Билік пен сақтандыру сегментінің серіктестігі – халықтың қорғанысы мен қаржылық тұрақтылығының құпиясы
Қазақстанда жыл сайын орташа есеппен 17 мың төтенше жағдай орын алады. Құтқарушылардың айтуынша, негізгі бөлігін тұрғын үйлер құрайтын аймақтарда өрт жиілігі басым. Бұл аудандар азаматтық қорғаныс органдарымен қадағаланбайтын объектілер қатарына кіреді. Өрт қаупіне қарамастан, баспанасын сақтандыратын адамдар саны өте аз.
Бұл жайлы Ақтөбе қаласында өткен "Халық пен бизнес қауіпсіздігі" атты бірінші Республикалық форумда сөз қозғалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шараның өтуі еліміздегі табиғи апаттар мен басқа да зілзалалардың санының артуымен байланысты.
Ақтөбелік форум бизнес пен үкіметтің қауіпсіздік саласындағы серіктестігінің қажеттілігін дәлелдеді. Шараға қазақстандық және ресейлік 14 компания қатысты. 400-ден аса мейман азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік органдарының қызметімен танысты. Сақтандыру сегментінің өкілдері халықтың қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер жайлы баяндады.
«Номад Иншуранс» СК Ақтөбе қаласындағы филиал директорының орынбасары Гүлжан Жақсымбаева тұрғын үй мен автокөлікті өрттен сақтандыруға қатысты өз тәжірибесімен, осы мәселеде үкімет пен бизнес арасындағы серіктестіктің болашағы мен даму барысына қатысты пікірімен бөлісті.
Айта кетейік, «Номад Иншуранс» сарапшылары осы саладағы зертеулерін әлдеқашан бастап, екіжақты серіктестікке қатысты билік өкілдерінің пікірлерін білген еді.
Тұрғын үйді табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан міндетті сақтандыру жайлы заң концепциясы ҚР Ұлттық экономика Министрлігімен дайындалып, 2014 жылғы Үкімет құрамы кезінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комитетпен мақұлданған. Бірақ заңнаманы іске асыру туралы кейінгі әрекеттер жалғасын таппаған. Бұл ақпаратты ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев өз блогында мәлім етті. Дегенмен, бұл мәселе бүгін де өзекті екенін ақтөбелік форум аңғартты.
ҚР Ұлттық экономика министрі елімізде міндетті сақтандыру механизмін енгізсек, мемлекеттің зардап шегушілерге төлейтін өтемақы көмек пен қолдау емес, міндеттеме ретінде қабылданатын болады деп есептейді. Руслан Даленовтың пікірінше, сақтандыру ұйымдарының қаржылай жағдайы да сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін жеткіліксіз. Демек, республикалық бюджеттен қосымша қолдау керек болады деп есептейді.
«НОМАД Иншуранс» СК Басқарма Төрағасы, Дәурен Иманжанов:
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, еліміздегі төтенше жағдайлар салдарынан болған материалдық шығын көлемі жыл сайын 4,5-нан 5 млрд. теңге аралығында өзгереді. Бұл шарықтау мерзімдерін есептемегендегі жағдай. 2012 мен 2018 жылдар аралығында максималды шығын мөлшері 2013 жылы орын алған және шамамен 10 млрд. теңгені құраған. Бұл мөлшердегі шығынды ҚР сақтандыру компаниялары биліктің көмегінсіз, өздері өтей алады. Әрине, ауқымды төтенше жағдайда ҚР сақтандыру компанияларының капитал көлемі жеткіліксіз болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайларға шетелдік облигаторлық апаттық қауіптер бойынша қайта сақтандыру шаралары барын ескеру керек.
Дәурен Иманжановтың айтуынша, «НОМАД Иншуранс» СК жыл басынан бері мүлікті ерікті сақтандыру бойынша 9 288 шарт жасасқан. Сыйлықақы 963 млн теңгені құраса, сақтандыру сомасы 703 млрд теңгеден асады. Демек, бұл сома ресми құжаттарда белгіленген шығын мөлшерінен әлдеқайда көп.
Республикалық форум шеңберінде тұрғын үйді міндетті сақтандырудың артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланды. Сарапшылардың пікірінше, ұтымды тұстары деп сақтандыру жағдайы орын алса, шығын өтемақысын төлеу кепілдігін және төлемдерді қысқа мерзім ішінде жасауды, жекеменшік иесінің ұзақ уақыт тұрғын үйсіз қалу қаупінен арылуын тілге тиек етті.
Алайда, халықтың әл-ауқаты тұрғын үйді міндетті сақтандыруды жедел енгізуге жеткіліксіз екені - бүгіннің шындығы. Бұл орайда, сақтандырудың осы түрін міндеттеген мемлекеттердің қолданған бағдарламаларынан назар қойып, тәжірибе алмасудың мәні артады.
Батыста тұрғын үйді сақтандыру өрт немесе басқа да Төтенше жағдайлардың шығынын өтеудің ең тиімді тәсілі екені үйреншікті жағдай. Еуропаның кейбір мемлекеттері тіпті жылжымайтын мүлікті сақтандыруды міндеттеген. Заң да бар. Нәтижесінде, елдегі мүлкі сақтандырылғандар санын 80 %-ға дейін жеткізген. Ресей де сақтандырылған тұрғын үй үлесін 2020-ға жылға қарай қазіргі 7,3 % -дан 20 %-ға дейін көбейтуді көздеп отыр. РФ Қаржы министрлігі азаматтарды тұрғын үйлерін сақтандыруға ынталандыратын тетіктер енгізуді мақсат қойған. Мәселен, төтенше жағдайлардан сақтандыру туралы жаңа Заңды енгізу мақсатында мүлік салығына және үйді күрделі жөндеулер жарнасына жеңілдіктер беру ұсынылды.
Биыл қаңтар айында Магнитогорскте орын алған газ жарылысы да Ресей билігінің тұрғын үйді сақтандыру туралы жаңа Заңды әзірлеуіне негіз болды. Аталған заңға сәйкес, мүліктің иесі сақтандыруды сақтандырушыға ай сайынғы жарналарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының төлем квитанциясымен төлеу арқылы пайдалана алады деп жоспарланған.
Ресми Мәскеудің сақтандыру нарығын сенімді серіктес ретінде қарастыруы орынды болар. Мысалыға жыл сайын су тасқынынан зардап шегетін Иркутск облысын қарастырайық. Жаңа заң бойынша сақтандырушылар аймақтық билікпен біріге отырып, 3 млрд. руб.-ге дейінгі шығынды өтер еді. Бұл жағдайда бюджеттен бөлінген сома тек 1 млрд. руб. құрады.
Жалпы, тұрмыстық және өндірістік өрт басқа жағдайлардан жиірек орын алады екен. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жалпы санының 96 % - 97 % құрайды. Сондай-ақ, тіркелген өрт санының 65%-67% — тұрғын үй секторындағы өрт екені белгілі.
Бүгін Қазақстанның құрылыс нарығында тұрғын үйді сатып алу кезінде кілтпен қоса жылдық сақтандыру полисі сыйға беріледі. Әрине, бұл үрдіс барлық құрылыс компанияларына қатысты емес. Десек те, қуантарлық жағдай. Бұл бизнес құрылымдарының азаматтарымыздың қаржылай тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселені тиімді шешуінің жолы. Дегенмен, бұл жеткіліксіз екені түсінікт. Бұл уәкілетті органмен басқарылатын толық масштабты жұмыс болуы қажет. Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкін міндетті сақтандырудың сынамалы моделінің негізгі идеясы да осы.
Ақтөбеде өткен форум билік пен сақтандыру сегментінің серіктестігі – халықтың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін аңғартты. Бұл - мемлекеттің дамыған және қуатты экономика құру жолындағы алғышарты екенін ұмытпаған абзал.