АЛДЫН-АЛА САҚТАНҒАН БОЛСАҢЫЗ

АЛДЫН-АЛА САҚТАНҒАН БОЛСАҢЫЗ

Соңғы жылдары әлемде су тасқыны, құрғақшылық және дауыл сияқты төтенше ауа-райы құбылыстарының қарқындылығы мен жиілігі едәуір артып келеді. Сарапшылар климаттың өзгеруіне байланысты олардың көбейе түсетінін айтады.

Қарағанды ​​облысында болған оқиғаларға байланысты әлеуметтік желі қолданушыларынан Instagram және Facebook-тегі мессенджерлер арқылы көптеген сұрақтар түсті. Олардың басымы, өкінішке орай, жазатайым оқиғалардан сақтандырылмаған және жылжымайтын мүлікті табиғи апат қаупінен қорғамаған тұлғалар екені анықталды.

Қарағанды облысының ТЖД мәліметінше, табиғи апат 16 ғимаратқа зиян келтірген. Оның ішінде орта мектепке тиесілі 4 ғимарат, ІІМ Академиясы, полиция Департаментінің госпиталі, бесқабатты тұрғын үй бар. Сонымен қатар шатырдың бұзылуының бір жағдайы тіркелген. Қатты жел салдарынан ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр сымдарының зақымдануы сияқты көптеген жағдайлар да болған.

1-сұрақ 

 «12 шілдеде Қарағандыда болған табиғи апат адамдарға көп зиян келтірді, мұндай жағдайда сіз сақтандырылған адамға төлем жасайсыз ба? (мысалы, оның жеке үйінің шатыры толығымен құлап кетті) немесе мұндай табиғи апаттар ескерілмей ме?» 

Жауап: Табиғи апат - нәтижесінде қоршаған ортаның материалдық құндылықтары мен компоненттерінің жойылуы мүмкін табиғи құбылыстың салдарынан болған бақыланбайтын процесс. Бұл жағдайда табиғи апаттар салдарынан сақтандырылған мүліктің бүлінуі немесе жоғалуы (жойылуы) сақтандыру оқиғасы деп танылады. Атап айтқанда, келесі тәуекелдер сақтандыру оқиғасының туындауына себеп: дауыл, бұршақ, су тасқыны, сел ағынының түсуі, көшкін, тау жыныстарының құлауы, тасқын, жер асты суларының шығуы.

Қазақстандық сақтандыру нарығының өзіндік нормалары бар. Осы ережеге сәйкес табиғи зілзаланың салдарынан сақтандыру жағдайы туындаған кезде, келтірілген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қарағандыда орын алған жайтты бағалау үшін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым қабылдаған Бофорт шкаласы қолданылады. Ол желдің құрлықтағы заттарға әсер етуі немесе ашық теңіздегі толқындардың пайда болуына ықпалын бағалау үшін қолданылады. "Номад Иншуранс" СК мамандары келісім-шартта көресітлген шкалаға сәйкес келген апатты жағдайда туындаған тәуекелдерге қатысты залалдардың өтелетінін түсіндірді. Мысалы, Қарағандыда Бофорт шкаласы бойынша 8 балға сәйкес келетін 21 м/с жел салдарына келтірілген залалды толығымен өтеуге негіз бар екенін айтады. Әлбетте, егер адамдар алдын-ала сақтандырылған болса, бұл мүмкін болуыш еді.

ураган2.jpg

2-сұрақ

«Дауылдың салдарынан менің көлігіме ағаш құлап түсті. Егер менде міндетті автокөлік сақтандыруы болса, келтірілген зардаптың өтемін талап ете алымын ба?» 

Жауап: Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру полисі (АҚЖМС) – тек жол-көлік оқиғасына түскен кезде жүргізушінің үшінші тұлғаға келтірген залалын өтейді. Демек, кінәлі тарап үшін зардар шегушіге келтірілген залалды Сақтандырушы төлейді. Бөгде заттың құлауы сынды өзге де тәуекелдер мен кінәлі бола тұра көлікке келтірілген зардаптың өтемақын алу үшін КАСКО ерікті полисін сатып алған жөн. Қазіргі уақытта нарықта осы өнімнің бірнеше түрі бар. Автокасконы сатып алғанда, сақтандыру агентіне барлық тілектеріңізді жеткізген абзал.

Меншігіңізді қандай тәуекелдерден қорғағыңыз келеді?

Қандай мерзімге?

Франшиза қажет пе?

КАСКО көмегімен сіз өзіңіздің кінәңізден болған ЖКО кезінде туындаған шығындардан тиімді қорғана аласыз. Табиғи апаттар кезінде дауыл, бұршақ, су тасқыны мен жер сілкінісі, көшкін, сел тасқыны мен найзағайдың салдарынан келтірілген залал өтеледі. Мүліктік шығындар тәуекелі (ұрлық, тонау) мен өрт, жарылыс және үшінші тұлғалардың қарсылығы сияқты тәуекелдер де қамтылады. Әлбетте, егер сіз алдын-ала сақтандырылған болсаңыз, бұл мүмкін болуыш еді.

ураган4.jpg

3-сұрақ

"Сақтандырудың қай түрі мені және денсаулығымды қорғауға мүмкіндік береді?»

Жауап: Өкінішке орай, сақтандыру Сақтанушыға физикалық қорғауды қамтамасыз ете алмайды. Себебі бұл бар болғаны адамның тәуекелдерін қорғайтын қызмет. Сақтандыру полисі - бұл отбасылық бюджетті әртүрлі жазатайым оқиғалардың салдарынан болатын күтпеген шығындардан қорғайтын құжат. Өзіңізді қорғау үшін Сіз ЖО (жазатайым оқиғалардан) сақтандыруды пайдалана аласыз. Мұндай полистің қолжетімсіз екені туралы стереотип қалыптасқан. Шын мәнінде, жазатайым оқиғалардан сақтандыру құны 500 теңгеден басталады. Бұл баға сақтандыру сомасына және сіз өзіңізді қорғағыңыз келетін тәуекелдерге байланысты өзгеруі мүмкін. Осы полистің арқасында жазатайым оқиғадан зардап шеккен адам сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру өтемақына толыққанды емделуіне мүмкіндік алады. Әрине, егер алдын-ала сақтанған болса …

Құрметті оқырман, «Номад Иншуранс» СК Сізді тәуекелдеріңізді дұрыс бағалап,  күтпеген шығындардан алдын-ала қорғануға шақырады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту