ГОЛЛИВУД VS САҚТАНДЫРУШЫЛАР

ГОЛЛИВУД VS САҚТАНДЫРУШЫЛАР

Голливуд пайдадан қағылды. Әлемде індет өршіп, салдарынан фильм көрсетілімі тоқтап, киностудиялар тоқырауға түсті. Сценариге кіріспес бұрын пайдаға кенелудің жолын тапқан Голливуд қазір тым-тырыс. Бұқара асыға күткен фильмдердің түсірілімі де, жаңа жобалар да жоқ. Қыруар бюджеті бар кинотуындылардың шығуы да кідірген. CNBC мәліметінше, Disney «Аватар» жалғасын; Paramount - «Миссия невыполнима - 7»; Universal - «Мир юрского периода: доминион» фильмін түсіруді доғарды. Warner Brothers басты рөлде Кину Ривз ойнайтын «Матрица 4» жұмыстарын да белгісіз мерзімге кейінге қалдырды.

2.jpg

Голливудтың әр фильмі жеке компания іспетті. Міндеттемелері мен келісімдері бар. Жұмыс барысында туындайтын қауіп-қатерге де мұқият көңіл бөледі. Сарапшылардың мәліментінше, 2019 жылы сақтандыру жағдайына тап болған студияларға 400 миллион доллар көлемінде сақтандыру төлемі жасалған. Өтелген шығындар кездейсоқ жағдайлар салдарынан туындаған.

Кездейсоқ туындаған сақтандыру жағдайы деп түсірілімнің тоқтатылуы есептеледі. Бірақ олар өрттен, табиғи апаттар мен түсірілім алаңындағы жазатайым оқиғалардан мүлікке, декорацияға, актерлердің денсаулығына келген зақым салдарынан болған-ды. Бүгінгі жағдайдың «жыры» бөлек. Пандемия- сақтандырушылар үшін үйреншікті жағдай емес. Классикалық сақтандыру қызметінен бөлек. Десе де, киноиндустрия саңлақтарының ниеті бір – пандемия салдарынан болған шығынды сақтандыру полистері есебінен өтемек. Ал бұл болса, жүздеген миллион немесе миллиардтаған ақшаның дауы.

CNBC мәліметінше, қазірдің өзінде сақтандыру компанияларына Голливуд тарапынан арыздар ағылуда. Сақтандырушылар келісімшарттағы «форс-мажорды» негізге алып, төлемдерді жүзеге асырудан бас тартып отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл тек сот төрелігімен шешімін табатын жағдай.

3.jpg

Қазақстандық сақтандыру нарығында кино өндірісінің, кинотеатрлардың тәуекелдерін сақтандыру қызметі бар. Дегенмен, мұхиттың арғы жағымен салыстырғанда, біздің нарық әлі жас, енді даму үстінде. Сақтандыру Компанияларының қызметі де арзан. Бұл сала үшін ұсынылған қызмет түрлері де көп емес. Батыста бір актердің сақтандыру полисі бүкіл туындының өндірісін сақтандырудан қымбат болуы мүмкін болса, бізде жағдай басқаша. Мысалы, «Терминатор -3» фильмін түсіру барысында Арнольд Шварцнеггер 150 млн, ал кинотуынды 2 млн АҚШ долларына сақтандырылған еді.

«Номад Иншуранс» СК мамандарының пікірінше, ТМД мен АҚШ сақтандыру нарықтарында қалыптасқан өзіндік қағидалары мен ерекшеліктері жетерлік. Айырмашылықтармен қатар өзара ұқсас тұсы да бар. Мәселен, тараптардың жауапкершілктерден босатылу мүмкіндігінің форс-мажорға байланысты болуы - бар нарыққа ортақ талап. Дегенмен, бұл - сақтандырушылар пандемия кезінде туындаған шығындарға байланысты хаттамаларды жауапсыз қалдыра алады дегенді білдірмейді. Сондықтан, сақтаншулардан келіп түскен әр мәселеге байланысты шешім шығаруда аса мұқият болу қажет.

Демек, жақын уақытта көпшілік күткен кинотуындыларға қатысты сот қаралымдарының көбеюі мүмкін. Бұл жағдай көрермендерге шебер туындыралға тамсануға кедергі болмайды деп үміттенеміз.

Уважаемый клиент!

Договор будет заключен после поступления оплаты на расчетный счет Страховщика, либо на следующий день после поступления. Дата начала страховой защиты будет следующим днем после заключения договора.
OK

Изменить условия договора

Для изменения условий договора или его расторжения просим Вас подойти в выбранный офис в рабочее время.
При себе необходимо иметь документы, подтверждающие право на изменение условий договора.

Ошибка при обработке запроса

Пожалуйста, попробуйте отправить форму еще раз позже. При возникновении вопросов просим звонить на бесплатный короткий номер 2233 (для всех мобильных РК)
 

Вам отправлено SMS с кодом

Введите код подтверждения

Повторить отправку через 30 сек
Повторить отправку

Вы подтверждаете оформление полиса?

Проверьте, все ли данные добавлены для расчета стоимости, если нет, вернитесь назад.

Расчет производится по этим данным:

Водители
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Оплачивайте полис вместе
с коммунальными услугами

Партнерская программа страхования имущества стоимостью 200 тг и 400 тг

ivc Перейти в ИВЦ