ЭКСПОНЕНТТІ КЕШЕНДІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.                                ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Экспонентті кешенді сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ережелер») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-II Заңына сәйкес әзірленген.

1.2. Ереженің шарттарына сәйкес, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі «Сақтандырушы») заңды (меншік нысанына және резиденттігіне қарамастан) немесе әрекетке қабілетті жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) (бұдан әрі «Сақтанушы») мүлікті залалдан ерікті сақтандыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру және басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру шартын жасау арқылы өзге қаржылық шығындардан ерікті сақтандыруды, мүлікті залалдан сақтандыруды және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисін (бұдан әрі - Полис) жасау немесе Сақтандыру шартын (бұдан әрі – шарт) жасасу арқылы ерікті түрде жүзеге асырады.

1.3. Полис Сақтандырушы бiржақты тәртiппен әзiрлеген осы Ережеге Сақтанушыны қосу жолымен электрондық нысанда рәсiмделедi. 1.4. Шарт Сақтандырушы белгілеген нысан бойынша қағаз тасығышта жасалады.

1.4. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Пайда алушы - Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.

Сақтандырушы - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе пайдасына Шарт жасалған өзге тұлғаға (Пайда алушыға) Шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті, сақтандыруды жүзеге асырушы тұлға. Сақтандырушы сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға ғана бола алады.

Сақтанушы - Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы бiр мезгiлде Сақтандырылған болып табылады.

Сақтандырылушы - өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. Көрме іс-шараларына қатысатын тұлға ғана сақтандырылушы бола алады;

Сақтандыру жағдайы - басталған кезде Шарт сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғаның ҚР АК-ның 817-бабының 3-тармағында көзделген белгілері болуы тиіс.

Сақтандыру сыйлықақысы - Сақтандырушының Шартта айқындалған мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушының төлеуге міндетті ақша сомасы.

Сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.

Шартсыз франшиза - сақтандыру талаптарымен көзделген Сақтандырушыны белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген сомадан шегеріле отырып өтеледі. Барлық жағдайда келтірілген залал және/немесе жоғалту, жойылу белгіленген шегерім сомасын шегеріп өтеледі.

Суброгация — сақтандыру нәтижесінде өндірілген шығындар үшін жауапты тұлғаға төленген сома шегінде Сақтанушының (Сақтандырылушының) талап ету құқығының сақтандыру төлемін төлеген Сақтандырушыға өтуі. 

Үшінші тұлғалар (жәбірленушілер) – сақтандыру жағдайы деп танылған және осы Шартта көзделген оқиғаның салдарынан өмірі/денсаулығы және/немесе мүлкі зақымдалған тұлғалар.

Сақтанушының/Сақтандырылушының қызметi барысында зиян/залал келтiрiлген үшiншi тұлғалар (жәбiрленушiлер) бола алады:

1) өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтірілген жеке тұлғалар;

2) мүлкіне залал тиген заңды тұлғалар;

3) жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар жеке тұлғалар.

Сақтандыру қорғанысы – Сақтандыру шартының талаптарында көзделген жағдайларда Сақтанушының/Пайда алушының сақтандырылған мүлкі мен қаржылық мүдделері қорғалатын кезең.

Экспонент – көрме іс-шарасына қатысатын сақтандырылған тұлға.

Көрме стенді – Экспонент көрме іс-шарасына қатысу үшін көрме іс-шарасын ұйымдастырушы бөлетін кеңістік.

1.5. Сақтанушылар Сақтандырушымен сақтандырылған мүлікті залалдан сақтап қалуға негізделген мүддесі бар Сақтандырылушылар ретінде үшінші тұлғалардың пайдасына Шарттар жасасуға құқылы. Сақтандырылушының пайдасына Шарт жасасу Сақтанушыны осындай Шарт бойынша мiндеттердi орындаудан босатпайды.

1.6. Ережеде және Шартта көрсетілген Сақтанушының міндеттері Сақтандырылушылар мен Пайда алушыларға тең дәрежеде қолданылады. Пайда алушының осы міндеттерді орындамауы Сақтанушының оларды орындамауы сияқты салдарларға әкеп соғады.

1.7. Сақтанушының Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуі оның Ережелермен толық келісетіндігін растауы болып табылады.

 

2.                  САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Сақтандыру объектісі болып Сақтанушының (Сақтандырылушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және келесілерге байланысты мүліктік мүдделері болып табылады:

1)             жылжымалы мүліктің зақымдануымен, жойылуымен және/немесе жоғалуымен (бұдан әрі - «Жылжымалы мүлік»);

2)             көрме іс-шарасына қатысу кезінде мүлікті пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірумен (бұдан әрі - «АҚЖ»);

3)             көрмеге қатысуға байланысты Экспоненттің тікелей шеккен қосымша және күтпеген шығындарымен, залалдармен, атап айтқанда: алаң мен қызмет үшін жалдау ақысы, стендті жалға алу, көлік шығындары, жобалау құны, стендтерді және/немесе экспозицияларды, олардың жабдықтары мен экспонаттарын салу/монтаждау, орнату және бөлшектеу.

 

2.2. Сақтандыруға жатады:

2.2.1.      «МҮЛІК» бөлімі бойынша (тек азаматтық-құқықтық жауапкершілікпен және қосымша шығындармен бірге сақтандырылуы мүмкін) - экспонент көрме іс-шарасына қатысу мақсатында пайдаланатын, Экспонентке меншік құқығында да, жалға алу құқығында да тиесілі кез келген жылжымалы мүлік.

2.2.2.      «АҚЖ» бөлімі бойынша (мүлікпен және қосымша шығындармен бірге ғана сақтандырылуы мүмкін) Экспоненттің көрме іс-шарасына қатысуы кезінде туындаған үшінші тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына зиян және/немесе мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік.

2.2.3.      «Қосымша шығындар» бөлімі бойынша (мүлікпен және қосымша шығындармен бірге ғана сақтандырылуы мүмкін): Сақтанушыда сақтандыру жағдайлары салдарынан туындаған қосымша және күтпеген шығындар, атап айтқанда: алаң мен қызметтер үшін жалдау ақысы, стендті жалға алу, көлік шығыстары, жобалау құны, стендтерді және/немесе экспозицияларды, олардың жабдықтары мен экспонаттарын салу/монтаждау, орнату және бөлшектеу.

3.                                САҚТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы Cақтандырушы болып табылады.

3.2. Шарттар бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын кез келген жеке (азаматтығына қарамастан) және заңды тұлғамен (меншік және резиденттік нысанына қарамастан) жасалады.

3.3. Шартты рәсімдеу кезінде Сақтанушы үшінші тұлғаларға (жәбірленушілерге) залал мен зиян келтіруді қоспағанда, мүлікті сақтауға мүдделі кез келген тұлғаны Пайда алушы ретінде тағайындауға құқылы.

3.4. Сақтанушының, Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушының немесе Пайда алушының сақтандырылған мүлікті сақтауда мүддесі болмаған жағдайда рәсімделеген Шарт жарамсыз болады.

3.5. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін Сақтандырылушы болып табылмайтын Пайда алушыны Шартта көрсетілген басқа тұлғамен бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлап, ауыстыруға құқылы.

3.6. Пайда алушы болып табылады:

1)        «МҮЛІК» бөлімдері бойынша - сақтандырылған мүлік бүлінген, жойылған және/немесе жоғалған жағдайда осы мүліктің иесі Пайда алушы болып табылады.

2)        «АҚЖ» бөлімі бойынша - Экспоненттің/Сақтандырылушының көрме іс-шарасына қатысуы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян/залал келтірілген үшінші тұлғалар. Үшінші тұлғалар қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаның қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар тұлғалар Пайда алушылар болып табылады.

3)        «Қосымша шығындар» бөлімі бойынша – Сақтанушы. Осы бөлім бойынша тәуекел тек Сақтанушының пайдасына сақтандырылуы мүмкін.

 

4.                                САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫН АНЫҚТАУ

4.1. Ережелер мен Шартта көзделген, басталған кезде Сақтандырушының Сақтанушыға немесе пайдасына Шарт жасалған өзге тұлғаға сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеті туындайтын, болып қойған оқиға сақтандыру жағдайы болып табылады.

Сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиға төменде санамаланған барлық белгілерге ие болуы тиіс:

1)    оқиғаның басталу ықтималдығы мен кездейсоқтығы;

2)      оқиға басталуының нақты уақытына немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның басталуы нәтижесіндегі залалдар мөлшеріне қатысты болжанбайтындығы;

3)      Оқиғаның Шарттың әрекет ету аясында сөзсіз және объективті түрде орын алу қаупі жоқ, бұл туралы тараптар немесе, ең болмағанда, сақтанушы алдын ала білген немесе хабардар болған;

4)    оқиғаның басталуы Сақтанушының (Cақтандырылушының, Пайда алушының) мүліктік мүддесі үшін теріс, тиімсіз экономикалық салдарларға ие;

5)    оқиғаның басталуы Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) ерік білдіруімен және (немесе) пиғылымен байланысты емес және пайда алу және (немесе) ұтыс алу (алыпсатарлық тәуекел) мақсатын көздемейді.

4.2. Ережеге сәйкес Шартта белгіленген оқиғаның немесе оқиғалар жиынтығының (сақтандыру жағдайлары) басталуы нәтижесінде сақтандырылған мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы сақтандыру жағдайы деп танылады. Сақтандыру жағдайы сақтандырылған мүліктің жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы[1] немесе жауапкершіліктің басталу фактісі Шарттың қолданылу мерзімі ішінде болған кезде ғана орын алады.

4.3. Сақтандыру жағдайлары - бұл күтпеген жерден басталуы сақтандырылған мүлiктiң жойылуына, зақымдануына немесе жоғалуына әкеп соғуы мүмкiн ықтималдық және кездейсоқ белгiлерi бар Шартта көрсетiлген болжамды оқиғалар.

4.4. Сақтандыру жағдайының басталғанын, сондай-ақ ол келтірген зиянның мөлшерін дәлелдеу Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) және Пайда алушыға жүктеледі.

 

5.                                САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

5.1. «Мүлік» бөлімі бойынша сақтандыру жағдайлары.

5.1.1. Өрт, түтін және газ жарылысынан сақтандыру

Сақтандырушы сақтандырылған мүлікті жою, бүлдіру немесе жоғалту нәтижесінде келтірілген залал үшін сақтандыру төлемін мынадай оқиғалар (сақтандыру жағдайлары) орын алуы нәтижесінде жүзеге асырады:

1) өрт;

Өрт деп отты тұтатуға және жандыруға арналған арнайы орындардан тыс жерлерде оттың пайда болуы немесе олардың шегінен тыс жерлерде таралуы және өз бетінше тарату қабілеті түсініледі, сондай-ақ түтінмен және өрттің одан әрі таралуын болдырмау үшін қолданылатын өртке қарсы шаралармен келтірілген залал;

2) газ жарылысы;

Газ жарылысы, оның ішінде жұмысында жоғары қысымды пайдаланатын газ қоймаларының, газ құбырларының, машиналарының, құрылғыларының және басқа да осыған ұқсас құрылғылар мен жабдықтардың жарылуы, соның ішінде жарылыс нәтижесінде осы жабдықтың өзінің зақымдалуы (егер бұл жабдық сақтандырылған болса).

5.1.2. Табиғи апаттан сақтандыру

Сақтандырушы келесілердің нәтижесінде сақтандырылған мүліктің жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы салдарынан келтірілген зиянды өтейді:

1)                 Жер сілкінісі;

Жер сілкінісі деп жер қыртысындағы кернеудің кенеттен шешілуі салдарынан пайда болатын топырақтың сілкінуі (сейсмикалық толқулар) түсіндіріледі. 72 сағат ішінде кез келген уақытта орын алған және сейсмикалық түрткі салдарынан тікелей туындаған мүліктің жоғалуының, жойылуының немесе зақымдануының барлық жағдайлары бір сейсмикалық түрткі салдарынан орын алған болып қарастырылады және Ереже шеңберінде бір сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылады.

Көрсетілген 72 сағаттық кезеңнің басталуы Сақтанушының шешімі бойынша белгіленеді. Егер залал көрсетілген 72 сағат ішінде, бірақ бір-біріне байланыссыз болған, сақтандырылған оқиғалардың нәтижесінде келтірілсе, онда әртүрлі сақтандыру жағдайлары орын алды деп есептеледі.

Сақтанушы мынадай шарттардың ең болмағанда біреуінің болуын дәлелдеген кезде жер сілкінісі салдарынан сақтандыру жағдайы орын алған болып есептеледі:

- жер бетіндегі сілкіну нәтижесінде бүлінген немесе қираған ғимаратар немесе ғимараттарға ұқсас осындай сілкіністерге төтеп бере алатын өзге де мүлік мінсіз жағдайда болған, яғни оларды жобалау, салу және пайдалану кезінде осы ғимараттар мен басқа да мүлік орналасқан жердің сейсмологиялық жағдайы ескерілген болса;

- мінсіз күйдегі сақтандырылған мүліктің жойылуы немесе зақымдануы тек жер сілкінісінің нәтижесінде ғана орын алуы мүмкін болса.

2)      жерасты отының әрекеттері;

3)   жылжымы. Көшкін деп топырақтың ығысуы нәтижесінде пайда болатын топырақтың өз салмағы мен жүктемесінің әсерінен тау жыныстары массаларының беткейдегі жылжуы түсініледі.

4)   көшкін (с.і. қар көшкіні);

5)   су басу, су тасқыны, найзағай ұру, бұршақ, сел тасқындары (тау бөктерінде және таулы аудандарда, шағын өзендердің алаптарында және аңғар түбінің үлкен еңістігі бар жыраларда мол жаңбырдың түсуі немесе қардың қарқынды еруі кезінде пайда болатын, лайлы-тасты заттарға толы, қысқа мерзімді қиратушы ағын), жердің шөгуі, газдың бөлінуі, мұзбен зақымдануы, жергілікті нормадан тыс қатты жаңбырлар, қалың қар жаууы, боран және аяз.

    Бұл жағдайда су тасқыны деп сақтандыру орнын келесілердің нәтижесінде су басып қалуы түсініледі:

а)    сақтандыру орнына тән жергілікті жағдайларды (жер бедері, климаты, судың маусымдық ауытқулары және т.б.) ескере отырып болжауға болатын жер үсті су қоймаларының жағалауларынан судың ағуы.

Ереженің талаптарына сәйкес, егер мұндай оқиға орта есеппен он жылда бір реттен жиі орын алса, су тасқыны алдын ала қарастырылуы мүмкін деп саналады.

б)   атмосфералық жауын-шашындар.

6)   сақтандырылған мүлікке дауылдың (боранның), құйын, даурыққан (дауылды) жел, тайфунның тікелей әсері.

Бұл жағдайда дауыл деп ауа райы жағдайларынан туындаған ауа массаларының Бьюфорд шкаласы бойынша 8 баллға сәйкес келетін жел күші бар қозғалысы түсініледі (жел жылдамдығы 60 км/сағ астам). Егер сақтандыру жағдайы болған орын үшін желдің күшін анықтау мүмкін болмаса, онда ол дауыл (боран) кезінегі желдің күшіне сәйкес деп есептеледі, егер Cақтанушы төменде аталған шарттардың ең болмағанда біреуінің болуын дәлелдесе:

- сақтандыру орнындағы немесе оның төңірегіндегі әуе массаларының қозғалысы мінсіз жағдайдағы ғимараттардың не ғимараттарға ұқсас желдің тиісті күшіне төтеп бере алатын басқа да мүліктің опат болуына немесе зақымдануына себеп болған;

- мінсіз күйдегі сақтандырылған мүліктің опат болуы немесе зақымдануы тек дауыл (боран) нәтижесінде мүмкін болған.

5.1.3. Судың және/немесе басқа сұйықтықтың салдарынан зақымдалуы

Сақтандырушы сақтандырылған мүліктің келесілердің нәтижесінде жоғалуы (жойылуы), бүлінуі салдарынан келтірілген залалдардың орнын толтырады:

1)   су құбыры, жылу, кәріз және өртке қарсы жүйелердегі, оның ішінде сақтандыру аумағынан тыс жерлерде болған апаттар.

2)   Сақтанушыға (Пайда алушыға) тиесілі емес басқа объектілерден немесе үй-жайлардан келетін сұйықтықтың су басуы;

3)   жер асты (топырақасты) суларының деңгейін көтеру. Топырақасты суларының шығуы – техногендік және ішінара табиғи факторлардың әсерінен орын алатын күрделі процесс, онда су режимі мен аумақтың теңгерімінің бұзылуы нәтижесінде қорғау шараларын қолдануды талап ететін, критикалық мәндерге жететеін жерасты су деңгейінің жоғарылауы байқалады.

4)   қардың еруі.

5.1.3.1 Көрсетілген жүйелерге құбырлардың өздері, су беруге арналған қондырғылар, шайыр, су алу нүктелері, жинағыштар және т. б. жатады. Мұндай жүйелерге қосылған өнеркәсіптік қондырғылар тұтыну жабдықтарының санатына жатады және жүйелердің элементтері болып табылмайды.

5.1.4. Мүлікті кейіннен жоюды немесе бүлдіруді қоса алғанда, ұрлық пен тонаудан сақтандыру

Сақтандырушы сақтандырылған мүлікті бұзып ұрлау, тонау және кейіннен жою немесе зақымдау нәтижесінде сақтандырылған мүліктің опат болуы, зақымдануы немесе жоғалуы салдарынан Сақтанушыға келтірілген залалды өтейді.

Сақтанушы мен Сақтандырушы арасындағы келісім бойынша сақтандыру қорғанысы сақтандырылған мүлік келесілердің нәтижесінде жойылған, бүлінген немесе жоғалған жағдайда берілуі мүмкін:

1) ұрлық;

2) сақтандыру аумағы шегінде тонау;

Ереженің 5.4.1-тармағында атап өтілген іс-әрекеттер нәтижесінде Сақтанушыға келтірілген залал, егер бұл іс-әрекеттер Шартта сақтандырылған тәуекелдер ретінде көрсетілген жағдайда ғана өтелуге тиіс.

5.1.4.1. Ұрлық деп сақтандырылған мүлікті төмендегі жолдармен жасырын ұрлау ғана түсініледі:

1)   сақтандырылған мүліктің есіктерін, терезелерін, құрылымдық элементтерін бұзып, қайқы, жалған[2] кілттерді немесе өзге

2)   техникалық құралдарды қолданып кіру;

3)   мүлікті сақтау мақсатында қолданылатын сақтандыру аймағындағы орналасқан үй-жайларды бұзып ашу немесе оларды жалған кілттер немесе басқа құралдар көмегімен ашу.

4)   сақтандырылған мүліктің құрылымдық элементтеріне (қабырғаларға, еденге, төбеге, шатырға, есіктерге, терезелерге, оның ішінде шыны сындыру) зақым келтіру;

5)   қаскүнем оған дейін қалыпты тәртіппен кірген, жабық үй-жайларда олар жабылғанға дейін жасырын түрде қалуды жалғастырған және үй-жайдан шығу кезінде Ережелердің 5.4.2 тармағының 1)-тармақшасында көрсетілген құралдарды пайдалануы.

5.1.4.2. Егер Ереженің 5.4.2-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер нәтижесінде Сақтанушы қосымша қауіпсіздік шараларын орындаған жағдайда ғана сақтандырылған деп есептелетін мүлік ұрланған болса, онда қаскүнем, келесілер нәтижесінде түпнұсқа кілтті алған жағдайда ғана бұзу арқылы ұрлық деп танылады:

1)   Егер кілттерді сақтау үшін пайдаланылатын орындар сақтандырылған мүлікті сақтауға арналған орындар (қоймалар) сияқты бұзудан қорғалса, бұзу арқылы ұрлық;

2)   сақтандыру орнынан тыс жерде орын алған тонау.

5.1.4.3. Тонау деп келесі жолдармен сақтандырылған мүлікті ашық ұрлау түсініледі:

1)   Сақтанушыға (Пайда алушыға) немесе Сақтанушыға (Пайда алушыға) жұмыс істейтін адамдарға олардың сақтандырылған мүлкін алып қоюға қарсылығын басу мақсатында өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы;

2)   Сақтанушының (Пайда алушының) немесе Сақтанушыға (Пайда алушы) жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі;

3)   Сақтанушы немесе онымен бірге тұратын немесе бірге жұмыс істейтін тұлғалар дәрменсіз жағдайда болған кезеңде алып қою.

5.1.4.4. Мүлікті жою, егер бұл оқиға қаскүнемнің сақтандыру аумағына Ереженің 5.4.2-тармағында көрсетілген тәсілдердің бірі арқылы кіруінің салдары болып табылған жағдайда сақтандырылған болып есептеледі.

5.1.4.5. Ережелердің шарттарына сәйкес, сақтандыру жағдайлары басталған кезде сақтандыру аумағында орналасқан Шартта көрсетілген мүлік сақтандырылған мүлік болып саналады.

5.1.4.6. Мүлікті бұзып ұрлаудан сақтандыру кезінде Ережелердің талаптарына сәйкес, келесілер тәуекел дәрежесіне әсер ететін мән-жайлар болып табылады:

1)   Шартты рәсімдеу кезінде қосымша келісілген күзет құралдарын, сақтау ыдыстарын және т. б., сенімсіз заттарға ауыстыру;

2)   сақтандырылған ғимараттар мен үй-жайларды жөндеу немесе қайта жабдықтау, құрылыс ағаштарын, көтергіштерді орнату, оларға тікелей жанасатын ғимараттарды немесе үй-жайларды жөндеу немесе қайта жабдықтау;

3)   Сақтанушының шаруашылық қызметінде уақытша немесе тұрақты пайдаланылмайтын сақтандыру аумағына тікелей (жоғарыдан, төменнен немесе бүйірінен) жанасатын үй-жайлардың болуы;

4)   сақтандырылған үй-жайларға тікелей (жоғарыдан, төменнен немесе бүйірінен) жанасатын үй-жайларды ұзақ (60 күннен астам) мерзімге босату;

5)   Сақтанушының шаруашылық қызметін тоқтату немесе оны ұзақ мерзімге (60 күннен астам) тоқтата тұру;

6)   сақтандыру орны есіктерінің немесе сақтандырылған мүлікті сақтауға арналған арнайы ыдыстардың кілттерін жоғалту және мұндай құлыптардың кілттері жоғалған жағдайда, құлыптарды тең бағалыларға дереу ауыстырудан бас тарту.

5.1.4.7. Осы Ереженің 12-13-бөлімінде және Шартта көрсетілген міндеттемелерге қосымша Сақтанушы міндетті:

1) тәуекел дәрежесін арттыратын мән-жайларды жою үшін барлық шараларды қабылдау, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде қолданыстағы қауіпсіздік шараларын күшейтуге;

2) жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін және шаруашылық қызметі уақытша тоқтатылған кезде сақтандыру аумағына және арнайы қоймаларға кіруге мүмкіндік беретін есіктерді, терезелерді және басқа да ойықтарды жабуға;

3) Шарт жасау кезінде қолда болған және Сақтандырушының талабы бойынша қосымша орнатылған барлық күзет жүйелерінің немесе құрылғылардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

4) Сақтанушының шаруашылық қызметінде уақытша пайдаланылмайтын сақтандыру орындарының үй-жайларында күзет жүйелерінің немесе құрылғылардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;

5) Шартты рәсімдеу кезінде қолда бар, сондай-ақ Сақтандырушының талап етуі бойынша орнатылған күзет жүйелерінің немесе құрылғыларының барлық өзгерістері Сақтандырушымен келісілуге тиіс, сондай-ақ жазбаша нысанда расталуға тиіс.

5.1.5. Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен сақтандыру – қарақшылық, бұзақылық, вандализм.

5.1.5.1. Қарақшылық деп шабуылға ұшыраған Сақтанушы (Пайда алушы) немесе Сақтанушыға (Пайда алушы) үшін жұмыс істейтін тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолданумен немесе мұндай зорлық-зомбылықты тікелей қолдану қаупімен ұштасқан, ұрлық мақсатында шабуыл жасалуы түсініледі.

5.1.5.2. Бұзақылық деп азаматтарға күш қолданумен немесе оны қолдану қаупімен, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, ерекше цинизммен сипатталатын әдепсіз әрекеттерді жасаумен ұштасқан, қоғамды анық құрметтемеуді көрсететін, қоғамдық тәртіпті ерекше бұзу түсініледі.

5.1.5.3. Вандализм деп ғимараттарды немесе басқа құрылыстарды жазулармен немесе сызбалармен қорлау немесе қоғамдық адамгершілікке нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер, сондай-ақ көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру түсініледі.

5.1.6. Басқарылатын ұшатын объектілердің, ағаштардың немесе басқа бөгде заттардың құлауынан, қағудан, соқтығысудан, жер бетіндегі көліктердің немесе өздігінен жүретін көліктердің соғылуынан сақтандыру.

5.1.6.1. Сақтандырушы төмендегілердің нәтижесінде сақтандырылған мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы салдарынан Сақтанушыға келтірілген залалды өтейді:

1) жер бетіндегі көліктердің немесе өздігінен жүретін көліктердің сақтандырылған мүлікті қағуы, соқтығысуы, соғуы.

Бұл ретте көлік құралымен қағу деп көлік құралының (оның ішінде рельспен қозғалатын) сақтандырылған мүлікпен тікелей соқтығысуы түсініледі.

2) басқарылатын ұшатын объектілердің, олардың бөліктерінің, ағаштардың немесе немесе басқа бөгде заттардың құлауы;

3) ұшатын аппараттар шығаратын соққы дыбыс толқындары.

5.2. Үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

Сақтанушының Азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде Экспоненттің/Сақтандырылушының көрме іс-шарасына қатысуымен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды/залалды өтеу міндетіне байланысты басталу фактісі сақтандыру жағдайы болып табылады.

5.3. Басқа қаржылық шығындардан сақтандыру.

Осы бөлім бойынша Шартта көрсетілген лимиттер шегінде Экспоненттің/сақтандырылушының қайтарымсыз шығындары (атап айтқанда: алаң мен қызметтер үшін жалдау ақысы, стендті жалға алу, көлік шығындары, жобалау құны, стендтерді және/немесе экспозицияларды, олардың жабдықтары мен экспонаттарын салу/монтаждау, орнату және бөлшектеу) осылардың нәтижесінде өтелуге жатады:

1) Көрме іс-шарасының күшін жою, қысқарту (толық немесе ішінара), ауыстыру немесе баламалы үй-жайға ауыстыру;

2) Экспоненттің/Сақтандырылушының өзінің көрме стендін немесе кеңістігін ашу немесе ашық ұстай алмауы:

а) Экспоненттің/Сақтандырылушының көрме іс-шарасы өткізілетін жерде болған уақытында, сондай-ақ көрме өткізілетін жерге тасымалдау кезінде көрме меншігінің/мүлкінің бүлінуі және/немесе жоғалуы;

б) Экспонент қызметкерінің қайтыс болуы немесе жарақаттануы салдарынан келмей қалуы себептерінен.

5.4. Сақтандыру шартында өзге сақтандыру жағдайлары көзделуі мүмкін.

 

1.             6. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ

6.1. Кез келген жағдайда сақтандырылған мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы салдарынан Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүдделеріне келтірілген залал, сондай-ақ келесілердің нәтижесінде орын алған кез келген қосымша шығындар өтелуге жатпайды:

Барлық бөлімдер бойынша:

1)      сақтандыру жағдайымен және оны уәкілетті органдарда дәлелдеумен байланысты істерді жүргізуге арналған шығындар (ксерокөшірмеге, нотариаттық куәландыруға, сараптамаға, адвокаттың, өкілдің, аудармашының және т. б. қызметтеріне ақы төлеуге байланысты шығындар);

2)      сақтандырылған мүлікті жақсарту және жаңғырту жөніндегі шығындар;

3)      Шартты рәсімдеу кезінде болған және/немесе Сақтанушы білген немесе білуге ​​тиіс болған сақтандырылған мүліктің механикалық сынықтар немесе ақаулар;

4)      коррозия, эрозия немесе қоршаған ортаның кез келген басқа да ұзақ химиялық немесе атмосфералық әсері, сондай-ақ кірдің, тоттың, қақ пен т.б. шамадан тыс әсері салдарынан механикалық сынулар;

5)      сақтандырылған мүлікті арнайы рұқсаты жоқ және арнайы оқудан өтпеген біліксіз персоналдың пайдалануы, сол сияқты ол үшін арнайы оқытылмаған және арнайы рұқсаты жоқ тұлғалардың немесе дайындаушы кәсіпорын белгілеген техникалық сипаттамасы мен пайдалану ережелерін бұза отырып, қызмет көрсетуі және/немесе жөндеуі салдарынан туындаған залал;

6)      сақтандырылған мүлікті тиеу, түсіру және тасымалдау нәтижесінде келтірілген залал;

7)      егер жинақтаушы және/немесе шығыс материалдары сақтандыру жағдайы басталған кезде ауыстыруды талап етсе немесе 70 (жетпіс) пайызға тозған болса, жинақтаушы және/немесе шығыс материалдарын ауыстыру жөніндегі шығындар;

8)      жұмыс процестері және ілеспе факторлар (діріл, шу, электромагниттік кедергілер және т.б.) нәтижесінде болған тозумен, ескірумен, беріктіктің төмендеуімен байланысты кез келген ақаулар мен ресурстың өндірілуі, егер мұндай зақымданулар мен істен шығулардың салдары сақтандырылған мүліктің ішінде оқшауланса;

9)      жинақтау немесе үдемелі сипаты бар жүктемелер мен қалыпты пайдалану жағдайларының әсеріне байланысты конструкция элементтерінің зақымдануы (коррозия, шаршаған жарықтар және қатпарлар);

10) қозғалтқыштың, сыртқы қаптама элементтерінің және басқа агрегаттардың жергілікті зақымдануы (жаншылуы және ұрылған жерлері), егер олар сақтандырылған мүлікпен нақты тіркелген оқиғаға байланысты болмаса және ол кезекті келгеннен кейін тексеру кезінде анықталса;

11) техниканы отпен, жылумен өңдеу немесе оны қайта өңдеу мақсатында немесе өзге де мақсаттарда оған өзге де термиялық әсер ету нәтижесінде туындаған техниканың зақымдануынан және/немесе жоғалуынан (жойылуынан) болатын залалдар;

12) сақтандырылған мүлікті бұзу ізінсіз, не сақтандырылған мүлік орналасқан үй-жайға күштеп кіріп ұрлау, сол сияқты құпия (белгісіз) мән-жайлар кезінде оның жоғалуы;

13) қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайында жасалған іс – әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының не оның қызметкерлерінің (жеке тұлғалар үшін - сондай-ақ отбасы мүшелері) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған қасақана іс-әрекеттері;

14) Сақтанушының сақтандыру оқиғасымен тікелей себептік байланыстағы қылмыс жасауы;

15) Сақтанушының не оның қызметкерлерінің алкогольмен, уытқұмарлықпен немесе есірткімен масаю күйінде, сондай-ақ ол өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе оларға басшылық ете алмайтын күйде жасаған әрекетсіздігі немесе іс-әрекеттері;

16) ядролық энергияның кез келген нысандағы әсері;

17) түрлі әскери іс-әрекеттер немесе әскери іс-шаралар/ арнайы іс-шаралар және олардың зардаптары, зымыран, снаряд, бомба, басқа құралдар, соғыс құралдары және әскери операцияларды, қарақшылардың іс-әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ азаматтық соғыс, ұлттық толқыныстар, көтеріліс, ереуіл, лаңкестік акт және жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан зақымдану немесе жойылу;

18) ішкі халықтық толқулар мен тәртіпсіздіктер, революциялар, аумақтардың бөлінуі, халық көтерілісі, бүлікшілік, шатасу, бунт, мемлекеттік төңкеріс;

19) ереуілдер, локауттар[3];

20) әскери немесе азаматтық билік орындарының, тәркілеудің, реквизициялаудың, мәжбүрлеп мемлекет меншігіне алудың өкімдері;

21) төтенше немесе соғыс жағдайын жариялау;

22) табиғи апаттап – Шартта рәсімделген сәтке дейін табиғи және/немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялаған кезде;

23) сақтандырылған заттардың өздігінен жануы, ашуы, шіруі немесе басқа да табиғи қасиеттері;

24) егер опырылу сақтандыру жағдайынан туындамаса (судың немесе басқа да сұйықтықтардың жібіту (ерітетін немесе ағытатын) әрекеті нәтижесінде) құрылыстардың немесе олардың бөліктерінің опырылуы;

25) жобадағы (дизайндағы), ерекшеліктердегі, өндірістегі, материалдардағы қателер мен қате есептеулер;

26) жану камераларында пайда болатын жарылыс (детонация) кезінде іштен жану қозғалтқышы бар механизмдердің зақымдануы;

27) мүлікті вакууммен немесе атмосферадан төмен қысыммен зақымдау.

6.2. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан болса:

1)    тозу, тот, коррозия, зең, саңырауқұлақ, ылғалды немесе құрғақ шірік, тотығу, бактериялар, ашыту, өздігінен жану, біртіндеп нашарлау, жасырын ақаулар, туа біткен ақаулар, баяу дамып келе жатқан деформация немесе бұрмалануды, жәндіктердің қалдықтары, кез келген түрдегі паразиттер/микробтар және кеміргіштер әрекеттерін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін біртіндеп әрекет етеін себептер;

2)    шатырлардан су ағуы (егер шатыр сақтандыру жағдайы кезінде зақымданбаған болса) немесе есік, терезе немесе желкөзді ашық қалдыру;

3)    қоршаулардың, жолдар мен өзге де көлік жолдарының жабындары опат болуы немесе бүлінуі;

4)    «ақаулар мен кемшіліктер», оның ішінде жол төсемдерінің немесе тротуарлардың, сондай-ақ іргетастардың, қабырғалардың, көтергіш құрылымдардың немесе ғимараттардың, құрылыстардың немесе инженерлік құрылыстардың жабындарының шөгуі, жарылуы, қысылуы, кеңеюі немесе ісінуі, егер бұл зақымдар Шартта анықталған сақтандыру жағдайларының тікелей салдары болмаса, сондай-ақ Шартты рәсімдеу кезінде бұрыннан бар болған, Сақтанушыға немесе оның өкілдіктеріне, оның қызметкерлеріне белгілі болуы тиіс, сақтандырылған ғимараттардың, құрылыстардың «ақаулары мен кемшіліктері»;

өндіріс ақаулары немесе сапасыз материалдарды пайдалану;

5)    «табиғи себептердің әрекеті», оның ішінде сақтандырылған мүліктің табиғи тозуы немесе оның сапасының немесе пайдалы қасиеттерінің біртіндеп жоғалуы, сақтандырылған мүліктің табиғи факторлардың немесе сақтандырылған мүліктің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты түсінің, иісінің, салмағының өзгеруі немесе оның жиырылуы, кеуіп кетуі, созылуы, ағуы немесе булануы, жарамдылық мерзімінің өтуі, сақтандырылған мүліктің табиғи ескіруі.

6)    «ауа температурасының әсері», оның ішінде температураның ауытқуы немесе үй-жайдың немесе сақтандырылған мүліктің ылғалдылық деңгейінің өзгеруі, оның ішінде жылу, сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің табиғи тозуы салдарынан, сондай-ақ жылытуға, ауаны желдетуге, салқындатуға немесе түтін шығаруға арналған жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі немесе жұмысындағы бұзылу салдарынан; жабдықты басқарудағы қателер немесе оның жеткіліксіз өнімділігі, оның ішінде бос немесе берілмеген үй-жайларда су құбыры, жылу немесе өртке қарсы жүйелердің қатып қалу жағдайлары; сақтандыру аумағы үшін қалыпты болып табылатын қоршаған ауа температурасының әсері. Сақтандыру аумағы үшін қалыпты температура абсолютті ең төменгі ауа температурасынан төмен емес және сақтандыру аумағындағы абсолютті ең жоғары ауа температурасынан аспайды;

7)    сақтандырылған мүлікті кеміргіштердің немесе жәндіктердің зақымдауы;

8)    бойлерлердің, экономайзерлердің, резервуарлардың және құбырлардың жарылуы, құлауы, зақымдалуы немесе қызып кетуі, еміктің ағуы және/немесе бойлер тігісіндегі ақаулар;

9)    «компьютерлік қылмыстар және/немесе электрондық деректердің жоғалуы, бүлінуі», атап айтқанда:

а)    ақпаратты өңдеу құралдарының магниттік немесе электрлік зақымдануы немесе электрондық жазбаларды өшіру немесе компьютерлік тасымалдаушылардағы немесе ақпаратты, бағдарламаларды немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді сақтаудың басқа құралдарындағы ақпараттың зақымдануы;

б)    деректердің, бағдарламалық жасақтаманың немесе компьютерлік бағдарламалардың функционалдығы, жарамдылығы, пайдалану мүмкіндігі немесе қолжетімділігінің төмендеуі;

в)    компьютерлік технологияларды және/немесе интернетті және басқа да компьютерлік желілерді пайдалана отырып жасалған қылмыстар, оның ішінде хакерлік және компьютерлік вирустарды тарату.

10)     кәріз (ішкі және сыртқы) жүйелерінің жеткіліксіз өткізу қабілетінен туындаған су басу.

6.3. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да негіз бола алады:

(барлық бөлімдер бойынша)

1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған мәліметтерді хабарлауы;

2) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан шығынды азайту жөнінде шараларды қасақана қабылдамауы;

3) Сақтанушының мүліктік сақтандыру бойынша залалды келтіргені үшін кінәлі тұлғадан тиісті өтем алуы;

4) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеуге және оларға келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі жасауы;

5) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламау;

6) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартуы, сондай-ақ Сақтандырушыға талап ету құқығына көшу үшін қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартуы. Егер сақтандыру төлемі жүзеге асырылған болса, Сақтандырушы оны толық немесе ішінара қайтаруды талап етуге құқылы;

7) заңнамалық актілерде көзделген басқа да жағдайлар.

 

6.4.Сақтандырумен ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратудан келтірілген моральдық зиян (Сақтандырушының сақтандыру құпиясын сақтау міндетіне байланысты емес), Сақтанушының (Пайда алушының) шығындары (оның ішінде айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы, сот шығындары, іссапар шығыстары, мүлікті қорғауға және өндірістің тоқтап қалуына байланысты шығындар, мүліктің тауарлық құнының/тауарлық түрінің жоғалуы, жіберіп алған пайда) өтелмейді.

 

6.5.Мүліктің келесі түрлері сақтандыруға жатпайды және Шарт бойынша сақтандыру өтемі оларға қатысты сақтандыру төлеміне талаптарға қолданылмайды:

             («Мүлік» бөлімі бойынша)

1)   саяжайлар, моншалар, сауналар (соның ішінде сақтандырылған жылжымайтын мүліктің ішкі аумағында орналасқан);

2)   пайдалануға дайын емес ғимараттар (егер шатырды, сыртқы қабырғаларды салу немесе жөндеу аяқталмаған болса, терезе және есік ойықтары толық жабылмаған және құрылыс ормандары мен қоршаулары бөлшектелмеген болса) және осы ғимараттардағы мүлік.

3)   ғимараттар мен құрылыстардың сыртына бекітілген маңдайшалар, электрлік жарнамалар, шатырлар, жапқыштар, мачталар, антенналар, кондиционерлер, ашық электр сымдары, плакатты қалқандар және т.б.;

4)   сақтандыру аумағынан тыс орналасқан мүлік;

5)   дүкендердің витриналарын, көрмелік витриналарды, көркем өңделген шыны, терезе шынылары, көп қабатты оқшаулау шынылары, брондалған, қорғасын және жез шынылар, шыны блоктар, профильді шынылар, органикалық шыны, шыны шатырлар, сондай-ақ шынылардың көрсетілген түрлерін орнату үшін пайдаланылатын рамалар мен профильдерді қоса алғанда, шыныдан жасалған барлық беттер;

6)   Құрылыс және монтаждау жұмыстары кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар, сондай-ақ орнатылатын жабдықтар мен құрылыс объектілері.

7)   кез келген валютадағы қолма-қол ақша, бағалы металдар және олардан жасалған бұйымдар, асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар, маркалар, монеталар, медальдар, картиналар, мүсіндер, антиквариат, коллекциялар немесе өзге де өнер туындылары, сирек кітаптар, үлбірлер, аң терісін пайдаланатын заттар мен бұйымдар;

8)   құжаттар мен бағалы қағаздар, оның ішінде акциялар, облигациялар, Сақтандыру шарттары, жинақ кітапшалары, банк чектері және т.б.;

9)   актілер, жоспарлар, бухгалтерлік және шаруашылық кітаптар мен есептер, картотекалар, дискілер, иілгіш дискілер, магниттік пленкалар мен кассеталар, және басқа да электрондық тасымалдағыштар, магниттік дискілер, жад блоктары және т.б.және оларда сақталатын ақпарат;

10)    үлгілер, модельдер, макеттер, бланкілер, сызбалар, суреттер, кәдесыйлар, тәжірибелік үлгілер және көрме үлгілері;

11)    тиісті тіркеусіз жұмыс істеуі мүмкін емес көлік құралдары, жылжымалы құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да машиналар, автомобиль тіркемелері мен тартқыштары;

12)    тиын қабылдағыштары бар автоматтар, оның ішінде ұсақтайтын, сондай-ақ олардың ішіндегісімен бірге ақша беруге арналған автоматтар;

13)    өсіп тұрған егін, орман, қалжайлар, бұталар, өзге де өсімдіктер мен екпелер; жануарлар.

14)    қаңқалы-қамыс ғимараттар, саман, шпал, ағаш үйлер және құрылыстар;

15)    айналымдағы (қордағы), дайын өнім;

16)    мұнай мен газды өндіру және өңдеу кезінде пайдаланылатын жабдықтар, тау-кен жабдықтары, жер астында пайдаланылатын жабдықтар;

17)    базарларға жақын орналасқан жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

18)    тарихи құндылығы бар музыкалық аспаптар;

19)    діни ғибадат ету объектілері;

20)    ауыл шаруашылығы ұйымдарының, шаруа (фермер) қожалықтарының және егістік жер учаскелерінің, жеке қосалқы шаруашылықтардың жерлерінің құрамынан жер учаскелері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;

21)    жұмсақ материалдармен (кенеппен, пленкамен, үрлемелі конструкциямен немесе соған ұқсас нәрсемен) қорғалған немесе ашық конструкциялардың ішінде болса да, ашық ауада сақталатын жылжымалы мүлік;

22)    жарылғыш заттар;

23)    опырылу, көшкін, су тасқыны қаупі төнген аймақта, сондай-ақ әскери іс-қимылдар немесе дүлей зілзалалар аймағында орналасқан мүлік, егер мұндай хабарландыру Сақтандыру шарты жасалғанға дейін жасалған болса, белгіленген тәртіппен мұндай қауіп жарияланған кезден бастап;

24)    құзырлы органдар дүлей зілзалалар аймағы, әскери іс-қимылдар аймағы деп ресми жариялаған аймақта орналасқан мүлік;

25)    апаттық және тозығы жеткен, техникалық тексеру актілеріне сәйкес нысаналы пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдар белгіленген тәртіппен тұрақты, нысаналы пайдалануға жарамсыз немесе құрылымдық элементтер мен инженерлік жүйелер, өз кезегінде апатты жағдайда тұрған ғимараттарда орналасқан, уәкілетті мемлекеттік органдар белгіленген тәртіппен тұрақты пайдалануға/тұруға жарамсыз деп таныған ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ онда орналасқан мүлік;

26)    Сақтанушының/ Сақтандырылушының және/немесе Сақтанушының/ Сақтандырылушының қызметкерлерінің жеке заттары;

27)    қызмет ету мерзімі 60 (алпыс) жылдан астам жылжымайтын мүлік;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналыстан шығарылған немесе айналысы шектелген өзге де мүлік.

 

6.6.      Сақтанушының келесі жауапкершілігі сақтандырумен қамтылмайды («АҚЖ» бөлімі бойынша):

1) кәсіби жауапкершілік;

2) Сақтанушы шығаратын өнім (тауар/қызмет) үшін жауапкершілік;

3) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі;

4) көлік құралы иесінің жауапкершілігі;

5) жұмыс берушінің Сақтанушыға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсететін қызметкерлер мен тұлғалар алдындағы жауапкершілігі;

6) айналасындағыларға қауіп төндіретін қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын жауапкершілік (жоғары қауіп көздері);

7) шарттар бойынша жауапкершілік / міндеттемелер;

8) Сақтанушының мәртебесінен немесе Сақтанушының лауазымды тұлға, директор, осындай сайланбалы немесе тағайындалатын лауазымды атқаратын басқарма мүшесі ретіндегі қызметінің сипатынан туындайтын жауапкершілік;

9) Субэкспонент алдындағы жауапкершілік (Экспонент көрме іс-шарасына қатысу үшін көрме кеңістігінің бір бөлігін берген тұлға);

 

6.7. Сақтандыру тікелей немесе жанама туындаған, туындайтын және/немесе осылармен байланысты кез келген шығындардың орнын толтырмайды («Қосымша шығындар» бөлімі бойынша):

1)    Экспоненттің қаржылық шығындары (алынбаған пайда);

2)    Тараптардың кез келгенінің келісімшарттық міндеттемелерді орындамауы;

3)    Көрмені ұйымдастырушының немесе Экспоненттің төлем қабілетсіздігі немесе дефолт/банкрот болуы;

4)    Экспоненттің ерікті шешімімен көрмеге қатысудан бас тартуы;

5)    айырбас бағамының, пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі;

6)    мемлекеттік органдардың нұсқауы, оның ішінде ұлттық аза тұту;

7)    кез келген жұқпалы аурумен;

8)    лаңкестікпен, ереуілдермен, жаппай тәртіпсіздіктермен және халықтық толқулармен байланысты.

 

6.8. Сақтандыру келесі оқиғаларды қамтымайды (барлық бөлімдер бойынша):

1)        сымдар жүйесі, электр және басқа жабдықтың ақаулығы немесе қысқа тұйықталу салдарынан туындаған өрт нәтижесінде орын алған;

2)        егер мүлiк Сақтандыру шарты жасалғаннан кейiн жалға берiлген немесе лизингке берiлген болса, сақтандырылған мүлiк Сақтандырушының жазбаша келiсiмiнсiз жалға немесе лизингке берiлген кезеңде орын алған;

3)        мүлiктiң құрылысында пайдаланылған материалдарды дайындаушы жасаған ақау нәтижесiнде мүлiкке келтiрiлген залал;

4)        құрылыс нормалары мен ережелерінде (ҚНжЕ) арнайы көрсетілмеген және ұсынылмаған құрылыс материалдарын, құрамдас бөліктері мен шығыс материалдарын салу, қайта құрылымдау (монтаждау) кезінде пайдалану;

5)        бақылаушы органдардың орындалмаған тапсырмаларының болуы, сақтандырылған мүліктің сақталуын қамтамасыз етпеу, атап айтқанда: егер бұл өтініш-сауалнамада көзделген болса, мүлікті тиісті қорғаусыз қалдыру, құлыптау құрылғыларын және/немесе жабдықтарын жұмыс жағдайына келтірмеу, сондай-ақ олардың болмауы, Өтініш-Сауалнамада көзделген басқа да қауіпсіздік шараларының болмауы, сондай-ақ оларды жұмыс жағдайына келтірмеу;

6)        Сақтанушының, Сақтандырылушының Қазақстан Республикасында белгiленген өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзуы;

7)        мүлікті мақсатына сай емес пайдалану, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды және Қазақстан Республикасында белгіленген өзге де нормалар мен ережелерді бұза отырып пайдалану немесе мүлікті Сақтанушының Өтініш-сауалнамасында көрсетілгеннен басқа мақсаттарда пайдалану, сондай-ақ Сақтанушы/Пайда алушы білетін немесе білуі тиіс техникалық ақауы бар мүлікті пайдалану;

8)        сақтандырылған мүлікті кез келген жөндеу, орнату, реттеу, реконструкциялау, сынау, баптау, техникалық қызмет көрсету, қайта жоспарлау нәтижесінде келтірілген залал.

6.9. Сақтандырушы Cақтанушының (Cақтандырылушының) ықтимал шығындарды азайту үшін ақылға қонымды және оған қолжетімді шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан туындаған шығындар бөлігінде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

6.10. Сақтандыру өтемі мыналарға байланысты туындаған талаптарға қолданылмайды (барлық бөлімдер бойынша):

1)      Сақтандырушының сақтандыру тәуекелін қабылдау немесе қабылдамау туралы шешіміне әсер етуі мүмкін және Сақтанушы білген немесе білуге ​​тиіс, бірақ Сақтандырушыға хабарламаған, Сақтандыру шартын рәсімдегенге дейін туындаған, күшіне енген мән-жай;

2)      Сақтанушы Сақтандырушымен келiсiлген мерзiмде, егер Сақтандырушы оған жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес мұндай жою қажеттiгiн көрсетсе, тәуекел дәрежесiн айтарлықтай арттыратын мән-жайларды жоймаған. Кез келген жағдайда мұндай жағдайларға шығынға себеп болған жағдайлар жатады;

3)      Сақтанушы немесе онымен жұмыс істейтін/бірге тұратын адамдар қасақана қылмыстық құқық бұзушылық (қылмыстық) жасаса немесе оған жол берсе.

6.11. Егер сақтандыру жағдайы келесі жағдайлардан орын алса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады (барлық бөлімдер бойынша):

1)      жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);

2)      БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;

3)      кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі;

4)      асбест, асбест талшықтары  немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).

6.12. Үшінші тараптар болып табылмайды:

1)      Сақтанушы, Сақтанушының өкілдері мен қызметкерлері, Сақтандырылушы, Сақтандырылушының өкілдері мен қызметкерлері;

2)      Сақтанушының клиенттері/тапсырыс берушілері, сондай-ақ Сақтанушы өндірген өнімнен (тауарлардан/қызметтерден) залал алған және/немесе сақтанушымен шарттық қатынастары/міндеттемелері бар тұлғалар.

6.13. Егер Шартта өзгеше көрсетілмесе, сақтандыру өтемі өртпен немесе өртсіз электр тогының әсерінен (мысалы, электр желісіндегі ток пен кернеудің ауытқуы, оқшаулаудың бұзылуы, оның ішінде қысқа тұйықталу, орамдағы тұйықталу, корпусқа немесе жерге тұйықталу; жеткіліксіз байланыс; өлшеу, реттеу және қауіпсіздік құрылғыларының істен шығуы;) сақтандырылған мүліктің (электр сымдарын қоса алғанда) жойылуын, бүлінуін немесе жоғалуын қамтымайды.

6.14. Ережелердің талаптарына сәйкес рәсімделген Шарт бойынша Сақтанушының мүліктік мүдделеріне келесілер нәтижесінде келтірілген залал өтеуге жатпайды:

1)        сақтандырылған мүлікке, отты немесе жылуды пайдаланатын сыртқы қондырғыларда емес, балқыту, термиялық өңдеу, күйдіру, қорыту, ыстау, кептіру және басқа да осыған ұқсас мақсаттарға қажетті, мақсатты пайдалы (жұмыс) өрттің немесе жылудың немесе отты пайдаланатын қондырғылардан тыс жерлерде жылудың әсерінен жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы;

2)        зардап сақтандыру жағдайымен туындаған жағдайларды қоспағанда, оның көмегімен немесе оның ішінде от (жылу) арнайы жасалған және/немесе оны жағуға, сақтауға, таратуға, беруге арнайы арналған сақтандырылған мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы;

3)        мұндай әсер Шартта көрсетілген оқиғалардың (сақтандырылған тәуекелдердің) басталуымен туындаған жағдайларды қоспағанда, жоғары температураның (қызу, жану және т.б.) әсерінен сақтандырылған мүліктің жойылуы, зақымдануы немесе жоғалуы;

4)        егер мұндай әсер Шартта көрсетілген оқиғалардың (сақтандырылған тәуекелдердің) туындауынан туындамаса, газ қысымының салдарынан электр ажыратқыштарының зақымдануы;

5)        найзағайдың сақтандырылған электр жабдығына тікелей түскен жағдайларды қоспағанда, найзағай соғуы салдарынан сақтандырылған электр жабдығының (соның ішінде электр сымдарының) жойылуы,немесе зақымдануы;

Егер найзағайдың соғуы салдарынан өрт немесе жарылыс орын алса, онда Сақтанушыға сақтандырылған мүлкінің жойылуы немесе бүлінуі нәтижесінде келтірілген залал Шарт талаптарына сәйкес өтелуге жатады.

6)        түтіннің ұзақ мақсатты әсер етуі.

6.15. Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандырылған мүліктің жойылуы, бүлінуі немесе жоғалуы мыналардың салдарынан келтірілген залалды және (мүлікті бөлу бойынша) орын алған шығыстарды өтемейді:

1)      Сақтанушының/Сақтандырылушының/Пайда алушының немесе олардың қызметкерлерінің қасақана іс-әрекеттері;

2)      сақтандыру орнына немесе орнынан тасымалдау кезінде тонау (қарақшылық).

6.16. Сақтандырушы сақтанушыға келесілердің салдарынан келтірілген зиянды өтемейді:

1)      Сақтанушы, сақтандырылған ғимаратты пайдаланушы немесе олардың қызметкерлері (жеке тұлғалар, сондай-ақ отбасы мүшелері) басқаратын көлік құралымен соқтығысуы;

2)      көлік құралдарының жойылуы немесе бүлінуі;

3)      табиғи амортизациялық аударым (тозу).

 

7.      САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНАН БОЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ

 

7.1. Ережеге сәйкес жасалған Шарт бойынша, егер олар қалаған нәтижеге әкелмесе де, сақтандыру жағдайының нәтижесіндегі залалдың алдын алуға немесе азайтуға бағытталған қажетті және орынды шығындар өтелуге жатады.

 

2.   8. ШАРТТЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

8.1. Шарт Сақтанушының электрондық нысанда толтырылған өтініші негізінде рәсімделеді. Сақтанушы сақтандырылатын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қатысты тәуекел дәрежесін айқындау мақсатында өтініште өзіне қойылған барлық сұрақтарға жауап беруге міндетті. Сақтанушының өтініші Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және Сақтандырушыда электронды түрде немесе қағаз тасығышта сақталады. Сақтанушы өтініште жалған мәліметтер көрсетсе, Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқылы. Аталған өтінішті толтыру кезінде Сақтанушы сақтандыру тәуекелін бағалау үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы Сақтандырушыға хабарлауға міндетті.

8.2. Шартты рәсімдеу үшін Сақтандырушы сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

8.3. Сақтандырушы Сақтанушымен Шартты рәсімдеуден себептерін түсіндірмей бас тартуға құқылы.

8.4. Шарт осы Ережелердің 1.3 және 1.4. тармақтарына сәйкес рәсімделеді.

Егер Шарт Сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына Сақтанушының жауаптары болмаған кезде жасалған болса, Сақтандырушы кейіннен Сақтанушының тиісті мән-жайларды хабарламауы негізінде Шартты бұзуды не оны жарамсыз деп тануды талап ете алмайды.

8.5. Сақтанушы Сақтандыру сыйлықақысын төлеумен өзінің келісімін растайды және компанияның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының №94-V Заңына сәйкес өзінің дербес деректерін жинауды, өңдеуді жүзеге асыруына рұқсат береді.

Қажет болған жағдайда Сақтанушы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ҚР заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында Сақтандырушы сұратқан барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.

Сақтандыру сыйлықақысын төлеумен, Сақтанушы ол жүзеге асыратын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екенін растайды.

 

 

3.   9. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ.

9.1. Шарт Шартта белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.

9.2. Егер Сақтандырушы мен Сақтанушы өзгеше көздемесе, жасалған Шарттың қолданылу мерзімі онда көрсетілген сақтандыру кезеңіне сәйкес келеді.

9.3. Сақтандыру өтемінің мерзімі Шарттың әрекет ету мерзіміне сәйкес келеді.

Сақтандыру өтемінің мерзімі Шартта көрсетілген мерзім болып табылады. Сақтандырушының жауапкершілігі келісілген мерзімнің басталуымен басталады, бірақ Шартта көрсетілген сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі басталған күннен ерте емес, оның ішінде сақтандыру жарнасын (сыйлықақысын) төлеу туралы талап кейінірек қойылса да, Сақтанушы дереу төлеген жағдайларда да басталады.

9.4. Шарттың және сақтандыру қорғауының қолданылу мерзiмi әрбiр жеке Шартпен айқындалады.

9.5. Сақтандыру өтемінің қолданылу кезеңі Шартта көрсетілген мерзімде аяқталады.

Егер сақтандыру объектісінің сипатынан өзгеше туындамаса немесе Шартта көзделмесе, сақтандыру аумағы мен юрисдикциясы сақтандырылған мүліктің орналасқан жеріне (көрме іс-шарасын өткізу аумағына) сәйкес келеді.

9.6. Мүліктің орналасқан жері болып сақтандырылған мүлік орналасқан ғимараттар, үй-жайлар мен жер учаскелері табылады. Сақтандыру аумағының мекенжайы Сақтандыру шартында көрсетіледі.

9.7. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлік сақтандыру аумағының шегінде болған жағдайда ғана сақтандырылған болып есептеледі.

9.8. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Шарт Шарттың аяқталған күні ретінде немесе көрме іс-шарасын өткізу аяқталған және сақтандырылған мүлікті көрме іс-шарасын өткізу орнынан кеткен кезде (қайсысы бұрын болатынына қарай) не Сақтандырушы сақтандыру төлемін Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған кезде Шартта көрсетілген күннің сағат 24 өзінің қолданылуын тоқтатады.

4.    

5.                  10. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ. ФРАНШИЗА

10.1.   Сақтандыру сомасы – сақтандыру обектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы. Мүлiктi сақтандыру бөлiмi бойынша, егер Шартта белгiленген сақтандыру сомасы сақтандырылған мүлiктiң нақты құнынан жоғары болса, онда сақтандыру сомасының нақты құннан асып кету сомасы бөлiгiнде сақтандыру жарамсыз болады.

10.2.   Егер бірнеше сақтандыру жағдайлары орын алса, франшиза әрбір жағдай бойынша сақтандыру төлемін есептеу кезінде ескеріледі.

10.3.        Франшизаның түрі мен мөлшері Cақтанушы мен Cақтандырушы арасындағы келісім бойынша белгіленеді және шартта көрсетіледі.

 

11.                            САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ОНЫ БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

11.1. Сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушы бір уақытта қолма-қол ақшасыз нысанда төлейді.

11.2. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) Шартты рәсімдеу кезінде төлеуге міндетті.

11.3. Сақтандырушы төленуге жататын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін айқындау кезінде Сақтандырушының үлгілік бағдарламаларында белгіленген тарифтерді немесе сақтандыру (жеке андеррайтинг) шарттарын жеке қарауды пайдаланады.

11.4. Сақтандыру сыйлықақысының төлемі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеде жүзеге асырылады.

12.      ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

12.1. Сақтандырушының міндеттері:

1)     Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);

2)     сақтандыру құпиясын қамтамасыз ету;

3)     Пайда алушыға Шартта және осы Ережелерде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға Шарттың және осы Ережелердің талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;

4)     Сақтанушы (Сақтандырылушы) немесе жәбірленуші (Пайда алушы) не олардың өкілі осы Ереженің 14-бөлімінде көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, оған жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттар туралы соңғы құжат ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде хабарлауға;

5)     Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін ол жұмсаған ақылға қонымды және орынды шығыстарды өтеуге;

6)     Осы Ережеде, Шартта немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға міндетті.

12.2. Сақтандырушы құқылы:

1)      Шарт рәсімдеген кезде сақтандыру мүлкін тексеріп қарауды жүргізуге, ал қажет болған жағдайда оның нақты құнын белгілеу мақсатында сараптама тағайындауға;

2)      Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарттың және осы Ережелердің талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

3)      бүлінген мүлікті тексеруге, шығынның себептері мен мөлшерін анықтауға қатысуға;

4)      сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарламаны алғаннан кейін Шартты бұзу және жаңасын ресімдеу жолымен оның талаптарын өзгертуді талап етуге;

5)      Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайларда өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне қарсылық білдірсе, Шарттың бұзылуын талап етуге міндетті;

6)      сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

7)      Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;

8)      Шартта және осы Ережелерде көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;

9)      Сақтанушы немесе Сақтандырылушы Шарттың және осы Ереженің талаптарын бұзған жағдайда шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға;

10) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтанушының жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс;

11) осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

12.3. Сақтанушының міндеттері:

1)     Шартты рәсімдеген кезде Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалау және Сақтандырушының Шартты рәсімдеу туралы шешім қабылдауы үшін елеулі маңызы бар өзіне белгілі барлық мән-жайлар туралы хабарлауға;

2)     Сақтандырылушы мен Пайда алушыны сақтандыру шарттарымен таныстыруға;

3)     Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

4)     сақтандыру талаптарын орындауға (Сақтандырылған адамның Шарт талаптарын бұзуын Сақтанушының өзі Шарт талаптарын бұзу деп есептейді);

5)     өртке қарсы қауіпсіздіктің барлық шараларын, оның ішінде өрт күзеті органдарының нұсқамаларын сақтауға, сондай-ақ жол берілген өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоюға;

6)     сақтандыру жағдайынан болған залалдарды болдырмау немесе азайту жөніндегі барлық мүмкін болатын және мақсатқа сай шараларды қолдануға;

7)     Шартты рәсімдеу кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

8)     Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

9)     Шартты рәсімдеу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;

10) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде Сақтандырушыға бұл туралы хабарлама беруге және Полисті қайта рәсімдеуге немесе Шартқа қосымша келісім жасау жолымен өзгеріс енгізуге міндетті;

11) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға суброгация тәртібімен талап ету құқығының Сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге;

12) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы Cақтандырушыны немесе оның өкілін дереу хабардар етуге міндетті. Егер Cақтанушы Cақтандырылушы болып табылмаған жағдайда, мұндай міндет Cақтандырылушыға жүктеледі;

13) осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға міндетті.

12.4. Сақтанушы құқылы:

1)     Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, өз құқықтарын және Шарт бойынша міндеттерін түсіндіруін талап етуге;

2)     сақтандыру төлемін Шартта және осы Ережеде көзделген тәртіпте және талаптарда алуға, егер Шарт бойынша Сақтанушы Пайда алушы болып табылса;

3)     Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына немесе оның мөлшерін азайтуына дау айтуға;

4)     осы Ережелерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы;

5)     осы Ережелерге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

 

 

12.5. Пайда алушы құқылы:

1)     сақтандырушыдан сақтандыру шарттарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2)     Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;

3)     сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта және осы Ережелерге көзделген тәртіппен және талаптармен сақтандыру төлемін алуға;

4)     Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

5)     Сақтанушы немесе Сақтандырылған тұлға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы барлық жағдайларда, оның жасалғанына немесе жасалмағанына қарамастан, Сақтандырушыны хабардар етуге;

6)     Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жасауға құқылы.

12.6. Осы бөлімде көзделген Тараптардың құқықтары мен міндеттері толық болып табылмайды. Тараптар Шарттың өзге тармақтарында немесе талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді атқарады.

 

13.                            САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ (САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ) ІС-ӘРЕКЕТІ

13.1. Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыру жағдайының белгілері бар және/немесе оның салдары сақтандыру жағдайының басталуы болуы мүмкін оқиға басталған кезде, сондай-ақ сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне белгілі болған/болуға тиіс болған кезде міндетті:

1)      ықтимал шығындардың алдын алу немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолжетімді шаралар, оның ішінде мүлікті құтқару мен сақтау шараларын қабылдау;

2)      болған жағдай туралы құзыретті органдарға дереу хабарлауға, уәкілетті мемлекеттік және өзге де құзыретті органдардың оқиғаны құжаттамалық ресімдеуін қамтамасыз етуге және Сақтандырушыны немесе оның өкілетті өкілін/ апаттық комиссарды хабардар етуге;

3)      дереу, бірақ кез келген жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға немесе оның өкілетті өкіліне сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда өтініш беруге, сондай-ақ оған оқиғаның мән-жайлары, келтірілген залалдың түрлері мен болжанатын мөлшерлері туралы барлық белгілі мәліметтерді хабарлауға, Сақтандырушымен одан арғы іс-қимылдарды келісуге міндетті. Егер Шартта өзге мерзім және (немесе) хабарлау тәсілі көзделсе, ол шартталған мерзімде және Шартта көрсетілген тәсілмен жасалуы тиіс;

4)      зардап шеккен мүлікті (егер бұл қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе немесе залалдың ұлғаюына әкеп соқпаса) оның Сақтандырушының өкілі оны зақымдаған/жойылған кезде болған түрде қарап тексергенге дейін сақтауға;

5)      Сақтандырушының өкіліне бүлінген мүлікті кедергісіз қарау, шығындарды азайту және мүлікті құтқару жөніндегі іс-шараларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

6)      Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;

7)      Сақтандырушының келісімінсіз өтемақы төлемеуге, оқиғаның басталуына байланысты өзіне қойылған талаптарды ішінара немесе толық мойындамауға, сондай-ақ мұндай талаптарды реттеу бойынша тікелей немесе жанама міндеттемелерді алмауға;

8)      Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған әрекеттерді жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттемелерді қабылдамауға, жауапкершілікті мойындамауға, ұсыныстарды қабылдамауға, төлемдер жасамауға және осы оқиғаға байланысты қандай да бір төлемдерді жүзеге асыруға уәде бермеуге;

9)      егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттар беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;

10) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ келтірілген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын көтеруге, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, сарапшылардың оқиға болған жерге шығуы, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттарды жинау т. б.;

11) Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған келтірілген залал үшін жауапты тұлғаға кері талап ету құқығын өзіне ауысқан Сақтандырушының жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға;

12) осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға міндетті.

13.2. Егер Сақтанушы осы Ереженің 13.1-тармағында көрсетілген міндеттемелерді орындамаса, Сақтандырушы оған келтірілген зиянды өтеуден бас тартуға құқығы бар. Егер жоғалған (ұрланған) мүлік туралы құзыретті органдарға мәлімделмеген немесе уақтылы мәлімделмеген болса, онда Сақтандырушы сақтандыру төлемін осы мүлікке қатысты бөлігінде ғана жүзеге асыру жөніндегі міндеттен босатылады.

13.3. Сақтандырушы мен оның өкілдері сақтандырылған мүлікті құтқаруға және сақтауға қатысуға құқылы, бұл үшін қажетті шараларды қабылдайды және көрсетеді, бірақ сақтандырушының немесе оның өкілдерінің бұл әрекеттері оның сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін мойындау ретінде қаралмайды. Егер Сақтанушы бұған кедергі келтірсе, сақтандыру төлемі залалдың ұлғаюына әкелген шамада қысқартылады.

13.4. Егер Сақтанушы Сақтандырылушы болып табылмаса, Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету және ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдау, оның ішінде сақтандырылған мүлікті құтқару және сақтау шаралары Сақтандырылған адамға, Пайда алушыға, бұл ретте соңғысы үшін Сақтанушы не Сақтандырылған адам жасағанына немесе жасамағанына қарамастан жүктеледі.

13.5. Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы келісілген мерзімде хабардар етпеу оған сақтандыру төлемінен бас тарту құқығын береді.

 

14.                            САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

14.1.     Сақтандырушы сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға мынадай құжаттарды беруге міндетті:

1)      сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуы туралы өтініш;

2)      мүлікті иелену, пайдалану және/немесе билік ету құқығын растайтын құжаттар;

3)      құзыретті органдардың сақтандыру жағдайының басталу фактісін, оның басталу себептерін және ол келтірген шығындардың мөлшерін растайтын құжаттары, оның ішінде:

а)         өртке қарсы және құқық қорғау органдарының актілері, қорытындылары, өзге де құжаттары, гидрометеоқызметтер, апаттық қызметтер, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің, мемлекеттік комиссиялардың немесе басқа да ұйымдардың бөлімшелері, күнтізбелік күні, зиян келтірудің себептері мен мән-жайлары және зиян келтіруде кінәлі адамдар (егер ондайлар бар болса) көрсете отырып;

б)        прокуратура, тергеу, анықтау, сот органдарының, өрт қадағалау органдарының құжаттары (қылмыстық істің қозғалысы туралы (іс қозғау туралы, қозғаудан бас тарту туралы, тоқтата тұру, тоқтату туралы қаулылар), оқиға болған жерді қарау хаттамасы, айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы, сот үкімі);

в)        Сақтандырушы ұсынған тәуелсіз сарапшы жүргізген мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін анықтау жөніндегі сараптамалық бағалау актісі;

г)         сақтандыру жағдайлары ретінде Шартта қаралатын оқиғаларды тергеп-тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүзеге асыратын не сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын өзге де құзыретті органдардың құжаттары.

14.2.     Сақтандырушы АҚЖ сақтандыру бойынша сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға осы ережелердің 14.1-тармақғында көрсетілгендерге қосымша мынадай құжаттарды беруге міндетті:

1)      жәбірленушіге келтірілген залалды растайтын құжаттар (Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы құрастырған) зақымдану дәрежесі көрсетілген жоғалған және/немесе зақымдалған мүліктің тізбесі; тауарлық жүкқұжаттар мен чектер, жұмыстарды тапсыру-қабылдау актілері, калькуляциялар, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған сметалар; Сақтандырушы ұсынған, уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз сараптама (бағалау) ұйымдарының қорытындылары; келтірілген залалдың мөлшерін растайтын өзге де құжаттар);

2)      залалды өтеу туралы жәбiрленушiнiң өтiнiштерiнiң көшiрмелерi, Сақтандырылушы мен жәбiрленушi арасындағы келтiрiлген залалға байланысты хат-хабарлардың көшiрмесi;

3)      Сақтанушының жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің туындау фактісін тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі және/немесе талап қою құжаттарының көшірмелері – егер дау сот тәртібімен шешілсе;

4)      сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттар: жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлға үшін заңды тұлғаны (филиалды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Пайда алушының банктік деректемелері, Пайда алушы өкілінің сақтандыру төлемін алуға сенімхатының түпнұсқасы;

5)      пайда алушының сақтандыру төлемін алуға құқығын растайтын құжаттар, оның ішінде, мұраға құқық туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

6)      өмірге/денсаулыққа зиян келтірген жағдайда:

а)    жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

б)   сақтанушыға келтірілген зиянның сипаты, диагнозы, еңбекке жарамсыздық кезеңі көрсетілген тиісті емдеу мекемесінің қорытындысының көшірмелері;

в)   уәкілетті медициналық органның мүгедектікті белгілеу туралы қорытындысының көшірмелері;

г)    қайтыс болу себебін көрсете отырып, Сақтанушының қайтыс болуын анықтаған медициналық мекеменің қорытындысының көшірмелері; қайтыс болу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

д)   медициналық дәрі-дәрмектер, өткізілген процедуралар, дәрігерлер қабылдауларын растайтын дәріхана мен медициналық мекемелердің әр дәрінің, процедураның, қабылдаулардың атауы, олардың саны, бағалары көрсетілген шоттарының (қазыналық, тауарлық чектері, төлем квитанциялары мен т.б.) көшірмелері; сондай-ақ шотта көрсетілген емдеуші дәрігер тағайындаған медициналық дәрі-дәрмектерді қабылдау, процедуралардан өту, дәрігер қабылдаулары;

е)    зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі мен жерлеу шығындарын өтеген жағдайда – шығындарды төлеу фактісін растайтын шоттар көшірмелері (шот-фактура, тапсырыс-өкімдемелер, қазыналық және тауарлық чектер, төлем квитанциялары мен т.б.).

14.3.     Сақтандырушы қосымша шығындарды сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (пайда алушы) Сақтандырушыға осы Ережелердің 14.1.тармағында көрсетілген құжаттары, сондай-ақ осы Ережелердің 2.3.4. тармақшасында көрсетілген қосымша шығындар мен залалдардың туындау фактісін растайтын құжаттарды тапсыруы қажет.

14.4.     Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.

14.5.     Болған оқиға туралы неғұрлым толық ақпарат алу мақсатында Сақтандырушы құзыретті органдардан (ішкі істер органдарынан, өрт қадағалау органдарынан, авариялық-техникалық қызметтерден, газ желісінің авариялық қызметтерінен), кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан оқиғаның басталу мән-жайлары туралы ақпаратты сұратуға, сондай-ақ оның туындау себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға құқылы.

14.6.     Қажет болған жағдайда оқиғаның пайда болу себептерін және Сақтандырушының тапсырмасы бойынша шығын мөлшерін анықтау жөніндегі жұмысты тәуелсіз сарапшылар, бағалаушылар, апаттық комиссарлар және т. б. орындай алады.

 

15.                            САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

Мүлік бөлімі бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі:

15.1.        Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуы туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін, сондай-ақ сақтандыру төлемі үшін қажетті барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін Сақтандырушы келесі іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

а)      сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның болу фактісін белгілейді; Сақтанушының өтінішінде келтірілген мәліметтердің сәйкестігін тексереді; Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) сақтандырылған мүлікті сақтауда мүддесінің болуын тексереді; сарапшыларды, апат комиссарларын тарту қажеттілігін анықтайды, өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асырады;

б)     оқиғаны сақтандыру ретінде тану кезінде сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтайды, сақтандыру жағдайы туралы актіні құрайды.

15.2.        Сақтандыру төлемін Сақтандырушы Пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде жүзеге асырады. Сақтандыру төлемі Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірген нақты залал мөлшерінен аспауға тиіс.

Жылжымалы мүлікті ұрлау кезінде сақтандыру төлемі сақтандыру жағдайы басталған күнге сақтандыру сомасы шегінде мүліктің нақты құны мөлшерінде жүзеге асырылады.

15.3.        Егер Шартта өзгеше белгіленбесе, сақтандыру төлемі әрбір сақтандырылған объект бойынша франшиза (шартсыз) және сақтандыру сомасын ескере отырып жүзеге асырылады.

15.4.        Егер сақтандыру сомасы Шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнынан аз болса, онда сақтандыру төлемі сақтандыру сомасының Шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнына қатынасына барабар жүргізіледі. Егер сақтандыру сомасы шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнынан асып кетсе, Шарт жасалған күнгі мүліктің нақты құнынан асып түсетін бөлігінде сақтандыру жарамсыз болып табылады. Сақтандыру сомасының мүліктің нақты құнына сәйкес келмеу фактісін Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде белгілеуі мүмкін.

15.5.        Сақтандырушы зиян мөлшерін Сақтанушы (Пайда алушы) ұсынған құжаттар және/немесе тиісті лицензиясы бар, Сақтандырушы ұсынған және уәкілетті орган аккредиттеген тәуелсіз сарапшы негізінде айқындайды.

15.6.        Зиян мөлшері сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған мүліктің есептелген амортизациясын (тозуын) алып тастағандағы бүлінген мүлікті қалпына келтіру құнының есебіне сүйене отырып айқындалады.

15.7.        Мүлік толық жойылған кезде (тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы қалпына келтіру жөндеуінің орынсыздығы белгіленетін мүлікті жою; сондай-ақ қалпына келтіру жөндеуінің құны сақтандыру жағдайы басталған күнгі мүліктің нақты құнының 70% - нан астамын құрайтын) Сақтандырушы Сақтанушыға келесіні төлеуге құқығы бар:

1)      одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтардың құнын шегергендегі сақтандыру жағдайы сәтіндегі бүлінген мүліктің нақты құнын;

2)      Сақтанушы Сақтандырушыға әрі пайдалануға жарамды қалдықтарды өткізген жағдайда сақтандыру жағдайы сәтіндегі бүлінген мүліктің нақты құнын. Меншік құқығын және/немесе мүлікті/жарамды қалдықтарды беруге байланысты барлық шығыстар сақтандырумен өтелмейді.

3)      Сақтандыру сомасы Шарт рәсімделген күнгі мүліктің нақты құнынан аз болса осы Ереженің 15.7-тармағында көзделген сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібінің талаптарын қолдануға болмайды.

15.8.        Сақтандыру төлемі үшінші тұлғалардан осы залалды өтеу тәртібімен алынған сомалар шегеріле отырып жүргізіледі.

15.9.        Егер Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) келтірілген залал үшін жауапты тұлғадан өтем алған болса, Сақтандырушы осы тармаққа сәйкес есептелген сақтандыру төлемінің мөлшері Шарттың франшиза шартында көзделген мөлшерден аспайтын жағдайда, келтірілген нақты залал мен көрсетілген тұлғадан алынған өтем мөлшері арасындағы айырма мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

15.10.    Егер сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Сақтанушы (Сақтандырылушы немесе Пайда алушы) келтірілген залал үшін жауапты тұлғадан өтем алса, оның осы Ережелердің тармақтарына сәйкес есептелген сақтандыру төлемінің бір бөлігіне ғана құқығы бар, осыған байланысты Сақтандырушы сақтандыру төлемінің артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы, ал Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) келтірілген залал үшін жауапты тұлғадан өтем алған адам Сақтандырушыға артық алынған соманы қайтаруды жүргізуге міндетті.

15.11.    Егер залал шартсыз франшиза сомасынан аспаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады. Егер залал шартсыз франшиза сомасынан асып кетсе, онда сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтаған кезде залал сомасынан франшиза шегеріледі.

15.12.    Сақтандыру сомасы Шартты жасасу сәтіндегі сақтандыруға алынған жылжымайтын мүліктің нақты құнынан аз болған жағдайда (сақтандыру толық болмаған жағдайда) сақтандыру төлемінің мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі (егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе):

 

СТ = (Залал * СС / НҚ) - Франшиза, мұнда:

        

СТ – Сақтандыру төлемі;

Залал    – Залал сомасы;

СС         – Сақтандыру сомасы;

НҚ         – Сақтандыру шартын рәсімдеу кезіндегі сақтандырылған мүліктің нақты құны.

 

15.13.    Тараптар арасында залалдың себептері мен мөлшері туралы даулар туындаған жағдайда Тараптардың әрқайсысы тәуелсіз сарапшылардың және/немесе мамандардың қызметтерін пайдалануға құқылы. Сарапшылардың және/немесе мамандардың қызметтерін оларды шақырған Тарап төлейді.

15.14.    Сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталған күнгі осы мүліктің нарықтық құны мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайда мүлікке немесе оның қалдықтарына құқығы бар.

15.15.    Сақтанушының сақтандыру жағдайынан кейін қалған мүліктен, ол зақымданған болса да, бас тартуға құқығы жоқ.

15.16.    Сақтандырушы сақтандыру төлемін сақтандыру төлемінің сомасы шегінде заттай нысандағы залалды өтеумен ауыстыра алады.

15.17.    Қосарланған мүліктік сақтандыру кезінде (бір сақтандыру объектісін әрқайсысымен дербес шарттар бойынша бірнеше Сақтандырушыда сақтандырғанда) әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен рәсімделген Шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.

15.18.    Сақтанушының (Сақтандырылушының) шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болса немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін әкелінген болса, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, Сақтандырушы өтеуге тиіс.

15.19.    Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығыстар өтемақысының жалпы сомасы Шартта көзделген сақтандыру сомасынан (жауапкершіліктің шекті көлемінен) аспайтындай етіп өтеледі. Егер шығындар Сақтанушының (сақтандырылған адамның) Сақтандырушының нұсқауларын орындау нәтижесінде туындаса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.

15.20.    Сақтандырушы Сақтанушының (Сақтандырылушының) ықтимал шығындарды азайту үшін қисынды және оған қол жетімді шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан туындаған залалдар бөлігінде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

АҚЖ бөлімі бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі:

15.21.    Өмірге/денсаулыққа зиян келтіру кезіндегі сақтандыру төлемінің шарттары (АҚЖ сақтандыру жағдайында):

1)    Зардап шеккендердің өміріне/денсаулығына келтірілген залал үшін сақтандыру төлемі нақты шығын көлемінде жүзеге асырылады, бірақ сақтандыру сомасынан аспауы тиіс;

2)    Зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген залал еңбекке уақытша жарамсыздығы мен/немесе мүгедектікті анықтау мен/немесе қазасымен байланысты материалдық залалды қамтиды;

3)    Еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайында сақтандыру өтемақысының мерзімі уақытша жарамсыздықтың 10 (оныншы) күнінен басталады, бірақ 60 (алпыс) күннен аспауы тиіс. Мүгедектікті анықтау жағдайында сақтандыру өтемақысының мерзімі - сақтандыру жағдайы орын алған сәттен бастап 12 (он екі) ай;

4)    Зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген залал көлемі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне және осы Шартқа сәйкес ұсынылған құжаттарға сай анықталады.

15.22.    Қосымша шығыстарды сақтандыру кезiнде сақтандыру төлемi нақты шеккен (құжатпен расталған) шығыстар мөлшерiнде, бiрақ Шартта белгiленген АҚЖ бөлiмi бойынша сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.

15.23.    Сақтандыру төлемі, егер Сақтанушы (Сақтандырылушы немесе Пайда алушы) осы Ереженің 14-бөлімінде көрсетілген құжаттарды ұсынбаса немесе залалдың басталу мән-жайларына және оның мөлшеріне қатысты көрінеу жалған мәліметтер берсе жүзеге асырылмайды.

15.24.    Сақтандырушы шешім қабылдау үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асырады немесе жазбаша дәлелді бас тартуды жібереді.

15.25.    Сақтандырушы сақтандыру төлемін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес жауапты болады.

15.26.    Қосымша шығыстар бөлімі бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі: Экспоненттің/Сақтандырылушының Қосымша шығыстары бөлімі бойынша Сақтандырушы Сақтанушының/Сақтандырылушының көрме іс-шарасына қатысу мақсатында шеккен және Сақтанушыға/Сақтандырылушыға/Пайда алушыға тәуелді емес оқиғалар бойынша өтелмеген/жойылған шығындарын өтейді, мысалы, «Мүлік» бөлімінде көрсетілген сақтандыру жағдайлары.

 

16.                            СУБРОГАЦИЯ

16.1.        Төлемді жүзеге асырған Сақтандырушыға төленген сома шегінде Сақтанушының сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты адамға талап ету құқығы ауысады.

16.2.        Сақтанушы (Пайда алушы) сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беруге және оған өзіне ауысқан Сақтандырушының талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға міндетті.

16.3.        Егер Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғаға өз талап ету құқығынан бас тартса немесе осы құқықты жүзеге асыру Сақтанушының (Пайда алушының) кінәсінен мүмкін болмаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісті бөлігінде жүзеге асырудан босатылады және артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

 

17.                            ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ

17.1.        Полиске өзгерістер мен толықтырулар енгізу Сақтанушының (Сақтандырылушының) жазбаша келісімімен, оны бұзып, жаңа Полис рәсімдеу арқылы орын алады, бұл ретте Сақтандырушы тоқтатылған Полистің аяқталмаған мерзімі үшін соманы жаңа Полиспен есепке алады.

17.2.        Қағаз жеткізгіште жасалған Шаартқа өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер Тараптар қол қойған қосымша келісім жасау жолымен рәсімделеді. Өзгерістер Тараптардың бірінің өтініші (хабарламасы) негізінде енгізіледі.

 

18.                            ШАРТТЫ ТОҚТАТУ ТАЛАПТАРЫ

18.1. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) сақтандыру объектісі әрекет етуін тоқтатқан кезде;

2) Сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам ауыстырылмаған жағдайда қайтыс болған кезде (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 815-бабының 8-тармағы);

3) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал Шартта немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, Сақтанушы мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен айырған кезде (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 836-бабының 1-тармағы);

4) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

5) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың Сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайларда;

6) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда;

7) Полиске өзгерістер енгізу кезінде (Шарт жасасу Полисті рәсімдеу жолымен жүзеге асырылған жағдайда)

18.1.1. Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс. Сақтанушы осы тармақта көзделген бұзу негіздері бойынша растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

18.1.2. Сақтанушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта Сақтандыру шартынан бас тартуға құқылы.

18.2. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:

18.2.1. Осы Ереженің 18.1-тармағының 1) -6) тармақшаларында көзделген мән-жайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Сақтандырушы Сақтанушыға ол төлеген сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасының 35% - % құрайтын істі жүргізуге жұмсалған шығыстарды шегере отырып, Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталмаған кезеңі үшін қайтарады, сондай-ақ Шарт бойынша жүргізілген сақтандыру төлемдерін шегергенде қайтарады. Сақтандырушы таратылған кезде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы Ереженің 18.1-тармағының 7) тармақшасында көзделген мән-жайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Шартты бұзу Шарттың 17.1-тармағына сәйкес жүргізіледі.

18.2.2. Сақтанушы Шарттан бас тартқан кезде (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Ережлердің 18.1. және 18.6. тармағында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, Шартта өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақысы немесе сақтандыру жарнасы қайтарылмайды.

18.2.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтандырушы Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын оған толық қайтаруға міндетті.

18.2.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен оның талаптарының орындалмауынан/ тиісінше орындалмауынан туындаған жағдайларда Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

18.3. Осы Ережелердің 18.1. және 18.2.-тармақтарда көрсетілген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Шарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату үшін негіздер басқа, Шарт келесі жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) Сақтандырушының Шарт бойынша сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлеміның (сақтандыру төлемақыларын) жасауы, немесе мүлікті толық жоғалту немесе барлық жылжымалы мүлікті ұрлау тәуекелі бойынша сақтандыру төлемін жасау;

2) Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысының тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес төленуіне қарсылық білдірсе;

3) Сақтанушының немесе Сақтандырушының өтініші бойынша, сондай-ақ Тараптардың келісімі бойынша Шартты тоқтату.

18.4. Ереженiң 1.3-тармағына сәйкес жасалған шарт оны тоқтатуға немесе қайта рәсiмдеуге (өзгерiстер енгiзуге байланысты) өтiнiште көрсетiлген күннен бастап тоқтатылды деп есептеледi. Ереженiң 1.4-тармағына сәйкес жасалған Шарт Тараптар Шартты тоқтату туралы келiсiмге қол қойған күннен бастап тоқтатылды деп есептеледi. Бұл ретте бастамашы Тарап Ереженің 18.1.1-тармағына сәйкес бұзу болатын 18.1-тармақтың 1) -7) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Шартты бұзу ниеті туралы басқа Тарапты Шартты бұзудың болжамды күніне дейін кемінде 15 (он бес) жұмыс күні бұрын хабардар етуге міндетті.

18.5. Сақтанушы-жеке тұлға Шарттан бас тартқан жағдайда, ол жасалған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде Сақтандырушы Сақтанушы-жеке тұлғаға алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) 10%-ын құрайтын, сақтандыру әрекеті болған уақытқа пропорционалды сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарнасының) бір бөлігін және Шартты бұзуға байланысты шығыстарды шегеріп тастап, алынған сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) қайтаруға міндетті.

 

19.                            ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ФОРC-МАЖОРЛЫҚ МӘН-ЖАЙЛАР

19.1.        Шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап, егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың (форс-мажор) салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауаптылыққа тартылмайды.

19.2.        Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

19.3.        Егер осы мән-жайлар жалпыға белгілі сипатта болмаса, форс-мажорлық мән-жайлардың әсерін бастан кешірген Тарап осындай мән-жайлардың басталғаны туралы екінші Тарапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.

19.4.        Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзыретті органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

 

20.              ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

20.1.        Шарттан немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

20.2.        Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен Сақтандырушының бас кеңсесінің орналасқан жері бойынша сотта реттеуге жатады.

 

21.                            ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

21.1. Ережелерімен қарастырылмаған жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

21.2. Шарт пен сақтандыру ережелері арасында қайшылықтар болған жағдайда Шарттың ережелері қолданылады.

21.3. Сақтанушы өз қолымен өзінің келісімін, сондай-ақ Сақтандырушының (Пайда алушының, Сақтанушы басшыларының, түпкі бенефициардың және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалардың) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және беруге "Дербес деректер туралы" Қазақстан Республикасының №94-V Заңына сәйкес келісімін қоса алғанда, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1)      “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2)      Бюроның мемлекеттік дерекқоры иелерінің Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы, Сақтанушының, түпкілікті бенефициардың және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалардың басшылары) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3)      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Сақтандырылушы (Пайда алушы, Сақтанушының басшылары, түпкі бенефициар және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалар) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4)      дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

21.4. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

21.5. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан, Сақтанушының басшыларынан, түпкі бенефициардан және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалардан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының, Сақтанушының басшыларының, түпкі бенефициарының және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалардың) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 22.3. т. 1)-4) т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

21.6. Сақтанушы 22.3. т. 1)-4) т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының, Сақтанушының басшыларының, түпкі бенефициарының және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалардың) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының, Сақтанушының басшыларының, түпкі бенефициарының және Шартта көрсетілген өзге де тұлғалардың) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.




[1] Жоғалу - сақтандыру жағдайының салдарынан сақтандырылған мүліктің ғайып болуы (ысырап, жоғалуы).


[2] Жалған кілт болып кілттердің түпнұсқасына иелік ету құқығы жоқ тұлғалардың тапсырысымен немесе келісімі арқылы дайындалған кілттер саналады. Сақтандыру орнынан тек мүліктің жоғалу фактісі жалған кілт қолданылғанын дәлелдеу үшін жеткіліксіз; Қайқы кілттерді, жалған кілттерді және басқа да техникалық құралдарды пайдалану фактісін растау қозғалған қылмыстық іс шеңберінде құзыретті мемлекеттік органдар жүргізген тергеу сараптамасының қорытындысы болып табылады.


[3] Локаут - ұйымдарды жабу және оларды олар қойған талаптардан бас тартуға және ең нашар еңбек жағдайларына келісуге мәжбүр ету мақсатында қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығару.



Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту