05.08.2020

КОЛЛ-ЦЕНТР - КОМПАНИЯНЫҢ КҮРЕ ТАМЫРЫ

Сізге қажетті call-center нөмірлері есіңізде ме?

Бұл - біріншіден, қандай да бір салада мәселенің туындау жиілігіне байланысты болса. Екіншіден - нөмірдің жеңілдігіне де байланысты. Сіз қай нөмірге жиірек хабарласасыз?

2233..112..09..?

Әлемдегі ең алғашқы байланыс орталығы 1965 жылы The Birmingham Press and Mail телефон компаниясымен іске қосылған. Кеңес Одағында мұндай орталықтар 70-ші жылдары пайда болды және анықтамалық қызметтер ұсынды. КСРО дәуірін көргендерге «09» нөмірі жақсы таныс. Дәл осы нөмір арқылы кез-келген азамат өзіне қажетті ақпаратты ала алатын.

1983 жылы "call-center" сөзі Оксфорд сөздігіне енгізіліп, ресми түрде қолданысқа енгізілді. Бұл қызмет түрі уақыт ықпалымен өзегріп, 2000 жылдары алғашқы аутсорсингтік байланыс орталықтары да пайда болды. Осы ретте Үндістан – осы қызметті өзеглерден әлдеқайда арзан әрі қолайлы етіп ұсына алды. Себебі мемлекетте адам күшін бағалау саясаты еуропа мен Батыстағыдан өзгеше, өте арзан.

2008 жылы әлемге танымал болған «Миллионера из трущоб» фильмінде басты кейіпкер байланыс орталығында жұмыс жасап отырып, қоңырау шалған клиентпен сөйлесу барысында өзін Лондондық азамат ретінде таныстырып, тұманды Альбион астанасында отырғанын дәлелдеумен әлек болғаны естеріңізде болар. Бұл да себепсіз емес.

2003 жылы BBC жүргізген зерттеулер нәтижесіне сәйкес, Ұлыбританиядағы call – центр жұмысшыларына жылына төленетін жалақы 22 мың АҚШ долларынан асса, Үндістанда бар болғаны 2,1 мың долларды құраған. Осылайша, арзан қызмет – байланыс орталықтарының алыстағы елде орналасуына себеп болды.

Аутсорсингтік байланыс орталықтары Қазақстанда да өркендеуде. Бірақ өз қызметтерінің сапасына мән беретін және өз клиенттерінің қалауын сезінгісі келетін компаниялар операторлардың жұмысын өз компаниясының негізінде құрады. «Номад Иншуранс» СК да осылай жасады.

WhatsApp Image 2020-09-02 at 11.32.38.jpeg

Дәурен Иманжанов - "Номад Иншуранс" СК Басқармасының Төрағасы: Менің ойымша, сақтандыру компаниясы немесе банк сияқты кез келген ірі қаржы ұйымында клиенттер қоңырау шалып, кеңес ала алатын өзінің байланыс орталығы болуы тиіс. Біз де осы мақсатпен өз орталығымызды құрдық және ол біздің клиенттерімізге пайда әкелетініне сенімдімін. Күн мен түннің кез келген уақытында сіз 2233 нөміріне қоңырау шалып, сақтандыруға байланысты керекті ақпар мен кеңес ала аласыз.

Компьютерлік технологияның дамуымен байланыс орталықтарының жұмысы телефон қызметі мен сату негізінде жұмыс істейтін жаңа бизнес модельдерінің пайда болуына себеп болды. Бүгінгі таңда бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсете алатын байланыс орталықтары бар. Мысалы, сақтандыру компаниясының колл-центрі жан-жақты қолдау мен көмек көрсете алатын орталық.

Сақтандыру қызметін ұсынушы байланыс орталығының жұмысы интернет-дүкендер мен басқа да көмек көрсететін қызметтерінің байланыс орталықтарынан айтарлықтай ерекшеленеді. "Сақтандыру" операторлары сақтандыру жағдайы басталған кезде клиенттерге қызмет көрсете отырып, жол-көлік оқиғасы болған жерге апаттық комиссарды жібере отырып, "жедел жәрдем" операторларының жұмысын орындайды. Осылайша, олар сіздің көлігіңізге алғашқы жедел жәрдем көрсетеді. Сонымен қатар, бұл кезде алам қатты стреске ұшырайды. Демек, әр оператор жол-көлік оқиғасына түскен азаматқа психологиялық көмек те көрсете алуы шарт.

Бүгін өзіңізді және жақындарыңызды барлық қауіп-қатерден сақтандыру үшін қажетті нөмірге қоңырау шалу жеткілікті. Бұл "Номад Иншуранс"СК клиенттері пайдалана алатын тағы бір қызмет түрі.

 

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту