«НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясына «ВВ-» деңгейіндегі рейтингтер беріліп, «Тұрақты» деген болжам жасалды.

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясын «ВВ-» деңгейіндегі қаржылық тұрақтылық пен ұзақ мерзімді эмитентті кредиттік рейтингілеріне сәйкес деп бағалады.

Қаржылық мекемелерге халықаралық деңгейде баға беруші «алпауыт үштіктің» сарапшыларының айтуынша, «Номад Иншуранс» компаниясы тәжірибелі басшылар тобының жемісті жұмысы нәтижесінде осындай жетістікке жетіп отыр. Дағдарыстармен сыналған, уақытпен шыңдалған тәуекелдерді басқару тәжірибесі мен өзінің қаржылық міндеттерін атқаруға қажетті жеткілікті өтімділік көлеміне ие болуы да осыдан,-дейді S&P Global Ratings агенттігінің Мәскеудегі басқармасының директоры Виктор Никольский.

«НОМАД Иншуранс» СК» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Иманжановтың айтуынша, S&P Global Ratings агенттігінің сарапшылары өзінің сақтандыру саласындағы біліктілігімен таң қалдырды. Олардың Қазақстан сақтандыру нарығының ерекшелігін етене түсінуі мен кәсіби терең білімділігі компанияның шынайы рейтингісін анықтауға негіз болды. Осындай дәрежеге ие болып, компанияның осындай деңгейге жетуінің себепшілері - клиенттер мен серіктестер деп білемін. Бұл олардың дұрыс таңдауының дәлелі, - дейді Дәурен Иманжанов.

Оптимизм.jpg

S&P Global Ratings болжамына сүйенсек, «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясы келесі жылы салыстырмалы ұйымдарға қарағанда жоғарырақ операциялық көрсеткіштерді ұстай отырып, нарықтағы тұрақты позициясын сақтайды. Бұл серіктестер мен компания қызметіне жүгінуші барша сақтанушылар үшін жоғары деңгейдегі көрсеткіш.

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі ұсынатын мәлімет тек ұйымдардың ғана емес, тіпті мемлекеттердің де қаржылық тұрақтылығын бағалаудағы маңызды өлшем болып табылады. Бұл шетелдік инвесторлардың сенімін иеленуге негіз болатын бағалау жүйесі.

«НОМАД Иншуранс» СК» АҚ 2004 жылы құрылып, осы уақытқа дейін 6 міндетті және 17 ерікті сақтандыру кластары бойынша сақтандыру, сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін іске асырып келеді. ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылдың 1 желтоқсанда жариялаған мәліметтері бойынша, компания ҚР жалпы сақтандыру нарығында алғашқы үштік қатарында. Компания акционері – «НОМАД» Сақтандыру тобы» ЖШС.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту