03.12.2020

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК

Жыл сайын Қазақстанда он мыңдаған жол-көлік оқиғасы тіркеледі. Осының салдарынан қаншама адам зардап шегіп, мерт болады. Бас прокуратура мәліметінше, 2020 жылдың 10 айында болған ЖКО –ның он мыңға жуығында 12 мыңнан астам адам жарақат алған. Өкінішке орай 1 400-ге жуық адам қаза болған. Биыл тіркелген ЖКО саны былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24 пайызға азайған дейді мамандар.

ДТП_kz.jpg

Жазатайым жағдай кез-келген адаммен кез-келген уақытта болуы мүмкін. Тіпті сіздің көлік жүргізудегі жоғары біліктілігіңіз сақтандыру жағдайына түспеудің кепілі бола алмайды. Әдетте, өзгенің қателігінен басқалар зардап шегетін мысалдар жеткілікті. Осындай кезде заң бұзушылыққа бармаған адамның өзі кінәлі болу қаупі бар.

Осындай кезде қаржы шығындамас үшін ерікті сақтанудың амалдарын жасаған жөн. Мәселен, сақтандыру өнімдерімен танысып, қайсысы қандай жағдайда сіздің тәуекелдеріңізге төтеп беретінін білуге болады. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы орын алса не істеу қажет екенін білу маңызды. Бұл – адамды стрестен сақтайды. Мамандардың пікірінше, бірінші кезекте сабырлы болу қажет.

Ендеше, жолда жазатайым жағдайға тап болсаңыз келесі тәртіпке сай әркет етуді ұмытпаңыз.

1. Бас амандығын ойлаңыз

Көлік апатынан соң өзіңізді және көліктегі жолаушылардың аман-саулығын тексеріңіз. Бұл жағдайда сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыз ең маңызды екенін естен шығармаңыз. Жарақат алғандар болса, жедел жәрдем қызметімен байланысыңыз. Көмек келгенше зардап шеккен адам қолғалыссыз қалыпта болуы қажет.

Денсаулығыңызға үлкен қауіп төнбеген жағдайда көліктен шығып, қауіпсіз жерге өтіңіз.

accident-1409005_1920.jpg

2. Дәйек жинап, құжат рәсімдеу тәртібі

Ендігі ретте жол-көлік оқиғасы туралы өкілетті органдарға хабарлау қажет. Себебі, ертеңгі күні көлігіңізге келген зардап шығынын өтеуде жол полициясы қызметкерлерінің рәсімдеген ресми құжаттары керек болады. Осы ретте сақтандыру компаниясына да хабарласқан жөн. Сақтандырушы ұйым жол апаты орын алған жерге апаттық комиссарды жөнелтуі мүмкін.

Анықтама*** Азаматтық – құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы заңнамаға сәйкес сақтандыру ұйымы апаттық комиссар қызметін ұсынуға міндеттелмейді. Клиенттерге аса қажетті қызмет түрін ұсыну туралы шешімді Компания басшылығы қабылдайды. Демек, білгір маманның көмек көрсету дәстүрі нарықтағы бірнеше сақтандыру компаниясында ғана енгізілген. Сақтандыру полисін рәсімдеу барысында менеджерден осы мәліметте анықтап алу абзал.

«Номад Иншуранс» СК клиенті жол-көлік жағдайына тап болса, 2233 нөміріне хабарласып, апаттық комиссар қызметіне жүгіне алады. Колл-центр 7/24 жұмыс жасайды.

Енді орын алған сақтандыру жағдайына қатысты ақпарат жинауды ұмытпаңыз.

* сақтандыру жағдайына қатысы бар барлық көліктердің фотосын жасаңыз.

* келтірілген зардап туралы мәлімет жинаңыз.

*апат салдарынан болған жарақатты да суретке түсіру керек. 

Жоғарыда көрсетілген ақпарат сіздің шағымыңыздың қаралуын жеңілдетеді.

3. Ақпаратпен алмасу

ЖКО-ның өзге қатысушыларының аты-жөнін, сақтандыру полистерін, телефон және көлік нөмірлері туралы ақпаратты жазып алған жөн. Сақтандыру компаниясына арызданғанда осы айтылған мәлметтердің көмегі тиюі мүмкін. Кез-келген қосымша ақпарат сақтандыру төлемі туралы істің тезірек қаралуында септігін тигізеді.

Уважаемый клиент!

Договор будет заключен после поступления оплаты на расчетный счет Страховщика, либо на следующий день после поступления. Дата начала страховой защиты будет следующим днем после заключения договора.
OK

Изменить условия договора

Для изменения условий договора или его расторжения просим Вас подойти в выбранный офис в рабочее время.
При себе необходимо иметь документы, подтверждающие право на изменение условий договора.

Ошибка при обработке запроса

Пожалуйста, попробуйте отправить форму еще раз позже. При возникновении вопросов просим звонить на бесплатный короткий номер 2233 (для всех мобильных РК)
 

Вам отправлено SMS с кодом

Введите код подтверждения

Повторить отправку через 30 сек
Повторить отправку

Вы подтверждаете оформление полиса?

Проверьте, все ли данные добавлены для расчета стоимости, если нет, вернитесь назад.

Расчет производится по этим данным:

Водители
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Оплачивайте полис вместе
с коммунальными услугами

Партнерская программа страхования имущества стоимостью 200 тг и 400 тг

ivc Перейти в ИВЦ