20.09.2021

Қазақстандықтарға қосымшаның көмегімен ресми түрде табыс табу ұсынылды

Қазақстандықтарға қосымшаның көмегімен ресми түрде табыс табу ұсынылды

Ақша - үнемі жетіспейтін нәрсе. Бақытымызға орай, біздің уақытымызда қосымша табыс алудың көптеген түрлері бар, бірақ кезінде біздің ата-аналарымыз аз нәрсеге қанағаттануға мәжбүр болған.

30 жыл бұрын қосымша ақша табудың кез келген заманауи әдістері не заңсыз, не ешкімнің ойына келмеуі мүмкін еді. Мысалы, тауарларды қайта сату алыпсатарлық болып есептелді, қолдан жасалған бұйымдар жоғары бағаланбады, ал егер кеңестік азаматтардың бірі блогерлер сияқты басқаларға өздерінің тамақтану тәртібі туралы айтуға шешім қабылдаса, оны ақылсыз деп санаған болар еді.

Біз жақсы өмір туралы армандаудың еш қатесі жоқ деп есептейміз. Сондықтан, біз сізге онлайнда шектеусіз ақша табуға мүмкіндік беретін қосымша туралы айтып береміз.

Nomad Agent, аты айтып тұрғандай, сақтандыру агенттері үшін алаң. Соңғылары, өз кезегінде, сақтандыру компаниясы мен клиент арасындағы делдал болып табылады. Бұл қосымшаның көмегімен Қазақстанның кез келген ересек азаматы ұялы телефон арқылы сақтандыру полистерін ресми түрде сатып және одан табыс таба алады.

Бір қарағанда, «сақтандыру полистерін» жасау қиын және қорқынышты болып көрінеді. Іс жүзінде қиындықтар болмайды, себебі бұл үшін платформада барлық қажетті құралдар бар. Бұл стандартты сақтандыру өнімдері туралы бейнебаяндар, келісімшарттарды онлайн тіркеуге арналған қадамдық нұсқаулар, автоматтандырылған калькуляторлар және Kaspi.kz немесе ePay электронды төлем қызметтері арқылы сатудан ақша алуға арналған бөлім.

Nomad Agent - бұл бизнес, желілік маркетинг немесе 8 сағаттық жұмыс емес. Жоғарыда айтылғандардан айырмашылығы, агенттерге қаржылық инвестициялаудың, серіктестерді тартудың және мерзімдерге назар аударудың қажеті болмайды. Олардың өздері кесте мен көлемді реттейді: агенттерге тәулігіне немесе айына 100 полисті сатуға болады. Сізге офиске барудың, құжаттарды толтырудың, мөрлерді жапсырудың және әдетте стандарт бойынша жұмыс істеудің қажеті жоқ. Осы себептен мұндай жұмыс әсіресе студенттерге, декреттік демалыстағы аналарға, зейнеткерлерге және жай ғана табысын көбейткісі келетіндерге қолайлы.

Агент ресми түрде тіркелген, оның қызметі толығымен заңды. Жұмысты бастау үшін сізге PlayMarket-тен қосымшаны ақысыз жүктеп алу, тіркелу және рұқсатты күту жеткілікті. Содан кейін автокөлікке, пәтерге немесе сапарға сақтандыруды қажет ететін таныстарыңызды еске түсіру және табыс табуды бастау ғана қалады.

Айта кетсек, жақын арада қосымша iOS қолданушылары үшін де қол жетімді болады.

Уважаемый клиент!

Дата заключения договора будет равна дню поступления оплаты на расчетный счет Страховщика либо на следующий день после поступления. Дата начала страховой защиты – дата, следующая за днем заключения договора.
Ok
 

Вам отправлено SMS с кодом

Введите код подтверждения

Повторить отправку через 30 сек
Повторить отправку

Вы подтверждаете оформление полиса?

Проверьте, все ли данные добавлены для расчета стоимости, если нет, вернитесь назад.

Расчет производится по этим данным:

Водители
К Азамат
7 класс
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Оплачивайте полис вместе
с коммунальными услугами

Партнерская программа страхования имущества стоимостью 200 тг и 400 тг

ivc Перейти в ИВЦ
-