22.04.2022ж. өзгерістермен
08.09.2022ж. өзгерістермен
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Сақтандыру ережелері) Қазақстан Републикасының Азаматтық Кодексіне, 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына, Қазақстан Републикасының 2003 ж. 1 шілдедегі № 446-II «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына (бұдан әрі – «Заң») сәйкес әзірленді.
1.2. «Номад Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – «Сақтандырушы») осы сақтандыру Ережелерінің талаптарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды (бұдан әрі – «көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру») көлік құралдарының иелерімен (бұдан әрі – «Сақтанушы») міндетті сақтандыру шартын (бұдан әрі – «шарт») жасау арқылы жүзеге асырады.
1.3. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
1.4. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады:
1.4.1. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркеуге жататын) жеңіл, жүк автомобильдерін, автобустарды, шағын автобустарды және олардың базасында салынған көлік құралдарын, мотокөліктер мен олардың тіркемелерін (жартылай тіркемелерді), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустарды;
1.4.2. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген (әкелінген) ;
1.4.3. Осы Сақтандыру шартының 1.4-тармағының 1.4.1., 1.4.2. тармақшаларында көрсетілген, өндіруші-ұйымдардан, жөндеу және сауда ұйымдарынан, Кедендік бақылау органдарынан тіркеу орнына өз жүрісімен жеткізілетін, сондай-ақ иесінің тұрғылықты жерінің немесе меншік құқығының өзгеруіне байланысты жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшесі есептен шығарған көлік құралдарын.
1.5. Көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі ол пайдаланатын көлік құралының әрбір бірлігі бойынша сақтандырылуы тиіс. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасау көлік құралы иесін
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттен босатпайды.
1.6. Көлік құралын өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындауына байланысты, оның ішінде көлік құралының иесімен еңбек немесе өзге де шарт негізінде не көлік құралы иесінің қатысуымен оның еркін білдіруі негізінде мәміленің жазбаша нысанын рәсімдемей басқаратын тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатпайды.
1.6-1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның бөлімшелерінде көлік құралдары мемлекеттік тіркеуге және есепке алынуға жатпайтын меншік иелері (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) жасамайды, бұл көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыста болып есептелетін жағдайларды қоспайды.
1.7. Осы Сақтандыру ережелерінде келесі ұғымдар қолданылады:
1) Көлік құралының иесі – көлік құралын меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не кез келген басқа да заңды негізде (мүліктік жалдау шартына, құзыретті органның көлік құралын беру туралы өкімі күшіне қарай және басқа) иеленетін жеке немесе заңды тұлға;
2) Пайда алушы – Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
3) Көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген көлік құралын жоғары қауіптілік көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндеті;
4) «Бонус-малус» жүйесі - көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін есептеу кезінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) тиісті сынып бере отырып, оның кінәсінен сақтанушыда (сақтандырылушыда) сақтандыру жағдайларының болуы немесе болмауына байланысты жоғарылату немесе төмендету коэффициенттерін қолдану арқылы пайдаланылатын жеңілдіктер мен үстемеақылар жүйесі;
5) Сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға;
6) Кешенді шарт – сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдарының екі және одан да көп бірлігінің иесі болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және тек бір сақтандырылған жеке тұлғаға қатысты әрекет ететін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
7) Жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасаған жеке тұлға;
8) Жәбірленуші - көлік құралын пайдалану нәтижесінде өмірі мен денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға;
9) Тікелей реттеу – көлік оқиғасында жәбірленушінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді жәбірленушіде заңда көзделген жауапкершілік көлемі шегінде көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру жағдайын реттеу тетігі;
10) Стандартты шарт - сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралының иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бір немесе бірнеше сақтандырылған тұлғаларға қатысты қолданылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
11) Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаған тұлға. Полисте сақтандырылушы ретінде көрсетілмеген Сақтанушының жауапкершілігі сақтандырумен қорғалмайды;
12) Сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру шартында айқындалған мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемелерін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
13) Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
14) Сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасының шегінде төлейтін ақша сомасы;
15) Сақтандыру жағдайы - басталған кезде сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;
16) Сақтандыру омбудсманы - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
17) Сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға;
18) Көлік оқиғасы - көлік құралын пайдалану процесінде және оның қатысуымен
туындаған, сондай-ақ көлік құралынан бөлінген бөлшектер мен ондағы жүктің қозғалысы нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келтірілген оқиға (соның ішінде жол-көлік оқиғасы);
19) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау мен қадағалау бойынша орган;
20) Көлік құралын пайдалану - көлік құралын жолдармен, сондай-ақ оларға іргелес
жайластырылған немесе бейімделген және көлік құралдарының қозғалысы үшін пайдаланылатын аумақтармен жүріп-тұру үшін пайдалану.
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі Сақтандырылған адамның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген оның көлік құралын жоғары қауіптілік көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.
3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Сақтандыру жағдайы деп Сақтандырылған адамның көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында көрсетілген көлік құралын пайдалану нәтижесінде зардап шегуші деп танылған адамдардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша Сақтандырылған адамның азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі танылады.
4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ
4.1. Сақтандыру сомасы Заңға сәйкес сақтандыру шарты бойынша анықталады. Сақтандырушының бір сақтандыру жағдайына байланысты жауапкершілігінің шекті көлемі айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) құрайды:
1) Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына келтірілген және алып келген төмендегі зиян үшін:
өлім – 2000
мүгедектікті анықтау:
І топ – 1600;
ІІ топ – 1200;
ІІІ топ – 500;
«мүгедек бала» - 1000;
мертігу, жарақат немесе мүгедектік анықталмаған денсаулықтың өзге де зақымдары - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 300-ден аспауы тиіс;
2) бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден аспауы тиіс;
3) бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден аспайтын мөлшерде. Бұл ретте барлық жәбірленушілерге сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері 2000-нан аспауы тиіс. Зиян Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен мөлшері асып кеткен жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
4.2. Зардап шегушінің қайтыс болуына немесе мүгедектігің анықталуына әкеп соққан өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі сақтандырушының жауапкершілігінің осы баптың 4.1-тармағында белгіленген шекті көлемі мөлшерінде жүзеге асырылады.
4.3. Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.
4.4. Сақтанушының (сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болған болса немесе сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілген болса, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, сақтандырушы өтеуге тиіс.
4.5. Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі, бұл ретте сақтандыру төлемінің және шығындар өтемақысының жалпы сомасы көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленген жауапкершіліктің шекті көлемінен аспауға тиіс. Егер шығындар сақтанушының сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаса, олар жауапкершіліктің шекті көлеміне қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.
4.6. Көрсетілген шығындарды сақтандырушы тікелей оны шеккен тұлғаға өтейді.
4.7. Келтірілген зиянды толық өтеу үшін жауапкершіліктің шекті көлемі жеткіліксіз болған жағдайда сақтанушы жәбірленушіге сақтандыру сомасы мен нақты зиян мөлшері арасындағы айырманы өтейді.
4.8. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда сақтандырушы жәбірленушіні жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге арналған шығындарды жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтейді.
5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ
5.1. Сақтандыру шартын жасау бойынша төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін, оған көлік құралдарын тіркеу орнына, көлік құралының типі, Сақтанушының (Сақтандырылушының) жасы мен жүргізу өтіліне, көлік құралын пайдалану мерзіміне байланысты базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, ал азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған ("бонус-малус" жүйесі) тұлғалардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуы немесе болмауына қатысты Сақтандыру ережелерінің 5.4. - 5.11 тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады.
5.2. Осы Сақтандыру ережелерінде көзделмеген өзге де негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді.
5.3. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.
5.4. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер төмендегідей мөлшерде белгіленеді:
№ п/п |
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана атауы |
Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін ) |
1. |
Алматы облысы |
1,78 |
2. |
Түркістан облысы |
1,01 |
3. |
Шығыс Қазақстан облысы |
1,96 |
4. |
Қостанай облысы |
1,95 |
5. |
Қарағанды облысы |
1,39 |
6. |
Солтүстік Қазақстан облысы |
1,33 |
7. |
Ақмола облысы |
1,32 |
8. |
Павлодар облысы |
1,63 |
9. |
Жамбыл облысы |
1,00 |
10. |
Ақтөбе облысы |
1,35 |
11. |
Батыс-Қазақстан облысы |
1,17 |
12. |
Қызылорда облысы |
1,09 |
13. |
Атырау облысы |
2,69 |
14. |
Маңғыстау облысы |
1,15 |
15. |
Алматы |
2,96 |
16. |
Астана |
2,2 |
17. |
Шымкент |
1,01 |
5.5. Осы Сақтандыру ережелерінің 5.4-тармағында көрсетілген өзге қалалар мен облыстардағы елді мекендер үшін сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін қосымша 0,8 мөлшерінде түзетім коэффициенті пайдаланылады.
5.6. Көлік құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда тіркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшерінде коэффициент қолданылады.
Осы Сақтандыру ережелерінің 1.4.3.тармақшасында көзделген жағдайларға қатысты көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды.
5.7. Көлік құралының типі бойынша коэффициенттер төмендегідей мөлшерде белгіленеді:
Р/б № |
Көлік құралының типі |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сыныптама |
Көлік құралының типі бойынша коэффициенттің мөлшері |
1. |
Жеңіл |
«В» - толық салмағы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа отыратын орындардың саны 8-ден аспайтын автомобильдер |
2,09 |
2. |
16-ға дейінгі жолаушылар орны бар (қоса алғанда) автобустар |
«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер |
3,26 |
3. |
16-дан астам жолаушылар орны бар автобустар |
«Д» - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер |
3,45 |
4. |
Жүк |
«С» - толық салмағы 3500 кг асатын жүк автомобильдері |
3,98 |
5. |
Троллейбустар, трамвайлар |
Троллейбустар, трамвайлар |
2,33 |
6. |
Мотокөлік |
«А» - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары |
1,00 |
7. |
Тіркемелер (жартылай тіркемелер) |
«Е» - "В", "С" немесе "Д" көлік құралдарының санаттарына жататын тартқыштары бар көлік құралдарының құрамдары |
1,00 |
5.8. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу өтіліне байланысты коэффициенттер келесі мөлшерде белгіленеді:
Р/б № |
Жасы және жүргізу өтілі |
Жасына және жүргізу өтіліне байланысты коэффициенттің мөлшері |
1. |
25 жастан төмен/жүргізу өтілі 2 жылдан кем |
1,10 |
2. |
25 жастан төмен/жүргізу өтілі 2 жылдан астам |
1,05 |
3. |
25 жас және одан жоғары / жүргізу өтілі 2 жылдан кем |
1,05 |
4 |
25 жас және одан жоғары / жүргізу өтілі 2 жылдан астам |
1,00 |
5.9. Заңды тұлғалар үшін осы Сақтандыру Ережелерінің 5.8. тармағында көзделген коэффициенттер 1,2 мөлшерінде белгіленеді.
5.10. Көлік құралдарын пайдалану мерзіміне байланысты коэффициенттер келесі мөлшерде белгіленеді:
Р/б № |
Көлік құралдарын пайдалану мерзімі |
Көлік құралдарын пайдалану мерзіміне байланысты коэффициенттер мөлшері |
1. |
Қоса алғанда 7 жыл |
1,00 |
2. |
7 жылдан жоғары |
1,10 |
5.11. «Бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады:
Сақтандыру мерзімінің басындағы сынып |
Коэффициент мөлшері |
Сақтанушының (сақтандырылушының) кінәсінен сақтандыру жағдайларының орын алуын ескере отырып, сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейінгі сынып |
||||
0 сақтандыру жағдайы |
1 сақтандыру жағдайы |
2 сақтандыру жағдайы |
3 сақтандыру жағдайы |
4 және одан астам сақтандыру жағдайы |
||
Сынып М |
2,45 |
0 |
М |
М |
М |
М |
Сынып 0 |
2,30 |
1 |
М |
М |
М |
М |
Сынып 1 |
1,55 |
2 |
М |
М |
М |
М |
Сынып 2 |
1,40 |
3 |
1 |
М |
М |
М |
Сынып 3 |
1,00 |
4 |
1 |
М |
М |
М |
Сынып 4 |
0,95 |
5 |
2 |
1 |
М |
М |
Сынып 5 |
0,90 |
6 |
3 |
1 |
М |
М |
Сынып 6 |
0,85 |
7 |
4 |
2 |
М |
М |
Сынып 7 |
0,80 |
8 |
4 |
2 |
М |
М |
Сынып 8 |
0,75 |
9 |
5 |
2 |
М |
М |
Сынып 9 |
0,70 |
10 |
5 |
2 |
1 |
М |
Сынып 10 |
0,65 |
11 |
6 |
3 |
1 |
М |
Сынып 11 |
0,60 |
12 |
6 |
3 |
1 |
М |
Сынып 12 |
0,55 |
13 |
6 |
3 |
1 |
М |
Сынып 13 |
0,50 |
13 |
7 |
3 |
1 |
М |
5.12. Сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін "бонус-малус" жүйесі бойынша сыныпты есептеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
5.13. Алынып тасталды.
5.14. Алынып тасталды.
5.15. Алынып тасталды.
5.16. Алынып тасталды.
5.17. Алынып тасталды.
5.18. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру жағдайларын қоспағанда, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан кем мерзімге жасау кезінде, көлік құралының бірлігіне арналған сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері төмендегідей формула бойынша есептеледі:
СП=ГСП*n / n, мұнда:
СП-он екі айдан кем мерзімге жасалатын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
ГСП-жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
n-көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау мерзімі (күндермен));
N-365 күн (кібісе жылда 366 күн).
5.19. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда көлік құралының бірлігіне арналған сақтандыру сыйлықақысының мөлшері төмендегідей формула бойынша есептеледі:
СП = ГСП* К, мұнда:
СП-Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кірген жағдайда он екі айдан кем мерзімге жасалатын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен);
К – осы сақтандыру ережелерінің 5.20-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті.
5.20. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кіру кезеңінде көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде төмендегідей коэффициенттер белгіленеді:
Р/б № |
Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың сақтандыру мерзімі |
Коэффициент |
1 |
15 күнге дейін (қоса алғанда) |
0,2 |
2 |
16 күннен 1 айға дейін |
0,3 |
3 |
2 ай |
0,4 |
4 |
3 ай |
0,5 |
5 |
4 ай |
0,6 |
6 |
5 ай |
0,65 |
7 |
6 ай |
0,7 |
8 |
7 ай |
0,8 |