20.07.2021

Қымбатқа соқпайды: ипотека бойынша шығындарды қалай азайтуға болады

Қымбатқа соқпайды: ипотека бойынша шығындарды қалай азайтуға болады

2021 жылдың басында зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы заңнаманың түзетулері күшіне енді. Көптеген қазақстандықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, өзіне үй сатып ала алды. Ал кейбіреулері жеке жинақтарын қосып, қолма-қол пәтер сатып алды, ал тағы басқалары ипотека алуға шешім қабылдады. Ипотека өте қымбат қызмет, сондықтан бұл процедураның рәсіміне мұқият қарау керек. Өйткені онда көптеген шарттар бар және олармен санасуға тура келеді. Ипотекалық келісім-шартты жасасу кезінде қандай тармақтарға назар аудару керектігін.

Бағасы

Пайыздық төлемнің түріне назар аударыңыз. Ол бекітілген не өзгермелі болады. Сонда сіз оның нақты құны келісімшарттың толық мерзімінде қандай болатынын біле аласыз.

Сонымен қатар, банктің келісім құжатында көрсетілген мөлшерлемені көтеруге қатысты біржақты құқықтарын тексеру қажет. Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына сәйкес оның бұған құқығы жоқ. Алайда, егер қарыз алушы ипотека төлемінің мерзімін өткізіп алса, банк айыппұл салуы немесе, тіпті, келісімшартты бұзуы мүмкін. 

Қосымша шығын

Ипотекалық несие алуға өтініш берген кезде сатып алынған тұрғын үймен қатар, үй бағалаушының, нотариустың қызметтерін, сатып алу-сату шартын және кепіл шартын тіркеу, банктік комиссиялар мен сақтандыру төлемдерін және т.б. қосымша төлем төлеуге тура келетінін ескерген жөн.

Осы барлық қызметтерді ұсынатындарды таңдау арқылы сіз көп шығынға батпайсыз. Мысалы, банк әдетте белгілі бір сақтандыру компаниясымен мүлікті сақтандыруды ұйымдастыруды ұсынады және мұндай жағдайларда тариф көбінесе асыра көрсетілген. Егер «Номад Иншуранс» сияқты нарықтық компанияға жүгінсе, икемді пайыздық мөлшерлемелердің арқасында лайықты соманы үнемдеуге мүмкіндік бар. 

Мерзім 

Келісімге отырмас бұрын, жуырда жоспарда болмаса да, міндетті түрде мерзімінен бұрын өтеу шарттарын қарастырған абзал. Нақты бір сомаға шектеулер болса, ерте төлемдерді қаншалықты жиі жасай алатыныңызды білген дұрыс. Қарыз алушы үшін төлем мерзімін емес, несие мерзімін қысқарту тиімді. Алайда, кейбір банктерде мұндай опциялар қамтылмаған, сондықтан төлем мөлшерін азайтуды талап етеді. Мысалы, сіз 20 жылдық несиеге разы боларсыз делік, бірақ есептегенде 20 жылдық ипотека мерзімінің төлем мөлшері 15 жылдық мерзімдегі төлемінен аса айырмашылығы жоқ. Ал бірінші нұсқадағы қайта төлеу құны ондаған мың теңгеге жоғары.

Сондықтан мерзімнің, төлемнің және артық төлемнің оңтайлы үйлесімін табу үшін, барлық есептерді дұрыс жүргізгеніңізге көзіңіз жеткен абзал.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту