Физикалық тұлғалараға және Заңды тұлғаларға арналған Тапсырма шарты (Жария офертасы)

Уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу бойынша халыққа қызметтер көрсетуге агенттік шарт жасасу туралы ЖАРИЯ ОФЕРТА

Сақтандыру шарттарын жасау бойынша халыққа қызметтер көрсетуге агенттік шарт жасасу туралы жария оферта

1. Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) "Номад Иншуранс "СК" АҚ – ның (бұдан әрі-Компания) Офертада және тапсырма шартында (Офертаның қосымшасында) баяндалған шарттарда уәкілетті орган берген лицензияға, сақтандару қызметі туралы заңына сәйкес, сақтандыру шарттарын жасасу бойынша халыққа қызметтер көрсетуге барлық мүдделі тұлғаларға (бұдан әрі-мүдделі тұлға) тапсырма шартын жасасу туралы ұсынысы.       

 2. Оферта мерзімсіз болып табылады және Компанияның ресми сайтында орналастырылған күннен кейінгі келесі күнге дейін қолданылады: https://nomad.kz/ Офертаның күшін жою туралы хабарлама. Компания Офертаны себептерін түсіндірместен кез келген уақытта жоюға құқылы.

3. Офертаны акцептеуге (Офертаға кері қайтарып алуға) құқылы:

3.1. жеке тұлға;

1) кәмелетке толған;

2) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылмаған;

3) кемінде орта білімі бар;

4) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес оқудан өткен;

5) Еңбек шарты негізінде сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметкері болып табылмайтын тұлға;

6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ;

7) уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының резидентi емес банктің филиалы, Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерiнiң филиалы, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның бұрын басшы қызметкері лауазымын атқармаған жағдайларда тоқтатылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, лицензиядан айыру, мәжбүрлеп тарату не заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады;

8) бұрын сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерінің филиалының, сақтандыру агентінің - сақтандыру брокерінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерінің филиалының, қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан сәйкес келмеген жағдайда, сақтандыру агенті - заңды тұлғаның қызметкері болып табылмайтын жеке тұлғалар босатылады. Аталған талап сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерінің филиалының, сақтандыру агентінің - заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған күннен бастап екі жыл бойы қолданылады.

9) лаңкестік әрекетке қатысы бар адамдардың тізбесінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысы бар ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде және (немесе) лаңкестік пен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде көрсетілмеген.

3.2. заңды тұлға:

1) Лауазымдық міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі мәселелер кіретін, кемінде екі жұмыскерді (бұдан әрі – жауапты тұлғалар) көрсеткен

2) жауапты тұлғалар 3-тармақтың 3.1-тармақшасына сәйкес келуі тиіс.

3) заңды тұлға барлық қызметкерлердің тізімін дербес жүргізеді.

4. Офертаны құптағысы келетін мүдделі тұлға оқудан өтуге өтініш беруі және сақтандыру агентінің делдалдық қызметтерін көрсетуге тапсырма шартын жасасуы, оқудан өтуі, оқыту роликтерін қарауы және тестілеуден өтуі, содан кейін компанияның мүдделі тұлғаны осы Офертаның 3-тармағында жазылған талаптарға сәйкестігін тексеруі үшін талап етілетін құжаттарды ұсынуы тиіс.

5. Осы Офертаның акцепті мүдделі тұлғаның тапсырма шартына қосылу туралы өтініштің (Офертаға қосымша) жазбаша түрінде қағаз тасымалдағышта немесе https://ezsigner.kz / сайтта толтырылған және қол қойылған электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қою арқылы жүзеге асырылады. Тапсырма шартына өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойылуы мүмкін, бұл Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңының талаптарына сәйкес келеді және қол қойылған қағаз жеткізгіштегі тапсырма шартына тең дәрежеде сәйкес келеді.

6. ЭЦҚ арқылы қол қойған жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 397-бабына сәйкес, тараптардың бірінің Тапсырма шартына (Офертаға қосымша) қосылуға Өтінімге ЭЦҚ көмегімен соңғы қол қою күні Офертаны акцепттеу мерзімі деп танылады.

7. Мүдделі тұлға компанияның не үшінші тұлғаның мүдделі тұлғаның не оның қызметкерінің (егер мүдделі тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда) дербес деректерін жинауға және өңдеуге, соның ішінде дербес деректерді трансшекаралық беруге өз келісімін растайды. Дербес деректерді сақтау мерзімін компания дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану компанияның не үшінші тұлғаның Шарт талаптарын және / немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауы мақсатында, сондай-ақ компанияның жалпы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

Мүдделі тұлға дербес деректерді жалпыға қолжетімді дербес деректер көздерінде, электрондық және өзге де деректер базаларында және картотекаларда, мұндай деректерді үшінші тұлғаларға беруді қоса алғанда, таратуға өзінің келісімін, сондай-ақ өз қызметкерінің келісімін (егер мүдделі тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда) растайды.

Мүдделі тұлға (заңды тұлға) қызметкерден дербес деректерді трансшекаралық беруге, сондай-ақ дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруді қоса алғанда, дербес деректердің жалпыға қолжетімді дербес деректер көздерінде, электрондық және өзге де деректер базаларында және картотекаларда таратуға келісімді қоса алғанда, компанияның не үшінші тұлғаның өз қызметкерінің дербес деректерін өңдеуіне жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

Мүдделі тұлға (заңды тұлға) дербес деректерді трансшекаралық беруге және дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерінде, электрондық және өзге де деректер базаларында және картотекаларда дербес деректерді таратуға келісім болмаған жағдайларды қоса алғанда, өз қызметкерінің дербес деректерін компанияның не үшінші тұлғаның өңдеуіне келісімінің жоқтығы үшін, мұндай деректерді үшінші тұлғаларға беруге келісімнің жоқтығын қоса алғанда, жауапты болады.

 


Уәкілетті орган берген лицензияға сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу бойынша халыққа қызметтер көрсетуге агенттік шарт жасасу туралы жария офертаға

Жеке/заңды тұлғаларға арналған тапсырма шарты

"Компания" - "НОМАД Иншуранс" Сақтандыру компаниясы Акционерлік қоғамы, бір тараптан және екінші тараптан "Сақтандыру агенті", бірлесіп Шарт бойынша "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы Тапсырма шартын (бұдан әрі – "Шарт") жасасты:


1. Шарттың мәні

1.1. Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес, Компания тапсырады, ал Сақтандыру агенті осы Шарттың және  Компания берген сенімхаттың талаптарында жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - Клиенттермен) Компанияның атынан  сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін жасау бойынша қызметтер көрсетеді.

1.2. Агенттің өкілеттілігіне:

1) сақтандыру шартын жасасу үшін әлеуетті сақтанушыларды іздеу;

2) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы туралы ақпарат беру;

3) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын сақтандырудың оларға қызықты түрлері бойынша кеңес беру, сақтанушыларға сақтандыру шартын түрлі талаптармен жасасу мүмкіндіктерін түсіндіру және сақтандыру бойынша өзге кеңес беру қызметтері;

4) сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) жасасуға қажетті құжаттарды дайындау немесе рәсімдеу;

5) сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсырмасы бойынша сақтандыру шартына қол қою;

6) сақтанушыларға кезекті сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі туралы хабарламаларды жіберу;

7) жасасқан сақтандыру шарттары бойынша кезекті сақтандыру жарналарын төлеуін бақылау жатады.

1.3. Берілген өкілеттіліктердің аясында сақтандырушы сақтандыру агентінің мынандай қызмет талаптарын белгілейді:

1)   сақтанушыны сақтандырушы біржақты тәртіпте  әзірлеген (қосылу шарты) үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосу  және сақтандырушының сақтанушыға беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу;

2) сақтандыру шартын жасасу үшін барлық ақпаратты берумен жеке сақтандыру шартын жасасу (сақтандыру тарифтері, франшиза мөлшері, қабылданатын сақтандыру тәуекелдері, сақтанушыға ұсынылатын қосымша қызметтердің ауқымы);

3) оның аясында сақтандыру агенті сақтандыру шарттарын жасасуға құқылы сақтандыру түрлерін (сыныптарын) анықтау;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларда, жеке сақтандыру шарты және жиынтықтағы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауға лимиттер белгілеу.

1.4. Сақтандыру агентінің сенімхат пен Шарттың  талаптарын толық және тиісінше сақтау жағдайында, Сақтандыру агентінің әрекеті өкілеттілігі аясында жасалды деп саналады, төмендегілерді қоса алғанда:

1)        сақтандыру сыйлықақысын тиісінше есептеу;

2)        сақтандыру шартын/сақтандыру полисін тиісінше жасасу/рәсімдеу;

3)        Бірыңғай статистикалық деректер базасына (бұдан әрі – БСДБ) ақпаратты уақытылы енгізу;

4)        сақтандыру шартына/сақтандыру полисіне деректерді, соның ішінде сақтанушының, сақтандырылған тұлғаның, пайда алушының және сақтандырылған мүліктің деректерін анық енгізу;

5)        жасасқан сақтандыру шарттары/сақтандыру полистері бойынша сақтандыру сыйлықақыларын уақытылы және толық енгізу.

1.5. Компания осы Шарттың талаптарында Шарт бойынша көрсетілген қызметтер үшін Сақтандыру агентіне агенттік сыйақыны төлеуге міндеттенеді.

1-1. Сақтандыру объектісі

1-1.1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез келген мүліктік, соның ішінде келесілермен байланысты мүдделері мүліктік және жеке сақтандыру объектілері болу мүмкін:

1) жазатайым оқиғалардың және өзге жағдайлардың, аурулардың нәтижесінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян тигізумен;

2) мүлікті иеленумен, пайдаланумен және басқарумен;

3) өзге тұлғаларға, соның ішінде шартты (міндеттемелерді) бұзу нәтижесінде келтірілген залалды өтеу міндетімен.

2.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

2.1. Сақтандыру агентінің міндетті:

2.1.1. Осы Шартпен көзделген қызметтерді өзі көрсетуге. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді үшінші тұлғаларға тапсыруға жол берілмейді.

2.1.2. Сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін жасасу мақсатында әлеуетті Клиенттерді іздеуді және тартуды жүзеге асыруға.

2.1.3. Клиенттерге Компанияның сақтандыру өнімдері туралы кеңес беруге.

2.1.4. Клиенттерге Компания туралы анық ақпарат және олардың талап етуі бойынша   сақтандыру ережелері көшірмесін беруге (жіберуге).

2.1.5. Клиентті сақтандыру талаптарымен таныстыруға, сонымен қатар Компанияның сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның көшірмесін және Компанияның атынан және оның тапсырмасы бойынша Сақтандыру агентінің сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін жасасу құқығын куәландыратын құжат беруге.

2.1.6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, сонымен қатар  қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормалары мен Компанияның ішкі бақылау ережелерін және Компанияның сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін жасасу сәтіне белгілеген, сақтандыру жағдайларына, құжаттауға, құжаттаманы басқаруға және құжаттарды сақтауға, соның ішінде сақтандыру сомалары, сақтандыру тарифтерінің мөлшері және т.б. бойынша лимитке қойылатын талаптарды шүбәсіз сақтауға. Өкілеттілікті, соның ішінде Сақтандыру агентінің сенімхатында көрсетілген сақтандыру сомалары бойынша лимитті асыруға және/немесе Компания бекіткен өзге сақтандыру талаптарынан ауытқуға Компанияның алдын ала жазбаша келісімі негізінде белгіленген нысан бойынша жол беріледі. Сақтандыру агентінің сақтандыру шартының/сақтандыру полисінің үлгі нысандарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізуіне Компанияның жазбаша келісімі (келісу парағы) негізінде ғана жол беріледі.

2.1.7. 2.1.7. Сақтандыру сыйлықақысын бір рет төлеу немесе бөліп төлеу кезінде Клиенттердің оны уақытылы төлеуін қамтамасыз етуге және бақылауға.

2.1.8. Сақтандыру агенттерінен Сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру төлемдерінің) алынған толық ақшаны Компанияның банк шотына немесе кассасына толық көлемде өткізу.

2.1.9. Клиенттердің сақтандыру сыйлықақыларын төлеуі кезінде төменде келтірілген әрекеттерді жасауға:

а) сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшасыз нысан кезінде – Компанияның банк деректемелерін, сақтандыру шартының/сақтандыру полисінің нөмірі мен түрін, сақтандыру сыйлықақысының сомасын және т.б. анық көрсетіп, Клиентке сақтандыру сыйлықақысын төлеуге шот жазу/беру. Клиенттің сақтандыру сыйлықақысын төлеу туралы төлем құжаттарының көшірмесін түсіру және Компанияның банк шотына сақтандыру сыйлықақысының толық түсуін құжаттай растағаннан кейін сақтандыру шартының/сақтандыру полисінің бір данасын Клиентке беру;

б) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларда, Клиенттің сақтандыру сыйлықақысын қолма-қол ақшамен төлеуі кезінде – сақтандыру сыйлықақысының сомасын толық көлемде өзі қабылдау, содан кейін сақтандыру шартының/сақтандыру полисінің бір данасын Клиентке беру, ақша салғаннан кейін Клиентке кіріс-касса ордерін (бұдан әрі - ККО) және төлемді қабылдау туралы фискалдық чегын беру.

2.1.10.  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларда, Клиенттен алынған сақтандыру сыйлықақысын Компанияның кассасына қолма-қол ақшамен салу жолымен және/немесе Компанияның банк шотына қолма-қол ақшасыз тәртіпте аударылуын қамтамасыз ете отырып,  Компанияға толық көлемде (сақтандыру сыйлықақысынан 100% (жүз пайыз)) табыстауға,  келесі мерзімдерде: астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы сақтандыру агенттері үшін күн сайын; басқа елді-мекендердің сақтандыру агенттері үшін апта сайын.

2.1.11. Компанияның жазбаша рұқсаты (келісу парағы) негізінде сақтандыру сыйлықақысын төлеусіз сақтандыру шартының күшіне ену жағдайларынан басқа, Клиенттерге сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде төлеусіз сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін егер Компанияның жазбаша рұқсаты (келісу парағы) негізінде сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеуге келісілсе, алғашқы сақтандыру жарнасын бермеуге.

2.1.12. Шарттың қолданылу және осы Шарттың тоқтатылуынан кейін үшінші тұлғаларға сақтандыру құпиясын (клиенттер, сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтері және т.б. туралы мәліметтерді) және Сақтандыру агентіне осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау нәтижесінде мәлім болған өзге ақпаратты жарияламауға.

2.1.13. Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес 1С базасына және/немесе ДБСБ-не тіркеу үшін міндетті және ерікті сақтандыру шарттары бойынша барлық қажетті ақпаратты беруге. Тез арада сақтандыру шарттары бойынша толық және анық ақпарат беруге, ал дәлірек: Компанияның қаржылай шығындалуына әкелуі мүмкін ықтимал тәуекелдер туралы мәліметтер, сонымен қатар, мүмкіндігінше, Клиенттердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер.

2.1.14. Шарттың № 1 қосымшасы қабылдау-өткізу актісі бойынша Сақтандыру агентіне өткізілген Компания мүлкінің, құжаттамасының және сақтандыру полисі бланктерінің (бұдан әрі - СПБ) сақталуына және тиісінше пайдаланылуына толық материалдық жауапкершілік көтеруге.   СПБ болып  сақтандыру шарттарының типографиялық нысандары және сақтандыру полистері табылады, бірақ олармен шектелмейді. СПБ қатаң есепке алуға және  Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес талаптарда және мерзімде олардың қалдықтарын ай сайын салыстырып тексеруге жатады. Құжаттаманың және СПБ сақталуын қамтамасыз етуге қауіп туғызатын жағдайлардың бар болуы кезінде, Сақтандыру агенті бұл туралы Компанияны тез арада хабардар етуі тиіс.

2.1.15. Агенттің алған  СПБ үшінші тұлғаларға бермеуге.

2.1.16. Сақтандыру агентінің Клиентке тиісті түрде рәсімделген және/немесе бұрмаланған, күмәнді ақпаратты, соның ішінде кленттің ұсынған құжаттарында көрсетілген ақпараттан өзгеше ақпаратты құрайтын СПБ рәсімдеуі және беруі кезінде, Сақтандыру агенті  компанияның ішкі құжаттарына сәйкес, Клиенттен тиісінше толтырылмаған СПБ қайтарып алу және Клиенттің қатысуымен жаңа СПБ рәсімдеу жолымен ағымдағы жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолдануға міндетті, соңғысының тиісінше толтырылмаған СПБ өткізуден және жаңа СПБ рәсімдеуден бас тартуы кезінде, немесе Клиентті табу мүмкін болмау кезінде, Сақтандыру агенті тиісінше толтырылмаған СПБ бойынша сақтандыру төлемдерін төлеу, сонымен қатар өзге байланысқан төлемдер бойынша Компанияның шығындарын өтеу бөлігінде жауапты. Агент Клиенттің бас тартуы туралы немесе Клиентті табу мүмкінсіздігі туралы Компанияны ағымдағы жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

2.1.17. Құжаттарды және/немесе СПБ бүлінген жағдайда, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, Компанияға бүлінген құжаттарды және/немесе СПБ тапсыруға (олардың берілген санына сәйкес). 

2.1.18. Құжаттарды және СПБ жоғалтқан жағдайда, 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Компанияға хабарлауға және түсініктеме қағазын қоса берілуімен Компанияның кассасына айыппұл төлеуге. Компанияның талабы бойынша әрбір жоғалған СПБ үшін 500 (бес жүз) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге.

2.1..19. Туристерді медициналық сақтандыру (бұдан әрі мәтін бойынша ТМС), жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру (бұдан әрі ЖО) қызметкерді жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру (бұдан әрі ЖОЕС), келетін шетелдік азаматтар ТМС (бұдан әрі ША ТМС),  еңбек мигранттарын ерікті түрде жүктелген медициналық сақтандыру (ЕМ-ЖМС)өнімдері бойынша жеке сақтандыру шарты бұзылған кезде алынған Агенттік Сыйақының сомасын Компанияға қайтару:

а) егер, сақтандыру арқылы қорғаудың басталуына дейін шартты бұзуға тиісті болса, сақтандыру агенті қолма-қол алынған агенттік сыйақы мөлшерін толығымен міндетті түрде қайтаруы тиіс;

б) егер,  сақтандыру арқылы қорғау басталғаннан кейін шартты бұзуға тиісті болса, қайтарылатын  агенттік сыйақының мөлшері, сақтандыру арқылы қорғау кезінде қолданылмаған үйлесімді жүйе бойынша есептелінеді.

2.1.20.  Осы Шарттың тоқтатылу күнінен кейін келетін күннен кешіктірмей,  екі жақты Қабылдау-өткізу актісіне (Шарттың №1 қосымшасы) қол қою арқылы, СПБ  (Шрттың №2 қосымшасы) қабылдау-өткізу актісін тапсыру жолымен Компанияның уәкілетті өкіліне Сақтандыру агентінің басқаруындағы барлық құжаттарды, тауар-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі - ТМҚ), сенімхатты өткізуге.

2.1.21. Тоқсан сайын СПБ түгендеуін жүргізуге және оны іске асыру нәтижелері туралы Қомпанияға есеп беруге.

2.1.22. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, Компанияға  клиент (оның өкілі), бенефициарлы меншік иесі туралы ақпараттарды, оларды растайтын құжаттар көшірмелерін қоса алғанда,   астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы сақтандыру агенттері үшін күн сайын; басқа елді-мекендердің сақтандыру агенттері үшін апта сайын ұсынуға.

2.1.23. Жеке түлға болып табылатын сақтандыру агенті осы тапсырма шартының қолданылу кезеңінде сақтандыру ұйымымен, сақтандыру брокерімен еңбек шартын жасасқаны туралы Компанияны дереу хабардар етуге міндетті. 

2.1.24. Заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті осы Тапсырма шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбек міндеттеріне сақтандыру шарттарын жасасу кіретін барлық қызметкерлердің тізімін дербес жүргізуге міндетті.

2.1.25.  Бар болған жағдайда дебиторлық берешекті төлеу.      

2.1.26.  Деректемлер, жеке деректерөзгерген кезде (төлқұжат, байланыс, мекенжай деректері, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру және т.б.) Компанияға хабарлауға.                                                                                                                                                                             

2.1.27.  ҚР Заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

2.2. Сақтандыру агенті құқылы:

2.2.1. Компаниядағы сақтандыру талаптарымен танысуға.

2.2.2. Осы Шарттың мәнін орындау үшін Компаниядан қажетті құжаттаманы және СПБ, әсіресе сақтандыру шарттарының/сақтандыру полистерінің үлгі нысандарын Компания өздігімен белгілеген мөлшерде, (Шарттың №4 қосымшасы) нысан бойынша СПБ алуға Өтінім және (Шарттың № 5 қосымшасы) нысан бойынша СПБ алуға Жүкқұжат негізінде алуға.

2.2.3. Компанияның сақтандыру өнімдерін сату мақсатында үгіт іс-шараларын өткізуге.

2.2.4. Компанияға сақтандыру талаптарын жетілдіру және/немесе сақтандыру шарттарының/сақтандыру полистерінің үлгі нысандарына және СПБ-нің басқа түрлеріне өзгерістер/толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізуге.

2.2.5.   Компаниядан немесе оның өкілінен СПБ, өзге құжаттарды және сақтандыру сыйлықақыларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды алуға құқылы.

2.2.6. Сақтандыру туралы Заңның 18 және 18-1-тармақтарында көзделген шектеулерді есепке алғанда, «өмірді сақтандыру» саласында  бір сақтандыру ұйымы атынан және тапсырмасы бойынша, және (немесе)  «жалпы сақтандыру туралы» саласында  бір сақтандыру ұйымы атынан делдалдық  қызметін жүзеге асыруға.

2.3. Сақтандыру агентіне тыйым салынады:

2.3.1. Сақтандыру агентіне заңды тұлға болып табылатын Cақтанушыдан сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қолма-қол ақшамен төлем қабылдауға тыйым салынады. Бұл шектеу сақтандыру агентінің Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келетін тұлғалардан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауына қолданылмайды.

2.3.2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтандыру агентіне Cақтанушыларға, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы сыйақылардың кез келген түрін төлеуге тыйым салынады.

2.3.3. Агентке "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық сауда алаңдарындағы (ЭСА) тендерлерге және Мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салынады.

2.3.4. Агентке келесі шарттар бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады:

1) ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Cақтанушылары болып табылатын сақтандыру;

2) мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар Cақтанушылар болып табылатын сақтандыру;

3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;

4) міндетті сақтандыру.

2.3.5. Сақтандыру агенті заңды тұлғалар болып табылатын Cақтанушыларға сақтандыру шарттарын іске асыру кезінде өтініш-сауалнамада өтініш беруші туралы деректердің Шарттағы 2,3,4 т-ң 1) және 2) тт. көрсетілген критерийлерге жату мәніне толтырылуын бақылауға міндетті;

2.3.6. Өтініш беруші Шарттың 2,3,4 т-ң 1) және 2) тт. критерийлеріне сай келгенде өтініш берушіні сақтандыру шартын одан әрі іске асыру үшін компанияның жақын жердегі кеңсесіне жіберу.

2.4. Компания міндетті:

2.4.1. Сақтандыру агентіне сақтандыру талаптарын, жасасу тәртібін, сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін жасасу, рәсімдеу, СПБ есепке алу және сақтау, Компанияда қолма-қол ақшамен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін қажетті ақпарат және құжаттамалар беруге, сонымен қатар Сақтандыру агентінің сұранымы бойынша тиісті құжаттардың көшірмелерін беруге.

2.4.2. Қажет болғанда Сақтандыру агентіне сақтандыру шарттарын/сақтандыру полистерін тиісінше рәсімдеу және жасасу бойынша тәжірибелік көмек көрсетуге.

2.4.3. Сақтандыру агентіне сақтандыру нарығында Компанияның атынан делдалдық қызметті жүзеге асыруға сенімхат беруге, сонымен қатар Шарттың № 2 қосымшасы  СПБ қабылдау-өткізу актісі бойынша СПБ-нің қажетті санын тапсыруға.

2.4.4. Сақтандыру агентін Компанияның барлық қажетті жарнама өнімдерімен қамтамасыз етуге.

2.4.5. Сақтандыру талаптарына, сақтандыру шарттарының/сақтандыру полистерінің үлгі нысандарына өзгерістер/толықтырулар енгізуді жүзеге асыру кезінде, бұл туралы ақпаратты Сақтандыру агентіне жеткізуге.

2.4.6. Осы Шартта белгіленген талаптарға және мерзімге сәйкес агенттік сыйақы төлемін жүргізуге.

2.4.7. Сақтандыру агентінің жазбаша талабы бойынша Компанияның агенттік сыйақы мөлшерінен жүргізген шегерулер туралы ақпаратты осындай талапты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынуға.

2.4.8.   Сақтандыру агентіне Компанияның өкіліне СПБ, өзге құжаттарды және сақтандыру сыйлықақыларын өткізу фактісін растайтын құжаттарды беруге міндеттенеді.

2.4.9.  Сақтандыру агентінің дербес мәліметтерін жинау, өңдеу және қорғау, Қазақстан Республикасының дербес мәліметтер жене оларды қорғау туралы  заңнамасына  сәйкес қамтамасыз етуге.

2.4.10. Сақтандыру агенті сақтандыру қызметі туралы заңнамада белгіленген делдалдық қызметті жүзеге асыруға тыйым салу өлшемдеріне түскен жағдайда осы Шартты бұзуға құқылы.

2.4.11.  ҚР заңнамасына сәйкес жеке түлға болып табылатын сақтандыру агентінің пайдасына салықтар мен Міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуды және есептеуді жүргізу.

2.4. Компания құқылы:

2.5.1. Сақтандыру агентінің осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауын талап етуге.

2.5.2. Сақтандыру агентінің СПБ жоғалтуы кезінде БАҚ-да осындай СПБ жарамсыз деп тану туралы хабарландыру орналастыру бойынша шығындардың құнын өздігімен төлеуге. Бұл ретте осындай шығындар, соның ішінде осындай шығындарды Сақтандыру агентіне тиесілі агенттік сыйақыдан ұстап қалу жолымен Компанияның өндіріп алуына жатады.

2.5.3. Сақтандыру агентіне ҚР қолданыстағы заңнамасымен және осы Шартпен көзделген, соның ішінде залалдарды өтеу бойынша айыппұлдарды, тұрақсыздық айыптарын төлеу бойынша талап қоюға.

2.5.4. ТМС, ЖО ЖОЕС, ША ТМС, ЕМ- ЖМС өнімдері бойынша сақтандыру шарттары бұзылған кезде МК сақтандыру агентіне төленген агенттік сыйақы сомасын қайтаруды талап етуге: Шартты сақтандыру қорғауының қолданылуы басталғанға дейін бұзған жағдайда – толық көлемде; шартты сақтандыру қорғауының қолданылуы басталғаннан кейін бұзған жағдайда – сақтандыру қорғауының пайдаланылмаған кезеңінің уақытына барабар мөлшерде.

2.5.5. Сақтандыру агентіне тиесілі агенттік сыйақыдан осы Шарт бойынша айыппұлдар, тұрақсыздық айыптары және өзге берешектің сомасын ұстап қалуды жүргізуге.

2.5.6. Сақтандыру агентінің осы Шарттың 2.1-т. көзделген міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы кезінде, барлық жасасқан сақтандыру шарттары/сақтандыру полистері бойынша агенттік сыйақыларды есептеуді бұзушылықтарды толық немесе ішінара төлемін,  компанияның ішкі құжаттарына сәйкес, жойғанға дейін тоқтатуға.

2.5.7. Шарттың №6 Қосымшасында белгіленген агенттік сыйақы мөлшерін бір жақты тәртіпте өзгертуге.

2.5.8. Осы Шартпен ескерілген санкцияларды қолдануға дейін Сақтандыру агентіне бұзушылықтар, оны жою және болашақта оған жол бермеу туралы хабарламаны жіберуге құқылы.

3. Есептеулер тәртібі

3.1. Сақтандыру агентінің осы Шарттың мәнімен көзделген қызметтерді көрсеткені үшін Компания Тараптардың қол қойған Шарттың № 7 қосымшасы Орындалған жұмыстардың актісі негізінде Сақтандыру агентіне Қазақстан республикасының заңнамасымен, сонымен қатар компанияның ішкі құжаттарының ережелерімен сәйкес және Осы Шарттың № 6 Қосымшамен көзделген мөлшерде және мерзімде агенттік сыйақы төлейді.

3.2.  Сақтандыру агентіне сыйақы төлеу сақтандыру шартының талаптарына сəйкес Сақтанушымен төленген сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысын) толық алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

3.3. Агенттік сыйақының құрамына Компанияның сақтандыру агентіне қатысты шығындардың барлық түрлері, соның ішінде жалгерлікті төлеу бойынша шығындар, сыйақылардың кез келген түрлері, сонымен қатар кез келген мүлікті немесе материалдық пайданы беру жатады.

3.4. Сақтандыру агентіне олардың сақтанушылардан алған сақтандыру сыйлықақыларынан осы Шарт бойынша оған тиесілі сыйақыларды ұстап қалуға тыйым салынады.

4. Тараптардың жауапкершілігі

4.1. Сақтандыру агентінің осы Шарттың 2.1.6, 2.1.8 – 2.1.27, 2.3.1- 2.3.6 тармақтарымен көзделген міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы үшін Сақтандыру агенті  Компанияға және/немесе үшінші тұлғаларға осындай тиісінше орындамау немесе орындамаумен туындаған барлық залалдардың мөлшерінде, және әрбір бұзылған міндеттеме үшін Компанияның талап қою күніне 20 АЕК дейінгі мөлшерде жауапкершілік көтереді.

4.2. Осы Шарттың 2.1.10-т. көзделген міндеттерді орындамауы немесе уақытылы орындамауы үшін қосымша, Сақтандыру агенті төлемнің мерзімі өткен әрбір күніне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен 1% (бір пайыз)  мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндеттенеді. Бұл ретте, өсімпұлды төлеу Сақтандыру агентін Компанияға тиесілі сақтандыру сыйлықақы сомаларын толық көлемде төлеу бойынша міндеттемені орындаудан босатпайды.

4.3. Сақтандыру агентінің осы Шарттың 2.1.12-т. көзделген ақпаратты жариялағаны үшін, Сақтандыру агенті осындай жариялаумен туындаған Компанияға, сақтанушыларға, сақтандырылған тұлғаларға, пайда алушыларға, жәбірленушілерге, өзге үшінші тұлғаларға келтірілген залалдардың мөлшерінде жауапкершілік көтереді.

4.4. Сақтандыру агенті СПБ сақталуын қамтамасыз етпегені (жоғалтқаны) үшін СПБ-нің әрбір данасы үшін 500 (бес жүз) теңге дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жауапкершілік көтереді.

4.5. Сақтандыру агентінің СПБ жоғалтуынан Компания сақтандыру төлемін жүзеге асыруға мұқтаж болғаны үшін, Сақтандыру агенті Компанияға сақтандыру төлемін, сонымен қатар өзге байланысқан төлемдерді төлеу бойынша шығындарды өтеу бөлігінде жауапкершілік көтереді.

4.6. Агенттік сыйақыны төлеу мерзімі 15 (он бес) жұмыс күннен артық мерзімге өткен жағдайда, Компания Сақтандыру агентіне агенттік сыйақыны уақытылы төлемегені үшін мерзімі өткен төлемнің әрбір банктік күн үшін төленбеген сомадан 0,01% мөлшерінде жауапкершілік көтереді.

4.7. «Дербес деректер туралы»  ҚР заңнамасына сәйкес осы  Шарттың орындалуы және жасасу  мақсатында сақтандыру агенті  өзінің дербес мәліметтерін жинауына және өңделуіне  келіседі.

4.8. Сақтандыру агентінің кінәсінен  Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын бұзғаны үшін Компанияға айыппұл салынса, кінәлі сақтандыру агенті сол жағдай бойынша Компанияға барлық шығынды өтеп беруге тиіс.

4.9. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының талаптарын орындамағаны үшін сақтандыру агенті  Компания алдында Қазақстан Республикасының  заңнамаларында көрсетілген мөлшерде айыппұл төлеу түрінде жауапты болып табылады.

4.10. Агентпен жасасқан сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған оқиға болған жағдайда, агенттің күнәсі мойындалса, ол міндетті жағдайларда және шарт бойынша сақтандыру төлемі мөлшерінде Компанияға ақшаны өтеуге міндетті:

1) Агент сақтандыру шартын дұрыс орындамауы немесе сақтандыру сыйлықақыларын тиісінше алуы қате жасалса, сақтандыру төлемінің жалпы сомасын немесе асып кеткен соманы жүзеге асыруға әкеп соқтырған жағдайда

2) сақтандыру келісімшартына сәйкес Компания сақтандыру төлемін жүзеге асырылуы, Агенттің оған сәйкес сақтандыру жағдайы кезінде сақтандыру сыйлықақысын компанияға берілмеген / ұсынылмаған жағдайда.

4.11.Компания Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген делдалдық қызметті жүзеге асырумен байланысты емес сақтандыру агентінің әрекеттері үшін жауапты емес.

4.12. Сақтандыру агенті жасалған барлық сақтандыру шарттары үшін оған   компанияның ІНҚ сәйкес берілген  логиндер мен кілтсөздерге толық материалдық жауапкершілік  көтереді,  атап айтқанда: олардың дұрыс рәсімделуі, жасасу заңдылығы, сондай-ақ аталған шарттар бойынша сыйлықақы төлемін осы Шарттың 2.1.10 тармағына сәйкес толық көлемде төлеу.

4.13. Сақтандыру агенті озіне делдалдық қызметі нәтижесінде мәлім болған ақпаратты таратқан және/немесе Компанияның ақпарат жүйесіне кіру мүмкіндігін үшінші тұлғаларға берген жағдайда Компанияға келтірілген шығын үшін толық материалдық жауапкершілік көтереді.

 

5. Дауларды шешу

5.1. Осы Шарт бойынша пайда болатын барлық даулар келіссөздер жолымен шешілуге жатады.

5.2. Егер дау келіссөздер барысында реттелмесе, онда ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешілуге жатады.

6. Шарттың мерзімі, қолданылу аумағы, өзгертулерді енгізу және Шартты бұзу тәртібі

6.1. Осы Шарт Тараптардың қол қойылған уақытынан бастап міндетті болады және күшіне енеді және 3 (үш) жыл әрекет етеді.

6.2.  Егер Тараптардың бірі екінші Тарапқа Шарттың аяқталу күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын оның әрекетін тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібермейтін болса,  осы Шарт белгісіз мерзімге сондай шарттарда  автоматты түрде ұзартылатын болады.

6.3. Осы Шарттың қолданылу аумағы – Қазақстан Республикасы.

6.4.  Тараптардың бірінің дербес деректері өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірін жазбаша хабардар етеді. Деректемелерді өзгерту туралы шартқа қосымша келісім жасалмайды.

6.5.  Компания қызметінің шарттары өзгерген, не Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген, не сақтандыру агентінің қызметіне әсер ететін тапсырма шартында, сақтандырудың ерікті түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі өзгерген жағдайда Компания сақтандыру агентін үш жұмыс күні ішінде Компанияның интернет-ресурсы және ақпараттық жүйелері арқылы хабардар етеді. Егер сақтандыру агенті енгізілген өзгерістермен келіспеген жағдайда, ол Компанияға үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда келіспейтіні туралы хабарлауы қажет. Бұл ретте тапсырма шарты сақтандыру агентінің біржақты тәртіппен бас тартуы негізінде бұзылған болып есептеледі.

6.6. Тапсырма шартының бұзылу негіздері сақтандыру агенттерін Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңының 18-1 бабы 5 тармағына сәйкес тізілімнен шығару негіздері болып табылады.

6.7. Тарап екінші Тарапқа бұзудың болжамды күніне дейін 7 (жеті) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

6.8. Тараптар Шартты тараптардың келісімі бойынша бұзуға құқылы. Бұндай бұзу Шартты бұзу туралы келісім жасау жолымен рәсімделеді.

6.9. Сақтандыру агентінің осы Шарт бойынша міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы жағдайында, Компания Сақтандыру агентіне шартты бұзу күнін көрсете отырып жазбаша хабарлама жіберіп, осы Шартты мерзімінен бұрын кез келген уақытта, бір жақты тәртіпте бұзуға (шартты орындаудан бас тартуға) құқылы.  

6.9-1.  Сақтандыру агентінің  дұрыс емес ақпарат бергені анықталған жағдайында, Компания Сақтандыру агентін 3 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып,  Шартты  біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Кез келген залал келтірілген жағдайда Сақтандыру агенті Компанияға және/немесе үшінші тұлғаларға келтірілген барлық шығындар мөлшерінде  толық көлемде материалдық жауаптылықта болады.

6.10. Осы Шарт сақтандыру агенті сақтандыру қызметі туралы заңнамада белгіленген делдалдық қызметті жүзеге асыруға тыйым салу өлшемдеріне түскен жағдайда, компания Шарттан біржақты бас тарту негізінде бұзылады.

6.11. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Шарттың 2.1.27-тармағында көрсетілген сақтандыру агентінің міндеттемелерін қоспағанда, Шарт бойынша тараптардың міндеттемелері тоқтатылады.

6.12. Осы Шарт орыс және қазақ тілдерінде жасалды. Мағыналық мағынасы сәйкес келмеген жағдайда, орыс тілінде жасалған шарт жарамды болып есептеледі

6.13. Шарт жасасу тәртібіне Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген жария оферта ережелері қолданылады.

6.14. Шартпен реттелмеген барлық басқа өзара қатынастар тараптар арасындағы жекелеген шарттармен және (немесе) қосымша келісімдермен айқындалады.

6.15. Мынандай қосымшалар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады:

1) Уәкілетті органның берген лицензиясына сәйкес сақтандыру бойынша шарттар жасасу бойынша халыққа қызметтер көрсетуге агенттік шарт жасасу туралы жария офертаға ТАПСЫРМА ШАРТЫНЫҢ қосылуы туралы қол қойылған өтініш.

2) Шарттың № 6 қосымшасы агенттік сыйақының мөлшері және өзара есеп айырысуларды жүргізу тәртібі және құжаттар мен ақшаны тапсыру мерзімі;

3)  Шарттың №4 қосымшасы  СПБ алуға өтінім;

4)  Шарттың  №5 қосымшасы  СПБ алуға жүкқұжат;

5)  Шарттың  №7 қосымшасы Орындалған жұмыстардың актісі;

6)  Шарттың  №2 қосымшасы СПБ қабылдау-өткізу актісі;

7)  Шарттың  №8 қосымшасы Сақтандыру агентінің есебі;

8)  Шарттың  №1 қосымшасы ТШ  қабылдау-өткізу актісі.

























Тапсырма шартының осы Қосымшаларын төменде көрсетілген сілтеме арқылы жүктеу:



Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту