АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ИЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ («doplimit» жобасы)

08.09.2022 ж. өзгерістер

1.    ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру «doplimit» жобасы Ережесі (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне (бұдан әрі – ҚР АК) және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 ж. 18 желтоқсандағы №126-ІІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

1.2. Осы Ережелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» СК АҚ (бұдан әрі - «Сақтандырушы») заңды немесе әрекетке қабілетті жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) (бұдан әрі – «Сақтанушы») автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын (бұдан әрі - «Шарт») жасау жолымен көлік құралын қолдану нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтіру жағдайына автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыруды жүзеге асырады.

1.3. Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру «doplimit» жобасы шарты (бұдан әрі – сақтандыру шарты) жазбаша түрде Сақтандырушы әзірлеген осы Ережелерге Сақтандырушы біржақты тәртіпте қосу арқылы және Сақтандырушының Сақтандыру полисін Сақтанушыға электрондық нысанда (бұдан әрі – Полис) рәсімдеуі.

1.4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1)        Сақтандырушы - сақтандыруды жүзеге асырушы, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына Полис жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Тек сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына ие заңды тұлға ғана Сақтандырушы бола алады

2)        Сақтанушы - Сақтандырушымен электрондық нысанда полис рәсімдеу арқылы сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы да болып табылады.

3)        Сақтандырылушы - Сақтанушы (егер Полисте өзгеше көзделмесе) және қолданыстағы Автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисінде (бұдан әрі - АҚИ АҚЖМС) көрсетілген жеке тұлғалар.

4)        Пайда алушы - Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

5)        Сақтандыру жағдайы - оның басталуымен Полис сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жағдай. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын жағдай осы ҚР АК 817-баптың 3-тармағында көзделген белгілерге ие болуы керек.

6)        Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.

7)        Сақтандыру сыйлықақысы - Полисте белгіленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге тиісті ақша сомасы.

8)        Сақтандыру төлемі — сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төленетін ақша сомасы.

9)        Франшиза - сақтандыру талаптарымен көзделген Сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын зиянды өтеуден босату, бұл ретте барлық жағдайларда залал белгіленген соманы шегере отырып өтеледі.

10)    Үшінші тұлғалар (Жәбірленушілер) –Полис бойынша тарап болып табылмайтын, көлік құралын пайдалану нәтижесінде мүлкіне зиян келтірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны өтеу міндеттемесі көлік құралының иесі ретінде Сақтанушыға (Пайда алушыға) жүктелген жеке және заңды тұлғалар. Осы Ережелерге сәйкес Сақтанушы, Сақтандырылушы, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушының көлік құралын басқаратын жүргізуші және оның ішінде болған жолаушылар үшінші тұлғалар (жәбірленушілер) болып табылмайды.

11)    Автомобиль көлігі – жолдарда адамдарды, жүктерді немесе оларға орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған механикалық көлік құралдары мен тіркемелер, сондай-ақ негізінен көлікке жатпайтын әртүрлі жұмыстарды орындауға арналған мамандандырылған көлік құралдары.

12)    Жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – «ЖКО») - көлік құралының жолда, іргелес аумақта (жолға тікелей іргелес жатқан және көлік құралының қозғалысына арналмаған аумақ, оның ішінде аулаларды, тұрғын үй аумақтарын, автотұрақтарды, жанар-жағармай құю станцияларын, кәсіпорындарды қоса алғанда) қозғалысы кезінде болған оқиға оның қатысуымен адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына, КҚ-ның, құрылыстардың, жүктердің бүлінуіне немесе басқа да материалдық залал келтіруге, сондай-ақ қозғалмайтын немесе қозғалатын объектілерге (ғимараттар, құрылыстар, кедергілер, қоршаулар, жануарлар, ағаштар, инженерлік коммуникациялар және басқа да ҚК) соқтығысу (соғу), ҚК аударылуы.

1.5. Шарттар ары қарай Сақтанушы деп аталатын, автомобиль көлігін меншік құқығымен немесе өзге заңды негізде (шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару, жалға алу құқығы, автокөлік құралын жүргізу немесе иелік ету құқығына сенімхат, т.с.с.) пайдаланатын жеке (азаматтығына қарамастан) және заңды тұлғалармен (меншік түріне қарамастан) жасалады.

1.6. Егер Шарт заңды тұлғамен жасалса, сақтандыру қорғанысы Сақтанушыға, Сақтанушы Полисте көрсеткен автомобиль көлігін Сақтанушының өкімі бойынша пайдаланатын Сақтанушының жүргізушілеріне (жұмысшыларына) қолданылады. Сақтанушы (заңды тұлға) Полисте өздеріне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын басқа заңды және жеке тұлғаларды көрсетуге құқылы.

 

2.     САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген оның көлік құралын пайдалануына байланысты үшінші тұлғаларға келтірілген залалды ішінара немесе толық өтеу мөлшерінде өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру объектісі болып табылады.

 

3.     САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Сақтандыру оқиғасы болып Сақтанушының (Сақтандырылушының) осы Полисте көрсетілген сақтандырылған автокөлікті пайдалану нәтижесінде жәбірленуші деп танылған адамдардың мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі табылады.

3.2. Сақтандыру жағдайларына сондай-ақ қозғалатын автомобиль көлігінен бөлінген элементтермен (автомобиль көлігінің бөліктері немесе тасымалданатын заттармен) залал келтірілу оқиғалары жатады.

3.3. Залалдың пайда болу себептері қасақана сипатқа ие болмауы керек.

3.4. Сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ одан туындаған залалдардың мөлшерін дәлелдеу Сақтанушы (Сақтандырылушы) мен Пайда алушыға жатады

3.5. Пайда алушыға залал келтіру салдарынан туындаған міндеметтелер бойынша Сақтанушының (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталуы фактісі мына талаптарда сақтандыру жағдайы болып танылады:

1)    Пайда алушының мүліктік мүдделеріне зиян келтіру Сақтанушының (Сақтандырылушының) Полисте көрсетілген көлік құралын иелену фактісімен тікелей себептік байланыста болса;

2)    салдарынан үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтірілген оқиға осы Полистің қолданылу кезеңінде жасалса;

3)    зиянды өтеу туралы талап Сақтанушыға Полистің қолданылу кезеңінде немесе Полистің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде (немесе жәбірленуші зиянды өтеу туралы талап қойылған арызды сотқа шарттың қолданылу кезеңінде немесе Полистің қолданылу мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) ай ішінде берген болса – егер дау сот тәртібімен шешілсе);

4)    в действиях Страхователя (Застрахованного) отсутствуют признаки умысла.

3.6. Жасырын ниет бұл адам саналы түрде білген және құқыққа қайшы салдары бар әрекект жасауға талпынуымен сипатталады.

3.7. Еңбек шартының (келісім-шарт) негізінде, сонымен қатар азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмысын атқаратын тұлғалар, бұл ретте егер олар Сақтанушының тасырмасы бойынша оның жұмыстың қауіпсіз түрде жүргізілуін бақылауы астында әрекет еткен немесе әрекет етуге міндетті болған тұлғалар жұмысшылар деп аталады.

 

4.     САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ

4.1. Үшінші тұлғалардың мүлкіне келесілердің салдарынан келтірілген зиян сақтандыру жағдайы болып табылмайды:

1) кез келген әскери іс-қимыл немесе әскери операциялар/арнайы операциялар, диверсия, соғыс, басып кіру, шет мемлекеттің дұшпандық әрекеттері (соғыстың жарияланғанына немесе жарияланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыс;

2) көтеріліс; ереуілдер; локауттар; азаматтық қақтығыстардың өршуі немесе халық көтерілісіне ұласуы; көтеріліс; азаматтық толқулар; әскери көтеріліс; революция; билікті әскери басып алу; тәркілеу; мүлікті реквизициялау немесе мемлекет меншігіне алу; терроризм актілері[1];

3)    радиоактивті сәулелену немесе атом отынын жағудан радиоактивті отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен ластану;

4)    дүлей зілзалалар - халықтың қалыпты қызметінің бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың қирауына және жойылуына әкелетін төтенше сипаттағы табиғи құбылыстар, атап айтқанда - жер сілкінісі, жанартау атқылауы немесе жер асты өртінің әрекеті, жердің шөгуі, көшкін, таулардың құлауы, дауыл, құйын, дауыл, су тасқыны, бұршақ, нөсер, найзағай;

5)    Сақтанушының немесе Сақтандырылушының автомобиль көлігін алкогольден, уытқұмарлықтан немесе есірткіден мас күйінде немесе автомобиль көлігін басқару кезінде қолданылуына қарсы көрсетілімі бар дәрі-дәрмектік препараттардың әсерімен басқаруы;

6)    тиісті санаттағы автомобиль көлігін басқару құқығына жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаның автомобиль көлігін басқаруы немесе оған басқаруға беру;

7)    Сақтанушының немесе Сақтандырылушының теріс пиғылды іс-әрекеттері, сондай-ақ Сақтанушының немесе Сақтандырылушының кінәсі болмаған кезде жәбірленушінің абайсыздығы салдарынан жәбірленушінің қасақана іс-әрекеті;

8)    Полисте көрсетілмеген тұлға автомобиль көлігін басқару кезінде;

9)    автомобиль көлігін құқыққа қайшы иеленген адамның басқаруы;

10)       қозғалыста болмаған автомобиль көлігінің, сондай-ақ автомобиль көлігін өртеу нәтижесінде оның жануы;

11)       егер ЖКО сақтандыру қорғанысының әрекет ету кезеңінен немесе аумақтан тыс болса;

12)       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі иесінің келтірілген залал үшін жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар кезінде;

13)       Автомобиль көлігін сынақтан, спорттық немесе оқу мақсаттарында Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз пайдалану;

14)       автомобиль тасымалдаушысының (қызметкерінің) Сақтанушы-заңды тұлғаны қызметтік уақыттан тыс және тапсырмадан тыс және/немесе жол қағазынсыз пайдалануы;

15)       Автомобиль көлігін Сақтандырушымен жазбаша келісімсіз жалға, лизинг немесе жалға беру;

16)       егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы ЖКО орнынан автомобиль көлігінде не онсыз жасырынса;

17)       Сақтанушының немесе Сақтандырылушының автомобиль көлігін пайдалану ережелерін бұзуы, оның ішінде белгіленген тәртіппен техникалық байқаудан өтпеген техникалық ақауы бар автомобиль көлігін пайдалануы, сондай-ақ ЖКО-ға себеп болған өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт қаупі және жарылыс қаупі бар заттар мен жүктерді тасымалдау және сақтау ережелерін, жүктерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын (жол қозғалысы ережелеріне сәйкес) бұзуы;

18)       жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

19)       БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;

20)       кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/жайылуы;

21)       асбест, асбест талшықтары  немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).

4.2. Осы Ереже бойынша Сақтанушы немесе Сақтандырылушы үшінші тұлғаларға келтірген тікелей мүліктік зиян ғана өтелуге тиіс

5.     ПОЛИСТІ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

5.1. Сақтандыру шарты Сақтанушы белгілеген нысан бойынша электронды түрде толтырылған Сақтанушының өтініші, автокөлікті тіркеу құжаттары және автомобиль көлігіне меншік құқығын растайтын құжаттар негізінде жасалады. Өтініште автомобиль көлігі туралы барлық қажетті ақпарат болуы керек. Сақтанушы сақтандырылатын автомобиль көлігіне қатысты тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында өтініште өзіне қойылған барлық сұрақтарға жауап беруге міндетті. Сақтанушының өтініші және автомобиль көлігі туралы құжат (егер оны сақтандырушы/оның өкілі жасаса) Полистің ажырамас бөлігі болып табылады және Сақтандырушыда электронды түрде сақталады. Сақтанушы өтініште жалған мәліметтер көрсеткен жағдайда Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы. Аталған өтінішті толтыру кезінде Сақтанушы сақтандыру тәуекелін бағалау үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы Сақтандырушыға хабарлауға міндетті

5.2. Келесі мән-жайлар маңызды деп танылады:

1)    пайдалану аумағының өзгеруі;

2)    көлік құралын жалға беру, лизинг, жалға беру, кепіл және өзге де ауыртпалық салу;

3)    көлік құралын сынақтарда, спорттық немесе оқу мақсаттарында пайдалану;

4)    өтініште көрсетілген оны пайдалану мақсаттарын өзгерту;

5)    сақтандыру жағдайының басталуына қарамастан, көлік құралын едәуір зақымдау немесе жою;

6)    Полисте айтылмаған тұлғаға сенімхат беру немесе көлік құралын басқаруға (жүргізуге) құқық беру;

7)   тараптардың келісімі бойынша Полиске өзге де елеулі өзгерістер енгізілуі мүмкін.

5.3. Сақтанушы өтініште және Сақтандырушының жазбаша сұрақтарына жауапта өзі ұсынған мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5.4. Сақтанушыда, Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушыда ҚР АК 817-баптың 3-тармағында көзделген белгілер болмаған жағдайда жасалған сақтандыру шарты жарамсыз болып табылады.

5.5. Сақтандырушы Сақтандырушыға жататын міндеттерді қоса алғанда, Сақтандырылушыдан Полис бойынша міндеттерді орындауды талап етуге құқылы.

5.6. Шарт жасасу үшін Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген талаптардың/құжаттардың тізбесін қысқартуы не сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

5.7. Сақтандырушы себептерін түсіндірмей Сақтанушымен Шарт жасаудан бас тартуға құқылы.

5.8. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы Полисте көрсетілген шарттарды өзгертуді немесе тәуекелдің артуына барабар қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.

Егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы Полис талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқылы. Бұл ретте Сақтанушыға сақтандыру кезеңiнiң пайдаланылмаған қалдығына пропорционалды есептелген сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгi Полис бойынша сақтандыру сыйлықақысының 35 (отыз бес) пайызы мөлшерiнде әкiмшiлiк шығыстар және сақтандыру төлемдерінің сомалары шегерiле отырып, қайтарылады.

5.9. Сақтанушы Полисті төлеу арқылы өзінің келісімін растайды және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының № 94-V Заңына сәйкес Сақтандырушыға өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге келісімін береді.

5.10. Қажет болған жағдайда Сақтанушы ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында Сақтандырушы сұраған барлық қажетті құжаттарды беруге міндеттенеді.

Сауалнама толтыру арқылы Сақтанушы өзі жүргізген операцияның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және террористік қызметті қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуға және оны қаржыландыруға байланысты емес екенін растайды.

 

6.     ҚОСАРЛЫ САҚТАНДЫРУ

6.1. Қосарлы сақтандыру – автокөлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шарты бойынша бір объектіні бірнеше Сақтандырушыда сақтандыру.

6.2. Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қосарлы ерікті сақтандыру жағдайында әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған Шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушының барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс. Бұл ретте Сақтанушы кез келген Сақтандырушыдан онымен жасалған Шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты залалды жаппаған жағдайда, Сақтанушы жетіспейтін соманы басқа Сақтандырушыдан алуға құқылы.

6.3. Келтірілген залалды басқа сақтандырушылар өтеуіне байланысты сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара босатылған Сақтандырушы келтірілген шығындарды шегере отырып, Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.

 

7.     САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ. ФРАНШИЗА

7.1. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімімен белгіленеді және Полисте көрсетіледі.

7.2. Осы Ережелерде франшиза белгіленеді: Сақтанушының автомобиль көлігі ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінде тіркелген (тіркеуге жататын) болса, сақтандыру төлемінің сомасынан «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төлеуге жататын сома шегерiледi.

7.3. Сақтандырушының Сақтанушы алдындағы жауапкершілігінің көлемі кез келген жағдайда сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауы тиіс. Сақтандыру сомасының мөлшерінен тыс залалды өтеуді Сақтанушы өз есебінен жүзеге асырады.

 

8.     САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ОНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

8.1. Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы басталған кезде Полисте айқындалған мөлшерде Сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы

8.2. Тараптардың келісімі бойынша сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушы бір уақытта немесе кезеңді сақтандыру жарналары түрінде, қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда бөліп төлеуге міндетті.

8.3. Егер Полисте өзгеше айтылмаса, Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру үлесін) Полисте көрсетілген мерзімдерде төлемеген жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысы (бірінші немесе келесі сақтандыру сыйлықақысы) төленбеген күннен бастап Сақтандыру шартын бұзуға құқылы. Бұл ретте Сақтандыру шарты Сақтанушы төлем жасамаған күннен кейінгі күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте Сақтандыру шартының біржақты күшін жою туралы Сақтандырушының хабарламасы талап етілмейді. Бұл ретте Сақтандырушы көрсетілген мерзімде орын алған сақтандыру жағдайлары үшін жауапты болмайды.

8.4. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеде жүзеге асырылады.

 

9.     ПОЛИСТІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОРНЫ. ҰЗАРТУ

9.1. Егер Полисте өзгеше көзделмесе, Полис 12 ай мерзімге жасалады.

9.2. Егер Полисте өзгеше көзделмесе, Сақтандыру сыйлықақысын төлеу күні болып Сақтандырушының банктік шотына немесе кассасына ақша түсен күн саналады.

9.3. Егер Полисте өзгеше көзделмесе, Полис сақтандыру сыйлықақысы төленген күннен кейінгі күні күшіне енеді. сақтандыру қорғанысының әрекет ету мерзімі Полистің әрекет ету мерзімімен сәйкес келеді.

9.4. Егер Полисте өзгеше айтылмаса, ол Полистің аяқталу күні ретінде Полимте көрсетілген күннің 24 сағат немесе Сақтандырушы сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Полисте белгіленген жалпы сақтандыру сомасының мөлшерінде жүргізген кезде өз күшін тоқтатады.

9.5. Сақтандыру аумағы болып, егер Полисте өзгеше айтылмаса, Қазақстан Республикасы саналады.

9.6. Полис бірінші сақтандыру жағдайына дейін немесе бірінші туындаған сақтандыру жағдайынан соң өз әрекетін тоқтатпай, сақтандырудың толық мерзімі бойына әрекет етуі мүмкін және ол Полисте нақты көрсетіледі.

 

10.   ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

10.1. Сақтанушы құқылы:

1)        Сақтандырушыдан автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)        Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

3)        Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер енгізуге. Сақтандырылушылардың тізіміне өзгерістер енгізу үшін Сақтанушы алдын ала, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 3 күннен кем емес мерзімде, болжанған өзгерістер күніне дейін Сақтандырушыға жазбаша өтінішпен жүгінуге;

4)        Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.2. Сақтанушы міндеттері:

1)        Полисте белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2)        Полисті жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

3)        Полисте көрсетілген автокөлік құралын жарамды күйде ұстауға;

4)        Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

5)        Полисті жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;

6)        тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Полистің өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

7)        зиян келтіру мүмкіндігін азайту үшін сақтық шараларын қабылдау;

8)        Сақтандырылған адамдардың назарына сақтандыру шарттарын және оның міндеттерін жеткізу;

9)        сақтандыру шарттарын орындау (сақтандырылған адамдардың сақтандыру шарттарын бұзуы Сақтанушының өзі сақтандыру шарттарын бұзуы ретінде бағаланады);

10)    сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиға басталған кезде 12.1-тармақта көрсетілген қажетті іс-әрекеттер жасауға;

11)         бүлінген мүлікті тексеруді жүргізгенге дейін демалыс және мереке күндерін қоспағанда, кемінде 2 (екі) күн бұрын Сақтандырушыға оның өткізілетін орны мен уақыты туралы жазбаша хабарлауға;

12)         өзіне белгілі болған күннен бастап дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей (мереке және демалыс күндерін қоспағанда) Сақтандырушыға зиян келтіру фактісі (тергеу, қылмыстық іс қозғау, сотқа шақыру және т. б.) бойынша құзыретті органдардың іс-әрекеттерінің басталғаны туралы, сондай-ақ үшінші тұлғалардың сотқа шақыру туралы, талап арыз бен т. б. беру туралы барлық қойылатын талаптары туралы хабарлау;

13)         Сақтандырушының келісімінсіз зиян келтірілуіне байланысты қойылған талаптарды ішінара немесе толық мойындамау, өтемді төлемеу;

14)         Сақтандырушыны дереу хабардар етуге және егер Сақтанушының немесе Сақтандырылушының бұл үшін негізі бар болса, қойылатын талаптардың мөлшерін азайту жөнінде барлық қол жетімді шараларды қабылдау;

15)    Осы Ережеде, Полисте және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасау.

10.3. Сақтандырушының құқылы:

1)        Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Полис талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

2)        сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;

3)        Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде Шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге қарсылық білдірсе;

4)        сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

5)        Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;

6)        Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;

7)        "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтанушының жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс;

8)        осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.4. Сақтандырушының міндеттері:

1)    Сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ереженің көшірмесін ұсыну (жіберу);

2)    сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

3)    Сақтанушы осы сақтандыру Ережесінің 13-тармағы 13.2-тармақшасында көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, оны жетіспейтін құжаттар туралы шұғыл түрде, бірақ бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етуге;

4)    Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға осы Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;

5)    Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген шығындарды өтеуге;

6)    Осы Ережеде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

10.5. Пайда алушы құқылы:

1)    Сақтанушы (Сақтандырылушы) салдарынан оған зиян келтiрiлген жол-көлiк оқиғасы туралы Сақтандырушыны хабардар етуге;

2)    Сақтанушының (Сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды Сақтандырушыға ұсынуға;

3)    ознакомиться с результатами произведенной оценки (калькуляции, заключения) определения размеров причиненного ущерба и страховой выплаты;

4)    осы Ережелерде белгіленген тәртіппен сақтандыру төлемін алуға;

5)    предъявить требование о возмещении причиненного ущерба к владельцу транспортного средства в размере превышения суммы причиненного ущерба над суммой полученной страховой выплаты. алынған сақтандыру төлемi сомасынан келтiрiлген зиян сомасының асып кетуi мөлшерiнде көлiк құралының иесiне келтiрiлген зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

10.6. Осы бөлімде көзделген тараптардың құқықтары мен міндеттері толық емес. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарға ие және міндеттер атқарады.

 

11.   ШАРТТЫҢ (ПОЛИСТІҢ) ҚОЛДАНЫЛУ КЕЗЕҢІНДЕ САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛІН ҰЛҒАЙТУДЫҢ САЛДАРЫ

11.1. Полистің қолданылуы кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) Полис жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің соның ішінде 5.2. тармақта көрсетілген тәуекелдердің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу жазбаша хабарлауға міндетті

11.2. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы Сақтандыру тәуекелінің өсуіне пропорционалды сақтандыру полисінің талаптарын өзгертуді және қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.

11.3. Сақтанушы Полис шарттарын өзгертуге және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сақтандыру полисін тоқтатуды талап етуге құқылы. Бұл ретте Сақтандырушы сақтандырудың әрекет ету мерзіміне сәйкес сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін алуға құқылы.

11.4. Сақтанушы немесе Сақтандырылушы осы Ереженің 11.1-тармағында көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда Сақтандырушы Шартты бұзуды және Полисті бұзудан келтірілген залалды өтеуді талап етуге немесе сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына мөлшерлес азайтуға не сақтандыру төлемінен бас тартуға құқылы.

11.5. Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар жойылса, Сақтандырушы Сартты бұзуды талап етуге құқылы емес.

 

12.   САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

12.1. Сақтанушы/сақтандырылған автомобиль көлігін басқаруға жіберілген тұлға оған сақтандыру жағдайының белгілері бар және/немесе сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалардың басталғаны туралы белгілі болған соң:

1)        ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар, оның ішінде автомобиль көлігін құтқару және сақтау шараларын қабылдауға;

2)        Сақтандырушыға және олардың құзыретіне қарай тиісті органдар мен ұйымдарға (ішкі істер органдарының бөлімшелері) оқиғаның басталғаны туралы дереу хабарлауға; уәкілетті мемлекеттік және өзге де құзыретті органдардың оқиғаны құжаттамалық ресімдеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алдағы әрекеттерді осы тармақтың 3) тармақшасына сай Сақтандырушымен мақұлдасуға;

3)        дереу, бірақ кез келген жағдайда 1 (бір) сағаттан кешіктірмей оқиға орнына авариялық комиссарды (Сақтандырушының өкілін) шақыруға;

4)        егер авариялық комиссар оқиға орнына келмесе, дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;

5)        Сақтандырушының өкіліне бүлінген автомобиль көлігін кедергісіз қарау, залалдарды азайту және автомобиль көлігін құтқару жөніндегі іс-шараларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

6)        Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;

7)        егер Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтандырушының да, Сақтанушының да мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – осындай мүдделерді қорғау үшін Сақтандырушы көрсеткен тұлғаларға сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттар беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сотта Сақтанушының мүдделерін білдіруге немесе өзге де түрде Сақтанушының құқықтық қорғалуын жүзеге асыруға құқығы бар;

8)        сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеруге, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, сарапшылардың оқиға болған жерге баруы, мамандарды тарту және олардың кеңес беруі, қажетті құжаттарды жинау;

9)        осы Полисте және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

12.2. Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушының өкіліне ЖКО-да бүлінген автокөлік құралдарын ЖКО-дан кейін қандай жағдайда болғанын тексеру үшін ұсынуды қамтамасыз етуге міндетті.

12.3. Сақтандыру жағдайының белгілері бар және/немесе салдары сақтандыру жағдайының басталуы болуы мүмкін оқиғаның басталғаны туралы Сақтандырушыны белгіленген мерзімде хабардар етпеу, сондай-ақ Сақтандырушы өкілінің Сақтандырушы зақымдалған көлік құралдарын тексереді, оған сақтандыру төлемінен бас тарту құқығын береді.

Сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталғаны туралы өз құзыреті шегінде тиісті органдар мен ұйымдарды (ішкі істер органдарының бөлімшелерін) белгіленген мерзімде хабардар етпеу Сақтандырушыға сақтандыру төлемінен бас тартуға құқық береді.

12.4. Сақтанушы сақтандыру жағдайы бойынша ілгерідегі барлық ақпаратты хабарлауға және Сақтандырушыға қажетті көмек көрсетуге міндетті.

12.5. Сақтанушы Сақтандырушыға оның сұратуы бойынша коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, сақтандыру жағдайына байланысты мәліметтерді беруге міндетті

12.6. Сақтанушы Сақтандырушыға (оның талабы бойынша) кінә қоюды сотқа дейінгі және сот тәртібімен реттеу кезінде Сақтанушының өкілеттігін беруге міндетті.

12.7. Сақтанушы Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттемелер қабылдамауға; қандай да бір ұсыныстар қабылдамауға; Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз төлем жасамауға және осы сақтандыру жағдайына қатысы бар қандай да бір төлем жасауға уәде бермеуге міндетті.

 

13.   САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

13.1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты Сақтанушы, Сақтандырылушы не жәбірленуші тиісті талапты негіздейтін құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда береді.

13.2. Келтірілген залалдарды өтеу туралы өтінішке қоса беріледі:

1) Сақтанушының және жәбірленушілердің көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі/техникалық паспорты; жол парағының көшірмелері, жүргізуші куәліктерінің көшірмелері, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2)    зақымдалған немесе жойылған мүлікті иелену құқығын, оның сақтандыру төлемін алу құқықтарының заңдылығын, сондай-ақ оның өкілдерінің құқықтарын растайтын Пайда алушы құжаттарының көшірмелері - Сақтандырушыда жәбірленушінің мүдделерін білдіру құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхат;

3)    Ішкі істер органдары бөлімшелері құжаттарының түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалар куәландырған көшірмелері (жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, ЖКО схемасы, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттамаға қосымша, ЖКО қатысушыларының ішкі істер органдарының бөлімшелеріне түсініктемесі, заңды күшіне енген сот қаулысы);

4)    тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы жүргізген залал сомасын айқындау жөніндегі сараптамалық бағалау актісі;

5)    автомобиль көлігінің/мүліктің ауыстырылуы керек бүлінген бөлшектерін/бөліктерін беруге кепілдік хат.

13.3. Құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.

13.4. Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, егер нақты жағдайларды ескере отырып, олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталуын және шығын мөлшерін белгілеу фактісін анықтауды мүмкін емес етсе.

13.5. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті қандай да бір құжаттарды ұсынбаған жағдайда, сондай-ақ сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді осы Ережелерде белгіленген мерзімдерде қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төлем туралы өтінішті және осы Ережелерде көзделген құжаттарды немесе құжаттардың толық емес пакетін алған кезде бұл туралы Сақтанушыны (Сақтандырылушыны, Пайда алушыны) жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып немесе қосымша құжаттарды талап ету және (немесе) сақтандыру төлемін жүзеге асыру мерзімін ұзартау себептерін түсіндіре отырып, жазбаша хабардар етеді. Сақтандырушы Ережелердің 13.2-тармағында көзделген құжаттарды қоса алғанда, құжаттардың толық емес пакетін сақтанушы ұсынған жағдайда, егер қолда бар құжаттар сақтандыру жағдайының фактісін, оның туындау себептері мен жағдайларын, сондай-ақ келтірілген зиянның мөлшерін растауға мүмкіндік берсе, шешім қабылдауға және сақтандыру төлемін жасауға құқылы.

 

14.   САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

14.1. Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының басталғаны туралы жазбаша хабарлама алғаннан соң, Сақтандырушы келесі әрекеттерді жасайды:

1)        сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталу фактісін белгілейді; Сақтанушының (Пайда алушының) өтінішінде келтірілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді; нәтижесінде шығынның келтірілуіне алып келген оқиғаның туындау фактісі мен себептерін анықтайды; сарапшыларды, авариялық комиссарларды тарту қажеттілігін айқындайды, өзге әрекеттерді жүзеге асырады;

2)        при признании события страховым случаем определяет размер страховой выплаты на основании оценки независимым экспертом, рекомендованным им оқиға сақтандыру жағдайы деп танылған жағдайда өзі ұсынған тәуелсіз сарапшының бағалауы негізінде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындайды.

14.2. Сақтандырушы сақтандыру төлемін Сақтанушының (Пайда алушының) төлем және берілген құжаттар туралы жазбаша өтініші негізінде жүргізеді.

14.3. Автомобиль көлігінің иесі болып табылмайтын Пайда алушының сақтандыру төлемін алуына құқық беретін автомобиль көлігінің иесі берген нотариалды куәландырылған сенімхаты болған жағдайда, оған сақтандыру төлемі жүргізіледі.

 

15.   ШЫҒЫНДАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНІҢ МӨЛШЕРІН АЙҚЫНДАУ

15.1. Зақымдалған автокөлік құралдарына келтірілген залалдардың мөлшері тиісті лицензиясы бар сақтандырушы ұсынған тәуелсіз сарапшы жүргізген залалдың мөлшерін анықтау үшін сараптамалық бағалау актісі негізінде айқындалады.

15.2. Тараптар арасында шығындардың себептері мен мөлшері туралы даулар туындаған жағдайда тараптардың әрқайсысы сараптама жүргізуді талап етуге құқылы. Сараптама оны жүргізуді талап еткен тараптың есебінен жүргізіледі

15.3. Ауыстыруды қажет ететін бөлшектер мен тораптардың құны, бүлінген бөлшектер мен тораптарды ауыстыру және жөндеу жөніндегі жұмыстардың құны, шығын материалдарының құны өтелуге жатады. Тек зақымдануы сақтандыру жағдайынан туындаған тораптар мен бөлшектерді ауыстыру және жөндеу құны өтелуге жатады. Бұл ретте көлік құралының зақымдалған бөлшектері мен тораптарын ауыстыру оларды қалпына келтіру жөндеу жолымен одан әрі пайдалану үшін жарамды күйге келтіру мүмкін болмаған не егер бұл жөндеу экономикалық жағынан орынсыз болған, өйткені оның құны ауыстырудың жалпы құнынан (бөлшектердің, шығыс материалдары мен жұмыстардың құнын ескере отырып) асып кеткен жағдайда есепке алынады.

15.4. Есептуді жасау кезінде бөлшектер мен жөндеу жұмыстарына орташа қолданыстағы нарықтық бағалар қолданылады.

15.5. Есептеуге (сараптамалық бағалау актісі, қорытынды) енгізілмейді және өтелуге жатпайды:

1)    Автомобиль көлігіне техникалық және кепілдік қызмет көрсету;

2)    Автомобиль көлігін қайта жаңартуға және қайта жабдықтауға, олардың тозуына, техникалық ақауына және т. б. байланысты оның жекелеген бөліктерін, бөлшектері мен тораптарын жөндеуге немесе ауыстыруға байланысты жұмыстар;

3)    бүлінген автомобиль көлігін жөндеуді жүзеге асыратын ТҚС-да қажетті қосалқы бөліктер мен бөлшектердің болмауына байланысты автомобиль көлігінің тораптары мен агрегаттарын жинақта (жөндеудің орнына) ауыстыру.

15.6. Сақтандыру төлемін есептеу кезінде болмауы немесе зақымдануы қарастырылып отырған сақтандыру жағдайына тікелей қатысы жоқ, зақымдалған немесе жоқ болған бөлшектер мен агрегаттардың құны ескерілмейді.

15.7. Барлық жәбірленушілердің (үшінші тұлғалардың) мүлкіне келтірілген зиян үшін Сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемінің жалпы мөлшері бір сақтандыру жағдайы үшін Шартта айқындалатын сақтандыру сомасының мөлшерімен (жауапкершіліктің шекті көлемімен) шектеледі.

15.8. Егер үшінші тұлғалардың мүлкіне келтірілген залалдың мөлшері сақтандыру сомасының мөлшерінен асып кеткен жағдайда, сақтандыру төлемі барлық жәбірленушілерге тең үлеспен жүзеге асырылады.

15.9. Сақтанушының залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болса немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, Сақтандырушы өтеуге тиіс.

15.10. Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығындар өтемақысының жалпы сомасы Шартта көзделген сақтандыру сомасынан (жауапкершіліктің шекті көлемінен) аспайтындай етіп өтеледі. Егер шығындар Сақтанушының Сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде туындаса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.

15.11. Сақтандырушы Сақтанушының ықтимал шығындарды азайту үшін қасақана ақылға қонымды және оған қол жетімді шаралар қабылдамауы салдарынан туындаған залалдар бөлігінде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

15.12. Сақтандырушы шешім қабылдау үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Сақтанушыға (Пайда алушыға, жәбірленушіге) хабарлайды.

15.13. Егер Сақтандырушының жазбаша келісімі бойынша Сақтанушы зардап шегушіге (үшінші тұлғаға) залалды өзі өтесе, сақтандыру төлемі Сақтанушыға сақтандыру төлемі туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде не тараптардың келісімімен айқындалған мерзімде және тиісті түрде ресімделген үшінші тұлғаның қолхатын немесе залалдың орнын толтыру және Сақтанушыға талап қоюдан бас тарту туралы куәландыратын басқа құжатты алғаннан кейін жүзеге асырылады.

15.14. Құқық қорғау органдары Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) қатысты қылмыстық іс қозғаса және залалдың туындауына әкеп соқтырған мән-жайлар тергеліп жатса, сақтандыру төлемі туралы шешім оның нәтижелеріне қарай тергеу аяқталғаннан кейін қабылданады.

 

16.   САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ

16.1.      Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

1)    қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері;

2)    Сақтанушының, (Пайда алушының) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен қасақана қылмыстар деп танылған сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы әкімшілік құқық бұзушылық іс-әрекеттері.

16.2.      Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:

1)    Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

2)    Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын толық немесе ішінара төлемеуі/уақтылы төлемеуі;

3)    Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;

4)    Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және ол келтірген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;

5)    Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу

6)    Сақтанушының заңнамалық және басқа нормативтік актілермен айқындалған ережелер мен өртке қарсы қауіпсіздік, үй-жайлар мен бағалы заттарды күзету, сақтау, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі нормаларын немесе басқа осыған ұқсас нормаларды бұзуы немесе егер осы бұзушылықтар Сақтанушының рұқсатымен жүзеге асырылса.

16.3.      Полис заңды күшіне енгенге дейінгі оқиғалар сақтандырумен өтелмейді.

16.4.      Сақтандырушы Пайда алушы үшінші тұлғалардан шығынның өтемін, соның ішінде осы шығынды – бұл сомадағы өтемге сәйкес бөлікті келтіруге кінәлі тұлғадан шығынның өтемін алған жағдайда, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

16.5.      Ережелердің және Полистің талаптарын сақтамау Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға әкеп соғады. Сақтандырушыны Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату Сақтандырушыны бір мезгілде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатады. Бұл жағдайда Пайда алушыға зиянды өтеу үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тікелей зиян келтірушіге толық жүктеледі.

16.6.      Сақтандырумен моральдық зиян, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін (Сақтандырушының сақтандыру құпиясын сақтау міндетімен байланысты емес) мәліметтерді таратумен келтірілген зиян, Сақтанушының (Пайда алушының) (оның ішінде айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыбын, сот шығындарын, мүлікті жөндеу кезінде тұрғын үйді жалға алу немесе қонақ үйде тұру бойынша шығындар, іссапар шығындары, мүлікті қорғау шығындары, өндірістің тоқтап тұруына байланысты шығындар, тауар құнын/әуе көлігінің тауарлық түрін жоғалту, жіберіп алған пайда).

16.7.      Сақтандырушы сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылдап және барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға жазбаша дәлелді хабарлама жіберуге міндетті.

16.8.      Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағымдана алады.

 

17.   ПОЛИСТІ ӨЗГЕРТУ

17.1. Полис келесі жағдайларда өзгертілуі мүмкін:

1)    тәуекел дәрежесінің өзгеруі;

2)    КҚ ауыстыру;

3)    сақтандыру сомасының өзгеруі;

4)    КҚ иесінің ауысуы;

5)    Сақтанлырылушыны ауыстыру;

6)    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

17.2. Полиске өзгертулер мен толықтырулар Сақтанушының (Сақтандырылушының) жазбаша келісімімен оны тоқтату және жаңа Полис жасау жолымен жүзеге асырылады, бұл ретте Сақтандырушы тоқтатылған Шарттың аяқталмаған мерзімі үшін соманы жаңа Полиспен өтейді.

 

18.   САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

18.1. Шарт мына жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) сақтандыру объектісі өз әрекетін тоқтатқан кезде;

2) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, Сақтанушының мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен шығаруы;

3) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

4) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген кезде;

5) Сақтандырушының Шарт бойынша барлық міндеттемелерін орындауы;

6) Тараптардың келісімі бойынша;

7) Сақтандыру шарты тараптарының бірінің өтініші бойынша;

8) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Бұл жағдайларда Сақтандыру шарты оны бұзуға негіз болған мән-жай туындаған кезден бастап бұзылған болып есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқаға дереу хабарлауға міндетті.

18.2. Сақтанушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта Сақтандыру шартынан бас тартуға құқылы. Сақтандыру шартын тоқтатуға Сақтанушының оны тоқтату туралы өтініші негіз болып табылады.

18.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:

1) 18.1-тармақшада көзделген жағдайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне және сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35% (отыз бес пайызы) мөлшерінде іс жүргізуге арналған шығындардың өтемін алуға құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

2) Сақтанушы Сақтандыру шартынан бас тартқан кезде, егер бұл осы Шарттың 18.1. тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

3) Сақтанушы-жеке тұлға Шарттан бас тартқан жағдайда, ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Сақтандырушы Сақтанушы-жеке тұлғаға алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) 10%-ын құрайтын, сақтандыру әрекеті болған уақытқа пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) бір бөлігін және Шартты бұзуға байланысты шығыстарды шегеріп тастап, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақыларын) қайтаруға міндетті.

18.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын Сақтандырушы толық қайтаруға міндетті.

18.5. Осы Шарттың 18.1. тармақшасында көзделген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа Шарт мерзімінен бұрын келесі жағдайларда тоқтатылады:

1) Сақтандырушының сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асыруы, бұл ретте Шартты тоқтату туралы хабарлама талап етілмейді;

2) Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі, бұл ретте Сақтанушыға хабарлау талап етілмейді;

3) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, бұл ретте Шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі.

18.6. 18.5. тармақшада көрсетілген жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

18.7. Осы Шарттың 18.1 және 18.5.-тармақтарында көрсетілмеген себептер бойынша Шартты біржақты тәртіппен бұзу кезінде тарап шартты бұзу күніне дейін 15 (он бес) жұмыс күні бұрын екінші Тарапты хабардар етуге тиіс.

19.   ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

19.1. Полис бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылықта болмайды

19.2. Форс-мажорлық жағдайлар - бұл еңсерілмес күштің салдарынан тараптардың міндеттемелерін тиісінше орындау мүмкін болмай қалған жағдайлар, яғни төтенше және болдырмауға болмайтын жағдайлар, олар келесілерді қосады бірақ шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және т.б. табиғи апаттар, соғыстар немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, блокадалар, мемлекеттік органдардың тыйымдары, басқа да саяси факторлар және т.б.

19.3. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

19.4. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет, бұл ретте Шарт тараптарының мiндеттемелерi аталған мән-жайлардың мерзiмiне көрсетiлген бөлiкте өзгертiлген (ұзартылған) деп есептеуге болады.

19.5. Осы бөлімде көзделген тараптардың жауапкершілігі Полистің талаптарымен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

 

20.   ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

20.1. Сақтандыру шартынан немесе оған қатысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушілітер келіссөздер арқылы шешіледі.

20.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен, Сақтандырушының бас кеңсесінің орналасқан жері бойынша сотта реттелуі тиіс.

 

21.   ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

21.1.         Осы Ережеде айтылмаған барлық жағдайлар Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі.

21.2.         Полис пен осы Сақтандыру ережелері арасында қайшылықтар болған жағдайда, Полис жағдайлары орындалады.

21.3.         Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)      “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2)      мемлекеттiк деректер базасының иелерiне Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты Бюроға тiкелей немесе үшiншi тұлғалар арқылы беруге;

3)      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)      дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5)      ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

21.4.         Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және/немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

21.5.         Сақтанушы Cақтандырылушыдан Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 21.3. т. 1)-5) тармақшалар санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

21.6.         21.3. т. 1)-5) тармақшаларда санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырылушының жеке деректерін жинауға және өңдеуге Сақтандырылушының келісімінің болмауына Сақтанушы жауапты болады.




[1] Терроризм актiсi – адамдардың өлу қаупiн тудыратын, елеулi мүлiктiк залал немесе өзге де қоғамдық қауiптi зардаптарға әкеп соқтыратын жарылыс, өрт қою немесе өзге де әрекеттер, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты қорқыту немесе мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына әсер ету (саяси себептер) мақсатында жасалса.

 



Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту