АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

22.04.2022ж. өзгерістер

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен 2000 ж. 18 желтоқсанындағы №126-ІІ «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

1.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес және осы Ережелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (ары қарай «Сақтандырушы») заңды тұлғалармен (меншік формасы мен ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан) немесе жеке тұлғалармен (азаматтығына қарамастан) (бұдан әрі – «Сақтанушы») үшінші тұлғаларға зақым келтіру жағдайынан сақтандыру шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасау жолымен азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандырады.

1.3. Сақтанушының немесе оның өкілінің Шартқа қол қоюы - осы Ережелермен толықтай келісімінің айғағы.

1.4. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

1) Сақтандырушы – Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясына ие, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе Шарт оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға.

2) Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сондай-ақ Сақтандырылушы болады. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті.

3) Сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

4) Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы тұлға. Пайда алушы жеке немесе заңды тұлға бола алады. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Пайда алушы болып табылады.

5) Сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай. Сақтандыру жағдайы деп қарастырылған жағдай оның орын алуының кездейсоқтық пен ықтималдық белгілеріне ие болуы тиіс.

6) Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

7) Сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.

8) Сақтандыру төлемі – Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандыру жағдайы орын алғанда, сақтандыру сомасына сәйкес төленетін ақша сомасы.

9) Суброгация – сақтандыру өтемін төлеген Сақтандырушыға Сақтанушыға келтірілген шығынға жауапты тұлғадан өтем көлемінде өтемақы төлеуін талап ету құқығының өтуі.

10) Регресс – Сақтандырушының Сақтанушыға төленген сома көлемінде Шартта көрсетілген жағдайларда кері талап қою құқығы.

11) Франшиза – Сақтандырушыны сақтандыру талаптарымен көзделген белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына пайыздық күйде немесе абсолютті мөлшерде орнатылады. Шартсыз франшиза кезінде Сақтандырушы бекітілген франшиза көлемінен аспайтын шығынды өтеуден босатылады, бірақ оның көлемі бұл сомадан асатын болса, шығынды толықтай өтеуі тиіс. Шартсыз франшиза кезінде шығын кез келген жағдайларда бекітілген соманы шегере отырып өтеледі.

12) Шарт – оның негізінде бір тарап (Сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, екінші тарап (Сақтандырушы) сақтандыру жағдайы орын алғанда Сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған тұлғаға (Пайда алушы) Шартпен бекітілген сома көлемінде сақтандыру төлемін өтейтін Сақтандырушы мен Сақтанушы арасыдағы келісім.

13) Залал келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген Сақтанушының үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүліктік мүдделеріне келтірілген шығынды өтеу міндеті.

1.5. Шарт бойынша Сақтанушының өзінің де және аталған жауапкершілік артылуы мүмкін басқа тұлғаның (Сақтандырылушы) да азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің тәуекелі сақтандырылуы мүмкін. Сақтандырудың объектісі Сақтандырылушының мүліктік мүддесі болса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Шартпен өзгеше көзделмесе, осы Ережелердің Сақтанушының құқықтары мен міндеттерін тікелей немесе жанама қозғайтын барлық шарттары Сақтандырылушыға тең дәрежеде таратылады.

1.6. Жауапкершілік тәуекелі сақтандырылған тұлға Шартта аталуы тиіс. Ол тұлға Шартта аталмаған жағдайда, Сақтанушының өзінің жауапкершілік тәуекелі сақтандырылған болып саналады.

1.7. Сақтандырушы сәйкес сақтандыру кластарына нұқсайтын лицензияның болуы мен Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 18 желтоқсанындағы №126-II «Сақтандыру қызметі туралы» Заңымен бекітілген сақтандыру кластарын қосарлау бойынша шектеулерді есепке ала отырып, екі немесе одан да көп сақтандыру кластарының сипаты мен мазмұнын қамтитын сақтандыру түрін өңдеуге құқылы.

2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

2.1. Шарт бойынша сақтандыру объектісі - Сақтанушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының тәртібімен орнатылған сақтандыру жағдайының нәтижесінде үшінші тұлғалардың (әрі қарай – «жәбірленушілер») өміріне/денсаулығына және/немесе мүлкіне келтірген шығынды өтеу міндеттерімен байланысты мүліктік мүдделері, төмендегі жағдайларды қоспағанда:

- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

- әуе көліктері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

- су көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

- ғарыш объектілері иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

- кәсіби жауапкершілікті сақтандыру.

Осы Ережелерге шарт бойынша жауапкершілікті сақтандыру жатпайды.

2.2. Осы Ережелерге сәйкес Сақтандырушы Сақтанушылармен әртүрлі жауапкершілік түрлерін сақтандырады, оның ішінде:

1) Жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

2) Зияткерлік меншік (тауар белгісі) нысанының құқығын иеленушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

3) Көршілер алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

4) Жалға беруші/жалға алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

5) қызметі үшінші тұлғаларға шығын келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

6) қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

7) жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

8) өнім (қызмет) сапасы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

9) шарт/келісім-шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

2.3. Сақтандырушы Сақтанушыға сақтандырудың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және неғұрлым тиімді шарттарын ұсыну мақсатында осы Ережелердің 2.2-тармағында көрсетілген сақтандыру объектілерінің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін.

3. САҚТАНДЫРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ

3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған "НОМАД Иншуранс" Сақтандыру компаниясы" Акционерлік қоғамы сақтандырушы болып табылады.

3.2. Шарттар бұдан әрі "Сақтанушы" деп аталатын кез келген жеке (азаматтығына қарамастан) және заңды тұлғамен (меншік нысанына қарамастан) жасалады.

3.3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы бір мезгілде Сақтандырылушы болып табылады.

3.4. Сақтанушы шартта үшінші тұлғаны Сақтандырылушы ретінде анықтай алады.

3.5. Сақтандырылушының пайдасына шарт жасасу Сақтанушыны осындай сақтандыру шарты бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды.

3.6. Сақтанушы сақтандыру жағдайы басталғанға дейін Сақтандырылушы болып табылмайтын Пайда алушыны Шартта көрсетілген басқа тұлғамен ауыстыруға, бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша түрде хабарлауға құқылы.

3.7. Пайда алушыны өзінің Сақтанушымен келісімінен туындайтын шарт бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде талап қойғаннан кейін басқа тұлғамен ауыстыруға болмайды.

4. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ

4.1. Егер Сақтандырылушы сақтандыру қатынастарының қатысушысы болса, Сақтанушының/Сақтандырылушының өзінің қызметін жүзеге асыру нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүлкіне, өміріне, денсаулығына немесе мүліктік мүдделеріне зиян келтіргені үшін Сақтанушының/Сақтандырылушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы болып табылады.

Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиға төмендегідей белгілерге ие болуы тиіс (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша қарастырылған болуы мүмкін оқиғаларды есепке алмағанда):

- оқиғаның орын алу ықтималдығы мен кездейсоқтығы;

- оқиғаның орын алуының нақты уақыты немесе орнына, сондай-ақ оқиғаның орын алу нәтижесіндегі шығындар көлеміне қатысты кенеттілігі;

- оқиғаның сөзсіз орын алу тиістігі қаупінің болмауы және тараптар немесе кем дегенде Сақтанушы алдын ала білген немесе алдын ала ескертілген сақтандыру шартының қолданылу аясында объективті түрде орын алуы тиіс;

- оқиғаның орын алуы Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мүліктік мүдделеріне жағымсыз, тиімсіз экономикалық салдары бар;

- оқиғаның орын алуы Сақтанушының (Сақтандырылушы, Пайда алушы) еркін білдіруі мен (немесе) жасырын ниетімен байланысты емес және пайда табу және (немесе) ұтыс алу (алып-сатарлық тәуекел) мақсатын көздемейді.

4.2. Жәбірленушіге зиян келтіргені үшін Сақтанушының жауапкершілігінің басталу фактісі Сақтандырушының жазбаша келісімімен зиянды өтеу туралы жәбірленушінің талаптарын ерікті түрде тану негізінде не Сақтанушының/Сақтандырылушының жәбірленушіге келтірген зиянды өтеу туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде белгіленеді.

4.3. Жәбірленушіге зиян келтіру салдарынан міндеттемелер бойынша Сақтанушының жауапкершілігінің басталу фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады, егер:

1) салдарынан үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келтірілген заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) Шарттың қолданылу кезеңінде жасалса;

2) Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде немесе сақтандыру шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде Сақтанушыға зиянды өтеу туралы жазбаша талап қойылса немесе дау сот тәртібімен шешілген жағдайда Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде немесе Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) ай ішінде жәбірленуші сотқа Сақтанушыға зиянды өтеуі туралы талап арыз берсе;

3) Сақтанушының (оның қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінде пиғылдың немесе өрескел абайсыздықтың белгілері жоқ болса.

Пиғыл деп адам саналы түрде білген және құқыққа қайшы зардаптардың туындауына бағытталған әрекет сипатталады.

Өрескел абайсыздық адам өз міндеттерін жүзеге асыру кезінде қажетті зейінді, адалдықты, қамқорлықты, мұқияттылықты көрсетпеуімен сипатталады, адам бұларды жасау үшін барлық мүмкіндіктерге ие болғанымен, олардың бұзылуына әкеп соғады.

Еңбек шарты (келісімшарты) негізінде жұмысты орындайтын адамдар қызметкерлер деп танылады. Еңбек шартының (Шарттың) негізінде жұмысты орындайтын адамдар, сондай-ақ олар Сақтанушының тапсырмасы бойынша және жұмысты қауіпсіз жүргізуді оның бақылауымен әрекет етсе немесе әрекет етуге тиіс болса, қызметкерлер деп танылады.

4.4. Бір себеппен туындаған бірқатар дәйекті (немесе бір мезгілде) оқиғалардың әсер етуі нәтижесінде бірнеше адамға зиян келтіру бір сақтандыру жағдайы ретінде қаралады. Мұндай оқиғалардың салдарынан келтірілген зиянды өтеу туралы барлық талаптар осы талаптардың біріншісі сақтанушыға қатысты мәлімделген сәтте мәлімделген болып есептеледі.

4.5. Зиянның пайда болу себептері қасақана сипатта болмауы тиіс.

4.6. Шартта сақтандыру жағдайлары ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де оқиғалар көзделуі мүмкін.

5. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ

5.1. Төмендегілердің нәтижесінде туындаған оқиғалар сақтандыру жағдайлары болып саналмайды және олар бойынша сақтандыру төлемі жүргізілмейді:

1) түрлі әскери іс-әрекеттер немесе әскери іс-шаралар және олардың зардаптары, зақымдаулар немесе зымыран, снаряд, бомба, басқа құралдар, соғыс құралдары және әскери операцияларды, теңіз қарақшыларының іс-әрекеттерін жүргізу, сондай-ақ азаматтық соғыс, ұлттық толқыныстар, көтеріліс, ереуіл және жаппай тәртіпсіздіктер;

2) иондаушы сәулеленудің, радиацияның немесе радиоактивті материалдармен, ядролық отынмен немесе радиоактивті қалдықтармен ластанудың тікелей немесе жанама әсері, сондай-ақ ядролық жарылыстың тікелей немесе жанама әсері;

3) қандай да бір ұйымның атынан немесе мүддесінде әрекет ететін және сақтандыру объектісінің бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан адам немесе адамдар тобы жасаған терроризм актілері;

4) саяси тәуекелдер;

5) адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ-инфекциясы) қоздыратын инфекциялар;

6) адам қанының негізінде әзірленген фармацевтикалық препараттарды өндіру немесе пайдалану;

7) өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану немесе әсер ету;

8) Сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан Сақтанушының немесе оның өкілінің заңдардан немесе мемлекеттік органдардың ұйғарымдарынан, сондай-ақ тапсырыс берушінің жазбаша нұсқауларынан немесе шарттарынан ауытқуы, сондай-ақ егер Сақтанушы немесе оның қол астында жұмыс істейтін адамдар сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасаса немесе оған алып келетін іс-әрекеттерге жол берсе (Сақтанушы өндіретін және жеткізетін өнімнің ақаулары, зиянды және қауіпті қасиеттері туралы әдейі айтпау пиғылға теңестіріледі);

9) Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен алаяқтық (құқыққа қарсы) және қылмыстық құқықбұзушылық сипатына ие деп бағаланатын, заң бойынша сақтандыру жағдайы ретінде және сақтандыру объектісі ретінде қарастырыла алмайтын қасақана іс-әрекеттері, атап айтқанда Сақтанушының (Сақтандырылушының, Пайда алушының) немесе оның өкілінің сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана іс-әрекеттері (қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында және басқа да ерекше жағдайларда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда);

10) Сақтанушының немесе оның өкілінің құзыретті органдар әкімшілік және қылмыстық іс-әрекет белгілері бар деп таныған іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі, сондай-ақ уыттану, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жасалған кез келген іс-әрекеттер;

11) конструкциялардың, жабдықтардың, сондай-ақ нормативтік пайдалану мерзімінен тыс пайдаланылатын материалдардың тозуы;

12) Сақтанушының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарын бұзуы;

13) асбест, асбест шаңының, диоксиннің, диэтилстиролдың, формальдегидтің немесе сипаттамалары, әсері немесе мінез-құлқы бойынша салыстыруға келетін басқа да заттардың әсері;

14) гендік-инженерлік жұмыстар жүргізілетін немесе гендік инженерия көмегімен организмдерді (өнімдерді) босатуға (шығаруға) байланысты жабдықтар мен құрылыстарды өндіру;

15) генетикалық өзгерістер;

16) электромагниттік өрістің әсері;

17) есірткі немесе есеңгірететін заттарды өндіру, қайта өңдеу (өңдеу), сондай-ақ сату;

18) шартта сақтандыру өтемінен ерекшелік ретінде көзделген өзге де мән-жайлардың әсер етуі.

5.2. Сақтандыру қорғанышы келесілердің салдарынан туындаған талаптарға қолданылмайды:

1) Шарт жасалғанға дейін туындаған және Сақтандырушының сақтандыру тәуекелін қабылдау немесе қабылдамау туралы шешіміне әсер етуі мүмкін және Сақтанушы ол туралы білген немесе білуге тиіс болған, бірақ Сақтандырушыны хабардар етпеген мән-жай күшіне енген жағдайда;

2) Сақтанушы Сақтандырушымен келісілген мерзім ішінде жалпы қабылданған нормаларға сәйкес Сақтандырушы жою қажеттігін көрсеткен, тәуекел дәрежесін елеулі түрде арттыратын мән-жайларды жоймаған болса. Мұндай жағдайларға кез келген жағдайда шығынның туындауына себеп болған оқиғалар жатады;

3) Сақтанушы немесе оның қол астында жұмыс істейтін адамдар қасақана қылмыстық жазаланатын (қылмыстық іс-әрекеттер) әрекеттерді жасаса немесе оларға жол берсе.

5.3. Ешқандай жағдайда сақтандыру қорғанысы мынадай талаптарға қолданылмайды:

1) шартта көзделген өтеу көлемі мен сомасынан асатын залалды өтеу туралы кез келген талаптар;

2) сақтандыру аумағынан тыс жерлерде келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар;

3) спорттық жарыстарға қатысу кезінде немесе оларға дайындық процесінде келтірілген зиянды өтеу туралы кез келген талаптар;

4) ластаушы заттардың нормативтен тыс тұрақты шығарындылары мен төгінділері;

5) газдардың, булардың, сәулелердің, сұйықтықтардың, ылғалдылықтың, жауын-шашынның, соның ішінде найзағайдың, түтіннің, шаңның және басқа да атмосфералық емес шөгінділер мен шөгінділердің тұрақты және ұзақ әсерінің салдары болып табылатын зиянды өтеу туралы;

6) Сақтанушының онымен бірге тұратын туыстарына келтірген зиянын өтеу туралы. Оларға жататындар: жұбайы/зайыбы, ата-аналары және балалары (оның ішінде асырап алған балалары), өгей әкесі/өгей шешесі, өгей әкесі/өгей әкесі, әжесі/атасы, немересі/немересі, аға-інілері/апа-сіңлілері, әйелінің/күйеуінің ата-аналары және отбасылық немесе заңдық туыстық бойынша жақын қарым-қатынаста тұратын өзге де адамдар (тәрбиеленушілер, қамқоршылар және т. б.);

7) тербелістер (діріл), қада жұмыстары, топырақты шөгу, сондай-ақ құлату немесе жарылыс нәтижесінде жерге, ғимараттарға немесе өзге де құрылыстарға келтірілген залалды өтеу туралы;

8) ар-намысты және қадір-қасиетін қорғау туралы, сол сияқты шындыққа сәйкес келмейтін және тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы дұрыс емес ақпаратты қоса алғанда, заңды немесе жеке тұлғалардың беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратумен келтірілген зиянды өтеу туралы өзге де осындай талаптар;

9) өндіру немесе жеткізу процесіне байланысты туындайтын себептер бойынша Сақтанушы (немесе оның тапсырысы бойынша не оның есебінен үшінші тұлғалар) өндіретін немесе жеткізетін мүлікке (өнімге) немесе жұмыстарға тікелей келтірілген зиянды өтеу туралы; кепілдік және осыған ұқсас міндеттемелерге немесе кепілдік шарттарына байланысты талаптар;

10) зардап шеккен үшінші тұлғалардың моральдық шығыны мен жіберіп алған пайдасы;

11) айыппұлдар және (немесе) кез келген басқа әкімшілік жазалар мен санкциялар.

5.4. Сақтанушының Сақтандырылушыға, Сақтандырылушының Сақтанушыға және Сақтандырылушылардың бір-біріне қоятын талаптары осы Ережеге сәйкес жасалған Шарттың мәні болып табылмайды.

5.5. Сақтандыру шартында өзге ерекше жағдайлар мен толықтырулар көзделуі мүмкін.

6. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ, ФРАНШИЗА

6.1. Сақтандыру сомасы тараптардың келісімі бойынша белгіленеді және Шарттта көрсетіледі.

6.2. Сақтандыру шарты бойынша айқындалуы мүмкін:

1) жауапкершіліктің жиынтық шекті көлемі (жалпы сақтандыру сомасы) – бұл жағдайда Шарттың барлық қолданылу кезеңіндегі барлық сақтандыру жағдайлары бойынша барлық сақтандыру төлемдерінің сомасы осы көлемнен аспайды;

2) әрбір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

3) сақтандыру қорғанысының қолданылуы кезеңінде жиынтығында бір және/немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша бір немесе бірнеше адамға қатысты өмірге, денсаулыққа зиян келтіргені үшін жауаптылықтың шекті көлемі;

4) сақтандыру қорғанысының қолданылуы кезеңінде жиынтығында бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша әрбір бір немесе бірнеше тұлғаның мүлкіне залал келтіргені үшін жауапкершіліктің шекті көлемі;

5) бір немесе бірнеше сақтандыру жағдайлары бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

6) сақтандырумен жабылатын бір немесе бірнеше сақтандыру тәуекелі бойынша жауапкершіліктің шекті көлемі;

7) тараптардың келісімі бойынша жауапкершіліктің шекті көлемінің өзге де түрлері.

6.3. Келісім-шартта франшиза көзделуі мүмкін.

6.4. Франшиза түрі мен мөлшері Сақтанушы мен Сақтандырушы арасындағы келісім бойынша белгіленеді және шартта көрсетіледі.

6.5. Шарт шартсыз немесе шартты франшизамен жасалады, түрі мен мөлшері тараптардың келісімі бойынша айқындалады.

6.6. Шартсыз франшиза- белгілі бір мөлшерден аспайтын сақтандыру сомасына пайызбен немесе абсолютті мөлшердегі шығындарды өтеу туралы шарт. Шартсыз франшиза кезінде залал барлық жағдайларда белгіленген франшиза шегеріле отырып өтеледі.

6.7. Шартты франшиза кезінде Сақтандырушы франшизаның белгіленген сомасынан аспайтын залал үшін жауапкершіліктен босатылады және егер оның сомасы франшизадан артық болса, залалды толық өтеуге тиіс.

6.8. Франшиза бір сақтандыру жағдайы үшін, жауапкершіліктің әрбір шекті көлемі бойынша немесе әрбір сақтандырылған тәуекел үшін белгіленуі мүмкін. Егер бірнеше сақтандыру жағдайлары немесе тәуекелдері орын алса, франшиза сомасы олардың әрқайсысы бойынша залал сомасын есептеу кезінде ескеріледі.

6.9. Сақтандырушының Сақтанушы алдындағы жауапкершілігінің көлемі кез келген жағдайда сақтандыру сомасының мөлшерінен аспауы тиіс. Сақтандыру сомасының мөлшерінен тыс залалды өтеуді Сақтанушы өз есебінен жүзеге асырады.

7. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ, ОНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

7.1. Сақтандыру сыйлықақысы - Сақтанушы Сақтандырушыға шартта айқындалған мөлшерде Сақтандырушының Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы және Сақтандырушының тарифтері бойынша (сақтандыру объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипаты ескеріле отырып, сақтандыру сомасының бірлігінен алынатын сақтандыру сыйлықақысының ставкасы) айқындалады, оны сақтандырушы әрбір жағдайда ұсынылған ақпаратты ескере отырып, жеке есептейді және Сақтанушымен келісіледі.

7.2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеуге міндетті. Сақтандыру сыйлықақысының төлемі сақтандыру шартының талаптарына сәйкес біржолғы төлем түрінде немесе бөліп төленеді.

7.3. Егер сақтандыру сыйлықақысы немесе бірінші сақтандыру жарнасы шартта белгіленген мерзімде төленбесе, онда Сақтандырушы Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы. Егер сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру сыйлықақысы немесе бірінші сақтандыру жарнасы әлі төленбеген болса, сақтандырушы осындай шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатылады.

7.4. Егер келесі (кезекті) сақтандыру жарнасы уақтылы төленбесе, онда Сақтандырушы Сақтанушыға белгілі бір сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін осы мерзім өткеннен кейін басталатын құқықтық салдарларды көрсете отырып, кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күнді құрайтын белгілі бір сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін тағайындау немесе шартты біржақты ретпен мерзімінен бұрын бұзу құқығына ие.

7.5. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу мерзімі өткен кезде Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353-бабына сәйкес залалдарды өтеуді, сондай-ақ мерзімі өткені үшін өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. Өсімпұл мөлшері шартта белгіленеді.

7.6. Егер Сақтанушы кезекті жарнаны төлеу мерзімін өткізіп алса, ал Сақтандырушы сақтандыру жарнасының төлем мерзімін 7.4-тармақшаға сәйкес ұзартқан болса және сақтандыру жағдайы орын алса, сақтандыру сыйлықақысының төленбеген бөлігі дереу енгізілуі тиіс немесе тиісті сақтандыру төлемінің мөлшері мерзімі өткен сақтандыру сыйлықақысының сомасына есептеледі.

7.7. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлемеуіне байланысты Сақтандырушының Шартты бұзуы Сақтанушыны сақтандыру қорғанысы әрекет және Сақтандырушы Сақтанушының алдында өз міндеттемелері бойынша жауап беру тиіс болған еткен кезең үшін сақтандыру сыйлықақысын төлеу міндетінен босатпайды.

7.8. Бір жылдан астам мерзімге сақтандыру кезінде, Шарт бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақысы әрбір жыл үшін сақтандыру сыйлықақыларының сомасы ретінде белгіленеді.

7.9. Шартта жалпы сақтандыру сыйлықақысы белгіленуі мүмкін. Сондай-ақ Шартта сақтандыру сомасы мен сақтандыру тарифіне қарай әрбір объект бойынша және/немесе әрбір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру сыйлықақысы белгіленуі мүмкін.

7.10. Сақтандырушы төленуге тиіс сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін анықтау кезінде тәуекел факторларына байланысты айқындалатын базалық сақтандыру тарифтеріне: жарақтандырылу, өрт сөндіру құралдарының болуы, жақын орналасқан объектілерден, сондай-ақ өрт қызметі постынан, авариялық және жөндеу қызметтерінен және т.б. қашықтықтағы жоғарылататын және төмендету коэффициенттерін пайдалануға құқылы.

7.11. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгеде жүзеге асырылады.

8. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ЖАСАУ ТӘРТІБІ

8.1. Шарт Сақтандырушы белгілеген форма бойынша толтырылған Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады. Сақтанушы өтініште сақтандырылатын азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қатысты тәуекел деңгейін анықтау мақсатымен қойылған барлық сұрақтарға жауап беруі тиіс. Егер сақтандыру шарты Сақтандырушының қандай да бір сұрақтарына жауапсыз жасалынса, соңғысы сәйкес жағдайлар Сақтанушымен хабарланбағандықтан шарттың бұзылуын немесе оны жарамсыз деп танылуын талап ете алмайды. Сақтанушы өтініште жалған мәліметтерді көрсеткен жағдайда, сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырушы сақтандыру төлемінен жүргізуден бас тартуға құқылы.

8.2. Шартты жасау барысында Сақтанушы егер бұл жағдайлар Сақтандырушыға белгісіз және белгілі болмауы тиіс болса, сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) туындайтын ықтимал шығындардың мөлшерін анықтау үшін маңызы жоғары мән-жайларды Сақтандырушыға хабарлауға міндетті.

Маңызы жоғары мән-жайлар деп осы Ережелерде немесе Сақтандырушының шартты жасасу кезінде жазбаша сұратымында нақты көрсетілген жағдайлар танылады.

8.3. Сақтанушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сақтандырушының өтінішінде және жазбаша сұрақтарына жауаптарда ұсынылған деректердің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапты болады.

8.4. Қол қою арқылы Сақтанушы өзінің жеке деректерінің Сақтандырылушымен Қазақстан Республикасының №94-V «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жинақталуын, өңделуін жүзеге асыруға келіседі және оған рұқсат береді.

Сақтанушы ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсаттарында Компаниямен сұратылатын барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттеледі.

Сауалнамаға қол қоя отырып, Сақтанушы онымен жүзеге асырылатын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайды.

8.5. Шарт жасасу кезінде Сақтандырушы сақтандыру тәуекелін бағалауды жүргізуге, атап айтқанда, Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру үшін негіз болып табылатын қызметінің ерекшеліктерімен танысуға құқылы.

8.6. Шарттың мазмұнына осы Ережедегі талаптардан өзгеше талаптар енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, бұл шартта немесе оған қосымшаларда көрсетіледі.

8.7. Шарт бойынша Сақтанушының өзінің ғана емес, сондай-ақ өзге тұлғаның (Сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершілік тәуекелі сақтандырылуы мүмкін. Шартта көрсетілген Сақтандырылушы Сақтанушының жазбаша келісімімен ғана басқа адаммен ауыстырылуы мүмкін.

8.8. Сақтандырушы Сақтандырылушыдан Шарт бойынша міндеттерді орындауды, Сақтанушыға жататын міндеттерді қоса алғанда, талап етуге құқылы.

8.9. Шарт жасау үшін Сақтандырушы жоғарыда көрсетілген талаптардың/құжаттардың тізбесін қысқартуы не сақтандыру тәуекелінің дәрежесін сипаттайтын қосымша құжаттарды талап етуі мүмкін.

8.10. Сақтандырушы Сақтанушымен шарт жасасудан себептерін түсіндірмей бас тартуға құқылы.

8.11. Сақтандыру шарты зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың (Пайда алушылардың) пайдасына жасалған болып есептеледі.

8.12. Шарт тараптардың Шарт жасауы арқылы жазбаша нысанда жасалады.

8.13. Шартта болуға тиіс:

1) Сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері;

2) Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және тұрғылықты жері (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жері және банктік деректемелері (егер ол заңды тұлға болса);

3) сақтандыру объектісін көрсету;

4) сақтандыру жағдайын көрсету;

5) сақтандыру сомасының мөлшері және сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері;

7) Шарттың жасалған күні және қолданылу мерзімі;

8) егер Сақтандырылушы және Пайда алушы сақтандыру қатынасына қатысушылар болып табылса, ол туралы нұсқау;

9) шарттың қолданылу аумағы;

10) шарттың нөмірі, сериясы;

11) шарт талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;

12) Сақтанушының сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету;

13) сақтандырылған адамның (пайда алушының) сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын, егер ол шарт бойынша сақтанушы болып табылмаса, Шартта Сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетілген жағдайда көрсету;

14) сақтандыру сомасы, сақтандыру төлемі және сақтандыру сыйлықақысы валютасының түрі;

15) Сақтанушының Шартқа қол қою барысында Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардың оған белгілі болған маңызды өзгерістері жайлы Сақтандырушыға шұғыл түрде хабарлау міндеті, егер ол өзгерістер мүлікті сақтандыру шартының қолданылу мерзімінде сақтандыру тәуекелін арттыруға айтарлықтай әсер ететін болса;

16) Сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттардың жетіспейтіні жайлы Сақтанушыны немесе сақтандырылушыны хабардар ету мерзімі;

17) Сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының бар-жоғын белгілеу;

18) Сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болса) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта белгіленген болса), байланыс телефоны мен жеке сәйкестендіру нөмірі немесе сақтандыру агентінің (егер ол Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлға болса) атауы, орналасқан жері, байланыс телефоны мен бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де мәліметтер.

8.14. Шарт жоғалған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде оған Шарттың телнұсқасын беруге міндетті, содан кейін жоғалған шарт жарамсыз деп саналады және ол бойынша сақтандыру төлемдері жүргізілмейді.

8.15. Шарт интернет ресуртары арқылы жасала алады (онлайн). Шартты интернет ресурс арқылы жасау талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген.

8.16. Тараптардың келісімі бойынша Шартқа өзге де талаптар енгізілуі мүмкін.

9. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ. МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ

9.1. Егер Шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Шарт 12 ай мерзімге жасалады.

9.2. Егер Шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Шарт сақтандыру сыйлықақысы төленген күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді. Сыйлықақы төленген күн деп Сақтандырушының банк шотына немесе кассасына ақша түскен күн танылады.

9.3. Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі, егер шартта өзгеше көзделмесе, Шарттың қолданылу мерзімімен сәйкес келеді.

9.4. Егер шартта өзгеше айтылмаса, Шартта Шарттың аяқталу күні ретінде көрсетілген күннің 24 сағатында не сақтандырушы шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған кезде Шарт өзінің қолданылуын тоқтатады.

9.5. Егер шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы сақтандыру аумағы мен юрисдикциясы болып табылады.

9.6. Егер шартта өзгеше көзделмесе, онда тараптардың келісімі бойынша шарт тоқтатылған және қосымша сақтандыру сыйлықақысы төленген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың бірі бұл туралы хабардар еткен жағдайда шарт келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

9.7. Егер шартта өзгеше айтылмаса, Шартты бір жылдан кем мерзімге жасаған кезде сақтандыру сыйлықақысы жылдық сыйақының (бұл ретте толық емес ай толық болып есептеледі) мынадай мөлшерінде белгіленеді:

Сақтандыру қорғанышының әрекет ету мерзімі

Жылдық сақтандыру сыйлықақысының белгілі бір % - мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері

1 ай және одан аз

20

2 ай

30

3 ай

40

4 ай

50

5 ай

60

6 ай

70

7 ай

75

8 ай

80

9 ай

85

10 ай

90

11 ай

95


10. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

10.1. Сақтандырушы құқылы:

1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;

2) сақтандыру тәуекелін бағалауға;

3) сақтандыру сыйлықақысын уақтылы алуға;

4) сақтандыру жағдайының басталуын құжаттамалық растауға;

5) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге;

6) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсы болса;

7) кез келген орынды уақытта тәуекелдің туындауына ықпал ететін жағдайлардың болуын тексеруге;

8) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;

9) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;

10) Сақтанушының келісімімен Сақтанушының атынан және тапсырмасы бойынша сотта іс жүргізуді өзіне алуға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтанушыға қойылатын талаптардың мөлшеріне дау айтуға;

12) Шарт жасасқан кезде де, оның қолданылу мерзімі ішінде де Сақтанушы қызметінің жай-күйін бақылауға;

13) Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға;

14) Шартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және сақтанушының өз міндеттерін орындамауы нәтижесінде келтірілген залалдарды өтеуге;

15) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.2. Сақтандырушының міндеттері:

1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге (жіберуге);

2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;

3) Пайда алушыға Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға Шарттың талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;

4) Сақтанушыға/Сақтандырылушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығындарды өтеуге;

5) Сақтанушы (Сақтандырылушы) немесе жәбірленуші (Пайда алушы) не олардың өкілі осы Ережелердің 11-бөлімінде көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, дереу, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жетіспейтін құжаттар туралы оны жазбаша хабардар етуге;

6) Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін өзі жүргізген қисынды және орынды шығындарды өтеуге;

7) Сақтандыру жағдайының орын алу фактісі мен Сақтандырушымен өтелуге тиісті шығын көлемін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда оларды қабылдау күнінен соң үш жұмыс күні ішінде жеткіліксіз және (немесе) қате рәсімделген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып, арыз берушіге хабарлауға;

8) Шартта немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.

10.3. Сақтанушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) уақтылы сақтандыру төлеміне;

3) Шартты алуға;

4) түпнұсқасы жоғалған жағдайда Шарттың телнұсқасын алуға;

5) сақтандыру құпиясына;

6) Сақтандырылушыны ауыстыруға;

7) Шартты мерзімінен бұрын бұзуға;

8) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

9) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.4. Сақтанушының Міндеттері:

1) шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

2) Сақтандырылғандарды сақтандыру шарттарымен таныстыруға;

3) шарт жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;

4) сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;

5) шарт жасасу кезінде сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандырушыға хабарлауға;

6) шарт жасасумен және оны сүйемелдеумен байланысты іс-шараларды жүргізу үшін шарт қолданылуының барлық кезеңінде сақтандырушыға қажетті жағдайлар жасауға;

7) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе сақтанушы сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

8) мүлікті (ғимараттарды, үй-жайларды, кез келген жабдықтарды) күтіп-ұстау мен пайдалану қауіпсіздігінің белгіленген және жалпы қабылданған Ережелері мен нормаларын сақтауға;

9) сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы 11.1-тармаққа сәйкес шұғыл түрде Сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлау. Сақтанушы сақтандырылушы болмаған жағдайда аталмыш міндет сақтандырылушыға жүктеледі;

10) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.5. Пайда алушы құқылы:

1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;

2) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;

3) сақтандыру жағдайы басталған кезде Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;

4) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;

5) Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы орын алғаны жайлы оны істеген немесе істемеген Сақтанушы немесе сақтандырылушы екеніне қарамастан, барлық жағдайларда хабарлау;

6) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

10.6. Осы бөлімде көзделген Тараптардың құқықтары мен міндеттері түпкілікті болып табылмайды. Тараптардың шарттың өзге тармақтарында немесе талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары және атқаратын міндеттері бар.

10.7. Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тізбесі Шартпен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

11. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ БАСТАЛҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

11.1. Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болуы тиіс/болғаннан кейін (сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалар), Сақтанушы (Сақтандырылушы) міндетті:

1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдау;

2) дереу, бірақ кез келген жағдайда демалыс және мереке күндерді санамағанда, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;

3) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге; Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының нәтижесінде үшінші тұлғалардан келтірілген залалдардың қандай да бір өтемін (өтемақысын) алғаны туралы жазбаша хабардар етуге;

4) сақтандыру жағдайы жөніндегі одан әрі барлық ақпаратты хабарлауға және Сақтандырушыға оның пайда болуы жөніндегі себептерді анықтауда қажетті көмек көрсетуге;

5) Сақтандырушының мүдделеріне қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасамауға, сондай-ақ қандай да бір міндеттемелер қабылдамауға: Сақтандырушының келісімінсіз қандай да бір ұсыныстар қабылдамауға, Пайда алушыға келтірілген зиянды өтеу есебіне төлемдер жасамауға, сондай-ақ Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз сақтандыру жағдайына қатысы бар төлемдер сомалары мен мерзімдері бойынша, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдарды, сондай-ақ келтірілген залалды азайту мақсатында іс-әрекеттерді қоспағанда, міндеттемелер бермеуге;

6) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға Сақтанушының мүдделерін білдіруге сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттарды беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;

7) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау;

8) Сақтандырушыға барлық құжаттар мен дәлелдемелерді беру және Сақтандырушының өзіне ауысқан келтірілген залалға жауапты тұлғадан кері талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін Сақтандырушыға қажетті барлық мәліметтерді хабарлауға;

9) сақтандырушыға сақтандыру жағдайлары бойынша сот және соттан тыс қорғауда жәрдем көрсетуге;

10) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.

11.2. Сақтандырушыға шұғыл түрде хабарлауға тиіс:

1) сақтандыру жағдайына байланысты оған қарсы қылмыстық іс қозғау, құзыретті органдардың алдын ала тергеу жүргізуі, мүлікке тыйым салу, сақтандыру жағдайына байланысты өзге де қылмыстық іс жүргізу әрекеттерінің өткізілуі туралы;

2) сақтандыру жағдайына байланысты Сақтанушыға қойылған мүліктік сипаттағы барлық талаптар туралы. Жәбірленушіден мұндай талаптарды алған кезде ол Сақтандырушының бүлінген мүлікті қарауға және келтірілген зиянды бағалауға қатысуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануға міндетті;

3) Сақтандырушы материалдарды қарағанға және ол өз шешімін шығарғанға дейін жәбірленуші адамның сотқа талап арыз беруі туралы. Бұл жағдайда Сақтанушы Сақтандырушының өтініші бойынша ол көрсеткен адамға барлық қажетті іс жүргізу өкілеттіктерімен бірге сот процесінде Сақтанушыны (жауапкерді) ұсыну құқығына сенімхат беруге міндетті.

11.3. Осы Ережелердің 11.2 – тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген міндеттер шарт жасау туралы белгілі болған Сақтандырылушыға да жүктеледі.

11.4. Егер Сақтанушы / Сақтандырылушы осы Ережеде және шартта көзделген міндеттемелерді орындамаса немесе сақтандырушыға мәлімделген талаптарды реттеуге немесе сот талқылауына кедергі келтірсе, сақтандырушы Сақтандырушының пікірі бойынша сақтанушының осындай іс-әрекеттері үшінші тұлғаларға келтірілген зиянды өтеуге байланысты шығыстар сомасының ұлғаюына әкеп соққан шамада сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесінен босатылады.

11.5. Сақтанушының осы Ережелердің 11.1-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы, егер Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы уақтылы білгені дәлелденбесе, не Сақтандырушыда бұл туралы мәліметтердің болмауы оның сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетіне әсер етпесе, Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту құқығын береді.

11.6. Сақтандырушы Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған ықтимал шығындарды азайту үшін қисынды және қолжетімді шараларды қасақана қабылдамауы салдарынан туындаған шығындарды өтеуден босатылады.

12. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

12.1. Сақтандыру жағдайы белгілері бар оқиға басталған кезде сақтандыру жағдайы туралы өтінішке Сақтанушы Сақтандырушыға мынадай құжаттарды беруге міндетті:

1) сақтандыру шартының көшірмесі немесе телнұсқасы;

2) құзыретті органдардың сақтандыру жағдайының басталу фактісін, оның басталу себептерін және ол келтірген шығындардың мөлшерін растайтын құжаттары, оның ішінде:

- прокуратура, тергеу, анықтау, сот органдарының, өрт қадағалау органдарының, гидрометеоқызметтердің, авариялық қызметтердің, төтенше жағдайлар агенттігі бөлімшелерінің, ПИК және т. б. органдарының актілері, қорытындылары, өзге де құжаттары;

- сақтандыру жағдайлары ретінде осы Шартта қаралатын оқиғаларды тергеп-тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүзеге асыратын не сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын өзге де құзыретті органдардың құжаттары;

3) жәбірленушінің зиянды өтеу туралы өтініші;

4) жәбірленушінің келтірген зиянды өтеу бойынша Сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісін тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі және/немесе талап-арыз құжаттарының көшірмелері - егер дау сот тәртібімен шешілсе;

5) Пайда алушының сақтандыру төлемін алу құқығын растайтын құжаттар, оның ішінде мұраға құқық туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; асырауында болу фактісін растайтын құжаттар және т. б.;

6) сақтандыру төлемін алу үшін қажетті құжаттар: Пайда алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, Пайда алушы шотының банктік деректемелері, сақтандыру төлемін алуға жәбірленуші өкілінің сенімхатының түпнұсқасы;

мүлікке залал келтірілген жағдайда:

1) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

2) бүлінген немесе жойылған мүлікті иелену құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері;

3) тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы жүргізген, уәкілетті орган аккредиттеген мүлікке келтірілген залалдың сомасын айқындау жөніндегі сараптамалық бағалау актісі;

өміріне/денсаулығына зиян келтірілген жағдайда:

1) жәбірленушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар;

2) Сақтанушыға келтірілген шығын сипаты, диагнозы, еңбекке жарамсыздық мерзімі көрсетілген сәйкес медициналық мекеменің қорытындылары;

3) Уәкілетті медициналық органның мүгедектікті анықтау туралы қорытындысының түпнұсқасы;

4) Сақтанушының қазасын белгілеген медициналық мекеменің қаза табу себебі көрсетілген қорытындысының түпнұсқасы; қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) медициналық дәрі-дәрмектер, өткізілген процедуралар, дәрігерлер қабылдауларын растайтын дәріхана мен медициналық мекемелердің әр дәрінің, процедураның, қабылдаулардың атауы, олардың саны, бағалары көрсетілген шоттарының (қазыналық, тауарлық чектері, төлем квитанциялары мен т.б.) көшірмелері; сондай-ақ шотта көрсетілген емдеуші дәрігер тағайындаған медициналық дәрі-дәрмектерді қабылдау, процедуралардан өту, дәрігер қабылдаулары;

6) жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі мен жерлеу шығындарын өтеген жағдайда – шығындарды төлеу фактісін растайтын шоттар көшірмелері (шот-фактура, тапсырыс-өкімдемелер, қазыналық және тауарлық чектер, төлем квитанциялары мен т.б.).

12.2. Ұсынылған құжаттарды жасау тәртібі мен нысаны, егер олар үшін бұл көзделген болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, құжаттар Сақтандырушыға түпнұсқада не нотариалды куәландырылған немесе түпнұсқалық мөрмен куәландырылған және құзыретті ұйымның уәкілетті тұлғасы қол қойған көшірме түрінде беріледі.

12.3. Сақтандырушы құжаттар тізбесін қысқартуға немесе қосымша құжаттарды талап етуге құқылы, егер нақты жағдайларды ескере отырып, олардың болмауы сақтандыру жағдайының фактісін анықтау және басталу себептері мен шығын өлшемін анықтауды мүмкін емес (немесе өте қиын) етсе.

13. САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТӘРТІБІ МЕН ШАРТТАРЫ

13.1. Мүлікке,үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне залал келтіргенде:

13.1.1. Үшінші тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянға арналған сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ шартта белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады.

13.1.2. Мүліктің зақымдануы кезінде келтірілген зиянның мөлшері бүлінген мүлікті қалпына келтіру құнына сүйене отырып, сақтандыру жағдайы басталғанға дейін орын алған мүліктің есептелген амортизациясын (тозуын) алып тастау арқылы анықталады. Бүлінген мүлікті қалпына келтіру құны сақтандыру жағдайы басталған күні әрекеттегі нарықтық бағалар негізге алына отырып есептеледі.

Үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделеріне залал келтірген жағдайда шығынның көлемі ұсынылған құжаттардың (сақтандыру Шартының талаптарымен орнатылған) негізінде анықталады.

13.1.3. Мүлікті бүлдірген кезде келтірілген зиянның мөлшерін Сақтанушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша Сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы бағалайды. Бағалау нәтижелері өзгеше дәлелдеуге құқылы Сақтанушы немесе жәбірленуші үшін міндетті емес болып табылады.

13.1.4. Сақтандырушы немесе оның өтініші бойынша тәуелсіз сарапшы жасаған мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Сақтанушы немесе жәбірленуші зиян мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл ретте Сақтанушы немесе жәбірленуші шеккен шығындарды сақтандырушы өтеуге тиіс емес.

13.1.5. Мүлікті жою кезінде келтірілген зиянның мөлшері оның сақтандыру жағдайы басталған күнгі нарықтық құны негізге алына отырып айқындалады. Мүлік, егер оны қалпына келтіру техникалық мүмкін болмаса немесе экономикалық негізделмесе, жойылды деп есептеледі. Мүлікті қалпына келтіру, егер бұл ретте мүлікті қалпына келтіруге күтілетін шығындар сақтандыру жағдайы басталған күнгі оның нарықтық құнының 80% - ынан асатын болса, экономикалық негізделмеген болып есептеледі.

13.1.6. Мүлік толық жойылған/апат болған кезде (тиісті лицензиясы бар тәуелсіз сарапшы қалпына келтіру жөндеуінің орынсыздығы белгіленетін; сондай-ақ қалпына келтіру жөндеуінің құны сақтандыру жағдайы басталған күнгі мүліктің нақты құнының 80% - нан астамын құрайтын мүліктің жойылуы) Сақтандырушының Пайда алушыға төмендегілерді төлеуге құқығы бар:

1) одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтардың құнын шегергендегі сақтандыру жағдайы сәтіндегі бүлінген мүліктің нақты құны;

2) Пайда алушы Сақтандырушыға одан әрі пайдалануға жарамды қалдықтарды тапсыруы жағдайында сақтандыру жағдайы сәтіндегі бүлінген мүліктің нақты құны. Мұндай жағдайда сақтандыру төлемі Пайда алушы мен Сақтандырушы арасында мүлікті қабылдау-тапсыру актісі жасалғаннан кейін, болмауы және/немесе зақымдануы сақтандыру жағдайына еш қатыссыз қолданыста жоқ (ауыстырылған) бөлшектер мен агрегаттардың құнын шегере отырып жүргізіледі.

13.2. Өмірге/денсаулыққа зиян келтірген кезде:

13.2.1. Жәбірленушілердің өміріне/денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес айқындалады.

13.2.2. Егер сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соққан оқиғаның нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығы нашарласа (мүгедектік не мүгедектіктің неғұрлым жоғары тобы белгіленсе) немесе қайтыс болса, онда Сақтандырушы жәбірленушіден (Пайда алушыдан) келіп түскен өтініш пен тиісті құжаттар негізінде Шартта белгіленген тәртіппен және мөлшерде сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуді жүргізуге міндетті. Бұл ретте сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеу кезінде бұрын төленген сомалар есепке алынады.

Жалпы шарттары:

13.3. Шарт бойынша жәбірленуші Пайда алушы болып табылады. Жәбірленуші – заңды тұлға үшін қарапайым жазбаша нысанда рәсімделген және жәбірленуші – жеке тұлға үшін нотариалды куәландырылған сенімхат түрінде ресімделген жәбірленушінің өтініші бойынша сақтандыру төлемі жәбірленушіге денсаулықты және (немесе) мүлікті қалпына келтіру жөнінде қызмет көрсеткен (көрсететін) тұлғаға тікелей жүзеге асырылуы мүмкін.

13.4. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы бар адам Пайда алушы болып табылады.

13.5. Сақтандыру төлемі Сақтанушыға Пайда алушы сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тартқаннан және Сақтанушының өзінің жәбірленушіге келтірілген залалды өтеуін растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырылуы мүмкін.

13.6. Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға және Пайда алушыға барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.

13.7. Қосарланған мүліктік сақтандыру кезінде (бір сақтандыру объектісін әрқайсысымен дербес шарттар жасай отырып, бірнеше сақтандырушыда сақтандырғанда) әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған Шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс.

13.8. Сақтандыру төлемі Сақтанушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы жазбаша өтініші және Сақтандырушы толтырған сақтандыру жағдайы туралы акті негізінде жүзеге асырылады. Пайда алушы келтірген залалды өтеу үшін Сақтандырушының келісімінсіз болашақ сақтандыру төлемдерінің есебіне Сақтанушы жүргізген төлемдерді Сақтандырушы мақұлдамайды.

13.9. Сақтандырушы Сақтанушының залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында шеккен шығындарын, егер мұндай шығындар қажет болса немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілсе, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, өтеуге тиіс.

13.10. Мұндай шығындар нақты мөлшерде өтеледі, алайда сақтандыру төлемінің және шығындар өтемақысының жалпы сомасы Шартта көзделген сақтандыру сомасынан аспауы керек, егер шығындар Сақтанушының Сақтандырушының нұсқауларын орындауы нәтижесінде туындаған болса, олар сақтандыру сомасына қатыссыз толық мөлшерде өтеледі.

13.11. Шартта франшиза белгіленген жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыру оны ескере отырып жүргізіледі.

13.12. Егер сақтандыру аумағында қолданылып жүрген заңдарда көзделген талап қою мерзімі ішінде заң бойынша немесе осы Ереже бойынша оларды сақтандыру төлеміне құқығынан толық немесе ішінара айыратын мән-жай табылса, төлем алған тұлғалар Сақтандырушыға алынған төлем сомасын (немесе олардың тиісті бөлігін) қайтаруға міндетті.

14. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ КЕЗЕҢІНДЕ САҚТАНДЫРУ ТӘУЕКЕЛІН ҰЛҒАЙТУДЫҢ САЛДАРЫ

14.1. Шарттың қолданылу кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылушы) Шарт жасау кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, Сақтандырушыға дереу хабарлауға міндетті.

14.2. Тәуекелдің артуы болғанына немесе болмағанына қарамастан, сақтандырушы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сақтанушы хабарлаған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы.

Егер сақтандыру сыйлықақысының сомасы ақпарат негізінде және Сақтанушы ұсынатын белгілі бір көрсеткіштерді (персоналдың саны, жалақы қоры, тауар айналымы, өндіріс технологиясы, қызмет аумағы және т.б.) ескере отырып айқындалса, Сақтанушы осы көрсеткіштер елеулі өзгерген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы Сақтандырушыға жазбаша нысанда хабарлауға міндетті. Сақтандырушының талап етуі бойынша ұсынылатын деректер бухгалтерлік немесе өзге құжаттармен расталуға тиіс. Егер Сақтанушы көрсетілген мерзімде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді бермеген немесе дұрыс емес ақпарат хабарланған жағдайда, Сақтанушы дұрыс емес мәліметтерді ұсынуда оның кінәсі болмағанын дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, Сақтанушының кінәсінен сыйлықақы дұрыс есептелмегені нәтижесінде пайда болған сыйлықақыдағы айырманың 3 еселенген сомасы мөлшерінде Сақтандырушы Сақтанушыдан айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.

14.3. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабардар етілген Сақтандырушы Шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы. Егер Сақтанушы немесе Сақтандырылушы Шарттың талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген нормаларға сәйкес Шартты бұзудан келтірілген залалдарды өтеуді және Шартты бұзуды талап етуге құқылы.

14.4. Сақтандырушы Сақтанушы хабарлаған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқылы. Сақтандырушының талабы бойынша Сақтанушы беретін ақпарат бухгалтерлік және өзге де құжаттармен расталуға тиіс.

14.5. Сақтандырушы оған ұсынылатын құжаттардың сақталуына және алынған ақпаратты жария етпеуге жауапты.

14.6. Егер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар жойылса, Сақтандырушы шартты бұзуды талап етуге құқылы емес.

Қос сақтандыру

14.7. Қос сақтандыру – бір объектіні әрқайсысымен дербес шарттар бойынша бірнеше Сақтандырушыда сақтандыру.

14.8. Мүлікті қосарланған сақтандыру кезінде әрбір Сақтандырушы Сақтанушының алдында онымен жасалған шарт шегінде жауапты болады, алайда Сақтанушы барлық Сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы нақты залалдан аспауы тиіс. Бұл ретте Сақтанушы кез келген Сақтандырушыдан онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасы көлемінде сақтандыру төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты залалды толық өтемеген жағдайда, Сақтанушы жетіспейтін соманы басқа Сақтандырушыдан алуға құқылы. Келтірілген залалды басқа Сақтандырушылар өтеуіне байланысты сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара босатылған Сақтандырушы келтірілген шығындарды шегере отырып, Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларының тиісті бөлігін қайтаруға міндетті.

15. СУБРОГАЦИЯ

15.1. Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған Сақтандырушыға Сақтанушының келтірілген залал үшін жауапты адамнан талап ету құқығы осы сома шегінде ауысады. Сақтанушы сақтандыру төлемін алған кезде Сақтандырушыға суброгация тәртібімен осы талап ету құқығын іске асыру үшін қажетті өзінде бар барлық құжаттарды беруге міндетті.

15.2. Сақтанушы аталған тұлғаға талап қоюдан немесе оған қойылатын талаптарды іске асыруды қамтамасыз ететін құқықтардан бас тартқан кезде, сондай-ақ талап қою үшін қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартқан кезде, Сақтандырушы суброгация тәртібімен сақтандыру сомасының залал келтіруге кінәлі тұлғадан өндіріп алуы мүмкін бөлігін төлеуден босатылады.

15.3. Сақтандырушыға өткен залал үшін жауапты тұлғаға талап қою құқығы Сақтандырушыны қалауы бойынша, тіпті егер бұл тікелей Шартта өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырылады.

15.4. Сақтандыру шартымен Сақтандырушының Сақтанушының өзіне Пайда алушыға өтелген сақтандыру төлемінің көлемінде кері талап қою құқығы (регресс) қарастырылуы мүмкін.

16. ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУ

16.1. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу тараптардың келісімі бойынша тараптардың бірінің жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. Шартқа енгізілетін барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша рәсімделген және екі тараптың уәкілетті өкілдері қосымша келісім жасай отырып қол қойған жағдайда заңды күшке ие болады.

17. ШАРТТЫ ТОҚТАТУ

17.1. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату

Шарт Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қарастырылған жалпы міндеттемелерден бөлек, мына жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) сақтандыру объектісі өз әрекетін тоқтатқан кезде;

2) Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылушының ауыстырылмаған жағдайда қайтыс болуы (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 815-бабының 8-тармағы);

3) егер Сақтандырушы Сақтанушыны ауыстыруға қарсылық білдірсе, ал міндетті шарт немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 836-бабының 1-тармағы) басқа жағдайларды қарастырмаған жағдайда, Сақтанушының мүліктік сақтандыру объектісін иеліктен шығаруы;

4) сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылған және сақтандыру тәуекелінің болуы сақтандыру жағдайынан өзгеше мән-жайлар бойынша тоқтатылған кезде;

5) Сақтандырушыны мәжбүрлі түрде тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды санамағанда;

6) Сақтандырушы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған тәртіпте рәсімдеген Шартқа енгізілген шарттар мен мәліметтердің өзгергенде;

7) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

17.1.1. Көрсетілген жағдайларда Шартты тоқтату үшін негіз ретінде көзделген мән-жайлар туындаған кезден бастап Шарт тоқтатылды деп есептеледі, бұл туралы мүдделі тарап басқасын дереу хабардар етуге тиіс. Сақтанушы осы тармақта қарастырылған шартты тоқтату негіздерін дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға міндетті.

17.1.2. Сақтанушы Шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

17.2. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатудың салдары:

17.2.1. 17.1-тармақшада көзделген жағдайлар бойынша Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде Сақтандырушының сақтандыру сыйлықақысының сақтандыру қолданылған уақытқа барабар бөлігіне өтемін алуға құқығы бар. Сақтандырушыны тарату кезінде сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

17.2.2. Сақтанушы шарттан бас тартқан кезде (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 841-бабының 2-тармағы), егер бұл осы Шарттың 17.1 тармақшасында көрсетілген мән-жайлармен байланысты болмаса, сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтаруға жатпайды.

17.2.3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтандырушының кінәсінен оның талаптарын орындамаудан туындаған жағдайларда, Сақтанушы төлеген сақтандыру сыйлықақысын не сақтандыру жарналарын Сақтандырушы толық қайтаруға міндетті.

17.2.4. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату Сақтанушының кінәсінен оның талаптарын орындамауынан/тиісінше орындамауынан туындаған жағдайда, Сақтандырушыға төлеген сақтандыру сыйлықақысы не сақтандыру жарналары қайтарылмайды.

17.3. Шарт осы Шарттың 17.1 тармақшасында көзделген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндеттемелерді тоқтату негіздерінен басқа келесідей жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады:

1) Сақтандырушының сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) Шарт бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде немесе мүліктің толықтай опат болу немесе жылжымалы мүліктің барлығы ұрлануы қаупінде жүзеге асыруы;

2) Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі;

3) Сақтанушы шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған жағдайда, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса не егер Сақтанушы Шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсылық білдірсе, бұл ретте Шарт тәуекел дәрежесінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туындаған сәттен бастап тоқтатылған болып есептеледі;

4) Шартты Сақтанушы немесе Сақтандырылушының талабымен,сондай-ақ Тараптардың келісімімен бұзу.

17.4. Шарт Тараптар Шартты тоқтату туралы келісімге қол қойған күннен немесе соттың сәйкес шешімі күшіне енген күннен бастап (дау сот тәртібімен шешілген жағдайда) тоқтатылған болып есептеледі, бұл жағдайда бастамашы Тарап келесі Тарапқа Шартты бұзу туралы ниеті туралы Шартты болжамды бұзу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын ескертуі қажет.

17.5. Шартты мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Шарттың қолданылу мерзімінің қалған күндерінің төленген сақтандыру сыйлықақысын сақтандыру сыйлықақысының 35% құрайтын, жұмысты жүргізуге жұмсалған шығынды, сондай-ақ өтелген сақтандыру төлемдерін шегере отырып қайтарады.

17.6. Сақтандыру шартымен Шартты тоқтатудың өзге тәртібі мен шарттары орнатылуы мүмкін.

18. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ. ФОРС-МАЖОР ЖАҒДАЙЛАРЫ

18.1. Өз міндеттемелерін Шарт бойынша орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тарап егер еңсерілмес күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлардың салдарынан тиісінше орындау мүмкін еместігін дәлелдесе, міндеттемелерді орындамағаны/тиісінше орындамағаны үшін мүліктік жауапкершілік көтермейді.

18.2. Форс-мажорлық жағдайлар мыналарды қамтиды, бірақ мұнымен шектелмейді: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттар, соғыс немесе кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, қоршаулар, мемлекеттік органдардың тыйым салулары.

18.3. Форс-мажорлық жағдайларды өткеріп жатқан тарап сондай мән-жайлардың басталуы туралы басқа тарапқа 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

18.4. Форс-мажорлық жағдайлардың әрекеті құзырлы органдардың тиісті құжаттарымен бекітілуі қажет.

18.5. Осы тармақпен қарастырылған тараптардың жауапкершілігі Шарт талаптарымен өзгертілуі (толықтырылуы) мүмкін.

19. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

19.1. Шарттан немесе оған қатысты туындайтын кез-келген даулар және/немесе келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі.

19.2. Тараптар уағдаластыққа қол жеткізбеген жағдайда, даулар және/немесе келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен реттелуі тиіс.

19.3. Шартта дауларды шешудің Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін басқа тәртібі қарастырылуы мүмкін.

20. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

20.1. Осы Ережелерде аталмаған өзге шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

20.2. Тараптардың келісімі бойынша осы Ережеге сәйкес жасалатын Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ерекше жағдайлармен (сақтандыру ескертпелері, анықтамалар, ерекшеліктер және т.б.) толықтырылуы мүмкін.

20.3. Шарт пен осы сақтандыру Ережелерінің арасында қарама-қайшылықтар болған жағдайда, Шарттың қағидалары қолданылады.

20.4. Өзінің қолымен Сақтанушы Сақтандырушының немесе үшінші тұлғаның “Дербес деректер және олардың қорғанысы туралы” №94-V ҚР Заңына сәйкес Сақтанушының, Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға өзінің келісімін және Сақтандырылушының (пайда алушының)келісімін, келесі келісімді қоса отырып, растайды:

1) “Мемлекеттік несие бюросы” акционерлік қоғамынан (әрі қарай – Бюро) Сақтандырушының деректерді алуына;

2) Бюроның мемлекеттік деректер қоры иеленушілерінің Сақтанушы (Cақтандырылушы, Пайда алушы) туралы ақпаратты тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы беруіне;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның Сақтанушы, Cақтандырылушы (Пайда алушы) туралы қолда бар және болашақта келіп түсетін ақпаратты Бюроға және Бюро арқылы Сақтандырушыға беруіне;

4) дербес деректерді трансшекаралық таратуға және дербес деректерді үшінші тұлғаларға таратуға;

5) ҚР Азаматтық кодексінің 830-бабының 4-тармағына сәйкес Сақтандырушының сақтандыру құпиясын келесі тұлғаларға ашуына: "NOMAD Life "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ және "NOMAD Digital Financial Services" ЖШС, жалпы сақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін.

20.5. Дербес деректерді сақтау мерзімін Cақтандырушы дербес деректерді одан әрі сақтау қажеттілігі өткенге дейін айқындайды. Дербес деректерді пайдалану Cақтандырушы не үшінші тұлға Шарттың және / немесе Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында, сондай-ақ жалпы Cақтандырушы қызметінің мақсаттарын іске асыру үшін жүзеге асырылады.

20.6. Сақтанушы Cақтандырылушыдан (Пайда алушыдан) Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне, 1)-5) 20.04. т. санамаланған келісімді қоса алғанда, жазбаша келісімді талап етуге міндетті.

20.7. Сақтанушы 1)-5) 20.04. т-да санамаланған келісімді қоса алғанда, Сақтандырушының не үшінші тұлғаның Сақтандырылушының (Пайда алушының) дербес деректерін жинауына және өңдеуіне Сақтандырылушының (Пайда алушының) келісімінің жоқтығы үшін жауапты болады.

Құрметті клиент!

Сақтандырушының есеп айырысу шотына төлем түскен күн немесе түскеннен кейiнгi келесi күн шарт жасасу күнi болып табылады. Сақтандырудың басталу күні – шарт жасасқаннан кейінгі күн болып табылады.
OK

Шарттың талаптарын өзгерту

Шарт талаптарын өзгерту немесе оны бұзу үшін жұмыс уақытында таңдалған кеңсеге келуіңізді сұраймыз. Өзіңізбен шарт талаптарын өзгерту құқығын растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Сұрауды өңдеуде қателік кетті

Нысанды кейінірек қайта жіберіп көріңіз. Барлық сұрақтар бойынша 2233 (ҚР барлық ұялы телефондары үшін) тегін қысқа нөміріне хабарласыңыз.
 

Сізге кодпен бірге SMS жіберілді.

Растау кодын енгізіңіз

Арқылы қайта жіберу 30 сек
Қайта жіберу

Сіз полистің ресімделуін растайсыз ба?

Барлық деректер құнның есебіне қосылғанын тексеріп шығыңыз, қосылмаған болса, артқа оралыңыз.

Есеп осы деректер бойынша жүргізіледі:

Жүргізушілер
Иван И
Авто
SUBARU FORESTER
2020

Полисті коммуналдық
қызметтермен бірге төлеңіз

200 теңге және 400 теңге тұратын мүлікті сақтандыру серіктестік бағдарламасы

ivc АЕО-ға өту