Цифрлық және физикалық кеңістіктің тоғысқан жері. Қазақстанда сақтандыру қалай дамып келеді?

Сақтандыру консервативті сала болып саналады және көптеген факторлар оған дәлел. Алайда, оған қарамастан, Қазақстанның сақтандыру нарығында цифрландыру белсенді түрде дамып, трендке айналып келе жатқандығы сөзсіз. Бұл салада digital арналары қалай дамып келе жатқандығы жайлы осы материалда айтатын боламыз.

Елімізде онлайн-сақтандыруды дамыту жолында ізашарлардың бірі – Номад Иншуранс деп айтуға толықтай болады. Бүгінгі күнге дейін Компания: сайт, сақтандыру агенттеріне арналған мобильді қосымша, сонымен қатар сақтандыруды рәсімдеу, ұзарту немесе төлемдерді алу қызметтерін сәтті түрде іске асырып келеді.

Бүгінгі таңда сақтандыру ұйымының сайтында жеке және заңды тұлғаларға арналған өнімдерді сатып алуға болады – міндетті автосақтандырудан бастап, жеке нотариустарды сақтандыруға дейін. Жалпы, «Номад Иншуранс» клиенттер үшін 12 өнімдерді цифрландырған болатын.

Сонымен қатар, Компания жеке сайттың негізінде полистерді тез ресімдеуге, қайта ресімдеуге және ұзартуға, сондай-ақ төлемдерді алуға және барлық кезеңдерді онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік беретін Жеке кеңсе қызметін енгізді. Мұндай цифрлық тәсілдің негізгі артықшылығы - клиенттің үйден шықпай-ақ, сақтандыру қызметтерін жылдам, әрі ыңғайлы түрде алу.

«Номад Иншуранс» Басқарма төрағасы Дәрен Иманжановтың айтуынша: «Онлайн-қызметтер біздің күнделікті өмірімізге белсенді түрде енгізіліп, оларды пайдалану әдеті де қалыптасып келеді. Бұның өзі - жаңа дәуір, жаңа шындық, жаңа өмір. Бұл ретте цифрлық сервистер B2C негізгі арнасына айналды деп айтуға болмайды, себебі қазіргі күннің өзінде стандартты емес мәселелерді шешу үшін адамдар ұйымның бөлімшелеріне жүгінеді. Біздің компанияның негізгі бағыты клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделуге бағытталғандықтан, қазір біз физикалық және цифрлық кеңістікте дамып келе жатырмыз».

Ол клиенттің сақтандыру қажеттіліктері rocket science емес екенін атап өтті. Сондықтан, digital-ортада компания өз қызметтерін интуитивті және қолдануға ыңғайлы түрде жүзеге асырады.

Сонымен, Жеке кеңседе тіркелу үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, сәйкестендіруден өту жеткілікті.


Болашақта сақтандыру қызметтерін алу барысында деректердің көпшілігі автоматты түрде көрсетіледі, бұл полистерді ресімдеу, қайта ресімдеу және ұзарту процесін одан әрі жеделдетеді.




https://www.youtube.com/watch?v=grQYgLxqsKo&list=PL0zZ-A1UqNa58D6UmvGUKpp4QsE1-9GsI&index=2 

Аталмыш қосымшада клиенттер сақтандыру оқиғасы туралы өтініш бере алады, бағалау нәтижелерімен танысады және онымен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алады. Онлайн-сақтандыру - уақытты екі есе үнемдейді, өйткені сақтандыру ұйымының кеңсесіне келудің қажеті жоқ, ең бастысы, қажетті жүйелерге автоматты түрде жүктеудің арқасында сақтандыру оқиғасы бойынша шешім қабылдау процесі жеделдетіледі. Жеке кеңсе арқылы шығындарды реттеу біздің клиенттеріміздің ыңғайлылығына бағытталған, сонымен қатар уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.


«Сақтандыру клиент үшін шынымен пайдалы болып, оны қазіргі уақытта өзекті тәуекелдер бойынша қорғаумен қамтамасыз етіп, қолжетімді және сатып алу процесі оңай болуы керек. Сондықтан біз цифрлық желіге одан да көп өнім қосып, көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен сапасын арттыруды жоспарлап отырмыз», - деп қорытындылады Иманжанов.


Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту