01.08.2021

Автокөлікке кететін шығынды қалай азайтуға болады

Автокөлікке кететін шығынды қалай азайтуға болады

Жүргізушілер үшін, әсіресе үлкен қалаларда тұратындарға автокөлікке кететін шығын жеке қаржысының маңызды бөлігін құрайды. Оны азайту жайлы материалда айтып береміз.

Жанармай

Ең көп кететін шығындардан бастайық. Үйіңіздің жанындағы жанармай құю бекеттеріндегі жанармай бағаларын тексеруге ерінбеңіз. Ең төмен баға ұсынатын, бірақ сапасы күмән тудырмайтын жанармай құю станциясын таңдаған жөн.

Сонымен қатар, баяу жүруге тырысыңыз, көлікте қажетсіз ауыр заттарды алып жүрмеңіз және кептелістерді ескере отырып, сапарларыңызды жоспарлаңыз.

Май

Майды уақытылы ауыстырып отыру маңызды, алайда әр кез керек болып қалған жағдайда ең жақын жанармай құю бекетінде кәдімгі майды құймаған дұрыс. Одан да оны синтетикалық түрімен ауыстыруға тырысып көріңіз. Синтетикалық май сирек ауыстыруды қажет еткендіктен, сіздің қозғалтқышыңыз жақсы күйде болады. Синтетикалық майлар қымбаттырақ, бірақ ұзақ мерзімді қолданысқа қолайлы.

Сақтандыру

Сақтандыру қызметі де май таңдау жағдайына ұқсас. Біз автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың рәсімі туралы емес, КАСКО Трансформер сынды сақтандыру қызметін кеңес етеміз. Болашақта бұл сіз үшін тиімді салынымға айналуы мүмкін, себебі әйнекке тас құлап кету немесе автокөліктің сынуы сияқты әртүрлі жағдайлар туындап қалса, сақтандыру компаниясы барлық жөндеу шығындарын төлейді. Кейбіреулері полистің бағасынан безеді, бірақ сақтандыру қызметі қажет болып қалған жағдайда салынымыңыз он есе ақталуы мүмкін.

Мәселен, «Номад Иншуранс» арқылы сіз толық не бөліп төлеу жоспары арқылы 2014 жылғы KIA RIO танымал брендін жылына 80 мың теңгеге сақтандыра аласыз. Айтпақшы, сол көліктің басқа иесі үшін сақтандыру бағасы әртүрлі факторларға байланысты төмен немесе жоғары болуы мүмкін. Бірақ өтеу құны автокөліктің орташа нарықтық құнына жете алатынын ескерген абзал. Ол шамамен 4,2 млн теңгені құрайды.

Ал ең бастысы, бұл сақтандыру қызметі бір рет қана емес, сақтандыру сомасы таусылғанша жарамды. Өзгеше айтқанда көлік жасанды не ағаш құлау сияқты табиғи апатқа ұшырап жатса, төлем қайтадан төленеді немесе оның қолданылу мерзімі аяқталады.

Шиналар

Шиналарда үнемдеген дұрыс. Дүкендердегі бағаларды салыстырып, жарнамаларды оқыңыз. Кейде шиналардың мүлдем жаңа жиынтығын жарты бағамен де сатып алуға мүмкіндік бар.

Көлік жуу

Автокөлікті тек қажет болған жағдайда жуу бекеттеріне апару көп уақыт пен ақшаны үнемдеуге көмектеседі. Ал көлік қатты былғанбаса, өзіңізге де жууға болады. Сондай-ақ, автокөлік жууға артық шығындалмай, ішін өзіңіз де шаң сорғышпен тазалай аласыз.


Фото ©Pixabay

Өзге шығындар

Жанып кеткен фараны ауыстыру немесе май құю сияқты өзіңіз де істей алатын шағын жөндеулер үшін көлік жөндеу орындарына барудың қажеті жоқ. Ғаламтордың арқасында ауқымды ақпаратқа иеміз, әртүрлі автокөлік форумдарында қалай және нені түзету керектігі егжей-тегжейлі жазылған. Алайда, егер өз қабілетіңізге күмәніңіз болса, ең тиімді жол – сенімді авто механикті табу. Жақсы механик жақсы дәрігер сияқты, сондықтан таныстар мен жақындардан кеңес сұрау немесе ғаламторды шолып, зерттеу артықтық етпес. Уәкілетті дилерге хабарласу қымбат болуы мүмкін, өйткені олар клиенттің ақшасын үнемдеуге үйренбеген.

Ал сіз көлік шығындарын азайтудың қандай тәсілдерін білесіз?

Уважаемый клиент!

Договор будет заключен после поступления оплаты на расчетный счет Страховщика, либо на следующий день после поступления. Дата начала страховой защиты будет следующим днем после заключения договора.
OK

Изменить условия договора

Для изменения условий договора или его расторжения просим Вас подойти в выбранный офис в рабочее время.
При себе необходимо иметь документы, подтверждающие право на изменение условий договора.

Ошибка при обработке запроса

Пожалуйста, попробуйте отправить форму еще раз позже. При возникновении вопросов просим звонить на бесплатный короткий номер 2233 (для всех мобильных РК)
 

Вам отправлено SMS с кодом

Введите код подтверждения

Повторить отправку через 30 сек
Повторить отправку

Вы подтверждаете оформление полиса?

Проверьте, все ли данные добавлены для расчета стоимости, если нет, вернитесь назад.

Расчет производится по этим данным:

Водители
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Оплачивайте полис вместе
с коммунальными услугами

Партнерская программа страхования имущества стоимостью 200 тг и 400 тг

ivc Перейти в ИВЦ