ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ БАСҚА ШЫҒЫСТАРЫН ЕРІКТІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕСІ (көші-қон картасы жобасы)


08.09.2022ж. өзгерістерімен

 

1.              ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.       Осы Ереженің талаптары бойынша шетел азаматтарының медициналық және/немесе өзге шығыстарын сақтандыру (көші-қон картасы жобасы) (бұдан әрі - «Ережелер») бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын, «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы, шетел азаматтарының медициналық және/немесе бақса шығыстарын ерікті сақтандыру (көші-қон картасы жобасы) шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасайды.

1.2.        Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:

1.2.1. Сақтандырылушы – оған қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға.

1.2.2. Төтенше жағдайкенеттен жедел/созылмалы аурудың өршуі – Сақтандырылушының өміріне қауіп төндіретін және шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет ететін денсаулық жағдайының күтпеген өзгерісі (ауру, жарақат және т.б.), клиникалық көрінетін органның және/немесе жүйенің зақымдануы.

1.2.3. Жедел медициналық көмек – адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіру, қолдау және ағзаның ары қарайғы қайтарылмайтын патологиялық процестерінің алдын алу мақсатымен қолданылатын жедел медициналық көмек. Жедел медициналық көмек көлеміне өткір ауру синдромын тоқтату (жеңілдету) кіреді.

1.2.4. Ассистанс «SAMAL MEDICAL ASSISTANCE» – Сақтандырушымен ынтымақтастық туралы шарттың негізінде өзіне Сақтандырушының атынан сақтандыру аумағында Шартпен көзделген Сақтандырылушыларға ұсынылған қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлға.

1.2.5. Тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызмет – бұл Ассистанстың диспетчерлік қызметі, оның қызметкерлері бағдарлама лимиттері, тар шеңберлі мамандардың және отбасылық (сенім берілген дәрігерлердің) мамандардың жұмыс кестесі туралы ақпарат береді және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады.

1.2.6. Ассистанстың қызметкерлері – Шартпен көзделген қызметтерді Қазақстан Республикасының аумағында Сақтандырушының атынан Сақтандырылушыларға көрсету, сондай-ақ ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау бойынша қызметті жүзеге асыратын Ассистанстың немесе Ассистанстың медициналық мекемелерінің медициналық қызметткерлері, Ассистанстың өкілдері.

1.2.7. Ассистанстың медициналық мекемелері – Ассистанспен қызмет көрсету шарттарын жасаған және ҚР аумағында Сақтандырушының атынан Сақтандырылушыларға Шартпен көзделген қызметтерді көрсету бойынша қызметті

1.2.8. Дәрілік емес өнімдер – медициналық, гигиеналық және/немесе профилактикалық мақсаттағы – қорғаныс маскалары, кварц шамдары, ионизаторлар, ингаляторлар, емдеу белдіктері, жылытқыштар, гигиеналық жаялықтар, жөргектер, төсек матрацтары, биоәжетханалар және т.б.;

1.2.9. Түзету құралдары – көзілдірік, жақтаулар, линзалар, балдақтар, есту аппараттары, протездер, ортопедиялық аяқ киімдер, мүгедектер арбалары, таңғыштар және т.б.

1.2.10. Репатриация –Ассистанспен қайтыс болған Сақтандырылушының денесін Қазақстан Республикасынлдағы, немесе Сақтандырылушы тірі кезінде азаматтығы болған елдің жерлеу орнына жақын халықаралық әуежайына дейін тасымалдауды ұйымдастыру.

 

2.    САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1 Сақтандыру объектісі болып Сақтандырылушының Сақтандыру бағдарламасы және Шарттың талаптары бойынша медициналық қызметтерді алуға шығыстарына байланысты мүліктік мүдделері табылады:

 

3.    САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

3.1. 24 сағаттық диспетчерлік қызмет, атап айтқанда:

1) жедел жәрдем шақыру;

2) жедел жәрдем келгенге дейін координатор дәрігердің ұсынымдары;

3) Сақтандырылушының сақтандыру бағдарламасы, лимиттері мен шығыстары бойынша ақпараттық қызметтер.

 

3.2. Жедел медициналық жәрдем, атап айтқанда:

1) Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар (төтенше жағдайлар) туындаған кезде мемлекеттік жедел жәрдем қызметі бригадасының Ассистанс Call-Cеnter-ы арқылы жедел медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру;

2) жедел жәрдем бригадасының шығуы қалалардың және аудан орталықтарының әкімшілік шекараларында жүзеге асырылады:

˗ Жедел жәрдем бригадасының шығуы;

˗ қажетті емдік-диагностикалық шараларды жүргізу;

˗ дәрілік заттарды және медициналық жабдықтарды пайдалану;

˗ Сақтандырылушыны мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу.

3.3. Шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеу және хирургиялық операциялар, атап айтқанда:

1) отбасылық дәрігердің немесе жедел жәрдем бригадасының жолдамасы бойынша медициналық клиникалардың мамандандырылған бөлімшелеріне жатқызу;

2) стационар жағдайында тар шеңберлі мамандардың қажетті консультацияларын ұйымдастыру;

3) ауруханаға жатқызуға себеп болған ауруды (жағдайды) диагностикалау және емдеу үшін қажетті зертханалық-диагностикалық және аспаптық зерттеу әдістері:

˗ 5 төсек күнге дейін хирургиялық және/немесе консервативті емдеу;

˗ ауруханаға жатқызуға себеп болған жағдайды емдеуге қажетті дәрілік заттар;

˗ ауруханаға жатқызуға себеп болған ауруды емдеу үшін дәрігер тағайындаған медициналық процедуралар, физиотерапия, емдік дене шынықтыру;

˗ медициналық персоналдың тамақтануы және күтімі.

(массажды қоспағанда)

3.4. Репатриация:

Сақтандырылушының тірі кезінде азаматтығы болған елге Сақтандырылушының денесін репатриациялау бойынша шығыстар, атап айтқанда:

1) халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкес келетін табыттың құны;

2) Сақтандырылушының тірі кезінде азаматтығында болған елдегі жерлеу орнына дейін ең жақын халықаралық әуежайға дейін Сақтанушының сүйегін ұйымдастыруға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығыстар.

Маңызды!!! Сақтандыру жағдайы Сақтандырылушы таңдаған Бағдарламаға сәйкес жабылады!!!

4.      САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ. ФРАНШИЗА. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ.

4.1.       Сақтандыру сомасы – шартта айқындалған ең жоғары ақша сомасы, оның шегінде Сақтандырушы өз міндеттемелерін орындауға жауапты болады және оған сүйене отырып, сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және Сақтандырушының Шарт бойынша міндеттемелерінің ең жоғары шамасы белгіленеді.

4.2. Франшиза – Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.

4.2.1.Франшизаны белгілеу және оның мөлшерін анықтау Шартты жасау кезінде тараптардың келісімі бойынша жүзеге асырылады. Франшизаның мөлшері сақтандыру сомасына пайыздық қатынаста немесе абсолютті шамада көрсетілуі мүмкін. Франшиза жалпы тәуекелдер пакеті бойынша да, және белгілі бір тәуекелдер бойынша жеке көзделуі мүмкін.

4.2.2. Франшиза шарт қойылатын немесе шарт қойылмайтын болуы мүмкін.

1)    Шартта шарт қойылатын франшизаны белгілеу кезінде, егер залал мөлшері франшиза мөлшерінен аспайтын болса, Сақтандырушы залал үшін жауапкершіліктен босатылатын болады, және егер залалдың мөлшері франшиза мөлшерінен асатын болса, ол толығымен өтелуге жататын болады.

2)    Шартта шарт қойылмайтын франшизаны белгілеу кезінде, Шарттың шарттарына сәйкес Сақтандырушыныңтөлеуі тиіс сомадан шарт қойылмайтын фрнашизаның сомасы шегеріледі.

4.2.3.Сақтандыру төлемі қызметтер мен шығыстарды тікелей бұл қызметтерді көрсетуді ұйымдастыратын Ассистансқа төлеу арқылы жүзеге асырылатын жағдайда, Сақтандыру шарты бойынша белгіленген франшизаның мөлшеріне тең сомада көрсетілген қызметтердің құнының бір бөлігі Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) қызметтерді алу (көрсету) кезінде төленеді, немесе Сақтандырушыға орын алған оқиғаны сақтандыру жағдайы ретінде тану және соңғысымен көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы хабарламаны алғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімде төленеді.

4.2.       Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтандырушының Шартпен белгіленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушының Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.

4.3.1.Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушымен сақтандыруға жататын тәукелдерге, сақтандыру сомасының мөлшеріне, негізгі тарифтік мөлшерлемелерге және оларға түзету (көтеретін және төмендететін) коэффициенттеріне (осы Ережелерге №1 Қосымша) сүйене отырып, нақты сақтандыру шарттарын ескере отырып есептеледі: Сақтандырылушының жасы, Сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған адамдардың саны, сапар мақсаты, сапар ұзақтығы, Сақтандырылушының әртүрлі спорт түрлерімен айналысуы және тәуекел дәрежесін анықтау үшін маңызды мәнге ие басқа факторлар.

        Негізгі тарифтік мөлшерлемелерге көтеретін немесе төмендететін коэффициенттерді қолдану туралы шешім Сақтандырушымен өз бетімен және әрбір жағдайда жеке қабылданады.

4.3.2.Егер Сақтандыру шартының шарттарымен басқа тәртіп белгіленбесе,Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы Сақтанушымен бір уақытта, барлық сақтандыру мерзімі үшін бір реттік төлеммен төленеді. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Сақтандыру шартының қолданылуының басталған күнінен кешікпей жүзеге асырылады.

4.3.3.Шарттың талаптарымен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлемеу жағдайында, Сақтандыру шарты күшіне енбеген болып саналады, ал Сақтандырушы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру міндеттемелерінен босатылады.

4.3.4.Сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу күні ретінде ақша қаражаттарының Сақтандырушының банктік есепшотына немесе кассасына түсу күні саналады.

 

5.      ШАРТ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ

5.1.       Сақтанушының жазбаша өтініші Шартты жасау үшін негіздеме болып табылады.

5.2.       Шартты жасау кезінде Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығын және оның басталуынан ықтимал залалдардың мөлшерін анықтау үшін маңызды мәнге ие барлық белгілі жағдайларды Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) хабарлауға міндетті, егер бұл жағдайлар белгісіз болса және Сақтандырушыға белгілі болмауы тиіс болса.

5.3.       Шарт Сақтандырылушыны алдын ала медициналық куәландырусыз жасалады. Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтандырылушы Сақтандырушымен ұсынылған нысан бойынша сауалнама парағын (сауалнама-өтінішті) толтыруы тиіс.

5.4.       Денсаулық жағдайын тексеру нәтижесінде Сақтандырушыға түскен ақпарат қатаң құпия болып табылады. Алайда Сақтандырушы қайта сақтандырушыға немесе басқа сақтандырушыға Сақтандырылушы туралы мәліметтерді қажетті көлемде тәуекел дәрежесін бағалау үшін және қайта сақтандыру, қосалқы сақтандыру шартын ресімдеу үшін тапсыру құқығына ие. Ассистансқа Сақтандырылушы туралы мәліметтер сақтандыру мақсаты үшін қажетті шамада ғана рұқсат етіледі.

5.5.       Шарт сақтандыру шартын жасау және тараптардың қол қоюы арқылы жазбаша нысанда немесе Сақтанушыны Сақтандырушы біржақты тәртіппен дайындаған сақтандыру ережесіне (қосу шарты) немесе осы Ережелерге қосу жолымен жасалады.

5.6.       Шартты жасау үшін Сақтандырушының сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

5.7.       Сақтандырушы Сақтандырылушымен шарт жасасудан себепсіз бас тартуға құқылы.

5.8. Сақтанушы Сақтандыру полисін жасағанға дейін Сақтандырушыға жазбаша хабарлауға тиіс:

а) егер ол (Сақтанушы) жария лауазымдық тұлға, саясаткер, мемлекеттік қызметші, оның жұбайы және/немесе жақын туысы болса;

б) егер бенефициарлық меншік иесі басқа тұлға болса (Сақтанушы емес).

 

6.      ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ОРНЫ

6.1.       Шарт онда көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.

6.2.       Шарт сақтандыру аумағында, егер басқа сақтандыру шартында келісілмеген болса, бір жылдан аспайтын Сақтанушының (Сақтандырылушының) болу кезеңіне жасалуы мүмкін.

6.3.       Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылуы:

˗          Сақтандырылушының Шартта көрсетілген сақтандыру аумағында (болу елінде) шекаралық және/немесе кедендік қызметтермен келуін тіркеу сәтінен бастап басталады, бірақ Шарттың күшіне ену күнінен ерте емес;

˗          Сақтандырылушының Шартта көрсетілген сақтандыру аумағында (болу елінде) шекаралық және/немесе кедендік қызметтермен кетуін тіркеу сәтінен бастап аяқталады, бірақ Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуынан кеш емес.

6.4.            Сақтандыру аумағына Сақтанушының азаматтығы бар елдің аумағы кіре алмайды. Шарт сақтандыру шартын жасау кезінде тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды.

6.5.            Шарттың сақтандыру арқылы қорғауы қолданылмайды:

1)        әскери іс-әректетер жүргізіліп жатқан мемлекеттердің аумағында;

2)        Шарт күшіне енгеннен кейін сақтандыру шартында көрсетілген елдің азаматтығын/ ыхтиярхатын алған тұлғалар.

6.6. Қажет болған жағдайда Сақтанушы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында Сақтандырушы сұратқан барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.

6.7. Сауалнамаға қол қойып, Сақтанушы өзі жүзеге асыратын операция Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және террористік қызметті қаржыландыруға байланысты еместігін растайды.

 

7.      ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

7.1.       Сақтандырушы құқылы:

1)             Сақтанушымен ұсынылған ақпаратты және құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушымен шарттың талаптары мен шарттарын орындауды тексеруге;

2)             Сақтандыру тәуекелін арттыруға әкелетін жағдайлар туралы хабарламаны алғаннан кейін, Шарттың шарттарын өзгертуді немесе тәуекелдің артуына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;

3)             Сақтанушымен Сақтандырушыға Шартты жасау кезінде хабарланған жағдайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндеттерін орындамау кезінде шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгертулер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етулері мүмкін болса, немесе егер Сақтанушы Шарттың шарттарын өзгертуге немесе тәуекел дәрежесін арттыруға мөлшерлес сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қары қарсылық білдіретін болса;

4)             Сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғалардың себептері мен жағдайларын өз бетімен анықтауға, оның ішінде сақтандыру жағдайының басталу фактісінжәне келтірілген залал мөлшерін растайтын қүжаттарды сақтандыру жағдайының жағдайлары туралы ақпарат бар тиісті мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, медициналық мекемелерден, туристік агенттіктерден/ операторлардан, басқа кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан, олардың құзырына сәйкес және сүйене отырып, сұрау салуға;

5)             Сақтанушыдан сақтандыру жағдайы фактісін, оның басталу жағдайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты/құжаттарды талап етуге;

6)             Осы Ережелермен көзделген негіздемелер бойынша толығымен немесе ішінара сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға.

7)             Сақтандырушы ҚР АК 830 бабына сәйкес сақтандыру құпиясына, дербес деректерге жататын Сақтандырылушы, Пайда алушы туралы мәліметтерді шарт бойынша өзінің міндеттемелерін Сақтандырушымен орындау үшін Ассистансқа тапсыру құқына ие;

8)             "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтанушының жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.

7.2.       Сақтандырушы міндетті:

1)        Сақтанушыны сақтандыру шарттарымен таныстыруға және оның өтініші бойынша Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);;

2)             ҚР АК 828 және 830 баптарына сәйкес сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

3)             Сақтанушыға немесе Сақтандырылушыға немесе Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға, немесе осы Ережелердің шарттарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;

4)             Шартпен, осы Ережелермен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға.

7.3.       Сақтанушы құқылы:

1)             Сақтандырушыдан Шарт бойынша Сақтандару шарттарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)             Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуын немесе оның мөлшерін азайтуды даулауға.

7.4.       Сақтанушы міндетті:

1)             Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға шартты жасау және тәуекел дәрежесін бағалау үшін қажетті оны қызықтыратын барлық ақпаратты беруге;

2)             Шартпен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақасын төлеуге;

3)             Шартты жасау кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға аталған сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабардар етуге;

4)             Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жағдайы туралы хабардар етуге;

5)             дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес, Шартты жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы Сақтандырушыға өзіне белгілі болған елеулі өзгертулер туралы хабарлауға, егер бұл өзгертулер сақтандыру тәуекелін арттыруға елеулі әсер етулері мүмкін болса;

6)             тәуекел дәрежесін арттыру кезінде Шартқа өзгертулер енгізуге және/немесе Сақтанушымен Шартты өзгерту және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге.

7)             Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы Сақтандырушыға немесе оның өкіліне дереу хабар беру. Сақтанушы Сақтандырылушы болып табылмайтын жағдайда бұл сақтандырылушының міндеті болып табылады.

7.5.       Пайда алушы құқылы:

1)             Сақтандырушыдан сақтандыру шарттарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)             Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;

3)             Осы Ережелермен көзделген тәртіпте және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;

4)             Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуын даулауға;

5)             Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы кез-келген мән-жайларда,оны Сақтанушының немесе сақтандырылушының жасағанына қарамастан, Сақтандырушыға хабар беруге;

6)             Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа қайшы келмейтін өзге әрекеттерді жасауға.

7.6.       Осы бөлімдегі тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізімі толық болып табылмайды, тараптардың жеке міндеттері осы Ереженің басқа бөлімдерімен қарастырылған. Тараптар осы Ережемен, сондай-ақ Қазақстан Респубикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды пайдалануға құқылы және басқа да міндеттерді орындаулары тиіс.

7.7.       Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Шартпен өзгертілуі (қосымша енгізілуі) мүмкін.

 

8.   САҚТАНУШЫНЫҢ/САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІ

8.1.        Сақтанушы/Сақтандырылушы   сақтандыру жағдайының басталуына әкелуі мүмкін оқиғаның басталуы туралы өзіне белгілі болған/белгілі болу тиіс болғаннан кейін, міндетті:

1)             ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда орынды және қолжетімді шараларды қабылдауға;

2)             дереу, тәуліктің уақытына тәуелсіз, кенеттен басталған жіті аурулардың немесе жазатайым жағдайдың басталуы туралы Ассистанстың тәулік бойына диспетчерлік қызметіне Шартта көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарлауға, және Ассистанстың диспетчеріне келесі ақпаратты хабарлауға:

§   Сақтандырылушының тегі, аты, әкесінің аты;

§   Шарттың нөмірі және оның қолданылу кезеңі;

§   сақтандыру жағдайының басталу күні, уақыты және орны;

§   кенеттен жіті ауру жағдайлары және жазатайым жағдайлар және қандай көмек талап етілетіні туралы барлық белгілі ақпарат;

§   Сақтандырылушының орналасқан жері, мекендеу елінде онымен байланысуға болатын телефон нөмірі.

3)             Шартпен көзделген медициналық немесе басқа қызметтерді Ассистанстың диспетчерінің нұсқауларына қатаң сәйкестікте алуға;

4)             Медициналық қызметтерді алу кезінде Сақтандыру шартының түпнұсқасын және жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсетуге;

5)             шұғыл ауруханаға жатқызу жағдайында сақтандыру жағдайы (яғни, ауруханаға жатқызу) басталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, тәулік бойы жұмыс істейтін диспетчерлік қызметке хабарлауға;

6)             Сақтандырушыға немесе оның атынан әрекет ететін тұлғаларға толық медициналық құжаттамамен танысуға,үшінші тұлғалардан (дәрігерлерден, медициналық мекемелерден, денсаулық сақтау қызметтерінен және т.б.) ақпаратты алуға рұқсат беру;

7)             сақтандыру жағдайымен байланысты Ассистанстың және/немесе Сақтандырушының барлық нұсқауларын орындауға және емдеуші дәрігердің барлық нұсқауларын сақтауға, ауруханаға жатқызылған жағдайда – медициналық мекемемен белгіленген тәртіпті сақтауға;

8)             сақтандыру жағдайының басталуы кезінде алкогольдік/ есірткілік мас болуға күдік болған жағдайда, болу елінің заңнамасына сәйкес алкогольдік/есірткілік заттардың болуына медициналық куәландырудан өтуге;

9)             Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының себептері мен жағдайларын түсіндіруге көмектесу, оның ішінде, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептерін, барысы мен салдарын, келтірілген залалдың сипаты мен көлемін бағалауға мүмкіндік беретін барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;

10)         Сақтандырушыға үшінші тұлғалардан сақтандыру жағдайы нәтижесінде келтірілген залалдар үшін кез келген өтемақыны (өтемені) алғаны туралы дереу жазбаша хабарлауға;

11)         егер Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтандырушының да, сақтанушының да мүдделерін қорғау үшін өкілді тағайындау қажет деп тапса, мұндай мүдделерді қорғау үшін сенімхат немесе басқа да қажетті құжаттарды Сақтандырушы көрсеткен тұлғалар береді. Сақтандырушы. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе Сақтанушыны құқықтық қорғауды өзге де жолмен жүзеге асыруға құқылы, бірақ міндетті емес;

12)         сақтандыру жағдайының болғанын, сондай-ақ оның салдарынан келтірілген залалдарды, оның ішінде сараптама жүргізуге, оқиға орнына сарапшыларды жіберуге, мамандарды тартуға және кеңес беруге, құжаттарды жинауға ақы төлеуді, барлық қажетті құжаттарды нотариалды куәландыру

13)         Сақтандырушының талап етуі бойынша сақтандыру жағдайымен байланысты, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті қосымша тексерулерден өтуге;

14)         Сақтандырушыға барлық қажетті құжаттар мен дәлелдемелерді беруге, келтірілген залал үшін жауапты тұлғаға Сақтандырушының өзіне берілген талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық ақпаратты хабарлауға;

15)         осы Ережелермен көзделген басқа да іс-әрекеттерді орындауға.

 

9.        САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

9.1.       Сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы осы Ережелердің шарттарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

9.2.       Шарт бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы Шартта көрсетілген жалпы сақтандыру сомасынан аспауы керек.

9.3.       Сақтандыру төлемдерінің сомасы/Сақтанушыға қызметтердің белгілі бір түрі/санаты бойынша көрсетілген қызметтердің құны сақтанушыға арналған сақтандыру бағдарламасында белгіленген медициналық қызметтердің осы нақты түрі/санаты бойынша сақтандыру сомасынан аспауы керек.

9.4.       Медициналық қызметтердiң бiрi үшiн сақтандыру сомасының таусылуы Сақтандырушының осы медициналық қызмет үшiн сақтандыру төлемiн жүзеге асыру бойынша мiндеттемесiн тоқтатуға әкеп соғады.

9.5.       Сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру сомасы таусылған медициналық қызметке одан әрі шығыстарды Сақтандырушы өтемейді.

9.6.       Сақтандыру сомасы таусылған медициналық қызметтерге арналған шығыстарды басқа медициналық қызметтер үшін сақтандыру сомасы есебінен өтеуге, яғни лимиттерді аударуға жол берілмейді.

9.7.       Медициналық қызметтердің бірі үшін сақтандыру сомасының таусылуы Шартты тоқтатуға әкеп соқпайды.

9.8.       Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Шарт бойынша сақтандырудың жалпы сомасы жасалған сақтандыру төлемінің сомасына азаяды.

9.9.       Сақтандыру төлемі Сақтандырушыға Қазақстан Республикасының аумағында Сақтандырылушыға Шарттың талаптарында көзделген қызметтерді және Сақтандырылушының Сақтандыру бағдарламасына сәйкес ұсынатын Сақтандырушымен ынтымақтастық туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.

9.10.   Сақтандыру жағдайының туындауына себеп болған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалса немесе талап-арыз қозғалса, сақтандыру төлемі туралы шешімді шығару тергеу аяқталғанға дейін немесе сот талқылауы аяқталғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

9.11.   Сақтандыру төлемі келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

9.11.1. Сақтандыру шартында көрсетілген көмек Сақтандырушы мен Ассистанс арасында жасалған ынтымақтастық шартының негізінде Ассистансқа, оған сәйкес Ассистанс Сақтандырушының тапсырмасы бойынша Сақтандырылушыға тәулік бойы сақтандыру аумағында Шарттың талаптарымен қарастырылған қызметтерді ұйымдастыруды және көрсетуді қамтамасыз етеді.

9.12.    Сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдау үшін Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) ұсынуы қажет құжаттар тізбесі:

1)             Сақтандыру жағдайы туралы өтініш;

2)             Сақтандыру шартының көшірмесі + сақтандыру шарты;

3)             Сақтандырылушының жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (төлқұжат, жеке куәлігі, баланың туу туралы куәлігі);

4)             Сақтандырылушының Т.А.Ә., Сақтандырылушыға келтірілген залал сипатын, диагнозды, емдеу күндері (ауруханаға жатқызу) көрсете отырып, тиісті медициналық мекеменің қорытындысының түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшермесі;

5)             Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған күні мен себебін көрсете отырып, Сақтандырылушының қайтыс болуын растаған медициналық мекеме қорытындысының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6)             Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда - қайтыс болу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

7)             шот-фактуралардың түпнұсқасы, фискальдық, сату түбіртегі, медициналық мекемелерден төленген төлем түбіртектері, әрбір рәсімнің атауын, қабылдауды, олардың санын, құнын, төлеу күнін және Сақтандырылғанның толық аты-жөнін көрсете отырып, процедуралардың өткенін растайтын дәрігердің қабылдауы;

8)             емдеуші дәрігердің рәсімдер бойынша егжей-тегжейлі тағайындауларының түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері, қабылдау күні, қабылдауға себеп болған диагноз және Сақтандырылушының толық аты-жөні көрсетілген шоттар берілген дәрігерлердің тағайындаулары;

9)             рентген суреттерінің түпнұсқалары;

10)         егер сақтандыру жағдайы көлік оқиғасының, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің, өрттің және т.б. салдарынан басталған болса, қосымша - сақтандыру жағдайының басталуын, келтірілген залалды растайтын, тұлғаларға залал келтіруге кінәлі тұлғаларды анықтайтын құзырлы органдардың (ішкі істер органдарының, прокуратураның, тергеу, тексеру; сот органдарының; өртті қадағалау органдарының және т.б.) тиісті құжаттарының түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалармен куәландырылған көшірмелері;

11)         Қазақстан Республикасының аумағынан шығу/кіру туралы белгімен төлқұжаттың көшірмесі.

9.13. Құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада немесе нотариалдық куәландырылған немесе құзырлы ұйымның түпнұсқалық мөрімен куәландырылған және уәкілетті тұлғасымен қол қойылған көшірме түрінде ұсынылады.

9.14. Осы бөлімде аталған барлық құжаттар Сақтандырушыға орыс немесе қазақ тілдерінде немесе орыс немесе қазақ тілдеріне аударылған түрде берілуі тиіс, бұл ретте аударма нотариалдық куәландырылған болуы тиіс. Аударма қызметтерін Сақтанушы дербес төлейді.

9.15.   Құжаттарды қабылдаған Сақтандырушы өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың толық тізімін және оларды қабылдау күнін көрсете отырып, анықтаманы екі данада жасауға міндетті. Анықтаманың бір данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы өтініш берушінің оны алғаны туралы белгісімен Сақтандырушыда қалады.

9.16.   Сақтандырушы жоғарыда аталған құжаттардың тізімін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы болады, егер олардың болмауы сақтандыру жағдайының басталу фактысын анықтауды және залал мөлшерін анықтауды мүмкін етпейді деп санайтын болса.

9.17.   Сақтандырушы барлық ұсынылған құжаттарды тексеру және Сақтандырылушының мамандармен медициналық куәландыруды және сақтандыру жағайының басталу себептері пен жағдайларын өз бетімен анықтауды жүргізуге дейін жеке тексеруді жүргізу құқын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда Сақтанушы (Сақтандырылушы) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайына дейін және кейін Сақтандырылушының денсаулық жағдайын көрсететін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті барлық құжаттарға рұқсатты беруге міндетті, сондай-ақ Сақтандырушының талап етуі бойынша Сақтандырушының есебінен Сақтандырушымен көрсетілген медициналық мекемеде медициналық тексеруден өтуге және оның нәтижелерін беруге міндетті.

9.18.   Сақтандыру төлемінің мөлшері Сақтандырушымен, Сақтандырылушының шеккен шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде анықталады. Егер Сақтандыру шартымен франшиза қарастырылатын болса, сақтандыру төлемі франшиза сомасын шегерумен жүзеге асырылады.

9.19.   Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді қабылдауға және Пайда алушыға сақтандыру төлемін барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыруға міндетті.

9.20.   Сақтандырушы сақтандыру төлемін Пайда алушыға теңгемен төлейді.

9.21.   Сақтандыру төлемін уақытылы жүзеге асырмағаны үшін Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353 бабына сәйкес жауапкершілікті көтереді.

9.22.   Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәтібі мен талаптары Шартпен өзгертілуі (қосымшалар енгізілуі) мүмкін.

 

10.           САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БАС ТАРТУ

10.1.     Сақтандырушы сақтандыру төлемінен толығымен немесе ішінара бас тартуға құқылы болады, егер сақтандыру жағдайы келесі аталғандардың салдарынан орын алған болса:

1)             сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған немесе оның басталуына себін тигізген Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) қасақана іс-әрекеттері, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда

2)             заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылған, сақтандыру жағдайымен себепті байланысты болған Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) іс-әрекеттері.

3)             Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Сақтандырушы бас тартуға құқылы.

10.2.     Сақтандырушы егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан басталған болса, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:

1)             ядролық жарылыстың,радиацияның немесе радиоактивті ластанудың әсері;

2)             Әскерлік іс-әрекеттер немесе әскерлік операциялар/спецоперациялардың, соғыстардың, шапқыншылықтардың, өзге мемлекеттің дұшпандық іс-әрекеттерінің (соғыс жайлы хабарланғанына немесе хабарланбағанына қарамастан) немесе азаматтық соғыстың кез келген түрлері;

3)             қоршаған ортаның ластануы, жаһандық апаттар, жер сілкіністері, жанартаудың атылуы немесе оттың, көшкіннің, тау көшкінінің, боранның, құйынның, дауылдың, су тасқындарының, бұршақтың немесе нөсер жауынның және басқа дүлей апаттардың әсері;

4)             өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау;

5)             Сақтандырылушымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтамауы;

10.3. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізбейді:

1)             егер сақтандырылған тұлға оқиға болған сәтте алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде не кез келген психотроптық заттардың әсерінде болса;

2)             емделу/медициналық қызмет алу сақтанушының іссапарының мақсаты болса, сондай-ақ санаторийлерде, емханаларда, демалыс үйлерінде және санаториялық-курорттық үлгідегі басқа ұйымдарда емделу/медициналық қызметтер алу кезінде;

3)             Сақтанушы Сақтандырушының алкогольдік/есірткілік масаң күйге медициналық куәландырудан және/немесе медициналық куәландырудан өту туралы талабын орындамаған және/немесе куәландыру/қарап-қарау нәтижелерін ұсынбаса;

4)             Сақтанушы Сақтандыру бағдарламасында және/немесе Қағидалардың шарттарында көзделмеген амбулаториялық медициналық қызметтерді және/немесе медициналық қызметтерді алса;

5)             Сақтанушы «SAMAL MEDICAL ASSISTANCE»-қа хабарласпай және Ассистанстан жазбаша жолдама алмастан медициналық қызметтерді алса;

6)             алынған медициналық қызметтер үшін өз бетінше төлесе;

10.4.   Сақтандырушы сақтанушыға дәрілік және/немесе гомеопатиялық препараттардың, биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ), биологиялық стимуляторлардың, түзету жабдықтарының, дәрілік емес медициналық, гигиеналық және/немесе профилактикалық құралдардың кез келген түрлерін/нысандарын ұсынуға байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмайды.

10.5.   Сақтандырушы «Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында көрсетілген ауруларды диагностикалауға және емдеуге байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмайды;

10.6.   Егер сақтандыру жағдайы сақтандыру төлемінің қолданылу мерзіміне дейін немесе осындай мерзім өткеннен кейін орын алса, сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемейді;

10.7.   Төлеуге жататын сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы осы Шартта белгіленген сақтандыру сомасынан асып кеткен жағдайда, Сақтандырушы мұндай асып кетуге қатысты сақтандыру төлемін төлемейді.

10.8.   Егер Сақтанушы/Сақтандырылушы осы Шартты басқа тұлғаға медициналық қызметтерді алу үшін берген болса, Сақтандырушы осы Шарттан бас тартуға және (немесе) біржақты тәртіппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайда сақтандыру сыйлықақысы қайтарылмайды.

10.9.   Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін негіздеме келесілер болып табылады:

1)             Сақтанушымен (Сақтандырылушымен, Пайда алушымен) Сақтандырушыға сақтандыру объектісі (с.і. денсаулық жағдайы туралы), сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдарлары туралы қасақана жалған мәліметтерді хабарлау;

2)             Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Сақтандырушыға Сақтандырылушының қызмет түрінің, жұмыс түрінің өзгеруі, сапар мақсаты туралы хабарламау, егер аталған өзгерту сақтандыру жағдайының белгілеріне ие оқиғаның басталуының тікелей немесе жанама себебі болып табылатын болса;

3)             сақтандыру жағдайынан залалды азайту бойынша шараларды Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) қасақана қабылдамау;

4)             Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу жағдайларын тексеруге және онымен келтірілген залал мөлшерін анықтауға кедергі келтіру;

5)             Шарттың шарттарына сәйкес тиісті құжаттармен расталмаған диагностика және/немесе емдеу және/немесе егер сақтандыру төлемін алу мақсатымен немесе сақтандыру шартын жасау кезінде Сақтандырылушы тұлғамен Сақтандырушыға ұсынылған ақпарат және құжаттар жеткіліксіз болса, немесе толық емес, анық емес немесе сақтандыру жағдайының себептері мен жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру жағдайымен байланысты көрсетілген қызметтердің түрлері мен құны туралы қасақана жалған мәліметтерден тұратын болса;

6)             Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау немесе уақытылы хабарламау.

10.10.    Сақтандырушымен өтелмейді:

1)             Сақтанушының (Сақтандырылушының) моральдық залалы, жоғалтулары, оның ішінде айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық төлемдері, сот шығыстары, ұтылған пайда және т.б.;

2)             кез келген үкіметтің, мемлекеттік немесе болу елінің жергілікті биліктерінің бұйрығы бойынша Сақтандырылушының мүлкін тәркілеумен, ұлттандырумен, мемлекет меншігіне алумен, жоюмен, құртумен болған тікелей немесе жанама шығыстар;

3)             Сақтандырылушының денесін жерлеу орнына жақын халықаралық әуежайдан Сақтандырылушыны жерлеу орнына дейін тасымалдау шығыстары;

4)             Сақтандырылушының туыстарымен немесе кез келген басқа тұлғалармен өз бетімен, Ассистанстың қатысуынсыз және/немесе Сақтандырушымен жазбаша келісіммен ұйымдастырылған Сақтандырылушының денесін репатриациясы бойынша шығыстары;

5)             Сақтандырылушыны Қазақстан Республикасында немесе Сақтандырылушы тірі кезде азаматтығы болған елде жерлеу бойынша кез келген шығыстар;

6)             Сақтанушының (Сақтандырылушының) телефон арқылы сөйлесулеріне ақы төлеу шығыстары;

7)             Сақтанушымен (Сақтандырылушымен) Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешімді қабылдау үшін қажетті құжаттардың орыс немесе қазақ тілдеріне аудармасын және/немесе нотариалдық куәдандыруды жүзеге асыру кезінде шеккен шығыстар.

8)             Сақтандырылушының медициналық мекемеден сақтандыру аумағында уақытша тұру орнына дейін сапарына көлік шығыстары.

9)             Егер Сақтандырылушы шарт күшіне енгеннен кейін сақтандыру шартында көрсетілген сақтандыру аумағында азаматтықты/ыхтияр хатты алған болса, сақтандыру жағдайымен байланысты шығыстар.

10)         жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

11)         БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуына байланысты шығындар;

12)         кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуымен, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуімен байланысты залал;

13)         асбест, асбест талшықтары  немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсерінің салдарынан (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде) орын алған шығындар.

10.11.    Сақтандырушы Сақтанушыға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемінен жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге міндетті.

10.12.    Сақтандырушының сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуына Сақтанушы/Сақтанушы сот тәртібімен шағым жасай алады.

 

11. ШАРТТЫҢ ТАЛАПТАРЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІН ӨЗГЕРТУ. ШАРТТЫҢ ТЕЛНҰСҚАСЫН РЕСІМДЕУ ТӘРТІБІ

11.1.   Шартқа өзгертулер мен толықтыруларды енгізу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша жүзеге асырылады.

 

12. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ/БҰЗУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

12.1.   Шарттың қолданылуы келесі жағдайларда тоқтатылады:

1)             Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде;

2)             Сақтанушымен сақтандыру сыйлықақысын Шартпен белгіленген мөлшерде және мерзімде төлемеу;

3)             тараптардың өтініші бойынша Шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда;

4)             егер Сақтандырушы Шартта көрсетілген сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырса

12.2.   Сақтанушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта Сақтандыру шартынан бас тартуға құқылы.

Шартты Сақтанушы Сақтандырушыға жазбаша хабарлама берген жағдайда бұзуы мүмкін. Шарт Сақтандырушының Шартты бұзу туралы ресми хабарламасын алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткен соң тоқтатылады.

12.3.   Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Шарт бойынша сақтандыру төлемдері жасалмаған жағдайларда, Сақтандырушы сақтандыру төлемінің ұзақтығына пропорционалды және әкімшілік шығыстар сомасын шегеріп, төленген сақтандыру сыйлықақысының 35% мөлшерінде қайтарады.

12.3.1. Сақтанушы-жеке тұлға Шарттан бас тартқан жағдайда, ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Сақтандырушы Сақтанушы-жеке тұлғаға алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) 10%-ын құрайтын, сақтандыру әрекеті болған уақытқа пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) бір бөлігін және Шартты бұзуға байланысты шығыстарды шегеріп тастап, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақыларын) қайтаруға міндетті

12.4.   Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Шарт бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілген жағдайларда, төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылмайды.

12.5.   Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамау салдарынан туындаған жағдайларда, соңғысы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын немесе сақтандыру сыйлықақыларын толығымен қайтаруға міндетті.

12.6.   Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен оның талаптарын орындамау салдарынан туындаған жағдайларда, сақтандыру сыйлықақылары Сақтандырушымен Сақтанушыға қайтарылмайды:

12.7.   Сақтанушының орналасқан жерін немесе тұрғылықты жерін өзгерту;

12.7.1. орналасқан жері немесе тұрғылықты жері өзгерген жағдайда Сақтанушы он күн ішінде Сақтандырушыға жаңа мекенжайы туралы жазбаша хабарлауға міндетті. Олай болмаған жағдайда, Сақтанушының бұрынғы орналасқан мекенжайына жіберілген кез келген жазбаша хабарламалар, хаттар және басқа да құжаттар орындалды (жарамды) болып саналады;.

12.8. Кез келген хабарлама оның жіберілгенін растауға мүмкіндік беретін түрде жіберілуі керек.

 

 

 

13.       ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

13.1.   Шарттан немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

13.2.   Тараптармен уағдаластыққа қол жеткізілмеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттелуге жатады.

13.3.   Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге тәртібі көзделуі мүмкін.

 

14. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

14.1.Тараптардың келісімі бойынша осы Ережелерге сәйкес жасалатын Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылық тудырмайтын ерекше шарттар (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) қосылуы мүмкін. 1

14.2. Шарт Сақтанушының алдын ала диагностикалық және профилактикалық тексеруінсіз жасалады.

14.3. Шартта көзделмегендердің барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

14.4. Тараптардың қосымша жазбаша келісімімен көзделмесе, Сақтандырушының және/немесе Сақтанушының сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен міндеттерін басқа тұлғаларға беруге жол берілмейді.

14.5. Шарт Сақтанушының және Сақтандырылушының Сақтандырушыға Сақтандырылушының емделуi туралы барлық құжаттаманы, оның сақтандыру қорғауы кезеңiне дейiнгi денсаулығының жай-күйi туралы құжаттаманы, сондай-ақ басқа да қажеттi ақпарат пен құжаттаманы, оның iшiнде медициналық құпияны құрайтын ақпаратты беруге, сондай-ақ Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпаратты беруге келісімін растайды.

14.6. Шартқа қол қою арқылы Сақтанушы өзінің, сондай-ақ Сақтандырылушының Сақтандырушы немесе оның атынан әрекет ететін тұлғалардың Сақтанушының/Сақтандырылушының медициналық құжаттарымен танысуға және денсаулығын бақылауға келісімін растайды, бұл медициналық себептер бойынша мүмкін емес жағдайларды қоспайды.

14.7. Қосарлы сақтандыру:

1) Қосарлы сақтандыру – бұл бір объектіні бірнеше сақтандырушыда немесе олардың әрқайсысымен дербес сақтандыру шарттары бойынша бір сақтандырушыда сақтандыру.

2) Қосарлы сақтандыру кезінде сақтандырушы пайда алушының алдында сақтанушымен жасалған сақтандыру шарты шегінде мүліктік жауапкершілікті мойнына алады, алайда пайда алушының барлық сақтандырушылардан/ немесе сақтандыру өнімдерінен бір сақтандырушыдан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.

3) Қосарлы сақтандыру кезінде, сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтанушы/сақтандырылушы сақтандырушыға өзге сақтандыру компанияларында сақтандыру төлемі мәселесін реттеуге қатысты барлық мәліметтерді, оның ішінде өзге сақтандыру компанияларынан алынған сақтандыру төлемінің мөлшері туралы мәліметтерді беруге міндетті.

4) Қосарлы сақтандыру кезінде сақтандырушы басқа сақтандыру ұйымдарымен бірлесіп, сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға немесе тек бір сақтандыру өнімі бойынша ғана төлемді жүзеге асыруға құқылы.

14.8. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының) келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)   “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2)   Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3)   Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)   дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5)   ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

14.9. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

14.10. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 14.8. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

14.11. Сақтанушы 1)-5) 14.8. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

14.12. Шарт қазақ және орыс тілдерінде екі данада, бірдей заңды күшке ие, тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалған.

14.13. Аудармаларда сәйкессіздіктер болған жағдайда Тараптар Шарттың орыс тіліндегі мәтінін басшылыққа алады.

 

 

Қосымша №1

Медициналық қызметтердің атауы

Көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі

Жауапкершілік лимиті

Бағдарлама 1  

Бағдарлама 2

Бағдарлама 3

24 сағаттық диспетчерлік қызмет:

• жедел жәрдем шақыру;

• жедел жәрдем келгенге дейін координатор дәрігердің ұсыныстары;

• Сақтандырылушының сақтандыру бағдарламасы, лимиттері мен шығыстары бойынша ақпараттық қызметтер

 

Толық қамту

 

Толық қамту

 

Толық қамту

Жедел медициналық жәрдем

Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар (төтенше жағдайлар) туындаған кезде мемлекеттік жедел жәрдем қызметі бригадасының Ассистанс Call-Cеnter-ы арқылы жедел медициналық көмек көрсетуін ұйымдастыру. Жедел жәрдем бригадасының шығуы қалалар мен облыс орталықтарының әкімшілік шекараларында жүзеге асырылады:

• жедел жәрдем бригадасының шығуы

•қажетті емдік-диагностикалық шараларды жүргізу

•дәрілік заттарды және медициналық жабдықтарды пайдалану

• Сақтандырылушыны мамандандырылған медициналық мекемеге жатқызу.

 

Толық қамту

 

Толық қамту

 

Толық қамту

Шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеу және хирургиялық операциялар:

• отбасылық дәрігердің немесе жедел жәрдем бригадасының жолдамасы бойынша медициналық клиникалардың мамандандырылған бөлімшелеріне жатқызу

• стационар жағдайында тар шеңберлі мамандардың қажетті консультацияларын ұйымдастыру

• ауруханаға жатқызуға себеп болған ауруды (жағдайды) диагностикалау және емдеу үшін қажетті зертханалық-диагностикалық және аспаптық зерттеу әдістері;

•5 төсек күнге дейін хирургиялық және/немесе консервативті емдеу

• ауруханаға жатқызуға себеп болған жағдайды емдеуге қажетті дәрілік заттарды қамтамасыз ету

• ауруханаға жатқызуға себеп болған ауруды емдеу үшін дәрігер тағайындаған медициналық процедуралар, физиотерапия, емдік дене шынықтыру; (массажды қоспағанда).

• медициналық персоналдың тамақтануы және күтімі;

 

50 000 теңге

 

Жоқ

 

Жоқ

Репатриация

• Сақтандырылушының тірі кезінде азаматтығы болған елге Сақтандырылушының денесін репатриациялау бойынша шығыстар, атап айтқанда:

1) халықаралық тасымалдау талаптарына сәйкес келетін табыттың құны;

2) Сақтандырылушының тірі кезінде азаматтығында болған елдегі жерлеу орнына дейін ең жақын халықаралық әуежайға дейін Сақтанушының сүйегін ұйымдастыруға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығыстар.

 

Толық қамту

 

Толық қамту

 

Толық қамту

Жалпы сақтандыру сомасы

350 000 теңге

150 000 теңге

100 000 теңге

 

Сақтандыру мерзіміне байланысты бағдарламалардың құны:

Сақтандыру сомасы

Бағдарлама 1

Бағдарлама 2

Бағдарлама 3

1 ай

3 000

700

600

2 ай

3 250

1 000

800

3 ай

3 500

1 300

900

4 ай

3 750

1 600

1 000

5 ай

4 000

1 900

1 200

6 ай

4 250

2 100

1 400

7 ай

4 500

2 400

1 600

8 ай

4 750

2 700

1 800

9 ай

5 000

2 900

2 000

10 ай

5 250

3 100

2 200

11 ай

5 500

3 400

2 400

12 ай

5 750

3 700

2 600


Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту