ТЫНЫШТЫҚТЫҢ ҚҰНЫ – АЙЫНА 87 ТЕҢГЕ
Кенеттен орын алатын аппаттар адамның қалыпты өмір тәртібін бұзып, халықтың материалдық құндылықтарының жойылуына себеп болады. Мұндай жағдайда адам үшін ең қиыны – үйсіз қалу. Әдетте бұл жағдайда мемлекет қолұшын беретіні сөзсіз. Бірақ табиғи және техногендік апаттардың жылдан жылға қарай көбейе түскенін ескерсек, ауыр жағдайға тап болғандарға көмектесу мемлекет үшін де оңайға түспейтіні анық.
Swiss Re компаниясының мәліметтеріне сүйенсек, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында тіркелген табиғи және антропогендік апаттардан 75 миллиард долларға тең залал келген. Fincan.ru сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, бұл сома көптеген елдердің жылдық бюджетінен асып түседі. Мысалы, Қазақстанның 2019 жылғы бюджеті $ 36 млрд құраған. Кез-келген мемлекет үшін табиғи апаттар салдарынан болған шығынды өтеу оңай емес. Ендеше өзіңізді осындай тәуекелден қалай қорғауға болады?
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин қыркүйекте жергілкті БАҚ біріне міндетті мүліктік сақтандыруды енгізу қажеттілігі туралы айтқан еді. Қазақстанда мүлікті сақтандыру - ерікті сақтандыруға жатады. Демек, өз тұрғын үйіне келетін зақымдардан қорғануды адам өз жауапкершілігі деп түсінуі керек.
ҚР Ұлттық Банк берген деректерден бүгінгі таңда мүлікті сақтандырумен 15 компания айналысып отырғанын көреміз. Сарапшылардың пікірінше, жылжымайтын мүлікті сақтандыру қызметіне заңды тұлғалар жиі жүгінеді екен. Өкінішке орай, сақтандырылған пәтер мен үй саны туралы ресми мәлімет жоқ. Дегенмен, жыл басынан бері сақтандыру нарығы 89 млрд теңгеге жуық сомаға міндеттеме алып отырғаны белгілі.
Елімізде мүлікті сақтандырудың кешенді және шектеулі түрлерін ұсынады. Біріншісі - жылжымайтын мүліктің толық құнына дейін барлық тәуекелдерден қорғай алады. Есесіне оның құны да қомақты болуы мүмкін.
Ал шектеулі сақтандырудың тиімді тұстары көп. Мысалы Номад Иншуранс айына құны 87 теңгеден басталатын полис ұсынып отыр. Ең арзан сақтандыру өнімінің өзі сіздің пәтердге өрттен, найзағайдан немесе жарылыстан келтірілген залал үшін шығынды өтеуге мүмкіндік береді. Ал, өрттен бөлек су басу, табиғи апаттар, жер сілкінісі және өзгелердің заңсыз әрекетінен болған шығындардан қорғану үшін айлық төлем небары 256 теңгені құрайды.
Тұрғын үй полисін nomad.kz сайтында рәсімдей аласыз.
Сақтандыру нарығы күнделікті даму үстінде. Нәтижесінде қаржылық тұрақтылық пен отбасылық бюджетті қорғаудың түрлі амалдарын ұсынып әлек. Бұл қазақстандықтардың өз тәуекелдерін қорғауға назар қоюына негіз болады деп сенеміз.