22.12.2023

Еуропротокол бойынша ЖКО-ны рәсімдеудің үш артықшылығы

1 қаңтарда Қазақстанда жол полициясы мен апаттық комиссардың қатысуынсыз міндетті автосақтандыру бойынша төлемдерді алуға мүмкіндік беретін ЖКО рәсімдеудің жеңілдетілген схемасы - Еуропротокол жұмыс істей бастайды.

 Европротокол.jpg

ПОЛИЦИЯСЫЗ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫН ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУ КЕРЕК?

Барлығы өте қарапайым. Оның қатысушылары сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры әзірлеген арнайы мобильді қосымшада жол апатын рәсімдей алады. Алдымен онда тіркелу керек, содан кейін ЖКО қатысушылары сауалнаманы толтырады, автомобильдердің бүлінген бөліктерін, құжаттарын суретке түсіріп, декларацияға қол қояды. Декларацияға қол қойылғаннан кейін Бірыңғай сақтандыру дерекқорында сақтандыру жағдайының бірегей нөмірі беріледі және ЖКО қатысушылары оқиға болған жерден кете алады. Сақтандырушылар Еуропротоколды рәсімдеу үшін өздерінің мобильдік қосымшаларын және басқа да интерфейстерін жасауға құқылы. Біздің компанияның клиенттері мұны nomad.kz қосымшасында жасай алады.

ЕУРОПРОТОКОЛДЫ КЕЗ КЕЛГЕН ЖКО КЕЗІНДЕ РӘСІМДЕУГЕ БОЛА МА?

Сақтандыру жағдайын рәсімдеу мынадай жағдайларда көзделген:

- ЖКО - на тек екі автомобиль қатысады;

- жол апатында жүргізушілер немесе жолаушылар емес, тек көлік зардап шекті;

- екі жүргізуші де жол-көлік оқиғасында олардың қайсысы кінәлі, қайсысы жәбірленуші болып табылатынын келіседі;

- екі жүргізушінің де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар;

- залал сомасы 100 АЕК-тен аспауы тиіс, 2024 жылы бұл сома 369 200 теңгені құрайды.  

ЖОЛДАРДА КЕПТЕЛІСТЕР АЗ БОЛАДЫ

100 АЕК-тен аспайтын жол-көлік оқиғаларындағы залал, әдетте, өте ұсақ болып табылады. Мұндай апаттардың көбі көшелерде болады. Жол полицейлері барлығына жетіспейді және қызметкерлерді көп жағдайда сағаттап күтуге тура келеді, нәтижесінде жол бөлігінде кептелістер пайда болады.

Біз айтып өткендей, Еуропротокол бойынша апатты жол полициясынсыз рәсімдеуге болады, ал өтінімді беру тәртібі өзі түсінікті және қарапайым, демек бұл уақытты үнемдеуге және кептелісті азайтуға ықпал етеді.    

ЖКО АЙЫПКЕРІ АЙЫППҰЛДАН ҚҰТЫЛАДЫ

ЖКО орнында жол полициясы қызметкерлерінің қатысуынсыз Еуропротокол бойынша апатты рәсімдеу кезінде кінәлі жүргізушіге әкімшілік жазадан құтылуға мүмкіндік береді. Қазір жол-көлік оқиғасын рәсімдеу кезінде полицейлер кінәліге айыппұл салуда.

ЗАРДАП ШЕККЕН АДАМ ТӨЛЕМДІ ТЕЗІРЕК АЛАДЫ

Бұдан әрі әрекет кінәлі тараптың сақтандыру ұйымы тарапынан қабылданатын болады. ЖКО қатысушылары декларацияға қосымшада қол қойғаннан кейін кінәлі тараптың сақтандыру компаниясы залалды бағалауды жүргізеді және қысқа мерзімде жәбірленушіге төлем жүргізіледі.

 

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту