ҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫН САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ

22.04.2022ж. өзгерістер

1. Жалпы ережелер

1.1.Осы қаржы ұйымдарының шығындарын ерікті сақтандыру Ережесі (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

1.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және осы Ережелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы Акционерлік Қоғамы (ары қарай «Сақтандырушы») заңды тұлғалармен (бұдан әрі – «Сақтанушылар») қаржы ұйымдарының шығындарын ерікті сақтандыру шарттарын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.

1.3. Келесі заңды тұлғалар Сақтандырушылар болып танылады: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банк немесе өзге де қаржылық қызметін жүргізуге лицензия алған, Қазақстан Республикасының резиденттері немесе осы Ереженің негізінде Сақтандырушымен шарттар жасаған, белгіленген тәртіппен аккредиттелген резидент емес-банктердің өкілдіктері болып табылатын банктер және өзге де қаржы ұйымдары.

1.4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

Сақтандырушы – сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына Шарт жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияға ие және сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға ғана Сақтандырушы бола алады.

Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын жағдайдың басталу ықтималдығы мен кездейсоқ белгілері болуы тиіс.

Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушы Сақтанушығы (Пайда алушыға) сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;

Франшиза – сақтандыру талаптарымен көзделген Сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату, бұл ретте барлық жағдайларда залал белгіленген соманы шегере отырып өтеледі. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады. Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген мөлшерінен аспайтын залалды өтеуден босатылады, бірақ егер залалдың мөлшері бұл сомадан көп болатын болса, оны толығымен өтеуі тиіс. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген соманы шегерумен өтеледі.

1.5. Сақтанушылар Сақтандырушымен сақтандырылған мүлікті залалдан сақтауда негізделген мүддесі бар үшінші тұлғалардың (Сақтандырылған тұлғалардың) пайдасына Шарттар жасасуға құқылы.

1.6. Ережеде және Шартта көрсетілген Сақтанушының міндеттері Пайда алушыларға тең дәрежеде қолданылады. Пайда алушының осы міндеттерді орындамауы Сақтанушының оларды орындамауы сияқты салдарларға әкеп соғады.

1.7. Сақтанушының немесе оның өкілінің Шартта қойған қолы оның ережелермен толық келісуінің растамасы болып табылады.

2. Сақтандыру объектісі

2.1. Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, қаржылық қызметтерді жүзеге асыру нәтижесінде шығындардың туындауы тәуекелімен байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

2.2. Осы Ереже бойынша Сақтанушы бір жолғы мәміле бойынша шығын тәуекелін де, белгілі бір уақыт аралығы нәтижесінде қаржылық қызмет бойынша шығын тәуекелін де сақтандыруға құқылы.

3. Сақтандыру жағдайы

3.1. Басталғаннан кейін сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген орын алған жағдай сақтандыру жағдайы болып табылады.

3.2. Сақтандырумен өтеледі:

3.2.1. Сақтанушының үй-жайларының, олардың интерьерлері бөлшектерінің, үй-жайлардағы Сақтанушының мүлкін ұрлау немесе ұрлауға әрекет жасау, себептері құзыретті органдар тергеу процесінде анықталмаған жоғалу, вандализм актілерін жасау, қасақана бүлдіру (зиян келтіру) нәтижесінде қаза табудан (жойылудан), жоғалудан, зақымдаудан келтірілген залалдар.

Сақтанушының мүлкі деп Сақтанушының меншігі болып табылатын немесе олар жойылған, жоғалған (ұрланған) немесе бүлінген жағдайда Сақтанушы жауапты болатын мынадай заттар түсініледі:

- жиһаздау заттары, интерьер;

- ұйымдастыру техникасы және тұрмыстық техника;

- кеңсе заттары, мүкәммал;

- сейфтер мен қоймалар;

- басқа жабдықтар мен құралдар.

Ереженің 3.2.1. т. аталған Сақтанушының үй-жайлары деп түсініледі:

- Сақтанушының бас кеңсесі, сондай-ақ Сақтанушы өз қызметін жүзеге асыру үшін тұрақты немесе уақытша пайдаланатын және сақтандыруға арналған өтініште көрсетілген басқа да үй-жайлар;

-тіркеу, айырбастау, сатып алу-сату, қаражатты аудару операциялары кезінде Сақтанушының агенті ретінде тіркеу және есеп айырысу функцияларын жүзеге асыратын ұйымның кеңсесі.

3.2.2. Сақтанушының қызметкерлері немесе курьерлік (инкассаторлық) ұйым Сақтанушының тапсырмасы бойынша арнайы жабдықталған (брондалған) көлік құралдарында тасымалдау кезінде Сақтанушының бағалы мүлкінің жойылуынан, жоғалуынан (ұрлануынан), зақымдануынан келтірілген залалдар.

Бағалы мүлік деп түсініледі:

- қолма-қол ақша (валюта), монеталар;

- құйма және өзге түрдегі бағалы металдар және олардан жасалған бұйымдар;

- асыл және жартылай асыл тастар;

- сақтандыру полистері (шарттар, сертификаттар және т. б.);

- жол және есеп айырысу чектері;

- акция сертификаттары;

- облигациялар, купондар;

- жай және аударым вексельдері;

- банктік тратталар;

- банктік акцептер;

- депозиттік және жинақ сертификаттары;

- коносаменттер;

- қойма қолхаттары;

- аккредитивтер, ақша аударымдары;

-меншік құқығын немесе қандай да бір табыс алу құқығын бекітетін сертификаттар мен басқа да құжаттар.

Курьерлік (инкассаторлық) ұйым деп шарттық талаптарда бағалы мүлікті күзете отырып тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін және тиісті лицензиясы бар заңды тұлға түсініледі.

Бағалы мүлікті тасымалдау Сақтанушы немесе оның тапсырмасы бойынша басқа тұлға қол қойғызу арқылы бағалы мүлікті тасымалдаушыға тапсырған сәттен бастап басталған болып есептеледі. Тасымалдау жеткізілген бағалы мүлікті алушыға немесе оның агентіне қол қойғызып тапсыру сәтінде аяқталған болып есептеледі.

3.2.3. Сақтанушының ішкі өндірістік құжаттарын білдіретін және қаржы нарығында айналысқа түсетін қағаздар, бағалы заттарға жатпайтын қаржы құжаттарының Сақтанушының тапсырмасы бойынша курьерлік ұйымның тасымалдауы кезінде жойылуы, жоғалуы (ұрлануы), бүлінуінен келтірілген шығындар.

3.2.4. Сақтанушы ұсынған келесі құжаттарға қасақана заңға қайшы өзгерістер енгізу немесе жалған қол қоюдан келтірілген шығындар:

-чектер (клиенттің ағымдағы шотын жүргізетін Сақтанушыға чекті ұсынушыға немесе чекте көрсетілген басқа тұлғаға белгілі бір соманы төлеуге сөзсіз бұйрығы түріндегі, Сақтанушы төлеуші болып табылатын аударым векселінің бір түрі);

- тратталар (Банк өзіне жазып берген және талап ету бойынша бас бөлімшеде немесе филиалда төлеуге жататын аударым вексельдері);

- вексельдер (вексель беруші вексель ұстаушыға жазып берген және талап ету бойынша немесе вексель ұстаушы немесе оның бұйрығы бойынша белгілі бір мерзім үшін төлем міндеттемесі бар шартсыз жазбаша міндеттемелер);

- банк акцептері (банк акцептеген аударым вексельдері);

- депозиттік сертификаттар (банк ақша салымын сақтауға қабылдағанын растау үшін берген құжаттар және салымшыға оның талап етуі бойынша немесе сенімхат болған жағдайда басқа тұлғаға белгілі бір уақыт мерзімі өткеннен кейін пайыздармен салым сомасын төлеуге міндеттенеді);

3.2.5. Сақтанушы төлеуге қабылдаған вексельге, банктегі шоттан ақша қаражатын алуға арналған тапсырмаға жалған қол қоюмен немесе басқа да құқыққа қарсы өзгерістерді қасақана енгізумен келтірілген шығындар.

3.2.4, 3.2.5-тармақтарда көрсетілген шығындар Сақтанушыға өтеледі, егер:

- жоғарыда көрсетілген төлем құжаттары жазбаша (құжаттамалық) нысанда орындалса;

- көрсетілген төлем құжаттарымен жұмыс істейтін Сақтанушының қызметкерінде түпнұсқалық құжаттардың үлгілері болса;

- шығын жалған қолдың немесе басқа да құқыққа қайшы өзгерістің болуына байланысты Сақтанушының қызметкері қолдан жасалған қолды түпнұсқадан дер кезінде ажырата алмауының нәтижесінде келтірілген шығын.

Сәйкес рұқсаты болмастан, тек алдау мақсатында басқа адам үшін қойылған қол жалған қол деп танылады.

Осы құжаттарды дайындаумен айналыспаған тұлғаның алаяқтық мақсатында қаржы құжаттарына жазбаша өзгерістер енгізуі құқыққа қарсы өзгерістер деп танылады.

3.2.6. Іс жүргізу шеңберінде адал және дағдылы жүзеге асырылатын операцияларды (жұмыстар) төмендегі сипаттағы бағалы қағаздармен жүргізу нәтижесінде Сақтанушы шеккен залалдар:

- жалған қолы бар бағалы қағаздар; немесе

- оларға қасақана құқыққа қарсы өзгерістер енгізілген; немесе

- жалған бағалы қағаздар (жалған бағалы қағаз деп алдау мақсатында түпнұсқадан көшірілген бағалы қағаздың көшірмесі саналады, оның ұқсас болғаны соншалықты, жалған қағазды түпнұсқадан айыра алмағаннан Банк шығын шегеді); немесе

- жоғалған немесе ұрланған бағалы қағаздар.

Жоғарыда көрсетілген залалдар мынадай жағдайда өтеледі:

а) шығындар Сақтанушының жеке иелігіндегі бағалы қағаздармен операциялар барысында болды. Бұл ретте Сақтанушының жеке иелігіндегі бағалы қағаздар болып келесілер саналады:

- бизнесті жүргізудің әдеттегі шеңберінде басқа ұйымдарға/мекемелерге салынған, сақтауға салынған;

б) бағалы қағаздар жазбаша (құжаттамалық) нысанда орындалған, бұл ретте Сақтанушының осы құжаттармен жұмыс істейтін қызметкерінде түпнұсқа құжаттарының үлгілері (үлгілерінің көшірмелері) бар;

в) зиян жалған қолдың немесе басқа да құқыққа қарсы өзгерістің болуына байланысты Сақтанушының қызметкері қолдан жасауды түпнұсқадан уақтылы айыра алмауының нәтижесінде келтірілген.

Бағалы қағаздар деп Сақтандыру шартында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары түсініледі:

а) акциялардың сертификаттары, капиталдағы акциялар үлесіне куәліктер, бағалы қағаздарды сатып алуға варранттар, акционерлік қоғамдардың облигациялары;

б) мүліктермен қамтамасыз етілген, нысаны бойынша корпоративтік облигациялармен ұқсас шаруашылық серіктестіктерінің, оның ішінде үшінші тұлғалардың облигациялары;

в) мемлекеттік бағалы қағаздар немесе мемлекет кепілдік берген бағалы қағаздар, жергілікті билік органдарының бағалы қағаздары, борыштық міндеттемелер, облигациялар, купондар немесе мемлекет немесе жергілікті билік органдары айналысқа шығарған варранттар;

г) жылжымайтын мүлікке кепілдік; кепіл бойынша құқықтарды беруді растайтын құжаттар;

д) қаржылық вексельдер мен меншікті және банк төлеген вексельдерді қоспағанда, жай вексельдер;

е) Банктің өзі айналысқа шығарған сертификаттарды қоспағанда, Банк Қарыз алушыдан кепіл ретінде алған депозиттік және жинақ сертификаттары;

ж) аккредитивтер (клиенттің нұсқауы бойынша берілетін және белгілі бір соманы үшінші тұлғаға төлеуге кепілдік беретін банк құжаттары, әдетте, оларда айтылған талаптарды басқа банк арқылы орындаған кезде).

3.2.7. Төлем құралы ретінде жалған банкноттарды, әлемнің кез келген елінің монеталарын қабылдау жөніндегі операцияларды жүргізу шеңберінде жұмысты адал және дағдылы жүргізу нәтижесінде Сақтанушы шеккен залалдар, Сақтанушы пайдаланатын валюталардың түпнұсқалығының стандартты детекторлары олардың қолдан жасалғанын анықтай алмаған және банкноттар (монеталар) айналымнан шықпаған жағдайда.

3.2.8. Сақтанушыға зиян келтіру немесе өзі үшін заңсыз қаржылық (материалдық) пайда алу мақсатында Сақтанушының қызметкерінің жалғыз өзі, сондай-ақ басқа адамдармен сөз байласумен жасаған қасақана құқыққа қарсы іс-әрекеттері нәтижесінде Сақтанушы шеккен залалдар:

- сауда операцияларын жүргізу (бағалы қағаздарды, бағалы металдарды және басқа да тауарларды, фьючерстерді, опциондарды, валютаны және т. б. сатып алу-сатуға байланысты операциялар).

Бұл ретте Сақтанушының қызметкерлері болып танылады:

- Банк үй-жайларында жұмыс істейтін еңбек ақысын алатын және осы жұмысты орындау мерзімі ішінде Сақтанушы әкімшілігіне бағынатын тұлғалар (Сақтанушы басқармасының құрамына кірмейтін басшы қызметкерлерді қоса алғанда);

- Сақтанушының үй-жайларында практикадан өтетін студенттер мен өзге де оқушылар;

- жұмысы электрондық деректерді өңдеуге, бағдарламалауға, бағдарламалық қамтамасыз етуге және осындай басқа да қызметке байланысты тұлғаларды қоспағанда, Сақтанушының үй-жайларында уақытша жұмыс істейтін адамдар.

3.3. Сақтандырушы сондай-ақ осы сақтандырумен өтелетін шығындарға байланысты іс-әрекеттерге немесе оқиғаларға қатысты Сақтанушыға қарсы талап қою бойынша сот талқылауында қорғау кезінде Сақтандырушының алдын ала жазбаша келісімімен Сақтанушының орынды және ақылға қонымды шеккен сот және заң шығындарын да өтейді. Алайда, Сақтандырушының мұндай шығыстарды төлеуі өтеудің агрегаттық лимитін және тиісті сақтандырумен жабылатын шығындар бойынша өтеудің кіші лититін тиісті қысқартуға әкеп соғады.

3.4. Сақтанушының қызметкері болып табылатындығына қарамастан, бір тұлғаның қасақана іс-әрекеттері, сондай-ақ салғырттығы (абайсызда) нәтижесінде Сақтанушы шеккен шығындардың барлық жағдайлары жиынтығында бір шығын ретінде қаралады.

4. Сақтандыру оқиғаларынан алып тастау

4.1. 3.2.8-т. сәйкес сақтандырумен жабылатын заңсыз қаржылық (материалдық) пайдаға жатпайды:

- жалақы және оны көтеру;

- қаламақы, комиссиялық сыйақы;

- пайдаға қатысу;

- басқа да табыс немесе сыйақы түрлері, соның ішінде іскерлік кездесулерге қатысу, бағалы сыйлықтар, сапарды, тамақтану, демалысты төлеу және т. б.

4.2. Тікелей немесе жанама түрде террористік актілердің салдары болып табылатын немесе одан туындаған Ереженің 3.2.1. т. сәйкес сақтандырумен жабылатын бағалы мүліктің жоғалуы немесе зиян келтіруден болған шығындар өтелмейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес айқындалатын іс-әрекеттер террористік актілер деп танылады.

4.3. Магниттік тасымалдағыштарға енгізілген ақпарат пен деректердің жоғалуынан немесе зақымдануынан, сондай-ақ бағалы мүлікке жатпайтын шоттар бойынша кез келген электрондық сымдардағы іркілістерден (қатеден) болған шығындар өтелмейді.

4.4. 3.2.6-т.сәйкес сақтандырумен өтелетін залалдар тек қана алаяқтық дайындалған жалған ақпаратты қамтитын бағалы қағаздармен жасалған операциялардан (бұл бағалы қағаздар осы Ережелер бойынша жалған ақпаратқа жатпайды), сондай-ақ құжатсыз вексельдерден туындаған шығындар өтелмейді.

4.5. 3.2.1-т. сәйкес сақтандырумен жабылатын төмендегі шығындар өтелмейді:

- компьютерлерге, компьютерлік бағдарламаларға, компьютерлік ақпаратқа, ақпарат жинақтаушыларға (магнитті таспаларға, дискілерге және басқа да тасымалдаушыларға), сондай-ақ компьютерлік жүйелер мен телекоммуникациялық желілерге қатысы бар өзге де жабдықтарға;

- өрт нәтижесінде, оның пайда болу себептеріне қарамастан;

- тікелей немесе жанама түрде туындаған немесе террористік актілердің нәтижесі болып табылған (алайда бұл ерекшелік ұрлық, өзге де ұрлау немесе оларды жасауға әрекет ету нәтижесінде Сақтанушы шеккен залалға қолданылмайды; бұл ретте осы сақтандыру бойынша шығындарды төлеуге талап қойылған жағдайда, сондай-ақ істі кез келген талқылау кезінде шығын аталған ерекшелікке жатпайтынын дәлелдеу ауыртпалығы Сақтанушыға жүктеледі).

4.6. Сақтандырумен сондай-ақ келесілер өтелмейді:

а) шығындар:

- сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде болған, бірақ сақтандыру шартында белгіленген күнге дейін ("ретроактивті күн") әрекет ете бастаған себептер бойынша болған сақтандыру жағдайы нәтижесінде Сақтанушы шеккен;

- Сақтанушы сақтандыру шарты заңды күшіне енгенге дейін анықтаған;

- сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін табылған;

- Сақтанушыда бұрын тиісті сақтандыру шарты жасалған басқа Сақтандырушыларға хабарлама берілді;

б) Сақтанушы Басқармасының немесе директорлар кеңесінің мүшелері болып табылатын Сақтанушы басшыларының әрекеттері немесе қателері нәтижесінде толық немесе ішінара туындаған залал;

в) Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес заңсыз қаржылық (материалдық) пайда алуға әкеп соқпайтын Сақтанушы қызметкерлерінің қасақана құқыққа қарсы іс-әрекеттері нәтижесінде тікелей немесе жанама пайда болған залал;

г) Қолдан жасауды, жалған жасауды және Ереженің 3.2.6, 3.2.8-тармақтарында айтылған жағдайларды қоспағанда, басқа да қасақана құқыққа қарсы іс-әрекеттерді қоса алғанда, кез келген себептер нәтижесінде толық орындалмаған жасалған мәмілелер бойынша Сақтанушының міндеттемелері болып табылатын төлемдерді немесе есептен шығаруды жүзеге асыру нәтижесінде толық немесе ішінара туындаған залал;

д) Ереженің 3.2.8-тармағында айтылған жағдайларды қоспағанда, Сақтанушының төлемдерді, аударымдарды, ақша қаражатын жеткізуді және шоттар бойынша басқа да операцияларды қате жүзеге асыруы нәтижесінде туындаған залал;

е) бағалы мүлікті қоса алғанда, кез келген заттың зақымдануы нәтижесінде пайда болған залал (Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелетін залалдарды қоспағанда):

- клиенттің жеке депозиттік ұяшығында сақталатын;

- сақтауға қабылданған және тіркелген бағалы қағаздарды қоспағанда, клиенттің атынан Сақтанушыда қауіпсіз сақтауда тұрған заттар;

ж) төмендегілерді қоспағанда, физикалық зәбір көрсету, қатері, сатып алуды талап ету немесе басқа мүлікті бұзу қатері төнген жағдайларда бағалы мүлікті беру нәтижесінде туындаған залал:

- осы шығын Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелетін жағдайда өзіне заңсыз қаржылық пайданы алу мақсатында әрекет ететін Сақтанушының қызметкері қауіп көзі болып табылатын жағдайда;

- осы шығын Ереженің 3.2.1-тармағына сәйкес өтелетін жағдайда Сақтанушының үй-жайында орналасқан тұлғаның тікелей Сақтанушының үй-жайында орналасқан басқа тұлғаның оған дене жарақатын салу қаупінен бағалы мүлікті беру жағдайы;

- бағалы мүлікті беру мүлікті тасымалдау кезінде жүргізіледі, бұл жағдайда тасымалдау басталғанға дейін Сақтанушы дайындалып жатқан шабуыл жасау туралы мәліметтерден хабарсыз болуы және бұл шығын Ереженің 3.2.2, 3.2.3 -тармақтарына сәйкес өтелуі шарты сақталып, жүкті тасымалдау тапсырылған адамдар физикалық зәбір көру қаупінде болады;

з) Сақтанушы өзге де жасанды және құқыққа қарсы өзгерістерден шеккен, Ереженің 3.2.1, 3.2.4, 3.2.5, 3.2.6-тармақтарына сәйкес жабуға түсетін тікелей және жанама шығындар;

и) Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелетін қоспағанда, өзге де жасанды және басқа да түрде құқыққа қайшы өзгертілген жол чектері мен жол аккредитивтері нәтижесінде туындаған тікелей және жанама шығындар;

к) Ереженің 3.2.1, 3.2.2, 3.2.3, 3.2.8-тармақтарына сәйкес өтеуге жататын шығындарды қоспағанда, Сақтанушы жауапты болатын чектерді кейіннен эмитент төлеген немесе төлеуге қабылдаған жағдайда, сатылмаған жол чектерін жоғалту нәтижесінде туындаған шығындар;

л) 3.3.8 т.сәйкес өтелетін залалдарды, сондай-ақ Ереженің 3.2.1, 3.2.2, 3.2.3 т.т. сәйкес өтелуі қажетті Сақтанушы құжаттарды жоғалтудан шеккен залалдарды қоспағанда, түпнұсқа да, қолдан жасалған коносаменттермен, жүкқұжаттармен, қойма қолхаттарымен, сенімхаттармен немесе әрекеті немесе мақсаты бойынша ұқсас кез келген басқа да шоттармен, құжаттармен және қолхаттармен операциялар нәтижесінде пайда болған тікелей және жанама шығындар;

м) Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелетін шығындарды қоспағанда, шығарылған (эмиссияланған) немесе Сақтанушының өзі де, басқа да қаржы институты да айналымға шығарылған пластикалық кредиттік, дебеттік, сәйкестендіру немесе басқа да карточкаларды пайдалану нәтижесінде туындаған тікелей және жанама шығындар;

н) проценттерді, дивидендтерді, гонорарларды, комиссиялық сыйақыны және т. б. қоса алғанда, табысты (пайданы) жоғалтуға байланысты шығындар;

о) басқа қаржы ұйымының немесе депозитарийдің кінәсінен, сондай-ақ олардың құқықтық мирасқорларының немесе тарату комиссиясының кінәсінен толық немесе ішінара туындаған залалдар (осы залал Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес жабылуға түсетін жағдайларды қоспағанда):

- өздерінің иелігіндегі бағалы мүлікті немесе ақша қаражатын төлемеу, қайтармау немесе жеткізбеу;

- Сақтанушыға олар үшін жауапты болатын шығындарды өтеуден бас тарту;

п) үшінші тұлғаларға олардың ақшалай қаражаты мен мүлкіне келтірілген залал үшін, мұндай тікелей шығындар осы сақтандыру бойынша өтеуге жататын жағдайда, тікелей қаржы шығындарын қоспағанда, Сақтанушыға қолданылған айыппұл санкцияларының нәтижесінде туындаған залалдар;

р) сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде туындаған жанама залалдар, сондай-ақ кейінгі кез келген түрдегі залалдар;

с) осы сақтандыру бойынша өтелетін залалдардың фактісі мен мөлшерін анықтау немесе анықтауға әрекет ету кезінде Сақтанушы шеккен шығындар;

т) Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелуі қажет заңды шығындарды қоспағанда, талап қою бойынша өз мүдделерін қорғау кезінде Сақтанушы шеккен шығындар;

у) осы шығындар Ереженің 3.2.4, 3.2.5, 3.2.6, 3.2.8-тармақтарының бөлімдеріне сәйкес өтеуге жататын жағдайларды қоспағанда, сауда операциялары бойынша тікелей немесе жанама шығындар;

ф) табиғи тозу немесе ескіру, біртіндеп бұзылу нәтижесінде, сондай-ақ мүліктің шіркейлер немесе басқа да жәндіктер, грибоктардың зақымдануы нәтижесінде пайда болған шығындар;

х) дүлей зілзалалар мен табиғи катаклизмдер (Тайфун, дауыл, циклон, вулкандық атқылаулар, жер сілкінісі және т. б.) және олар туындаған немесе одан кейінгі өрт, су басу, мародерство және т. б. нәтижесінде туындаған шығындар;

ц) соғысқа, әскери іс-қимылдарға, басып кіруге, сыртқы жаулардың жауынгерлік іс-қимылдарына (соғыс жарияланғанына немесе жарияланмағанына қарамастан), бүлікке, көтеріліске, төңкеріске, азаматтық толқуларға, азаматтық соғысқа, соғыс жағдайын енгізуге және билікті узурпациялауға, коменданттық сағатқа немесе заңды билік өкілдерінің іс-қимылдарына тікелей немесе жанама байланысты шығындар; сонымен бірге төрелік немесе сот талқылауын қоса алғанда, сақтандыру шарты бойынша шығындарды реттеудің кез келген кезеңінде, ал шығынның аталған залалдар қатарына жатпайтынын дәлелдеу ауыртпалығы Сақтанушыға тиесілі;

с) тікелей немесе жанама туындаған немесе салдары болып табылатын шығындар үшін үшінші тұлғалар алдындағы кез келген шығындар, мүліктің жойылуы немесе зақымдануы, шеккен шығындар немесе Сақтанушының заңды жауапкершілігі:

- иондаушы радиация немесе радиоактивті ластану (ядролық отын, радиоактивті қалдықтар, ядролық отын қалдықтары);

- құрамында радиоактивті заттар мен олардың компоненттері бар радиоактивті, уытты, жарылыс қаупі бар немесе басқа да мүлікті пайдалану;

ш) осы шығындар Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес жабынға түскен жағдайларды қоспағанда, электрондық деректерді енгізу, түрлендіру, жою нәтижесінде туындаған шығындар;

щ) осы шығындар Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелетін жағдайларды қоспағанда, төлем туралы нұсқаулықтарда немесе хабарламаларда қамтылған нұсқауларды телетайп, терминал немесе басқа құрылғы көмегімен Сақтанушының компьютерлік желісіне енгізу немесе алу нәтижесінде туындаған шығындар;

э) басқа Сақтандырушымен қандай да бір сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартын ұйымдастыру және/немесе оған қол қою (немесе оны ұйымдастырудан немесе оған қол қоюдан бас тарту) нәтижесінде туындаған тікелей немесе жанама шығындар, сондай-ақ Сақтанушының қызметкерлерінің ұрлық жасауы нәтижесінде Сақтанушыға келтірілген және Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес өтелетін шығындар бойынша сақтандыру өтемі ретінде қабылданған соманы немесе сақтандыру сыйлықақысын жоғалту оқиғаларын қоспағанда, осындай шартқа агент немесе принципал ретінде қатысуына байланысты сақтандыру немесе қайта сақтандыру полисін, сертификат, ковернот, аннуитет, индоссамент немесе облигаторлық сенім беруді қоса алғанда, кез келген жауапкершілік;

с) мемлекеттік почта қызметіне жіберу үшін сенім білдірілген бағалы мүлікті жоғалту нәтижесінде туындаған шығындар, осы шығындар Ереженің 3.2.8-тармағына сәйкес жабынға түсетін жағдайларды қоспағанда.

5. Сақтандыру сомасы және франшиза

5.1. Сақтандыру сомасы сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы туындағанда Сақтандырушының жауапкешілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы болып табылады.

5.2. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен анықталады және мынадан аспайды:

5.2.1. осы аймақтағы мүліктің Сақтандыру шартын жасау сәтіндегі Ереженің 3.2.1-3.2.4. т. көрсетілген нақты құны;

Мүліктің нақты құны ретінде келесілерді айтады:

1) нарықтық құн- мәміленің тараптары барық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып әрекет еткенде, бәсекелестік шарттарындағы мәміле негізінде осы объектті иеліктен шығаруда мүмкін болар барынша ықтимал баға, бұл ретте төмендегі жағдайларда мәміленің бағасында қандай да бір төтенше мән-жайлар көрсетілмейді:

А. Мәміленің тараптарының бірі бағалау объектісін иеліктен шығаруға тиісті емес. Ал екінші тарап оны алуға міндетті емес;

В. Мәміленің тараптары мәміленің мәні туралы жақсы хабардар және өз мүддесінде әрекет етеді;

C. мәміле бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының баламасын және мәміле тараптарына қатысты мәміле жасауға біреудің тарапынан мәжбүрлеудің болмағанын білдіреді;

2) шарттық құн – сақтандыру шартында көрсетілген мүлікті сатып алу кезінде қол жеткізілген тараптардың келісімі бойынша белгіленген құн;

3) баланстық құн – есепті күнге бухгалтерлік баланста (есепте) көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерінің бастапқы немесе ағымдағы құны (жинақталған амортизация сомасын шегергенде).

5.2.2. сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының туындауы мүмкін банктік және/немесе қаржылық қызметтен болатын шығын.

5.3. Сақтандырушы Сақтанушының өзін әдейі адастырғанын дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, Тараптар сақтандыру шартында белгіленген мүліктің құнын даулай алмайды.

5.4. Егер сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан асып кетсе, оның ішінде екі немесе бірнеше Сақтандырушыда бір сақтандыру объектісін сақтандыру нәтижесінде (қос сақтандыру) шарт сақтандыру сомасынан асатын сақтандыру сомасының сол бөлігінде жарамсыз болып табылады, ал сақтандыру сыйлықақысының артық төленген бөлігі бұл жағдайда қайтаруға жатпайды; ал егер сақтандыру шартында сақтандыру сомасының көбеюі Сақтанушы тарапынан жасалған алдаудың салдары болып табылса, Сақтандырушы сақтандыру шартын жарамсыз деп тануды және оның осы залалдарды өтеуін талап етуге құқылы.

5.5. Сақтандыру шартында Тараптар шартсыз франшиза мөлшерін (Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату) көрсетуі мүмкін. Франшиза сақтандыру сомасының белгілі бір пайызы түрінде немесе анық ақша сомасында белгіленуі мүмкін.

5.6. Шартсыз франшиза белгіленген кезде франшизаның белгіленген мөлшерінен кем немесе тең залал өтелмейді; франшизаның мөлшерінен асатын залал залалдың толық сомасы мен франшизаның белгіленген мөлшері арасындағы айырма мөлшерінде өтеледі.

5.7. Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде Сақтандырушы мен Сақтанушының келісімі бойынша сақтандыру сомасының мөлшері өзгеруі мүмкін. Бұл ретте Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын қайта есептеуді жүргізуге құқылы.

5.8. Сақтандыру шартында Сақтанушының сақтандыру жағдайы нәтижесінде өтелмейтін шығыны – Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын шығындарды өтеуден босататын шартсыз франшиза көзделуі мүмкін.

5.9. Франшиза тараптардың келісімімен сақтандыру сомасының пайызы түрінде немесе абсолютті мөшерде белгіленеді:

-шартты франшизаны белгілеу кезінде Сақтандырушы фрншиза сомасынан аспайтын залал үшін жауапкершілік көтермейді, бірақ егероның мөлшері франшиза сомасынын асаатын болса, онда залалды толығымен өтейді.

- шартсыз франшизаны белгілеу кезінде Сақтандырушы барлық жағдайда франшиза сомасын шегеріп тастап залалды өтейді.

6. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ

6.1. Сақтандыру сыйлықақысы - Сақтандырушының Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде төлеуге міндетті ақша сомасы.

6.2. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен айқындалады, Сақтандырушыда қабылданған тарифтік мөлшерлеменің мөлшеріне сәйкес есептеледі. Сақтандыру сыйлықақыларының ставкалары сақтандыру жағдайының басталу тәуекелінің дәрежесіне әсер ететін факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

6.3. Тарифтік мөлшерлеме сақтандыру сомасына пайыздық мәнде айқындалады және сақтандыру шартында белгіленеді.

6.4. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру сомасын тарифтік мөлшерлемесіне көбейту жолымен есептеледі және ақшалай белгіленеді.

6.5. Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушының банк шотына ақша аудару жолымен не Сақтандырушының кассасына қолма-қол ақша енгізу жолымен төленеді.

6.6. Тараптардың келісімі бойынша Сақтанушы Сақтандыру шартындағы сақтандыру сыйлықақысын бір мезгілде немесе бөліп төлесе болады. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу түрі, тәртібі және мезгілі Сақтандыру шартында анықталады.

6.7. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу күні болып ақша банк шотына немесе Сақтандырушының кассасына түскен күн саналады.

6.8. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын/ бірінші сақтандыру жарнасын төлеу міндеті, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Тараптардың уәкілетті өкілдері Сақтандыру шартына қол қойған күннен бастап туындайды.

7. Сақтандыру шарты

7.1. Сақтандыру шарты Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын/ бірінші сақтандыру жарнасын төлегеннен кейінгі күннен бастап, егер Шартта өзгеше көзделмесе, күшіне енеді.

7.2. Егер Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі сақтандыру шартының қолданылу кезеңіне сәйкес келеді.

7.3. Егер Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтандыру шарты шарттың қолданылу мерзімінің соңғы күнінде өз әрекетін тоқтатады.

7.4. Егер Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтандырушының банктік шотына ақша аудару жолымен сақтандыру сыйлықақысын төлеу кезінде Сақтандыру шартының қолданылуы Сақтандырушының банктік шотына ақша түскен күннен кейінгі күннен басталады.

7.5. Сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының кассасына қолма-қол ақшамен төлеген кезде Шарттың қолданылуы, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, Сақтандырушының кассасына ақша салынған күннен кейінгі күннен басталады.

7.6. Тараптардың келісімі бойынша Сақтандыру шарты бір Тарап екінші Тарапқа Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға және сақтандыру сыйлықақысын төлегенге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын бұл туралы хабарлаған жағдайда келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

7.7. Осы Ережеге сай, егер Сақтандыру шартында өзгеше айтылмаса, Қазақстан Республикасының аумағы сақтандыру аумағы болып саналады.

8. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

8.1. Сақтандырушының міндеттері:

1) Сақтанушыны Сақтандыру ережелерімен таныстыру;

2) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында белгіленген мерзімде, тәртіп пен мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асыру;

3) Сақтанушымен қарым-қатынаста құпиялылықты қамтамасыз ету, Сақтанушы және оның мүліктік жағдайы туралы мәліметтерді жарияламау;

4) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін ол жүргізген шығындарды өтеу;

5) ҚР АК 820 және 830-баптарына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

6) Сақтанушы (Сақтандырылушы) немесе жәбірленуші (Пайда алушы) немесе олардың өкілінің осы Сақтандыру ережесінің 10-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар ету;

7) Сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.2. Сақтандырушы құқылы:

1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

2) Ереже мен Сақтандыру шартында көзделген келесі жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан ішінара немесе толығымен бас тарту:

а) Сақтанушының Сақтандыру шарты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзу;

б) Сақтанушының әрекеті сақтандыру жағдаайымен себептік байланыста тұратын қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық болып танылса;

в) Сақтанушының сақтандыру объекті туралы көрінеу жалған немесе бұрмаланған мәліметтерді хабарлауы;

г) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайы туралы сақтандыру шартында белгіленген мерзім ішінде ескертпеу;

д) Сақтанушының Сақтандырушы анықтаған сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын арттыратын фактілерді жоюға байланысты шараларды қабылдамауы;

е) сақтандыру жағдайының салдарын азайтуға байланысты шараларды қасақана қабылдамауы;

3) қажеттілігіне байланысты құзырлы органдарга сұраныс жіберуге;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

8.3. Сақтанушының міндеттері:

1) Сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2) Сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын бағалау және одан келетін залалды (сақтандыру тәуекелі) үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы хабарлауға және Сақтандырушы сұратқан құжаттарды беру;

3) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар ету;

4) Сақтандырушыны сақтандыружағдайының басталуы туралы сақтандыру шартында белгіленген мерзімде ескерту және залал мөлшерін азайту бойынша шаралар қабылдау;

5) Шартты жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыны осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы ақпараттандыру;

6) Сақтандырушының өкілдеріне олардың сақтандыру шартын жасау және орындаумен байланысты шараларды жүргізуі үшін қажетті шарттарды жасау;

7) егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізу, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттарды жинау және т. б. бойынша шығындарды көтеру;

8) талап ету құқығының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғадан Сақтандырушыға өтуін қамтамасыз ету;

9) сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушының Сақтанушыға зиян келтіргені үшін жауапты адамға кері талап қою құқығын іске асыруы үшін қажетті өзінде бар барлық құжаттарды Сақтандырушыға уақтылы беру;

10) сақтандыру шартын жасасқанға дейін Сақтандырушыға беру:

а) сақтандыру мәніне құқық белгілейтін құжаттар (мүліктің түріне байланысты меншік құқығы туралы куәлік, мүлікке қатысты басқа мәміленің шарты немесе құжаттамалық растауы, жылжымайтын мүлікті беру актісі, сот шешімі, тиісті органның өкімі және т. б.),

б) мүліктің техникалық және пайдалану жай-күйі туралы құжаттар (мүліктің түріне байланысты қаржы-жеке шот, құн туралы анықтама, жер учаскесінің жоспары, техникалық паспорт және т. б.),

в) мүлікке меншік құқығының пайда болуы және ауысуы туралы куәландыратын құжаттар (мүліктің түріне байланысты үй кітабынан үзінді, меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және т.б.). Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтанушы қосымша құжаттарды ұсынады;

11) Сақтандыру шартында және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасау.

8.4. Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) Осы Ережеде көзделген тәртіппен, мерзімде сақтандыру төлемін алуға;

3) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына дау айтуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

8.5. Сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтанушы міндетті:

1) қосымша зиянның туындауына ықпал ететін себептердің алдын алу және жою үшін қажетті шараларды дереу қолдануға;

2) зиян келтірілгені туралы ақпарат алғаннан кейін сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиғаның басталуы туралы белгілі болған немесе белгілі болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлауға және құзыретті органдарға: құқық қорғау органдарына, өрттен қорғау бөліміне және т. б. осы сақтандыру жағдайы туралы мәлімдеуге;

3) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының мән-жайлары, келтірілген зиянның түрлері мен мөлшері туралы өзіне белгілі барлық мәліметтерді хабарлауға;

4) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуына, оның себептеріне, шығын мөлшеріне қатысты құжаттарды (құзыретті органдардың қорытындылары, залал сомасының негіздемесі және т. б.) ұсынуға;

5) сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған өзіне ауысқан Сақтандырушының талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.

6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеру, оның ішінде сараптама жүргізу, сарапшылардың оқиға болған жерге шығуы, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттарды жинау және т. б. бойынша шығындарды көтеру.

9. Сақтандыру төлемін жүргізудің тәртібі мен талаптары. Сақтандыру төлемін жүргізуден бас тарту

9.1. Сақтандырушы Сақтандыру шарты бойынша нақты залалдың, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жауапкершілік көтереді.

9.2. Сақтандыру төлемі Сақтанушының/ Сақтандырылушының өтініші негізінде Сақтандыру шартында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы арқылы Пайда алушыға жүргізіледі.

9.3. Сақтандыру төлемін жүргізу үшін Сақтанушы/ Сақтандырылушы Сақтандырушыға ұсынады:

1) сақтандыру жағдайы туралы өтініш;

2) сақтандыру жағдайының басталу фактісін, себебі мен мән-жайларын, залал мөлшерін бекітетін құзырлы органдардың құжаттары;

3) Сақтандыру шартының түпнұсқасы;

4) Сақтандырушы ұсынған тәуелсіз сарапшының сараптама актісі;

5) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және Сақтандырушының сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау қажеттілігін бекітетін өзге құжаттар.

9.3.1. сақтандыру жағдайының басталуы туралы жазбаша өтініш;

9.3.2. Сақтандырушы қажет болған жағдайда құққық қорғаушы органдардан, банктер мен басқа да кәсіпорындардан, сондай-ақ сақтандыру жағдайының мән-жайлары туралы ақпаратқа ие ұйымдар мен мекемелерден сақтандыру жағдайының басталуымен байланысты мәліметтерді сұратады. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын өз бетімен анықтауға құқылы.

9.4. Егер сақтандыру сомасы Сақтандыру шартын жасау күніндегі мүліктің нақты құнынан аз болса, онда сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының Сақтандыру шартын жасау күніндегі мүліктің нақты құнына қатынасына пропорционалды түрде жүргізіледі.

9.5. Сақтандырушы Сақтанушы/ Сақтандырылушының келісімімен сақтандыру төлемін залалды сақтандыру сомасы шегінде заттай нысанда өтеумен ауыстыра жүргізе алады.

9.6. Сақтандыру төлемі жоғары сатыдағы сот нәтижесінде күші жойылған төменгі соттың қаулысын қайта қарағанға дейін жүргізілген болса, онда сақтандыру төлемі жоғары сатыдағы соттың шешімі күшіне енген кезден бастап 5 (бес) банк күні ішінде Сақтандырушыға қайтарылуы тиіс.

9.7. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдап және сақтандыру төлемін жүргізуге немесе оны жүргізуден баст тарту туралы шешім қабылдауға және барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап банктің 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға жазбаша дәлелді бас тарту жіберуге міндетті.

9.8. Сақтандырушы келесі жағдайларда сақтандыру төлемін жүргізуден босатылады:

1) сақтандыру жағдайы Сақтанушы/ Сақтандырылушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған қасақана әрекеттерінің салдарынан басталса;

2) Сақтанушы/ Сақтандырылушының сақтандыру жағдайының басталуының алдын алу мақсатындағы оған қолжетімді және орынды шараларды қасақана қабылдамауынан туындаған залал.

9.9. Кез келген жағдайда, сот немесе басқа процесс кезінде Сақтандырушы жоғарыда айтылған ерекшеліктер негізінде сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартқан кезде, онда кері жағдайды дәлелдеу ауыртпалығы Сақтанушы/ Сақтандырылушны жүктеледі.

9.10. Сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай шарттар ескеріле отырып айқындалады:

9.11. Бағалы қағаздарға, валютаға, бағалы металдарға қатысты шығын мөлшері шығын анықталған күннің алдындағы жұмыс күні сауда-саттық аяқталған сәттегі олардың құнына сүйене отырып анықталуы тиіс.

1. Егер осы Шартты орындау мүмкін болмаған жағдайда, аталған заттар объектілерінің құны тараптардың өзара уағдаластығы бойынша (қажет болған жағдайда тәуелсіз сараптаманы тарта отырып), Ал даулы мәселелер туындаған жағдайда - төрелік сот тәртібімен айқындалуға тиіс, бұл ретте Сақтандырушының осы сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандыру өтемінің лимитімен шектеледі (егер ол анықталса, франшизаны ескере отырып) және Сақтанушы шеккен шығын сомасы жабу лимитінен асып кеткен жағдайда да осы лимиттен артық болмауы тиіс.

2. Егер жоғалған бағалы қағаздар, валюта, бағалы металдар ауыстырылуы мүмкін болса, Сақтанушы Сақтандырушымен келіскеннен кейін Сақтандырушының шығындарын төлей отырып, оларды қалпына келтіре алады.

9.12. Сақтанушы жұмыс үшін өзіне қажетті жазбалары бар бухгалтерлік, сондай-ақ басқа да құжаттарды бүлдірген немесе жоғалтқан жағдайда, осы құжаттар қалпына келтірілуі мүмкін болған жағдайда ғана Сақтандырушы жауапты болады; бұл ретте зиянның осы түрі бойынша өтем мөлшері таза бланкілердің құнынан және ақпаратты қайта жазу бойынша Сақтанушы жүргізген жұмыстың құнынан аспауы тиіс.

9.13. Егер Сақтанушының шығынының жалпы сомасы сақтандыру шарты бойынша төленетін өтемақыдан артық болса немесе франшиза қолданылса, онда Сақтандырушының сот және өзге де заңды шығыстарды өтеу жөніндегі жауапкершілігі шығын бойынша өтемақы мөлшерінің шығынның толық сомасына тең келетін Сақтанушының немесе Сақтандырушының шеккен және төлеген заңды шығыстарының үлесімен шектеледі.

9.14. Сақтандыру төлемі жүргізілмейді, егер:

1) Сақтанушы/ Сақтандырылушы мүмкіндігі бола тұра құзыретті органдарға, сондай-ақ Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы мәлімдемесе не бұл фактіні осы органдар растамаса;

2) Сақтанушы/ Сақтандырылушы сақтандыру шартынан туындайтын талаптарды бұзса;

3) Сақтанушы/ Сақтандырылушы Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарласа;

4) Сақтанушы/ Сақтандырылушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталуын тексеруге кедергі келтіргенде;

5) Сақтанушы/ Сақтандырылушы осы залал келтіруге кінәлі адамдардан келтірілген залалдың орнын төлем алса;

6) Сақтанушы/ Сақтандырылушы залал келтіруге кінәлі адамға наразылықтан немесе оған қойылатын талаптардың іске асырылуын қамтамасыз ететін құқықтардан, сондай-ақ Сақтанушы/ Сақтандырылушы кері талап қою тәртібімен (суброгация) зиян келтірушіден өндіріп ала алатын сомаға регресстік талап қою үшін қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартқан кезде;

7) Сақтанушы/ Сақтандырылушы сақтандыру жағдайы туралы жазбаша өтінішті сақтандыру шартында белгіленген мерзімді бұза отырып берген жағдайларда.

9.15. Егер сақтандыру жағдайының басталуына байланысты фактілер бойынша Сақтанушыға/ Сақтандырылушыға қарсы қылмыстық іс қозғалса, сот процесі басталса немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтарға қатысты әкімшілік тергеу жүргізілсе, Сақтандырушы тергеу (процесс) аяқталған немесе Сақтанушының/ Сақтандырылушының кінәсіздігі анықталған сәтке дейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруды кейінге қалдыруға құқылы.

9.16. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқылы:

- егер Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы дер кезінде білгені дәлелденбесе немесе Сақтандырушыда бұл туралы мәліметтердің болмауы оның сақтандыру төлемін жүргізу міндетіне әсер етпейтіні дәлелденбесе, Сақтандырушы сақтандыру шартында келісілген мерзімде сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарланбаса;

- Сақтанушының ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қасақана ақылға қонымды және оған қол жетімді шаралар қабылдамауы салдарынан шығын пайда болса;

- сақтандыру жағдайы Сақтанушының арам ниеті салдарынан болса.

9.17. Сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім Сақтанушыға бас тарту себептерін негіздей отырып, жазбаша нысанда хабарланады.

9.18. Сақтанушы Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуын сотта немесе төрелік сотта даулай алады.

9.19. Төлемді жүзеге асырған Сақтандырушыға төленген сома шегінде Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты адамға талап ету құқығы ауысады.

9.20. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған өзіне ауысқан Сақтандырушының талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.

9.21. Егер Сақтанушы (пайда алушы) Сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғаға өз талап ету құқығынан бас тартса немесе осы құқықты жүзеге асыру Сақтанушының (пайда алушының) кінәсінен мүмкін болмаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісті бөлігінде жүзеге асырудан босатылады және артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

10. Сақтандыру шартын жасау, өгерту және тоқтату шарттары мен тәртібі

10.1. Сақтандыру шарты Сақтандырушы мен Сақтанушының арасындағы келісім, оған сәйкес Сақтандырушы сақтандыру жағдайы туғанда Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізуі тиіс, ал Сақтанушы белгіленген мерзімдерде сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті.

10.2. Сақтандыру шартын жасау үшін Сақтанушы Сақтандырушыға шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын сақтандыру шартын жасау туралы Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша жазбаша өтініш ұсынады, онда Сақтанушы Сақтандырушыға өзіне белгілі сақтандыру тәуекел дәрежесін айқындау үшін елеулі маңызы бар мән-жайларды хабарлауға міндетті.

10.3. Елеулі мән-жайлар ретінде Сақтандырушы сақтандыру шартында немесе сақтандыру туралы өтініште қалай болғанда да нақты айтқан мән-жайлар танылады.

10.4. Сақтанушы өзі ұсынған деректердің анықтығы мен толықтығына жауаптылық көтереді.

10.5. Сақтандыру шартында Сақтандыру шартында келісілген сақтандыру, егер шартта сақтандырудың қолданылуы басталуының өзге мерзімі көзделмесе, сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін болған сақтандыру жағдайларына қолданылады.

10.6. Сақтандыру шарты тараптардың бір құжатты жасауы арқылы жазбаша нысанда жасалады.

10.7. Сақтандыру шартының қолданылуы кезеңінде Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу хабарлауға міндетті.

10.8. Сақтандыру шартына барлық өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті өкілдері жазбаша ресімделген және қол қойған жағдайда заңды күшіне ие болады.

10.9. Сақтандыру шарты келесі жағдайларда тоқтатылады:

а) қолданылу мерзімінің аяқталуы;

б) Сақтандырушы Шартта белгіленген сақтандыру сомасын толық көлемде сақтандыру төлемі бойынша міндеттемені орындаған кезде;

в) Шарттың талаптарына сәйкес Сақтанушының сақтандыру жарналарын төлемеуі;

г) Сақтанушының таратылуы;

д) Сақтандырушының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен таратылуы;

е) ҚР Азаматтық заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайларда.

10.10. Сақтандыру шарты Сақтанушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін, егер бұл сақтандыру шартының талаптары бойынша, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша көзделген болса.

10.11. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы екі Тарап бір-бірін сақтандыру шартын тоқтатудың болжамды күніне дейін кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын хабардар етуге міндетті.

10.12. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 841-бабы 1-т. көзделген талаптарға сай Сақтанушының немесе Сақтандырушының талап етуі бойынша Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыға оның Шарттың аяқталмаған қолдану кезеңі үшін төлеген сақтандыру сыйлықақыларын істі жүргізуге шеккен шығындарды сақтандыру сыйлықақысы сомасының 30% мөлшерінде шегере отырып, сондай-ақ Шарт бойынша сақтандыру объектісіне қатысты төленген сақтандыру төлемдерін шегере отырып қайтарады.

10.13. Сақтанушының талабы бойынша Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде, егер бұл 9.12-тармақта көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақылары қайтаруға жатпайды.

11. СУБРОГАЦИЯ

11.1. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға осы сома шегінде Сақтанушының келтірілген зиян үшін жауапты адамға кері талап ету құқығы ауысады. Сақтанушы сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға осы талап ету құқығын іске асыру үшін қажетті өзінде бар барлық құжаттарды беруге міндетті.

11.2. Сақтанушы Сақтандырушыға өзінде бар барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және осы құқықты жүзеге асыру үшін қажетті барлық рәсімділіктерді орындауға міндетті. Егер Сақтанушы келтірілген залалға жауапты тұлғадан талап ету құқығынан бас тартса немесе осы құқықты жүзеге асыру Сақтанушының осы құқықты беруге кедергі келтіруінің (құжаттарды ұсынбау) салдарынан мүмкін болмай қалса Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізу міндетінен босатылады, ал сақтандыру төлемі жүргізіліп қойған жағдайда Сақтанушы Сақтандырушыға алынған сақтандыру төлемдерін қайтаруға міндетті.

12. Форс-мажор

12.1. Өз міндеттемелерін Шарт бойынша орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған Тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды.

12.2. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

12.3. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

12.4. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет.

13. Дауларды шешу тәртібі

13.1. Сақтандыру шарты Тараптармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жасалады және орындалады.

13.2. Сақтандыру шартына байланысты барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі, ал келіссөз арқылы реттелмеген жағдайда, даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.

14. Қосымша талаптар

14.1. Сақтандыру шартының талаптары мен мазмұны коммерциялық құпия болып табылады. Тараптар қатаң құпиялылықты сақтауға міндетті және Қазақстан Республикасының заңнамасы талап ететін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шартының ережелерін, мазмұны мен талаптарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жария етуге құқылы емес.

14.2. Егер Талаптармен өзгеше келісілмесе, құқықтар мен міндеттердің басқа тұлғаларға ауысуына рұқсат берілмейді.

14.3. Сақтандыру шарты Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Барлық өзгерістер жазбаша рәсімделген жағдайда ғана заңды күшке ие.

14.4. Сақтандыру шартына қол қоя отырып, Сақтанушы Сақтандыру ережелерінің талаптарымен танысқандығын және онымен келісетіндігін растайды.

14.5. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

14.6. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

14.7. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 14.5. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

14.8. Сақтанушы 1)-5) 14.5. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту