|
|
Қазақстан Республикасынан шетелге шығатын тұлғалардың медициналық және/немесе басқа шығындарын ерікті сақтандыру ережелеріне Қосымша (Сақтандырушының уәкілетті органы бекіткен және сақтандыру полисін электрондық түрде ресімдеу күніне қолданыста болған және nomad.kz сайтта жарияланған)/
Өнім бойынша шарттар ТУРИСТЕРДІ ЕРІКТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ТМС-АМ (ЭЛ) (АМАДЕУС)
|
1. Сақтандыру объектісі
1.1. Сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Сақтанушының (Сақтандырылушының) Сақтандырылушыда келесі себептермен кенеттен туындаған қосымша шығындарымен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады:
1.1. Ережемен қарастырылған сақтандыру аумағында орын алған Сақтандырылушының кенет жіті ауруы немесе жазатайым оқиғасы.
1.2. Сақтандырылушының Ережемен қарастырылған сақтандыру аумағында әкімшілік және/немесе заң көмегіне жүгіну қажеттілігі.
2. Сақтандыру жағдайы
Коронавирустық инфекция бөлігіндегі сақтандыру жағдайы, егер Шартта COVID-19 тәуекелі таңдалса және қосымша төленсе, сақтандырылушыны сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде ауруханаға жатқызуға әкеп соққан, COVID-19 коронавирустық инфекциясынан туындаған, сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінде алғаш диагностикаланған ауру болып табылады.
Шарттың қолданылу мерзімінде және сақтандыру аумағында Сақтандырылушының кенет жіті ауруымен немесе жазатайым оқиғаcымен (Covid-19 ауруынан басқа) туындаған келесі күтпеген шығындардың (залалдардың) орын алу фактісі Сақтандыру жағдайы болып табылады.
2.1. Шұғыл медициналық жәрдем шығындары, атап айтқанда:
1) диагноз қою мен/немесе растауға қажетті маман-дәрігерге бару/кеңес алу, медициналық зерттеулер шығындары;
2) Сақтандырылушының кеңес алу, зерттеулер, ауруханаішілік бақылау мен кету, хирургиялық және/немесе дәрі-дәрмекпен емдеуін қосқанда стандарттік типтегі бөлмеге жедел госпитализациялау шығындары;
2.2.сақтандыру жағдайы күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 50 (елу) шартты бірліктерден* аспайтын сомаға жедел стоматологиялық көмек:
-жазатайым жағдайдың нәтижесіндегі ауыз қуысындағы іріңдік қабынулық процесстер, тістің және оны қоршаған жұмсақ тіннің ауырсыну синдромы барысындағы шұғыл көмекпен, сондай-ақ тіс пен оны қоршаған жұмсақ тіндердің жіті ауырсыну синдромымен байланысты шығындар.
2.3. Тасымалдау/эвакуациялау шығындары:
1) Сақтандырылған адамның жедел жәрдем көлігімен сақтандыру жағдайы басталған жерден медициналық мекемеге немесе Ассистанс қызметкерлерінің ұсынымы бойынша сақтандыру аумағындағы дәрігерге шұғыл медициналық тасымалдауға арналған шығындар. Шалғайдағы қол жетпейтін өңірлерден тікұшақпен эвакуациялау/тасымалдау жағдай басталған жерде шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда ғана жабылады (егер Шартта сапар мақсаты/«Спорт» санаты таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе).
2) Сақтандырылушыны ауруханадан Қазақстан Республикасына, ары қарай өз бетімен қайта оралуы үшін сақтандыру аумағына жақын маңдағы халықаралық әуежайға дейін, немесе Сақтандырылушының азаматтығы бар елге дейін тасымалдау шығындары;
3) Сақтандырылушыны Қазақстан Республикасына, немесе Сақтандырылушының азаматтығы бар елге медициналық эвакуациялау шығындары:
-ең жақын халықаралық әуежайға дейін;
-Сақтандырылушыны медициналық емес немесе медициналық қызметкермен алып жүруге.
2.3.1. Сақтандырушы келесі жағдайларда эвакуациялау шығындарын өтейді:
міндетті шарт Ассистанстың қызметкерлеріне билеттерді айырбастауды/қайтаруды жүзеге асыру қажеттілігі және Ассистанстың қызметкерлеріне барлық қажетті құжаттарды ұсыну туралы хабарлау міндетті шарт болып табылады;
2.3.2. Ассистанстың қызметкерлері сақтандыру аумағында Сақтандырылушыны тасымалдау/эвакуациялау жеделділігін/қажеттілігін және Сақтандырылушының жай-күйі оның қатардағы жолаушы ретінде қайта оралуына мүмкіндік беретіндігін немесе оған арнайы жабдық және құрал қажет болатынын анықтайды;
2.3.3. Көлік құралын және тасымалдау шарттарын таңдауды Сақтандырушы Ассистанстың медициналық қызметкерлерінің ұсыныстары мен ұйғарымдары негізінде жүзеге асырады.
2.4. Сақтандырылушының денесін Қазақстан Республикасына немесе Сақтандырылушы тірі кезінде азаматтығы болған елге репатриациялау. Тайланд аумағы бойынша Сақтандырылушыны репатриациялау 90 000 АҚШ доллары лимитінің шегінде Amadeus (CRM) жүйесінде қосымша тәуекел таңдау мүмкіндігі юолған жағдайда жүзеге асырылады.
2.5.Сақтандырылушы (ата-анасы/ қамқоршысы/сенім жүктелген тұлға) сақтандыру аумағында ауруханаға жатқызылу/қайтыс болған жағдайда16 жасқа дейінгі сақтандырылған балаларды Қазақстан Республикасына, немесе тұрақты тұру/азаматтығы бар елге эвакуациялау, сақтандырылған баланың сақтандыру аумағында қамқорлықсыз жалғыз қалуы шартымен. Сақтандырушы әрбір баланың оның орналасқан жерінен (оның орналасқан жеріне жақын жерден) Қазақстан Республикасының бала тұратын елді мекенге дейін жақын орналасқан қаласындағы әуежайға дейін (немесе баланың азаматтығы бар/тұрақты тұратын елге дейін) әуежайдан эконом класпен ұшуының құнын өтейді.
2.6. Келесілермен байланысты заңды және әкімшілік көмек:
-егер жазатайым жағдай үшінші тұлғаның кінәсінен орын алған болса, оның құқықтарын қорғау бойынша іс қозғауда Сақтандырылушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру немесе ұйымдастыруға ақы төлеу. Ақы төлеу көмек көрсетуді Ассистанс арқылы ұйымдастыру жағдайында жүзеге асырылады. Жеке, Ассистанстың қатысуынсыз ұйымдастырылған және/немесе Сақтандырылушымен тікелей жазбаша келісілген көмекке ақы төленбейді.
-жоғалған құжаттардың (төлқұжат, виза, билет) телнұсқаларын рәсімдеумен және оларды сақтандыру аумағында Сақтандырылушыға жеткізумен.
-Шарттың 2 бөлімінің 2.1.-2.6. тармақшаларында көрсетілген сақтандыру жағдайлары бойынша Шартта көрсетілген Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметінің нөмірлері бойынша Сақтандырылушының 2 (екі) телефон қоңырауларын төлеу бойынша шығындар.
3. Тараптардың міндеттері.
3.1. Сақтандырушы міндетті:
1) ҚР АК 828 және 830 баптарына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
2) Сақтанушы/Сақтандырылушы/Пайда алушы Сақтандыру Ережелерімен қарастырылған құжаттарды ұсынбаған жағдайда шұғыл, бірақ 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны жеткіліксіз құжаттар туралы жазбаша хабарландыруға;
3) Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтандыру Ережелерінің талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша себептемелі бас тарту жіберуге;
3.2. Сақтанушы міндетті:
1) Шарт жасасу барысында Сақтандырушыға оған тәуекел деңгейін бағалау мен Шарт жасауға қажетті барлық ақпаратты ұсынуға;
2) егер мұндай өзгерістер сақтандыру қаупінің артуына айтарлықтай әсер ететін болса, сақтандыру Шартын жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдаяттарда орын алған өзіне мәлім болған маңызды өзгерістер туралы шұғыл хабарлауға;
4. Сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғалар басталған кездегі Сақтанушының/Сақтандырылушының (Пайда алушының) әрекеттері:
4.1. Сақтанушыға/Сақтандырылушыға сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғаның басталуы туралы белгілі болғаннан кейін, міндетті:
а) дереу, тәулік мерзімінен тәуелсіз, жазатайым жағдайдың басталуы туралы Шартта көрсетілген телефон нөмірі бойынша Ассистанстың тәуліклік диспетчерлік қызметіне хабарлауға және сұратылған мәліметтерді ұсынуға;
б) Сақтандырылушы Ассистанстың диспетчерлік қызметіне хабарласқанға дейін дәрігерге өз бетімен және/немесе басқа медициналық қызметті өз бетімен алғанға дейін қоңырау шалмаған жағдайда, Сақтандырушы берілген Шарттың 4 бөлімінің 4.2 тармағының 1) тармақшасының шарттарына сәйкес Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырады;
в) сақтандыру жағдайы басталған уақытта алкогольдік/есірткілік мас болуға күдік болған жағдайда, болу елінің заңнамасына сәйкес алкогольдік/есірткілік заттардың болуына медициналық куәландырудан өту;
г) Сақтандырушының талабы бойынша қорғаныс туралы шешім қабылдауға қажетті, сақтандыру жағдайымен байланысты қосымша зерттеулерден өту;
д) Шартпен көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындау.
4.2. Сақтанушы/Сақтандырылушы Шарттың 2 бөлімінде көрсетілген, сақтандыру жағдайының басталуына әкелуі мүмкін тәуекелдер бойынша оқиғаның басталуы туралы өзіне белгілі болғаннан/белгілі болуы тиіс болғаннан кейін құқылы:
1) егер сақтандырудың барлық кезеңі ішінде аталған жедел медициналық көмекті алу шығындары амбулаторлық емдеу бойынша – 200 (екі жүз) шартты бірліктерден немесе стационарлық емдеу/ауруханаға жатқызу бойынша 500 (бес жүз) шартты бірліктерден аспайтын болса, Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне хабарласпай, медициналық көмекті медициналық мекемеде және/немесе дәрігерде өз бетімен алуға және ақысын төлеуге. Егер Сақтандырылушымен өз бетімен төленген жедел медициналық көмек шығындары жоғарыда аталған сомалардан асатын болса, Сақтандырушы амбулаторлық емдеу бойынша 200 (екі жүз) шартты бірліктер немесе стационарлық емдеу/ауруханаға жатқызу бойынша 500 (бес жүз) шартты бірліктер сомасынан асатын сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы;
2) Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне жүгінуге және Ассистанс арқылы медициналық қызметті (және/немесе Шартпен көзделген өзге қызметтерді) ұйымдастыру/көрсету мүмкін болмаған жағдайда, медициналық мекемеге/дәрігерге (консулдыққа және т.б.) өз бетімен қаралу үшін Ассистанстың жолдамасын алуға және өз бетімен алған қызметтер үшін ақы төлеуге. Шығындарды толық көлемде өтеу Сақтандырушымен Сақтандырылушының Ассистансқа сақтандыру жағдайының күніне қаралуын растауды алғаннан кейін көмекті алғанға дейін және Сақтандырылушының Ассистанспен ұсынылған медициналық мекемеге/дәрігерге міндетті қаралу шартымен жүзеге асырылады.
Егер:
-Сақтандырылушының қаралуы Ассистанспен расталмайтын болса;
-Сақтандырылушының Ассистансқа қаралуы постфактуммен тіркелген болса, яғни медициналық қызметті алғаннан кейін;
-Сақтандырылушы Ассистанспен ұсынылған медициналық мекемеге/дәрігерге қаралмаған, және медициналық мекемені/ дәрігерді өз бетімен/өз қарап шешуі бойынша таңдаған болса;
Сақтандырушы сақтандыру төлемін берілген Шарттың 4 бөлімінің 4.2 тармағының 1) тармақшасының шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
4.3. Медициналық көмекті немесе Шартпен көзделген өзге қызметтерді өз бетімен төлеу кезінде, Сақтандырылушы бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті, бірақ кез келген жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына келген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде.
5. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
5.1. Сақтандыру төлемі келесі тәртіпте жүзеге асырылады:
- сақтандыру Шартында көрсетілген Ассистанске;
- Шарт талаптарымен қарастырылған қызметтерді өз бетінше төлеген жағдайда Сақтандырылушыға/Пайда алушыға.
5.2. Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін ұсынуға қажетті құжаттардың тізімі:
- сақтандыру шартының түпнұсқасы, Сақтандырылушының жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (паспорт, төлқұжат, баланың туу туралы куәлігі); Сақтандырылушының Қазақстан Республикасының аумағына кетуі/келгені туралы белгісі бар паспорттың көшірмесі, Пайда алушының банктік деректемелері;
- медициналық қызметтер үшін төлем туралы чектердің және барлық медициналық құжаттардың түпнұсқалары;
- Сақтандыру ережесінде көрсетілген өзге де құжаттар.
5.3. Құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада немесе нотариалдық куәландырылған немесе құзырлы ұйымның түпнұсқалық мөрімен куәландырылған және уәкілетті тұлғасымен қол қойылған көшірме түрінде ұсынылады.
5.4. Осы бөлімде аталған барлық құжаттар Сақтандырушыға орыс немесе қазақ тілдерінде немесе орыс немесе қазақ тілдеріне аударылған түрде берілуі тиіс, бұл ретте аударма нотариалдық куәландырылған болуы тиіс.
5.5. Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесін қысқартуға немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығатын тұлғалардың медициналық және/басқа да шығыстарын ерікті сақтандыру қағидаларында (Сақтандырушының уәкілетті органы бекіткен және қолданыстағы) белгіленген қосымша құжаттарды талап етуге құқылы. Шарт жасалған/полис шығарылған және nomad.kz интернет-ресурсында жарияланған күніне) егер олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактісін анықтау және залал мөлшерін анықтау мүмкін емес деп санаса.
5.6.Сақтандыру төлемінің көлемі Сақтандырылушы шеккен шығындарды растайтын құжаттар негізінде анықталады.
5.7. Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде шешім қабылдауға және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, немесе Пайда алушыға сақтандыру төлемінен дәлелді жазбаша бас тартуды жіберуге міндетті.
5.8. Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру төлемін сақтандыру жағдайының басталу күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің шетелдік валюталардың ресми бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырады.
5.9. Төлемді растайтын құжаттарда төлем валютасы көрсетілмеген жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру төлемінің есебін автоматты түрде сақтандыру жағдайы күніндегі орналасу елінің валютасының ҚР Ұлттық Банкіндегі ресми бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырады;
6. Сақтандыру шектеулері мен сақтандырудың ерекше жағдайлары.
6.1. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жасаудан толықтай немесе ішінара бас тартуға құқылы, егер сақтандыру жағдайы төмендегілердің салдарынан болса:
1) қажетті қорғану және аса қажет болған жағдайда жасалған әрекеттерді есепке алмағанда, сақтандыру жағдайының орын алуына бағытталған не болмаса оның орын алуына себепші болатын Сақтанушының және/немесе пайда алушының қасақана әрекеттері;
2) сақтандыру жағдайымен байланысты себепте болған қасақана қылмыстық жасау немесе әкімшілік құқық бұзу тәртібінде белгіленген заңнамалық актілермен танылған Сақтанушының және/немесе пайда алушының әрекеттері.
6.2. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтандыру жағдайы төмендегілердің салдарынан орын алса:
1) сақтандыру Шартымен қарастырылмаған тәуекелдер;
2) ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті ластанудың әсері;
3) әскери әрекеттер, лаңкестік актілері, лаңкестікке қарсы операциялар; азаматтық соғыс, кез келген халықтық толқулар, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер;
4) Сақтандырылушының кез келген елдің әскери күштерінде әскери қызмет атқаруы;
5) қоршаған ортаның ластануы, ғаламдық апаттар, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы немесе от әсері, көшкін, тойдың опырылуы, боран, құйын, дауыл, су тасқыны, бұршақ немесе жауын мен өзге де табиғи апаттар;
6) өз-өзіне қол жұмсау немесе өз-өзіне қол жұмсауға оқтану;
7) Сақтандырылушының сақтандыру аумағындағы (болу мемлекетінің) заңнамасының талаптарын орындамауы;
6.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырмайды:
1) Сақтандырылушы сақтандыру жағдайы орын алған сәттеалкогольдік,есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйде немесе кез келген психотроптық заттардың әсерінде болса;
2) Сақтандырылушы мемлекетте жұмыс бабымен болса;
3) Сақтандырылушы мемлекетте оқу мақсатымен болса;
4) егер Сақтандырылушының төмендегілерге қатысуының/айналысуының салдарынан орын алса:
а) кез келген кәсіби және/немесе әуесқой спорт (Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/ санаты ретінде «Спорт» таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе);
b) моторлы қатынас құралдары пайдаланылған кез келген ұйымдар, шабысқа, автожарыстарға қатысу, ұшу аппараттарын басқару, соның ішінде парашют, пара-, мото-, дельтаплан, Сақтандырылушының кез келген сынақтарға қатысуы (Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/ санаты ретінде «Спорт» таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе);.
c) Сақтандырылушының белсенді демалыс түрлері мен жоғары жарақаттану тәуекеліне ие физикалық белсенділікпен (бананада сырғанау мен басқа да су аттракциондары, спорттық сипаттағы қимыл-қозғалыс ойындары; жаттығу залдарында айналысуы/қатысуы; кез келген су астына түсу; кез келген серфинг түрімен айналысу; альлагерлерінде және туристік және спорттық базаларда, сондай-ақ теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте орналасқан кез келген аймақта демалу; тау басына жаяу шығу, үңгірлер, жанартауларды саяхаттау; жол таңдамайтын көлік автокөліктеріндегі сапарлар мен саяхаттар; велосипедтегі саяхаттар мен сапарлар; ат үстіндегі және басқа да жануарлардағы сапарлар мен саяхаттар және т.б.). Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/ санаты ретінде «Спорт» таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе;
d) Сақтандырылушыда "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген тізбеге кіретін SARS-CoV-2 (2019-ncov) COVID-19 Короновирусы анықталған. Ерекшелік: егер шартта сапардың мақсаты/ санаты ретінде «COVID» таңдалса, ал жоғарыда аталған тәуекелдер түзету коэффициентін ескере отырып, қосымша сақтандыру сыйлықақысымен төленсе.
5) жіті аурулар жағдайында шалғайдағы/жету қиын өңірлерден әуе көлігін тасымалдауға/эвакуациялауға байланысты шығыстар бойынша. Әуе көлігі арқылы тасымалдау жарақат алған жағдайда ғана жүзеге асырылады, бұл жағдайда оқиға болған жерде шұғыл медициналық көмек көрсету мүмкін емес.
6.4. Сақтандырушы келесі шығындар бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырмайды:
1) Шарт күшіне енгенге дейінгі Сақтандырылушының кез келген ауруларын диагностикалау және/немесе емдеу;
2) Шарттың қолданылу мерзімі басталғанға дейін немесе сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, Шартта көрсетілген сақтандыру аумағынан тыс жерде Сақтандырылушының медициналық көмек алуы;
3) Сақтандырылушылардың шұғыл медициналық көмек көлемінен асатын диагностика және/немесе ем алуы;
4) Сақтандырылушы Шарт күшіне енгенге дейін соңғы 6 (алты) айда алған, ары қарайғы емді талап еткен аурулар диагностикасы және/немесе ем алуы (медициналық көмек адамның өмірін сақтап қалу немесе еңбекке жарамдылығын толықтай жоғалуының алдын алу немесе жіті ауырсыну синдромын тоқтату үшін қажет болған жағдайда шектеу жарамсыз болып табылады);
4-1) Амбулаториялық емдеу, қонақүйде оқшаулау / обсервация және шұғыл көрсеткіштер бойынша емдеуге жатқызудан басқа, анықталған COVID-19 ауруымен байланысты өзге де шығыстар (5 күннен аспауы керек);
5) дәрігердің тағайындауымен/шипашағымен дәрі-дәрмек алуға кеткен шығындар;
6) созылмалы аурулар мен олардың асқынуларын емдеу және/немесе диагностикалау, Сақтандырылушының өміріне төнген тікелей қатерді жою мақсатындағы алғашқы медициналық көмек көрсетуді есепке алмағанда;
7) қатерлі және/немесе қатерсіз ісіктерді, гиперпластикалық процестерді, сондай-ақ кез келген онымен байланысты туындаған асқынуларды диагностикалау және емдеу;
8) репродуктивтік функцияның жай-күйін диагностикалау және емдеу, атап айтқанда:
а) Сақтандырылушының жүктілік, оның асқынулары, сондай-ақ оған ілеспелі емдік, босандыру және өзге де процедуралар, оның ішінде мерзімінен бұрын босану кезінде немесе кесарь қимасын жүргізу бойынша, жүктілікті жасанды жолмен тоқтату (аборт) мақсатында консультативтік-диагностикалық зерттеулер мен ем жүргізу. Қажеттілігі Сақтандырылушымен болған, сақтандыру жағдайы деп танылуы мүмкін жазатайым оқиғаның нәтижесінде туындаған жүктіліктің 12 аптасынан аспайтын мерзім кезінде жүктілікті шұғыл жасанды тоқтатуды қоспағанда.
б)жасанды ұрықтандыру, бедеулікті/импотенцияны, простатитті диагностикалау және емдеу; зарарсыздандыру, сондай-ақ контрацепцияның кез келген әдістері, оның ішінде жатырішілік спиральді (ЖІС) енгізу/алып тастау;
в) етеккір циклінің бұзылуын диагностикалау және/немесе емдеу;
9) жаңа туған баланы күту, емдеу, медициналық бақылауда ұстау және қозғалтумен байланысты шығындар (көшіруді және/немесе репатриацияны қоса алғанда);
10) кез келген туа біткен, тұқым қуалайтын ауруларды және/немесе туа біткен/жүре пайда болған ауытқуларды/организм дамуының ақауларын, оның ішінде - сүйектердің патологиялық сынықтарын диагностикалау және емдеу;
11) миопиямен/гиперметропиямен, астигматизммен, катарактамен, глаукомамен, тор қабатының қабатымен байланысты диагностика және/немесе ем (соның ішінде оталық);
12) шарттың қолданылу мерзімінің барлық кезеңінде SARS-CoV-2 (2019-ncov) COVID-19 Короновирусы тәуекелін қоса, 5 (бес) тәуліктен астам мерзімге стационарлық көмек; Америка Құрама Штаттарының өңірі бойынша қосымша стационарлық емдеу бойынша 5000 (бес мың) АҚШ долларынан аспайтын шектеу қолданылады;
13) өт шығару жолдарының кез келген ауруларымен және осы аурулардан туындаған жай-күйлермен/асқынулармен байланысты сақтандырудың бүкіл кезеңінде 1 000 (бір мың) шартты бірліктен жоғары шығындар;
14) жүрекке немесе тамырларға жасалатын кез келген хирургиялық операциялар, оның ішінде коронарлық тамырлардың ангиопластикасы, аортокоронарлық шунттау, стенттеу, ЖРЖ және т. б. орнату;
15) трансплантацияның, имплантацияның және/немесе протездеудің кез келген түрі, оның ішінде эндопротездеу, стенттеу, остеосинтез, остеопластика, реконструктивтік операциялар, гемодиализ, гемосорбция бойынша шығындар, әртүрлі фиксаторларды (штифтерді, винттерді, болттарды, спицаларды, пластиналарды, сүйек тігістерін, дистракционды аппараттар мен т.б.) пайдалана отырып, кез келген операциялар жасау, органдар мен тіндерді ауыстырып салу жөніндегі операциялар. Бірыңғай жағдай: Сақтандырылушының өмірін құтқару мақсатында күйік кезінде тері трансплантациясы;
16) бауыр цирроздарын, гепатиттердің кез келген түрлерін және олардың салдарларын диагностикалау және/немесе емдеу;
17) психикалық бұзылыстарды немесе депрессивтік жағдайларды, венерологиялық ауруларды, жыныстық жолмен берілетін ауруларды, АИТВ-ны және ЖҚТБ-ны, алкоголизмді немесе нашақорлықты, туберкулезді, қант диабетін және олардың салдарларын, сондай-ақ инсультті, эпилепсияны және конвульсивтік ұстамаларды диагностикалау және/немесе емдеу;
18) инсульт, эпилепсия, конвульсиялық ұстамасын диагностикалау және/немесе емдеу;
19) Сақтандырылушының оқшаулануын және/немесе жұқпалы аурулар стационарына жатқызылуын талап ететін инфекциялық және паразиттік аурулар,соның ішінде әлеуметтік маңызды аурулар тізіміне кіретін аурулар; нейроинфекцияны, атипиялық пневмонияны, геморрагиялық қызбаны, тұмаудың атипиялық түрлерін, Коксаки вирусын, желшешек пен олардың клиникалық формасы мен процесстің кезеңіне карамастан салдарын диагностикалау мен емдеу;
20) пластикалық операцияларға, косметологиялық диагностикаға/емдеуге арналған шығындарға және сырт келбеті немесе дене ауытқулары кемшіліктерін жоюға, жынысының хирургиялық өзгеруіне, салмақ/фигураны түзетуге, семіздікті немесе дистрофияны диагностикалау мен емдеуге байланысты диагностикалаудың/емдеудің кез келген басқа да түрлеріне жұмсалатын шығындар;
21) мысықтардың, иттердің, жәндіктер мен кенелердің шағуын диагностикалау және/немесе емдеу; кез келген теңіз жануарларының/тұрғындарының күйіктері, теңіз маржандарынан/кірпілерден және теңіз өсімдіктерінен алынған күйіктер/жарақаттар;
22) күн, ультракүлгін немесе өзге де сәулелену түрінің тікелей және/немесе жанама әсерінің, сондай-ақ саңырауқұлақ және дерматологиялық, оның ішінде аллергиялық (Квинке ісінуінен және анафилактикалық шоктан басқа) және тағамдық дерматиттермен, псориазбен және оның асқынуларымен; туа біткен ихтиозмен, экземамен, аллопециямен, атопиялық дерматитпен, нейродермитпен, витилигомен, сақалдармен, безеу ауруымен, демодекозбен, сондай-ақ нозологияға қарамастан, теміреткінің кез келген түрлерімен ауырудың салдарын диагностикалау және емдеу;
23) есту жолының күкірт тығындарымен толуына байланысты консультациялар және емдеу;
24) остеосинтезге/остеопластикаға арналған материалдарға арналған шығыстар; медициналық көмек құралдарын (линзалар, көзілдіріктер, есту аппараттары, глюкометрлер, термометрлер, бандаждар, балдақтар, мүгедектер арбалары, памперстер, ортездер, ортопедиялық аяқ киім, компрессиялық шұлықтар және т. б.) іріктеу, сатып алу және жөндеу, сондай-ақ жарықпен қатайтылатын жеңіл гипс салу;
25) осы сақтандыру шарттарының 2-бөлімінде көрсетілген шұғыл көмекті қоспағанда, стоматологиялық көмек;
Ортодонтиялық қызметтер және жүргізілген ортодонтиялық манипуляциялардан кейінгі асқынуларға байланысты шығындар жабылмайды.
26) вакцинациялау бойынша шығыстар (жоспарлы және жарақаттар кезінде); жіті аурумен байланысты емес медициналық тексерулер немесе күтім; профилактикалық тексерулер, медициналық сараптамалар, оқу орындары мен басқа да мекемелер үшін анықтамалар;
27) Сақтандырылушы Қазақстан Республикасына оралғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін және/немесе Ассистанс мақұлдамаған хирургиялық араласу немесе емдеу;
28) медициналық мекемеде арнайы жеке палатаны (Ассистанстың дәрігерімен тағайындалған жағдайларды есепке алмағанда), сондай-ақ теледидар, телефон, кондиционер, дымқылдатқыш және т. б. ұсыну жөніндегі қызметтерді ұсыну;
29) дәстүрлі емес әдістермен (еңбек терапиясы, фитотерапия, гирудотерапия, гомеопатия, балшықпен емдеу, жарықпен емдеу, барокамерада емдеу, мануалды терапия, массаж, биорезонанстық терапия және т.б.), қалпына келтіру (оңалту) емімен, витаминдерді қолдану, сондай-ақ физиотерапиялық емдеудің кез келген әдістері;
30) психотерапевт, диетолог, генетика, логопед, косметолог, массаж жасаушы, шаштараз, стилист, аудармашы қызметтерін көрсету;
31) дәрігерлік практикамен айналысуға рұқсаты жоқ адамдар немесе тиісті лицензиясы жоқ медициналық мекеме жүзеге асыратын емдеу;
32) Сақтандырылушының автокөлік апаты салдарынан болған жарақатына немесе ауруына әкеп соққан жазатайым оқиға шығындары, егер:
а) Сақтандырылған адам тиісті жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарса немесе алкогольдік масаң күйде/есірткі әсерінде/ уытқұмарлық масаң күйде болса;
б) Сақтандырылған адам көлік құралын басқаруды тиісті жүргізуші куәлігі жоқ адамға берсе;
в) Сақтандырылушы тұлға көлік құралында болғанда (жолаушы ретінде), көлік құралын басқарушы тұлға алкогольдік масаң күйде немесе есірткі әсерінде немесе уытқұмарлық масаң күйде болса, қоғамдық көлікті есепке алмағанда;
33) массаждың, SPA процедуралардың кез келген түрлерінің салдарын емдеу;
34) Компьютерлік томографиямен (КТ), магниттік-резонанстық томографиямен (МРТ), Сақтандырылушының өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда;
35) сақтандыру жағдайы Шарттың қолданылу мерзімінде орын алса да, Шарттың қолданылу мерзімі тоқтағаннан кейінгі Сақтандырылушымен келітірілген шығындар.
6.5. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады, егер:
1) Сақтандырылушының сапарының мақсаты - емделу/медициналық қызметтерді алу болса, сондай-ақ санаторийлерде, емдеу орындарында, демалыс үйлерінде және басқа санаторлық-курорттық типтегі ұйымдарда емделу/медициналық қызметтерді алу жағдайында;
2) Шартты жасау сәтінде Сақтандырылушыға қатысты мүгедектік және/немесе еңбекке жарамдылығынан айырылу (толық немесе жартылай) және/немесе кәсіби ауру белгіленген болса, және бұл медициналық көмекті алуға тікелей себеп болса;
3) Шарт жасасу сәтінде Сақтандырылушы сақтандыру аумағында болса немесе сол жақта стационарлық емделуде болса және/немесе оған Шарт жасасу күніне дейін болған сырқаттанумен/жазатайым оқиғамен байланысты сақтандыру аумағында басқа медициналық көмек талап етілсе;
4) Сақтандырылушы Сақтандырушының медициналық тексеруден және/ немесе алкогольдік/есірткілік мас болуға медициналық куәландырудан өту талабын орындамаған, және/немесе Сақтандырушымен талап етілетін тексеруді/куәландырудың нәтижелерін бермесе;
6.6. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына төменде аталғандар да негіз болады:
1) Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы жалған мәліметтерді қасақана хабарлау;
2) Сақтанушының(Сақтандырылушының) Сақтандырушыға Сақтандырылушының қызмет түрін, сапар мақсатын өзгертуі туралы хабарламауы, егер аталған өзгерту сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғаның басталуына тікелей немесе қосымша себеп болса;
3) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы ескертпеу/ уақтылы ескертпеу;
4) Сақтандырылушыда SARS-CoV-2 (2019-ncov) COVID-19 Короновирусы ауруы бар;
5) Сақтандыру шартын жасау күнінде Сақтандырылушыда COVID-19-ға ПТР талдауының оң нәтижесі анықталған.
6.7. Сақтандырумен өтелмейді:
1) моральдық залалдар, Сақтанушының (Сақтандырылушының) шығындары, оның ішінде айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық төлемдері, сот шығындары, ұтылған пайда және т.б.;
2) орыс немесе қазақ тілдеріне аударманы жүзеге асыру, және құжаттарды нотариалдық куәландыру кезінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) шеккен шығындар;
3) Сақтандырылушының сақтандыру аумағындағы медициналық мекемеден уақытша орналасу мекеніне дейін жол жүруіне арналған көлік шығындары;
3-1) осы шарттардың 2.3-тармағында көрсетілген медициналық тасымалдауды / эвакуациялауды қоспағанда, жаңа әуе билетін айырбастауға / сатып алуға арналған шығыстар;
4) егер Сақтандырылушы Шарт күшіне енгеннен кейін Шартта көрсетілген сақтандыру аумағында азаматтықты/ тұруға рұқсатты алған болса, сақтандыру жағдайымен байланысты шығындар.
5) COVID-19-ға ПТР талдау теріс нәтиже көрсеткен кездегі шығындар. ПТР талдауына оң нәтиже көреткен жағдайда оған кеткен шығындар бір рет өтеледі.
6.8. Шартты сақтандыру өтемі қолданылмайды:
1) шегінде әскери іс-қимылдар жүргізілетін мемлекеттердің аумағында;
2) БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының) экономикалық және/немесе әскери санкциялары қолданылған мемлекеттер аумағында;
3) шегінде эпидемия ошақтары табылған немесе танылған және/немесе карантин жарияланған мемлекеттердің аумағында;
4) сақтандыру шартында көрсетілген азаматтығы/мекендеу ықтиярхатын алған адамдарға шарт күшіне енгеннен кейін;
5) егер сақтандыру шарты Сақтандырылған тұлға сақтандыру аймағында болған кезеңде рәсімделген болса.
7. Шартты тоқтату/бұзу/өзгерту тәртібі мен шарттары.
7.1 Шарт қолданысы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда немесе Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.
7.2. Шартқа өзгертулер жазбаша келісім жасау арқылы тараптардың келісімі бойынша енгізілуі мүмкін.
7.3. Сақтанушының өтініші бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу мерзімі басталғанға дейін Шартты мерзімінен бұрын тоқтату кезінде, Сақтандырушы Сақтанушыға төленген сақтандыру сыйлықақысын 100% қайтарады. Сақтанушы сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кеш емес уақыт аралығында Сақтандырушыға шартты бұзу туралы жазбаша өтініш беруге міндетті.
7.4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен (бұдан әрі- ҚР АК) көзделген міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, Шарт ҚР АК 841 б. 1 т. көзделген жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
7.5. Шарттың 7.4 т. көзделген негіздер бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтату кезінде Сақтандырушы сақтандыру қолданылған уақытқа пропорционал сақтандыру сыйлықақыбөлігін алуға құқылы.
7.6. Сақтанушының өтініші бойынша сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу мерзімі басталғаннан кейін Шартты Сақтанушының өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату кезінде, егер бұл Шарттың 7.4 т. көрсетілген жағдайлармен байланысты болса, Сақтандырушы ((СП:N) *(N-n)) - (СП – 15 %*СП) формуласы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін қайтаруды жүзеге асырады, мұнда:
СП – Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы
N - Шарттың күндермен қолданылу мерзімі
n - Шарттың күндермен өткен қолданылу кезеңі
Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде, егер бұл Шарттың 7.4 т. көрсетілген жағдайлармен байланысты емес болса, Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы немесе сақтандыру жарналары қайтарылмайды.
7.7. Шартпен реттелмеген барлық басқа мәселелер бойынша, тараптар Сақтандырушымен әзірленген Қазақстан Республикасынан шетелге шығатын тұлғалардың медициналық және/немесе басқа шығындарын ерікті сақтандыру ережелерін (ТМС) басшылыққа алады.
7.8. Сақтанушы-жеке тұлға Шарттан бас тартқан жағдайда, ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Сақтандырушы Сақтанушы-жеке тұлғаға алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) 10%-ын құрайтын, сақтандыру әрекеті болған уақытқа пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) бір бөлігін және Шартты бұзуға байланысты шығыстарды шегеріп тастап, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақыларын) қайтаруға міндетті.
8. ҚОСЫМША ШАРТТАР
8.1. Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
8.2. Тараптар келісімге келмеген келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
8.3. Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:
1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;
2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;
4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;
5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.
8.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.
8.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 8.3. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.
8.6. Сақтанушы 1)-5) 8.3. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.
8.7. Осы шарттарда және сақтандыру полисінде қамтылмағанның бәрі Қазақстанарда және сақтандыру плге шығатын тұлғалардың медициналық және/немесе басқа шығындарын ерікті сақтандыру ережелерімен реттеледі (Сақтандырушының уәкілетті органы бекіткен және сақтандыру полисін электрондық түрде ресімдеу күніне қолданыста болған және nomad.kz сайтта жарияланған).