20.06.2020

COVID-19 кезіндегі қауіпсіз туризм

COVID-19 кезіндегі қауіпсіз туризм

Қазақстандықтар өз демалыстарын былтырдан бері жоспарлап қойғаны рас. Бүгінгі індетке байланысты орын алған жағдайды ешкім болжай алмаған-ды. Пандемия мен карантиндік шектеулерден барлық уағдаластықтар доғарылған. Бұл жағдай әсіресе туризм саласына үлкен шығын әкеліп отыр.

Туристік сала ауыр жағдайға тап болғанын Anex tour Басқарушы директоры Али Алиев та растап отыр. Оның айтуынша, тұтынушылардың арасында туристік агенттіктер мен операторларға қолдау көрсетіп, өз қаражатын қайтарып емес, турларын кейінге шегергендер болған. «Жақын арада жағдай оңалады деп сенеміз. Қазірдің өзінде, карантин шектеулері босаңсыған кезде шетелде демалуға сұраныс арта түскенін байқауға болады»,-дейді маман.  

«Номад Иншуранс» СК өкілдерінің мәліметінше, міндетті сақтандыру полисінің күшін жойған жағдайлар көп болмаған. Дегенмен Шенген визасын алу үшін рәсімделген 522 ерікті сақтандыру полисіне байланысты келісімдер тоқтатылып, сақтанушыларға ақшасы қайтарылған.

Міндетті сақтандыру полисі кез-келген турпакеттің ажырамас бөлшегі. Сондықтан да сақтандырудың осы санатын саралай келе туризм саласының бүгінгі ахуалына баға беруге болады. ҚР Ұлттық Банкі мәліметінше, 2019 жылдың сәуір айында шетелге сапар шегушілер 118 млн теңгеге сақтанған болса, биыл бұл сома 5,5 млн-ға тең. Екі көрсеткіштің айырмасы жағдайдың қаншалықты ушыққанын аңғартады.   

tourism2.jpg

Коронавирус індетіне шалдығу қаупі туған елде де, өзге жерде де бар. Елімізде ауырған жағдайда қандай амалдар жасау керектігін түсінсек те, өзге мемлекеттегі жағдай мен шығын мөлшерінен беймәлімбіз. Бұл туристік сапарларға қызуғышылардың қатарын сейілтуде. Осыған орай «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы туроператорларға қолдау ретінде Covid-19 салдарынан қорғайтын сақтандыру полистерін ұсынып отыр.

Қазақстандық сақтандыру нарығында көш бастаушы компаниялардың бірі қазіргі ахуалға сай қос бірдей сақтандыру өнімін еңгізді.

«Номад Иншуранс» СК Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжанов: «Бұл ерікті сақтандыру полистері. Мәселен, коронавирус анықталған туристің 14 күндік карантинде болуы шарт. Осы кезде ұшақ билетінің күші жойылады. Бірінші полис осы жағдайға арналған - 300 мың теңгеге дейінгі кері қайтар билет және трансфермен қамтамасыз етеді. Екіншісі - шетелде коронавирусқа шалдығып ем-дом алған болса, Қазақстанға оралғаннан кейін 200 мың тг өтемақы алуға мүмкіндік береді. Полистер құны баратын мемлекет пен сапарыңыздың қанша күнге созылатынына байланысты».

Бұл полистердің бағасына келер болсақ, билет пен трансфер үшін турист 10-15 EUR төлеу қажет. Ал өтемақы алуды қарастырған полис 7-10 EUR тұрады.

Осы ретте Али Алиев,«Қазіргі кезде туроператорлар сақтандыру сегменті тарапынан қолдауға зәру. Міндетті сақтандыру полисімен қоса жаңа ерікті полистер арқылы туристерге төнген қауіпті сейілтуге болады. Демек, осылайша туризмдегі сұранысты арттыруға мүмкіндік аламыз. Себебі, жалғыз міндетті сақтандыру полисі шеңберінде адамның барлық тәуекелін қорғай алу мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз»,- деген пікір білдірді.

Міндетті сақтандыру полисінің туристі қорғаудағы аясын кеңейту - заман талабы екенін Дәурен Иманжанов та қостап отыр. «Номад Иншуранс» Басқарма Төрағасының айтуынша, Компания серіктестері өз тұтынушыларына міндетті полистің қызмет ету аясын кеңейтуге байланысты жаңа мүмкіндіктерді де ұсына алады. Ал турды бұрын алып қойған туристер қосымша өз қауіпсіздігі үшін үстемақы төлеуіне болады. Қызмет құны жоспарланған сапардың ұзақтығы мен баратын елге байланысты 3000 теңгеден басталады.

Бүгінгі таңда туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сақтандыру нарығы мен туризм саласы бірігуде. Бұл- қазақстандықтарды ауыр дерт салдарынан сақитап қана қоймай, туризм саласын жандандырады деп сенеміз.

Туристеді сақтандырудағы ерікті полистерді тек туроператор арқылы сатып алуға болатынын ескертеміз.

 

Уважаемый клиент!

Договор будет заключен после поступления оплаты на расчетный счет Страховщика, либо на следующий день после поступления. Дата начала страховой защиты будет следующим днем после заключения договора.
OK

Изменить условия договора

Для изменения условий договора или его расторжения просим Вас подойти в выбранный офис в рабочее время.
При себе необходимо иметь документы, подтверждающие право на изменение условий договора.

Ошибка при обработке запроса

Пожалуйста, попробуйте отправить форму еще раз позже. При возникновении вопросов просим звонить на бесплатный короткий номер 2233 (для всех мобильных РК)
 

Вам отправлено SMS с кодом

Введите код подтверждения

Повторить отправку через 30 сек
Повторить отправку

Вы подтверждаете оформление полиса?

Проверьте, все ли данные добавлены для расчета стоимости, если нет, вернитесь назад.

Расчет производится по этим данным:

Водители
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Оплачивайте полис вместе
с коммунальными услугами

Партнерская программа страхования имущества стоимостью 200 тг и 400 тг

ivc Перейти в ИВЦ