19.11.2020

БИЗНЕСТІ САҚТАНДЫРУ

БИЗНЕСТІ САҚТАНДЫРУ

Сақтандыру амалдары кәсіпкерлерді нендей қауіптен қорғай алады?

Әдетте, кәсібін бастамас бұрын кәсіпкер заңмен талап етілген міндетті сақтандыру өнімдерін рәсімдеуі қажет. Сарапшылардың пікірінше, сізге қолайлы сақтандыру келісім-шартын рәсімдеу үшін сол саланың ерекшеліктерін жақсы түсінетін компаниямен жұмыс жасаған дұрыс. Сақтандырушының сол салаға арналған Үкімет бекіткен стандарттармен етене жақын таныс болуы әсіресе маңызды. Бұл ретті кешенді сақтандыру қызметіне жүгіну тиімді болмақ,- дейді мамандар.

Paying-too-much-for-auto-insruance-e1479248137439.jpg

Бизнестегі жалпы сақтандыру өнімдері

Кәсіпорындардың басым бөлігіне азаматтық жауапкершіліктің бірнеше класы бойынша сақтану қажет болады:

Көлік иелерінің АҚЖ – компанияны жұмысшы кесірінен орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан болатын шығыннан қорғайды. Сондай-ақ, өзгелерге келтірілген зардап мөлшері міндетті сақтандыру полисінің лимитінен артық болғанда пайдасы зор.

Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ – бұл жолаушылар тасымалымен айналысатын немесе экскурсиялық қызмет ұсынатын компаниялар үшін аса қажетті сақтандыру өнімі. Осындай қорғанның арқасында сіздің жүргізушіңіздің салдарынан көліктегі жолаушылардың денсаулығына, мүлкіне қандай-да зиян келтірілген болса, оны сақтандыру компаниясы өтеп береді.

Егер сіздің кәсібіңіз қоршаған ортаға зиян келтірсе немесе экологиялық апатқа әкелетіндей қауіп төндірсе экологиялық сақтандыру қызметіне жүгінген абзал. Есесіне сақтандыру жағдайы салдарынан айналаға келтірілген зияннан болған шығынды сақтандыру полисін рәсімдеген компания төлеуге міндеттеледі.

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіптілігіне байланысты объектілер иелерінің АҚЖ– бұл мемлекетпен міндеттелген сақтандыру өнімдерінің бірі. Егер кәсіпорын жұмысы барысында сақтандыру жағдайы орын алып, үшінші тұлғаның денсаулығына, мүлкіне зиын келтірілген болса, зақымнан болған шығынды өтеу келісім-шартқа сәйкес сақтандырушыға жүктеледі.

Өзіңізге төнген қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында «Номад Иншуранс» СК менеджерінен ақыл-кеңес сұраған абзал.

Бизнесті сақтандыру амалдары кәсіпкерді кездейсоқ орын алған төтенше жағдайдан келген шығындардан қорғайды. Мысалы, кенеттен болған сақтандыру жағдайында өндірістің тоқтап қалуынан көптеген шығын келеді. Бұл өнімдердің барлығы сіздің мекемені, өндіріс орнын жұмысшылар мен қоршаған орта үшін қауіпсіз етуге негізделген.

Заңмен талап етілген сақтандырудан бөлек қазақстандық нарықта ерікті өнімдер де бар. Аса тиянақты да жұмыс барысында ешқандай шығынға жол бергісі келмейтін тұлғалар сақтандырудың ерікті түрлеріне де қызығушылық танытады дейді мамандар.

sewing-is-not-just-work-it-is-flair-creative-designer-working-with-sewing-machine-under-her-new-garment-line-being-focused-and-putting-efforts-to-make-it-look-great-while-being-in-her-own-workshop.jpg

Егер сіз де өз бизнесіңізді күтпеген шығындардан қорғап, қаржылық тұрақтылықты көздесеңіз, ерікті сақтандыру амалдарына жүгіну қажет.

Мәселен, фирмасы бар тұлға өзінің коммерциялық меншігін сақтандыруы мүмкін. Егер сіз кәсібіңізбен үйіңізде айналысып отырсаңыз, онда өз жабдықтарыңызды сақтандыруға болады. Бұдан бөлек, егер сіздің мекеме халыққа қызмет көрсетсе, не өнім өндірсе, кәсіптік жауапкершілікті немесе шығарылатын өнімнің сапасына қатысты жауапткершілікті де сақтандыру компаниясына жүктеуге мүмкіндік бар.

Кей жұмыс орындарында қызметкерлердің денсаулығына қауіп төнуі әбден мүмкін.Жазатайым жағдайдан сақтану осындай қауіптен болатын шығындардан қорғайды. Өз әріптестеріңізбен сөйлесіп, олардың қандай тәуекелдерден сақтанғанын, осыған байланысты болашақ жоспарларын білуге болады. Осының арқасында сіздің саланың ерекше тұстрын түсінесіз.

Бизнес иесі ретінде өзіңіздің тәуекелдеріңіз бен құқықтық жауапкершіліктеріңіз туралы хабардар болу басты шарт. Әрине, барлық ақпаратты сіңіріп алу да оңай емес. Ал сақтандыру тақырыбына келгенде қай өнім мемлекетпен талап етілгенін, сіздің өнідірісте нендей қауіптің болатыны жайында білу абзал. Осы ретте «Номад Иншуранс» СК көмегіне жүгіне аласыз. Сұрақтарыңыз болса, тәулігіне 24 сағат қызмет көрсететін колл-центрге хабарласуға болады. Біздің мамандар сізді мазалаған сұрақтарға жауап беруге дайын.

Уважаемый клиент!

Договор будет заключен после поступления оплаты на расчетный счет Страховщика, либо на следующий день после поступления. Дата начала страховой защиты будет следующим днем после заключения договора.
OK

Изменить условия договора

Для изменения условий договора или его расторжения просим Вас подойти в выбранный офис в рабочее время.
При себе необходимо иметь документы, подтверждающие право на изменение условий договора.

Ошибка при обработке запроса

Пожалуйста, попробуйте отправить форму еще раз позже. При возникновении вопросов просим звонить на бесплатный короткий номер 2233 (для всех мобильных РК)
 

Вам отправлено SMS с кодом

Введите код подтверждения

Повторить отправку через 30 сек
Повторить отправку

Вы подтверждаете оформление полиса?

Проверьте, все ли данные добавлены для расчета стоимости, если нет, вернитесь назад.

Расчет производится по этим данным:

Водители
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Оплачивайте полис вместе
с коммунальными услугами

Партнерская программа страхования имущества стоимостью 200 тг и 400 тг

ivc Перейти в ИВЦ