесі мөлшерде белгіленеді:

 


Р/б №

Жасы және жүргізу өтілі

Жасына және жүргізу өтіліне байланысты коэффициенттің мөлшері

1.

25 жастан төмен/жүргізу өтілі 2 жылдан кем

1,10

2.

25 жастан төмен/жүргізу өтілі 2 жылдан астам

1,05

3.

25 жас және одан жоғары / жүргізу өтілі 2 жылдан кем

1,05

4

25 жас және одан жоғары / жүргізу өтілі 2 жылдан астам

1,00


 

5.9. Заңды тұлғалар үшін осы Сақтандыру Ережелерінің 5.8. тармағында көзделген коэффициенттер 1,2 мөлшерінде белгіленеді.

5.10. Көлік құралдарын пайдалану мерзіміне байланысты коэффициенттер келесі мөлшерде белгіленеді:


Р/б №

Көлік құралдарын пайдалану мерзімі

Көлік құралдарын пайдалану мерзіміне байланысты коэффициенттер мөлшері

1.

Қоса алғанда 7 жыл

1,00

2.

7 жылдан жоғары

1,10


5.11. «Бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициенттер сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін тиісті сынып беріле отырып келесі мөлшерде белгіленеді:

 


 Сақтандыру мерзімінің басындағы сынып

Коэффициент мөлшері

Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуын ескере отырып, сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейінгі сынып

0 сақтандыру жағдайы

1 сақтандыру жағдайы

2 сақтандыру жағдайы

3 сақтандыру жағдайы

4 және одан астам сақтандыру жағдайы

Сынып М

2,45

0

М

М

М

М

Сынып 0

2,30

1

М

М

М

М

Сынып 1

1,55

2

М

М

М

М

Сынып 2

1,40

3

1

М

М

М

Сынып 3

1,00

4

1

М

М

М

Сынып 4

0,95

5

2

1

М

М

Сынып 5

0,90

6

3

1

М

М

Сынып 6

0,85

7

4

2

М

М

Сынып 7

0,80

8

4

2

М

М

Сынып 8

0,75

9

5

2

М

М

Сынып 9

0,70

10

5

2

1

М

Сынып 10

0,65

11

6

3

1

М

Сынып 11

0,60

12

6

3

1

М

Сынып 12

0,55

13

6

3

1

М

Сынып 13

0,50

13

7

3

1

М


 

5.12. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін "бонус-малус" жүйесі бойынша сыныпты есептеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.

5.13. Сақтандырушы "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициенттерді қолдануы үшін сақтандырушы деректер базасынан алған сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілген сынып туралы ақпараты бар сақтандыру есебі негіз болып табылады.

5.14. Деректер базасында Сақтанушы (сақтандырылған адам) туралы ақпарат болмаған жағдайда сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жаңа мерзімге жасау кезінде сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шартының түпнұсқасын берген жағдайда осы Сақтандыру Ережесінің 5.11-тармағында келтірілген кестеге сәйкес төмендету коэффициентін қолданады.

5.15. Сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды және уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

5.16. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын алғаш рет жасаған кезде сақтанушыға 3-сынып беріледі.

5.17. Осы Сақтандыру Ережесінің 5.11-тармағында көзделген коэффициенттер 6.5. тармақтың 6.5.3 және 6.6. тармақтың 6.6.3. тармақшасында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілігі басталған жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қолданылмайды.

5.18. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру жағдайларын қоспағанда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан кем мерзімге жасау кезінде, көлік құралының бірлігіне арналған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

СП=ГСП*n / n, мұнда:

СП-он екі айдан кем мерзімге жасалатын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

ГСП-жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

n-көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау мерзімі (күндермен));

N-365 күн (кібісе жылда 366 күн);

5.19. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда көлік құралының бірлігіне арналған сақтандыру сыйлықақысының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

СП = ГСП* К, мұнда:

СП-Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда он екі айдан кем мерзімге жасалатын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

К – осы сақтандыру ережелерінің 5.20-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.

5.20. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру кезеңінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді:

Р/б №

Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың сақтандыру мерзімі

Коэффициент

1

15 күнге дейін (қоса алғанда)

0,2

2

16 күннен 1 айға дейін

0,3

3

2 ай

0,4

4

3 ай

0,5

5

4 ай

0,6

6

5 ай

0,65

7

6 ай

0,7

8

7 ай

0,8

9

8 ай

0,9

10

9 ай

0,95

11

10 ай және одан көп

1

 

5.21. Кешенді шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең үлкен шамасына тең айқындалады.

5.22. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледі және сақтанушы әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерінің ең көп шамасына тең мөлшерде төлеуі қажет.

5.23. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайту:

  5.23.1. Көлік құралдарының иелері – Ұлы Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер стандартты шартты жасаған кезде осы Сақтандыру ережелерінің 5-бабына сәйкес есептелген төленуге тиісті сақтандыру сыйлықақысының елу пайызы мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлейді.

  5.23.2. Егер көлік құралын осы Сақтандыру ережелерінің 5.23.1-тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына жатпайтын басқа иеленушілер пайдаланса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мұндай жеңілдік берілмей жүзеге асырылады.

5.24. Егер көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысын сақтанушы бір реттік төлеммен төлейді.

5.26. Сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын бөліп-бөліп төлеуді ескеруге құқылы. Бұл ретте сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының барлық қолданылу мерзімі ішінде сақтанушы алдында жауапты болады. Сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі сақтандырушы үшін көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз бола алмайды.

 

6.  САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ

6.1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру Заңға және осы Сақтандыру ережелеріне сәйкес Сақтанушы мен Сақтандырушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

6.2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында, жәбірленушінің жіберіп алған пайдасын және моральдық зиянын өтеуді қоспағанда, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша мүліктің тауарлық құнын жоғалтуды, сондай-ақ жәбірленушінің тауарларды жеткізу немесе жұмыстарды жүргізу (қызмет көрсету) мерзімдерін, келісім-шарттар (шарттар) бойынша оның өзге де міндеттемелерін бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеуді қоса алғанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты (бұдан әрі - сақтандыру шарты) сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беруі арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтандыру полисі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес беріледі және онда ақпарат, сондай-ақ деректер базасынан алынған бірегей нөмір болады.

6.3. Сақтандыру шартын жасау үшін Сақтанушының өтініші негіз болып табылады. Өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелерінің тізбесіне және мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

6.4. Сақтандыру шарттары келесі түрлерге бөлінеді:

1) стандартты;

2) кешенді.

6.5. Стандартты сақтандыру шарты – бір немесе бірнеше көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шарты.

6.5.1. Стандартты сақтандыру шарты пайдаланылатын көлік құралының әрбір бірлігі бойынша жасалады.

6.5.2. Сақтандыру полисінде Сақтанушы (Сақтандырылушы, Сақтандырушылар) және пайдаланылатын көлік құралы туралы мәлімет болуы тиіс.

6.5.3. Стандартты сақтандыру шарты бойынша үшінші тұлғаға Сақтанушының (Сақтандырылушының) өзіарқылы немесе төмендегі жағдайларда зиян келтірілуі нәтижесінде туындаған Сақтанушының (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған болып саналады:

1) Сақтанушының (Сақтандырылушының) қатысуымен басқаруға құқығы бар тұлға көлік құралын жүргізген жағдайда;

2) Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) жазбаша нысанда ресімделген еңбек немесе өзге де шартын жасаған тұлға көлік құралын жүргізген жағдайда;

3) Егер келтірілген зиянның жауапкершілігі Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) жүктелген болса, көлік құралын құқыққа қайшы иеленген тұлға көлік құралын жүргізген жағдайда.

6.6. Кешенді сақтандыру шарты – екі және одан көп көлік құралдары бірлігінің иесі болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты.

6.6.1. Кешенді сақтандыру шарты пайдаланылатын барлық көлік құралдарына жасалады.

6.6.2. Сақтандыру полисінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) – жеке тұлға және ол пайдаланатын көлік құралдары туралы мәліметтер болуы қажет.

6.6.3. Кешенді сақтандыру шарты бойынша үшінші тұлғаға Сақтанушының (Сақтандырылушының) өзі арқылы немесе төмендегі жағдайларда зиян келтірілуі нәтижесінде туындаған Сақтанушының (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған болып саналады:

1) Сақтанушының (Сақтандырылушының) қатысуымен басқаруға құқығы бар тұлға көлік құралын жүргізген жағдайда;

2) Егер келтірілген зиянның жауапкершілігі Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) жүктелген болса, көлік құралын құқыққа қайшы иеленген тұлға көлік құралын жүргізген жағдайда.

6.7. Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті, ал Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде Пайда алушыға Заңда, осы Ережелер мен сақтандыру шартында көзделген мерзім мен мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

6.8. Сақтандыру полисінде болуға тиіс:

1) Сақтандырушының атауы, мекенжайы, банк деректемелері;

2) Сақтанушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), экономика секторының коды, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент -ол резидент болып табылатын елді көрсету), мекен-жайы мен телефоны;

3) Сақтанушының (заңды тұлғалар үшін) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), экономика секторының коды, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент -ол резидент болып табылатын елді көрсету), мекен-жайы мен телефоны; экономикалық қызмет түрі, банк деректемелері;

4) экономикалық қызмет түрлері (заңды тұлғалар үшін);

5) сақтандыру түрі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензияның берілген күні, сериясы және нөмірі туралы мәліметтер;

6) сақтандыру объектісін көрсету;

7) сақтандыру жағдайын көрсету;

8) сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;

9) сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының, егер ақы төлеу бөліп-бөліп жүргізілсе) мөлшері, валюта түрі, оны төлеу тәртібі мен мерзімдері;

10) сақтандыру полисінің қолданылу аумағын көрсету;

11) сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі;

12) егер ол сақтандыру шарты бойынша Сақтанушы болып табылмаса, Сақтандырылушы (пайда алушы) туралы көрсету;

13) Пайда алушы туралы көрсету;

14) сақтандыру шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері;

15) ерекше талаптар (егер олар сақтандыру шартына енгізілген болса);

16) тараптардың қолдары;

17) сақтандыру полисінің нөмірі мен сериясы;

18) сақтандыру шартының талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;

19) сақтандыру полисінің берілген күні;

20) Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері;

21) сақтандыру шартының түрін көрсету;

22) комиссиялық сыйақының болуы/болмауы туралы мәліметтер;

23) егер сақтандыру полисін филиал немесе сақтандыру агенті берсе – филиал басшысының тегі, аты, әкесінің аты және атауы, орналасқан жері, телефоны немесе сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН және мекен-жайы, телефоны;

24) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мәліметтер.

6.9. Сақтандыру полисі жоғалған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының (Сақтандырылушының) жазбаша өтініші негізінде оған сақтандыру полисінің телнұсқасын беруге міндетті. Телнұсқа берілгеннен кейін жоғалған сақтандыру полисі жарамсыз деп есептеледі және ол бойынша сақтандыру төлемі жүргізілмейді. Сақтандыру полисінің бланкісін дайындауға және оның телнұсқасын ресімдеуге арналған шығындарды Сақтанушы (Сақтандырылушы) өтейді, бұл ретте өтелетін шығындардың жалпы сомасы өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) аспауы тиіс.

6.10. Егер сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын Сақтанушының (Сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің жағдайын осы сақтандыру Ережелерінде көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптарда жасаса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбірленушінің алдында осы Сақтандыру ережелерінде белгіленген талаптарда міндеттемелер көтереді.

 

7.  САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

7.1. Сақтандыру шарты осы Сақтандыру ережелеріне сәйкес жәбірленуші деп танылған барлық тұлғаларға, оның ішінде зиян келтіруде кінәлі болып табылатын Сақтанушының (сақтандырылушының) көлік құралындағы адамдарға қатысты, төмендегілерді қоспағанда, қолданылады:

1) осы көлік құралын Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) қызметтік немесе еңбек міндеттерін атқаруына байланысты, оның ішінде көлік құралының иесімен еңбек немесе өзге де шарт негізінде не Сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен оның ерік білдіруі негізінде мәміленің жазбаша нысанын ресімдемей-ақ жүргізетін тұлғаға ;

2) егер Сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің талабы қолданылатын тасымалдаушы болып табылса, осы жолаушыларға;

3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде Сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс беруші ретінде қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның денсаулығы мен өміріне зиян келтіргені үшін өзінің жауапкершілігін сақтандыру міндеті жүктелген болса, Сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлеріне қолданылмайды.

7.2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

7.3. Сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзімге жасалады.

7.4. Сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлік құралын иелену құқығы туындаған сәттен бастап, бірақ жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінде осы көлік құралын мемлекеттік тіркеген (қайта тіркеген) сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс.

7.5. Осы Сақтандыру ережелерінің 7.3-тармағында көзделгеннен өзге мерзімге сақтандыру шартын жасасуға жол беріледі, егер:

1) көлік құралын маусымдық пайдалану кезінде, бірақ алты айдан кем емес мерзімде;

2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторлары (Сақтандырушылар) болса;

3) көлік құралын мемлекеттік тіркеудің алдындағы мерзімге, бірақ күнтізбелік бес күннен кем емес мерзімге осы Сақтандыру Ережелерінің 1.4-тармағының 1.4.3. тармақшасында көзделген жағдайларда;

4) көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келудің барлық кезеңіне уақытша кірген жағдайда, бірақ кемінде күнтізбелік бес күнге уақытша келуге тиіс.

7.6. Егер Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

 

8.  ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

8.1. Сақтандырушы құқылы:

1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған кезде, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, сақтанушыдан Заңға сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың алдыңғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты ұсынуды талап етуге;

2) Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;;

3) көлік оқиғасының себептері мен өзге де мән-жайларын анықтауға;;

4) осы сақтандыру ережесінің 11-бабында көзделген жағдайларда зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығын беруге;;

5) 10.4-бапта көзделген тәртіппен сақтандыру төлемін жүзеге асырудан, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуден бас тартуға құқылы. осы сақтандыру ережесінің 12-тарауында көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара;

6) иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған және көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жаңа шартын осы сақтандырушымен жасасқан кезде сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген есепке сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ұстап қалуға құқығы бар.;

7) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде ішкі істер органдары берген оқиға схемасымен бірге жол жүрісі ережелерін бұзу туралы хаттаманың негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға;;

8) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

8.2 Cақтандырушы міндетті:

1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен, оның ішінде осы Шарттан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыруға және сақтанушының талабы бойынша оған Ереженің көшірмесін ұсынуға (жіберуге);

2) сақтандыру шартын жасау бойынша Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін ресімдеуге;

3) осы Сақтандыру ережелерінің 5.23. тармағының 5.23.1-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға сақтандыру сыйлықақысын төлеу бойынша жеңілдік беруге;

4) көлік оқиғасы туралы хабарлама алған кезде оны дереу тіркеуге;

5) жәбірленушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адамның жазбаша өтінішін алған күннен бастап жұмыс күні ішінде сақтандыру жағдайын растайтын құжаты болған жағдайда көлік оқиғасына кінәлі болып табылатын сақтанушының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқаны туралы мәліметтерін (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, жасалған нөмірі мен күні) көрсетуге;

6) осы Ережеде белгіленген мерзімде және тәртіппен, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау туралы өтініш бойынша Сақтанушының (сақтандырылушының) не жәбірленушінің (пайда алушының) немесе олардың өкілдерінің мүлікке келтірілген зиянының мөлшерін есептеуді жүргізуге және зиян мөлшері туралы есепті ұсынуға;

7) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлауға;

8) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Сақтандыру ережелерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

9) осы сақтандыру Ережелерінің 10.4-бабында көзделген тәртіппен келтірілген зиянды өтеу туралы жазбаша талаппен жүгінген кезде келтірілген зиянды осы сақтандыру Ережесінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде өтеуге міндетті;

10) Сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында өзі шеккен шығындарды өтеуге;

11) сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

12) сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде бір жұмыс күні ішінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату туралы Сақтанушыны хабардар етуге;

13) Сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтініш алған кезде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды реттеудің одан әрі тәртібін көрсете отырып, бес жұмыс күні ішінде жазбаша жауап беруге;;

14) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге;

15) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

8.3. Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан міндетті сақтандыру шарттарын, сақтандыру шарты бойынша өз құқықтарын және міндеттерін түсіндіруін талап ету;

2) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан міндетіне деректер базасына ол бойынша мәліметтерді енгізу кіретін сақтандырушымен жасасқан көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтердің деректер базасында болуы туралы ақпаратты сұратуға құқылы. Бұл құқық сақтандырылған адамға да қолданылады;

3) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда оның телнұсқасын алуға;

4) сақтандырушы жүргізген келтірілген зиянның мөлшерін айқындау нәтижелерімен және сақтандыру төлемімен танысуға;

5) сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не осы Шарттан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге;

7) сақтандыру омбудсманына өтінішті және қоса берілген құжаттарды (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешіміне дау айтуға;

9) осы Сақтандыру ережелерінде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;

10) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.

8.4 Сақтанушы міндетті:

1) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушыға Заңға сәйкес көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізуге қажетті мәліметтерді, соның ішінде қосарланған сақтандыру, көлік құралын маусымдық пайдалану, Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру және Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға берілген құқығын ұсынуға;

2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

3) көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі бола салысымен дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы сақтандырушыға қол жетімді тәсілмен (ауызша, жазбаша) хабарлауға міндетті. Ауызша түрдегі хабарлама ары қарай (жетпіс екі сағат ішінде) жазбаша түрде расталуы тиіс. Сақтанушы және Сақтандырылушы бір тұлға болып табылмайтын жағдайларда Сақтандырушыны көлік оқиғасының және сақтандыру жағдайының басталғаны туралы ақпараттандыру міндеті Сақтандырылушыға жүктеледі. Егер Сақтанушы (Сақтандырылушы) дәлелді себептерге байланысты көрсетілген әрекеттерді орындауға мүмкіндігі болмаса, ол мұны құжат түрінде растауға;

4) көлік оқиғасы жасалған кезде жәбірленушілерге және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлеріне көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған сақтандырушының атауы мен орналасқан жерін хабарлауға;

5) көлік оқиғасын жасаған кезде ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан мән-жайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар, оның ішінде мүлікті құтқару және зардап шеккен адамдарға көмек көрсету шараларын қабылдауға;

6) тиісті органдар мен ұйымдарға олардың құзыретіне қарай (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелері, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, жедел медициналық көмек қызметі, авариялық қызметтер) көлік оқиғасы және зардап шеккен адамдар туралы хабарлауға;

7) көлік оқиғасы жасалған кезде уәкілетті лауазымды адамның жазбаша жолдамасын алған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес психикалық белсенді әсер ететін затты пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге;

8) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаған күннен бастап дереу, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, жәбірленушіні хабардар етуге;

9) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге;

10) шарт жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер мүліктік сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, сақтандырушыға дереу хабарлауға;

8.4.1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

8.4.2. Осы Сақтандыру Ережелерінің 8.4-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген Сақтанушының міндеттері көлік құралын көлік оқиғасы кезінде тікелей жүргізген адамға жүктеледі.

8.5. Жәбірленуші құқылы:

1) Сақтандырушыға Сақтанушының (сақтандырылушының) зиян келтіруіне алып келген көлік оқиғасы туралы хабарлауға;

2) Сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауды жүргізуге және оларды Сақтандырушыға табыс етуге;

3) кез келген медициналық мекеменің қызметтерін пайдалануға;

4) Сақтандырушы жүргізген келтірілген зиянның және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау нәтижелерімен танысуға;

5) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіруге кінәлі адамның сақтандырушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы туралы мәліметтерді растау туралы (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, жасалған нөмірі мен күні) осы Ереженің 8.2-тармағының 5) тармақшасында көзделген тәртіппен жазбаша өтініш жасауға;

6) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы не болмауы туралы мәліметтерді (сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), көлік құралын тіркеудің мемлекеттік нөмірі, жасалған нөмірі мен күні) беру туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіруге кінәлі тұлғада сақтандыру жағдайын растайтын құжат болған кезде жазбаша жүгінуге;;

7) осы сақтандыру ережелерінің 10.4-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру төлемін, сондай-ақ келтірілген зиянның орнын толтыруды алуға құқығы бар;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сотқа жүгінуге;

9) өтінішті және қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсын не сақтандырушы, оның филиалы, өкілдігі арқылы жіберуге;);

10) келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемінің сомасынан асып түсуі мөлшерінде көлік құралының иесіне келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюға міндетті.

8.5.1. Осы сақтандыру ережелерінде көзделген жағдайларда жәбірленушінің 8.5-тармақта көрсетілген құқықтары Пайда алушылар ретінде әрекет ететін өзге тұлғаларға өтеді.

8.6 Тұлғаның өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған көлік оқиғасы болған кездегі іс-әрекеті.

8.6.1. Көлік оқиғасын жасаған кезде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушілер болмаған жағдайда, оның қатысушылары мүмкіндігінше болған көлік оқиғасы туралы Сақтандырушыларға хабарлауға тиіс.

8.6.2. Сақтандырушы өз өкілдерін көлік оқиғасы болған жерге жіберуге құқылы.

8.6.3. Көлік оқиғасының қатысушылары өзара келісе отырып, оқиғаның мән-жайларын және мүлікке келтірілген зиянның, болжамды мөлшері елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс, мөлшерін бағалауда өз бетінше оқиға сызбасын жасауға, оған қол қойып, ресімдеу үшін жақын постқа немесе ішкі істер органдарының бөлімшелеріне баруға құқылы.

8.6.4. Көлік оқиғасы сызбасының үлгі нысандары мен жасау тәртібі нормативтік Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің құқықтық актісімен, уәкілетті органның келісімі бойынша белгіленеді.

 

9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

9.1. Сақтанушы (Сақтандырылған адам) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты жазбаша нысанда, пайда алушының тұрғылықты жері, байланыс телефондарын көрсете отырып, банктік деректемелерін (қажет болған жағдайда), сақтандыру төлемін алу тәртібін – қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса бере отырып жасайды.

9.2. Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе Пайда алушы сақтандырушыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сақтандыру төлемі туралы өтініш;

2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжат;

3) жәбірленушінің өміріне, денсаулығына зиян келтіру фактісі болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі туралы денсаулық сақтау ұйымдарының анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген жағдайда) анықтамасының көшірмесі;

4) жәбірленушінің қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) Пайда алушының зиянды өтету құқығын растайтын құжат (көшірмесі);

6) осы сақтандыру ережелерінің 10.1.2. тармақшасында көзделген жағдайда зиян мөлшерін анықтау туралы өтініш;

7) Пайда алушының (жеке тұлға үшін) жеке куәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның өкіліне берілген сенімхат түпнұсқасы;

8) Сақтанушының (Сақтандырылушының) сақтандыру жағдайы басталған кезде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында (олар болған кезде) шеккен шығындарын растайтын құжаттар.

9.3. Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбірленушіден қосымша басқа құжаттарды талап етуіне жол берілмейді.

9.4. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш беруші ұсынған құжаттардың толық тізбесін және оны қабылдау мерзімін көрсететін анықтаманы екі данада жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің белгісімен Сақтандырушыда қалады.

9.5. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде ішкі істер органдары берген оқиға сызбасымен бірге жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттаманың негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құқылы.

 

10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

10.1. Сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау.

10.1.1. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері осы сақтандыру ережесіне сәйкес тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде айқындалады.

10.1.2. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтауды сақтандырушы он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша зиян мөлшерін анықтау туралы өтініш негізінде жүргізеді.

10.1.3. Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін анықтауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жүзеге асырады.

10.1.4. Мүлкіне зиян келтірілген Пайда алушы осы мүлікті ол немесе Сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, көлік оқиғасы болғаннан кейінгі күйде сақтауға, сондай-ақ көрсетілген өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандырушыға бүлінген мүлікті тексеру жүргізуге мүмкіндік беруге міндетті.

10.1.5. Егер Сақтандырушы осы Ережелердің 10.1. тармағының 10.1.2 тармақшасында белгіленген мерзімде келтірілген зиянды анықтамаса, онда Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері бағалаушының қызметтерін пайдалана алады және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастай алады. Сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші (пайда алушы) немесе олардың өкілдері шеккен бағалаушының қызметтеріне жұмсалған шығындарды сақтандырушы сақтандыру төлеміне қарамастан өтеуге тиіс.

10.1.6. Бағалаушы көлік құралына келтірілген зиянды анықтауды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актіне сәйкес жүзеге асырады.

10.1.7. Сақтандырушы осы Ережелердің 10.1. тармағының 10.1.5. тармақшасында көзделген жағдайда бағалаушы жүргізген көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін анықтау нәтижесін сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қабылдайды.

10.1.8. Сақтандырушы сақтандыру төлемін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актіне сәйкес айқындалған мөлшерде жүзеге асырады.

10.1.9. Сақтандырушының пайда алушыға тиесілі сақтандыру төлемінен зиян мөлшерін анықтауға байланысты өз шығындарын ұстап қалуға құқығы жоқ.

10.1.10. Сақтандыру жағдайын қасақана жасау, сондай-ақ сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де алаяқтық әрекеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

10.2. Пайда алушы

10.2.1. Пайда алушы болып жәбірленуші (ол қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлға), сондай-ақ Сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленушіге (зиянды өтетуге құқығы бар адамға) келтірілген зиянды сақтандыру шартында белгіленген Сақтандырушының жауапкершілігі көлемінің шегінде өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге тұлға саналады.

10.2.2. Мүлікке зиян келтірілген жағдайда жәбірленуші ретінде осы мүліктің меншік иесі, ал ол қайтыс болған жағдайда — зиянды өтетуге құқығы бар адамдар танылады.

10.2.3. Жәбірленушінің жазбаша рәсімделген өтініші немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі оған тікелей денсаулықты және (немесе) мүлікті қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсеткен (көрсететін) тұлғаға жүзеге асырылуы мүмкін.

10.3. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі

10.3.1. Сақтандыру төлемін сақтандырушы осы Ережелердің 9.2-тармағында көзделген сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

10.3.2. Бірнеше жәбірленушінің мүлкіне зиян келтірілген жағдайда Сақтандырушы барлық жәбірленушілердің құжаттарын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде, бірақ басқа Сақтандырылушылардың құжаттарды ұсынғанына қарамастан, сақтандырушыға құжаттарды бірінші ұсынған жәбірленушіден құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей сақтандыру төлемін бастауға міндетті.

10.3.3. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы нашарласа (мүгедектік не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленеді) не қайтыс болса, онда Сақтандырушы жәбірленушіден (пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттар негізінде осы сақтандыру ережелерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.

10.3.4. Сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

10.3.5. Сақтандырушы жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі болмаған кезде ішкі істер органдары берген оқиға сызбасы мен жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттаманың негізінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға құқылы.

10.4. Тікелей реттеу

10.4.1. Сақтандыру жағдайы басталған кезде жәбірленуші немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлға келтірілген зиянға өтем алу үшін, оның кінәсінен сақтандыру жағдайы орын алған тұлғаның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болған жағдайда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушінің жауапкершілігін сақтандырған сақтандырушыға жүгінуге құқығы бар..

10.4.2. Зиян келтірілген мүліктің меншік иесі болып табылмайтын жәбірленуші оның кінәсінен сақтандыру жағдайы орын алған тұлғаның сақтандырушысына осы сақтандыру Ережелерінде көзделген тәртіппен жүгінеді.

10.4.3. Сақтандырушы келтірілген зиянды өтеуді осы Сақтандыру ережелерінің 9.2. тармағының 2), 3), 4), 5), 6), және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді. күші жойылды деп танылсын. сақтандыру ережелері.

10.4.4. Тікелей реттеу шеңберінде сақтандырушы жүзеге асыратын жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу ол үшін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша жәбірленушімен жасалған міндеттемелерді орындау және сақтандыру төлемі болып табылмайды.

10.4.5. Оның кінәсінен сақтандыру жағдайы орын алған тұлғаның сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайын реттеген сақтандырушыға нақты төленген соманы өтейді.

11. ЗИЯН КЕЛТІРГЕН АДАМҒА КЕРІ ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ

11.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушының Сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) төленген сома шегінде кері талап ету құқығы бар, егер:

1) Сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері салдарынан басталған болса;

2) Сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігі оның көлік құралын алкогольден, есірткіден немесе уытқұмарлықтан масаң күйде басқаруы салдарынан басталған болса;

3) көлік құралын жүргізген адамның оны басқаруға құқығы болмаса;

4) сот талқылауы барысында сақтандыру жағдайы Сақтанушының (сақтандырылушының) білген немесе білуге тиіс болған көлік құралының техникалық ақаулары салдарынан болғаны анықталса;

5) көлік құралы оның техникалық мақсатына тән емес мақсаттарда пайдаланылса;

6) Сақтанушы (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөнінде қасақана шаралар қолданбаса;

7) көлік құралын жүргізуші адам көлік оқиғасы болған жерден жасырынса;

8) көлік құралын жүргізуші және психикаға белсенді әсер ететін затты пайдалану фактісін және мас болу жай-күйін анықтау үшін куәландыруға жіберілген адам дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпеген жағдайда.

11.2. Егер осы баптың 11.1-тармағында аталған жағдайларда көлік құралын оның иесімен еңбек қатынастарына байланысты немесе оның иесінің қатысуымен мәміленің жазбаша нысанын ресімдемей пайдаланатын тұлға келтірілген зиян үшін кінәлі болып табылса, онда Сақтандырушының осы көлік құралының иесіне кері талап қоюға құқығы бар.

11.3. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру нәтижесінде сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғадан кері талап ету құқығы ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарына және олардағы құрылыстарға қанағаттанғысыз қызмет көрсетуден туындаған жол жағдайларының себебінен болғаны анықталса, сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға көлік құралы иесінің осындай жағдайлар жасауға кінәлі адамнан талап ету құқығы ауысады.

 

12. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТУ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ

12.1 Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы төменгілердің салдарынан болса, сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.:

1) Пайда алушының қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2) Пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттері.

12.2 Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады::

1) Пайда алушының залал келтіруге кінәлі тұлғадан залалдың тиісті өтемін алуы;

2) Сақтанушының (Сақтандырылушының) көлік құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргізуді үйретуге арналған арнайы орындарда пайдалануы;

3) көлік құралын тиеу немесе түсіру кезінде зиян келтіру;

4) жәбірленушінің ақша, бағалы қағаздар, алтын, күмістен жасалған өнімдерді бағалы заттар, әшекейлер, өнер туындылары сияқты мүлкіне немесе басқа да құндылықтарына келтірілген зиян;

5) жәбірленушінің осы Ережелердің 10.1.2-тармағының талаптарын бұзуы..

12.3 Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру жағдайының салдарынан орын алса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті зақымданудың әсері;

2) әскери іс-қимылдар;

3) азаматтық соғыс, әр түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздік немесе ереуілдер.

12.4 Сақтандыру төлемі сақтандыру полисінде көрсетілген бүлінген көлік құралы үшін жүзеге асырылмайды.

12.5 Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған кезде Сақтандырушы өтінішті және осы Ережелердің 9.2-тармағында көзделген барлық құжаттарды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерін дәлелді негіздей отырып, жазбаша нысанда сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жіберуге міндетті.

12.6 Сақтандырушының осы бапта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

 

13. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ӨЗГЕРТУ

13.1. Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

 

14. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

14.1. Сақтандыру шарты мынадай жағдайларда тоқтатылды деп есептеледі:

1) сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткенде;

2) сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;

14.2. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтандырушы бір жұмыс күні ішінде сақтанушыны және деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату туралы хабардар етеді. Бұл ретте көлік құралының иесі (егер ол жойылмаса) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын өз таңдауымен міндетті сақтандырудың осы сыныбын (түрін) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге жасауға міндетті.

14.3. Сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.

14.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату үшін Сақтанушы (Сақтанушы қайтыс болған жағдайда, оның мұрагері (мұрагерлері) сақтандырушыға жазбаша өтініш береді.

14.5. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған және көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жаңа шартын осы Сақтандырушымен жасасқан кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының мынадай формула бойынша есептелетін бір бөлігін ұстап қалуға құқығы бар:

ЧСП=СП * n / N, мұнда:

ЧСП – Сақтандырушы ұстайтын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңге);

СП – сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);

n – сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтке дейін (күндермен), айналыс күнін қоса алғанда, өткен мерзім;

N – көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау мерзімі (күндермен).

14.6. Осы Ережелердің 14.5.тармағында көзделген талаптар сақталмаған жағдайда сақтандырушы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерде ұстап қалуға құқылы::

 

 

Шарт күшіне енген сәттен бастап оны мерзімінен бұрын тоқтатқан сәтке дейін өткен мерзім

Сақтандырушы ұстайтын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық

сақтандыру сыйлықақысында пайызбен)

 

1

2

3

1.

до 15 дней включительно

15

2.

от 16 дней до 1 месяца включительно

20

3.

1 айдан 2 айға дейін қоса алғанда

30

4.

2 айдан 3 айға дейін қоса алғанда

40

5.

3 айдан 4 айға дейін қоса алғанда

50

6.

4 айдан 5 айға дейін қоса алғанда

60

7.

5 айдан 6 айға дейін қоса алғанда

70

8.

6 айдан 7 айға дейін қоса алғанда

75

9.

7 айдан 8 айға дейін қоса алғанда

80

10.

8 айдан 9 айға дейін қоса алғанда

85

11.

9 айдан 10 айға дейін қоса алғанда

90

12.

10 айдан 11 айға дейін қоса алғанда

95

13.

11 айдан жоғары

100

 

15. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

15.1. Қазақстан Республикасының көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңдарын бұзуға, сондай-ақ сақтандыру жағдайын қасақана жасауға және сақтандыру төлемін заңсыз алуға бағытталған өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

16. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

16.1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) құқылы:

1) Сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып жазбаша өтініш жіберуге;

2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеу үшін сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде филиалы, өкілдігі) немесе сотқа өтініш жіберуге.

16.2. Сақтандырушы сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтініш алған кезде бес жұмыс күні ішінде дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, қарайды және жазбаша жауап береді.

16.3. Сақтанушы (жәбірленуші, пайда алушы) сақтандыру омбудсманына жүгінген жағдайда Сақтандырушы сақтанушының, жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрауы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

 

 

17. ҚОСЫМША ШАРТТАР

17.1. Осы Сақтандыру ережелерінде айтылмаған барлық нәрсе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

 


Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту