ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТТІ ҚОРҒАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Сақтандыру - отбасылық бюджетті қорғаудың тиімді әдістерінің бірі. Осы ерекшеліктерді түсінетіндер саны сақтандыру жағдайына түсушілер санымен бірге артып келеді.

Статистикаға көз жүгіртсек, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша, өткен жылы жалпы сақтандыру түрлері бойынша жиналған сыйақы мөлшері 2018 жылға қарағанда 18% пайызға артқан. Демек, сақтанушылардың қызығушылығы артып келеді деуге негіз бар.

Десе де, қазақстандықтар сақтандырудың ерікті түрлеріне жүгінуге құлықты емес. Дамыған елдерде бұл қызмет түрі қаржылық қауіпсіздік кепілі ретінде қабылданады. Сұранысқа ие сақтандыру полисі біздегі КАСКО-ға өте ұқсас.

Отандық нарықта КАСКО полисінің құны сақтандыру компанияларыныдағы андеррайтингтер қойған баға шегінде белгіленеді.

Сақтандыру құнына әсер ететін факторлар

Depositphotos_62900575_xl-2015.jpg

Жүргізушінің жасы мен тәжірибесі. Көлік жүргізушісінің тәжірибесі көп, жол-көлік оқиғаларына түсу жиілігі аз болуы полис бағасына тиімді ықпал етеді. Мысалы, 20 жылдан астам тәжірибесі бар жүргізушіні көлікті 2 жылдан кем уақыт айдағанмен салыстыруға келмейді. Демек, КАСКО құнын есептеуде екі жүргізушінің коэфиценті де әртүрлі болмақ.

Тәжірибенің көмегі немесе кесірі. Жол-көлік оқиғаларына ұшырамағандар полис үшін аз төлейді. Егер сақтандыру мерзімі ішінде сіз апатқа ұшырамасаңыз, сіздің полисіңіз бойынша төлемдер де жүргізілмейді. Бұл- жүргізуші класын жоғарылатуға негіз.

Сақтандыру төлемін жүзеге асыру. Франшиза жоғары болған сайын, полис құна соғұрлым төмен болады. Франшиза - сақтандыру жағдайына ұшыраған кезде, шығынның өтелмейтін белгілі бір бөлігі. Ерікті сақтандыру полисін рәсімдегенде менеджерден франшизаны қосу немесе алып тастау мүмкіндігі туралы сұраңыз.

Полис мерзімі. КАСКО сақтандыруына жүгінгенде клиентке әдетте полистің әрекет ету мерзімін таңдау құқығы беріледі. Отандық нарықта оны бір айлық уақыттан бастап рәсімдеуге болады. Алайда, жылдық КАСКО-ны сатып алу барысында ақшаны үнемдейтініңізді ескеріңіз.

Depositphotos_149149078_xl-2015.jpg

Қазақстан сақтандыру нарығында КАСКО-ның көптеген түрлері ұсынылған. "Номад Иншуранс" СК" клиенттердің өз қолымен жасақталатын полисін нарыққа шығарды.

Есесіне, көлігіңізді бірнеше қауіп-қатерден сақтандыруға болады (табиғи апаттар немесе өрттің алдын алу, тек авариялар мен ұрлықтарды сақтандыру). Сонымен қатар сізге қажет емес тәуекелдерді шегеру қарастырылған. Осы арқылы өзіңіз үшін тиміді бағаны да қалыптастыра аласыз.

КАСКО-Трансформер әр клиентке ерекше мөлшерлеме ұсынады. Себебі, көлік құралының маркасы мен шығарылған жылы, ұрлыққа қарсы дабылдың бар болуы, көлік жүргізушісінің қабілеті де есепке алынады.

Ұсынылған тәуекелдер.

· Көлікке қатысты түрлі апаттар: өзге затпен соқтығысу (соққы, көліктің құлауы, сондай-ақ оның үстіне бөгде заттың құлауы), мұз жарылуы, жердің көшуі салдарынан көліктің құлауы;

· Өрт, жарылыс - көлік құралына сырттан әсер ету салдарынан болған жағдай;

· Табиғи апаттар, найзағай - дауылдан туындаған залал (Бофорт шкаласы бойынша 8 балға сәйкес келетін жел күшімен ауа-райының салдарынан ауа массаларының қозғалуы(желдің жылдамдығы 60 км/сағ көп), дауыл, бұршақ, су тасқыны, жер сілкінісі, жер сілкінісі, сел ағын, найзағай соққысы;

· Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері (соның ішінде сақтандырылған көлік құралының жекелеген бөліктері мен бөлшектерін ұрлау) - уәкілетті органдар анықтаған үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқық бұзушылықтар ж/н қылмыстар негізінде жасаған әрекеттері;

·Көлікті ұрлау, айдап әкету - сақтанушыға (пайда алушы) көлік құралын ұрлау және заңсыз иемдену салдарынан келетін шығындар қаупі.

Мысал келтірсек. 2010 жылғы құны шамамен 3 млн тенге болатын Toyota Yaris көлігі үшін толыққанды КАСКО полисін 74 000 теңгеге алуға болады.

Ал, 5 млн теңге тұратын 2014 жылғы Hyundai Elantra үшін КАСКО құны- 110 000 тг.

Отандық нарықта сақтандырудың қолжетімді түрін ұсынушылар да жоқ емес. «Номад Иншуранс» Компаниясының КАСКО-ДТП өнімі арзан әрі тиімді деуге толық негіз бар. Құны 3 теңгеден 32 мың теңгеге дейін тұратын полис 70 000 нан 500 000 теңгеге дейінгі шығынды өтеуге мүмкіндік береді.

Аталмыш полис жол-көлік оқиғасы салдарынан көлікке келтірілген зақым мен көліктің толығымен қирауы сынды тәуекелдерге жауап береді. Бұл ретте, сақтандыру жағдайы сақтанушының қателігінен болғаны өтемақына алуға кедергі емес. Сақтандыру төлемі өтем лимиті шеңберіндегі көлікке келтірілген шынайы шығынға тең болады.

ҚР Ұлттық Банкі мәліметіне сүйенсек, көлікті ерікті сақтандыру бойынша жиналған сыйақы 2019 жылы 2018 – ге қарағанда 12% ға көп. Сарапшылардың пайымдауынша, көрсеткіштің артуына автониесиенің әсері зор болды. Банк секторы осылайша өзінің тәуекелдерін қорғауда.

Жекелеген сақтанушылардың арасында ерікті көлік сақтандыру қызметіне жүгінушілер саны әлі де аз. Басты себеп – қаржы сауатсыздығы мен қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдеріне қатысты ақпараттың аздығы.

 

 

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту