МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

22.04.2022ж. өзгерістер

08.09.2022 ж. өзгерістер

  1. 1.      ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1.1. Осы міндетті экологиялық сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ережелер») Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Републикасының 2005 ж. 13 желтоқсандағы № 93-III «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі – «Заң») сәйкес әзірленді.

    1.2. «Номад Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – «Сақтандырушы») осы Ережелер талаптарымен міндетті экологиялық сақтандыруды шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалармен (бұдан әрі – «Сақтанушы») міндетті экологиялық сақтандыру шартын (бұдан әрі – «сақтандыру шарты») жасау арқылы жүзеге асырады.

    1.3. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария нәтижесінде табиғи ортаның компоненттеріне келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

    1.4. Міндетті экологиялық сақтандыруға шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жатады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

    1.5. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі ұғымдар:

    1) апат-ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) техникалық құрылғылардың қирауы, бақыланбайтын жарылыс және (немесе) қауіпті (зиянды) заттардың шығарылуы;

    2) пайда алушы - экологиялық залалды, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті Сақтанушы немесе өзге де тұлға;

    3) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың апат нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі міндеті;

    4) сақтандыру шарты – сақтанушы мен сақтандырушының арасында осы Ережеде белгіленген талаптармен жасалатын сақтандыру шарты;

    5) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;

    6) мiндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілiктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені;

    7) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

    8) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

    9) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;

    10) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

    11) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;

    12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға;

    13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімге тартылған құқық қатынастары субъектілері;

    14) уәкілетті орган – қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;

    15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың апат болған кезде қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн қызметi.

     

    2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

    2.1. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның заңда белгіленген көлемде және тәртіппен апат нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды өтеу жөніндегі міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

     

    3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

    3.1. Апат нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады.

    3.2. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген зиян мөлшерін дәлелдеу Сақтанушыға (пайда алушыға) жүктеледі.

    3.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тарқан жағдайда, сақтандыру жағдайы сақтанушы келтірген зиянды өтеу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен басталды деп саналады.

    3.4. Сақтандыру төлемінің мөлшерін сақтандырушы осы Ережелердің 6.4-тармақшасының қағидаларын ескере отырып, экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнына сүйене отырып айқындайды.

     

    4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ

    4.1. Сақтандыру сомасының мөлшері тараптардың келісімі бойынша сақтандыру шартында белгіленеді, бірақ бұл орайда сақтандыру сомасының мөлшері:

    1) жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен;

    2) заңды тұлғамен міндетті экологиялық сақтандыру шарты жасалған күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 65000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен.

     

    5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

    5.1. Сақтандыру шартындағы сақтандыру сыйлықақысының мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Ережелердің 4.1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасының 0,76-дан 2,65-ке дейінгі пайызынан аспауға тиіс.

    5.2. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері міндетті экологиялық сақтандыру шартымен белгіленеді.

    5.3. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, онда сақтанушы кезекті сақтандыру жарнасын уақтылы төлемегені үшін сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыппұлын төлеуге міндетті.

     

    6. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ

    6.1. Міндетті экологиялық сақтандыру осы Ережелерге, Заңға, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сақтандырушы мен сақтанушы арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

    6.1.1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес.

    6.1.2. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын объектінің иесі біреуден көп болған кезде, міндетті экологиялық сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады.

    6.2. Сақтанушының өтініші сақтандыру шартын жасаудың негізі болып табылады.

    6.3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Сақтандырушының сақтандыру полисін электронды нысанда рәсімдеу жолымен жасалады.

    Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс.

    6.3.1. Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны рәсімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

    6.3.2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтанушының қалауы бойынша сақтандырушыға жазбаша түрде жүгіну арқылы немесе сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

    6.4. Сақтандыру шарты сақтандырылушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде апат нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейді.

    6.5. Сақтандыру шартында көрсетілуі тиіс болған талаптардың толық болмауының жауапкершілігін Сақтандырушы көтереді. Сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда дау Сақтанушының пайдасына шешіледі.

    6.6. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын электрондық нысанда жасау кезінде Сақтандырушының интернет-ресурсы Сақтанушы (Сақтанудырылушы, Пайда алушы) мен Сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылады.

    6.7. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішті электронды нысанда беру барысында Сақтанушының арнайы бағдарламалық жасақтама пайдалануы қажет емес.

    6.8. Міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын электронды нысанда жасасуға пайдаланылатын сақтандыру ұйымдарының интернет-ресурстарының тізімі дерекқор құру мен басқару ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.

    6.9. Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Сақтандырушының арасындағы электронды ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.

    6.10. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында Сақтандырушы келесілерді қамтамасыз етуге міндетті:

    1)Сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу немесе оны жасасудан бас тарту (бас тарту себебін көрсете отырып) туралы электронды хат түріндегі шұғыл хабарлама жіберу;

    2)Сақтанушының міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша ақпаратты дерекқор құру мен басқару ұйымының ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігі;

    3)міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтанушының тәуліктік қолжетімділігін қамсыздандыра отырып, сақтандырушының интернет-ресурсында электронды нысанда сақтау;

    4)Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) төмендегі жағдайларда қажетті ақпаратты электронды нысанда жасау мен Сақтандырушыға жіберу мүмкіндігі (өтініш, хабарлама мен (немесе) өзге құжаттар, мәліметтер):

    а) міндетті экологиялық сақтандыру шартын қайта рәсімдеу, мәліметтерді өзгерту;

    б) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу;

    в) сақтандыру жағдайының орын алуы туралы хабарлама;

    г) апат нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды жүргізу;

    д) сақтандыру төлемін алу.

    6.11. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасау туралы хабарлама сақтандыру бойынша біртұтас дерекқор құру мен басқару ұйымынан жіберіледі.

    6.12. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу туралы хабарламаның тәртібі мен мазмұнына қойылатын талаптарды қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

    6.13. Егер міндетті экологиялық сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында бұл сақтандыру шарты Сақтандырушымен ұсынылған талаптарда Сақтанушымен сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу жағдайында бірінші сақтандыру жарнасының) төлем күнінен бастап Сақтанушымен жасалған болып есептеледі.

    6.14. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы жасасу барысында Сақтанушы Заңмен қарастырылған сақтандыру шарттарымен танысқан соң, осы қосылу шартын өзіне ұсынылған шарттарда жасауға келісе отырып, сақтандыру сыйлықақысын (бірінші сақтандыру жарнасын) төлейді.

    6.15. Сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартын Сақтандырушының интернет-ресурсын пайдалану арқылы тәулік бойы жасасу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

    6.16. Сақтандыру агенттерінің сақтандыру шарттарын Сақтанушы мен Сақтандырушының арасындағы ақпараттық өзара әрекеті арқылы жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы міндетті экологиялық сақтандыру шарттарын жасау қызметіне жол берілмейді.

    6.17. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы қолма-қол ақшасыз жолмен төлеу мүмкіндігін ұсынады.

    6.18. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушының сақтанушыға мiндеттi экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.

     

    7. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ

    7.1. Сақтандыру шарты осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық залалды жоюға міндетті адамдарға қатысты қолданылады.

    7.2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

    7.3.  Сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап 12 (он екі ай) мерзімге жасалады.

    7.4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.

     

    8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    8.1. Сақтандырушы құқылы:

    1) сақтандыру шартын жасасқан кезде Сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, соның ішінде міндетті экологиялық сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты табыс етуді талап етуге;

    2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

    3) сақтанушыдан және сақтандырылушыдан экологиялық залал келтіру тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері мен салдарлары туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;

    4) сақтандыру жағдайының басталуының себептері мен өзге де мән-жайларын анықтау үшін экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалауды жүргізу;

    5) апат салдарынан келтірілген экологиялық залалдың көлемін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау үшін тәуелсіз сарапшыны тарту;

    6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге;

    7) осы Ережелердің 11-тарауында көзделген жағдайларда зиян келтіргені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға;

    8) осы Ережелердің 12-тарауында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

    9) сақтанушыдан (пайда алушыдан) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді және сақтандырушының ішкі нормативтік құжаттарын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес клиентті тиісінше тексеру үшін сақтандырушыға қажетті құжаттарды, мәліметтерді ұсынуды талап етуге;

    10) клиент жасаған операцияларды зерделеу процесінде Сақтанушы іскерлік қатынастарды Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланады деген күдік туындаған жағдайда Сақтанушымен іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.

    8.1.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін.

    8.2. Сақтанушы міндетті:

    1) сақтанушыны мiндеттi экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде мiндеттi экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және мiндеттермен таныстыруға және оның талабымен ережелердің көшірмесін жолдауға (жіберуге);

    2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге;

    3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге;

    4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру өтемінің қолданылу кезеңінде болған сақтандыру оқиғасы (сақтандыру оқиғасы болып саналатын жағдай) туралы хабарлау кезінде оны дереу тіркеуге және осы сақтандыру жағдайы (сақтандыру оқиғасы болып саналатын жағдай) туралы ақпаратты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға тапсыру;

    5) сақтанушының немесе оның өкiлiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша апат салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген залалды жоюға (түзетуге) жұмсалатын шығындарды бағалауға, сақтандыру төлемiнiң мөлшерiнiң есебiн көрсете отырып сақтандыру актiсiн жасауға және онымен танысуға пайда алушыға ұсынуға;

    6) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиіс зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұл туралы жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлауға;

    7) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

    8) сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы кезінде апат нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге міндетті;

    9) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

    10) сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда сақтанушыға шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту себептері туралы жазбаша негіздеме және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) келіспеушіліктерді шешу үшін сақтандыру омбудсманына хабарласу құқығы туралы хабарлама жіберуге міндетті»;

    11) сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге;

    12) сақтанушыдан (пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде сақтандыру омбудсманына қайта жіберуге міндетті.

    8.2.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

    8.3. Сақтанушы (Сақтандырылушы) құқылы:

    1) Сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, сақтандыру шарты бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

    2) апат нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнын бағалау үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

    3) апат салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды жою (түзету) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі сомасының есептеулерімен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысу;

    4) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзу (бұл құқық тек сақтанушыға ғана таралады);

    5) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберу;

    6) Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға;

    7) осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

    8.3.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының (сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары көзделуі мүмкін.

    8.4. Сақтанушы (Сақтандырылушы) міндетті:

    1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге;

    2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға;

    3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге;

    4) апат кезінде ықтимал экологиялық залалдың алдын алу немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолжетімді шаралар қабылдауға;

    5) экологиялық залал келтіруге әкеп соққан апат туралы және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға, олардың құзыретіне қарай (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, жедел медициналық көмек қызметіне, апаттық қызметтерге, уәкілетті органға) хабарлауға;

    6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының Сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті.

    7) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді және сақтандырушының ішкі нормативтік құжаттарын қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтанушыны (пайда алушыны) тиісінше тексеру үшін, оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін сақтандырушыға қажетті құжаттарды, мәліметтерді ұсынуға міндетті.

    8.4.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.

    8.5. Пайда алушы құқылы:

    1) Сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы Сақтандырушыға хабарлауға;

    2) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге;

    3) апат нәтижесінде келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын белгілеу үшін тәуелсіз сарапшыны тартуға;

    4) апат салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залалды жою (түзету) құнын бағалау нәтижелерімен және сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген сақтандыру төлемі сомасының есептеулерімен (оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы) танысу;

    5) осы Ережелерде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;

    6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы немесе сақтандырушы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) жіберу;

    7) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге құқылы.

     

    9. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

    9.1. Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талапты сақтанушы немесе пайда алушы жазбаша нысанда, оның ішінде сақтандырушының интернет-ресурсы арқылы, қаржы нарығын және қаржы нарығын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып жіберіледі.

    Өтініш беруші сақтандырушының талабы бойынша, сақтандырушыға қолжетімді мемлекеттік органдардың дерекқорларында және (немесе) ақпараттық жүйелерінде электрондық нысанда бар құжаттарды қоспағанда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың түпнұсқасын сақтандырушыға беруге міндетті:

    1) Сақтандыру төлемі туралы өтініш;

    2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес бекітілген ремедиация бағдарламасының көшірмесі;

    3) сақтандыру жағдайы басталған кезде қоршаған ортаға залалды болғызбау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен шығыстарды растайтын құжаттар, егер бар болса;

    4) жекелеген жағдайларда – Сақтанушыны сақтандыру жағдайының басталуына жауапты деп таныған сот шешімі.

    9.2. Құжаттарды қабылдаған сақтандырушы өтініш берушіге ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтама беруге міндетті.

    9.3. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандыру төлемі жайлы талапты электронды нысанда жіберген жағдайда Сақтандырушы бұл анықтаманы оған электронды нысанда ұсынуға құқылы.

     

    10. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

    Сақтандыру төлемінің мөлшері және зиян мөлшерін анықтау тәртібі

    10.1. Сақтандыру төлемі апат салдарынан келтірілген экологиялық залалды жою (ремедиациялау) құнынан аспауға тиіс.

    Пайда алушы

    10.2. Экологиялық залалды, оның ішінде сақтандыру төлемі есебінен жоюға міндетті Сақтанушы немесе өзге тұлға пайда алушы болып табылады.

    10.3. Сақтанушының (пайда алушының) жазбаша өтініші немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сақтандыру төлемі авария нәтижесінде келтірілген экологиялық залалды жою жөніндегі қызметтерді көрсеткен (көрсететін) адамға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

    Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі

    10.4. Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы Ережелердің 9.1.-тармағында көзделген құжаттарды өзі алған күннен бастап отыз күн ішінде жүргізеді.

    10.5. Пайда алушы сақтандыру төлемінің мөлшеріне дау айтқан жағдайларда Сақтандырушы сақтандыру төлемін аталған тұлғалардың бірде-бірі дау айтпаған бөлігінде осы Ережелердің 10.4.-тармағында белгіленген мерзім ішінде дереу жүзеге асыруға міндетті.

    10.6. Сақтандыру төлемінің дау туғызған бөлігін сақтандырушы бітім келісімі жасалған және оны сот бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде не, егер сот шешімінің дереу орындалуын ұйғармаса, осы дау бойынша соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап төлеуге тиіс.

    10.7. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтандырушы пайда алушыдан оның сақтандырушыға талап қою құқығын шектейтін шарттарды қабылдауды талап етуге құқылы емес.

    10.8. Сақтандыру төлемі уақтылы жүзеге асырылмаған кезде сақтандырушы пайда алушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.

     

    11. ЗИЯН КЕЛТІРГЕН ТҰЛҒАҒА КЕРІ ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ

    11.1. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушы Сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген соманың шегінде төмендегідей жағдайларда кері талап қоюға құқылы:

    1) Сақтанушы (сақтандырылушы) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаса;

    2) Сақтанушы сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарласа;

    3) Сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тарту, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы.

    11.2. Сақтандыру төлемін жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде Сақтанушының экологиялық залал үшін жауапты тұлғаға кері талап қою құқығы ауысады, оны жою құнын міндетті экологиялық сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушы төлейді.

     

    12. САҚТАНДЫРУШЫНЫ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТУ. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ

    12.1. Егер сақтандыру жағдайы мыналардын салдарынан болған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:

    1) қажетті қорғану және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, пайда алушының сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септігін тигізетін қасақана іс-әрекеттері;

    2) пайда алушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттері салдарынан болса, сақтандыру төлемін толық немесе ішінара төлеуден бас тартуға құқылы.

    12.2. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін сондай-ақ:

    1) Сақтанушының экологиялық залал келтіргені үшін кінәлі адамнан шығыстардың тиісті өтемін алуы;

    2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу;

    3) сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

    4) сақтанушының сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қабылдамауы;

    5) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тексеруіне және келтірілген экологиялық залалдың сипаты мен ауқымын, сондай-ақ оны жою құнын белгілеуге кедергі келтіруі;

    6) сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап қою құқығынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап қою құқығының ауысуы үшін қажетті құжаттарды оған беруден бас тартуы негіз болуы мүмкін. Егер сақтандыру өтемі төленіп қойылған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

    12.3. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер бұл сақтанушының еркінен тыс себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар ұсынылса, сақтандыру төлемінен бас тартуға негіз бола алмайды.

    12.4. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болған жағдайда сақтандырушы талап қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға талап қойған тұлғаға толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді жіберуге міндетті, онда бас тарту себептерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) келіспеушіліктерді шешу үшін сақтандыру омбудсманына хабарласу құқығы туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.

    12.5. Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

    1) соғыс қимылдарының, азамат соғысының, кез келген түрдегі халық толқуларының, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе ереуілдердің;

    2) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

    12.6. Сақтандырушының осы тармақта көзделмеген негіздер бойынша сақтандыру төлемінен бас тартуға құқығы жоқ.

     

    13.САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ӨЗГЕРТУ

    13.1. Сақтандыру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Сақтандыру шартына барлық өзгерістер мен толықтырулар оларды жазбаша рәсімдеген және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.

     

    14. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

    14.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты:

    1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;

    2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылғанда;

    3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.

    14.2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және онда аталған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылғанда Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төмендегідей мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:

    Рет №

    Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген сәттен бастап ол мерзімінен бұрын тоқтатылған сәтке дейін өткен мерзім

    Сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысының пайызы есебімен)

    1

    2

    3

    1.

    1-айға дейін қоса алғанда

    20

    2.

    1-айдан 2-айға дейін қоса алғанда

    30

    3.

    2-айдан 3-айға дейін қоса алғанда

    40

    4.

    3-айдан 4-айға дейін қоса алғанда

    50

    5.

    4-айдан 5-айғадейін қоса алғанда

    60

    6.

    5-айдан 6-айға дейін қоса алғанда

    70

    7.

    6-айдан 7-айға дейін қоса алғанда

    75

    8.

    7-айдан 8-айға дейін қоса алғанда

    80

    9.

    8-айдан 9-айға дейін қоса алғанда

    85

    10.

    9-айдан 10-айға дейін қоса алғанда

    90

    11.

    10-айдан 11-айға дейін қоса алғанда

    95

    12.

    11-айдан жоғары

    100



    14.3. Сақтандыру сыйлықақысын қайтару сомасы міндетті экологиялық сақтандыру шартын бұзуға өтініш берген сәттен бастап есептеледі.

     

    15. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

    15.1. Тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

     

    16. ҚОСЫМША ШАРТТАР

    16.1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

    16.2. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

    1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

    2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

    3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

    4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

    5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

    16.3. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

    16.4. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 16.2. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

    16.5. Сақтанушы 1)-5) 16.2. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

     

    17. МІНДЕТТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    17.1. Міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дау болған кезде Сақтанушы (пайда алушы) құқылы:

    1) талаптарды көрсете отырып және оның талаптарын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сақтандырушыға (оның ішінде сақтандырушының филиалы, өкілдігі, интернет-ресурстары арқылы) жазбаша өтініш жіберуге немесе

    2) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын дауларды шешу үшін, сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, оның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы арқылы, оның ішінде оның филиалы, өкілдігі, өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшесі, интернет-ресурсы арқылы) не сотқа өтініш жіберу.

    17.2. Сақтандырушы Сақтанушыдан (пайда алушыдан) өтінішті алған кезде оны бес жұмыс күні ішінде қарайды және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап береді.

    17.3. Сақтанушы (пайда алушы) сақтандыру омбудсманына өтініш жасаған жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушының, Жәбірленушінің (пайда алушының), сақтандыру омбудсманының сұрау салуы бойынша дауды қарауға және шешуге қатысты құжаттарды сұрау салу алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

     


Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту