1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы жүктерді сақтандыру Ережелері (бұдан әрі – «Ереже») Қазақстан Республикасының 1999 ж. 1 шілдедегі №409-І Азаматтық кодексі мен 2000 ж. 18 желтоқсанындағы №126-ІІ Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы»Заңына сәйкес әзірленген.
1.2. Осы Ережелердің талаптарына сәйкес «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ (бұдан әрі – Сақтандырушы) біржақты тәртіпте Сақтандырушы әзірлеген және Сақтандырушы Сақтанушыға Сақтандыру полисін электрондық нысанда (бұдан әрі – Полис) беретін, Сақтанушыны осы Ережелерге қосу арқылы жүкті ерікті сақтандыруды жүзеге асырады. Осы ережелер шеңберінде тараптардың келісімі бойынша белгілі бір мерзімге ұқсас шарттарда жүктің әртүрлі партияларын жүйелі түрде сақтандыру кезінде сақтандыру Тараптардың бас келісімін (бұдан әрі – Шарт) жасасу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, әрбір жүк тасымалдау үшін жеке Полистың шығарылуымен. Полис пен Шарттың мазмұны сәйкес келмеген жағдайда Полиске артықшылық беріледі.
1.3. Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
1) абандон – Сақтанушының Сақтандырушының пайдасына сақтандырылған мүліктің толық жойылғаны туралы талап қою мақсатында жоғалған немесе бүлінген мүлікке меншік құқығынан ерікті түрде жазбаша бас тартуы;
2) пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемін алушы тұлға. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен немесе Шартпен өзгеше көзделмесе, Сақтанушы Пайда алушы болып табылады;
3) жүк жөнелтуші – өзіне тиесілі жүкті жөнелту пунктінен белгіленген пунктке жөнелтетін жеке немесе заңды тұлға;
4) жүк алушы- белгіленген пунктте жүкті алуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
5) тасымалдаушы - көлік құралын иеленуші немесе оны жалға алушы жеке немесе заңды тұлға (көлік ұйымы). Тасымалдаушы жөнелтуші өзіне берген жүкті жөнелту пунктінен белгіленген пунктке жеткізуге және оны жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) беруге немесе ауыстырып тиеу пунктіне басқа көлік құралына жеткізуге тиіс;
6) сақтандырушы – сақтандыру қызметін жүзеге асырушы, яғни сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушыға немесе Шарт оның пайдасына жасалған басқа тұлғаға (Пайда алушыға) Шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңдытұлға. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығының лицензиясына ие заңды тұлға Сақтандырушы бола алады;
7) сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан тұлға. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, Сақтанушы сондай-ақ Сақтандырылушы болады;
8) сақтандыру жағдайы – оның басталуымен Шарт бойынша сақтандыру төлемін жүргізу көзделген жағдай. Сақтандыру жағдайы деп қарастырылатын жағдай оның орын алуының кездейсоқтық пен ықтималдық белгілеріне ие болуы тиіс;
9) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталғанда Сақтандырушының жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
10) сақтандыру сыйлықақысы – Шартта белгіленген мөлшерде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемелерін қабылдағаны үшін Сақтанушы Сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы;
11) сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы орын алғанда, Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру сомасына сәйкес төлейтін ақша сомасы;
12) франшиза – Сақтандырушыны сақтандыру талаптарымен көзделген белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Франшиза шартты (шегерілмейтін) және шартсыз (шегерілетін) болады және сақтандыру сомасына пайыздық күйде немесе абсолютті мөлшерде орнатылады. Шартсыз франшиза кезінде Сақтандырушы бекітілген франшиза көлемінен аспайтын шығынды өтеуден босатылады, бірақ оның көлемі бұл сомадан асатын болса, шығынды толықтай өтеуі тиіс. Шартсыз франшиза кезінде шығын кез келген жағдайларда бекітілген соманы шегере отырып өтеледі;
13) экспедитор – тасымалдауға, ауыстырып тиеу пункттерінде қайта тиеу операцияларына және тасымалдау шартына байланысты өзге де қызметтерге қатысатын барлық тараптардың келісуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;
14) суброгация — сақтандыру өтемін төлеген Сақтандырушыға өтелген залал шегінде Сақтанушыға келтірілген залал үшін жауапты тұлғадан өтемақы талап ету құқығына көшу;
15) регресс – бұл Сақтандырушының Шартта көрсетілген жағдайларда төленген сома шегінде Сақтандырушыға кері талап ету құқығы.
1.4. Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Заңына немесе тиісті Шартқа сәйкес Сақтанушыға тиесілі немесе олардың сақталуы үшін Сақтанушы жауапты болатын жүктерді (бұдан әрі – «жүктер») сақтандыруды жүзеге асырады»).
Бір жүкті тасымалдауды сақтандыру берілген Полис бойынша жүзеге асырылады.
1.5. 1-нұсқа. «Норма»
1.6.1. Сақтанушы Сақтандырушыға Бас шарттың қолданылу аясына түсетін жүктердің әрбір партиясына қатысты онымен келісілген мәліметтерді алғаннан кейін дереу хабарлауға, бірақ кез келген жағдайда Сақтандырушыға сақтандыруға өтініш-сауалнама бере отырып, жүкті тасымалдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
1.6.2. Сақтандырушы сақтандыруға өтініш-сауалнама келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтанушының жеке жүк партиясы бойынша Бір тасымалдауға арналған шарт жасауға не Сақтанушыға Бір тасымалдауға арналған шарт жасасудан бас тарту туралы хабарлама жіберуге міндетті.
1.6.3. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын Бір тасымалдауға арналған шарт жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бір мезгілде төлеуге міндетті
1.6.4. Шарт бойынша сақтандыру қорғанысы (Сақтандырушының жауапкершілігі) жүкті тиеу сәтінен басталады, бірақ Бір тасымалдауға арналған шарт жасалған күннен ерте емес және сақтандыруға арналған өтініш-сауалнамада көрсетілген белгіленген пунктке жүк келген сәтке дейін қолданылады.
1.7. 2- нұсқа. «Депозиттік сыйлықақы»
1.7.1. Сақтанушы Бас шартта белгіленген мөлшерде депозиттік сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндетті. Депозиттік сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру кезеңінде болжанатын жүк тасымалдарының көлемі негізге алына отырып белгіленеді. Болжанатын жүк тасымалдарының көлемі алдыңғы ұқсас есеп беру кезеңіндегі жүк тасымалдары бойынша статистика негізінде (көрсетілген мерзімде Сақтанушы жүктерді өз бетінше/үшінші тұлғалар арқылы тасымалдауды жүзеге асырмаған жағдайларды қоспағанда), Сақтанушының өтініші бойынша өзге жағдайларда айқындалады.
1.7.2. Шарттың талаптарына сәйкес Сақтанушыға тиесілі немесе олардың сақталуы үшін Сақтанушы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе тиісті Шартқа сәйкес жауапты болатын жүктердің әртүрлі партияларын (бұдан әрі – "жүктер") жүйелі сақтандыру жүзеге асырылады.
1.7.3. Сақтанушы сақтандыру қорғанысы қолданысына жататын жүктердің әрбір партиясына қатысты Сақтандырушыға ай сайынғы декларацияда оған негізделген мәліметтерді әр айдың 10-нан кешіктірмей хабарлауға міндетті.
1.7.4. Есеп беру кезеңі ішінде Сақтандырушы депозиттік сақтандыру сыйлықақысының сомасынан есепті кезеңде жүзеге асырылған жүк тасымалдары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының сомасын шегереді. Есеп беру кезеңінің соңында Сақтандырушы, егер есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері депозиттік сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен асып кетсе, Сақтанушының қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қажеттігі туралы Сақтанушыға хабарлайды.
1.7.5. Егер ай сайынғы декларация бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері депозиттік сақтандыру сыйлықақысының мөлшерінен асып кетсе, Сақтандырушы есеп беру кезеңі аяқталғанға дейін қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге құқылы.
1.7.6. Сақтанушы қосымша және/немесе депозиттік сақтандыру сыйлықақысын Сақтандырушының хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге міндетті.
1.8. Ережеде және Шартта көрсетілген Сақтанушының міндеттері Пайда алушыларға тең дәрежеде қолданылады. Пайда алушының осы міндеттерді орындамауы Сақтанушының оларды орындамауы сияқты салдарларға әкеп соғады.
1.9. Сақтанушының немесе оның өкілінің Шарттағы және/немесе сақтандыруға арналған өтініш-сауалнамадағы қолы оның ережелермен толық келісуінің растамасы болып табылады.
2. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ
2.1. Темір жол, автомобиль, авиация, теңіз, өзен немесе құбыржолдарды не болмаса басқа да коммуникацияларды қоса алғанда, көліктің басқа да түрімен тасымалдау барысында жүктің зақымдануы, жоғалуы және/немесе жойылуы салдарынан Шартта көрсетілген жүкті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты Сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүліктік мүдделері сақтандыру объектісі болып табылады.
2.2. Сақтандыру объектісінің мазмұны, жүктерді тасымалдау шарттары мен тәртібі шарт жасасу кезінде жан-жақты айтылады.
2.3. Сақтанушының заңға қайшы мүдделері сақтандырылмайды.
3. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Сақтанушының өтініші бойынша Сақтандырушы «Барлық тәуекелдерге жауапкершілік» санаты бойынша сақтандыруды қамтамасыз етеді.
Осы санат бойынша кез келген себеп бойынша орын алған барлық жүктің немесе бір бөлігінің зақымдануы, жойылуы (толық опат болуы) немесе жоғалуы, осы Ереженің «Сақтандыру төлемінен бас тарту» бабында айтылған жағдайларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы болып табылады.
Бұл санат сонымен қатар қосымша тәуекелдерді қамтиды:
- лаңкестік әрекеттер,
- саяси себептер бойынша заңсыз әрекеттер,
- халық толқулары,
- жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер.
3.2. Жағдай сақтандырылған деп танылған жағдайда Сақтандырушы сонымен қатар мыналарды өтейді:
1) Сақтанушы теңізде тасымалдау кезінде төлеуге міндетті шығыстар мен жарналар;
2) сақтандыру жағдайы басталған кезде залалдарды болдырмау немесе азайту мақсатында сақтанушы шеккен қажетті және негізді шығыстар.
4. САҚТАНДЫРУ СОМАСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
4.1. Сақтандыру сомасының мөлшері әрбір жүк үшін Полисте анықталады және келесілерді қамтуы мүмкін:
1) коммерциялық инвойс және/немесе шот-фактураға, сондай-ақ жеткізу шартына немесе осы құнды растайтын басқа құжаттарға сәйкес жүктің құны;
2) егер Сақтанушы экспедитор/тасымалдаушылардың қызметтерін қолданатын болса, көлік құжаттарының (коносамент, көліктік инвойс, немесе жүкқұжат) негізінде анықталатын кіре ақы төлемі;
3) жүкті транзиттік сақтауға, жолда қорғауға байланысты басқа да шығындар және құжатпен расталған, бірақ инвойс және/немесе шот-фактура бойынша жүк құнының 20%-ынан (жиырма пайызынан) аспайтын мөлшерде жүкті тасымалдауға байланысты (кіре ақы төлемін және Полистің «Ерекше шарттар» бөлімінде және сақтандыру өтініш-сауалнамада тікелей көрсетілгендерді қамтымайтын) өзге де шығыстар.
5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫН АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
5.1. Сақтандырушы сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушы толтырған жүктің әрбір партиясы бойынша жеке анықталатын тарифтік мөлшерлеме бойынша сақтандыруға өтініш-сауалнама негізінде есептейді. Тәуекел дәрежесі көтерілген кезде (тез бұзылатын, қауіпті, т.б. жүктерді тасымалдау) тарифтік мөлшерлеме қосымша уағдаласылады.
5.2. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жүктің әрбір партиясы үшін (әрбір тасымалдау үшін) жасалған әрбір Полисте көрсетіледі.
5.3. Егер сақтандыру жағдайы сақтандыру сыйлықақысын немесе кезекті сақтандыру жарнасын төлегенге дейін орын алса, Сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау кезінде оған Сақтанушының төлеуі қажет сақтандыру сыйлықақысын немесе сақтандыру жарнасын есептеуге алуға құқылы.
5.4. Егер келесі сақтандыру жарнасы уақтылы төленбесе, онда Сақтандырушы Сақтанушыға осы мерзім өткеннен кейін туындайтын құқықтық салдарларды көрсете отырып, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнді құрайтын белгілі бір сақтандыру жарнасын төлеу мерзімін тағайындауға не Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
5.5. Сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарнасын) төлеу мерзімі өтіп кеткен кезде Сақтандырушы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 353- бабына сәйкес залалдарды өтеуді, сондай-ақ мерзімі өткен үшін өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы.
5.6. Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын төлемеуіне байланысты Сақтандырушының Шартты бұзуы Сақтанушыны сақтандыру қорғанысы әрекет етіп тұрған және Сақтандырушы өзінің міндеттемелеріне бойынша Сақтанушы алдында жауапты болған кезең үшін сақтандыру сыйлықақысын төлеу міндетінен босатпайды.
5.7. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгеде жүзеге асырылады.
6. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАЛАРЫНАН АЛЫП ТАСТАУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУДЫ ШЕКТЕУ
6.1. «Сақтау тәуекелдеріне жауапкершілік»-тен басқа тәуекелдердің барлық санаты бойынша келесілердің салдарынан туындаған шығындар өтелмейді:
1) Сақтанушының, Пайда алушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының, экспедитор, сақтаушылардың немесе олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, тасымалдаушының/экспедитордың бекітілген ішкі ережелері мен нұсқаулықтарында (Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін), Сақтанушылармен/Пайда алушымен жасалған шарттарда көзделген жүктерді буып-түю , тасымалдау, жөнелту, қайта тиеу, жөнелту немесе сақтаудың қолданыстағы ережелерін сақтамауы/ тиісті дәрежеде сақтамауы;
2) шіру, коррозия, тозу, тотығу, кебу, ағу, булану, жүктің салмағының немесе көлемінің табиғи түрде өзгеруі немесе жүктің табиғи тозуы;
3) жүктің ерекшеліктері немесе оның ақаулары (оның ішінде өндірістік);
4) жүктерді көлік құралына (вагон, контейнер, платформа, фургон, тіркеме және т.б.) дұрыс емес орау (тығыздау), сақтау, тиеу, қайта тиеу, түсіру, орналастыру және / немесе бекіту;
5) зақымданған және/немесе дайындалмаған көлік құралын (вагонды, контейнерді, платформаны, фургонды, тіркемені және т. б.) пайдалануды қоса алғанда, кеменің қатынауға жарамсыздығы не көлік құралының (вагонның, контейнердің, платформаның, фургонның, тіркеменің және т. б.) осы жүкті тасымалдауға жарамсыздығы;
6) температуралық режимді не ылғалдылық деңгейін сақтамау нәтижесінде жүктің зақымдану/жойылу жағдайларын қоса алғанда, осы жүкті тасымалдауға арналмаған не тиісті түрде жабдықталмаған көлік құралында (вагонда, контейнерде, платформада, фургонда, тіркемеде және т. б.) жүкті тасымалдау;
7) сыртқы орамның бүтіндігі немесе пломбалардың бүтіндігі кезінде жүктің жеткіліксіз саны/зақымдануы (жөнелтушінің пломбасын, қайта тиеу станциясын, кедендік пломбаларды қоса алғанда);
8) жүктің түсініксіз жағдайда жоғалуы;
9) құрттар, кеміргіштер және жәндіктердің жүкті зақымдауы;
10) Сақтанушының, Пайда алушының немесе олардың өкілдерінің рұқсатымен, бірақ Сақтандырушыға хабар берместен, қауіпті жүктерді тиеу (сақтау);
11) жүкті жеткізудегі кідірістер немесе бағалардың өзгеруі;
12) атомдық жарылыстың, атомдық немесе ядролық ыдырау энергиясын немесе синтезді кез келген қолдануға немесе ыдырайтын материалдарды пайдалануға байланысты жоғары радиацияның тікелей немесе жанама әсері;
13) әскери іс-қимылдар немесе әскери іс-шаралар/ арнайы іс-шаралар және олардың салдарлары, миналарды, торпедаларды, бомбаларды және басқа да соғыс құралдары қолдану арқылы зақымдау немесе жою, террористік актілер және саяси себептер бойынша құқыққа қарсы іс-қимылдар, қарақшылық әрекеттер, азаматтық соғыс, түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер, әскери немесе азаматтық билік орындарының, сондай-ақ кеден, санитарлық немесе карантиндік қызметтердің талап етуі бойынша жүкті тәркілеу, тұтқындау;
14) Тиеу, қайта тиеу, түсіру кезінде қабылданған жүктің зақымдануы.
6.2. «Сақтау тәуекелдеріне жауапкершілік»-тің талаптарымен жасалған Шарт бойынша келесілердің салдарынан туындаған шығындар өтелмейді:
1) Сақтанушының, Пайда алушының, жүк жөнелтушінің, тасымалдаушының, экспедитор, сақтаушылардың немесе олардың өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда, тасымалдаушының/экспедитордың бекітілген ішкі ережелері мен нұсқаулықтарында (Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін), Сақтанушылармен/Пайда алушымен жасалған шарттарда көзделген жүктерді сақтаудың қолданыстағы ережелерін сақтамауы/ тиісті дәрежеде сақтамауы;
2) жүктің қалыпты азаюы, салмағының немесе көлемінің жоғалуы, табиғи түрде өзгеруі немесе табиғи тозуы;
3) жүктің ерекшеліктері немесе оның ақаулары (оның ішінде өндірістік);
4) жүкті сақтау орнында (қойма аумағын, оның құрылысын, бөлмерін, қалқаларды, контейнерлерді, стеллаждарды және т. б. қоса алғанда) тиісті емес қаптау (тығындау), қоймалау, тиеу, орналастыру және/немесе бекіту;
5) сақтау орнының (қойма аумағын, оның құрылысын, бөлмелерін, қалқаларды, контейнерлерді, стеллаждарды және т. б. қоса алғанда), зақымданған және/немесе дайындалмаған сақтау орнын (қойма аумағын, оның құрылысын, бөлмелерін, қалқаларды, контейнерлерді, стеллаждарды және т. б. қоса алғанда) қолдануды қоса алғанда, осы жүкті сақтауға жарамсыздығы;
6) сыртқы орамның бүтіндігі немесе пломбалардың бүтіндігі кезінде жүктің жеткіліксіз саны/зақымдануы (жөнелтушінің пломбасын, қайта тиеу станциясын, кедендік пломбаларды қоса алғанда);
7) ену тәсілінің дәлелденбеуі, ішіндегісіне әсер етпестен қаптаманың бүлінуі жағдайында тауардың жеткіліксіздігі, жоғалуы;
8) жүкті толық салмау, толық жеткізбеу (т.с.с.);
9) жүктің түсініксіз жағдайда жоғалуы;
10) құрттар, кеміргіштер және жәндіктердің жүкті зақымдауы;
11) атомдық жарылыстың, атомдық немесе ядролық ыдырау энергиясын немесе синтезді кез келген қолдануға немесе ыдырайтын материалдарды пайдалануға байланысты жоғары радиацияның тікелей немесе жанама әсері;
12) әскери іс-қимылдар немесе әскери іс-шаралар/ арнайы іс-шаралар және олардың салдарлары, миналарды, торпедаларды, бомбаларды және басқа да соғыс құралдары қолдану арқылы зақымдау немесе жою, террористік актілер және саяси себептер бойынша құқыққа қарсы іс-қимылдар, қарақшылық әрекеттер, азаматтық соғыс, түрлі халық толқулары, жаппай тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер, әскери немесе азаматтық билік орындарының, сондай-ақ кеден, санитарлық немесе карантиндік қызметтердің талап етуі бойынша жүкті тәркілеу, тұтқындау;
13) тиеу, қайта тиеу, түсіру кезінде алынған жүктің зақымдануы.
6.3. Жүкті лихтерлерде, баржаларда және басқа да тасымалдау кемелерінде жеткізу кезінде Сақтандырушы мұндай кемелерді пайдалану жергілікті жағдайлар бойынша әдеттегі жай болып табылса ғана жауапкершілікті көтереді.
6.4. Бұдан басқа, "жеке авария үшін жауапкершілік" немесе "Қирау жағдайларынан басқа, бүліну үшін жауапкершіліксіз" талаптарымен жасалған Шарттар бойынша келесі оқиғалардың салдарынан туындаған шығындар өтелмейді:
1) су тасқыны, жер сілкінісі, цунами;
2) атмосфералық шөгінділеріден кеменің булануы және жүктің шайылуы;
3) палубасыз кемелерде тасымалданатын жүктің немесе палубалық жүктің борт сыртына лақтырылуы және толқынмен шайылуы;
4) жүктің ұрлануы немесе толық жеткізілмеуі.
6.5. Егер сақтандыру жағдайы келесілердің салдарынан болса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін өтеуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы:
1) қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына ықпал ететін іс-әрекеттері;
2) Сақтанушының (Пайда алушының) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекеттері.
6.6. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуына мыналар негіз бола алады:
1) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі туралы көрінеу жалған ақпарат беруі;
2) Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын толық немесе ішінара төлемеуі/уақтылы төлемеуі;
3) Сақтанушының сақтандыру жағдайынан болған залалды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;
4) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға Сақтанушымен, Пайда алушымен, тасымалдаушымен, жүк жөнелтушімен, жүк алушымен шарттық қатынастарда тұрған жүкті тасымалдауға, тиеуге, қайта тиеуге, түсіруге тартылған адамдардың, Сақтанушының (пайда алушының) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның басталуына бағытталмаған болса да, бірақ оның пайда болуына тікелей немесе жанама ықпал еткен қасақана іс-әрекеттері нәтижесінде басталған болса;
5) Сақтанушының Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу мән-жайларын тергеп-тексеруге және келтірілген залалдың мөлшерін белгілеуге кедергі келтіруі;
6) Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу/уақтылы хабардар етпеу;
7) Сақтанушының (Пайда алушының), сақтандыру жағдайының белгілеріне ие жағдайдың орын алуына бағытталмаған болса да, оның орын алуына тікелей немесе жанама әсер еткен Сақтанушының (Сақтандырылушының), Сақтанушымен, Сақтандырылушымен, тасымалдаушымен, жүк жөнелтушімен, жүк қабылдаушымен шарттық қарым-қатынастағы жүкті тасымалдау, тиеу, қайта тиеу, түсірумен байланысты тұлғалардың заңсыз әрекеттері;
8) авариялық комиссарды шақыру жөніндегі міндеттерді орындамау (Шартта көзделген міндеттемелерге сәйкес);
9) егер Сақтанушы/Пайда алушы өзінің Сақтандырушы өтеген залалдар үшін жауапты тұлғадан талап ету құқығынан бас тартса немесе осы құқықты жүзеге асыру Сақтанушының/Пайда алушының кінәсінен мүмкін болмаса;
10) Сақтанушы заңнамалық немесе басқа да нормативтік актілерде белгіленген өртке қарсы қауіпсіздік, үй-жайлар мен құндылықтарды қорғау, жұмыстарды сақтау, жүргізу қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын немесе өзге де осыған ұқсас нормаларды бұзған немесе егер мұндай бұзушылықтар Сақтанушының рұқсатымен жүзеге асырылған болса.
Сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу, егер ол Сақтанушының еркіне байланысты емес немесе сақтандыру шартына дәлелді себептерге байланысты болса және осы фактіні растайтын тиісті құжаттар табыс етілсе, сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
11) 9-тармақтың 9.4-тармақшасы 8) бөлігінің нормаларын орындамау;
12) Сақтандырушы мен Сақтанушының рұқсатынсыз жүкті түсіру, қайта тиеу нәтижесінде жүктің жоғалуы (күш қолдану, қарақшылық, тонау және ұрлық жолымен түсіру, қайта тиеу нәтижесінде жүктің жоғалуын қоспағанда).
6.7.Сақтанушы (Пайда алушы) үшінші тұлғалардан, оның ішінде осы шығынды келтіруге кінәлі тұлғадан –өтелуі керек сомаға сәйкес залал орнын толтыруды алған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүргізуден босатылады.
6.8.Егер сақтандыру жағдайы келесі жағдайлардан орын алса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады:
1) жұқпалы аурудың кез келген түріне байланысты тікелей немесе жанама шығындар (сонымен қоса, 2019 коронавирус ауруы (COVID-19) және оның кез келген мутациясы және түрлері);
2) БҰҰ немесе саудалық немесе экономикалық санкциялар, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания немесе АҚШ заңдары мен нормалары және өзге де уәкілеттелген халықаралық ұйымдардың санкциялары және нормативті актілері немесе қарар шығарудың шектеулеріне сәйкес Сақтандырушыға, оның нәтижесінде айыппұл салынған, қандай да бір санкция немесе нормативтік актілер туралы заңның бұзылуы;
3) кибершабуыл, компьютерлік вирус, желінің бұзылуы салдарынан, т.б., және сервер, интернет бұлты, поративтік құрылғы, компьютер, интернет-ресурстарда сақталатын ақпараттық қауіпсіздіктің бұзылуы, дербес деректердің, құпия ақпараттың және жеке деректердің жоғалуы/кемуі.;
4) асбест, асбест талшықтары немесе асбесті бар кез келген өнімнің, сондай-ақ радиоактивті изотоптардың әсері (осы Ережелердің сақтандыру өнімдеріне қолданылуы кезінде).
6.9. Шарттың талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының ережелерін сақтамау Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға әкеп соғады. Сақтандырушыны Сақтанушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату Сақтандырушыны бір мезгілде Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатады. Бұл жағдайда Пайда алушыға келтірілген зиянды өтеу жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тікелей зиян келтірушіге толық жүктеледі.
6.10. Сақтандырушы барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдауға және Сақтанушыға жазбаша дәлелді хабарлама жіберуге міндетті.
6.11. Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүргізуден бас тартуына байланысты Сақтанушы/Пайда алушы сотқа шағымдана алады.
7. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ МЕН ОРНЫ. ШАРТ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ
7.1. Егер Бас шарт бойынша өзгеше көзделмесе, Бас Шарттың әрекет ету мерзімі - оның жасалу күнінен – тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойғаннан бастап 12 (он екі) ай.
7.2. Бір тасымалға арналған Полистің әрекет ету мерзімі сақтандыруға өтініш-сауалнамада көрсетілген жүкті тасымалдау мерзімі негізінде анықталады және Бір тасымалға арналған Полисте көрсетіледі. Бордеро қалыптасқан және пайдаланылған жағдайда, әрбір тасымалдау бойынша қолданылу мерзімі және осындай тасымалдау бойынша қорғау мерзімі бордерода көрсетіледі.
7.3. Шартта жүкті тасымалдау туралы хабарлаудың және Бір тасымалға арналған Полисті жасасудың өзге мерзімдері көзделуі мүмкін.
7.4. Сақтанушының еркінен тыс мән-жайлар бойынша немесе тасымалдаушының тасымалдау шартынан немесе тасымалдау талаптарынан туындайтын өз құқықтарын пайдалануына байланысты жүкті жеткізу кешіктірілсе, Полисте көрсетілген сақтандыру өтемінің мерзімі жаңа Полис шығару арқылы ұзартылуы мүмкін. Сақтандыруға берілген жүкті жеткізу мерзімдеріндегі барлық өзгерістер туралы Сақтанушы Сақтандырушыға бұл туралы белгілі болған кезде, бірақ 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті.
7.5. Бас шартта бұл тікелей анықталмаса да, Сақтанушы Бас шартта анықталған тасымалдау туралы хабардың әрекет ету мерзімі өткеннен кейін мәлімдеген жүкті Сақтандырушының сақтандыруға қабылдауға құқығы бар.
7.6. Сақтандыру аумағы тасымалдау бағытына байланысты анықталады және Шартта көрсетіледі. Кез келген жағдайда, ұрыс және әскери іс- қимылдар аймақтары мен БҰҰ санкциялары әрекет ететін елдердің аумақтары сақтандыру аумағынан алынып тасталады.
Шарттың мерзімін ұзарту
7.7. Тараптардың келісімі бойынша Шарт тоқтатылғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын Тараптардың бірі бұл туралы хабардар еткен жағдайда Шарт келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
8. САҚТАНДЫРУ ПОЛИСІН ЖАСАУ ТӘРТІБІ
8.1. Полис жүктің сақталуына мүдделі заңды тұлғалармен, мысалы, жүк жөнелтуші, жүк алушы, тасымалдаушы, кемемен жүк тасымалдаушы, экспедитор және т.б. бір тасымалдауға жасалады және беріледі.
8.2. Полис Сақтандырушы белгілеген форма бойынша толтырылған Сақтанушының жазбаша өтініші негізінде жасалады. Сақтандырушы өтініш формасын өзгертуге және Сақтанушыдан тәуекел дәрежесін анықтауға қажетті басқа ақпаратты сұратуға құқылы. Полис жасалған соң, өтініш оның ажырамайтын бөлігіне айналады.
8.3. Полисты жасау барысында Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыруға қабылданған жүктің тәуекел дәрежесін анықтауда айтарлықтай маңызды болып табылатын өзіне белгілі барлық мән-жайларды хабарлауғаміндетті. Сақтанушы, сондай-ақ сақтандырылып отырған жүктің тәуекел дәрежесін анықтау мақсатымен Сақтандырушы қойған сұрақтарға жауап беруге міндетті.
Маңызы жоғары мән-жайлар деп Сақтандырушының Өтініш-сауалнамасында белгіленген жағдайлар танылады.
8.4. Сақтандыру полисін беру үшін Сақтанушы Сақтандырушыға қол қойылған сақтандыру өтініш-сауалнамасын береді.
8.5. Сақтандырушы себептерін түсіндірмей, Сақтанушымен Полис жасасудан бас тартуға құқылы.
8.6. Қажет болған жағдайда Сақтанушы ҚР қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтау мақсаттарында Компаниямен сұратылатын барлық қажетті құжаттарды ұсынуға міндеттеледі.
Сауалнамаға қол қоя отырып, Сақтанушы онымен жүзеге асырылатын операция қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) және террористік қызметті қаржыландырумен байланысты емес екендігін растайды.
8.7. Сақтандырушы полисті беру кезінде сақтандыру сомасының шегіне және Сақтандырушының ішкі құжаттарына сәйкес Сақтанушыдан тексеру үшін мүлікті сұрауға құқылы. Сақтандырушы полисті жасау кезінде бүлінген мүліктің бөліктеріне жауапты емес.
9. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
9.1. Сақтандырушы құқылы:
1) Сақтанушы ұсынған ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ Сақтанушының Шарт талаптары мен жағдайларын орындауын тексеруге;
2) сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын мән-жайлар туралы хабарлама алғаннан кейін шарттың талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді талапетуге;
3) Сақтанушы Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы Сақтандырушыға хабарлау міндетін орындамаған кезде шартты бұзуды талап етуге, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, не егер Сақтанушы шарт талаптарының өзгеруіне немесе сақтандыру сыйлықақысын тәуекел дәрежесінің ұлғаюына мөлшерлес қосымша төлеуге қарсы болса;
4) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның себептері мен мән-жайларын дербес анықтауға, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан олардың құзыретіне қарай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және келтірілген залалдың мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
5) Сақтанушыдан сақтандыру жағдайының фактісін, оның басталу мән-жайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;
6) Шартта көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бастартуға;
7) Сақтандырушы мүліктің сақтандыру жағдайы туындаған күндегі нарықтық құнының мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асырған жағдайда, Сақтандырушының осы мүлікке немесе онық қалдықтарына құқығы бар;
8) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сақтанушының жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға, сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс;
9) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- әрекеттер жасауға құқылы.
9.2. Сақтандырушының міндеттері:
1) Сақтанушыны сақтандыру Ережелерімен таныстыруға және оның талабы бойынша Ережелердің көшірмесін беруге(жіберуге);
2) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
3) Сақтандыру жағдайының орын алу фактісі мен Сақтандырушымен өтелуге тиісті шығын көлемін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда оларды қабылдау күнінен соң үш жұмыс күні ішінде жеткіліксіз және (немесе) қате рәсімделген құжаттардың толық тізімін көрсете отырып, арыз берушіге хабарлауға;
4) Сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды азайту үшін жұмсаған шығындарды өтеуге;
5) Пайда алушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға немесе Сақтанушыға және Пайда алушыға осы Ережелердің, Шарттың және Полистің талаптарына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асырудан жазбаша дәлелді бас тартуды жіберуге;
6) Осы Ережелерде, Шартта немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға.
9.3. Сақтанушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Шартты мерзімінен бұрын бұзуға;
3) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
4) Пайда алушының сақтандырылушы болып табылмайтын сақтандыру жағдайы басталғанға дейін бұл туралы Сақтандырушыны жазбаша хабардар ете отырып, басқа тұлғамен ауыстыруға құқылы. Пайда алушының Сақтанушымен келісімінен туындайтын Шарт бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру жөнінде талап қойғаннан кейін оны басқа тұлға алмастыра алмайды;
5) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, кез келген уақытта Сақтандыру шартынан бас тартуға;
6) Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- әрекеттер жасауға құқылы.
9.4. Сақтанушының міндеттері:
1) Шартта белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
2) Шарт жасасу кезінде және қолданылу кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/жасалатын сақтандыру шарттары туралы хабарлауға;
3) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабардар етуге;
4) шартты жасамастан бұрын, Сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін бағалауда маңызды болып табылатын өзіне белгілі барлық мән-жайларды хабарлауға;
5) Шарт жасасу кезінде Сақтандырушыға хабарланған мән-жайлардағы өзіне белгілі болған елеулі өзгерістер туралы, егер бұл өзгерістер сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына елеулі әсер етуі мүмкін болса, дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сақтандырушыға хабарлауға;
6) тәуекел дәрежесі ұлғайған кезде шартқа өзгерістер енгізуге және/немесе Сақтанушы Сақтандырушының Шарттың өзгеруі және/немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеу туралы хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қосымша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
7) сақтандыру жағдайы орын алғаны туралы шұғыл түрде Сақтандырушыға немесе оның өкіліне хабарлау. Сақтанушы сақтандырылушы болмаған жағдайда аталмыш міндет сақтандырылушыға жүктеледі;
8) жүк жөнелтушінің көлік құралдары агрегаттарының нөмірлерін, көлік құралдарының жүргізушілері туралы деректерді салыстырып тексеруді (фото-бейнемен тіркеумен) жүргізуін қамтамасыз етуге міндетті. Бұл тармақты орындамаған жағдайда Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуға құқылы;
9) Сақтанушы (сақтандырылған адам) тасымалдау жағдайларындағы мынадай өзгерістер туралы (жүктің жүру бағытының өзгеруі, жүктің басқа көлік құралына қайта тиелуі, жүру жолы бойынша жүктің түсірілуі) Сақтандырушыға дереу, бірақ кез келген жағдайда 1 жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауға міндетті
10) жүкті түсіруді бастағаны жайлы Сақтандырушы өкіліне алдын ала, бірақ оны бастаудан 2 сағат бұрын хабарлауға;
11) Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
Тараптардың көзделген құқықтары мен міндеттері түпкілікті болып табылмайды. Тараптардың осы Ережелердің, Шарттың және Полистің өзге тармақтарында немесе талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтары бар және өз міндеттерін атқарады.
9.5. Сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) іс-әрекеті:
Сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзіне мәлім болуы тиіс/болғаннан кейін (сақтандыру жағдайының басталуына әкеп соғуы мүмкін оқиғалар), Сақтанушы міндетті:
1) ықтимал шығындарды болдырмау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қол жетімді шаралар қабылдау;
2) сақтандыру жағдайы туралы дереу кез келген қол жетімді нысанда, ары қарай өз арызын жазбаша бекіте отырып, құзіретті органдарға хабарлау;
3) дереу, бірақ кез келген жағдайда демалыс және мереке күндерді санамағанда, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Сақтандырушыға сақтандыру жағдайы туралы жазбаша нысанда хабарлауға;
4) егер мүмкін болса, Сақтандырушының өкілі келгенге дейін зардап шеккен жүкті тікелей сақтандыру жағдайы басталғаннан кейінгі күйінде сақтау;
5) Сақтанушы үшін мүмкін болған мөлшерде Сақтандырушының зақымданған мүлікті қарау мен келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға қатысуын қамтамасыз ету;
6) Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайының басталу себептері мен мән-жайларын анықтауға жәрдемдесуге, оның ішінде Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының себептері, барысы мен салдары, келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері туралы айтуға мүмкіндік беретін оған қол жетімді барлық ақпарат пен құжаттаманы беруге;
7) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ ол келтірген залалдарды дәлелдеу ауыртпалығын, оның ішінде сараптама жүргізуге ақы төлеу, сарапшылардың оқиға болған жерге шығуы, мамандарды тарту және кеңес беру, қажетті құжаттар мен т. б. жинау;
8) егер Сақтандырушы Сақтандырушының да, Сақтанушының да сақтандыру жағдайының басталуына байланысты мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп тапса – аталған Сақтандырушының осындай мүдделерді қорғау үшін аталған тұлғаларға сенімхат немесе өзге де қажетті құжаттар беруге міндетті. Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталуына байланысты Сақтанушының мүдделерін сотта білдіруге немесе өзге де түрде құқықтық қорғауды жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;
9) Сақтанушының жүктің жоғалуы немесе толық опат болуы жағдайында Сақтандырушының пайдасы үшін жүктен бас тарту («абандон») туралы жазбаша арызын Сақтандырушыға жіберуі;
10) Сақтандырушыға келтірілген залалға жауапты тұлғадан кері талап ету құқығын жүзеге асыруы үшін барлық өзінде бар мәліметтердіберуге. Егер Сақтанушы өзінің Сақтанушы өтеп берген залалға жауапты тұлғадан кері талап ету құқығынан бас тартса, немесе ол құқықты жүзеге асыру Сақтанушының кінәсінен жүзеге аспаса, Сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісті көлемде жүзеге асырудан босатылады және артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы;
11) Осы Ережеде, Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-әрекеттер жасауға құқылы.
9.6. Пайда алушы құқылы:
1) Сақтандырушыдан сақтандыру талаптарын, шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге;
2) Шартты жасау кезінде және әрекет ету кезеңінде Сақтандырушыға осы сақтандыру объектісіне қатысты ұқсас тәуекелдер бойынша барлық қолданыстағы/ жасалатын шарттар туралы ақпарат беру;
3) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап қоюға;
4) сақтандыру жағдайы басталған кезде Осы Ережеде, Шартта және Полиста көзделген тәртіппен және шарттарда сақтандыру төлемін алуға;
5) Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан немесе оның мөлшерін азайтудан бас тартуына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
6) Осы Ережеге, Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс- әрекеттер жасауға құқылы.
10. САҚТАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ БОЛҒАНЫН ЖӘНЕ ЗАЛАЛ МӨЛШЕРІН РАСТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР
10.1. Сақтандырушының сақтандыру төлемі туралы шешім қабылдауы үшін Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыға мынадай құжаттарды беруге міндетті:
1) Сақтандыру жағдайының басталуы туралы өтініш;
2) сақтандырылған жүкке мүддені дәлелдеу үшін: Шарттың көшірмесі, Бір тасымалдауға арналған Полис деректері (полис нөмірі және/немесе код); Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға (шот-фактуралар, инвойстар, коносаменттер, жүкқұжаттар, чартерлер, тиеу ордерлері немесе экспорттық тапсырмалар) сәйкес тиісті тасымалдау бойынша жасалуы тиіс тасымалдау құжаттары
3) сақтандыру жағдайының болуын дәлелдеу үшін:
- тасымалдау түріне байланысты:
а) темір жол тасымалдары бойынша: коммерциялық акт, шығын туралы белгісі бар темір жол жүкқұжаты, бару станциясының бастығына шығын туралы өтініш;
б) автомобиль тасымалдары бойынша: жол-көлік оқиғасы, автомобиль көлігін ұрлау не автомобиль көлігіне және/немесе сақтандырылған жүкке қатысты өзге де құқыққа қарсы әрекет жасау фактісін белгілейтін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми құжаттары, оқиға туралы белгісі бар авто жүк құжаты, жүргізушінің түсініктеме хаты;
в) авиакөлікпен тасымалдау бойынша: жүкті тасымалдау кезіндегі ақаулар туралы акт (коммерциялық акт), оқиға туралы белгісі бар әуе жүк құжаты;
г) теңіз тасымалдары бойынша: коммерциялық акт; егер кеме иесіне мүліктік талаптарды ұсыну үшін негіз болып табылатын оқиға орын алса-теңіз наразылығы туралы өтініш, теңіз наразылығы туралы акт, кеме капитаны куәландырған кеме журналынан үзінді көшірме; жалпы авария кезінде-жалпы авария туралы диспашердің актісі;
- оқиғаның түріне байланысты: құзыретті органдардың тиісті құжаттарының түпнұсқалары немесе уәкілетті тұлғалармен куәландырылған көшірмелері:
д) жол-көлік оқиғасы немесе өзге де көлік оқиғасы кезінде жол полициясы органдарының құжаттары: жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттама, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы, ЖКО схемасы, жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хаттамаға қосымша, жол полициясы органдарына ЖКО қатысушыларының түсініктемесі, жол-көлік оқиғаларын тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының, комиссиялардың, өзге де құзыретті органдардың құжаттары;
е) өрт, жарылыс, найзағайдың соққысы, табиғи апат кезінде – өртке қарсы және құқық қорғау органдарының актілері, қорытындылары, өзге де құжаттары, гидрометеоқызметтері, авариялық қызметтер, төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімшелері, мемлекеттік комиссиялар, осы Ережеде сақтандыру жағдайлары ретінде қарастырылатын оқиғаларды тексеруді, жіктеуді және есепке алуды жүзеге асыратын өзге де құзыретті органдар, не сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжаттар;
ж) үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері кезінде – прокуратура, тергеу, анықтау, сот органдарының, өрт қадағалау органдарының құжаттары (қылмыстық істің қозғалысы туралы іс жүргізу актілері (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау туралы , сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы), оқиға болған жерді қарап тексеру хаттамалары, айыптау қорытындысы, сот үкімі), осы Ережеде сақтандыру жағдайлары ретінде қаралатын оқиғаларды тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті органдар (комиссиялар) жасаған не сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын өзге де құжаттар;
з) кеме (көл